Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба 6-сынып "Ата-бабамыздан қалған салт дәстүрдің бірі-Ерулік"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы
Т.Рысқұлов ауданы
Қ.Сәтбаев атындағы
орта мектебінің
5 «А» сынып оқушысы
Сейтінбет Аянаның
ғылыми зерттеу жұмысына
Аннотация
Зерттеудің мақсаты:
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары өте көп. Ата-бабаларымыздан сақталып қалған салт-дәстүрдің бірі – «Ерулік». Осы дәстүрдің тарихын, мән-мағынасын терең зерттеп, оның халқымызың салт-санасында алатын орнын айқындау, ұрпаққа паш ету
Зерттеу жұмысының ғылыми
болжамы:
Ерулік туралы құнды
деректер жинақтасақ, халқымыздың тарихын бағалай білетін ұлттық
және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Зерттеу кезеңдері:
1 кезең: 2016 оқу жылында тақырып таңдалынды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты жасалынды, мақсаты мен міндеті айқындалды, әдебиеттер іздестіріліп, материалдар сұрыпталды.
2 кезең: 2016-2017 оқу жылында тақырып бойынша ғылыми деректер жинастырылды, зерттеу жұмысы жүргізіліп жаңалықтар, деректер сұрыпталды.
Жүргізілетін зерттеу әдістері:
Тарихи түп деректермен танысып, жинақтау,
қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау.
Зерттеудің жаңалығы:
-
Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі екендігі айқындалды.
-
Тұңғыш рет ерулік туралы тың деректер беріледі және мағлұмат алады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі : «Өткеннің өнегесі - болашаққа ғибрат» дей отырып мектептегі тарих пәні бойынша «Туған өлке – тарихы» бейіндік бағдарламасына енгізілді.
Зерттеудің нәтижесі : Тарих жолы болашақ ұрпақ бағасын беретін талай ізгі қадамдарға жол ашты. Ол ең алдымен біздің азаматтық дүниетанымымыздың әлеуметтік көзқарасымен өмірлік бағыт-бағдарламаларының түбегейлі қайтадан сарапталып, жүйелі қалыптасуына оң ықпал тигізері сөзсіз. Сондықтан бұл ғылыми жобаның нәтижесінде ерулік туралы алғаш рет қағазға түсірдік және тың мағлұматтар алады. Тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөнінде жұмыс жанданатын болады.
Ақпараттық бөлім
Жұмыстың тақырыбы: Ата - бабаларымыздан қалған салт - дәстүрдің бірі - «Ерулік»
Жұмыстың
өзектілігі: Қазақ - көне дәуірден
бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік
игі ғұрып-дәстүрі бар, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де
қонақжай халық.
Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен,
ырымдарымен, той-мереке, әдеп-ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып
келеді. Тәуелсіз елімізде ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын
қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ
ұрпақ-біздің қолымызда.
Мақсаты:
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары өте көп. Ата-бабаларымыздан сақталып қалған салт-дәстүрдің бірі – «Ерулік». Осы дәстүрдің тарихын, мән-мағынасын терең зерттеп, оның халқымызың салт-санасында алатын орнын айқындау, ұрпаққа паш ету.
Міндеттері:
1. Қазақтың
салт–дәстүрлерінің бірі - «Ерулік»тарихына зер салу.
2. «Еру», «Көрші», «Айрылысар көже» салттарын ажырата білу.
3. Еруліктің отбасы тәрбиесіндегі маңызына тоқталу
Мазмұны
Аңдатпа ......................................................................................................................
Ақпараттық бөлім .....................................................................................................
І. Кіріспе бөлім ..........................................................................................................
ІІ. Зерттеу бөлімі .......................................................................................................
-
Қазақы салтың – ата-дәстүрің ................................................................
-
Ерулік – көшпелі қазақ халқының салты .............................................
-
Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі ................................................
Қолданылған әдебиеттерге қысқаша аналитикалық талдау ...............................
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ........................................................................................
Кіріспе бөлім
Ата дәстүрін ардақтау - қазақтың халық
педагогикасының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын
қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы
қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата - бабаны
құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі
ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін
өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді
жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып
табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата – бабамыздан қалған қазынаның
бірі салт – дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі
жасөспірімдерге салт - дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан –
ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Әр жұмысты
ұлттық негізде құра отырып, халқымыздың тамаша салт - дәстүрінің
бірі «Ерулік» жөнінде кейінгі ұрпақ жан-жақты білуі тиіс деп
ойлаймын.
Салт - дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір
саласы қазақ халқының салт - дәстүрі болып табылады. Халықтың игі
әдеттері дағдылана келе әдет - ғұрыптар, салт – дәстүрлерге
халықтың өмірінде қалыптасқан салт - дәстүрлер салт - сана болып
қалған. Халықтың салт – дәстүрлері, рәсімдер мен жөн - жоралғылар,
ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді.
Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт -
дәстүрлері осы ұлттың мінез - құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір
салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар сол халықтың тұрмысына,
тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді.
Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын
бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.
Салт - кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет - ғұрып,
дәстүр. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын
салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.
Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге
қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр - ұрпақтан - ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар
мен үрдістер. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез - құлқының,
іс - әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты,
сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата - ананы
құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік
сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Қасиетті қазақ халқының салт – дәстүрлері өте көп. Соның ішінде
қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт – дәстүріміздің бірі
–«Ерулік» туралы ізденіп, соны сіздерге ұсынып отырмын. Ата -
бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп, үйіне ат басын тіреген
жолаушы - құдайы қонаққа мал сойып, кең дастарқан жайып, дәм -
тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш
адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ - қымыз, шұбат,
айран ұсынған. Түстендіріп не қона жатқызып сыйлы мейманға лайық
кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп
аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы
дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас
жұбайлар да көрші - көлемін шақырып, «Тана тағар» атаулы алғашқы
қонағасын ұсынған.
Зерттеу бөлімі:
2. 1 Қазақы салтың –
ата-дәстүрің
Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан
қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, этнографиялық
ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай
халық. Халқымыздың бітім-болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың
атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да
жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен
ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін
халық. [1.35]
Қаз дауысты Қазыбек бидің
сөзімен айтқанда:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз» – деген.
[1.88]
Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық
ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан
балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың
бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі
әкені, содан соң атаны, ата-бабаны құрметтеп, солардың алдында
ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық
борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп,
одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды
қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде
ата-бабамыздан қалған қазынаның бірі салт-дәстүрлерді ұмыту мүмкін
емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт-дәстүрімізді
насихаттай отырып, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие
көзін мақсат ету. Әр жұмысты ұлттық негізде құра отырып,
халқымыздың тамаша салт-дәстүрінің бірі – «Ерулік» жөнінде кейінгі
ұрпақ жан-жақты білуі тиіс деп ойлаймын.
[1.40]
Қазақстан – ұлан-байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз
мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп
санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе»
деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата қонысында
азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет
жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана
болатын жәйт. Кең-байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр
бойы ата-бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның
ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік
рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік
тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар
көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар
сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы
ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып
отыр. [1.56]
Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып
бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір
дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз
жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған
мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар
құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ
дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет
салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық
пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ
халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді
сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы
ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал,
досқа адал болу» – қазақ халқының негізгі мінез-құлқы. Қазақ халқы
тарихтан бері өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан
әдет-ғұрпын айта келсек. [1.112]
2. 2 Ерулік – көшпелі қазақ халқының
салты
Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының
салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе
әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан
салт-дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт-дәстүрлері,
рәсімдер мен жөн-жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер
өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып
отырады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын,
қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол
халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай
қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың
ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.
[2.11]
Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа
өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа
қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті
жаңалары дамып отырады. [2.35]
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен
үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-
әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты,
сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы
құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік
сезімдері озық дәстүрлерге жатады. [2.22]
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде
қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт-дәстүріміздің бірі –
«Ерулік» туралы ізденіп, соны сіздерге ұсынып отырмын.
Ата-бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп, үйіне ат басын
тіреген жолаушы – құдайы қонаққа мал сойып, кең дастарқан жайып,
дәм-тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші
көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ қымыз, шұбат,
айран ұсынған. Түстендіріп не қона жатқызып сыйлы мейманға лайық
кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп
аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы
дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас
жұбайлар да көрші-көлемін шақырып, «Тана тағар» атаулы алғашқы
қонағасын ұсынған. [2.55]
Ертеңгісін сәлемдесуге келген «Таңғы ас – Тәңірден» ырымымен дәм
татқызбай жібермеген. Осы ретте айта кетерлік жәйт – қазақтың
дастарқанды киелі санауы. Дастарқан таза ұсталған, жиегі жиылмаған,
үстіне ыдыс-аяқтан, тағамнан өзге нәрсе қойылмаған. Дастарқан
басында отырғандарға бейпіл сөз айтуға, ұрыс-керіске, насыбай атып,
шылым шегуге, үстінен аттап өтуге тыйым салынған. Кез келген қазақ
азаматы жол - жөнекей жаяу-жалпы шаршаған жолаушыны кездестірсе,
ерулі атына мінгізген не астындағы атына мінгестірген. Тұлдырсыз
жақыбайды көрсе, есіркеп, иініне біркиер, «Дұшпанкөз» киімін
жапқан. [4.8]
Ерулік – көшпелі қазақ халқы көші-қонды аса келелі іс санады. Көшу-
қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай
жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ. Қазақ қауымы көшкен күні – еруде
кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге
кілем-кілемше, сырмақтарын оң бетіне қаратып жауып, салтанат етеді.
Еру отырған ауылдар жанына келіп, қонған ауылды жабыла қарсы алып,
«Қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгін түсірісіп, үйін тігіседі
және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару,
сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де болады. Бұл
көшіп, шаршап келген туыс- жұрағаттарына жасалған сый-құрмет және
қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма-
кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі»деп
атайды. [4.15]
Көшіп келе жатқан көш еру отырған ауылдар үстінен өткенде тоқтамаса
да адамдары дәм татады. Олар ат үстінен сусындап кетеді. Қазіргі
кезде жаңадан көшіп келіп қоныстанған көршіні бұрыннан тұратын
адамдар үйіне шақырып қонақасы береді. Бұл жаңа адамдарды
бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның
әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы, жаңа көшіп келген үйде
отын, су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап,
терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.
[4.18]
Еру – «Еру отырған ауыл көшіп келіп керегесін жаймай, жаппаның
астында жатқан ауылға ерулік бермесе үлкен ұятқа қалатыны ертеден
келе жатқан салт». Көшіп бара жатқан үй ұзақ жолда өздері де,
ат-көлігін де тынықтыру үшін жолда отырған бір ауылдың жанына келіп
1- 2 күн аялдайды. Үй тікпей абылайшылап (шаңырақты уықпен көтеріп
отыру) немесе жаппа тігіп (керегелердің басын қосып) отырады.
Көшулердің мұндай аялдауын «еру» дейді. Осындай кезде ауыл адамдары
келіп, сәлемдесіп, жөн сұрасады. Оларды «ерулікке» шақырып, қонақ
етіп, риза қылып, жолға шығарып салады. Егер еру көштің иесі 4-5
күн отыратын болса, «ерулікке-қарулық» деп бір қойын сойып, ауыл
үлкендерін шақырып, батасын алады. Бұл салтта еліміздің бірлігі мен
адамгершілік, сыйластық белгісі жатыр.
[4.33]
Көрші – қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе-жүз
кездесіп, аман-саулық сұрасып жүретін кісілер. Қазақ халқы «көршіні
Құдай қосады» дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп,
қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет-көрші қолаңдармен
танысу болған. «Адам күні - адаммен» демекші, күнделікті өмірде
әркім-ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені, бір іс туып қиналғанда, бір
нәрсе қажет болғанда ең алдымен көршілерден көмек сұрап жатамыз.
Көршімен сыйластық - елдің сыйластығын, көршімен татулық-қоғамның
татулығын ұқтыратындықтан, ислам діні көршімен жарасымды
сыйластықта болуға шақырады. «Алыс туыстан жақын көрші» артық деп
бекер айтпаған. [4.35]
Айрылысар көже - көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе
жаздай бірге отырған, сыйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген
жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады. «Көже» деп
сыпайылап атағаны болмаса сыйлы, сыбағалы табақ тартылады. Олар
бір-біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған ұялмай қосылар»
деп тағы да аман-сау қосылуға тілек білдіреді. Бұдан олардың
бірін-бірі сыйлау, қимастық көңілдері көрінеді. «Айрылысар көже» –
адалдық әрі әдемі дәстүр. [4.41] Ерулік – дәстүрлі
халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас
қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз
татырып, ықылас- пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл
тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды,
бөтенсіретпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі
мүшелерінен (қазы-қарта,жал-жая т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып
шақырылады. [4.45]
2. 3 Қонақасы – қазақтың бөлінбеген
еншісі
Меймандостық – қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы
ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая
қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяулы асын қонақасыға
береді. [5.88]
«Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі. Қонақ
келсе «қой сойып, қол қусыру» – қазақтар үшін аса абыройлы іс және
жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасын
беріп аттандырады. [6.22]
Сойылатын малды алдымен
қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп, бата тілейді. Қонақтар
бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға
кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент,
сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады.
[6.25] Шайдан соң жаздыгүні
болса қымыз, қыстыгүні болса езілген құрт беріледі. Осы кезде
әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады.
Ет піскен соң қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына
қойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден
жасалған табақ тартылады. [6.28]
Қонақтың ең сыйлысы бастың оң
езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй
иесіне қос қолдап қайтарады. Мейман күтуде малдың он екі жілігінің
өз алдына мәртебесі бар. Жасы үлкен сыйлы қонақтарға бас пен
жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылады. Балаларға
тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп болған соң ас
қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады. Міне,
қазақ халқының мейман күту дәстүрі осындай!
[5.66]
Қазақ үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, табақ
тартады. Бұл- қонақасы. Ол – жомарттықтың,елдіктің үлкен белгісі.
Үйіне қонақ түскенін мәртебе, бақытқа балаған қазақтар семіз қойын,
басқа да малдарының қадірлі мүшелерін, тәтті тағамдарын «қонаққа»
деп әдейі сақтап қоятын-ды. Яғни, қонақасы-қонаққа арналған дәм,
дәстүрлі қазақ қоғамында тосын келген құдайы қонаққа, қалап
шақырылған арнайы қонаққа жас мөлшеріне, достық жақындығына,
абырой-мәртебесіне қарай сойылған мүшелерінен сыбағалы табақ
тартады. [6.38]
Ерулікке, қонақжайлылыққа қатысты мақал-мәтелдер:
*Салт-дәстүрін ел
бұзбас, Уәде – сертін ер бұзбас. [3.5]
*Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
[3.8]
*Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды.
[3.2]
*Қонақ келсе құт келер. [3.9]
*Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
[3.6]
*От жағылмаған үй – қора, Кісі келмеген үй –
мола. [3.7]
*Саналы ел салтын сақтар. [3.11]
*Қонақ қойдан жуас,
Май берсең де жей береді.
*Қонақасы – тәңір ақысы
*Қонақ аз отырып, көп сынайды. [3.12]
*Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.
*Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
*Атың барда жер таны,
Асың барды ел таны. [3.15]
*Қонағын сыйласа төрге шық дейді,
*Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
*Сыйлы қонақ босағада отырмайды.
*Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал. [3.18]
*Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.
*Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
*Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үйге иесі ұялады. [3.21]
*Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
*Қонақ асына емес, қабақ-қасыңа риза
*Өзі қонақ болып көрмеген,
Қонақты сыйлай білмейді. [3.25]
*Қонақ бір күн қонса-құт,екі күн қонса-жұт.
*Туыс туыс емес,
Қоныс туыс[3.26]
*Қонақ құдайдың еркесі
*Қонақ аз отырып
Көп сынайды[3.27]
Қорытынды
бөлім:
Ата салтың – асыл қазынаң
Халық даналығы
Жалпы, бұл ғылыми жұмыста бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне
терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың
бірі – қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.
Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен
еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі
салт-дәстүрдің бірі «Ерулік».
Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін,
әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс.
«Ерулік» салт- дәстүрін зерттей келе менің көңілге түйгенім және
ұққаным – оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені,
тәрбиелік мәнінің зор екені Мен оның адамды ізгілікке,
қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз
жеткіздім. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз
үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де
ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе,
халықтық салт-дәстүрге, оның ішінде ерулікке ерекше мән беруіміз
керек.
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл
бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың
ғасырлар бойы армандаған мәдени салт- дәстүрлерімізді ұмытпауымыз
керек.
Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте,
балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың
салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп
ойлаймын.
Іздену жұмысымды мына өлең жолдарымен аяқтаймын:
Туған соң адам боп, Бауырласқан тәніміз,
Білімсізден жаман жоқ. Бұзылмаған антымыз.
Ел дәстүрін білмесең, Кең даланың ежелгі,
Жұрт айтады «надан» деп. Қазақ дейтін халқымыз.
Ата-бабаң ардақты, Өзге ұлттай біздің де,
Жамандыққа бармапты. Бар дәстүр мен салтымыз.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже:
1.Ерулік туралы тың деректер алады.
2. Тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөнінде жұмыс жанданатын болады.
3. Тарих жолы болашақ
ұрпақ бағасын беретін талай ізгі қадамдарға жол
ашады.
«Ерулік» тақырыбында ғылыми жоба орындау барысында төмендегідей
ұсыныстар айтуға болады:
Бала тәрбиесіндегі ата-бабаларымыздан қалған ұлттық
салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын балаларға арналған қазақ
фильмдері, мультфильмдер, суретті кітаптар, бейнетаспалар,
электронды кітапшалар шығарылса деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақтың
салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. С.Кенжеахметұлы. Алматы. «Ана
тілі»1994ж
2. Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы. 1-кітап. Алматы. «Ана
тілі»2003ж.
3. Қазақ мақал- мәтелдері. Алматы. «Қазақстан» 1990ж
4. Қазақтың салт-дәстүрлері. Алматы.
5. Халық тағылымы. Ә.Табылдиев. 1992ж
6. Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.1999ж
7. Балдырған, Айгөлек, Мөлдір бұлақ
журналдары.
Қолданылған әдебиеттерге қысқаша аналитикалық шолу
1. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. С.Кенжеахметұлы. Алматы. «Ана тілі»1994жылы жарық көрген. Бұл оқулықтан біз қазақтың салт-дәстүрінің бірі – Ерулік туралы мәліметтер алдық.
2. Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы. 1-кітап. Алматы. «Ана тілі»2003жылы жарық көрген. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар туралы деректер көзі мол.
3. Қазақ мақал- мәтелдері. Алматы. «Қазақстан» 1990жылы жарық көрген.
Бұл кітаптан біз тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер алдық.
4. Қазақтың салт-дәстүрлері. Алматы 1998 жылы жарық көрген.
5. Халық тағылымы. Ә.Табылдиев. 1992жылы жарық көрген.
6. Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.1999жылы жарық
көрген.
Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Сейтінбет Аянаның Ата-бабаларымыздан қалған салт- дәстүрдің бірі - «Ерулік» тақырыбында жазған ғылыми зерттеу жұмысына
П І К І Р
Жас зерттеушінің Ата - бабаларымыздан қалған салт - дәстүрдің бірі - «Ерулік» тақырыбына зерттеу жұмысы жас ерекшелігіне сай орындалған. Көп ізденіс жасаған. Оқыған, жинаған материалдарын жүйелі жоспарлап, жеткілікті дәрежеде талдай білген. Ерулікті әдеби оқиғаларымен байланыстыра отырып өте жақсы зерттеу жүргізген.
Ғылыми жұмыстың құрылымы дұрыс. Зерттеу бөлімін үш тарауға бөліп қарастырған. Тарауларда қарастырылған мәселелер де маңызды.
Жұмыстың экперименттік бөлімінде «қазақы салтың – ата-дәстүрің», «Ерулік – көшпелі қазақ халқының салты» тақырыбында материалдарын жинап жүйелеп, ерулікке қажетті материалдарды таңдап алып,ғылыми көзқарасын білдіруі Аянаның зерттеушілік қабілетінің молдығын көрсетеді және жас ерекшеліктеріне орай айтарлықтай жетістіктерге жеткен.
Зерттеу жұмысын жүргізген Сейтінбет Аянаның ғылыми аппаратты меңгеруі,қажетті сілтемені қолдана білуі көңіл қуантады.
Жұмыста өрескел кемшілік байқалмайды.Жұмыстың тілі жатық. Сауатты,жүйелі,ғылыми стильде жазылған. Құрылымы, рәсімделуі толық сақталған.
Жас зерттеушінің бұл еңбегі мектеп мұғалімдері мен оқушыларға көмекші құрал бола алады.
Зерттеу жұмысы жоғары бағаға лайық деп бағалаймын. Аяна – өз болашағынан зор үміт күттіретін жас зерттеушілердің бірі.
Пікір жазған-жетекшісі:Несіпбаева Аида Оразбайқызы
Қазақстан
Республикасы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім
бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінің
8-сынып оқушысы Әмірқұлова Әлфияның «Ашаршылық ақиқаты» тақырыбында
жазған ғылыми зерттеу жұмысына
П І К І Р
Жас зерттеуші Ә.Әмірқұлованың «Ашаршылық ақиқаты» тақырыбында орындаған ғылыми жұмысынан оқушының көп ізденгенін байқауға болады. Жас ерекшелігіне қарамастан, «ғылым» деп аталатын теңіздің тереңіне бойлай білген. Өзіндік пікір, тұжырымдар жасаған.
Әмірқұлова Әлфияның оқыған материалдарын дұрыс сұрыптағаны байқалады. Әбден елеп-екшеп, қажеттісіне талдау жүргізген. Жұмыстың тілі туралы айтқанда, зерттеушінің ғылыми әдебиеттерді көбірек оқығандығын атап өтеміз.
Зерттеу жұмысы
жүйелі, мақсаты мен міндетіне сай орындалған. Автордың ой
қорытындысы ретінде жасаған ұсыныстарыкөңіл аударуды қажет етеді.
Әлфияның ұсыныстары жастарды ұлттық рухта тәрбиелеудің Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 29 маусымда қабылданған
№ 873 Қаулысындағы міндеттеріне сай келеді.
Жұмыс байқау ережесіне сай орындалған. Пайдаланылған әдебиеттер бойынша алынған сілтемелер дұрыс, орынды берілген. Сауатты, орфографиялық нормалар сақталған.
Жұмысты қалың көпшілікке, әсіресе, мектеп, колледж оқушылары мен мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынамыз.
Әмірқұлова Әлфияның «Ашаршылық ақиқаты» тақырыбындағы зерттеу жұмысы жоғарғы бағаға лайық деп бағалаймын.
Пікір жазған – ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Дана