Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба 2 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Балдың пайдасы»
2 сынып оқушысы
Қадылұлы Кәғібан
Ғылыми жетекшісі: Жумабаева Забира Жумабековна
Мазмұны:
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2.1.Балдың шығу тарихы жайында.
2.2.Балдың түрлері.
2.3.Балдың құрамы.
2.4.Балдың жасалу жолдары.
2.5.Дәрігерлер кеңесі.
2.6.Балдың қолданылуы.
3. Біздің зерттеу жұмысымыз
2.4.Балдың қолданылуын зерттеу
3.5.Ауылдағы омарташымен кездесу
3.6.Сауалнама нәтижесі
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер
-
Кіріспе
Мен табиғатымнан жиі ауыратын баламын.Ауырған кезде анамның емдік шараларының бірі-балды қолданады.Анам балды сүтке қосып ішкізеді.Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Бал деп нені айтады?Оның тарихы қайдан бастау алады?Аралар оны қалай жасайды?»
Менің ойымша бал-бұл тәтті тағам деп есептеймін. Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым:
«Бал-жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықзат.»
Осы анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін мен осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндім.
Менің жобамның басты мақсаты- балдың пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынымен кеңірек танысу.
Міндеттері:
-
Балдың пайда болу тарихымен танысу;
-
Балдың жасалу технологиясымен танысу;
-
Балдың құрамын оқып-білу;
-
Балдың түрлерін анықтап білу;
-
Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу.
Зерттеу нысаны- адам
Зерттеу заты- бал
Зерттеудің өзектілігі-
біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
Зерттеудің болжамы-
егер біз бал жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.
2.Негізгі бөлім:
2.1.Балдың шығу тарихы
Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.
Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда бейнеленіп,сақталған екен.
Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.
Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.
Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.
Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.
Ресейде бал жайлы 945 жылдың Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,
қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.
2.2.Балдың түрлері
Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.
Ара балының бөлінуі
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.
Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Т үйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
2.3. Балдың құрамы
Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.
2.4.Балды жинау
Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді. Сосын адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді.
Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады.
Ара ұяшықтары
Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.
Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.
Ұ яларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқаны жан-жағынан көлегейлеп жылытады.
Жұмысшы ара небәрі 30 – 35 күн ғана өмір сүреді екен.Алайда, бал арасының еңбекқорлығы бекерден – бекер мақалға айналмаған: өйткені, бір бал арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып, бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7000 гүлге қонады екен. Оның барлық органдары гүлдеген өсімдіктерден шырын жинауға бейімделген: артқы аяқтарындағы арнайы щеткалары мен себетшелері арқылы тозаң жинайды әрі оны тасымалдайды. Ұзын тұмсығымен гүл шырынын сорады, жемсауында гүл шырыны балға айналады, тіпті тапқан шырынды өсімдіктерін біріне – бірі хабарлайтын күрделі хабарлауыш жүйесі де бар.
Жұмысшы аралардың қызметтері қатаң ажыратылған: біреулері тамақ тауып ұяға алып келеді, екіншілері оны алып балауызға құяды, үшіншілері балауызды тазартады, төртіншілері қанаттарымен ұяны желдетеді. Бесіншілері «күзетшілік» қызметін атқарып, ұяның есігін бағады және жауларын ішке кіргізбейді. Ал алтыншылары лечинкаларды тамақтандырады.
Аналық аралар ешқандай жұмыс жасамайды екен, олар тек өздерінің күтімімен ғана болады және соны басқа аралардан да талап етеді екен.
Міне, қызық! Ара бір ғана рет шағады екен. Өйткені оның құйрығындағы шаншары адамның денесінде қалып қояды да, шаншарынан айырылған ара көп кешікпей өледі екен.
2.5.Дәрігерлердің пайдалы кеңестері
Балдың пайдасы
Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.
Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.
Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.
Арамен емдеу
Араменемдеу медицина ғылымында «Апитерапия» деп аталады. Отандық дәрігер, апитерапия маманы А. Құрманбаевтың берген мәліметтеріне сүйенсек, арамен емдеуге араның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы және емдік әсері өте күшті сүт жатады. Ал ара уының құрамында адам ағзасы үшін пайдалы түрлі ферменттер мен амин қышқылдары және милитин бар. Апитерапия арқылы көптеген ауруларды, соның ішінде ревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйке аурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкі құрылыс, буын аурулары, колит, асқазан жарасы, холецистит секілді ауруларды емдеуге болады. Негізінен емге жұмысшы аралар пайдаланылады. Ара уының шипасы бүгінгі күні толық дәлелденген.
Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.
2.6.Балдың қолданылуы
Медициналық жағдайдаТағам түрлерін жасауда
Косметологиялық жағдайда
Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады.
Мысалы,кулинарияда,косметологиялық жағдайда және медицинада.
Кулинарияда қантты балмен алмастырып,түрлі тәтті тағамдар жасауда қолданылады.Түрлі бақылаулар,тәжірбиелер өткізілу барысында,балдың тағам түрінде кеңінен қолданылатыны анықталған.Ол адамның тәбетін ашады,иммунитетін жақсартады.Бал әсіресе балаларға және қарт адамдарға өте пайдалы.
Медицина саласында да балды кеңінен қолданады.Балдың ертіндісін инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде тыныс алу жолдарын емдеуде жиі қолданылады.Қазіргі таңда балдың қолданылуы ғылыми медицинада да өз жолын табуда.
Косметолиялық жағдайда да бал өз орнын тапқан.Сұлулық салондарында балдан түрлі маскалар жасалып,кейде массаж жасау кезінде де қолданылады.Құрамында балы бар сусабындар,шаш бояғыш бояулар,түрлі кремдер жақсы қолданысқа ие.
3.4.Балдың қолданылуын зерттеу
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз