400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

ғылыми жоба 4 сынып Азатұлы Ерасыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Темекі індетінің таралуы жаһандық мәселе болып табылады. Оның салдары адамдардың десаулығына өте зиянды және бүкіл елдердің қарсы әрекет етуін қажет етеді. Темекі шегуге байланысты аурулардан жыл сайын бес миллион адам, әр алты секунд сайын бір адамнан өледі. Қазіргі кезде темекі шегуге байланысты туындайтын 25 – тен аса ауру түрлері белгілі, олардың арасында жүрек-қан тамырлары, бронх-өкпе және онкологиялық аурулар алдыңғы орында тұр. Темекі індетінің құрбандары еңбекке қабілетті жастағы адамдар болып отыр – 30-55 жастағы ерлер және ұрпақты болу жасындағы 15-49 жастағы әйелдер. Солармен қатар жастар мен жасөспірімдердің темекі шегуге ерте әуестенуі ерекше алаңдатады. Осы тұрғыдан келгенде, «Темекінің пайдасы және зияны» тақырыбы бүгінгі күн мәселесінде тұрған көкейкесті тақырып деп айта аламыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы





Секциясы:биология,химия

Тақырыбы: Темекінің пайдасы мен зияны





Автор: Азатұлы Ерасыл, 4 сынып

оқушы, «№12 жалпы орта білім беретін

мектеп»КММ, Семей қаласы





Жетекшісі: Темерханова Арай Турарқызы,

санатты жоқ, бастауыш мұғалімі

« №12 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Семей қаласы






Семей қаласы

2018-2019жыл


Аннотация

Темекі індетінің таралуы жаһандық мәселе болып табылады. Оның салдары адамдардың десаулығына өте зиянды және бүкіл елдердің  қарсы әрекет етуін қажет етеді. Темекі шегуге байланысты аурулардан жыл сайын бес миллион адам, әр алты секунд сайын бір адамнан өледі. Қазіргі кезде темекі шегуге байланысты туындайтын 25 – тен аса ауру түрлері белгілі, олардың арасында жүрек-қан тамырлары, бронх-өкпе және онкологиялық аурулар алдыңғы орында тұр. Темекі індетінің құрбандары еңбекке қабілетті жастағы адамдар болып отыр – 30-55 жастағы ерлер және ұрпақты болу жасындағы 15-49 жастағы әйелдер. Солармен қатар жастар мен жасөспірімдердің темекі шегуге ерте әуестенуі ерекше алаңдатады.  Осы тұрғыдан келгенде, «Темекінің пайдасы және зияны» тақырыбы бүгінгі күн мәселесінде тұрған көкейкесті тақырып деп айта аламыз.

Жұмыс кезеңдерге бөлініп, кезең бойынша іздену, зерттеу жұмыстары математика тұрғыдан жүргізілді. Ғылыми жоба кіріспе, негізгі  тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, зерттеу нысаны,  әдістері, мақсаты мен міндеттері белгіленген. Негізгі бөлімде темекінің шығу тарихы, денсаулыққа  әсері, темекімен күрес шаралары және математикалық тұрғыдан темекінің зияны жөнінде қарастырылған.

Ғылыми жоба жазылған тақырып бойынша түйінделіп, өз қорытындысына ие болды. Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосары сөзсіз.

 

















Мазмұны

 

І. Кіріспе ………………………………………………………………………………1
ІІ.Негізгі бөлім ………………………………………………………………………........2

Темекінің шығу тарихы……………………………………………………………….......2

Темекінің құрамы……………………………………………………………………3
3. Темекі тартудың салдарынан туындайтын аурулар…………………………5
4. Темекімен күрес шаралары……………………………………………………….........6

Менің тәжірибем……………………………………………………………………..........8

 ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………………………..12
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ………………………………………………..........14
 

 

























І. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

Қазіргі таңда шылым шегу көпшілік арасында үлкен проблемаға айналуда. Бұл зиянды әдет жұрттың, оның ішінде жасөспірімдер мен жастардың басым бөлігін қамтып отыр. Біздің  елімізде  темекі  тартатындардың  саны жыл  сайын  10%-ға артады, соның көбісі – жасөспірімдер.

Көп елдерде 15 жастағы балалардың 1/3 бөлігі темекі  шексе, олардың көбі

7-10 жасында темекіге әуестене бастаған.

Менің ғылыми-зерттеу жұмысымның тақырыбы қызықты, мәнді және өзекті болып табылады. Өйткені көптеген адамдар темекі шегу зиянды екенін білсе де, оны үлкен қауіп  екенін мойындамайды. Сондықтан жас жеткіншектерді жаман әдеттен аулақ болуға  тәрбиелеу керек.  Шылым шегу – үлкен қасірет!


 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың  өзектілігі  мен жаңашылдығын  аша отырып  жас өспірімдерге  темекінің зияны  туралы айтып, онымен күресу жолына өз үлесімді қосу..Тақырып  бойынша  ғылыми  ақпараттарды жинақтау  және талдау;.

 Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Материал жинақтау  және  талдау, анкета өткізу,  ғылыми әдебиеттерді  салыстыру т.б әдіс-тәсілдер қолданылды.Жұмыстың құрылысы: Жұмыс кіріспеден, негізгі  тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім.

Темекінің шығу тарихы..Темекі Еуропа  мен Азияға 15 ғасырда келген.

1492 жылы ең бірінші испаниялық теңізші Христофор Колумб темекіні Америка құрлығын байқағанда  кубалық қоныстарда кездестірді. Оны аборигендердің бір түрлі әрекеттері таңдандырды. Олар белгісіз өсімдіктердің сарғыштау жапырақтарын түтікке орап, бір жағын отпен жағып, ал екінші жағын ауыздарына салған. Темекі өсімдігін “кохобо”, ал түтіктерді үнділіктер “табако” деп атаған. Мұны  кемедегі екі матрос де байқап қалады. Бұл екі матростың бірі әлгі ысты сорып, сынап көрген. Бұл темекі тартқан тұңғыш еуропалық саналады. Испанияға қайтқан соң ол құрғақ темекі жапырағын күйдіріп, ысын соруды әдетке айналдырған. Мұны көрген көршілері таң қалып, оны «шайтан иектеген» деп жергілікті діни соттың түрмесіне қаматқан. 1946 жылы темекі жапырағы Испанияға кеңінен таралып, оны иісті өсімдік ретінде егетін болған. 1518 жылы испаниялық саяхатшылар маялықтардың темекі жапырағын түтікше ішіне салып тұтатып, тартып отырғанын көреді де, олардан сұрап тартып көреді. Бұл ең алғашқы темекіні сұрап тарту болса керек. 1530 жылға жеткенде темекі Испанияда кең көлемде тарала бастаған. 1560 жылы Францияның Португалияда тұратын бас елшісі Ян Никотин темекіні Францияға әкеліп, ауру емдеуге қолданған. Және сол арқылы Франция ханымын емдеген. Никотиннің еңбегін қадірлеу үшін химия ғалымдары көк темекі құрамындағы улы затқа «Никотин» деп ат берген. Осыдан бастап көк темекі Францияда егіле бастады. 1575 жылы көк темекі Филиппин арқылы Қытайға кіре бастаған. 1600 жылы көк темекі лауандамен (хош иісті өсімдік) араластырып,.

Темекінің пайдасы –1960жылы Францияның Португалияда тұратын бас елшісі Ян Никотин темкіні Францияға әкіліп ауру емдеуге қолданған және сол Франция ханымен емделген.Темкінің құрамындағы никотин дегне РР витамины (никотиновая кислота).Ол адам организмінде ас қорыту және нерв талшықтарының қызметіне қажет.Киім-кешек ,көрпе жастықтарды қара күйе жемес үшін араларына темкі салып қояды.Бақшада өсетін орамжапырақтардың арасына темекі жапырақтарын ексе,қаракүйе түспейді.Тіс ауырғанда кезде темкі түтінін ауыз қуысына толтырса адамның тіс ауырғаны басылады.

Темекінің құрамы.

Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын, құрамында есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар.

Темекі өнімдері белок, минералды тұздар, клетчатка, ферменттер, майлы қышқылдары және басқалары бар, кептірілген темекі жапырақтарынан жасалынады.Ол организмге темекі иісімен бірге кіреді, оның құрамында, никотиннен басқа, тітіркендіретін әрекеттегі заттар, соның ішінде, канцерогендік (Бензпирен мен Дибензпирен), яғни қатерлі ісік пайда болуға себепші, көп көмір қышқыл газы — 9.5% (атмосфералық ауада — 0.046%) және көміртек топтығы — 5% (атмосфералық ауада ол жоқ).

Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді.

Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Бір тал темекіні шеккенде адам ағзасына 1,5-2 мг шамасында никотин енеді. Негізінен, темекі түтінінде 12000-нан астам химиялық зат бар. Адамның тамырына 1,5-2 мг никотин құйылса жүрек бір минутта әдеттегі мөлшерінен 15 рет артық соғады, жүректен шығатын қан мөлшері минутына 10 литрден

12 литрге дейін артады.

Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады.

Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196-сы улы және 14 наркотик тәріздес.
Диоксид көміртегі 45—65 мг
Монооксид көміртегі  10—23 мг
Оксиды азоты  0,1—0,6 мг
Бутадиен  0,025—0,04 мг
Бензол 0,012—0,05 мг
Формальдегид 0,02—0,1 мг
Ацетальдегид 0,4—1,4 мг
Метанол 0,08—0,18 мг
Синильдік қышқыл 1,3 мг
Никотин 0,8—3 мг
Көмірсулар 0,0001—0,00025 мг
Ароматты амины 0,00025 мг
Стирол 0,00034—0,0027 мг
Темекіден ауаға жылына

720 000 тонна күкірт қышқылы,
384000 тонна аммиак,

180000 тонна никотин,

660 000 тонна темекі майы,

550000 тоннадай иісті газ шығады.

Салмағы 1 мг темекіде 10 — 15 мг никотин болады.

Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады.

Темекі тартудың салдарынан туындайтын аурулар.

Темекінің құрамындағы химиялық зиянды заттар адам организмінде көптеген аурулар тудырады.Олардың ішіндегі ең көп таралғандары:
Арқа және бел ауруы. Темекі тарту бел ауруларын тудырады. Өйткені, адамның омыртқа табақшаларына оттегі аз барады.

Балалардың тыныс алу жүйесінің бұзылуы. Әкесі, не анасы темекі тартатын балалардың тыныс жолы ауруларына шалдығу қаупі 6 есе жоғары. (Суықтау, құлақтың қабынуы, бронхит, ентікпе және туберкулез т.б. аурулар).
Диабет. Темекі дененің инсулин бөліп шығару қабілетін уақыт өте келе жояды. Бұл диабет ауруына жол ашады.

Асқазандағы қатерлі ісік. Темекі тартатын адамдардың асқазан және ішектегі қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі темекі тартпайтынға қарағанда 2 есе көп.
Жүрек аурулары. Шылым шегетіндер басқаларға қарағанда 4 есе жүрек ауруына көп ұшырайды.

Гангрена. Өкпе қызметін дұрыс атқара алмағандықтан, денеге оттегі аз таралады. Адамның денесі осы аз мөлшердегі оттегіні басқа ағзаларға таратуға мәжбүр. Сондықтан жүректен алыс орналасқан саусақтың ұшынан бастап жасушалар өле бастайды. Көбіне қол мен аяқтар гангренаға үшырайды.
Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы. Ауызда қатерлі ісіктің пайда болу жағдайларының барлығына темекі себепші.

Ерте қартаю. Әрдайым темекі тарту терінің құрылымын бұзып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады. Сонымен қатар, тістер сарғайып немесе қарайып, тырнақтар әлсірейді.

Жаралардың баяу жазылуы. Темекі тартатын адамдардың жаралары өте қиын жазылады. Сонымен қатар, операциядан кейін жараның жазылмау ықтималы бар.
Тістің түсуі. Темекі тарту тістің ерте түсіп қалуына себепші.
Шылым шегу–
өкпенің қатерлі ісігі ауруын тудырады. Өкпе адам ағзасында тыныс алу қызметін атқарады. Ал осы тыныс алу ағзаларының ішіндегі ең қауіптісі — өкпе қатерлі ісігі. Дүниежүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкпе қатерлі ісігі ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді. Күніне 1 қорап шылым шегушілердің өкпе рагына ұшырау қаупі 10 есе көп, ал екі қорап шылым шегетіндердікі 20 есе, сонымен қатар темекінің саны ғана емес оның мерзімі де үлкен рөл атқарады екен. Адам ерте кезден шылымға әуес болған сайын оның өкпе рагына ұшырау қаупі де жоғары болады екен.

Шылым шегуші өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағыларға да зиянды. Шылым шегілген бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Бір адамның шылым шегуі көп адамды уландырады. Шылым шегуден әйелдер мезгілінен ерте қартайып, жүкті кезінде әр түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайызға жоғары.

Темекі шегуге байланысты аурулардан дүние жүзінде жыл сайын бес миллион адам, әр алты секунд сайын бір адамнан өледі.

Темекімен күрес шаралары.


Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.
Европа ХҮІІ ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.
Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды.

1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.

Югаславияда 1987 жылдың 1 — қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.
Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді.

Ал біздің елімізде қазіргі уақытта темекі тартумен күрестің тұтас бір жүйе жасалды. Онда мынандай шарттар бар:

Темекі туралы жарнамаларға тыйым салу.

Сигареттердің сырты — пиктограмма бойынша аурулардың  түрлерін

көрсету.

Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.

Темекі өнімдерінің қораптарына ескерту жазбаларын орналастыру.

Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.

Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.

Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.

Қоршаған ортаны темекі түтінінен қорғау.

Темекі өнімдеріне салықты  және бағаны жоғарылату.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 31 мамырды Дүниежүзілік темекіге қарсы  күні деп жариялады. Әлемдік қауымдастық алдына  ХХІ ғасырда темекі тарту мәселесін жоюға қол жеткізу міндеті қойылды.


Менің тәжірибем.


Статистикаға сүйенсек, шылым шегетін адамдардың тең жартысы осы жағымсыз әдеттен көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, 2030 жылға қарай темекі жыл сайын 8 миллион адамның өліміне себепші болады. Онымен қоса, жыл сайын шылым шекпейтін, бірақ оның түтінімен демалуға мәжбүр 600 мың адам көз жұмады. Балалардың барлық санының тең жартысы темекі түтінімен ластанған ауамен  тыныс алады және 40 пайыз баланың ата-анасының біреуі бұл әдетке әуес.  Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Егерде адам 15 жасынан бастап темекі тартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады. Ал ұлттық зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда   ерлер — 41,5%, әйелдер — 11%, қала тұрғындары — 27,1%, ауыл тұрғындары — 25,7% темекі тартады екен. Пассивті шегушілер — 62,2, темекі шегуді тастамағандар-25,9%, күнделікті темекі  шегушілер — 20,3%,   темекіні күнде шекпейтіндер- 8,3% құрайды. ҚР бойынша  темекі шегетін балалар мен жасөспірімдер — 6,7%, үйде пассивті темекі  шегетіндер -12,5%.

Жыл сайын темекі шегетін ерлердің  саны азайып жатса, темекі шегетін әйелдер мен жас өспірімдердің саны артып келеді. Осы деректер  көп толғандырарлық ой туғызғасын,  мен  өзімнің ауылымдағы адамдардың темекіге қалай әуес болғанын, темекінің зияны туралы не білетіндерін анықтай бастадым. Ол үшін мектеп оқушылармен, мұғалімдермен және ауыл тұрғындармен анкета жүргіздім. Анкетаны саралай отырып, келесі қорытындыға келдім.

Жаңатаң ауылында барлығы 214 адам тұрады. Олардың ішінде ерлер-102, әйелдер-96, 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар-74.

Темекі шегетіндер саны 1-суретте көрсетілгендей:

69 ер адам -32%

15 әйел адам — 7%

4 жас өспірім-1,8%

сурет-1

Ауылдастарымның арасында «темекіні тастаймын» дегендер де аз емес.

сурет- 2.

 Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты.

Егер темекіні тастаса:

24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.

2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.

3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.

3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.

1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.

10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.

15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.Мектеп жасындағы  балалармен (1-9 сынып) темекінің зияны жөнінде әңгіме жүргізіп, «Темекі шеккенің — өз денсаулығын құртқаның» атты сынып сағатын өткіздім. Барлығы 19 оқушы қатысты. Соның нәтижесінде келесі сұрақтарға жауап алды


мерзім

Жиі  тұтынатын темекінің бағасы

Ең қымбат темекінің бағасы

1 күнде

 230 теңге

400 тг

1 аптада

 1610 теңге

2800 тг

1 айда

 6440 теңге

11200тг

1 жылда

 77280 теңге

134400тг

60 жылда

 4636800 теңге

8064000 тг

 

Осы көрсеткіштердің нәтижесінде темекінің зияны денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар жанұя қаражатына әсер тигізетініне көз жеткіздім.




Қорытынды.


Бүгінгі таңда бізді  алаңдататын  мәселелердің бірі – темекі шегетін жастар  және балалар. Сондықтан жасөспірімдердің арасында  темекі шегушілікті төмендету  жолдарының бірі — оған  Қазіргі уақытта,  соның ішінде Қазақстанда  темекі шегу салдары бойынша  денсаулыққа  келтіретін зияны  адамды мүгедектікке және өлімге алып келу қаупі  өте зор. Сондай-ақ қазақстандықтардың темекіні тұтыну деңгейі соңғы жылдары күрт өсіп отыр. Елімізде 6,8 миллион азамат темекі шегеді Темекі шегетін   адамдар тек өз денсаулығын  жоғалту мен  қатар өзі қоршаған ортасына тигізетін зияны да өте жоғары.

Ғылыми жұмысымның тақырыбын зерттеген кезде көптеген адамдар темекінің зиянды екенін білсе де, оны үлкен қауіп  екенін мойындамайтынына көзім жетті. Жаңатаң ауылының тұрғындарымен және оқушылармен әңгіме жүргізген кезде мен мынадай қорытынды шығардым.

Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

-достарына еліктеу;

-ересек болуға тырысу;

-өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу;

-ата-аналардың дұрыс тәрбие бермегендіктен жаман әдетке шалдығу;

-темекінің зиянын білмегендігінен тартады;

-ата-анасына тәуелді емес екенін көрсету;

-күйзелісте болып  көру;

тосқауыл жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру  және соған күресуге ат салысу.



 























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Е.Керімбеков. «Адам анатомиясы»-2000ж

2.Қабыкенов Ф.Н. «Темекі және оның зияны»-2010ж

3.Керимбеков Ж.Е. «Зиянды әдеттердің ұрпақ тағдырына әсері»

4.Ф.С. Қабыкенов. «Еще раз о вреде курения»-2011

5.Сағымбаев Ә.Ү, Ақмырзаев М.М. Валеология. Алматы, 2007жыл

6.Имангалиев А.С. Валеология. Алматы, 1999 жыл

7.Ж.Ж. Жатқанбаев. Валеология. Алматы, 2003жыл

8.Х.Қ. Сәтбаева, Ж.Б. Нілдібаева. Валеология,2006ж

9.«Денсаулық» журналы. №1, 2004 жыл

10.«Валеология» журналы №1, №2, 2011 жыл

 




















Пікір


Темекі індетінің таралуы жаһандық мәселе болып табылады. Оның салдары адамдардың десаулығына өте зиянды және бүкіл елдердің  қарсы әрекет етуін қажет етеді.

Темекі шегуге байланысты аурулардан жыл сайын бес миллион адам, әр алты секунд сайын бір адамнан өледі. Қазіргі кезде темекі шегуге байланысты туындайтын 25 – тен аса ауру түрлері белгілі, олардың арасында жүрек-қан тамырлары, бронх-өкпе және онкологиялық аурулар алдыңғы орында тұр. Темекі індетінің құрбандары еңбекке қабілетті жастағы адамдар болып отыр – 30-55 жастағы ерлер және ұрпақты болу жасындағы 15-49 жастағы әйелдер. Солармен қатар жастар мен жасөспірімдердің темекі шегуге ерте әуестенуі ерекше алаңдатады.  Осы тұрғыдан келгенде, «Темекінің зияны» тақырыбы бүгінгі күн мәселесінде тұрған көкейкесті тақырып деп айта аламыз.

Жұмыс кезеңдерге бөлініп, кезең бойынша іздену, зерттеу жұмыстары математика тұрғыдан жүргізілді. Ғылыми жоба кіріспе, негізгі  тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, зерттеу нысаны,  әдістері, мақсаты мен міндеттері белгіленген. Негізгі бөлімде темекінің шығу тарихы, денсаулыққа  әсері, темекімен күрес шаралары және математикалық тұрғыдан темекінің зияны жөнінде қарастырылған.

Ғылыми жоба жазылған тақырып бойынша түйінделіп, өз қорытындысына ие болды. Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосары сөзсіз.

 

Пікір жазған: Бастауыш сынып мұғалімі: Темерханова Арай Турарқызы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі