жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба 3 сынып Абай Құнанбаев
В.В.Маяковский атындағы орта мектеп
Абай Құнанбаев
1845-1904
Орындаған : 3 «Ә» сынып оқушысы Малиева Залина Тахир қызы
Жетекшісі : Кенбаева Майра Ақыл қызы
Қайнар ауылы 2018-2019 оқу жылы
Мазмұны
І.Кіріспе
1.
1. Абай өміріне шолу
ІІ.
Негізгі
бөлім
2.1.
. Білім алған жері және шығармашылығы
2.2.
Шығармалары
2.3.
Абай аудармашы. Абай мен Пушкин
2.4.
Абай
музыкалық
мұрасы
2.5. Абайдың қара сөздері
2.6. Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны
ІІI.Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Осы
зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының
өмірбаяны , өлеңдері, шығармалары ,қара
сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят
мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында
қалай қалыптасқанын, оны қалай
түсінетіндіктерін, қандай жерлерде
қолдану керек екендігін табуға
байланысты.
Мақсаты:
Абай
Құнанбайұлының айтып өткен ақыл
өсиеттерін айта отырып, қазіргі өмірде
адамгершілік және ар – ұят мәселесін
іздеу.
Ұлы
ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят,
адамгершілік туралы мәселені ашып
көрсету. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа
насихаттау. Егер аға буын және отбасы
жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен
қараса, қазіргі жастардың адамгершілік
рухы жоғары болады.Абай өз заманында
жазып қалдырған баға жетпес мұрасы
бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға
ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде
сабақ болады.Менің ойымша осы таңдап
алынған тақырыбымның өзектілігі –
адамгершілік пен ар – ұят бар жерде
шындық пен әділдік болады және тәрбиесі
бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары
болады.
Қазіргі
кездегі елімізді толғандыратын
мәселелердің бірі жастарды адамгершілікке,
әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа
баулу. Сондықтан мен осы тақырыпты
таңдауға шешім қабылдадым.
Ел
жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр
тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын
меңзеп, оқу – білімге шақырған. Адамның
сол кездегі жаман қасиеттірінің бәрін
санап, атап көрсетіп, содан арылуға,
жақсылықты өн бойына жинауға, яғни
тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу
сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау -
жанжал елдің сиқын бұзөатынын, еш
мақсатсыз бос жүрген халықты көріп,
қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын,
өтірікпен мал жиып, байыған би –
болыстарды өлеңмен шенеген.
Қазақ
даласында қазіргі психология ғылымы
тұрғысынан, бірінші болып Абай «адам»
деген ұғымға анықтама берген. Адам –
ұғымы – педагогика мен психология
ғылымында негізгі пәндік ұғым. Абай
түсінігіндегі «адам – ақылдылық пен
еңбек сүйіспеншіліктің әділдік пен
білімділіктің, махаббат пен адалдықтың,
адамгершіліктің жиынтығы».
Тек
осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі
ғана – нағыз Адам деп ойлаймын. Орыстың
ұлы педагог ғалымы К. Д. Ушинский де
өзінің басты еңбегін адамға арнаған.
«Адам тәрбие пәні қақында» осы тұрғыдан
Абайадың ойлары, пікірлері орыс
ғалымдарымен үндес келеді.
Абайдың
адамгершілік идеалы, мұраты, принципі
– қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула,
тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі,
шын мәнінде азамат болу, қара бастың
қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын
ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып»,
«надандарды менсінбейтін», дүниеге
әлем тұрғысынан қарайтын
азамат
адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе,
әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді
үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми
көзқарасқа негізделген тиянақты білім
алуға үндеді.
Жастардың
мінез – құлық, адамгершілік тәрбиесіне
ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп,
тез жайма,
Жас
уақытта көңіл – гүл» деп жазған.
Зерттеу
мақсатым Абай Құнанбайұлының айтып
өткен ақыл өсиеттерін айта отырып,
қазіргі жастардан адамгершілік және
ар – ұят мәселесін іздеу.
Оны
жүзеге асыру үшін алдыма мынадай
міндеттер қойдым: Зерттеу тақырыбына
байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып,
талдап, саралау. Ұлы ойшылдың қара
сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы
мәселені ашып көрсету. Ойшылдың ойын
жас ұрпаққа насихаттау.
ойымша,
таңдаған
тақырыбым қазіргі күн талабына сай,
себебі ар – ұят, адамгершілік бар жерде
әділдік, бейбітшілік, шыншылдық, ең
басты тәрбие орнайды. Абай қара сөздерін
оқып, зерттей келе, ар – ұят, адамгершілік,
тәрбие барлық жерде керек екеніне көзім
жетті.
Ар
– ұят пен адамгершілік қай жерде, қандай
жағдайда адамның бойында болу керектігін
анықтау мақсатында әр түрлі зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, көптеген кітаптарды
оқып, сараладым. Осылай зерттей келе
Абайдың отыз алтыншы қара сөзін зерделей
келе, ар – ұят, адамгершілік мәселесіне
көп көңіл бөлдім.
1.
1. Абай өміріне шолу
Абай
(Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы
Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген.
1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс
болған. Бейіті Жидебайда. Ол – ұлы ақын,
философ, ағартушы, композитор. Ақынның
арғы бабасы – Олжай батыр. Олжайдан
Айдос, Айдостан Ырғызбай, Ырғызбайдан
Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі
Зереден Құнанбай дүниеге келеді.
Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан Абай дүниеге
келеді. Абайдың үш әйелі болған. Бәйбішесі
Ділдәдән – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбәдән,
Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі
Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл,
Кенже, барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген.
Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі
Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
Туған кездегі есімі: |
Ибраһим Құнанбайұлы |
Қызметі: |
ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер |
Туған күні: |
|
Туған жері: |
|
Ұлты: |
|
Қайтыс болған күні: |
|
Қайтыс болған жері: |
Семей облысы |
Әкесі: |
|
Анасы: |
|
Жұбайы: |
Ділдə |
Балалары: |
Ділдəдан: Ақылбай,
Хакімбай, Əбдірахман, Мағауия, Күлбадан,
Райхан |
Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.
Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.
Әкесі –Құнанбай
Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1802 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.
Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.
Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.
Әжесі Зере
Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді
Абай
қоғам өміріне, ел басқару ісіне
араласты.Абай кез келген істің мәнін
бейбіт түрде шешті
2.1.
Білім алған жері және шығармашылығы
Абай
Ескітам қонысында әкесі ашқан медреседе,
оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан
дәріс алған.
Әкесі Абайды он жасқа толған соң,
Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.
Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш жылында
Абай осы қаладағы «Приходская
школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай
орысша оқиды.
Осы жылдары шығыс классиктері Низами,
Сағди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса,
екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен,
И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын
оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен
Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып,
түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер
жүргізді Есейген шағында солардың
ішіндегі өзіне әсері болған кесек
туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай
өлең жазуды он жасында бастаған («Кім
екен деп келіп ем түйе қуған...») «Сап,
сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға»,
«Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері
1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық
қуатын танытқан үлкен шығармасы –
«Қансонарда» 1882ж. жазылған.
Абайдың
көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу
тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін,
икемді, поэзиядағы қалыптасқан дайын
үлгілерді қайталамайды.
Шығармалары Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан
Абайдың шығармалары Ғылым таппай мақтанба. Интернатта оқып жүр. Пайда ойлама ар ойла. Қыс. Күз Жазғытұры. Жаз.
Желсіз түнде жарық ай
Өлең сөздің сарасы сөз патшасы.т.б
Абай аудармашы
Абай Құнабаев Н. Долгополов досымен бірге.
Абай орыс әдебиетімен Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған
А.
С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтың шығармаларын
шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін
жаңа ой орамымен байытты.
1885
жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы
Қарамола деген жерде Семей облысының
генерал – губернаторы Цеклинскидің
басқаруымен Семей облысына қарайтын 5
уездің 100 - ден астам би - болыстары бас
қосқан төтенше
съезі
өткізілді. Осы съезде төбе би болып
сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін
қылмысты істерге қарсы заң ережесін»
әзірлеу тапсырылады. Абай бастаған
комиссия барлығы 93 баптан тұратын
ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті.
Абай
музыка саласында да мол мұра қалдырып,
қазақтың музыка өнерін дамытты. Қазіргі
уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы
нотаға түсірілген. Абай әндерінің бір
саласы тек өз шығармасы ғана тән өлең
өлшемдеріне сай, соңы ырғақпен өріс
табады
Абай және Пушкин
Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударған олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак
Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгердердің маржан мұраларынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар болған.Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”.
Қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағыданалық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абайдың
қара сөздері
Абайдың
философиялық, көркемдік, әлеуметтік
гуманистік және дінге көзқарастары
терең білінген еңбегі – қара
сөздері.
Абайдың
қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі
көркемдік қуатын, философиядағы даналық
дүниетанымын даралап көрсететін
классикалық стильде жазылған прозалық
шығармасы. Абайдың толық жинағында 1890
жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір
алуан шығармалары бар. Жалпы саны қырық
бес бөлек шығарма.
Қара
сөзде айтылған ой
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:
«... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,» деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
«Адам
болам десеңіз...
Бес
нәрседен қашық бол...,
Бес
нәрсеге асық бол,»
деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл
шығармаларындағы негізгі бір тұтас
тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше,
ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей
өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті
пікір Абайдың "Он
тоғызыншы сөзінде" де
қайталанады. Абайдың дүние
танымы бойынша сананың, ақылдың пайда
болуы күнделікті өмір тәжірибесінің
нәтижесінен ғана туындайтын табиғи
құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он
тоғызыншы сөзінде":
«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,» деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны
Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.
Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды.
Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.
Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған.
Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты
Абай Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының редакциясымен басылып шықты.
Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
Абай шығармалары
әлемнің көптеген тілдеріне аударылған,
оның ақындық талантына шет елдердің
ақындары мен жазушылары, әдебиет
сыншылары кеңінен үн қатты. Оның
шығармашылығы туралы мақалалар, «Қара
сөздеріне» арналған зерттеулер Корея
мен Қытайдан, Үндістан мен Ираннан,
Еуропа елдері мен АҚШ-қа дейінгі әлемнің
көптеген мемлекеттерінде жарияланды.
Бұл мақалалар мен зерттеулерде ұлы ақын
шығармашылығының Батыс пен Шығыс
елдерінде қабылдануы кеңінен
қарастырылып, оның әлем әдебиетіндегі
рөлі ашып
көрсетілген.
Бүгінгі
күні Абай мұрасы әлем мәдениеті
қазынасының ажырамас бір бөлігіне
айналды, ал оның есімі қазіргі
заманның ұлы ақындарының қатарында
тұр.
Абай мұрасы – түркі мәдениетінің бір бөлігі. Өзбек ғалымы Абдулла Рустамов Абайды «адам жанының емшісі» деп атаған болатын. Ол пайымдағандай, Абай шығармалары ғасырлар сүзбесінен өткеннен кейін де өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ. «Өлең жолдарынан көптеген сұрақтарға жауаптар табуға болады, жаралы жүректі емдеуге болады, жаңа арманға беріліп, қиял жетегінде кетуге болады, жай ғана – оның тақуа сөздерінен жаңылып қалуға болады. Ақын өлеңдері – бұл жаралы жүректер қуанышы, бұл әлсіздер үшін күш, бұл түңілгендер үшін тірек пен қолдау». А.Рустамов Абай поэзиясын «өз бастауын биік те қуатты таудан алатын» ұлы сарқырамамен салыстырады, ал «адамдардың көңіл күйі үшін оның өлең жолдары өмірді жасартатын сиқырлы сусын ретінде қызмет етеді».
Қорытындылау
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан пікірімен аяқтағым келеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Абай педагогикасы «Келешек - 2030» Көкшетау, 2003
2. Абай қара сөздері «Көшпенділер» баспасы Алматы, 2007
3. Қазақ әдебиет экциклопедиялық анықтамалық «Аруна» баспасы Алматы, 2007
4. «Шапағат нұр» журналы 2006
5. Хадистер жинағы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген