400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы












Ғылыми жоба




















Аннотация
Ұлттық тағам – ұлы тағам. Ата –бабаларымыздан мұра боп қалған осындай ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымыз, яғни ұлттық өнімдерімізді білу оқушылардың міндеті болып табылады.
9 «Ә»-сынып оқушысы Шайхина Қайни “Қымыз шипалы сусын” атты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын жасады.
Зерттеу жұмысының барысында ұлттық тағамдардың ең құрметтісі, дастарқан дәмінің бірі-қымыз жайлы, олардың адам денсаулығына келтірер емдік шипалы сусын екендігін зерттеп, өз ойымен ұштастыра білді. Зерттеу барысында қаламызда қымыз сататын сатушылармен сұхбат жүргізді. Қаламыз бойынша Арман базарында қымызхана бар. Мұнда адамдар қымызды сатып алады. Және кейбір үлкен дүкендерде кездестіруге болады. Қымыздың құрамында көптеген емдік қасиеттері бар екені бәрімізге мәлім. Сондайақ Ганс Зольманн неміс профессоры өз лекциясында былай деген екен: Профессордың
соғыс кезінде қайын атасы Рудольф Шторх тұтқынға түсіп, Қазақстанда 10 жыл лагерьде болып, туберкулез ауруына шалдығады. Оны қазақ қымызбен 1,5 жыл емдеп, ауруынан айықтырғанына көзі жетіп отыр. Қазіргі кезде Ганс Зольманн Еуропадағы әйгілі қымыз өндіруші болып отыр. 50 жылдан бері пайдалы  сусынды зерттеп, оны өндірумен айналысып жүрген неміс фермері жергілікті шаруашылықтармен тәжірибе алмасуға қазіргі кезде әзір.  Ганс Зольманның фермасы осыдан жарты ғасыр бұрын құрылған.. Тарихи отанына оралған неміс өз топырағында бие ұстап, қымызхана ашуды жоспарлайды. Рудольф Шторх өз кәсібін бір биеден бастаған. Ата кәсіпті жалғаған оның қызы мен күйеу баласы шаруашылықтағы жылқылардың санын 400-ге жеткізді. Оның 200-і сауын биелер. Қымызды біздің еліміз ғана емес бүкіл әлем қазігі кезде емдік қасиет ретінде танып біліп отыр. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Осы күні жастар жағы қымыздың орнына



шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Қазақ халқының данышпандылығын өміртану көзқарасы денсаулықтың басты қымбат байлық екенін түсінген ежелден тани білген. Ата бабаларымыздан қалған мұра ретінде осы ұлттық тағамымызды келер ұрпаққа насихаттай отыра, сусынның құндылығын түсіндіру және күнделікті асмәзірінен орын тапқызу.





























Мазмұны

Кіріспе бөлім.......................................................................................................3-4

Негізгі бөлім.......................................................................................................5-14

Қорытынды бөлім................................................................................................ 15

Ұсыныс.....................................................................................................................16

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................17









































КММ «21 орта мектеп»



















Шайхина Қайни 9 «Ә» сынып

Тақырыбы: « Бие сүтінен әзірленетін шипалы сусын –қымыз»


















Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиті мұғалімі Дәулетова А.С.

Петропавл қ.

2018жыл

Кіріспе бөлім

Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес,сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Халық медицинасында ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қымызды қазақ халқымен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт халықтарында да емдік мақсатта қолданған. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, белогы тез сіңімді болады. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеуде айрықша жетістіктерге жетуге көмегі баршылық. Қымыздың осы қасиеттері белгілі болғаннан түрлі емдеу мекемелері оны дәрумен ретінде пайдалануға көшкен.

Жаңа суылған бір шелек бие сүтін бір ожау сақталған қордан салып, бір тәулік жылы жерге қою керек. Содан -соң осы қор үнемі қымыз ашытылуға пайдаланылады. Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй серектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Халық медицина саласында ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қымызды қазақ халқымен қоса көрші қырғыз елі татар, башқұрт халықтарына емдік мақсатта қолданған. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді белогы тез сіңімді болып келеді. Аз шамада кездесетін сүт және көмір кышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Бие сүтінде «С» витамині мол болып келеді. Сондықтан да түрлі ауруларға қымыздың пайдасы өте мол болып келеді. Мысалы туберкулез, асқазан, бүйрек ауруларын емдеуге көмектеседі. Бие сүтінен жасалған қымыз ерте заманнан белгелі және ғажайып қасиеттермен танымал болып отыр. Нағыз дайындалған қымыздың құрамында өте жоғары жеңіл қорытылатын белоктарға бай, майларға және көмірсуларға, тағы да бағалы витаминдер комплексіне, миниралды және биологиялық активті заттарға бай болып табылады. Қымыз адамның организмін жақсартады, тіршілік күштерін көбейтеді, денсаулықты

нығайтады, клеткалардың жаңаруына өз үлесін қосады. Көптеген ауруларды емдеуге көмектеседі. Мен өзім жазғы шілде айында ауылдағы атам мен әжеме барып қымыз ішіп, құрт май жегенді өте жақсы көремін. Негізі қымыз мен үшін таза жақсы сусын. Әбден шөлдеген кезде әжем маған алдыма қымыз


3


тосады. Мен қымызды қуанып ішіп алам. Қазақтың осындай ұлттық сусындарына не жетсін. Ішсең сусыныңды басады әрі емдік қасиеті өте жоғары болып келеді.

Қазіргі кезде адамдар сусындарын басу үшін түрлі кола, пепси ішіп жатады. Осы сусындарды алып қарайтын болсақ олар адам денсаулығына еш пайдасы жоқ керісінше олар адамға кері әсер береді. Мысалы коланы алатын болсақ кей жерлерде осы сусынмен терезе тазалайды екен. Немесе малдың ішек қарнын тазалайды. Сонда адамның асқазанына не пайда келдіреді деп ойлаймын. «Кола ішкенше жаз жеткіншектер қымыз ішіп денсаулығымызды шыңдайық» -дегім келеді.

























4


Негізгі бөлім

Қымыз. Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктарға бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды. Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді.

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады. Әдетте сауылатын биелер: сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі. Сақа бие – бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Құлын бие – құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие. Қысырақ бие – деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп жүрген биелерді айтады.
Көктемде және шілде айларында биелер жиі-жиі сауылады. Биені бие көнекке немесе ағаштан істеп ысталған шелекке сауады.
Қор дегеніміз – ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын арнайы сақталған сарқыны. Биені қолмен және машинамен сауады. Машинамен сауудың қол мен саууға қарағанда айқын артықшылығы бар: ол адамның жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, ию рефлексі пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды. Биені машинамен сауу жөніндегі бірінші тәжірибені 1957 жылы Москва түбіндегі “Мцыри” санаторийінде И. Аникин жүргізді. Биелерді машинамен сауу үшін ДА-ЗМ, АД-100 және ДДА-2 сауу аппараттарын пайдалануға болады.

Қаламыз бойынша «Алтын арман» базарында қымызхана бар. Мұнда қала адамдары үнемі келіп қымызды сатып алады. Кейбір үлкен дүкендерде кездестіруге де болады. Қымыздың құрамында емдік шипалық қасет бар екені

5

барша жұртқа мәлім. Сондықтан қымызды тек біздің еліміз пайдаланып қана қоймайды бүкіл әлемге танып біліп келеді.

Сондай-ақ Ган Зольманн неміс профессоры өз лекциясында былай деген екен: Профессордың қайын атасы соғыс кезінде Рудольф Шорх тұтқынға түсіп туберкулез ауруына шалдығып, қымыз ішіп емделгеніне көзі жетіп отырғандығын айтып барлық жұртқа мәлім еткен. Сол кезде 1,5 жыл ішінде осы аурудан емделгеніне көзі жетіп отыр.

Қазіргі кезде профессор Еуропадағы әйгілі қымыз өндірушілердің біріне айналып отыр. 50 жылдан бері пайдалы сусынды зерттеп, оны өндірумен айналысып жүрген неміс фермері жергілікті шаруашылықтармен тәжірбие алмасыға әзір болып отыр. Ганс Зольманның фермасы осыдан жарты жыл бұрын құрылған. Өз отанына оралып қымызхана ашуды армандайды. Родольф Шорх өз кәсібін биеден бастаған. Ата кәсіпті жалғаған оның қызы мен күйеу баласы шаруашылықты жылқылардың санын 400-ге жеткізді. Оның 200-і сауын бие болып отыр.
Торсық пен саба сондай ыдыстар болып табылады. Торсық дегеніміз жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған, сиымдылығы 10-30 литр тері қап. Терінің шел жағы ішіне қаратып тігіледі. Саба - пирамида сияқты, төрт бұрышты түбі және

ұзын мойыны бар сиымдылығы 100-150 литр тері қап.

Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Биенің сүті сары бал-
Қымыздан асқан дәм бар ма?!-

деп Ақтамберді бабамыз жырға қосқан қымыз
сусынының 6000 жылдық тарихы бар.
Қымыздың молдығы – тоқшылықтың, баршылықтың белгісі деп жырлаған екен. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.


6


Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілді тәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше
күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн
жиналады.
Кеңестік кезеңнің өзінде Қазақстанмен қоса Ресей және басқа да республикаларда қымызды науқас түрлеріне шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу-сауықтыру орындары болған екен.
Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан. Сол 1910 жылы Торғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген.
Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. Өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының болатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.
Қымыз адам ағзасына жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту жүйесіне, жүрек-қан

7


тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін
жақсартады.
Қымыз — шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз — дертке шипа, денеге күш.
Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыздың құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен.

Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді. «Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!




8



Қорытынды

Ғылыми жобамды қортындылай келе ұлттық сусынымыз қымызды әрқашан бағалап алға қоюымыз керек. Жас жеткіншектер көбінесе сусын орнына қымызды ішулері керек. Қымыз адам денсаулығына өте пайдалы. Адамның асқорыту жүйесін жақсартады. Түрлі ауруларға пайдалы болып табылады. Зеттеу жұмысымды жасай келе ұлттық сусын туралы көптеген мәлімет алдым.

Көп нәрсені білдім.

Қаламызда орналасқан сауда орталықтарына барып сұхбат жүргіздім. Менің ойымша қазіргі кезде үлкен тойларда ішімдіктің орнына қымыз берілсе өте тамаша болар еді деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартып ауыл адамдары бие сауумен айналысса өте жақсы болар еді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының жағдайы нашарлап бара жатыр. Себебі ауыл адамдарына жұмыс жағы қиынға соғып жатыр сондықтан олар ауылдан көшуге мәжбүр болып отыр. Елімізде ұлттық сусындар сататын сауда орталықтарын көбірек ашу керек. Адамдар күнделікті ас мәзіріне қымызды алдарына алып отырса өте жақсы болар еді деген ойдамын. Осындай пайдалы әрі шипалы сусынды қолдайық ағайын деп аяқтағым келеді.









9



Ұсыныс
1. Той –думандарда басқа ұлттардан енген сусындардан арылып, өзіміздің құнды да пайдалы да ұлттық суынымыз - қымыз әр қазақтың дастархананының сәні болса деген үміт артамын.
2. Ауыл шаруашылығында бие өсіру кәсібі мемлекеттік деңгейде дамыса.

3. Баланың мектепте оқыған кезінен бастап ас мәзірінде қымыз орын тапса, дені сау ұрапақтың өсу жолы болып табылады.

4. Қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін және оның сатылатын дүкендердің мекенжайларын хабарлайтын жарнама жасау керек. Бұл ізгі істердің бірі болып табылады.





















10








Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақша энциклопедия
2.Қ.Бозымов “Жылқы және түйе шаруашылығы”
3. Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов “Қымыз”
4.Интернет материалдары























11


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30.05.2019
817
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі