Материалдар / Ғылыми жоба 1 сынып

Ғылыми жоба 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға тәжірибе алмасу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2020
3008
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 ЛИЦЕЙІ»КММ



екция: Жаратылыстану

Жоба тақырыбы: Ара балының емдік қасиеті

Орындаған :Даулетов Асанали 3 «Б» сынып оқушысы

Жетекшісі:Рахимжанова Данара Мусратовна





























Өскемен 2015







Мазмұны




  1. Кіріспе........................................................................................5

  2. Негізгі бөлім ................................7

    1. Ара балының бөлінуі ................................7

    2. Табиғи балдың түрлері .................................8

    3. Балдың құрамы мен қуаты .................................8

    4. Балдың емдік қасиеті .................................9

    5. Бал арасының семьясы .................................14

    6. Араның сыртқы құрылысы ................................15

    7. бал араларды қорғау .................................17

  3. Қорытынды ................................20

Қолданылған әдебиеттер..............................................................21










ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ «ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КАММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ 3-«Б» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ Даулетов Асаналидің

«АРА БАЛЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ» АТТЫ

ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫНА ПІКІР

Тақырып ара балының адам денсаулығына пайдасы жайында. Оқушы өзі зерттеген деректер негізінде Шығыс өңірінде аралардың пайда болу тарихы, ара шаруашылығының даму кезеңдері жан-жақты қамтылып, ара балының адам ағзасына тигізетін пайдасы жайлы, ара балының құрамындағы дәрумендермен, белоктармен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттар адамға қуат беретіні жайлы толық зерттеу жүргізген. Ара балының өлкеміздің қазіргі экологиялық жағдайында ас мәзіріне күнделікті пайдаланудың тигізетін пайдасын ашып көрсетуге тырысқан. Оқушылардан сауалнама алып, балды жемейтін оқушыларды анықтады. Ауырып сабақ босатқан оқушылардың да балды ас мәзіріне пайдаланбайтыны белгілі болғанын анықтады. Айзере тақырыптың өзектілігін аша білген. Бал баланың ойлау қабілетін жақсартатынын да дәлелді түрде зерттеді. Айзере әлі де бұл тақырыпты толықтыра түседі. Балдың адам денсаулығына тағы қандай әсері барын зерттей түседі. Жалпы жоба талапқа сай орындалған.

Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі: Рахимжанова Данара Мусратовна




О. Бөкей атындағы №44 лицейінің 3"Б" сынып оқушысы

Даулетов Асаналидің "Ара балының емдік қасиеті" атты ғылыми

жобасы





АННОТАЦИЯ

"Ара балының емдік қасиеті" тақырыбы мазмұны мен мағынасы жағынан өте қызықты.



Тақырыптың мақсаты: Ара балының адам денсаулығы үшін маңызын көрсету. Осы тақырыпты ашу үшін бал арасының Шығыс өңірінде пайда болу тарихы, ара шаруашылығының даму кезеңдері жан-жақта қамтылып, балдың адам ағзасына тигізетін пайдасы жайлы, ара балының құрамындағы дарумендер, белоктар, ферменттер тағы да басқа тіршілікке қажетті заттар адамға қуат беретіні жайлы толық зерттеу жүргізу.



Зерттеу өзектілігі: Ара балының өлкеміздің қазіргі экологиялық жағдайында ас мәзіріне күнделікті пайдаланудың адам ағзасына тигізетін пайдасын көрсету.



Зерттеу кезеңдері:



  1. "Араның Алтай өңірінде пайда болуы";

  2. "Ара балының түрлері";

  3. "Балдың емдік қасиеттері";

  4. "Бал араларын қорғау".

атты тақырыптармен баяндалып, құнды деректер берілді.

Зерттеу, іздену, тәжірибе жасау арқылы бал арасының пайда болу кезеңдерін зерттеу, бал өндіретін шаруашылықтарға барып, бақылау жүргізу, тәжірибе, сауалнама арқылы балдың қаншалықты құнды екені дәлелденді.



Зерттеу жаңалығы: Ара балының адамның ойлау қабілетінің жақсаруына тигізетін пайдасы.



Жұмыстың зерттеу қорытындысы мен нәтижесі: Оқушылардан алынған сауалнама қорытындысында бал жеп жүрген балалардың тұмаумен көп ауырмайтынын, көңіл күйлерінің көтерінкі болатыны белгілі болды.

1. Кіріспе.

Биылғы жылы мектеп асханаларында оқушыларға бал беріле бастады.

Әр жолы балдың түрі әр түрлі болады. Мен ол неге олай деп таң қалдым. Содан кейін араның балын зерттеп көрейін деп ойладым. Жыл көлемінде зерттеп, ізденіп қызықты мәліметтер жинақтадым. Бір кездері біздің аймақта бал арасы мүлде жоқ болыпты, археологтар тастар суреттерден, бұрын ара болғанын білген, зерттеу барысында жабайы адамдар балды алу жолдарын білмей, мыңдаған араларды өлтіріп, балы мен балауызын пайдаланған.

Біздің Алтай өлкесіне басқа мемлекеттерден аралар әкелінген, бірақ та олар қырылып қалып отырған. Ең соңғы рет араларды Киевтен 1786 жылы әкелді; сол кезден бастап біздің ауа райға қалыптасып, ара өз тіршілігін бастады.

Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық- янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бүл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Тайқурай (кигірей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың . бактерияға қары қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқұрай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе коңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мыска бай болғандықтан, түрлі кан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай- ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Негізгі бөлім.



Біздің қоршаған табиғат небір тылсым сырларға толы. Тек сәл ғана назар тоқтатып, зер салсаңыз, солай екендігіне көзіңіз опоңай жетеді.

Мысалы, араны алайықшы. Кәдімгі жаз шықса, ызыңдап маңайымыздан шықпайтын, гүлден-гүлге қоңып, сіз бен біз үшін бал жинайтын ара. Оның өмір сүру қалыбы тылсым сырларға толы. Солардың кейбірі жайлы жеке сөз қозғап көрсек.

Ара - ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді.

Еркек араның у безі және шанышқы инесі болмайды. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай - ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады. Зерттеу барысында білдім.

Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады.

Сіз өміріңізде тым болмаса бір рет араның ұясын қолыңызға ұстап көрдіңіз бе? Көрмесеңіз солай етуге кеңес береміз. Аралар тобы бал жинау үшін әуелі ұясын сайлайды. Зер салып қарасаңыз, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екендігін көресіз.

Ара өз ұясын таза балауыздан тоқитын көрінеді. Ол үяның мығым болуын қамтамасыз етеді.



2.1 Ара балының бөлінуі.



Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал - тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай - қарақұмық балы, жөке ағашының балы деп,- неше түрлі атайды. Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

2.2 Табиғи балдың түрлері.



Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық - янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бүл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Тайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луғовой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас корыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқұрай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишиый) балы қою кызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай- ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

2.3 Балдың құрамы мен қуаты



Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысгы. Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахароза, мальтоза, т.б. бар. Және де ВЗ, В5, А,С, Н, Е, К дәрумендері, минералды

тұздар, ферменттер, сондай-ақ, химиялық элементтер (калий, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады. Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.



2.4 Балдың емдік қасиеті



Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:

  1. Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.

  2. Тері қышымасына:. ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.

  3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатьп, самасын тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.

  4. ЬІстық, суықтан тіс қақсағанда: өңделген ара ұясын, суға бықтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.

  5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.

  6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.

  7. Дизентерияға: ара ұясыы кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.

  8. Үйреншікгі іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.

  9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр. мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.

  10. Улы жәндіктер шақканда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.

  11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотырға жағады.

  12. Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.

  13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.

  14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, кұлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.

  15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатьш, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.

  16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.

  17. Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды.



шайқау да пайдалы. Сондай - ақ, шәйнекте қайнан тұрған суға бір ас қасық

бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.

    1. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым,

екі сағат бұрын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал

қанның кұрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас

қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп

адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын

азайтады.

    1. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай

қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құйып, аузын мықтап бекітіп қояды.

Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен күніне бес - алты рет ішуі керек.

    1. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып койып, үш - төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 - 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе кұм, тас жиналудан сақтайды.

Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосьш, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.



    1. Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады.

Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.

    1. Балды үккіштен өткізілген сәбізден косып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп

аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.

Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы

керек. Оны қойдың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықгпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.

    1. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.

Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.

Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.

    1. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құрамында майды ыдырататын элементтер болса,

бал жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.





2.5 Бал арасының семьясы.

Бал аралары барлық қоғамдық насекомдар сияқты үлкен қауымдастық - семья құрып тіршілік етеді. Жеке ара өздігінен тіршілік ете алмайды. Ара

ұясы - биологиялық және шаруашылық бірлік болып табылады. Онда көптеген жұмысшы аралар, аталықтыр және аналық болады. Жеке ұяшықтарда әртүрлі даму кезеңіндегі дернәсілдер болады. Ара ұясында жыл бойына әртүрлі өзгерістер де болып тұрады. Ол өзгерістер араның нәсіліне, жыл маусымына,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ