400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныптар арасында өткен ғылыми жобаның үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күн.

Ерте-ерте ертеде бір елді мекенде, табиғаттың 4 құбылысын билеушісі тұрыпты. Оның 4 немересі болыпты. ол бір күні мен қартайдым менің орныма жаңа билеуші керек дептіде, өз немерелерін шақырыпты. олардың үлкені қыс, екіншісі көктем, ал үшіншісі немереесі жаз, төртіншісі күз деп аталыпты. Атасы оларға кім осы ауылға көмегін тигізсе сол билеуші болады депті.

Бұл елді мекен өте еңбекқор болыпты. Құстары да жәндіктері де еңбекқор болыпты. бірде Жаңбыр патшасы бұл жердің көркемділігін жойығысы келіп жаңбырды төпеп құйдырыпты. Оның немерелерінің күші жаңбыр патшасының күшіне мүлдеп жетпепті. сонда немерелерінің ойына күн түсіпті.

Күн сондай мейірімді, ақылды болыпты. Ол жаңбыр патшасынан жаңбырды тоқтатуды өтініпті.Сол сәтте ақ жаңбыр басылып күн аспанға мейірлене шығыпты. Атасы күнге алғысын білдіртіпті. Сол күннен бастап күн табиғат бастаушысы болыпты.













Ақылды қыз.

Ерте-ерте ертеде ешкі жүні бөртеде бір кедей өмір сүріпті. Ол кедейдің бір қызы болыпты. Ол қыздың аты Ару болыпты.

Ол қыз өскенде атына заты сай болыпты. Ол бір бай жігітке тұрмысқа шығыпты.Ол жігіт алыста тұрыпты. Қыз жігітпен кетіпті. Қыз суға барғанда барғанда құдық басында кемпір отырыпты. Кемпір қыздан су сұрапты Ару қыз оған су бергенде кемпір қызға ауызың ашылған сайын ақылың көп болсын депті. Содан ол қыз ақылды болыпты.Сосын ел оны ақылды қыз деп атапты.

























Менің компьютерім.

Ерте ерте ертеде, компьютер жоқ кездерде Шолпан атты қыз болыпты. Шолпанның кішкентай болса да, ойы ұшқыр қыз болатын. Ол күндердің күнінде қиялға беріліп қиялдай бастайды. Шіркін, озық технология үлгісін жасасам-деп армандайды. Шолпан технология үлгілерінің суретін, апасының сандығына тығып қояды. Шолпан ер жетіп, технолог болғысы келеді. Ол апасының сандығына тығып қойған суреттерін алып оларға ат қоя бастайды. Ол ең бірінші салған суретіне «компьютер» деген ат қояды. Енді ол технолог болып, салған жобаларына қарап озық үлгілер жасай бастайды. Ол бірінші компьютер жасайды. Компьютерге көптеген жобалар кіргізіп жасап шығарады. Дайын болған компьютерді өзі қолданып, керегіне жаратады. Оның енді технологияға деген қызығушылығы одан сайын арта түседі. Ол енді озық үлгілерінің көшіомесін жасайды. Шолпанның озық үлгілері ұрпақтан ұрпаққа тарай бастайды. Компьютер ең алғашқы рет осылай пайда болған екен.























Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Қаратұма ауылында жаңа мектеп бой көтеріпті. Бұл мектептің кіре берісінде бір қарлығаш ұя салыпты. Ол ұяда бес сүйкімді балапан дүниеге келген екен. Осы елде зұлым маса өмір сүріпті. Ол зұлым маса адамдардың балаларының қанын сорып үйреніп алыпты.Зұлым маса шаққан жерінен балаларға әр-түрлі аурулар тарайтын болған екен.Адамдар ауруларға ешқандай ем таба алмай қиналыпты.Қашанда зұлымдыққа қаны қас қарлығаш болса бұны білген соң,ол масаны құртуға жолға шығады.Күн жүріп,түн жүріп ол жауыз масаны тауып көзін құртады да ауруды емдейтін шипалы судың тұрған жерін көрсетеді.Ауыл адамдары сол судан алып балаларын емдепті.Сөйтіп қарлығаш бүкіл ауыл балаларын зұлымдықтан құтқарыпты.Адамдар оған қатты риза болып,қарлығаш пен балапандарын қамқорлыққа алыпты.Қазіргі кезде қарлығашты әрбір ауыл адамдары киелі құс санап , көктемде қайта кездесулерін асыға күтетін болған екен.























Қазақстан Республикасының білім және Ғылым министрлігі. Шығыс Қазақстан облысы.







Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақта дамытылатын саяхаттық бағыттар.





Секция: Бастауыш сынып.





Тақырыбы: Мен және жаңа ертегі.



Жоба авторы: Қазизмұратова Еркежан.

Үржар ауданы «Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ-сі. 4 сынып оқушысы.







Жетекшісі: Тұрарбекова Ж.Қ.

















Мазмұны.

1.Кіріспе.

Аннотация.

2. «Мен және жаңа ертегі» туралы

2.1 Ертегі туралы реферат

2.2. Ертегі туралы мәліметтер, суреттер, өлеңдер жинау.

2.3 Заманауи ертегілерді құрастыру.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

































Аннотация.

«Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ-сінің 4 сынып оқушысы Қазизмұратова Еркежанның «Мен және жаңа ертегі» тақырыбындағы ғылыми жобасы.

Жұмыстың мақсаты: Ақпараттық  технология  дамыған  кезеңдегі балалардың  ой-қиялдарын  өз ертегілері  арқылы  жеткізу.

  мүмкіндігін  ашу және  сондай  ертегілер  біздің  өмірге  деген  көзқарасымызды қалыптастыратынын  көрсету.

Жұмыстың міндеті: Халық  ауыз  әдебиетіндегі  ертегілердің  балалардың  өмірге деген қөзқарасын  қалыптастыру мүмкіндігін  ашу.

Қазіргі ертегілердің балалардың болашаққа  көзқарасы мен ой-қиялын дамытуға

көмектесетініне көз жеткізу.

Адамның мінез-құлқын, күш-жігерін, ақыл-ойын тек жақсы істерге жұмсау қажеттілігін сезіндіру .

Жұмыстың көкейтестілігі: Неге   балалар  өздерін  қызықтыратын  тақырыптарға   қазіргі  заманға  сай  ертегілер  түрлерін  ойлап 

шығармасқа?!  Мені де  ертегілер  қатты  қызықтырады,  біздің  отбасымызда   өзімнен  кейінгі  інілерім бар,  мен  оларға  өзімнің қазіргі заманауи     ертегілерімді шығарып, ұсынғым келеді.  Қазіргі әрбір  баланың  ертегі әлемімен сырласып, тіпті өзі де  қиялынан  өзіне ұнайтын жаңалықты  ашуға мүмкіндігі ашылар еді.

Жұмыстың жаңалығы: Ертегілер  түріне  қазіргі  заман  сай заманауи  ертегілер 

түрі қосылып, жобасы  жасалды;   Заманауи  ертегілердің тәрбиелік маңызы мәні  ашылды. Заманауи ертегілердің шыншыл ертегілермен ұқсастығы анықталды.









Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Қазақ әдебиеті. 9 сынып.

  2. Айгөлек журналы.

  3. Балдырған журанлы.

  4. «Қарлығаш» оқу-әдістемелік құралы.

  5. Қ.Бітібаева «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» Семей-2007 ж.

  6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.

  7. «Бастауыш мектеп» журналы.

  8. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш»



















































Ой толғау.

Ертегілерді жағымсыз кейіпкерлердің бойындағы қандай мінез-құлықтардан аулақ болу қажет.

Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде адам баласының еңбегі мен кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой- арманы, әдеп -ғұрпы, мұң –шері, арман- мұраты баяндалады. Қиял ғажайып ертегілерінде адамдар, жыртықш аңдармен табиғаттың дүлей күшімен күресуіне тура келеді. Бұндай ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күреседі, ақыры соңғылары жеңіп шығады. Қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю бейнеленсе, өсек пен күншілдікті қоздырушы ойда жоқ жерде пәлені бастаушы түлкі болып келеді.

Маған ертегілердің ішіндегі көптеген жағымсыз кейіпкерлердің бойындағы жаман мінез-қылықтар ұнамайды. Мысалы: сатқындық еріншектік, салақтық т.б. Осындай жаман мінез қылықтардан аулақ болу қажет деп ойлаймын. Қазіргі заман талабына сай неге авторларымыз санада жатталатындай жағымды кейіпкерлері бар, балалар сол секілді жақсы бала болуға талпынатындай ертегілер жазбайды. бүкіл адамдар жаман мінезден аулақ болайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі