Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "13 саны туралы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғылыми жоба тақырыбы
«Он үш саны туралы»
Орындаған сынып оқушысы
.................................
Мазмұны
1. |
Өзектілігі |
2 |
2. |
Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі |
|
3. |
«13» санының алдындағы қорқақтық- аурудың белгісі |
|
4. |
Әдеттің күші |
|
5. |
Күнтізбедегі 13 саны туралы 13 дерек |
|
6. |
Адамдардың сенімді болуы үшін |
|
7. |
«Он үш» клубы |
|
8. |
«13» санының қасиеттері |
|
10. |
Менің зерттеулерім Қорытынды |
|
|
Әдебиеттер |
|
Өзектілігі
Мен ырымға сенетін адамдармен жиі кездестіремін. Мысалы, қара мысық жолдың бойымен жүгіріп өтті, бос шелек ұстаған адамды жолықтыру, киімді теріс киіп алу. 13 саны жұма күніне түскен кездегі қорқыныш үрейі. Мен осындай сұрақтарға жауап беру мақсатында шағын зерттеу жұмыс жүргіздім.
Мақсаты: Адамдардың 13 санынан неліктен қорқатындығын анықтау.
Міндеттер:
-
Адамдардың басым көпшілігінің қандай саннан сақтанатынын анықтау;
-
-«13» санымен сәйкес келетін жұма күнінен неліктен қорқатынын анықтау;
-
- 13 күні орын алған апаттардың статистикалық мәліметтер;
-
- 13 саны шынында да бақытсыздыққа әкеледі ме?
Зертету объектісі: «13» саны
Сіз қандай саны жек көресіз немесе қай саннан қорқасыз? Жеті? Бес? Мүмкін бір? Мен өзімнің сыныптастарым және ата-аналар арасында ұстазымның көмегімен сауалнама жүргіздім. Нәтижелері төмендегідей:
-
-
Оқушылар
Ересектер
1 орын
2
13
2 орын
13
7
3 орын
1
9
-
«13» санын ересектер бірінші орынға, оқушылар екінші орынға қоятыны анықталды.
1. "13" санының алдындағы қорқыныш – бұл аурулықтың белгісі
Адамзаттың бойында аталмыш саннан қорқу сезімі осыдан 2 ғасыр бұрын пайда болыпты. Психолог мамандар бұл күннiң трагедиялық iстерге душар болуына қатыстылығы жоқтығын айтады. Ал социологтардың зерттеуінше Еуропадағы әрбір төртінші адам 13 санынан қорқатын көрінеді.Мен ғаламтор желісі арқылы «13» санының алдындағы қорқыныш – бұл аурудың белгісі екендігін білдім. Мұндай ауру «Трис-кай-де-ка-фо-би-я» деп аталады. Адамдардың бұл күнi бiр жоспары іске аспай қалса, оның бәрін осы саннан көреді екен.
2.
Әдеттің күші
«Компьютерлік бағдармашылар» да 13 санынан сақтанады екен. Мен информатика мұғалімінен неліктен екендігін сұрадым. Компьютерлік вирустық қауіп-қатер тұрғысынан «Қара жұма» ең қауіпті күн деп саналады дейді. Өйткені, вирустарды құрушылар бүгінгі күні түсініксіз әлсіздікке ие болды. Олар өздерінің вирустарында осы күні вирустың зиянды салдарының күнін белгіледі. Сондықтан, кейбір пайдаланушылар өздерінің компьютерлерін жұма күні, 13-ші күні енгізбеуді жөн көрді.
3. Күнтізбедегі 13 саны туралы 13 дерек
Мен 2018 жылдың күнтізбегінде
сәуір, шілде айларында ғана 13 саны жұма күніне түскендігін
байқадым. Мұсылмандар үшін жұманың маңыздылығы болмаса, санға
байланып қалған қауіп жоқ. Дегенмен өзге дін өкілдері, өзге
ұлттарда 13 саны белгілі бір мәнге ие. Жалпы жер бетіндегі
сандардың әрбірінің өзіне тән қасиеті мен ерекшелігі бар. Мәселен
қазақ халқы үшін 7 саны киелі болса, қытай халқы үшін 8 саны
қасиетті сан. Ал 13 ше?
1. Ежелгі скандинавиялық мифте үстел басында 12 құдай бас қосатын болған. Бірақ үстел басына үшінші болып белгісіз Лог есімді құдай кіріп келіп, бәрінің көзін жойған дейді.
2. 13 санының тағы бір бақытсыз сан болып саналуы өліп ағашына көтеріліп бара жатқан баспалдақ саны мен мойынға салынатын арқанның он үші өрімі болған.
3. 1307 жылы 13 қазан күні барлық тамплиер тұтқынға түскен. Олар француз рыцарлары. Бұл оқиға да жұма күні болған.
4. Аполлон-13 ракетасы есіңізде ме? Айға ұшуға бет алған «Аполлон-13» ракетасы сәтсіздікке ұшырап жерге қайта қонған. Ал бұл оқиға 13 сәуір күні сағат 13 минут, 13 секнудта орын алған.
5. Ал жұма күніне он үш саны сәйкес келсе, онда дәл осы күні Иса пайғамбарды ағашқа тартып ілген деген дерек бар. Бірақ бұл нақты емес, себебі зерттеушілер бұл оқиға жұма күні үшінші сәуір күні орын алған деп түйіндейді.
6. Он үш санын бақытсыздық әкеледі деп түсінетін халықтың көзқарасы мен мифтеріне сүйенсек, Иса пайғамбардың құпия кешінде 13 адам болған деп суреттеледі. Ал сол он үшінші адам Иса пайғамбарды сатып кеткен адам ретінде көрсетілген.
7. 13 түрлі жын атауы бар деген түсінік бар.
8. Ескі көзқарас бойынша, есімі мен тегі 13 әріптен тұратын белгісіз біреу жындарды басқарады деп келген.
9. Майя тайпасының күнтізбесі де осы санмен шектеледі. 2012 жылы олардың күнтізбесі аяқталды.
10. Сандарды зерттеушілердің айтуынша, 12 саны нағыз бақыт пен сәтті шақ. Ал оған бір артық санды қосып, мәселе тудырып жүру адамның қателігі деп түсіндіреді.
11. Ежелгі Мысырда 13 саны қасиетті боп саналған. Мына қызыққа қараңыз, бәрі бұл санды жек көреді деген түсінік жоқ екен.
12. Италия мен Қытай жерінде де 13 саны жақсы жағынан қарастырылады. 13 саны қанның саны дейді.
13. Денесіне тату
салдыратындар үшін де 13 саны бақыт әкеледі-міс.
5. Адамдардың сенімділігі үшін
Осы жұрт 13 - тен неге
шошиды? Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры
бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға,
үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде
спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан
қашқақтайды. Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл
жасқа келген
адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен
қарайды. 13 жылда мүшел жас келіп
отырады. 13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке
қарауға
12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар,
римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір
жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі
қарай қандай сан бары, оларға белгісіз
еді.
Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты.
Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жек
көрінішпен қараудың бір себебі де
осында.
Басқа елдердегі жағдай қалай? Ғаламтордан басқа елдерде де осы саннан
қорқатын көптеген дәлелдер табылды. Бірқатар елдерде осындай
адамдарды насихаттаудан аулақ болу үшін, олар 13 санынан аулақ
болуға тырысады. Мысалы, Америкада он үшінші номерлі автобус жоқ.
АҚШ-тың кинотеатрларында «13» нөмірлі орындық жоқ, 13-қабаты
жоқ қонақ үйлер мен ірі сауда орталықтарын да кезіктіруге
болады. Францияның ірі қалаларының бірінде он үшінші нөмірлі
үйлер жоқ, он үшінші тұрған үйге 12 А , 12 Б деп нөмірлейді. Ал
кейбір ұшақтардың өзінде он үшінші орындық болмайды, 12-орыннан
кейін бірден 14-орын кетеді..
Италияның опера театрларында 13-орын және 13 нөмірлі лотерея шығармайды дейді. Көптеген елдерде бұл санды кеңсе кабинеттерінен, қонақ үйдің бөлмелерінен кездестіре алмайсың.
6. «Он үш» клубы
Осы «бақытсыз» санға байланысты АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Бедстрит көшесінің 13-ші үйінде 1930 жылы не болса соған сенетіндермен күресетін клуб ашылған. Оған мүшелік жарна — 13 доллар, 13 цент болып белгіленген. Мүше болғандар 13 тамызда жыл сайын бас қосып, 337-13-00 нөмірлі телефонмен «бақытсыз» күндерді хабар беріп отырған. Клуб мүшелері кездесулер кезінде басқа да ырым –сенімдерден аластату мақсатында тұзды жерге сеуіп, айнаны сындырып – ешқандай да қорқыныштың жоқ екендігін дәлелдегісі келген. Клуб мүшелерінің ешқайсысы қауіп-қатерге душар болмаған.
7. 13 санының қасиеттері
13 санының жағымсыз қасиеттерінен басқа, жағымды жақтары да баршылық: мысалы, топтағы он үшінші адам ең күшті, қуатты адам деп саналады.
Америкада осы сан бақытты сан деп есептеледі. Американың елтаңбасын мұқият қарайтын болсаңыз: барлық элементтер он үш санынан тұрады: көкшіл бұлттағы жұлдыздардың саны – 13, елтаңбадағы қыран бір аяғына 13 жебе, басқа аяғына 13 зәйтүн бұтағын ілген. Зәйтүн бұтағы дәстүрлі 13 жапырағы мен 13 зәйтүнмен бейнеленген. Қыранның кеудесін 13 ақ, 13 қызыл жолақпен бөлінген ту жауып тұрады. Қыранның тұмсығында «E pluribus unum» жазуы бар, мен бұл жазуды ғаламтордан өзім аударып алдым «Көптің ішіндегі жалғыз» - оның мағынасы – 13 колониядан тұратын, ұранында 13 әріп бар бір халықты білдіреді. АҚШ-тың туындағы қызы және ақ жолақтардың саны он үш. Американың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон АҚШ туын көтерген кезде салтанатты 13 дүрсілден тұратын салют атқан.
Ресейдегі цирк әртістері де 13 санын бақытты сан деп санайды, себебі цирк үйі 13, ол жерге он үшінші трамвай барады, цирк аренасының диаметрі он үшке тең.
Атақты шахматшы Гарри Каспаров 13-сәуірде туып, 13-қарашада Карповты ұтып, әлем чемпионы атанды.
Сол сияқты эстрада әртісі «Алтын лира» сыйлығының иегері белгілі Лайма Вайкуле Мәскеуде дүнижүзілік әншілер конкурсында 1988 жылы ақпан айының 13-інде келгенде ұшақта оған 13-ші орын тиіп, мейрамханада 13-ші бөлмеге орналасқан. Әншілердің қай кезекпен айтуына жеребе тастағанда 13-ші кезекті алған.
Белгілі орыс жазушысы Борис Полевойдан «сіз бақытсыз 13 санға қалай қарайсыз?»-деп сұрағанда: ол: «Мен 13-ші үйде 113-ші пәтерде тұрамын, қызымның да пәтері — 113, ұлым — 13-ші қабатта тұрады. Сондықтан «13» менің саным» — депті. Осыған орай, ол Б. Полевойға: «Жоқ, 13 саны — менікі» «13»маған тән екеніне мөр басылған, қол қойылған құжаттарым дәлелдеген. Дегенмен, 13 саны қатерінен қауіптенушілерге бұл сенім ешқандай бақытсыздық әкелмейді дер едік.
Қазақ халқы үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Алайда өзге халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде он үш санын сәтсіз санға балайтында шығарды. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.
Менің зерттеулерім
Мен өзімнің ғылыми жұмысымның аясында бірқатар зерттеулер жүргіздім. Жетекшімнің көмегімен Қарағанды қаласындағы өрт сөндіру бөлімдеріне: он үші күні болған оқиғаларды білу мақсатында қоңырау шалдық. Барлығы бізге: «Статистика мәліметтеріне сүйенетін болсақ, 13 санының басқа сандардан айырмашылығы жоқ, басқа күндерде болатын оқиғалардың 13 күні де болатынын» ,- айтты. Мысалы, Қарағанды қаласындағы «№36 ЖББОМ «КММ 12 қыркүйекте 2018ж өрт болғандығын айтты.
Сонымен бірге мен мектепте жұмыс жасайтын туысқан апайымның электронды журналынын 13 күнгі бағаларды көргім келді.
Екі сынып журналында да 13.09 күні ешқандай «қанағаттанарлықсыз» баға қойылмаған. Он үші күнгі қойылған бағаның басқа күндерде қойылған бағалардан ешқандай айырмашылығы жоқ екендігін көрдім.
Қарағанды облысы бойынша ғаламтордан 13-үйде орналасқан сауда орындары, ауруханаларды, дәріханаларды, мектептерді анықтадым:
Кесте №1
Сауда орындары -1
Реті |
Атауы |
Адресі |
1. |
«Океан» сауда үйі |
Құрылысшылар даңғылы -13 |
2. |
|
|
Кесте №2
Дәрігерлік бөлімшелер:
Реті |
Атауы |
Адресі |
1. |
Х.Ж.Макажанов атындағы травматология |
С.Сейфуллин көшесі, 13 |
2. |
Наркологиялық диспансер |
Теміртау қаласы, Панфилов көшесі, 13 |
3. |
Медициналық лаборатория |
Темиртау қаласы, Блюхер көшесі, 13 |
Кесте №3
Дәріханалар
Реті |
Атауы |
Адресі |
1. |
Europharma |
Құрылысшылар даңғылы -13 |
2. |
Империя здоровья |
Н.Абдиров көшесі, 13 |
3. |
№18 аптека |
23 мөлтек аудан, 13 |
Кесте №4
Мектептер
Реті |
Атауы |
Адресі |
1. |
«№48 ЖББОМ» КММ |
Ержанова көшесі, 13 |
2. |
«№5 ЖББОМ» КММ |
Степной 1 мөлтек ауданы, 13 |
3. |
«№16 ЖББОМ» КММ |
Язева көшесі ,13А |
Мен он үшінші үйде орналасқан ғимараттарды жазған себебім, 13 санының бұл жерде ешқандай да қорқыныш тудырмайтынын айтқым келді.
Қорытынды
13-саны мұсылмандар үшін ешқандай қатері жоқ қалыпты сан. Пайғамбарымыздың туған жылының (571-жыл ) сандарын өзара қосқанда 13- саны шығады екен. Константинопольды ( қазіргі Стамбул )мұсылмандар жаулап алған 1453- жылдың да өзара сандарын қосқанда 13- саны шығады екен. Бұл санды содан христиандар жаманға жорып, бірінші соларда осындай сенім пайда болған. Ал бізге, қазақтарға орыстардан( провославные христиане) келген сенім,біз солардың боданында болдық емес пе? Өз басым, бұл санды отбасыммен жақсы көремін. Бірнеше бақытты сөттер осы 13-і күні болды.13 - ке үрке қарауға болмайды. Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Бірақ балығы адамның ниетіне байланысты! Ең бастысы Ниетің Түзу болсын!
Әдебиеттер
-
Жас математикке арналаған «Энциклопедиялық сөздік». Москва, «Педагогика», 1989
-
1300 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңізАшық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап табыс табыңыз!Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз. (kaspi Gold, Halyk bank)
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз