15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ғылыми жоба 4 сынып
Жоспары:
1.Кіріспе
Дәрілік өсімдіктердің маңызы
ІІ.Зерттеу бөлімі
2.1. Қызыл мия-дәрілік маңызы зор шипалы өсімдік, қызыл мия өсімдігіне жалпы сипаттама, құрамы
2.2. Қызыл мияның халықтық медицинада қолданылатын емдік тәсілдер
2.3. Қызыл мия өсімдігін қорғау
ІІІ.Қорытынды
Дәрілік өсімдіктердің түрлерін көбейтіп, қорғау
Аңдатпа
4 «Ә» сынып оқушысы Әбілхайыр Ақмаралдың «Қызыл мия – дәрілік өсімдік» тақырыбындағы жұмысында оқушының ізденісі және ықыласпен орындалғаны көрініп тұр.
Маханбетованың еңбектеріне сүйене отырып қызыл мия тамырын қайнатып, емдік дәрі жасауға болатынын өзінше зерттеп, талдаған.
Қызыл мияның денсаулыққа пайдасы мол өнім екендігін ашып көрсете білген.
Аннотация
Ученица 4 «Ә» класса Әбілхайыр Ақмарал усердно работала, исследуя свою научную работу «Корень Солодки МИЯ - полезное растение».
Опираясь на труды Маханбетовой, ученица изучила пути приобретения масла из Корень Мия. Также показала пользуКорень мия организм человека.
The abstract
In the work « Sweet mia root» pupil from 4 rd «Ә» worked very hard Аbilhair Akmaral. At the work by Makhambetova student Learned about sweet mia root and she called know how to take the oil from it student could show the uses for heart of the sweet mia root in this scientific work.
Кіріспе
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты. Сан ғасырлар бойы қазақ халқы сол өзі аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Табиғат алуан түрлі өсімдікке бай. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес, себебі бүкіл тіршілікке қажетті органикалық заттар өсімдіктен түзіледі. Өсімдік-өмір өзегі деп бекер айтпаған.
«Денсаулық –зор байлық» демекші, денсаулықты сақтаудың басы емдік дәрі-дәрмекті пайдалану. Ал дәрі дәрмектер дәрілік шөптерден жасалады.
Ертеде өмір сүрген Әбу Насыр Әл-Фараби , Әбу Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани орта ғасырда өмір сүрген т.б да шығыс ғалымдарның қазақ медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік шөптерді танып, пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Бұған қоса қазақтың халық медицинасының дәрілік өсімдіктер жөнінде ұғым көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғолия, Тибет сияқты халықтардың медицинасындағы деректкрмен байытылып, одан әрі дамыды. Жер жүзіндегі дәрілердің 50% өсімдіктерден дайындалады. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктер түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Соның ішіндегі 20-дан астам түрі өзіміздің тұрған өлкеміз Кеңдала ауылында өседі. Мысалы: көкемарал, адыраспан, ермен, итошаған, шәйшөп, алтынтамыр, өгейшөп, қалайқай, бақ-бақ т.б дәрілік өсімдіктердің құрамында алколойдтар, гликозиттер, эфир майы, түрі дәрумендер болады.
Дәрілік өсімдіктердің құрамы:
Алколоидтар - арабша «алкам» сілті деген сөз. Сілтілік қасиеті бар азотты күрделі органикалық зат, әсіресе орталық жүйке жүйелеріне әсер етеді.
Витаминдер -латынша «вит» тіршілік «амин» азоты қосылыс немесе ақуыз деген сөз.
Гликозиттер – құрамында глюкоза бар күрделі зат.
Илік заттар- тері илеуге пайдаланатын химиялық зат.
Каротин немесе Н провитамині сары-қызыл бояу зат.
Ибн Сина былай деп жазды: «Дәрігерде үш қару бар. Олар: жылы сөз, өсімдік және пышақ». Бұл қағида осы күнге дейін қолданылып келеді.
Қытай дәрігері Шин-Жон: «Сенің дененің құрамы өсімдік шырынында» -деп өте орынды айтқан. Сонымен бірге «әр аурудың өз шөбі бар»-дейді.Көптеген дәрі-дәрмектердің де дәрілік өсімдіктерден жасалатыны сондықтан. Ал дәрілік өсімдіктер көптеген аурулардың дертіне дауа, жанына шипа болары сөзсіз.
ІІ Негізгі бөлімі
2.1 Қызыл мия-дәрілік маңызы зор шипалы өсімдік
А\Қызыл мия өсімдігіне жалпы сипаттама
Халық медицинасында пайдаланылып жүрген өлкемізде өсетін өсімдіктердің бірі- Қызыл мия. Қызыл мия-Мия (Glycyrrhіza, Солодка, Лакричник) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.
Таралу аймақтары:Жабайы түрлері Францияда, Италияда, Оңтүстік Шығыс Еуропада (Украина мен Молдавияда), Солтүстік Африкада (негізінен Ливияда), Батыс және Орталық Азияда өседі. Қазақстан территориясында далалы және шөлейтті аймақтарда,Жайық, Іле өзендерінің аңғары, Оңтүстік Қазақстан облысының далалы аймақтарында көп кездеседі. Республикамыздағы ең ірі өзендерінің бойындағы Орал, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл мияның қоры зерттелген. Жалпы, бұл өсімдік қоңыржай климатты аймақтардың барлығында кездеседі деуге болады.Жазық және шөлейтті аймақтардың өзен аңғарларында,теңіз жағасындағы құмды тастақ жерлерде,шалғындар мен бұталы аймақтарда,жол жағасы мен арықтардың,каналдардың жағасынан көптеп кездестіруге болады. Құмды,тұзды топырақта жақсы өседі,сондай ақ қара топырақта және батпақты жерлерде де жақсы өседі.
Жинау және өңдеу әдістері: әдетте күз айларында жемісі піскен кезде жинап алып кептіреді. Емдік мақсатта тамырын көбірек пайдаланады. Гүлінен де дәрі жасауға болады.
Химиялық құрамы: Глицирризин қышқылының калий кальций тұздары болып табылатын глицирризин глюкозиды,глицириззин қышқылы глицирризин қышқылы (тритерпенді сапонин),флаваноидтар(27түрлі),ликвиритин,ликвиритозид, ликурозид,глицирет қышқылы,диоксистигмастерин,бетаситостерин, цирризин,аспарагин, сары пигмент,эфир майы, стероид, камедь,қарамай.
Ғылыми топтастырылуы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Бұршақ тұқымдасы
Тегі: Мия (Glycyrrhіza)
Түрі: Қызыл мия
Екі-есімді атауы
Glycyrrhіza glabra
Өсімдік аты |
Биіктігі |
Тіршілік формасы |
Өсетін орны |
Пайдаланатын бөлігі |
Жинау мерзімі |
Қандай ауруға ем |
Мөл шері |
Қызыл мия |
3 м |
Көп жылдық шөптесін |
Жазықта Шөлейтте Далалы шалғында Қоңыржай климатта |
Тамыры Жемісі Гүлі |
Қыркүйек қазан |
Асқазан, өт Жолдары, жөтел
|
5-10г Жемісі Тамыры 15-30г
|
Зерттелуі: Орал Қызыл мия өсімдігінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері.Саурамбаев Батырғали Рүстембекұлы Хабаршы. ҚазмемҚызПИ 2010.Қызыл мияны жан-жақты зерттеу жұмыстарын И.А. Муравьев,К.К. Закиров,В.И. Литвиненко сияқты ғалымдар жүргізді. 1964 жылы Бүкілодақтық Дәрілік Өсімдіктер институтында (ВИЛР) зерттеулер барысында Қызыл мияның кортизонның әсеріне ұқсайтын қабынуға қарсы қасиеті бар екендігі дәлелденді. Мәскеу мемлекеттік тағам өндірісі институтында қызымияның ұсақталған тамырының және Қызыл мия экстрактысының нан,ұн, кондитер өнімдерінде(бисквитті жартылай фабрикаттар,крекер,халва) қолдану мүмкіндігі зерттелді. Бұл зерттеулер Қызыл мия тамырының ұнтағы мен экстрактісін ұнға қосқанда ұнның клейковина нәруызының сапасы арта түсетінін көрсетті.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында голландиялық дәрігер Ф.Э. Риверс асқазан жарасымен ауыратын науқастарының ауруынан тез арада айығып жатқандарын байқайды.Бұл құбылысты әрі қарай зерттеу барысында ол жергілікті фармацевттің науқастарға 40% Қызыл мия тамырының ұнтағы қосылған қоспаны бергенін біледі. Осыдан соң Риверс асқазан жарасына шалдыққан науқастарына Қызыл мия тамырының ұнтағын тағайындап, нәтижесін күтеді. Қызыл мия тамыры асқазан жарасын емдеуге көмектескенімен, ағзадағы натрийдің шамадан тыс жиналуын туғызады, сол себепті науқастардың қан қысымы көтеріліп,жүрек демікпесіне шалдықтырады. Риверс бұл жағымсыз әсерлерді Қызыл мияның мөлшерін азайта отырып жояды. Осындай бірқатар зерттеулердің нәтижесінде Риверс Қызыл мияның кортизон гормонына ұқсас қасиеттері бар екендігін және сондықтан да асқазан жарасын емдеуге көмектесетінін дәлелдеп шықты.
The New England Journal of Medicine журналының 1951 жылы 29 наурызда жарық көрген санында Қызыл мияның емдік қасиетінің тек қана асқазан жарасын емдеумен шектелмейтіні жайлы ғылыми мақала жарық көрді. Мақаланың аты: "Қызыл мия экстрактісін Аддисон ауруын емдеуде қолдану"("Extract of Licorice for the Treatment of Addison's Disease"). Аддисон ауруы дегеніміз бүйрекүсті бездерінің қызметінің нашарлауы,оған себепші фактор ретінде бүйрекүсті безінің туберкулезін айтуға болады.
Осыдан жүздеген жылдар бұрын грек ғалымы Теофраст мияны балмен араластырып түрлі жараларды емдеуге қолданғаны жайлы дереккөздер бар. Уильям A. Р. Томсон(Dr. Wm. A. R. Thomson) сияқты ғалымдар мияның кортизондық әсері туралы таластар басылғаннан кейін ғалымдар Қызыл мияның псориаз сияқты тері ауруларын емдеуде әсерінің жоғары екендігіне көз жеткізеді дейді.
Шөл және тәбетті басатын қасиетімен қатар Қызыл мия темекі мен акогольде деген құмарлықты да басады. Көптеген дәрігерлер мұны баяғыда білген. Бір дәрігер наубайхананың бірнеше жұмыскерін емдеген. Олар темекіні тастай алмағандықтан дәрігер оларға Қызыл мияның тамырын шайнауға кеңес береді. Наубайхана қожайыны оларға жұмыс орнында темекі шегуге тыйым салады, сондықтан олар жұмыс кезінде темекіні тартқызбайтын әдіс ретінде мияның тамырын пайдаланады. Нәтижесінде жұмыскерлердің барлығы темекіден бас тартып, жаман әдеттерінен мүлде арылады.
Қызыл мия өсімдігінде 27 флавоноид ,аскорбин қышқылы, стероидтар, эстриол, камедь, қарамай, эфир майлары мен аспарагиннің бар екені анықталған. Флаваноидтар адам ағзасына түрліше әсер етеді. Бырыстырғыш, жараны жазатын,қабынуға қарсы қасиеттерін халық емшілері көп ғасырдан бері қолданылып келеді.Тамырындағы глицирризин жоғарғы тыныс жолдарының секреторлық қызметін арттырып,трахея мен бронхылардағы кірпікшелі эпителийдің белсенділігін арттырады,сол себепті Қызыл мия тұнбасын қақырық түсіретін дәрі ретінде де қолданады. Өсімдік құрамындағы сапониндер тек қана тыныс жолдары ғана емес,басқа мүшелердің де сілемейлі эпителийін тітіркендіріп, сөл бөліну қызметін жақсартады,сондықтан мияны қақырық түсіретін,зәр айдайтын, іш жүргізетін дәрілердің құрамына қосады. Флавоноидты қосылыстардың арқасында Қызыл мия бронхылардың бірыңғай салалы бұлшықеттерінің жиырылуына әсер етеді. Қызыл мияда сондай ақ құрамы жағынан да,қасиеттері жағынан да бүйрекүсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін стероидты гормондарға ұқсас заттар бар. Бұл заттар қабынуға қарсы өте күшті емдік қасиеттерге ие.Қызыл миядан қандағы холестериннің деңгейін азайтып,қантамырлардың қабырғаларына жиналып қалған холестериннің қалдықтарын ерітетін биологиялық белсенді заттар бөлініп алынды.
Орта ғасырларда өмір сүрген энциклопедист дәрігер Амирдовлаи Амасиаци мияның шырыны « ащы дәрілердің ащылығын азайтып, олардың жағымсыз әсерін жояды» деп жазған. Ол Қызыл мияны бал тәрізді әмбебап у қайтарғыш дәрілердің қатарына қосқан. Безгек ауруы кезіндегі қалтырап дірілдеу кезінде,дәрілер қабылдаған кезде және қояншық ауруы кезінде ол келесідей ем түрін ұсынады:
-Қызыл мия тамыры
-шегіргүл гүлдері
-кепкен жүзім жемістері
(құрамындағы барлық заттар теңдей мөлшерде болуы қажет. Бұл жинақтағы шөптердің барлығы қабынуға қарсы және қақырық түсіретін құралдар болып табылады.
Тыныс жолдарының қабынуы
Г\Емдеу тәсілдері
Қандай ауруларға ем Жөтел аурулары |
Асқазан жарасы |
Зәршығару Жүйесінің аурулары |
Гипертония |
Іш жүргізу |
Бауыр ауруларын емдеуге |
Қызыл мияны дәстүрлі медицина да мойындаған,соның нәтижесінде Қызыл мияның негізінде көптеген дәрі дәрмектер жасалып шығарылды. Қызыл мия тамырын қан қысымы жоғары адамдарға және жүректің ишемиялық ауруымен ауыраты науқастарға қосымша ем ретінде ұсынады.
Сондай ақ лейкемия,агранулоцитоз,тромбоцитопения,лимфогранулематоз,
Сәулелік ауру кезінде,рентген және химиотерапия кезінде емдік мақсаттарға қолданады. Химио және рентгенотерапияны көтере алмайтын науқастардың ағзасының қорғаныстық қызметінің арта түскені және зиянды сәулелердің әсеріне қарсылық көрсету қабілеті артқандығы байқалған.
Тромбоцитопенияға шалдыққан науқас балалардың тромбоциттерінің көрсеткіші 20 дан 200 000 ға дейін көтерілген.
Қызыл мия ішкі секреция бездерінің қызметін жақсарта түседі, адам
Ағзасының биохимиялық гомеостазын реттейді. Атеросклероз және қан қысымының жоғарылауы кезінде Қызыл мия тамырын бір ай бойы қолдану атерогендің липопротеидтердің деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Бірақ,Қызыл мия тамырын қабылдауды тоқтатқаннан кейін липопротеидтердің деңгейінің бір аптадан кейін қайтадан артқандығы байқалады.Қытай медицинасында Қызыл мияны бауыр циррозы кезінде,жедел және созылмалы гепатитттерді емдеуге қолданады.
2.2. Қызыл мияның халықтық медицинада қолданылатын емдік тәсілдер
Лимфаны тазалау үшін: Қызыл мия тамырының шәрбатынан 1 ас қасықтай мөлшерін ыстық сумен араластырып,аш қарынға ішеді.Бұл тәсілді лимфотоксикоз кезінде қолданады.Лимфотоксикоз адам ағзасындағы аса маңызды мүшелер бүйрек,бауыр,ішектері зақымдайды.Нәтижесінде метабалиттік өнімдердің ағзадан шығарылуы тежеліп,өт жиналады,іш қатуы мен қуықтың қабынуы байқалады.Теріде әртүрлі бөрткендер пайда болып,нейродермиттер,псориаз дамиды.
Гастрит және асқазан жарасы кезінде:Қызыл мия шырынынң 1грамын жарты стақан қайнаған сумен араластырып,жылы күйінде күніне 2-3рет қабылдау қажет.
3.Артрит және бүйрекүсті безінің ауруларында: 2ас қасық Қызыл мия Тамырын екі стақан қайнаған су құйып 6–8 сағат тұндырады.Күні 40 тамшыдан қабылдайды.
4.Суық тигенде және жөтелгенде:10грамм өсімдік тамырына 200мл Қайнаған су құйып бу моншасында 20 мин қыздырады.Дайын болған тұнбаны сүзіп алып,қайнаған сумен 200мл ге жеткізеді. Бір ас қасық күніне үш рет қабылдайды.
5.көкжөтелді емдеу үшін: 10грамм –өсімдік тамырын сүтке қайнату қажет
6. Ларингит,фарингит ауруларын емдеу үшін Қызыл мия тамырын шикідей шайнау қажет.
Ғалымдар Қызыл мия тамырының трансминаза ферментінің қандағы
Концентрациясын төмендететінін анықтады. Бұл ферменттердің қанда көп мөлшерде болуы бауырдың зақымданғанын білдіреді.Яғни Қызыл мия тамыры цирроз,бауырдың қатерлі ісігі сияқты аурулардың
пайда болу қаупін төмендетеді деп айтуға болады.
Қызыл мия тамыры өте ертеден белгілі дәрілік өсімдік. Бұл өсімдік ертедегі шумерлерге,үндістерге,қытай және тибет емшілеріне белгілі болған. Ол туралы Гиппократ,Феофраст сияқты ғалымдар « Скифтік тамыр» деп жазған.Қызыл мияның тәтті тамырын кәмпиттің орнына Америкаға қоныс аударған еуропалықтар шайнаған. Қызыл мия тамыры оларға жаңа құрлыққа бейімделіп ,көптеген аураларға қарсы тұруға көмектесті.
Олар Қызыл мия тамырының аллергияға қарсы күресіп, тіпті ЖИТС жұқтырған науқастардың да ауруларғаиқарсы тұру қабілетін арттыратынын және өкпенің қабынуын емдейтінін анықтады.
Аюрведа ілімі бойынша Қызыл мия алдыңғы қатарда тұратын өсімдіктердің бірі, себебі ол ағзаның барлық жүйелеріне әсер етеді. Эстрогендік құрамы жараларға қарсы әсер етеді,сапониндер қақырық түсіруге көмектеседі.Құрамында ликвиритин гликозидінің болуына байланысты іш айдайтын, өт айдайтын, бырыстырғыш әсерге ие.Бета-cитостеарин простата безінің аденомасының алдын алып,зәр бөлінуін реттейді. Глицириизин мен глициризин қышқылының әсерінен иммуномодуляциялық және қабынуға қарсы,ағзаның қарсы тұру қабілетін арттырады. Аюрведа Қызыл мияны «кілт өсімдік» ретінде көптеген фиторецепттерінде пайдаланады. Дегенмен де Қызыл мияны барлық жағдайда қолдана беруге болмайды,өйткені адам ағзасының жекелей қасиеттеріне байланысты кейбір дәрілердің жаға бермейтінін білеміз. Қызыл мияның келесідей қарсы көрсетілімдері бар. ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
Созылмалы гепатиттер,бауыр холестазы,бауыр циррозы, бүйректің жетіспеушілігі, қант диабеті,жүрек соғысының бұзылуы,артериялық гипертензия,гипокалиемия,жүктілік, Қызыл мияға аллергиялық реакциялар.
Қызыл мия өсімдігің негізінде жасалған дәрілік препараттар
Қызыл мия фармацияда,косметологияда кеңінен қолданылатын өсімдік. Ол көптеген дәрілік препараттардың, косметикалық құралдардың құрамына кіреді.Мысалы,Қызыл мияның негізінде герпесті емдейтін көптеген препараттар жасалған, атап айтсақ,Эпигенинтим,Герпигенин кремдері герпеске,папилломавирустық инфекцияға, несеп жолдарының инфекцияларына, және кольпит пен вагинозы емдеуге қолданылады.Вирусид герпес пен цитомегаловирустық инфекцияны,созылмалы шаршаңқылықты, папилломавирустық инфекцияны емдеуге қолданылады.Ресейде осы дәрілік препараттардың баламасы ретінде Лакринат дәрісі шығарылады.
Халықаралық атауы: Қызыл мия тамыры (Glycyrrhizae radiсes)
Дәрілік түрі: шәрбат, ұнтақталған өсімдік шикізаты, сырье брикеттер,ұнтақ.
Фармакологиялық әсері: бырыстырғыш,қабынуға қарсы
Көрсетілім: Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары,созылмалы бронхит, трахеит,гиперацидті гастрит,асқазан және онекі елі ішек жарасы.
Қызыл мия тамыры ұнтағы қоспа
Халықаралық атауы: Сенна жапырағы+Күкірт+Қызыл мия тамыры+Фенхель жемістері экстракт (Sennae folia+Sulfur+Glycyrrhizae radiсes+Foeniculi fructuum extract)
Дәрілік түрі: ерітінді даярлауға арналған суспензия
Фармакологиялық әсері: - Өсімдіктекті көпқұрамды препарат, іш жүргізуге пайдаланады.
Көрсетілім: Іш қату, геморрой.
Жөтелге арналған таблеткалар
Халықаралық атауы: Кодеин+Натрий гидрокарбонат+Қызыл мия тамыры+Термопсис шөбі (Codeine+Sodium hydrocarbonate+Glycyrrhizae radiсes+Thermopsidis herba)
Дәрілік түрі: таблеткалар
Фармакологиялық әсері: Жөтелге арналған таблеткалар – қақырық түсіретін, жөтелді басатын дәрі
Көрсетілім: 2 жастан асқан балалар мен ересектердің жөтел аурулары
Тыныштандыратын жинақ N2
Халықаралық атауы: Валериана тамырсабақтары+Бұрыш жалбыз жапырағы +Сасықшөп шөбі+Қызыл мия тамыры+Құлмақ бүрі (Valerianae rhizomata+Meliloti herba+Leonuri herba+Glycyrrhizae radiсes+Humuli lupuli cones)
Дәрілік формасы: ұнтақталған өсімдік шикізаты,
Фармакологиялық әсері: Өсімдіктекті тыныштандыратын құрал. Әлсіз бырыстырғыш және тыныштандыратын әсері бар.
Көрсетілім: Комплексті ем шарада – жүйке жүйесінің қозғыштығы, Ұйқының бұзылуы, артериалық гипертензия .
Элекасол
Халықаралық атауы Қырмызыгүл гүлдері+Түймедақ+Қызыл мия тамыры корни+Алатікен +Шалфей жапырағы+Эвкалипта жапырағы(Calendulae flores+Chamomillae flores+Glycyrrhizae radiсes+Bidentis herba+Salviae folia+Eucalypti viminalis folia)
Дәрілік формасы : Ішуге арналған брикеттер, сбор ұнтақталған өсімдік шикізаты
Фармакологиялық әсері: Элекасол –өсімдіктекті көпқұрамды препарат, микробқа және қабынуға қарсы әсері бар. Стафилококктарды, ішек таяқшасын, протейді жоюға қабілетті.
Көрсетілім: Жоғары тыныс жолдарының инфекциялық және қабыну аурулары.(созылмалы тонзиллит,жедел тонзиллит жедел ларингофарингит,жедел және созылмалы фарингит, ...
Қақырық түсіретін жинақ
Халықаралық атауы: Аюқұлақ+Қырмызыгүл гүлдері+Өгейшөп жапырақтары листья+Бұрышжалбыз жапырағы+Жолжелкен жапырағы+Түймедақ гүлдері+Қызыл мия тамыры(Ledi palustris cormus+Inulae rhizomata+Calendulae flores+Farfarae folia+Menthae piperitae folia+Plantaginis folia+Chamomillae flores+Glycyrrhizae radi)
Дәрілік формасы: ұнтақталған өсімдік шикізаты немесе ішуге арналған брикеттер
Фармакологиялық әсері: Жөтелге қарсы, бронхолитикалық және қабынуға қарсы; ішектің бірыңғай салалы бұлшықетін бырыстырғыш.іш жүргізетін, тыныштандыратын қасиеті бар
Көрсетілім: Бронгхоспазм,жөтел, жоғары тыныс жолдарының қабынуы(бронхит, трахеит, трахеобронхит, пневмония).
Простанорм
Халықаралық атауы: Шайшөп шөбі+Канадалық золотарник шөбі+Қызыл мия тамыры+Алқызыл эхинацея (Hyperici herba+Solidaginis canadensis herba+Glycyrrhizae radiсes+Echinaceae purpurea rhisomata)
Дәрілік формасы: ішуге арналған үлбірлі қаптамалары бар дәрілік препараттар
Фармакологиялық әсері: көпқұрамды жинақ, қабынуға қарсы, диуретикалық әсері бар.
Көрсетілім: Созылмалы простатит, простата безінің гиперплазиясы.
Геморройға қарсы жинақ
Халықаралық атауы: Кориандр жемістері++Сенна жапырағы+Қызыл мия тамыры+Мыңжапырақ шөбі (Coriandri fructus+Frangulae cortex+Sennae folia+Glycyrrhizae radiсes+Millefolii herba)
Дәрілік түрі: өсімдік ұнтағы жинақ,
Фармакологиялық әсері, гемостатикалық, бырыстырғыш,босаңсысатын,іш жүргізетін,қабынуға қарсы препарат
Показания: Геморрой (іш жүргізгіш), атониялық іш қату.
Роглидис
Халықаралық атауы: +Қызыл мия тамыры+Итмұрын жемістері (Hedysari herba+Glycyrrhizae radiсes+Rozae fructus)
Дәрілік формасы: ішуге арналғае брикеттер
Фармакологиялық әсері: Ағзаның қарсы тұру қабілетін арттырады; қантамырлар қабырғасын бекітеді, Қақырық түсіргіш әсері бар.
Көрсетілім: күз, көктем айларындағы респираторлық аурулардың алдын алу Ұзаққа созылатын созылмалы ауруларда, реконвалесценция, әлсіреген науқастарға, егде жастағы адамдарға.
Бронхофит
Халықаралық атауы: Анис жемістері+Батпақтық аюқұлақ өркендері+Үлкен жолжелкен жапырағы+Қызыл мия тамыры+шегіргүл гүлдері+Шалфея жапырағы(Anisi vulgaris fructus+Ledi palustris cormus+Plantaginis majoris folia+Glycyrrhizae radiсes+Violae herba+Thymi serpylli herba+Salviae folia)
Дәрілік формасы: эликсир
Фармакологиялық әсері: Бронхофит – қақырық түсіретін,жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын емдейтін дәрі
Көрсетілім: Қақырық және жөтелмен бірге жүретін тыны салу жолдарының аурулары
Кеудеге арнал5ан жинақ N2
Халықаралық атауы: Өгейшөп жапырақтары +Жолжелкен жапырақтары+Қызыл мия тамыры (Farfarae folia+Plantaginis folia+Glycyrrhizae radiсes)
Дәрілік түрі: ұнтақталған өсімдік шикізаты
Фармакологиялық әсері: Кеудеге арналған жинақ N2 –өсімдіктекті ұнтақталған шикізат, қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар..
Көрсетілім: Тыныс алу жолдарының қабынуы мен инфекциялық аурулары, (в т.ч. трахеит, бронхит, трахеобронхит, пневмония, ЖРВИ).
Коделак
Халықаралық атауы: Кодеин+Натриий гидрокарбонаты+Қызыл мия тамыры +Термопсис шөбі (Codeine+Sodium hydrocarbonate+Glycyrrhizae radiсes+Thermopsidis herba)
Дәрілік түрі: таблетка
Фармакологиялық әсері: Коделак – жөтелге қарсы әсер ететін дәрілік препарат
Көрсетілім: Балалар мен ересектердің тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында. қолданылады.
Көріп, тұрғанымыздай Қызыл мия өсімдігінің қолданылу аясы бұл жазылғандармен шектелмейді. Сондықтан да химиялық жолмен алынған дәрілік өнімдерді қолданудан гөрі табиғаттың өзі берген дәрілік шөптерді пайдалану әлдеқайды зиянсыз болар еді деп ойлаймыз.
2.3. Қызыл мия өсімдігін қорғау
Қызыл кітапқа енген бұл дәрілік өсімдік Іле,Шу, Сырдария, Қаратал өзендерінің алқаптарында өседі. Оның ішінде Қызыл мия Қызылорданың барлық аймақтарында да кездеседі.Бұл өсімдіктің адам ағзасына тигізер пайдасына жоғарыда барынша тоқталдық. Алайда соңғы жылдарда «сақтың алтын тамыры» аталған өсімдіктің елімізде күрт азайып бара жатқандығын біреу білсе,біреу білмейді. Қызыл мияға шетелдіктердің, әсіресе көршілес Қытай Халық Республикасының аса қызығушылық танытуы контрабандалық әрекеттердің белең алуына әкеп соқтыруда. Бұл туралы біраз ақпарат көздері жазып, дабыл қағып жатқандығы тағы белгілі.Бұл үдеріс елімізде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысы басталған тұста белең алып,әлі де толастамай келеді.Иесіз жатқан ен даланы құрылыс алаңына айналдырған техникалар Сыр өңіріндегі ағаштарды тамырымен қопарып тастады. Оның ішінде, өзі аса құнды,өзі аз Қызыл мия өсімдігі де келмеске кетті.Сонымен қатар Қызыл мияға қырғидай тиюшілер жергілікті жұртшылық арасынан да бой көрсетті.Сырдария өзенін жағалай қоныстанған халық жүк көліктермен өызылмияны тамырымен қопарып әкетіп жатқандығын айтып,өңір жұртшылығы дабыл қаққан болатын.Олардың сөзіне құлақ түрсек,бұл өсімдік медицинасы жоғары дамыған Қытай елінде зор сұранысқа ие екен. Бағасы да қымбат көрінеді. Сондықтан оңай олжаға кенелуді көздеген кейбіреулер еш аяушылық танытпастан баға жетпес байлықты тамырымен қопарып,көзін құртып жатыр.Бұлай жалғаса берсе ,табиғат ана берген байлығымызды шет ел асырып,ертеңгі күні бармақ тістеп қалмасымызға ешкім де кепілдік бере алмайды.
Елімізде Қызыл мияны өңдейтін зауыттар бар болғанымен саусақпен санарлық қана екен. Ендеше, Қызыл мияны өңдеп,одан дәрі дәрмек алуды өз елімізде жолға қоюға болмас па еді деген сұрақ мазалайды. Осы мақсатта біраз ақпарат алу үшін ақпарат көздерінен Қызыл мияға қатысты деректер іздеп көрдік. «Алаш айнасы» газетіндегі дерекке сүйенсек 2014 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Қызыл мияны өңдейтін зауыттың іргетасы қаланыпты. «Мия өсімдігін өсіру және мия тамырын өңдейтін зауыт салу» жобасын «БИС-ГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған. Жоба жетекшісі «БИС ГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ділдахан Ахметов былай дейді: «Жобаны ұсынбас бұрын қызымия тамырын тереңдей зерттеп сараптама жасадық.Осы өнімді шығарумен айналысып жатқан елдерде болдық.Қалай жұмыс істеп жатқандарымен таныстық. Сөйтіп,тәуекел етіп,осы істі қолға алдық.(Алаш Айнасы,20.09.2014). Яғни,түрлі ақпарат көздерінен біз Қызыл мия өсімдігінің қазіргі жағдайы көзі ашық,көкірегі ояу азаматтарды бейжай қалдырмағанын білдік. Ендеше,жеріміздің байлығын дұрыс пайдалана білу үшін тек қызыл мия ғана емес,басқа да емдік шөптердің қасиетін бағалап, оларды зерттеуді қолға алсақ, өзімізге де,өзгеге де,оның ішінде Қазақстан ғылымының дамуына да даңғыл жол ашылар еді деп ойлаймыз.
Қорытынды
Дәрілік өсімдіктердің түрлерін көбейтіп,қорғау
Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.
Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.
Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.
Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады.
Қазіргі кездің өзінде отандық ғылыми медицинада 216-дан астам дәрілік өсімдік түрлері қолданылады. Оларды қалай болса солай ысырапсыз жинап, тұқымын құртып алудан әрқашанда сақ болғанымыз абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім
беретін мектептің қоғамдық гуманитарлық
бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық.
Алматы «Мектеп баспасы,2007
2.
П.Э.Розенцвейг «Технология лекарств и
Фармакология»М:Агропромиздат 1985
3.
Алаш Айнасы газеті, 2014 жыл, №4
4. Орал
Қызыл мия өсімдігінің биологиялық және
экологиялық ерекшеліктері. Саурамбаев
Батырғали Рүстембекұлы Хабаршы.
ҚазмемҚызПИ 2010
5. «Жоғары сатыдағы
өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов,
П.М. Мырзақұлов) «Қазақ университеті
»Алматы 2000 ж
6. «Ботаника и систематика
растений. Москва «Просвещение »1975 г
((Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М.
Уранов)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген