400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға,отансүйгіштікке тәрбиелейді
Материалдың қысқаша нұсқасы







Жоба тақырыбы «Қарақұм көтерілісінің рухани және қосын басшысы - Тәуекел Боранбайұлы »

Бағыты Тарих

Мекеменің аты № 202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектеп

Сыныбы 9 “а”

Оқушылардың аты –жөні Мырзаш Нұрсұлу

Қожамұрат Айсана

Жетекші тарих пәнінің мұғалімі Әбсаттар Қалдыгүл

Ғылыми жетекші Қ.Р «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі,Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистранты Б.М.Ахметбек



















Жоспар



1 Кіріспе 1 б

Қарақұм көтерілісіне -90 жыл

2 Негізгі бөлім 2-11б

А) Қарақұм көтерілісінің рухани және қосын басшысы-Тәуекел Боранбайұлының өмір деректерінен

Б) Олар тәуелсіздік үшін күресті

3 Қорытынды 12-13 б

Елім деп өткен ерлер-ай...

Ұсыныс 14 б

Пайдаланылған әдебиеттер 15 б





























Мақсаты

Ғылыми жоба жұмысының мақсаты-Қарақұм көтерілісінің әлі күнге дейін біз білмейтін тұстарын ашу.Қарақұм көтерілісіне қатысқан азаматтар туралы тың мәліметтер жинастыру.Тұңғыш елбасы бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төңірегінде туған жерді,елді тереңірек тану үшін жаңа қадамдар жасау.

Туған жерге тағзым ету;









Міндеті

Голощекиндік қысымға қарсы 1929-1931 жж болып өткен халық қозғалыстарын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.Қарақұм көтерілісі,оның барысы,нәтижесі,көтеріліс басшылары жайлы оқушыларға мәлімет беру.

Қазіргі ұрпақтың бойында патриоттық сезім,отансүйгіштік қасиеттер қалыптастыру;





















Аннотация

Ғылыми жоба сайысына ұсынылып отырған жұмыстың тақырыбы «Қарақұм көтерілісінің рухани және қосын басшысы-Тәуекел Боранбайұлы».

Зерттеліп отырған тақырып-тың тақырыптардың бірі.Оның үстіне биыл-Қарақұм көтерілісіне 90 жыл толып отыр екен.Қарақұм көтерілісі тарихта бұрын көп зерттелмеген тақырыптың бірі.Бұл көтеріліс-сонау кеңес дәуіріндегі голощекиндік қысымға қарсы 1929-1931 жж болған қазақ даласындағы ірі баскөтерулердің бірі.

Қарақұм көтерілісі жайлы қалам тербеген кісілер де жоқтың қасы.Қызылорда облысы Жалағаш ауданы маңайында болғандықтан көтеріліс жайлы жергілікті баспасөз материалдары мен кейіпкердің көзін көрген ақсақал-қариялардың қолындағы мәліметтерді жинастырған.Тағы бір құнды дерек-А.Тілеулиевтің 2007 ж Алматыда «Үш қиян» баспасынан шыққан «Қарақұм»деректі хикаяты.Осы деректерге қоса тағы бір керемет дерек көзі-осы жұмысқа ғылыми жетекшілік жасаған Қ.Р «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі,Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың магистранты Б.М.Ахметбектің «Сыр бойында 89 жылдан бері аты шықпай келе жатқан Қарақұм көтерілісі(Алтын көтерілісі)» атты мақаласы.

Тақырыпты зерттеу барысында оқушылар аудан төңірегіндегі мұражай,кітапхана, «Тағзым алаңы» және Тәуекел Боранбайұлы жайлы естелік-шежірелер жинақтап жүрген ауданымыздың құрметті азаматы,қарт-тарихшы,шежіреші Рысбай Кәрімов ағаймен сұхбаттасқан.

Тұңғыш елбасымыз айтып өткендей,ең алдымен өз туған өлкеңнің тарихы мен тұлғаларын танып-білу-қазіргі жас ұрпақтың басты міндеті.Сонда ғана болашақтың қамын ойлайтын нағыз патриоттар қалыптасады.

Болашақта әрбір оқушы осындай жаңа тақырыптар,тың мәліметтер арқылы өз туған жерінің тарихын толықтырып отырса,нұр үстіне-нұр болар еді.













Аннотация

Тема рекомендуемой работы для конкурса научного проекта о духовной главе Каракумского восстания и главе Тауекел Боранбайулы.

Исследуемая работа является очень важной,кроме того в этом году исполняется 90 лет Каракумскому восстанию.

Одна из не исследуемых раньше тем.Это восстание казахского народа было против Голощекинского давления в 1929-1931 года.

Мало кто написал о Каракумской восстании,так как восстание было в Кызылординской области близ Жалагашского района ,материалы собраны из уст рассказов старейшин аула,которые видели своими глазами. Еще один ценный материал,был взят из редакции «Уш Қиян» в Алматинской области 2007 года. Плюс к имеющим материалам ,материал «Каракумское восстание», который с1989 года не опубликован в редакции «Сыр бойы».Проект научного руководителя этой работы магистранта Б.М.Ахметбека.

При исследовании, учащиеся посетили музей,библиотеки,еще взяли интервью у уважаемого гражданина района,историка Рысбая Каримова .

Как говорил наш первый президент Республики Казахстан молодеж должна знать об истории нашего народа.Только тогда вырастут настоящие патриоты, думающие о будущем следующего за нами поколения.Было бы хорошо,если в будущем каждый ученик будет исследовать новые темы,благодаря готовой информации.



















Abstract

The theme of the proposed work for the research project is "The Spiritual and Combined Leader of the Karakum Revolt - Taueker Boranbayuly".

One of themes is the theme of the study. Moreover, this year is the 90th anniversary of the Karakum uprising. The Karakhum uprising is one of the few topics that have not yet been studied in history. This rebellion is one of the major busts in the Kazakh steppes of 1929-1931 against the Goloschekinian pressure in the Soviet era.Around the Zhalagash district of the Kyzylorda region, the local media and the elderly, who had seen the heroine, collected data on the uprising. One more valuable fact is that A. Tleuliev has been in Almaty since 2007 in the "Three Kiyan" publishing houses, Karakum ". In addition to these data, another incredible source is K.R.In the course of the study, the students talked with Rysbai Karimov, the honorary citizen of the area, the oldest historian, chronicler of the area, who collected the memoirs about the museum, the library, the "Tazzyz area" and the Tauchybay Boranbai.

As the First President states, first of all, to know the history and personalities of the native land is the main task of the younger generation. Only true patriots are concerned about the future.In the future, every student would be able to see the history of their native land through such new themes and informationTo the district stage of the competition of scientific projectsThe theme of the project is "The spiritual and the head of Karakum uprising - Taueker Boranbayuly"

Direction of localization Institution name № 202 Secondary school named after Z. Zharkinbayev Class 9 "a" Students' names are Myrzash Nursulu Kozhamurat Aisana Leading history teacher Absattar Kaldigul. Academician of the Academy of History and Social Sciences of the Republic of Kazakhstan, Master of Korkyt Ata KSU Bakhytbek Akhmetbek.













1920-30 жылдары Қазақстан Республикасының байырғы тұрғындарының басым көпшілігі қазақтар болғаннан соң коммунистік партия, кеңес үкіметі қазақ халқына зорлау, күштеу және мәңгүрттендіру әдістерін қолданып, қазақтарды өз жерінде жаппай қырғынға, қуғын-сүргінге ұшыратып үлес салмағы жағынан ежелгі ата қонысында азшылыққа айналуға әкеп соқтырды.

Елбасы «Біздің ең басты байлығымыз –ол Отанымыз ,тәуелсіз Қазақстан» деген болатын. Иә,ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ . « Мың өліп,мың тірілген » қазақ не бір қияметті басынан өткізді.Сайын даланы мекен еткен,қазаққа әріні айтпағанда,өз ағамыз деп жүрген Қоқан,Хиуа,қала берді қарақалпақтар да Сыр бойының халқына үстемдік жүргізді. Алуан түрлі негізсіз салық салып, ортағасырлық тағылық пен күш көрсетін,озбырлық жасаумен болған. Одан қалды Ресей империясының Қазақстан мен Орта Азияны отарлап,құнарлы жерлерді тартып алды. Билікпен басқару жүйесін өз қолдарына алды. Жергілікті халықтың тұрмыс – тіршілігін қиындата түскен еді

Өткен жылы аудан орталығында « Тағзым алаңы » ашылып,онда ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Жәркен Сүйіндікұлы Смағұловтың «Қарақұм» көтерілісіне қатысқан шаруалардың жазалаушы қызыл әскерлермен шайқасының ескерткіш тақтасы қойылды. Мұздай қаруланған қызыл әскерге қарсы көтерілісші шаруалар қара-байыр құралдарымен шоқпар,сойыл ,айыр,балтамен қарсы тұрып,соңғы демдері біткенше ұлт тәуелсіздігі үшін қызыл империяның озбырлығына қарсы көтерілісшілердің жанкешті ерліктерінің бейнесі азаттық жолында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің есімдері еріксіз есіме түсті.

1929-1932 жылдары Қазақстанда жекенің малын тәркілеу,күштеп ұжымдастыруға қарсы 372 бас көтеру болып өтті.Сондай бас көтерудің бірі –Қарақұм көтерілісі болатын.Болашаққа бағдар,рухани жаңғыру тұрғысында еліміздің жүріп өткен тарихының қатпарында қалып,көмескіленіп бара жатқан тарихи құндылықтарымызды жаңғыртып,өткен ғасырдағы осы өңірдегі ел тәуелсіздігі үшін күрделі тарихи оқиға болған Қарақұм көтерілісінің орны ерекше.







1

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, орташаларды, кейде тіпте кедейлерді де кулактар қатарына жатқызу, жұртты мал-мүліктерінен айырып және дінге тыйым сандықтан, Сыр бойы халқы да Кеңестік жүйеге қарсы көтеріліске шықты. Соның бірі 1930 жылы Қармақшы және Тереңөзек аудандарының жерінде молда Жұмағазы хан мен батыр Қожбан хан басқарған көтеріліс еді.

Жұмағазы молда Бәйімбетұлы (1874/90-1931) – тегі Сығай Алтын Байұлы Алшын. Бұхарадағы діни медреседе білім алған. [Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 243 б]

1930 жылы наурыз айының ортасында Қармақшы ауданына қарасты «Қарабөгет» деген жерде № 1 ауыл тұрғындарының жиыны өткен. Олардың көбісі Алтын руынан болған. Жиналған жұрттың алдында молда Жұмағазы Бәйімбетов сөз сөйлеген. Онда ол: - «Бұл үстіміздегі жыл қазақтарға өте ауыр болды. Тіпті орташалар мен кедейлерді байлардан ажыратпай аса ауыр салық салды. Енді, міне, колхоз ұйымдастырып, оған біздерді күштеп мүше етіп, малымызды және дүние-мүлкімізді тартып алмақшы. 1928 жылы байларды тәркілеген кезде, біз өкіметке ешқандай кедергі жасағанымыз жоқ. Ендігі жерде түгелдей барлығымызды тәркілегісі келеді. Біздерді ислам дінінен бас тартуға итермелейді. Ауданнан келген уәкілдердің діни жолмен жүруге қарсы екенін, олардың мешіттерді жаптырғанын өз көздеріңізбен көрдіңіздер. Мұндай өкіметтен не күтуге болады ? Ертең барлығымыз бірігіп Қарақұмға көшуіміз керек. Сол жерде біз Кеңес өкіметінен қорғанамыз... » - деген. [Ә. Бәкірұлы. Мұстафа Шоқай (деректі хикаят) – Алматы, «Бастау», - 1997. – 138 б].

Жиналғандар жергілікті үкімет пен уәкілдерден Қарақұмға қаша көшу туралы шешімге келді. Іле-шала аталған ауылдардан 700-дей қожалықтар жаппай көшті. Жол-жөнекей, ауа көшуге кедергі жасамақ болған жергілікті кеңес партия қызметкерлері табанда тұтқындалды.

17 наурызда көтерілісшілер Байымбетов Жұмағазыны өз орталарынан хан етіп сайлады. Оған кенесшілер болып Әлмағамбетов Ысқақ, Күздікбаев Сағит, Омарбаев Оразбай, Байбактин Беріш, Қыпшақбаев Мешітбай, Қожамжаров Бұқарбай, Тәженов Жанұзақ бекітілді. Көтерілісшілер қатары күн санап өсті. Оларға біртіндеп Талқанбаев Баймағамбет, Тыныштықов Кенжебай, Ахметов Тілеуғали бастаған көтерілісшілердің жаңа топтары барып қосылды.

2

Осы тұрғыда Қарақұм көтерілісінің рухани және қосын басшысы болған табын тайпасының жақап аталығының шайыры,палуан,қолынан өнері тамған,көтерілістің рухани жыршысы-Тәуекел Боранбайұлы болатын.Тәуекел бір әкеден тараған бес ағайынды болған,көнекөз қариялардың айтуынша бесеуі атқа мінгенде шағын жасақ болатын.Солардың үлкені және көшбасшысы Тәуекел атамыз болған.Қарақұм көтерілісінің бас кейіпкері,рухани дем берушісі Боранбайұлы Тәуекел кім еді?

Өткен ғасырдың басында қазіргі Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген. Құдай Тәуекелге қара күш пен шайырлықты,жыршылық талантты аямай берген,сонымен қоса он саусағынан өнері тамған ісмер кісі болған.Ауыл-аймақтағы той-томалаққа жігіттерді өзі бастап баратын,жігіттің сұлтаны еді,бойшаң,сымбатты,ашаң жүзді,денесінде артық еті жоқ,атан жілік,апай төс жігіт болған.

Жалағаш ауданының құрметті азаматы,ардагер-ұстаз,тарихшы,шежіреші Кәрімов Рысбай ағайдың қолжазбаларынан:

-Бір жылы көрші ауылдағы тойға Тәуекел бастаған жігіттер бардық,-деп әкем әңгімесін айтқан еді. Тәуекел тойда домбыра тартып,жыр жырлап,думандатып отырды.Кенеттен той иесі «түйе палуанға қарсы палуандарыңды шығарыңдар деп» жар салды.Қарасақ мойынында «қарғысы» бар түйе палуан өте ірі «майсапат» адам екен.Той иесі оған қарсы палуан жоқ болуына байланысты бас бәйгені күрессіз беретінін айтты.Осы кезде Тәуекел орнынан ұшып түрегеліп,атының шылбырын беліне байлап,ауылдың ақсақалының алдына жүресінен отыра кеттіп, қолын жайып бата алып, «я аруақ өзін жар бол »деп алаңға жүгіріп шықты.Тәуекел барған бойда түйе палуанның беліннен шап беріп ұстап алып , оның әрекет жасауына мұршасмын бемей ішіне кіріп алып түйе палуанның аяғын жерге тигізбей алып ұрды. Таза жеңіс.Өзі-өзіне келе алмай не болғаның былмей қалған түйе палуан есін жиып «мен қапыда қалдам , қайта күресемін »деп айқайлады. Біздің жақтың адамдары « Жеңіс біздікі » деп дауласты. Жұрт дүрлігіп тойдың шырқы бұзылуға жақындады. Қайтадан күресуге пәтуаласты. Тәуекел бұл жолы арқаланып , ебедейсіз жүрген түйе палуанның ербендеген қолын қағып жіберіп, көтеріп алып ,аяғын тырбаңдатып айналдырып алып жерге ұрғанда түйе палуан жағымсыз дауыс шығарып өкіре жығылды. Осы кезде Тәуекел түйе палуанның басынан аттап өте шықты. Бұл мен сенің өлтірдім ,құның жоқ дегенді білдіретін жағдай болатын. Біздер бас бәйгені, Тәуекелді ортаға алып ауылға қайттық деген еді жарықтық әкем.

3

«Уряд » басталғаннан кейін (қазақтар төңкерісті революцияны уряд деп атаған ) Ел ішіндегі берекесіздік пен айтыс тартыстан бойын аулақ ұстау мақсатында Тәуекел Қарақұмда қалып қойып Нұраның Сырмен шектескен жері Қаракөлде жай салып өмірінің соңғы жылдарын сол жерде өткізген.Көлге шығыр орнатып, бақша , егін егумен айналысқан жергілікті халықпен тіл табысып ,Қарақұмға көшіп қонып жүргендерді , азықпен қамтамасыз етіп отырған. Елден жарлы жақыбайларды, жетім інілерін қасына жинап еңбекке баулыған, тәрбиелеген солардың бірі жетім қалған інісі кейінірек қайтыс болған Қалыбай деген бауырына арнаған мына өлеңі дәлел: Сұрасаң менің атым Қалыбайтоз

Қолайлы домбыраға даусымда сөз

Киімді тәуір қылып киер едім

Не пайда әттең тәңірім дәулетім аз.

Қыс болса қақырамен күн көремін

Наурыз өтіп , сәуірде келеді жаз

Шапаттап жүгіремін жалаң аяқ

Сумаңдап үйрек ұшат, қиқулап қаз

Байларға жоқшылықтың жайын айтсаң

Бір тиын қара пұлға өтпейді наз

Қаншама кітап оқып ғылым көрген

Бермеді Қасым молда бір көйлегін деп қасына жинаған жетім жесір інілері мен бауырларының тұрмыс жағдайын баяндап,ауқатты адамдардың оларға деген сараңдығын бір екі сөзбен түйіндейді. Тәуекелдің ағайынды , халықты бірлікке тірлікке шақырған мына шумақтарынан көп нәрсені аңғаруға болады.

«Олар тәуелсіздік үшін күресті немесе Мария шешейдің әңгімесі»

Мария шешей-Қарақұм көтерілісінің қолбасшыларының бірі,көтерілістің рухани дем берушісі,жыршысы болған Тәуекел Боранбайұлының әйелі еді.Тәуекел атамыздың өмір жолы,Қарақұм көтерілісінің оқиғасы мен жеңіліске ұшыраған көтерілісшілердің қайғылы,қасіретті соңғы өмірлерінің

4



деректерін Мария шешейдің өз аузынан естудің сәті түскен еді.Мария шешейдің айтқан естеліктері: «Біз сол жылы Нұраның бергі бетінде Қаракөлде қыстап қалдық.Отағасы маған көп нәрсені айтпайтын.Бір күні елдегі айтыс-тартыстан шаршадым,тыныш өмір сүргім келеді,мына Қаракөлге шығыр салып,егін егіп отырамыз деді.Қармақшыға барып керек-жарақтарын алып келіп,елден өзінің жетім інілерін алдырды.Сол жылы бидай жақсы шығып,астықтың астында қалдық.Қарақұмға көшіп-қонып жүргендер мен Арқадан кіре тартқандар біздерге соқпай кетпейтін.Алыс-беріс,айырбас т.б тіршіліктеріміз жандана түсті.Мал басы да көбейді.Сол жақтағы кете,шөмекей,алтын ағайындармен тіл табысып,бір қауым ел бола бастадық.Жағдайымыз түзеліп,уақыт осылайша өтіп жатты.Кейіннен Сырдан келушілерден жаңа үкімет жекенің малдарын тәркілеп,тартып алып жатқанын естідік.Бізден де маза кете бастады.

Қысымнан қашқандар бізге келіп бой тасалады.Кейіннен алтын,кете,шөмекей руларының жаңа үкіметтің озбырлығына қарсы көтеріліске шыққанын естідік.Осындай мазасыз күндердің бірінде түрлері өрт сөндіргендей үш адам келіп,отағасыны қыр астына алып кетті.

Олар сүт пісірімдей уақыттан соң оралды.Ішім бір жамандықты сезгендей болып,тіс жарып ештеңе сұрамадым,ол да ештеңе айтпады.Арада үш күн өткенде мұздай қаруланған үш адам тағы да келді.Отағасыны қыр астына алып кетті.Мен үйге кіріп сазарып отырып алдым,жағдайды білгім келді.Қайтып оралған отағасының түрінен ұзақ сапарға аттанғалы тұрғаны сезілгендей көрінді,маған қарап «Бәйбіше, ішің сезіп отырған болар,халық өкіметтің өктемдігіне шыдамай көтеріліске шығыпты,көтерілісшілер 3-4 күнде осы жерге келеді.Арттарынан қарулы әскер қуып келе жатқан көрінеді.Осы өңірдегі алтын,кете,шөмекей Арқа беттегі қыпшақтармен табынның жігіттерінен жасақтар жиналып,хан сайланыпты,мені әскербасына ұйғарыпты,бірінші келгендерге келісім берген жоқ едім,екінші келгендерге у ішсең руыңмен дегендей тәуекелге бел байлап,маңдайға жазғанды көремін деп келісімімді бердім,енді өзіңе мықты бол» дегенде өкіріп жылап жібердім.Отағасы «тоқтат» деп зекіді. «Ертең сәскеде жолбастаушы келеді,соған дайындал,елге ,Арықбалыққа көшесің. (Арықбалық- Бұқарбай батыр ауылының бұрынғы атауы) Үйіңді Айтуар қалпенің қасына тік,ел сыйлаған әруақ қой,сені ешкімге түрті қылмас,қанатының астына алар,уәде деген құдайдың аты,мен басымды оққа байлап кетіп барамын,тіршілікте

5

жолықпасақ,о дүниеде жолығармыз» деп ішіндегі шерін шығарды.

Біздер жолға жинала бастадық,отағасы түнімен орыстардан алған екі мылтығын майлап,кебежеде ораулы күйінде жатқан қылышы мен кездіктерін қайрап,оқ-дәрілерін мал терісінен жасалған қалталарға салып,жорық киімдерін ықшамдап ретке келтірді.Ертеңіне қорадағы малдарды екі інісіне құмға айдауды тапсырып,ақбоз айғырын мініп,екінші атты қосағына алып,жалғыз қызы Озикүлді құшақтап, сүйіп,иіскелеп мауқын басып аттанып кетті. Жылап,сықтап біздер қалдық.Сәскеде үш түйемен жолбасшы келді,біз елге келдік,қалпе атамның қасына үйімді тіктім.

Біз туралы жағдайды ел құлақтанып қалған екен,бәрі де маған сезіктене қарауды шығарды.Әруағыңнан айналайын қалпе атам бізді ешкімге көзтүрткі қылмай,қамқорлық жасады » деп Мария шешей мұңын тарқатқан еді.

Кеңес үкіметінің тоталитарлық қыспағына,қолдарындағы күнкөріс малдарынан айрылған өңірдің халқы кеңестің озбырлық саясатына,мұздай қаруланған тұрақты әскерге сойыл,шоқпар,шиті мылтықпен қарсы шыққан еді.Қарақұм көтерілісінің дүмпуі Қармақшы ауданының Қызылқұм өңіріндегі және Жалағаш ауданының дарияның оң жағалауындағы Қараөзек пен Қарақұмға шығар беттегі Нұра бойын мекен еткен бытыраңқы елді мекендер мен стратегиялық маңызы бар темір жол бойындағы стансалар мен бекеттер бойындағы тұрғындарды қамтыды.

А.Тілеулиевтің «Қарақұм» кітабында мына төмендегі жайттер сөз болады: Қарабөгеттегі Жұмағазы молданың үйіне екі аттылы келіп түсті.

-Жұмағазы молданың ауылы осы болар?-деді қызыл шырайлы жігіт

-Осы,осы,үйге жүріңіздер-деп шегір көз сары жігіт елпек қақты.Амандық,саулық сұрасқан соң,Жұмеке біз мына Қызылдағы шөмекей боламыз,мен сарғасқа Қараның баласы Қосжанмын,мына жігіт Әлімхан баласы Дәней,сүйегі Сейтпенбет қожа,-деді Қосжан .

Қиянат пен күпіршілдік шектен шықты.Шөмекейлер мыны сұмдықтан шошып,көшіп барады.Ауылдар қазір кемесалғанда тұр,сізге солардың сәлемін жеткізуді жөн көрдік,-дейді олар. Күнде қорлық көргенше,көзді бір-ақ жұмып жөнелейік!

Көшіп-қону қазақ үшін таңсық емес,жұрттың бәрі ат үстінде.Ауыл ауылдардың арасында құйғытып келіп шолақ бұйрық берген хабаршылар

6

жүр.Көштің алды қозғалып та кетті.

Аралас алтын,жаппас,көштік табын,

Қыпшақ та көтерілді естіп даңқын-деп Тәуекел ақын осы оқиғаларды баяндап,өз дастанына енгізген.Қараөзек бойындағы 40-50 шақырымға дейін қанат жайып,қыстап отырған елдің екі-үш күнде жұрты қалды.(«Қарақұм» кітабы 23-25бет) Араға он қонып көшпенділер өздері межелеген құмға кіріп,өз құдықтарына Тәуекел,Раманқұл баласы Мірәлі бастаған жақаптардың көші өздерінің қарай бөлінеді.Әлмембет балалары Дөңгелексор Айткенге,Боранбай баласы аталары Ерубай батыр мен оның баласы Шортанбай би жерленген «Ақшелекке» табан тіреген. Қарақұм көтерілісінің көш басшысы,көтеріліс барысын жырлап,кейінгілерге азды-көпті естеліктер қалдырып кеткен Тәуекел шайыр:

Хан болды,әмір етіп Жұмағазы

Құдайға тәкбір-зікір айтқан назы

Тілектес дін-қарындас,мұсылман деп

Тиіпті ханның жазған бір қағазы.

Қараүңгірдегі алғашқы шайқасты Тәуекел былайша жырлайды:

-Астымда ақбоз атым,қолда қылыш

Иықта оқшантай мен бесатарым

Шорт түйіп ақтықпенен маңдайымды

Оқыдым ішімнен иманымды

Көрінді сұр киімді,шошақ қалпақтылар

Лек-лек боп келе жатыр жасауылдар

Асынған найзалы мылтықтары

Әзірейлі,нағыз жаналғыштар

Түсті олар Қараүңгірдің сай-саласына

Біз тұрмыз шоқпар,сойыл ұстап қолға

Ұстастық осы кезде екі жақ боп

7

Шіреніп ұрды олар,қылышпенен оңды-солға

Қасымда Дүйсенбайдың Нұрбайы бар

Бауырым палуан батыр Мірәлім бар

Сойылмен Нұрбай ұрды бір қалпақтыны

Қылышпен менде шаптым бір шошай басты,-деп ұрыстың барысын баяндайды.

А.Тілеулиев Қарақұм көтерілісін басуға аттанған тұрақты әскерді былайша баяндайды: «Қазақстанның оңтүстігінде Созақ көтерілісі етек алды.Бұл көтерілісті де дивизияның екпінді эскадрондары аяусыз басты.Жақында ғана Ырғыз төңірегіндегі Айжарқын , Төменбай ханның, Сатыбалды мен Саматовтың бандыларын талқандап, жоғарыға рапорт беріп, бейбіт өмірді бастағалы отырған Дивизия командирі Евсеевке жоғарыдан Қызылорда өңіріндегі бандыларды жойыңыз»-деген бұйрық келген болатын.Бұл бұйрық тікелей Мәскеуге шыққан Қазақстанның партия басшысы Голощекиннің ұсынысының пәрменімен болған еді.Сол жылдың сәуір айының басында дивизия штабы Жосалы станциясына келіп орналасады.Мұрағаттарда Қарақұм көтерілісін басу үшін мынандай бұйрық тіркелген.

  • Бандыларды талқандау үшін бұйырамын:

а)№1.6-7 сәуір құдықтың бойымен бандыларға кездескенше қозғалып,солтүстік-батыс бағытынан соққы беру және шығыс бағытына қарай бандының шегініп кетпеуін болдырмау.

б)№2 колонна 43-атты әскер полкі мектебінің бастығы жолдас Сидельников- құрамында 43-атты әскер мектебі 65 қылыш 3 пулемет.4-5 Сопақ станциясының солтүстік шығыста 40 шақырымдай «Жолқұдық »құдығына бекініп сол жерден 4-5-6-7 күндері Сопақ станциясының солтүстік –батысындағы 90-100 шақырым Мұзбел сайына қарай қозғалу керек.Міндеті-бандылардың оңтүстік бағытына шегінбеуін болдырмау.

в)№3 Колонна бастығы 45-ші полк командирі жолдас Петин .Құрамы 45-атты әскер полкі және ұлттық атты әскер эскадроны,тек таңдаулы жылқыларға мінген 120 қылыш 5пулемет 4-5 №2 ауылға бекініп 4-7оңтүстіктен соққы беру міндетін орындасын.

8

3.Бандыны талқандаған соң барлық колонналардың жақын темір жол станциясына оралу керек.

4.Колонна бастықтары,бандылар қалай қашса да,қандай бағытқа кеткеніне қарамай әр қайсысының жеке-жеке ізіне түсу керек.

5. Менің резервім дивизияның байланыс мектебі – Сопақ станциясы , Осы жерден Жолқұдық құдығына телефон байланысын орнатады.

6.Саяси міндеттер дивизия саяси бөлімі бастығының нұсқауында айтылған.

7.4-інші сәуірде сағат 12-ден бастап менің штабым Жосалы станциясы.

8.Мәлімет әрбір 8 сағат сайын мәлімдейді.Бірінші колонна №4-пикет арқылы,үшінші колонна-Ырғыз арқылы Шалқар станциясынан.

Дивизия штабының бастығы Журавлев ( бұйрық Т.Омарбековтың «Халық қаһары» зерттеу еңбегінен алынды.

Көтерілістің соңғы жылында қыс ерте түсіп,қараша айынан бастап қарлы боранға жалғасты.Бір қатар ауылдар,көшпеген табын,жақаптар Сырға қарай жылжуды жөн көрді.Бірақ көтеріліс басшылары Сырға барсаңдар ұсталасыңдар,түрмеге тергеу-сұраусыз тығып тастайды деп басу айтты. Сонда да болса соңдарыңнан ерген бала –шағаны қырып алмайық деп Тәуекел,Мірәлі Дүйсенбайлар қыстауларын тастап Мойынқұмға жылжыды.

Қытымыр қыстың аяз –суығына,боранына Қарақұмда төзе алмайтын болған қызыл әскерлер дайындық пен барлаушыларға берген мәліметпен алдарынан тосып алуға шығады. Шешінген судан тайынбас дегендей,Қыста Қарақұм даласында қатып өлгенше елге жақындай өлейік деп Арысқұмға бет алып, Сырға жақындай түседі.Қожбан бастаған көтерілісшілер шағын тобы Алаша Бектілеудің он мергені суық жүріп алды.Бұйрат төбе етегі сай алқапқа келіп түсіп түнді осы жерде өткізбекші еді.Мақсаттары шығысқа бет алып сарысуға өтіп одан әрмен қарай оңтүстікке еніп кету болатын .Осы түні жазалаушы қызыл әскердің мұздай пулемет зеңбіректермен қаруланған отряды осы Бұйрат құмның солтүстік беттегі ойпатына келіп шеп құрған болатын.

Соғыс жағдайын жетік меңгерген қызыл әскер командирі көтерілісшілерді үш жағынан қоршап пулемет,зеңбіректерін дайындап қойған еді. Шегінерге жер жоқ екенін білген көтерілісшілерде орналасып, негізгі күшті мергендерге артып, ентелеп жақындап келе жатқан қызыл

9

әскерлерге алғашқы оқты атады. Ұрыстың ұзаққа созылатының білген Қожбан арта еді бастап келе жатқан табын жасақтарына хабар жіберіп,Тәуекел мен Міркемелге, Әлментай балаларына тез жетуге хабар жіберді.Хабар жетісімен олар да жетеді. Саны мен сапасы жағына басым,қызыл әскерге шыдай алмаған көтерілісшілердің қатарын сирей береді. Осы сәтте зеңбіректерімен атқылаған жазалаушылар,көтерілісшілерді талқандаған еді. Қожбан соңына отыз шақты жігіттерді ертіп шығысқа шауып бара жатты.Тек ғана Әлментай балалары соңғы оқтары таусылғанша атысып.кері қарай Қарақұмды бетке алған еді.Тәуекел, Мірәлі Дүйсенбайлар желтоқсанның боранында Арысқұмның бұйрат төбесінің шала –жансар күйде бұйығып жатқан соңына ерген қатын,бала –шағаларына жетіп.Сендер кеуделерінде жандарың бар кезде елге-ағайынға жетіңдер.Біздер құдайдың маңдайына жазғаның көреміз. Бұл дүниеде кездеспесек «О»дүниеде жолығармыз деп қоштасып,солтүстік батысты бетке алған. Олар қоршауда қалып,амалдарының құрығанын білді.Қожбан бастаған топ орындарына тұрып мылтығын тастап тағдырдың жазғанына көнуге мәжбүр болады.Осымен аймақтағы Кеңестік құрылысты дүр сілкіндірген Қарақұм көтерілісшілерді қинап,қайғылы жағдайда аяқталған еді. Көтерілісшілер қызыл әскерлердің жазалауы өз алдына әңгіме. Көтерілісшілерді талқандағаннан кейін жазалаушылар Қарақұмды сүзіп тазартып көтеріліске қатысқандарды тұтқындап,оларды топ тобымен қызыл әскер түрмеге тықты. Көтерілісшілердің соңына ерген елдерді Сырға көшірді осы бір оқиғаның бел ортасында болған Кәріпжан аға айтқан еді: Жазалаушылар басымызға пана болып жүрген қараша үйлерімізді,шаңырақ уық керегелерімізді жинап отқа өртеді. Өзімізге керек ыдыс-аяқтарымызды алдыртып Тереңөзек ауданына қарасты «Құндызды» ауылына әкеліп қосты.Мойынқұмдағы Тәуекел Боранбайұлы,Мірәлі Романқұлбаласы да қапыда қолға түсті.Тәуекел қалың қасты, ірі денелі қара кісі еді.Палуан болатын ,өзі ақын ,өнерлі жан. Астында ірі ала атымен құмның ішіндегі қыстауға жақындай бергенде ұсталды. (А.Тілеулиев «Қарақұм» 114 бет) Мұнда Тәуекел Боранбайұлы шыңнан құлаған жыраның алдын бөгеп үлкен тоған жасаған,егін егіп,шығыр салып кәсіп қылған.Сол бөгеттің сілімтігі әлі күнге дейін бар жауын аз жауса да тоғанға құйылады. (А.Тілеулиев «Қарақұм» 150 бет)

Тәуекел тоғаны шүмпілдеп толып қаз-үйрек қонып жатады.Жыра сай-салалармен сарқырап ағып келген сол төңіректегі атшаптырым аймақтың қарғын суы сай табанында көлкиді.(А.Тілеулиев «Қарақұм» 161 бет)

10

Тәуекелдің жұбайы Мария шешейдің айтқаны:

Отағасы көтерілісшілерге берген уәдесіне адал болып,солармен кете барды.Ақыр соңында бұл оқиғаның аяғы ұзын құлақтан естіп жаттық,көтерілісшілер қызыл әскердің күшіне шыдамай жеңіліпті,бас сауғалап кетіпті,кейбіреулері ұсталып,қамалып та жатыр деген хабарлар елге тарап кетті.Сол жылдың желтоқсан айы боранды суық болды.Осындай күндердің бір түнінде үстіндегі киімі алба-жұлба,сақал-мұрты өсіп, бетін жауып кеткен отағасы кіріп келді.Әдепкі кезде түрінен қорқып,әбіржіп қалдым. «Терезені қымта,есікті жап,менің келгенімді жан білмесін»-деді.Арып-аршып, әбден мұқап,шаршаған екі-үш күнде қалпына келе бастады.Ауылда көтерілісшілер жайлы гу-гу әңгіме.Айтатындары бәленше-түгеншелер ұсталып,қамалыпты,Нұрбай Ташкентке қашып кетіпті деген сөздер.Менде батылдыққа барып «сенде Ташкент жаққа қаш» деп қолқа салдым.Сонда отағасым «Не де болса құдайдың маңдайыма салғанын көремін.Егер қашып кетсем сендерге және сендерді қамқорлыққа алып отырған мына кісілерге зардабым тиеді»-деп айтып отырып алды.Бесінші күні таң алдында үйді қоршалаған үш шошай қалпақтылар келіп,ұстап алып кетті.Жылап- еңіреп біз қалдық.Қызылорданың түрмесіне қамалып,қалаға жақын жерде атыпты ,-деген еді Мария шешей.

Сол Мария шешей 1960 жылдардың соңына дейін жалғыз қызы Озикүлмен бірге қазіргі Бұқарбай ауылында тұрып,дүниеден өтті.Ал қызы Озикүл 1980 жылдары қайтыс болды.

Тәуекелдің інісі Кәріпжанның өз аузынан айтылған әңгімесі: «Бізде не өмір болды дейсің? Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап көргеніміз бейнет,кедейшілік,жоқшылық болды ғой.Төңкерістен кейін жаңа үкімет ұжымдастыруды шығарды,сөйтіп қолдағы азды-көпті малдан айырылдық.Қарақұмды пана еттік.Күнкөріс малынан айырылған халық,оның ішінде осы өңірдің баскөтерер азаматтары озбырлыққа шыдамай Қарақұмға ауып,жаңа үкімет науқанына қарсы көтеріліске шықты.Олар алтын,кете,шөмекей,табындар кейіннен арқаның қыпшақтарына қосылды.Көтерілісшілерді кеңес үкіметіне қарсы «бандылар» деп халыққа қарсы қойды.Үлкендер жан алысып,жан берісіп шайқаста жүрді,біздер ауылдағы бала-шағаға жас болсақ та егелік жасадық,елдің ауыртпалығы біздің мойнымызда болды.Соның азабын өмір бойы көріп,тергеу мен қыспақта өмір сүрдім.Тәуекел ағам жауырыны жерге тимеген батыр ,он саусағынан өнері тамған ісмер,ақынжанды жыршы еді.Көтерілістің барысын

11

жырлап,азды-көпті артында із қалдырды,қосынның басшысы болды ». НКВД қызметкері Ермағанбеттің айтқаны:

-Мен Тәуекелді бұрыннан құдандалы жекжат ретінде білетінмін.Көтерілісшілер ұсталып,түрмеге қамалды.Істің барысында жазықсыз ұсталғандарды тексеріп,босату туралы нұсқау болды.Естуімше Тәуекел өз бетімен күн көріп жүрген кедей-шаруа болатын,босатып жіберуге әрекет жасадым.Тексеру комиссиясына Тәуекелдің құжаттарын дайындап,көтеріліске күштеп қосылғандығын,бай еместігін хабардар еттім.Бұл туралы комиссия бастығына да құлаққағыс жасадым.Тексеру барысына бейбіт тіршілікпен көшіп-қонып жүргендерін жеткіздім.Комиссия Тәуекелдің құжатын ашқан кезде ақбоз аттың үстінде,басын ақ орамалмен шарт байлаған Тәуекелдің қолындағы қылышымен отряд командирін шауып түсіріп жатқан суретін көрген кезде көзім қарауытып,есімнен тана жаздадым.Менің жағдайымды көрген иман жүзді,көптен бері қызметтес болып келе жатқан комиссия төрағасы «мынау Тәуекел ме?» дегенін естігенде «Білмеймін,көрген кісім емес»,-деген сөзді әрең айтып,өзімде бір өлімнен қалған едім.

Қарақұм көтерілісінің бас кейіпкері Тәуекел Боранбайұлы ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп,бүгінгі тәуелсіз еліміздің бостандығы үшін алып тоталитарлық жүйеге қарсы шығып,жанын құрбан еткен,өз заманының оқ бойы озық,жау жүрек азаматы еді.

Қалай айтсақ та жиырмасыншы ғасырдың зобалаңын көріп,қасіретін тартып,тоталитарлық қыспақтың астамшылдығына қарсы ұлт намысы үшін күрескен,жазықсыз жандарын пида еткен Қарақұм көтерілісінің қаhармандарының есімдері қазақ халқының тарихында қалды.Олар бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін күресті.

Сол қанды оқиғаларға биыл, 2019 жылы 90 жыл болып отыр. Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан қазақтың ардақты ұлдары елі үшін, ислам діні үшін, ар-намысы үшін жанын пида еткен ерліктері еш уақытта ұмытылмауы тиіс.

Уақытында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: - «Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» деген емес пе. Демек, біз кейінгі ұрпақ қазақ деген намысшыл халық екенімізді биік ұстап, тарихымызды қастерлеп жүріп Қарақұм көтерілісіне қатысқан аталарымыздың нағыз батыр екенін біліп, мақтан

12

тұтуымыз керек.

Қарақұм көтерілісінің дүмпуі Қармақшы ауданының Қарақұм өңіріндегі және Жалағаш ауданының Сырдария жағалауындағы Қараөзектен Қарақұмға шығар беттегі Нұраның бойын мекен етіп, көшіп-қонып жүрген елді мекендер мен стратегиялық маңызы бар теміржол бойындағы стратегиялық маңызы бар теміржол бойындағы стансалар мен бекеттер тұрғындарын қамтыған. Кеңес Үкіметінің қыспағына қарсы бас көтерген көтерілісші шаруалар мұздай қаруланған жазалаушы әскерлерге қарсы сойыл, шоқпар шиті мылтықтарымен қарсы шыққан еді.

Иә ,осындан тоқсан жыл бұрын қызыл империяның озбырлығына қарсы бас көтерген шаруалардың соңғы демдері осылайша біткен еді. Мүсінде бейнеленген жазалаушы жендеттерді жалаң қолмен кеңірдектерінен алып жатқан Тәуекел, Мірәлі сияқты палуан ерлер ме екен деп ойға қалдық. Олардың рухтары бүгінгі тәуелсіз егеменді еліміздің ұрпақтарын желеп-жебеп жүргей...



























13



Ұсыныс



-Қарақұм көтерілісінің 90 жылдығына орай аудан,облыс көлемінде семинар,конференция жұмыстары жүргізілсе;

-Барлық мектептерде тарихи –танымдық іс-шаралар өткізіліп,тақырып кеңірек насихатталса;

-Қарақұм көтерілісінің рухани және қосын басшысы болған Тәуекел Боранбайұлына аудан орталығынан көше атауы берілсе;

































14



Пайдаланылған әдебиеттер



1.А.Тілеулиев «Қарақұм» А,.2007 ж

2.Т.Омарбеков «Халық қаһары»

3.Ел тілегі «Азаттық рухының жаршысы» 02.10.2019

4.Жалағаш жаршысы «Қарақұм көтерілісінің рухани жыршысы Т.Боранбайұлы» 28.09.2019

5.Б.М.Ахметбек «Сыр бойында 89 жылдан бері аты шықпай келе жатқан Қарақұм көтерілісі»































15

























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі