Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба " Құм терапиясы" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Құм терапиясының балалар мен ересектер үшін денсаулығы мен дұрыс дамуы үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

7 орта мектеп

Жоба тақырыбы: Құм терапиясы



Жоба Авторы: Әбжаппар Айару

3«ғ»сынып оқушысы

Секция: Валеология

Жетекшісі : Ізтұрғанова Айгерім Ғалымжанқызы

7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

2020-2021 оқу жылы

МАЗМҰНЫ


Аннотация...............................................................................................................3

1.Кіріспе

1.1 Сауалнама........................................................................................................5

1.2 Диагностика....................................................................................................6

2.Негізгі бөлім

2.1 Құм және оның қасиеті..................................................................................7

2.2 Құммен емделу...............................................................................................7

А) Псаммотерапия ................................................................................................7

В)Құм терапияы.....................................................................................................8

3.Құммен ойнау....................................................................................................11

3.1Құммен ойнау..................................................................................................11

3.2Ұсақ маториканы дамыту жаттыулары....................................................12

4.Қорытынды.......................................................................................................13

5.Жетекшінің пікірі.............................................................................................14

6.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................15

Аннотация

Осы жобамда құм мен оның құрамы, құмның терапиясының адам денсаулығы үшін пайдасы туралы өз етіледі. Сонымен қатар құмның терапиясы, құм ойындарының түрлері мен құммен жүргізілетін дамыту жаттығулары туралы келешек жас ұрпаққа насихаттайтын боламын.

В этом проекте песок и его состав, преимущества песочной терапии для здоровья человека. Кроме того, я буду продвигать будущие поколения тренировок в песке, игр в песке и упражнений по разработке песка.

In this project, sand and its composition, the benefits of sand therapy for human health. Also, I will be promoting the future generations of sand training, sand gaming and sand development exercises.







Кіріспе

1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Құмның қасиеттерін зерттей отырып, қажеттіліктеріне байланысты қолдануды көрсету.

Міндеттері:

Оқушылардың құм туралы пікірін білу

Құмның қасиетін зерттеу

Емдік қасеиеттерін қарастыру

Құмның баланың ой - өрісін, логикасын дамытуына қолдану жолдары

Зеріттеудің болжамы: Құмның қасиетін түсінген бала емделуге пайдалануға немесе басқаларға көмек беруге қауқарлы, сонымен қатар құмға сурет салу арқылы білік - дағдысын арттырады, қабілетін ашады.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

2-кезең- Талдамаларды жобалау;

3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;

4-кезең- Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.

Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.

Зерттеу нәтижесі: Құм туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.

Күтілетін нәтиже:

–   Оқушы құм сөзінің мән- мағынасын түсінеді;

–  Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;

– Құм туралы нақты білімі қалыптасады.

І Кіріспе бөлімі

Сауалнама

1.Құм сөзін қалай түсінесің?

А) қиыршық тас

Ә) майда шиыршық тас

Б) Құм-нағыз кең тараған пайдалы қазба

2. «Псаммотерапия» деген не? \

А) Құм

Ә) Құммен емделу

Б) Құм терапиясы

3. «Құм терапиясы» деген не?

А) Құмның сызбасы

Ә) Құмның жансыз бейнесін бейнелеуі

Б) Құммен сурет салу

4. Құммен сурет салудың пайдасы не?

А) саусақ икемделеді

Ә) Құм қаиетін біледі

Б)Құммен жұмыс жүргізу









Негізгі бөлім

2.1.Құм және оның қасиеті

Құм-нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм-сусымалы зат.Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады.Адам құрылысқа сазбен бірге құмды да пайдаланады.Құм қосылған саздан кірпіштер және алуан түрлі ыдыстар жасалады,құм жол құрылысына жұмсалады.Құм манызды пайдалы қазба. Топырақтың маңызды жылулық қасиеттеріне оның жылу сіңіруі, жылу бөлуі, жылу  сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі жатады.

2.2 Құммен емделу

Құм демекші, бұл құмның өзіндік қасиеті де жоқ емес. Ауыл тұрғындары құмға «шомылып», емдік шаралар жасайды. Ғылым тілімен айтқанда, бұл — «псаммотерапия» — (латыншадан аударғанда «psammos» — құм, therapia — емделу) құммен емделу. Ыстық құм көптеген ауруларға шипа. Ең алғаш құммен емделуді вавилондықтар бастаған деседі. Кезінде бұл емнің қасиеті жайында Геродот, Гален, Авиценна секілді ғалымдар жазған. Ыстық құм тірек-қимыл ауруларына, буын, омыртқа, бұлшық ет, бүйрек, жүйке аурулары, әйелдердің жыныс мүшелері ауруларына ем. Ем қабылдау кезінде 45-55 градусқа дейін қызған құмға денені көміп, тек бас пен жүректің тұсын ашық қалдырады. Осылай ыстық құмның астында ересектер 25-30 минут, балалар 10-15 минут жатуы керек. Кейін жарты сағат көлеңке жерде демалады. Аурудан айығу үшін бұл емді 10-12 күн қайталау қажет.

А) Барқын құмы – емге пайдаланылатын өте ұсақ құм. Ұсақ болғандықтан, құмның қызуы қатты болады. Әлемге танымал Псаммотерапия әдісімен емделуді ауыл тұрғындары ешқандай ғылыми деректерсіз-ақ біледі. Ыстық құмның талай дертке шипа екенін алған тартқан ойылдықтар, Барқын құмына демалумен қатар емделу үшін де баратынын айтады. Мұндай құмға денені  көміп, тек бас және жүрек тұсы мен басты ашық қалдыру қажет. Ересектер  25-30 минут, жастар осыдан екі есе аз уақыт құмда “қыздырынса”, бойдағы салқын шығады, одан да басқа тірек-қимыл, буын, омыртқа, бұлшық ет, бүйрек, жүйке әйелдердің жыныс мүшелері ауруларынан айығуға болады. Алайда мұндай емді бірнеше апта бойы үзбей қайталап алып тұрған абзал.

В)Құм терапиясы: Құм терапиясы – сыртқы әлемнің әрбір заты ессіз күйдің тереңінде қандай да бір символды білдіретіні туралы айтылған Юнг теориясына құрылған арт-терапияның бір түрі. Құмдағы сурет ішкі сезім күйінің қандай да бір қырының үш өлшемді бейнесі ретінде түсінікті болуы мүмкін. Санадан өтпеген проблема құм салғышта көрсетіледі, шиеленіс ішкі әлемнен сыртқы әлемге ауысады және көзге көрінетін болады. Артықшылықтары дараландыру үдерісіне ықпал етеді; шығармашылық әлеуетті, ішкі сезімдерді, түйсікті босатады және еке түсіруді жандандырады; символдық мәндердің көптігі арқылы көпқырлы тәжірибені қамтамасыз етеді; қайта қобалжу және босату мақсатында адамның бұрынғы тәжірибесіне қайта оралуына ықпал етеді; саналылық және ессіздік, ішкі және сыртқы, жан дүниесі мен физикалық күй арасында көпір салады; ешқандай да дұрыс немесе бұрыс жолдары жоқ тікелей ойынды қамтамасыз етеді, сананы бақылауды алып тастауға мүмкіндік береді, балаларға арналған табиғи тіл болып табылады. түрлі мәдениетті, нәсілді, жастағы және зияткерлік мәртебедегі адамдардың қолдануы үшін шексіз; адамға «жәбірленуші» рөлінен өз өмірін «жасаушы» рөліне дейін мүмкіндік береді; құм – жағымсыз эмоцияларды «құмды жарып жоқ болатындай» етіп жерге сіңіретін ерекше қасиетке ие, сол арқылы адамның көңіл күйін үйлесімдікке келтіреді. Адам құмда өзін жасаушы ретінде көрсетеді: бір өмірлік сюжетті екіншісі ауыстырады, бәрі келеді және кетеді, түзелместей бүлініп қалатындай ештеңе де жоқ, жай ғана ескі нәрсе қандай да бір жаңа нәрсеге ауысады. Осы сезімді адам бірнеше мәрте бастан өткерген кезде көңіл-күй тепе-теңдігіне қол жеткізеді.

Сөзбен айтып  жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Құм терапиясын 3 жастағы  балалармен бастауға болады. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ менің тәжірбиемде терапияның еркін әдіс екені көрсетіледі.

Мысалы көгілдір түсті құмзар, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады.

Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс  істеу барысында балалардың  байланыстырып сөйлеуі және сөздік  қорларының  кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі  өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік  шыдамдылық танытпауы басым.

Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардың денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда  бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компьютер мен теледидар алмастырады.Осындай келеңсіздіктердің нәтижесі балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының төмендеуі,  байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздығын болдырады, коммуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Мен өзімнің тобымда балалардың  сөздік қорларының дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымды аударамын.  Осы жұмыстарды шешудің бірден-бір жолы  «Құм терапиясы». Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», торттарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын  жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың  бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі  туады да, ол тілдік және коммуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс мезгілінде де біз құммен ойындарымызды тоқтатпаймыз. Мен өзімнің тобымда шағынқұмзар жасадым. Ол ағаш қорап ені мен ұзындығы 50х 70 см биіктігі 8 см. Құмзар топтын арнайы бөлінген орнында орналасқан, тудырылған жағдайға байланысты  құмзарды басқа жерге қоюға болады. Біздің шағынқұмзар кең қолданыста. Біз оны оқу әрекеттерінде, балалармен бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда және шығармашылық жұмыстарда қолданамыз.

Құм терапиясында  стандартты  өлшемде (50 х 70 х 8 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді.
- адам кейіпкерлері;
- жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т. б.);
- көліктер (құрғақта жүретін, суда жүзетін, ғарыштық және т. б.);
- өсімдіктер (ағаштар, гүлдер, көкөністер, жаңғақтар және т. б.);
- табиғи заттар (ұлутастар, бұтақтар, әр түрлі пішіндегі тастар және т. б.);
- лақтырым материялдар (пласмасс ыдыстар, тығындар және т. б.);
- Пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, геометриялық пішіндер.
Бір сөзбен айтқанда, қоршаған әлемде кездесетін заттың бәрі «коллекцияда» лайықты орынға ие бола алады.
Егерде ойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары жетіспесе, оларды ермексаздан, қамырдан илеп, қағаздан қиып жасауға болады.

Бала құм терапиясында тек қана  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра  процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын  салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.

ІІІ  Құм ойындары

Құм – өте ұсақ  ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.

Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да мен құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолданып отырамын. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Қыстың суық күндерін де сыртқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар  ұйымдастырылады.

Ойын түрлері:

«Ненің ізі».

«Келесіге бер»

«Сезімтал алақандар»

Еркін ойындар»

Бала тәрбиесінің басты ошағы отбасы десек,құм терапиясының маңыздылығы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың болуына үлкен үлес қосады.Бала құммен ойынды тек балабақшада ғана ойнап қана қоймай,үйге барғанада да сол ойынды жалғастырады.Осы орайда балабақша мен ата-ананың байланысын нығайту барысында ата-аналарға үйге төмендегідей тапсырмалар беріп отырамын.

Ұсақ моториканы дамыту жаттығулары:

«Коктейль трубочкалары»

«Моншақтар»

«Фасольды теру»

«Жіпті орау»

Сусымалы заттарды сапыру»

Әрекет үстіндегі құмды қолдану.

Тіл құзіреттілік дамыту сабақтарында мен келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

1. Әңгімелесу «бөлмедегі құммен ойнау ережелері» бұл сабақта мен топттағы не істеуге болады және не істеуге болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерге тасуға т.б.)

2. Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялдары туралы әңгімелейді.

3. Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып отырып бұл процесті өте ұзақ қарап отыра алады. Бұл көрініс оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері туралы әңгімелейді.

Математика сабақтарында төмендегіндей жаттығуларды қолданамын:

1.«Өлше де сана». Балалар қасыкпен құмды өлшейді және санын санайды.

2.«Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды балалар түрлі белгілері бар қасықтармен өлшеп салыстырылады және санын санайды.

Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданамын:

1. «Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.

2. «Суретті құммен саламыз».  Сабаққа түрлі түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды  қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.

3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.              

Қорытынды.

Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы  сыртқы және ішкі  дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті.

Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз  пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.

   Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктерін дамыттым:

Шығармашылық

Танымдық

Интеллектуалдық

қарым–қатынас

Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда  маңызды рөл атқарады.

Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады.
Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі өте зор.





Жетекші пікірі

Жобада оқушының құм мен оның түрлері және құм терапиясы, құммен емделу жолдары туралы жазылған. Жоба оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жасалған. Жобада жалпы мәліметтер берілген мен оны құмның адам денсаулығы мен оның логикалық, эмоцианалды өзгеруіне көп көмегі болатыны туралы жүйелі түрде қамтылған. Әрине жоба өте ауқымды, теориялық бөлімімен қатар практикалық бөлімі бірге қамтылған. Құмның емдік деңгейінен бөлек оның құрамы, қаиеттері де толыққанды жазылған. Оқушының талғамына, талабына сай. Практика теориямен ұштасқан, бірін - бірі толықтыра отырып, жобада үйлесім тапқан. Құмның пайдалы тақырыбына жазылған жоба талапқа сай, ережелерді басшылыққа алынып жазылған.

Сондықтан Әбжаппар Айару «Құм терапиясы» атты ғылыми жобасын қорғауға жіберуге болады деп мақұлдауға болады.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Чудеса на песке» практикум по песочной терапии. Из-во « Речь» 2005 год

2.Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Игры в сказкотерапии» СПб 2008

3.М.В. Кисилева «Арт-терапия в работе с детьми»СПб 2006

4.Балапанов Е .Қ.Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері. Әдістемелік нұсқау-Алматы,2005жыл.

5.Венгер Л.А. Қабылдау мен оқыту-М.Просвещение 1969жыл

6.Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Практикум по сказкотерапии СПб 2013

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.02.2021
2787
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12