жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба
Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы
Жуматай Альфияның «Туған ауылымның игі істері»атты жұмысына
Аннотация
Зерттеу жұмысында Көктоғай ауылы бойынша:білім саласы, денсаулық сақтау саласы, экология және экономика саласы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген.Алтын бесік ауылдың бүгінгі жағдайын көтеруге нақты жоспарларды көрсету арқылы зор қарқынмен дамып келе жатқан ауылдың бүгінгі тіршілігі , жетістіктер, атқарылған жұмыстар арқылы көрсете білген. Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол жоба болары сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақтың туған ауылы туралы білімдерін көтеру.Өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.
Өзектілігі: ауыл тарихын зерттеу арқылы туған елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғау және мақтан тұту
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Жинақтау, салыстыру, әңгімелесу, бақылау, қорытынды жасау.
Зерттеудің жаңалығы: аулымыздың шығу тарихын анықтап, осы күнге дейінгі жағдайын зерттеп зерделеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мазмұны:
І.Кіріспе
Ауыл-ашылмаған қазыналы кен
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Туған жердің бүгінгі ұрпағы-елдің ертеңі
2.2. Күні туды ауылдың...
ІІІ.Қорытынды
Болашаққа аттанған ауыл
Кіріспе
Мен туған ауыл бар-ды жер бетінде,
Жүз тосқам алғаш сонда желге, Күнге,
Жұлдызды заңғарларды межеге алып,
Ұмтылған адам болып ер жетуге.
Фариза Оңғарсынова жырлағандай, әрбір қазақ баласының жүрегінде жатталған қасиетті бойтұмардай ұғым бар.Ол-ауыл.
Ауыл-қазақтың қаймағы.Атам қазақ ежелден-ақ ауылдың қадір-қасиетіне аса мән беріп келгені қазақи ұғым-пайымдардан да байқалып тұрғандай.
«Ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын»-деп, ағайыннан ауылдасты жоғары қою арқылы ауыл бірлігін, ауыл намысын жоғары қояды. «Ауыл-аймақ аман ба? деп сәлемдесуі де ауылға деген ізеттен туса керек.
Ауыл –ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.
Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын. Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады.
Міне, осындай туған жерге деген сүйіспеншілігім- өз ауылым жайлы тереңірек білуге баулыды.
Туған жерімнің тарихын білу -мен үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым.
Мен туып өскен Көктоғай селосы Индербордан 90км, Атыраудан 120 км қашықтықта, Жайық өзенінің оң жағында орналасқан.Округ шығысында Өрлік селолық округімен, оңтүстігінде Махамбет ауданымен, батысында Нарын құмымен шектесіп жатыр.Оның жер көлемі 298456га, халық саны-2707 адам.Округке қарасты аумақта әуелде Тума, Мәмбет, Айбас, Жетібай, Бабан, Мишан, Қаңбақты, Шаңырақты Өкін, Анда, Қырынқожа, Үрпая, Бестөбе ауыл кеңесі болған.
1919 жылдың 22 желтоқсанынан 1920 жылдың 3 қаңтарға дейін В.И. Чапаев дивизиясы ұрыс жүргізілді.Азат етілген елді мекендерде Горы, Гребенщик, Кулагино, Өрлік, Зеленый селолық кеңестерін құру қолға алынды.Олардың бәрі Зеленый болыстық атқару комитетіне бағынды.Ал Зеленый болыстық комитеті 1920 жылы 6 қаңтарда құрылған Гурьев уездік революциялық комитетіне бағынды. Түрлі себептермен 1923 жылдың аяғында Зеленый болыскомы таратылды.1962 жылы ұжымшар кеңшарға айналдырып, оған «Путь Ильича» деген ат берілді.Кеңшарда мал басын өсіру, қойды электр қуатын пайдаланып қырқу, ауылды электрлендіру, қызыл тас күйдіру, мәдени-ағарту мекемелерін іске қосуда көп жұмыстар атқарылды.
1994 жылы-Атырау облыс әкімінің шешімімен Көктоғай селолық округі құрылды.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Туған жердің бүгінгі ұрпағы-елдің ертеңі
Бүгінгі ұрпақ-елдің ертеңі.Біз-еліміздің төл перзентіміз.Туған жердің
тұғырына қонар жас қыранымыз.Жас мемлекетіміздің жаңа түлегіміз, жаңа тағанымыз деп ойлаймын.Туған жердің тұғырына қонар жас қыранымыз.Біз бірінші сыныптан бері тәуелсіз ел, егеменді ел, еркіндік ел, бостандық дегенді сезініп өсіп келеміз.Ұстаздарымыз, өмір көрген әке-шешелеріміз үнемі ұқтырып, үйретіп келеді.Барлық әніміз де, жырымыз да Отан үшін, туған жер үшін арналып келеді.Өткен тарих беттерінен өткен өмір мен бүгінгіні салыстырып түсіне білдік.Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес.Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек.Тәуелсіз өркениетті елімізге білімді мамандар мен, елі мен жері үшін тәуекелге бара алатын азаматтар мен азаматшалар керек екенін түсіндік.Қазақ ауылының абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңқалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек екенін түсіндік.Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенін сезіндік.Тәуелсіздік алған күннен бастап ұлтына қарай бөлмей, достықпен, береке-бірлікпен Қазақстанда тұратын барлық халыққа бірдей саясат жүргізді.Барлығын бірлікте ұстап, дұрыс жолға қойып, қамқор бола білді.Асықпады да аптықпады да.Елімізді әлем таныды.Ел үміті-ертеңде, ертеңнің кепілі-Нұрсұлтан атамызда.Өйткені Елбасы-тәуелсіздіктің тірегі.Жаңа дәуірден, қиын-қыстау тың жолдардан қазақстанды сүріндірмей, адастырмай, алып жүрер-Елбасы деп ойлаймын.
«Алтын белгі», «Қызыл аттестат» иелері ауыл түлектерінен көп
шығып, ауыл оқушыларынан олимпиада жеңімпаздарының көбі ауыл балаларының арасынан шығып жатқанын естіп, біліп жүрміз.Өйткені, ауыл-ашылмаған мол мүмкіндік.
Ауыл-кешегі он жасқа дейін бір ауыз орысша білмей-ақ, он алты жасында әлемге әйгілене бастаған Шоқандарды тудырған, әлі талай Шоқанды әлемнің бағына сыйлай алатын Ауыл.
2.2. Күні туды ауылдың...
«Алға қарайтын кез келді.Іске кірісер кез келді.Ерік-жігерімізді танытатын кез келді!»-деп Елбасымыз ауыл халқына Үндеу тастады.Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы Мұхтар Әуезов айтқан екен.Әрине қазақтың алтын бесігі ауыл
Орнында бар оңалар дегендей, соңғы кезде кешегі тозуға ұшыраған ауылдар қайтадан еңсесін көтере бастағандай.Алтын бесік ауылдың жағдайын көтеруге нақты жоспарлар жасалынып, іске асырылып жатуы ауылдағы ағайындарға демеу бергендей болып отыр.
Кешегі сән- салтанат қайтадан айналып келе бастады. Жаңа үлгідегі ауруханалар бой көтеріп, пайдалануға берілуде.Мектептер де, мәдениет үйлеріндегі түрлі жұмыстар да жандана бастады.Мектебімізге 2017-2018 оқу жылында 7 мультимедиялық кабинет жиⱨазымен жабдықталып, оқушылардың тереңірек білім алуына жағдай жасалып отыр.1-4 сынып оқушылары бір мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілген.Сонымен бірге спорт үйірмесі ашылып, балаларды күрес ойынына дайындаса, өнер мектебі балаларды домбыра, баян тарта білуге үйретуде.
Ауылымызға 2000 жылдан бастап табиғи газ желісі жетіп, оның игілігін күні бүгінге дейін көріп келеміз.Бұл жұмысқа «Индергаз» акционерлік қоғамы мен «Атыраугазқұрылыс» кәсіпорыны атсалысты.
Ауыл тұрғындарын арзан ет, сүт қаймақ, нанмен, көкөніспен қамту үшін 38 шаруа қожалықтары, 2 наубайхана, 19 дүкен ,2 тойхана, 1 шаштараз жұмыс жасауда.Жаңа үлгідегі тұрғын үйлер де көптеп бой көтеруде. «Жанбай», «Құлыншақ», «Көктерек», «Алға» сияқты жауапкершілік шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде. Мал өнімдері сүт, шұбат заводы ашылып, пайдалануға берілген. Ауылдарда жарық беру тұрақтанып, су мәселесі шешіліп жатыр.Бүгінгі күні өңірде "Ақ бұлақ" бағдарламасы шеңберінде сапалы, таза ауыз сумен ауылдың тұрғындары қамтамасыз етілген.
Сонымен бірге ауыл ішінде тас жолдары төселініп, жазғы су құбырлары жөндеуден өтуде.
Ауылдың еңсесі көтеріліп, күні кеше ғана оталанған тоғайлар қайта жайқалаған.Ауылымызға кірер жолға көшет ағаштары отырғызылды.Алыс жайлауларда қайтадан отар-отар қой, үйір-үйір жылқы жайылып, ауылдың әр тұсынан табын-табын сиыр өретінін байқауға болады.Селода мектеп, аурухана, балабақша, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтсе, жаңа үлгідегі аурухана жақын күндері пайдалануға берілмек.Ауылымыздың 90пайызы интернет желісіне енгізілген. Байланыс, почта бөлімшелері халыққа қызмет көрсетуде.
ІІІ.Қорытынды
Болашаққа аттанған ауыл
Міне , менің аулым – нұр мекенім,
Әлдилеп, бесгімді тербеткенің
Сезбеппін – ау сезімнің менде екенін,
Білмеппін – ау , бақыттың сенде екенін.
Би билеуді үйреткен тал – тірегің,
Бір өзіңмен сезіндім – дерегін,
Жер бетінің жұмағы сен екенсің,
Сенен артық мекенім бар ма менің!
Біздің тіліміздің бар мәйегі ауылда.Ауыл жақсарса, тілін сүйген, халқын сүйген азаматтар көптеп шығып, ел басқару ісіне араласады.Қазақ халқының көсегесін көгертетіндер қаладан емес, ауылдан шығады деп ойлаймын.Жайлы тұрмысқа жағдай жасалынған ауылдарға оқу бітірген білімді жастар көбірек барып, ауыл балаларының білім деңгейі қала баласымен теңесетін болады.
Сонау алыс мемлекеттерден тасылып жатқан сыртқы қораптары әдемі, ішкі дүниесі белгісіздеу мал өнімдері мен азықтық заттарының орнына өз ауылымызда ет косервілер мен қалбырлы сүттердің түрлері, балмұздақтар шығарылса деген тілегіміз бар.Қазіргі білім жүйесіндегі өзгерістерге байланысты жоғары сынып оқушылары 7-8 сабақтан білім алуда.Осыған орай бұл оқушыларға да бір мезгіл тамақ берсе деген ойым бар.Сонымен бірге 2018 жыл ауылымызда көше жолдарын асфальттау, спорт мектебі, спорт алаңдары, бастауыш мектеп салу жоспарда тұрғанын білдім.Бұл жұмыстардың барлығы іске асатын болса біз үшін үлкен қуаныш болары сөзсіз.
Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. Міне, сондықтан да ауылды көркейтуге келешекте өз үлесімді қосуды армандаймын.
Ауыл-тал бесігімізді шын мәнінде гүлдендіре алсақ, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беделі бұрынғыдан да өсе түспек.Гүлденген ауылдар мол бола берсін!Ауылда береке болса, қалада мереке болары анық.Аман бол, ардақты ауыл!
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Индер ауданы Шежіре «Арыс» баспасы Алматы 2006
2.Шығарма-тілі дана іші сара бабалар мұрасының айнасы Көкшетау «Келешек» -2030
3.Дендерім менің- кең жерім «Үш қиян» Алматы 2001
4. С.Ж. Мадияров «Аулым - алтын бесігім» Қайнар баспасы 1990ж
5.Көктоғай ауылының әкімшілік мұрағатынан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
Атырау облысы
Индер ауданы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп
Жуматай Альфия
4-сынып оқушысы
Тақырыбы: Туған ауылымның игі істері
Ғылыми бағыты: Туған ауылдың игі істерін анықтай отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Секциясы:биология
Жетекші:К.Нугманова
Бастауыш сынып мұғалімі
Атырау 2017
Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Жуматай Альфияның «Туған ауылымның игі істері» атты жұмысына
Пікір
Жуматай Альфия «Туған ауылымның игі істері» атты зерттеу жұмысының тақырыбы жан-жақты қамтылып, өз дәрежесінде орындай білді.Ол сыныптағы озат оқушылардың бірі.Тақырып бойынша біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Қарастырылған жобада, ауыл тарихын зерттеу кезінде ауылымызыдағы игі істері туралы жұмыстарды анықтай білген. Халық қазынасының ауыл тарихына тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды тарихын зерттеп , зерделеп қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.
Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда. Әлі де болса дерек жағынан молырақ қамтып, архив қолжазбаларын молырақ қолдана білуге мүмкіндігі бар.
Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.
Ғылыми жұмыста оқушы өзіндік пайымдаулар мен талдаулары нақты ашып дәлелденді.
Жұмыстың ғылыми сипаты бар.Мақсаты мен міндеті өз нәтижесін берген. «Туған ауылымның игі істері» тақырыбын одан әрі жүргізетініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін.
Ғылыми жоба жетекшісі К.Нугманова
Бастауыш сынып мұғалімі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген