жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба
Өскемен қаласы әкімдігінің
«№ 15 орта мектебі» КММ
Ғылыми жоба
Тақырыбы: АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ
Бағыты: жаратылыстану-ғылыми;
Секциясы: Жаратылыстану ғылымдарының
болашақта дамуының мәселелері
Авторы: Қанатқызы Аянат
Жетекшісі: Кыргызова Гульназ Маутказиновна
Өскемен қаласы
2018 -2019 оқу жылы
АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы
2.2. Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.
ІІІ. Қорытынды
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Алоэ өсімдігінің емдік шипасы» деген
қағиданы ұстана отырып алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеуге
бел будым. Менің бүгінгі таңда қорғағалы тұрған тақырыбын «Алоэ
өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» бұл тақырыпты
таңдауыма жетекшім және атам ықпал етті. Өзім бала күнімнен бөлме
өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері
оқыған - түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес,
жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін
пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға
тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік
өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән
келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік
өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге
шебер қолданып келген.
Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның
түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру
түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу
жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай
аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани
бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы
өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты
өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты
пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей
ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік
өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін
алға қойған басты мақсат деп
білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде
түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру
қазіргі таңда әр адамның саналы
қорғанысында.
Зерттеудің мақсаты мен
міндеті:
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты алоэ
өсімдігінің түрлерін, олардың биологилық ерекшеліктерін
зерттеу. Тіршілік процесіндегі өсімділігін және
әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын
анықтау.Алоэның табиғатта – ауаны
тазарту, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, емдік, сәндік қасиеті
жайлы толық мағлұмат алу. Осы мақсатқа жету үшін
төмендегідей міндеттер қойылады.
- ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет
жинақтау
- алоэ
өсімдігінің биологиясын және морфологиясын
анықтау.
- алоэ
өсімдігінің өсуінің ерекшеліктерін
анықтау.
- алоэ
өсімдігінің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын
анықтау жолдары.
-алоэ өсімдігінің адам ағзасы үшін емдік қасиетін анықтап, емдік шипа ретінде қолдану.
І І.Негізгі
бөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік
өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге
шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері
ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.
Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы,
таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық
өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен
дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік
өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Жер
жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі
кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй
жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом»
дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Қай заманда болсын, адам
өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік,
шипалық жағына да көңіл бөлген.
2.1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы.
Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэ- емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тісті. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде өсіріледі. Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.
Химиялық құрамы
Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.
Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.
Алоэның қарсы көрсетілімдері
-өт жолдары аурулары
- бүйрек, бауыр аурулары
- гипертония
-гемморой
-жүктілік мерзімі
Көбеюі
Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5см-дей етіп отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге болады. Тұқымын ақпан, наурыз айларында себеді. Температурасы 250С –тан төмен болмауы тиіс.
Алоэның қолданылуы
Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.
Алое өсімдігінің пайдасы
-
Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта.
-
Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды. Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.
-
Мінеки, терезеңіздің алдындағы алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да, суаруды ұмытпаңыз.
Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы
1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.
2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.
4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.
6. Әсемдік-косметикалық маска жасау, жұмыртқаның ақ уызы мен алоэ өсімдігінің сөлін қосып маска дайындап бетке аптасына 1-2 рет қолданса, бет тазаланып, ағарады.
Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.
2.2. Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.
Күнделікті тұрмыста халық медицинасының қоспасын даярлау
Қоспа № 1
Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.
Қоспа № 2
Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ ішер алдыднда 1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.
Қоспа № 3
Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.
Қоспа № 4
Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.
Қоспа № 5
Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
Алоэ сөлінің адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі.
Тәжірибе №1
Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.
Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу
Мақсаты: Жағдайын жақсару
Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы сөлін тамызу
Қорытындысы: Жағдайы жақсы
Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады. Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады.
Тәжірибе № 2
Алоэның күйікпен жараға әсері.
Зерттеу әдісі: Жараға таңу.
Мақсаты: жара мен күйктің жазылуы
Зерттеу барысы: күйікпен жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.
Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы
Ұсынылады: Алоэ күйік пен жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызады.
Тәжірибе № 3
Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.
Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.
Мақсаты: Ауырғанды басады.
Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен шаю.
Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.
Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.
Тәжірибе № 4
Асқазан және ішек ауруларына.
Зерттеу әдісі: Күніне 1 рет ішу, таңертең аш қарынға үлкен қасықпен 1 қасық ішу.
Мақсаты: Асқазан жарасын жою.
Қорытындысы: Асқазан тесуі тоқтап, жараның аузы кішірейіп басылды.
Ұсынылады: Күнделікті қолдану
Тәжірибе № 5
Әдемілік- косметикалық маска жасау.
Зерттеу әдісі: Аптасына 2 рет қолдану
Мақсаты: Әдемілік әсемдік келбет
Қорытындысы: Бет ағарып, сұлулана түсті
Ұсынылады: Аптасына 1-2 рет қолдану.

Қорытынды
Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында бөлмеде өсетін дәрілік алоэ өсімдігімен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.
Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.
Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз группаластарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны группаластарымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ұстанымын алға қойған жас студенттердің бүгінгі таңда осындай жобалардың халыққа тигізер пайдасы ұшан теңіз. Сондықтан Қазақстанның болашағы жастардың қолында . Өзім сияқты жастарға айтарым өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеп, халық игілігіне пайдалана білсек дені сау, салауатты ұрпақтың көп болатынына кәміл сенейік. Салауатты өмір салтын ұстанатын әр бір қазақ азаматы өз денсаулығын күте білсе, еліне де, жеріне де, тигізер пайдасы өте көп болар еді..
Ұсынысым
Сол себептен өз жобамда мынадай ұсыныстар ұсынғым келеді.
1.Әрбір мектеп қабырғасында емдік қасиеттері
бар бөлме өсімдіктері көптеп
өсірілсе;
2. Тек дәрілік
өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын
дәріханалар ашылса;
3.
Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар іше
алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер
жасалса;
4.Үлкен кісілерге емдік шөптерден жасалған кеппе шөптер секілді
дәрі- дәрмектер көптеп шығарылса.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жетісу. Энциклопедия. -
Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712
бет
2. «Келешек ұрпаққа
арналған қоршаған орта», «Алматы-2004» 48-53
беттер.
3. “Қазақ Ұлттық
Энциклопедиясы”, 1 – том 63бет
4. «Табиғатты аялайық»,
«Алматы-2003» 40-41 беттер
5. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.72бет
6.
Ә. Нұрмағамбетов. 1990, 111 «Қазақстан ұлттық
энциклопедиясы» 23-бет.
7. Биология оқыту
әдістемесі. 1998 ж. 75 бет .
8. Биология. «Атамұра», 2002 ж. 78 бет .
9. Шарманов айтқан шындықтар Денсаулық журналы № 10 Алматы , 2010жыл , 23-28 беттер
9. Н.И.Логачева,
Н.Б.Шешко. Комнатное цветоводство и фитодизайн.-«Минск баспасы,
2009» 100-101беттер
10.
Интернет желісі. /Yandex.kz;
Google.kz/
11. Денсаулық журналы №8 2006 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген