Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы,Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебі
Тақырыбы: Құрманың пайдасы
Секция: химия-биология
Авторы:Бақбергенқызы Ақбілек
Қаракөл орта мектебінің
4-А сынып оқушысы
Жетекшісі:Мусина Алия Онатовна
Қаракөл орта мектебінің
бірінші санатты бастауыш сынып
мұғалімі
Қаракөл орта мектебінің
4 сынып оқушысы
Бақбергенқызы Ақбілектің
«Құрма және оның пайдасы»
тақырыбындағы ғылыми жобасына
Пікір
4 а сынып оқушысы Бақбергенқызы Ақбілек бұл жазылған зерттеу жұмы-
сында құрма жемісі оның пайдасы туралы және құрманың адам баласына өте ұқсас жеміс екені жан-жақты дәлелденген.Зерттеу жұмысында құрманың ерекшелігін, қоршаған ортада өсуін, медициналық тұрғыдан адам денсаулығына маңыздылығын (тағамдық құндылығы, емдік қасиеттері) анықталды . Құрманың пайдасы автор жұмысында анық байқалады.
Ақбілек зерттеу жұмысын жазу барысында көптеген көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды, ғаламтордан ізденген. Жұмыс жоспар бойынша жазылып, толық орындалған. Сонымен қатар Ақбілек көп ізденіп, жұмысын өз жас ерекшелігіне сай орындай білген және де нақты деректер негізінде зерттей білген.
Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Пікір жазған: А.Мусина
Қаракөл орта мектебінің бірінші санатты бастауыш сынып
мұғалімі
Мазмұны:
І . Кіріспе
Өсімдік - өмір нәрі, өмір сәні.
ІІ. Негізгі бөлімі.
2.1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы
2.5.Аманат құрма хикаясы
2.6.Құрманың емдік қасиеттері,құрманың қандай ауруларға ем екендігін анықтау
2.2. Сан түрлі дерттің шипасы — құрма ... туралы не білеміз?
2.3.Құрманың медициналық тұрғыдан пайдасы.
2.4.Құран және құрма
ІІІ. Қорытынды ......................................................................................
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................
Аннотация
Зерттеудің мақсаты :
Құрма жемісіне сипаттама беру және құрма жемісінің тіршілігін бақылау.Медициналық тұрғыдан адам денсаулығына маңыздылығын анықтау (тағамдық құндылығы, емдік қасиеттері).Құрма құрамындағы биологиялық әсерлі заттармен танысу.Тәжірибе жасау арқылы құрма жемісінің ғажайып қасиеттерін анықтай отырып білім толықтыру, іздену.
Өзектілігі: Құрма жемісінің шипалық қасиетін анықтап,адам денсаулығын емдеуге пайдалану.
Зерттеу жаңалығы: :Құрма жемісін зерттеп,оны бағып күтудің маңыздылығын ,өсу ортасын анықтау. Құрманың алуан түрлілігі анықталды.
Құрманың адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды.Құрма жемісінен түрлі компоттар ,сусындар жасауға болатындығы зерттелінді.Құрма жемісінің адам ағзасына тигілер шипалық қасиеттері жан-жақты жүйелі түрде анықталды.
Гипотеза: Құрма жемісінің құрамында адам денсаулығына қажетті және пайдалы дәрумендердің жеткілікті мөлшері бар екендігін білу. Осы заттардың пайдалы жақтарын көрсете отырып, олардың қандай ауруларға шипасы бар екендігін жүйелеп, талдап көрсету.
Құрманың пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген материалдарды жинақтау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: жинақтау,салыстыру,әңгімелеу,пікірлесу,
қорытынды жасау
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жоба кіріспеден,негізгі бөлімнен,қорытынды,пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тәжірибелік маңызы:
Бұл зерттеу жұмысын дүниетану сабағында қосымша материал ретінде қолдануға болады.
І. Кіріспе.
Өсімдік - өмір нәрі, өмір сәні.
Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі. Өсімдіктер адам өмірімен және жануарлар әлемімен де тығыз байланысты. Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамзатқа тигізетін пайдасы зор. Олардың кейбіреуін тамаққа пайдаланса, енді бір тобын әртүрлі шаруашылықта пайдаланады. Өсімдіктер адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байытады. Өсімдіктер қалалар мен ауылдарды шаң - тозаңнан қорғайды. Яғни, өсімдіктер адам көңіл - күйіне ерекше әсер етеді. Бөлмеге жасыл өсімдік өсірсеңіз, өзіңізді бөлмеде емес, ерекше бір орында отырған сияқты сезінесіз. Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Қоғамдық орындарда, бөлмелерде өсімдік өсірілсе, олардың хош иісі мен сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл - күйін шаттандырады. Адам өсімдіктерді сәндік үшінде өсіріп эстетикалық ләззат алады. Өсімдіктер айналадағы шуды да бәсеңдетеді. Ал шудың адамның жүйке жүйесіне жағымсыз әсер етіп, қан қысымын көтеретіні белгілі. Ағаштар жол жиегіне неғұрлым жиірек орналасса, соғұрлым дыбысты жақсы басады.
Халқымыз өсімдіктердің пайдасын, қадір - қасиетін жоғары бағалаған, мысалы «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Ер - елдің көркі, орман - тоғай жердің көркі», «Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады», « Қораңда малың болсын, көшеңде талың болсын», деген мақалдар өсімдік атаулының ерекше қасиетті екенін дәлелдейді. Осындай даналық сөздерден табиғаттың көркі, сымбаты мен сұлулығы - өсімдіктер
әлемін қорғау керек екенін ұғуға болады. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес. Сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің пайдасы зор.
ІІ. Зерттеу бөлімі.
1. Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы
Құрма — тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы. Құрма ыстық климатты аймақтарда өсіріледі. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын елдерге: Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Құрма эбен тұқымдасына жататын туыс. Құрма туысына ағаштар және бұталы өсімдіктер жатады. Құрманың 500-ге тарта түрі бар. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш,
1
кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Кептірген жемісінде 52% қант, 48% глюкоза болады. Құрма тұқым күйінде және телу, ұластыру арқылы өсіріледі. Құрманы тұқымынан өсіргенде 5-7 жылда, ұластырылғандары 3-4 жылда жеміс береді. Ірі ағаштары жылына 250 кг-ға дейін өнім береді.
Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

Ғылыми деректер құрманың шыққан жері ретінде Парсы шығанағын көрсетеді. Жеміс өсетін құрма пальмасы – Африка мен Азияның шөлді аймақтарында көптеп кездеседі. Жергілікті тұрғындар құрманы «оазис патшайымы», тіпті кейде «өмір ағашы» деп атайды екен.
Ал араб халқының құрманы осыдан 5-7 мың жыл бұрын жеуге жарамды жеміс ретінде танығандықтары туралы мәліметтер бар. Ертеде әрбір араб сарбазы құрма ұзаққа сақталатындықтан және адамды аштыққа шыдамды ететіндіктен, соғысқа аттанар алдында екі қапшық құрма алып шығатын болған деседі.

2
Ежелгі Египет қорымдарында құрма жемісінің суреттері жиі кездеседі. Кейбір қолжазбаларда Вавилонда құрмадан сірке суы мен шарап жасалғандығы да айтылады
2.Сан түрлі дерттің шипасы — құрма ... туралы не білеміз?
Құрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.
Құрма пальмасы – жер бетіндегі ең қасиетті, игілігі мол, пайдасы орасан зор ағаштардың бірегейі. Құрманы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылманға ұқсатқан. Себебі, шын мұсылман қарапайым болғанымен айналасына пайдалы келеді емес пе? Құрма да сол секілді: жапырағы түспейді, жеміс беруін үзбейді. Иә, құрма – Алла мейірімінің ғажап бір көрінісі, адамзатқа сый етілген мәртебелі жеміс. Құрма – жеміс атаулының мырзасы: әрі тағам, әрі дәрі, әрі шырын, әрі қуат көзі...

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Құрманың жартысымен болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар» (Бұхари, Муслим) деген хадисін естігенімізде, аз мөлшерде болса да садақа берудің қаншалықты маңызды екенін ұғынамыз. Ал, жарты құрманың өзінде адам ағзасына қажетті қандай пайдалар бар?
Бүгінде піскеніне, кепкеніне, көлеміне, пайдасына, дәміне, түр-түсіне қарай бөлгенде, құрманың 18-ге жуық түрі белгілі. Оның екі түрі кең тараған.
3
Әжуа құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Әжуа жәннат жемісі. Ол улануға қарсы». Бұны бүгін күніміздегі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр. Тағы бір хадис шәрифте: «Кімде- кім аш қарынға күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым жеті әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады», – деген (Муслим). Бірде саңлақ сахабалардың бірі Саъд бин Әбууаққас (р.а) Меккеде қатты науқастанып қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у) хал-жағдайын сұрай барып: «Сен жүрек ауруына шалдығыпсың»,– деп, Харис есімді дәрігерді шақыруды бұйырып, оған әжуа құрмасының жетеуін сүйегімен бірге сүт немесе майға араластырып қою күйінде жегізуін әмір еткен (Әбу Дәуід). Осыдан кейін Саъд бин Әбууаққас (р.а) жазылған екен. Бұдан байқағанымыздай әжуа құрмасының жүрекке де ем екенін көруге болады.
Бәрани құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы аш адамды тойдырып, күш-қайратты арттырады, ауруды емдеп еш ауру туғызбайтын – бәрани деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, бәрани деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы бәрани түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл).

Құрманы әлемнің барлық елінен, кез келген азық-түлік дүкендерінің сөрелерінен табуға болады, оның үстіне құрманың бағасы қымбат емес, қолжетімді. Ғалымдар құрманы – пайдалы әрі құнарлы заттардың қайнар көзі ретінде бағалайды.
Құрманың бірнеше ғана кішкентай үзімінің өзінде, қандай да бір тола шөлмек сусынды құнарландыра алатындай жоғары деңгейде темір мен кальций бар...
4
3.Құрманың медициналық тұрғыдан пайдасы
«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»
( халық даналығы).
4-5% құрғақ зат, 95 - 96% су,2- 25% қант,1% белок,эфир майы,калий,фосфор,кальций,магний,темір,мырыш

Дәрумендер- олар айтарлықтай құнарлы (100 г.-да 277 ккал.), сондықтан керемет қуат көзі болып табылады. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Фтор тістерді тісжегіден қорғаса, тағамдық талшықтар мен селен иммунитетті көтеріп, қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларының алдын алса, калий сол жүрек пен қан-тамыр ауруларында көмектеседі. Құрма суық тигенде (әсіресе ағзаның шамадан тыс әлсізденген жағдайда) көмектеседі; еркектік қауқарды көбейтеді; сарыуайым кезінде, ағзаның әлсізденуінде, созылмалы шаршау кезінде жәрдем береді; бауырды, бүйректі және жүйке жүйесін бекітеді; ішектегі пайдалы бактериялардың өсуін қамтамасыз етеді; қанды нәрлендіріп, ағзаға аурутудырғыш микробтарға қарсы тұруға көмектеседі және қышқылды теңгерімді қолдап
тұрады.
Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді.
Бұл жемісті шикі түрінде де, кептірілген түрінде де жей беруге болады. Құрмадан салаттар, нәрсу (компот), десерт, тіпті бал да дайындайды.
5

Құрма пальмасының жемістері гипертониктерге (қан қысымы көтеріңкі адамдар)
аса пайдалы,
себебі қан тамырының тарылуын баяулатады.
Құрма Алланың қалауымен күш-қуатты көбейтіп,
тонусты арттырады;
көптеген кеселдерде көмектеседі;
әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі.
Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді.
Құрма бауырды қуаттандырады,
асқазанды тазалайды,
әлсіз бүйректі күштендіреді.
Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе,
өкпенің қабынуы (Бронхит)
сияқты тыныс жолдарына шипа.
Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады.
Адамды арықтатады,
егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді.
Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай,
алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады.
Сол себепті қан аз болған (гемоглобин)
кісіге көп жеуіне кеңес беріледі.
Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені
ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында
микроп атаулы жоқ бірден-бір жеміс. Құрма сүйектерін
үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып
демалдырады. 
6
Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды (босанғаннан кейін әйелдерде болатын және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Күнімізде медицина құрманы бир күнде ең көп дегенде бесеуін жеуге кеңес береді.
4.Құран және құрма
Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда, Аллаһ тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы «Мәриям» сүресінде:
«Сөйтіп тұрғанда толғақ қысып, құрма ағашына барып сүйенуге итермеледі. «Қап, бұрын өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді күйзеліп. Сол сәт (періште) төменнен былай деп дауыстады: «Жабырқама, Раббың асты жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкіле, үстіңе жас құрмалар түссін. Содан іш, же. Көз айым бол!»» делінген (23-26 аяттар).
Құрма ағашы құрылысы
Тағы бір аятта құрманың өсуінде құдіреттің белгілерін көруге болатындығы баяндалған:
«Көктен су түсірген де – Аллаһ. Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ, одан өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтін, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген дәрістер бар» (Әнғам сүресі, 99).
5. Аманат құрма хикаясы
Бірде Мұхамбет пайғамбар серіктерімен келе жатқанда, жолда азықтары таусылып, қарындары ашады. Жебірейіл періште оларға пейіштен інжу, меруерт, дүрлермен өрнектелген алтын табаққа салынған құрма жемісін әкеледі. Пайғамбар «Бісcіміллә» деп, табаққа қол салып, құрмадан дәм татты.
7
Серіктері де жапырлай қозғалып, құрма жеуге кірісті. Табақтағы құрма азайғанда, ортадағы бір құрма ерекше көрінеді. Бір кереметі, ол құрма қолға түспей дөңгелей береді. Сахабалар бұған таң қалады. Бұл құрманы ешқайсысы жей алмады. Сол кезде пайғамбарымыз құрманы қолына алып қарайды да, «Бұл не ғажап?», «Бұл не деген керемет?» деп ойланып қалады. Сол кезде Жебірейіл періште де жетті.
– Уа, Алланың елшісі! Бұл құрмада үлкен бір құпия бар. Ол сізге де, серіктеріңізге де бұйырмайды. Сізге Тәңірім сәлем жолдады. Төрт жүз жыл заман өткен соң сіздің бір үмбетіңіз дүниеге келеді. Оның есімі Ахмет болады. Ол үмбетіңіз сіздің рухани жолыңызды жалғастырады. Бұл құрма сол баланың несібесі, – дейді. Серіктері мына әңгімені естігенде, таң қалады. Сол кезде Мұхамбет пайғамбар:
– Иә, Жебірейіл, ол заманға дейін бұл құрма қалай жетеді? – деп сұрады. Жебірейіл періште:
– Бұл құрманы Ахмет атты балаға жеткіз деп бір серігіңізге тапсырыңыз, – деді. Сонда Пайғамбар:
– Уа, бауырлар! Мына аманат құрманы менің 400 жылдан кейін дүниеге келетін ардақты үмбетіме кім табыстайды? Кім тәуекелге бел байлайды? – деді.
Ешкім үндемеді.
– Бұл құрманы жеткізген адам екі дүниеде бақытты болады. Ол бақыт кімге бұйырғалы тұр екен? – деп сұрады.
Серіктері «төрт жүз жылға дейін өміріміз жетпей қалады-ау» деп күмәнданып тұрғанда, пайғамбар сөзін қайта жалғады:
– Егер кімде кім бұл аманатты менің үмбетіме жеткізер болса ол адам пейіште Алла жамалын көреді, – деді. Сол кезде ортаға Арыстан бап шықты да пайғамбарға қарап:
– Иә, Алланың елшісі. Аманат-құрманы жеткізуді маған тапсырыңыз. Құдай қолдаса, аманатыңызды жеткізермін, – деді.
– Бәрекелді!
– Бәрекелді!
– Жарайсың Арыстан сахаба!
– Дегеніңе жет!
8
– Алла жар болсын!
– Алла жар болсын! – деп шуласты. Барлық сахаба қуанысып қалды. Мұхамбет пайғамбар:
– Уа, менің құрметті серігім. Тәуекелге бел байлағаныңа ризамын. Алла жолыңды оңғарсын, мақсатыңа жет! – деп батасын берді. Арыстан бап:
– Уа, Алланың елшісі, менің сізге айтар датым бар! – деді.
– Датың болса айт!
– Бұл құрманы жеткізу үшін маған ұзақ ғұмыр керек. Тәңірден менің өмір жасымды ұзартуын сұрап, дұға қылсаңыз, – дейді. Пайғамбар:
– Иә, Алла, Арыстан сахабаның ғұмыр-жасын ұзақ қыл! Оны рақымың мен игілігіңе бөлей көр! – деп дұға жасады. Сол кезде Жебірейіл періште:
– Уа, Алланың елшісі! Сүйінші! Сүйінші! Алла сенің бұл тілегіңді қабыл етті. Арыстан баптың өмірін ұзартты, – дейді.
Мұхамбет пайғамбар мұны естіп, қуанып қалды. Ол құрманы беріп тұрып:
– Аузыңды аш, Арыстан бап! Мына құрманы тіліңнің астында сақтағайсың. Таңсәріден тұрып, менің Ахмет атты үмбетімді іздеп сапар шегесің. Арып-ашып, жердің жүзін шарлайсың. Бармаған жерің, баспаған тауың қалмайды. Ақыры бір мекенге келіп жетерсің. Түркілер мекендеген Сайрам шаһарына кез боларсың. Осы шаһарда үлкен бір медресе бар. Аманаттың иесі – осы медресенің шәкірті. Оның медресеге кірген ізі болса да, шыққан ізі болмайды. Аманатты өзі келіп, сенен сұрап алады. Оған Құдай сондай артықша қасиет берген, – деді. Арыстан бап:
– Иә, Расул! Бұл аманатты аман-есен барып тапсырып, міндетіңізден құтылармын – дейді.
Арыстан бап ұзақ жыл сапар шегіп, Сайрам шаһарына ақыры жетіп жығылады. Ұзақ жолдан қажыған ол дем алмақ болып, ілім ордасының маңында ағып жатқан Сайрам суының жағасында сәл аялдады. Сол кезде медреседен жас бала шығып, бұған қарай аяңдады. Әлгі бала Арыстан бапқа жете бере сәлемдеседі.
– Ассалаумағалейкум, Арыстан бап! Жоғың болса, кешікпей тап! – деді. Арыстан бап та іздеген адамының осы екенін білу үшін:
– Балам, есімің кім? – деп сұрады.
9
– Атымды қайтесіз, аманатымды беріңіз, ата?
– Балам, атың Ахмет екен. Ішің тола хикмет екен. Аманатыңды ал, аузыңды аш! – дегенде, төрт жүз жыл бойы сақтаған құрма ұшып барып, шәкірттің аузына кірді. Бала Ахмет құрманы жұтып жіберді. Сонда Арыстан бап:
– Аманатыңды осынша жыл сақтағанда, еңбегімді елемегенің қалай? Маған сүйегі ғана қалыпты, – дейді.
– Ата, онда жұрт, алдымен сізге түнесін, бізден тілесін, – деді.
Құл Қожа Ахмет Ясауиге «аманат құрманы» жеткізген Арыстан бап халық аузында оның ұстазы ретінде айтылады. Ел арасында «Арыстан бапқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз тараған.
Арада бірнеше ғасыр өткен соң, Әмір Темір Қожа Ахмет Ясауидің басына күмбезді кесене салмақ болады. Түркістанға келгеннен кейін бұл істі қолға алады. Бірақ кешке дейін қалаған дуал таңертең барса, бұзылып жатады. Оны құлатқан кім екенін білу үшін Әмір Темірдің өзі түнде келіп қарауыл болады. Түннің бір ортасында үлкен өгіз келіп, дуалды сүзіп қиратады. Әмір Темір ойланып қалады. Оған түсінде Қожа Ахмет бабамыз аян беріп, былай дейді:
– Ол көк өгіз Арыстан баптың аруағы. Сен, алдымен, соның басына кесене тұрғыз, – деді.
– Мен оны қалай табамын? – дегенде,
– Мен өзім жол көрсетемін, – деп жауап береді. Сонымен ол ерте тұрып, Отырарға бет алады. Арыстан бап жатқан жерді тауып, зәулім кесене салады. Осы кезден бері қалыптасқан зиярат тәртібі бойынша адамдар, алдымен, Арыстан бап кесенесінде түнейтін болған. Ертесіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Құдайдан тілектерін тілейді екен.
6. Құрманың емдік қасиеттері
Құрма – арабтардың күнкөрісінде маңызды орын алатын иісі мүлдем білінбейтін бірақ дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының 3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.
Құран Кәрімде де құрма жайлы бірнеше жерде баяндалған: «Көктен су түсірген де – Алла. Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса
10
жүзім, зәйтүн, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген ғибраттар бар» (Әнғам сүресі, 99).
Адамзаттың ардақтысы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) бірде Сахабаларға қарап: «Ағаштар арасында жапырағы еш түспейтін ағаш бар, ол ағаш мұсылмандарға ұқсайды. Оның қандай ағаш екенін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сонда сахабалардың бәрі ағаш атауларын атай жөнеледі. Хадисті жеткізуші Ибн Омар (Алла ол кісіден разы болсын) ішімнен құрма ағашы шығар деп ойлап отыр едім, лезде сахабалар Алла Елшісі жақсы біледі деді жамырай. Сол сәтте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ол құрма ағашы», – деді. (Муслим. Тирмизи)
Алла Елшісі (с.а.у) құрманы қатты ұнатқан. Мәселен, құрма маусымында өзіне сыйлық ретінде тартылған жас құрмаларды кері қайтармайтын. Тағы бір сөзінде «Құрмасы жоқ үйдің адамдары анық аш қалғаны» деп, құрманың Мәдиналық кедейлердің күнкөрісінде қаншалықты орын алғанын байқатқан (Ибн Мәжә). Шаңырағында айлап қазан асылмаған уақыттардың өзінде де оларға арқау болған құрма мен қара су еді. Айша анамыз (р.а.) сол күндерді: «Алла елшісі (с.ғ.с) қайтыс болғанда да, қара құрма мен қара судан басқа ештеңе таппағанбыз», – деп еске алған (Бұхари). Бірақ тек құрма жеп күнелткен уақыттарда сахабалардың ешбірі ауруға ұшырамаған.
Себебі, құрма жемісі тек қана азық емес, сан түрлі дерттің таптырмас шипасы. Құрма адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті барлық дерлік пайдалы заттарға ие.
Құран және Сүннетте адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) былай бұйырады: «Әйелдеріңізге босанғаннан (нифас халінде) кейін құрма жегізіңдер. Босанғаннан кейін құрма жеген әйелдің баласы момын, жуас болады. Мәриям Исаны (а.с) дүниеге әкелген кезде жегені тек құрма болатын. Егер құрмадан да қайырлы жеміс болса, Алла соны жеуін әмір етер еді», – деген. Тағы да айта кететін жайт Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жаңа туылған сәбидің ауызына құрма салатын болған. Сол сәбилер кешегі өткен сіз бен біз танитын ғалым Ибн Аббас секілді сахаба ғалымдар. Бұл үрдіс күні бүгінге дейін әдетке айналған. Дәрігерлер әйел адамдарға жүкілік кезінде және де босанатын күні үзбей осы жеміс шырынын ішуге кеңес береді. Себебі,бұл жеміс шырыны ағзасы әлсіреген анаға күш береді, сонымен қатар босанушы әйелдің ағзасында жаңа туылған нәрестеге өмірінің ең алғашқы сәтінен бастап өте қажетті ана сүтін құрайтын химиялық реакцияның жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
11
Сондай-ақ босану кезінде әйел адам көп қан жоғалтатындықтан қанының құрамында қанттың мөлшері төмендеп кетеді. Құрма ағзадағы
қантты толтырушы болып табылғандықтан, қан қысымының төмендеуін болдырмайды. Бұл жемістің құндылығы өте жоғары болғандықтан әлсіздік басқан және де сырқаттан әлсіреген жандарға да өте пайдалы. Өткені құрма адамның күш-қуатын қалпына келтіреді.
Есте болар жайт, құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отыр. Ашығу (диетология) саласының беделді маманы, доктор В.Х. Доусон бір құрма мен бір стақан сүт адамның ағзасын бір күндік қажетті заттармен қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасаған.
Сонымен қатар, құрмада ағзаға тез сіңетін және де жылдам ыдыраушы қант шырыны бар. Ол ағзаның белсенділігін арттырып, жылу күшімен қамтамасыз етіп отырады. Құрмадағы қант шырыны ағзада қант құрамын мөлшерден асырушы кәдімгі қанттан, глюкозадан айырмашылығы көп. Қан құрамындағы қанттың көтерілуі бірнеше сырқаты бар жандар үшін өте қауіпті, соның ішінде қант диабеті кезінде. Қан құрамында қанттың көбеюі іш құрлысқа зиянын тигізеді. Ең бірінші бүйректің, көздің, жүрек бұлшық етінің жүйке талшықтарының қызметі бұзылады.
Қанттың көбеюі нәтижесінде көптеген аурулардың ауыр түрінің себебі және де көру қабілетінен айрылуға, мүшелердің жансыздануына, бүйрек ауруына және де қант диабетінің ауыр түріне апаруы мүмкін.
Құрмада көптеген дәрумендер мен минералды заттар бар. Олар жасұныққа (клетчатка), майға және ақуыздарға бай. Құрмада минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний, темір, күкірт, фосфор және хлор бар. Сонымен қатар, құрманың дәнінде А дәрумені, бетакаротин, B1, B2, B3 және B6 дәрумендері бар. Жүкті әйелдің ағзасына және жалпы адамның ағзасына құрмадағы дәрумендер мен минералды заттардың қалай әсер беретіндігіне бірнеше мысал келтіреміз:
- Құрма 50 пайыз қанттан құралған. Сондықтан да өте нәрлі. Ол ағзада тез таралады, қант шырыны жүйке жүйені тыныштандырады. Құрма мидың қызметіне өте пайдалы, себебі 2.2 пайызы ақуыздан тұрады. Сондай- ақ А, В1 және В2 дәрумендеріне бай. Ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады. А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады. В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды
жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді.
- Құрманың нәрлілігі тұқымдағы адам ағзасына қажетті минералды заттардың құрамына байланысты. Мысалы, жүкті және бала емізетін әйелдерге ең қажеті зат – фолий қышқылы. Бұл қышқыл ағзадағы жаңа
12
жасушаның түзілуіне қатысушы маңызды дәрумен. Амин қышқылы – жасуша жаңару кезіндегі ағзадағы түзуші жабдық болып табылады. Жүктілік кезінде бұл қышқылға деген қажеттілік екі есе артады. В9 жетіспеген кезде ағзадағы эритроциттердің мөлшері көбейеді, алайда олардың құрылымдық белсенділігі төмендейді де қан аздыққа апарады.
Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында да қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді.

Құрма пальмасының жемістері гипертониктерге (қан қысымы көтеріңкі адамдар) аса пайдалы, себебі қан тамырының тарылуын баяулатады. Құрма Алланың қалауымен күш-қуатты көбейтіп, тонусты арттырады; көптеген кеселдерде көмектеседі; әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Құрма бауырды қуаттандырады, асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі күштендіреді. Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы (Бронхит) сияқты тыныс жолдарына шипа. Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады. Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді. Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған (гемоглобин) кісіге көп жеуіне кеңес беріледі. Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында микроп атаулы жоқ бірден-бір жеміс. Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады. Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды (босанғаннан кейін әйелдерде болатын және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Күнімізде медицина құрманы бир күнде ең көп дегенде бесеуін жеуге кеңес береді
13

Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:
Құрма:
-
Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.
-
Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
-
Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;
-
B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;
-
Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;
-
Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;
-
Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;
-
Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
-
Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
-
Ас қорытуға пайдалы;
-
Тойымдылық қасиеті өте жоғары. Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан.
-
Жас құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80%) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.
-
Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады. Сүт гормондарын қозғау арқылы нәрестеге сүт көп шығуына оң ықпал жасайды. Аллаһ тағаланың хазірет
14
-
Мәриямға құрма жеуге бұйрық беруінің астарындағы хикмет осы болса керек.
Израйлде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада дәруменнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Шөлден жеткен шипалы құрма» атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де дәруменге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.
ІІІ. Қорытынды.
Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оразасын жас құрмамен, жас құрма болмаса, кепкен құрмамен, ол болмаса сумен ашатын (Әбу Дәуіт, Сиям, 21). Сол себепті құрмамен ауыз ашуды сүннет деп білген мұсылмандар қасиетті Рамазан айында дастарханға құрма қоюды игі дәстүрге айналдырған. Тіпті құрманы ауызашардың сәні деп те айтуға болғандай. Құрамындағы қант мөлшерінің көптігі ораза ұстаған адамның күні бойғы денесінің әлсірегенін кетіретіндігін айтқан мамандар құрманы жай уақытта да жиі жеп жүруге кеңес беруде.
Қарапайым ғана құрманың қаншалықты пайдалы екенінен, біз әлі де толық хабардар емеспіз. Әрі оның орасан зор пайдасын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес деп ойлаймын. Құрманың пайдасын, оны Адам баласына сый етіп берген АЛЛА Тағала ғана толық Білуші. Бүгінгі таңда ғалымдар, құрма – адам ағзасына қажетті барлық пайдалы заттардың шоғыры болғандықтан, «тек құрма мен су ішу арқылы ұзақ өмір сүруге болады» деген тоқтамға келген. Ал, мұның сырын, біз жоғарыда келтірген, «Күнкөрістерің не еді?» – делінген сұраққа Айша анамыздың (оған Алла разы болсын): «Екі қара: құрма және су еді», – деген жауабы айқындап тұр емес пе?...
Бір сөзбен айтқанда, түрлі дәруменге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс.Алда биылғы яғни 2018 жылдың 17 мамырында ораза басталады. Ендеше, осы ораза айында ғажап жемістен дәм татып , жомарттығы шексіз Жаратушыны еске алып, өзімізде барымызға шүкіршілік етейік!
15
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
-
« Дәрілік шөптермен емделу»Қалқамбай. З. С Астана 2003ж
-
« Үйде емделу», 1, 2, 3, томдары
-
Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
-
Дүниетану Б.Л. Хаджиев, Т.С. Идилова, Қ.А. Аймағамбетова.
-
«Рассвет земли казахстанской» Д.А. Кунаев.
-
Сұрақ және жауап энциклопедиясы.
-
Т.Шарманов. Ас ішудің әліппесі. Алматы, «Білім қоғамы», 1990 ж., 5-10-бет.
-
М.Қожабеков. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан», 1982 ж., 18-бет.
-
М.Оспанова. Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа. Алматы, «Қайнар», 1992 ж., 127-150-бет.
-
Т.Шарманов. «Егемен Қазақстан» №21, 2015 ж., 1-5-бет.
-
Қ.Сыбанбеков. Жабайы өсімдіктер сыры. Алматы, «Қайнар», 1986 ж., 87-88-бет.
-
Р.Әлімқұлова. Өсімдік өмір өзегі. Алматы, «Қайнар», 1991 ж.
-
Р.Нұрбаева. Биология және салауаттылық негізі №1, 2012 ж., 54-55-бет.
-
Ә.Өмешұлы. Биология және салауаттылық негізі №1, 2004 ж., 26-34-бет.
-
Р.Өтеғалиева. Биологиялық белсенді қосылыстар. Биология және салауаттылық негізі №2, 2008 ж., 13-15-бет.
16
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба

шағым қалдыра аласыз