Қала атауы Мектеп атауы
Жoбaның тaқырыбы:
«Солақай балалардың психологиялық ерекшеліктері»
Ceкцияcы:
Oқyшы:
Ғылыми жeтeкшici:
Қала атауы 2024 жыл
Мaзмұны
Aннотация................................................................................................................
І.Кіріспе....................................................................................................................
1.1 Солақайлықтың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.
ІІ.Негізгі бөлім........................................................................................................
2.1 Солақай кемістік емес........................................................................................
2.2. Солақайлықты анықтаудың зерттеу әдістері..................................................
ІІІ.Зерттеу бөлімі...................................................................................................
ІҮ.Қорытынды.......................................................................................................
Пaйдaлaнғaн әдебиеттер тізімі.............................................................................
Аннотация
Өзектілігі: Солақай бала мектеп табалдырығын аттағанда қиыншылыққы тап болады. Мәселен, мұғалімнің «қаламыңды оң қолымен ұста», «неге қарындашты тағы сол қолыңмен ұстадың?» деген секілді ескертулері балаға ыңғайсыздық тудырады. Қанша талап қойылса да, оң қолымен жұмысты орындау өз нәтижесін бермеуі мүмкін. Осы орайда зерттеу жұмысында солақай балалардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқталатын боламыз.
Мақсаты: Солақай балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Міндеттері:
-
Солақайлықтың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелерін талдау;
-
Солақайлықты анықтаудың зерттеу әдістеріне шолу жасау.
Күтілетін нәтиже: Солақайлықтың психологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, оған кемшілік ретінде қарамай, тиімді жақтарын зерттеп, тәжірибе барысында оң қолмен жазатын оқушылар арасында есте сақтау қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
Гипотеза: Солақайлықтың пайдасын біліп, ұтымды қолдансақ ерекше дарын иелерін даярлау мүмкіндігі жоғары болар еді.
Әдістері: Теориялық зерттеу, талдау, синтез, жалпылау.
Ғылыми жаңалығы: Сыныптағы солақай балаларға зерттеу жүргізе отырып, солақайлықты оң қолмен жазатын оқушыларға да қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті мен функционалдық сауаттылығын дамыттық.
І.Кіріспе
Баланың мектепке даярлығын анықтауға арналған психологтар мен педагогтардың зерттеуінде балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенцияалын анықтау мәселелерінің аспектілері жан-жақты зерттелгені еш дау тудырмайды. Әлі де зерттелмеген мәселелердің қатарына солақайлық мәселесінің жататындығы да даусыз.
Осы уақытқа дейін өскелең ұрпақтың тәрбиесімен, денсаулығымен айналысқан мамандар солақайларды міндетті түрде онқайлыққа үйрету қажет деп есептейді. Баланың сол қолымен жазуға, әрекет еткен жағдайдағы мезетке дейінгі оның ойында бұрын байқалмаған астеникалық белгілер көрініс бере бастайды. Атап айтқанда бала тез шаршағыш болады, жұмыс істеу қабілеті төмендеп, сол қолының шаршап, басының ауырғандығының белгілері көрінеді. Осы аралықта баланың түнгі ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті шаппай, бойында ызақорлық, ұстамсыздық, қызбалық байқалып, ата-аналарына, тәрбиешілеріне «қарсылық» реакциясы жиіленеді. Асқынып кеткен жағдайларда тұтықпа, дәретін ұстай алмау жағдайлары орын алады.
Солақайларды «оңқайлыққа» ешқандай жағымсыз жағдайларсыз-ақ қайта үйретуге де болады. Сондықтан балаларды қайта үйрету мәселесі әрбір нақты жағдайға сәйкес, атап айтқанда олардың денсайлық жағдайларын, ағзаның бейімделе алу мүмкіндіктерін, физиологиялық алғы шарттарын, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Кейде солақайлардың өзі қайта үйрету дағдыларынсыз да баланың психикасына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдай да солақайлықпен қосарлана жүретін оның сыртқы белгілерін тексере отырып, қайта үйреткен жөн. Ал егер де солақайлық тұқым қуалаған болса, қайта үйрету әрекеттерінің жүзеге асырылмағаны дұрыс.
Солақайлық, әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Сондықтан өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін солақайлармен күресу КСРО көлемінде кең етек алып келді. Бірақ бұдан ештеңе шықпады. Керісінше солақайлардың психикалық жарақаты пен неврозға, тіл кемшіліктеріне әкеліп соқтырды.
1.1.Солақайлықтың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері
Ғалымдардың зерттеулері бойынша шынымен адамзаттың көп бөлігі оң қолды, тек 5-12 пайызы ғана солақай екені анықталып отыр. Бірақ солақай мен оңқайларды бір жақты топтар деуге болмайды. Олардың ішінде жоғары дәрежелі солақайлар және жоғары дәрежелі оңқайлар болады.
Көптеген шет елдердегі зерттеулерге де көз жүгіртсек, солақай балаларды оң қолға үйретпейді, керісінше оларға арнап арнайы оқулықтар, құрал-жабдықтар солақайлармен тиімді қарым қатынас жасайу арқылы олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалатындығы айтылады. Көптеген шет ел қалаларында солақайларға арналған түрлі тұрмыстық заттар, дене тәрбиесіне арналған құралдар, іс машинелері сол қолға арналған компьютерлер және де қажетті заттар сатылатын арнайы дүкендер бар. Өкінішке орай, біздің елемізде солақайларға қатысты мұндай жасау ескерілмеген.
Атақты американ оқымыстылар С.Спрингер мен Г.Дейч өздерінің «Сол ми, Оң ми» атты еңбектерінің бір тарауын сол қолдың құпиясы деп атаған. Онда мынадый түйіндер айтылған: «... біз әлі де солақайлар оңқайлардан несімен ерекшеленеді және солақайлық потологияға жатпай ма?» деген сұраққа жауап таба алмадық, дейді.
Біздің қоғам адамдар құралған. Сол адамдар өзін ара егіздер, мүгедектер, мүмкіндігі шекетеулі, жетімдер т.б болып ерекшеленіп жатады. Солардың бірі -солақайлар. Олар да қатардағы адам. Алайда олардың қалған адамдардан айырмашылығы неде? Неге олар солақай болып туылады? Ең алдымен солақай деген кім? Солақай – оң қолынын гөрі, сол қолымен жазуға ыңғайланған немесе тума дарыған жеке тұлға.
Жалпы, олардың өз мерекесі бар. Бүкіләлемдік солақайлар күні ең алғаш рет 1992 жылы 13 тамызда аталып өткен. 1990 жылы бұл мерекені атап өтуді ұсынған - британдық Солақайлар клубы болып табылады. Мереке биыл халықаралық деңгейде жиырмасыншы рет аталып өткелі отыр. Бір қызығы, сол қолмен жазатын азаматтар жер бетіндегі тұрғындардың 45 пайызын құрайтын көрінеді.
Әлемдегі әрбір жүз адамның біреуі ғана солақай болып туылады. Қазір Жер шарында 6 млрд-тан астам адам болса, 60 млн адам солақай екеніне осыдан көз жеткізуге болады. Ана құрсағында жатқан шарананы дәрігерлер 10 -11 аптасында солақай немесе оңқайлығын анықтайды. Осындай қасиет әйелдерге қарағанда ер адамдардың бойында көп. Мұндай азаматтар әлемде Оңтүстік Азия, Шығыс Еуропа, Австралияда көбірек кездеседі. Ал Америка және Африка құрлықтарында солақайлар саны өте аз. Назар аударарлық-ақ нәрсе, десек те сәби неге солақай болып туылады? Күнен- күнге қарыштап дамып келе жатқан ғылым құрсақта жатқан жас сәбидің солақай немесе оңқай екененін небары 10-11 аптада анықтайтын дәрежеге жетіп отыр. Оны білу аса қиындық тудырмайды. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бас бармағын сорса- оңқай, сол қолының бармағын сорса-солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған. Ғалымдар сондай бір сәбиді ер жеткенше бақылағанда қателеспепті. Мамандардың бағалауына қарағанда, мұның әртүрлі себебі бар. Соның ішінде ақиқатқа жанасатыны - екі пікір.
Біріншісі - тұқым қуалаушылық, демек әке-шешесі немесе ата-бабасында осындай ерекшелік болса, ұрпағында да бұл жайт қайталанып отырады.
Екіншісі - патологиялық себептерден орын алуы мүмкін. Нақты айтар болсақ,ананың босануы кезінде немесе сәби іште жатқан кезде әртүрлі жарақат алуы ықтимал. Соның салдарынан қимыл-әрекет пен қуат сол қолға беріліп, солақайлық дамуы мүмкін дейді мамандар. Солақай болып туылған бала 5-6 жасқа дейін оның қиындығын еш сезінбеуі мүмкін. Ал мектеп табалдырығын аттаған тұста мұғалім ата-анасына «сіздің балаңыз солақай екен» деп сауал қоюы заңды. Бұған шамданып, «Жоқ, менің баламның денсаулығы дұрыс, бәрі жақсы» деп жауап беруіңіз мүмкін. Бірақ мектеп кезінде оң қолмен де және сол қолменде жазатын балалар қиыншылықтармен кездеседі, иа шынменде сол қолмен жазатын балалар көп қиыншылықтар өткереді.
Мысалы: жазу, сурет салу, сызу есеп және де т.б. Ақиқаты - солақайлық қалыпты жағдай. Сол қолмен жазатындарды «нашар немесе жаман кісі, бұл адам ағзасының кемтарлығы» деп еш уақытта атауға болмайды. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, солақай болып туылған 344 сәбилердің ми құрылымының дамуы алғашқыда баяу болып көрінеді, кейін уақыт өте келе бұл жағдай білінбей кетеді.
Генетикалық жағынан солақай болып туылғандар ми қабатының жарты шарының арасындағы бөлiнiске байланысты ол өз қалауына орай солақай түрде әрекет жасамаса, мұның соңы түрлi ауруларға, атап айтсақ, кекеш, тұтықпа секiлдi науқастарға әкеп соқтырады екен. Қалай айтқанда да, көптеген зерттеулер барысы көрсеткендей, адамдардың солақай болып туылуы олардың психологиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын білдіретін көрінеді. Жалпы, олардың оңқайлардан ерекшелігі байқалады, біріншіден мұндай адамдар аса талантты, дарынды болып келеді.
Солақайлардың миының оң жақ жарты бөлігі жақсы жұмыс істейді, сезімталдық пен есте сақтау, сараптау сияқты қабілеттер оларда жақсы дамыған. Сондықтан солақайлардан шығармашылық адамдары, суретшілер, сазгерлер, ақындар мен музыканттар көп шығады [1].
Жалпы, өткен дәуірге көз салсақ, бұрын солақайларға көзқарас дұрыс болмаған. Ертедегі Римде «Жаратқанның оларға көзі теріс түскен, солақайлық жауыздықтың белгісі» деп қарап, осылай туылған-дарды баскесерлік әрекетке итермелеген, оларды тапсырыспен кісі өлтіруге жұмсаған. Ал ертеде германиялықтар солақайларды «дүниеге ыңғайсыз келгендер» деп оларды мазаққа айналдырған. Жапондар болса, болашақ жары сол қолмен жазатынын біліп қалса, бірден ажырасатын болған. Ал ежелгі Русьте сот залында солақай адамдарды куә ретінде қатысуға тыйым салған. Орта ғасырларда қарт құрлық «солшылдарға» қатысты теріс көзқарас XX ғасырдың басында да жағымсыз күйінде келді. Британ психологы Кирил Берт «Солақайлар өмірге астамшылықпен қарайды, олар өзін қоярға жер таппайды, тағдыры қиындау болып өтеді» десе, неміс психологы Рудольф Херц «жақсы тәрбиеленген баланың солақайлығы кез келген қимыл-әрекетте бәрібір қолайсыздық тудырады» деп қорытынды жасаған. Бұл, әрине, ерте ғасырдан қалған ескі көзқарас.
Әлем танитын Моцарт, Леонардо да Винчи сияқты ғұламалар мен Lady Gaga, Джастин Бибер, Анджелина Джоли, Мэри-Кейт Олсен, Бен Стиллер және т.б. талай атақты солақай өнерпаздар шыққан. АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтон мен қазіргі президенті Барак Обама да солақайлардың қатарында. Ресейде солақай Николай Лесковтың «Левша» шығармасынан кейін «солақай» сөзі «өнерлі, шебер» деген ауыспалы мағынаға ие болған. Осының барлығы біртіндеп солақайлар туралы қалыптасқан теріс пікірлерді ығыстырып шығарды.
Бүгінгі таңда солақайларға қарасты көзқарас оңды шешімін тапқан. Ағылшын ғалымы Крис Макманус «Оң және сол қол» атты кітабында адамзат тарихында солақайлар «оңшылдарға» қарағанда, ғаламат дарынға ие болып, теңдессіз табысқа қол жеткізгенін жазады. Өткенге үңіліп қарасақ, шындығында да солай, Мыс: Әйгілі теннисшілер: Джон Маккинрой, Моника Селеш, Мартина Навратилова – солақайлар. Тарихта солақай бола тұра дарындылығымен танылған – Аристотель, Юлий Цезарь, Жанна д,Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Пушкин, Толстой, Шопен, Чаплин, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Исаак Ньютон, Марк Твен, Роберт Шума, Елизавета патшайым, оның ұлы Чарльз, немересi Уильям, Американың президенттерi – Рональд Рейган, Джордж Буш – ағасы, Билл Клинтон, Барак Обама, компьютер миллиардерi Билл Гейтс, Мэрилин Монро, Джулия Робертс, Пол Маккартни, Сильвестр Сталлоне, Том Круз, Николь Кидман, Селин Дион, Эминем… сынды көптеген тұлғалар бар болса, Нұрғиса Тiлендиевтiң домбыраны сол қолымен тартатынын дүйiм қазақ бiледi, халқымыздың тұңғыш музыкатанушысы Ахмет Жұбанов, еліміздің танымал суретшісі Гүлфайруз Исмайлова және т.б. Лондон Олимпиадасында абыройымызды асқақтатып алтын медаль алған Серік Сәпиев те солақай екен. Есімі белгілі қазақтардың ішінде де солақайлар баршылық [2].
Кезінде ұстаздар тарапынан жасалған қысымға қарамастан, солақай қалпынан жаңылмаған жандар да баршылық. Қазір олардың арасында түрлі қызметте жүрген адамдар бар. Солардың бірі – біздің әріптесіміз, Қызылорда қоғамдық теледидарының тілшісі Гүлнұр Бүркітбаева. Оның айтуынша, солақайлық туа бітті дарыған қасиет екен. Қанша тырысса да, оң қолмен жаза алмаған көрінеді. Шындығын айтқанда, біздің елімізде солақай адамдар мүддесін қорғайтын ешқандай қоғамдық ұйым жоқ екен. Бәлкім, ол біздің селқостығымыздан шығар. Дегенмен бұл тұрғыда ғалымдар тарапынан жүйелі зерттеу жұмыстары жасалса игі. Тіпті біздің елімізде қанша солақай адамдар бар екенін тап басып айту да қиын.Австралия нейрофизиология мемлекеттік университеті мамандарының пікіріне қарағанда, сол қолмен жұмыс істейтіндердің кез келген нәрсеге жауап қату әрекеті оңқай-ларға қарағанда жылдам екен және олар тапсырманы тез түсініп, тиянақты орындайтын көрінеді. Сонымен қатар олар компьютер ойындарын жақсы меңгеріп, дыбыстан жылдам ұшатын ұшақтарды сапалы басқарады деген болжам бар.
Солақайлар туралы қызықты ақпарат та көп-ақ. Олардың бойында ерекше қасиет болады. Олар ғылым, өнер, спортқа жақын келеді. Олардың мінез-құлқы да дербес. Мазасыз, қатал әрі эмоцияға көп беріледі. Солақай жандарды сабырға шақыру қиын. Жалпы, солақайлық адамзатқа ғана тән емес, Чикаго қаласының хайуанаттар паркінің мамандары шимпанзенің үштен екісі сол қолымен тамақ ішеді, ал ақ аюлар не- 345 гізінен сол алақанымен жейді деген мәлімет келтіреді. Негізі адам мен айуан арасындағы солақайлықта қандай ұқсастықтар бар, оған қатысты ғылым нақты бір тұжырымын айта қойған жоқ. Десек те, мамандардың бір дерегі ойлантарлықтай: сол қолмен жұмыс істей- тіндердің 80 пайызы аллергиялық ауруларға жиі ұшырайтын көрінеді, олардың арасында өзіне-өзі қол салатындар мен араққа әуестенетіндер көп. Тіпті олар оңқайларға қарағанда 5 жыл аз өмір сүреді деген де дерек бар. Дәрігерлердің әңгімесіне назар аударсақ, егер баланың әке-шешесі «оңшыл» болса, балаларының 67,3 пайызы оңқай, қалғаны солақай болып өмір сүреді екен. Ал егер керісінше болса, онда ұрпақтарының 48,9 пайызы оңқай, ал 27,7 аралас, 23,4 пайызы сол қолмен көбірек қимылдайтын көрінеді. Алайда бұл көрсеткіштер қаншалықты шындыққа жанасымды, бұл беймәлім нәрсе Солақайлық, әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Сондықтан өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін солақайлармен күресу КСРО көлемінде кең етек алып келді. Бірақ бұдан ештеме шықпады. Керісінше солақайлардың психикалық жарақаты пен неврозға, тіл кемшіліктеріне әкеліп соқтырды. Сондықтан Кеңес Одағында да 1986 жылы солақай балаларды оңқайлыққа үйренуге міндеттеу заң жүзінде тыйылған [3].
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарынан кейін де бұл үрдіс жалғаса берді. Кейбір орта мектептерде солақай баланы бірінші сыныптан оң қолмен жазуға тәрбиеледі. «Жас Отан» ЖҚ-ның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Самат Жәкенов осындай тәрбиеден өткен. Мұғалімдер қаламды оң қолына ұстатып қойғандықтан ол бастауыш сыныптарда өзінің солақай екенін білмеген. Тек жоғарғы сыныпқа өткен соң ғана жазуды оң қолымен жазса да, блық арауыр жұмыстарды сол қолымен атқаратынын байқаған. Қазір көптеген жас отбасыларда Солақай баланы қалай тәрбиелейді? Ол кемістік болып санала ма? Деген сұрақтар туындауда, және біз оған былайша жауап бере аламыз Жоқ солақайлық немесе кемістік емес Себебі, психологтардың пайымдауынша, олардың шығармашылық потенциалы мықты болады екен.
Солақайлар негізгі төрт топқа бөлiнеді екен.
1. Тұқым қуалайтын түрi.
2. Әйелдердiң кеш босануынан, сол себептi де толғақ ауыр жағдайда
болатындықтан, оң жақ қолдың жұмыс iстеуiне жауап беретiн мидың сол жақ жартышары зақымдануына әкеп соқтыруынан жаралған солақайлар.
3. Кесел жүре жабысады, бала кезiнде оң қолын жарақаттап, күйдiрiп алғандар, амалсыз сол қолға бейiмделедi.
4. Әдейi елiктеп жүрiп солақай болғандар
Солақай адамға оң қолмен істе деп міндеттемеу керек. Себебі мединициналық мәліметтердің айтуынша солақайларды оңақай қолға үйрету мүлдем дұрыс емес. Өйткені олар демікпе кекеш ауруларына шалдығатын көрінеді
Солақайларды анықтау оңай егер оған қалам немесе қарындаш берсеңіз олар оны сол қолымен алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың оң немесе сол қолымен жазатынын анықтау оңай себебі олар қай затты ұстасада сол қолымен ұстап сол қолымен қимылдайды. Көп жағдайда солақай балалар мектепке барғанда өз жолдастарына қарағанда қиналады, себебі оларда қабылдау қасиеті баяулайды да, физиологиялық жағынан шаршаңқы болады, бірақ бұл үнемі осылай қалады деген сөз емес себебі бұл уақыт өте кетеді.
Не себепті мектепке барғанда балалардың оң немесе сол қолмен жазатыны анықтайды? Себебі мектеп жасына дейінгі балардың қабылдауын, қабілетін, мінезін жас ерекшелгін ескереді. Француз ғалымы Озьянстың зерттеулері бойынша сол қолмен жазатын баларды анықтау үшін мынадай төмендегі тапсырмаларды орындату қажет. Олар:
1. Бөтелкенін қақпағын бұрап жабу
2. Сіріңке жағу
3. Қағазды қайшымен кесу
4. Түйме қадау
5. Аяқ киім тазалау
6. Жіп орау
7. Бір ыдыстан екінші ыдысқа су құйу
8. Гайканы шешіп алу
9. Инемен бір нуктеге тию
10. Кішкене заттарды кішкене целиндрға салу
11. Карточкаларды құрастыру
12. Кішкене тесіктер жасау
13. Суретті өшіргішпен өшіру
14. Инеге жіп сабақтау
15. Өзіңнен шаң сілку
16. Жіңішке бутылкаға тамшы тамызу
17. Стаканнын ішінен түймені қасықпен алу
18. Сылдырмақпен қоңырау шалу
19. Құлыпты ашып, жабу
20. Стаканнан бір екі ұрттам су ішу
Сол қолымен жазатын балалар көбінесе сезімшіл, нәзік, мазасыз, уайымшыл сонымен бірге шаршаңқы және жұмыс істеу қабілетінің төмен екені байқалады. Шындығын айтқанда, біздің елімізде солақай адамдар мүддесін қорғайтын ешқандай қоғамдық ұйым жоқ екен. Бәлкім, ол біздің селқостығымыздан шығар. Дегенмен бұл тұрғыда ғалымдар тарапынан жүйелі зерттеу жұмыстары жасалса игі. Тіпті біздің елімізде қанша солақай адамдар бар екенін тап басып айту да қиын
Сондай-ақ, оңқайларға қарағанда солақайлар өмірде біраз қиындықтарға тап болады екен. Өйткені, көбіне керек дүниелер оңқайлардың ыңғайына жасалған. Ал оған бейімделу солақайлар үшін біраз қиындық тудырары сөзсіз. Айта кетейік, солақайлық мін емес, керісінше, ол сыры мен құпиясы көп өзінше бір әлем. Ендеше, онан қашудың қажеті жоқ, қайта оны әр адамның басына қона бермейтін ерекше қабілет, Алланың пендесіне берген айрықша сыйы деп қабылдауымыз керек.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Солақай кемістік емес
Қоғамда оң қолына қарағанда сол қолы іске икемді болып келетін, сондықтан барлық қызметті сол қолымен атқаратын жандар кездеседі. Оларды біздер солақайлар деп атаймыз. Тіпті жұмыр жердегі әр он баланың бірі солақай болып туылады екен.
Табиғи жаратылыс
Кей балалардың әрекетінде сол қолдың екіншісінен басым болу сипаты кішкентай кезінен байқалады. Анық байқалатын солақайлықпен бірге кейде бала кезінен оң қолды пайдалануға еркінен тыс дағдыландырылған адамдардың күйзелген уақытта сол қолды пайдаланатын кезі, яғни жасырын солақайлық та (амбидекстрия) кездеседі. Туылғаннан солақай жандар жазу-сызуды оңқайлармен бірдей игеріп, психикалық және физиологиялық дене дамуының барлық сатыларынан қалыпты өтіп, толыққанды тұлға болып қалыптасады екен. Ата-аналар кей жағдайда солақайлыққа бейім ұл-қыздарына қатаң талап қойып, оң қолын пайдалануға ырқынан тыс көндіруге тырысып бағады. Алайда, ата-аналардың бұл ісін құптамайтын мамандар мұндай әрекетті қажетсіз әрі зиянды санайды. Өйткені оның соңы психикалық «жарақат» пен жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына, тіл мүкістігіне апарып соқтыруы мүмкін. Негізінен солақайларды төрт топқа жіктеуге болады. Олар – тұқым қуалаушылық, әйелдердің кеш босануы салдарынан толғақ ауыр болған жағдайда оң жақ қолдың жұмысына жауапты мидың сол жақ жарты шарының зақымдануынан, оң жақ қолдың жарақаттануы салдарынан амалсыз сол жақ қолға бейімделушілік, еліктегіш солақайлар. Топтардың ішінде үшіншісіне көз жүгіртсек, кей уақытта солақайлықты жүре жабысатын кеселдің қатарына жатқызуға да болады екен. Ал табиғи жаратылысынан солақайлыққа бейім жандарға түсіністікпен қарағанымыз жөн. Психологтардың пайымына сүйенсек, мұндай санаттағы адамдар ерекше қасиетімен, шығармашылық қабілетімен, зеректігімен дараланады. Бұған дәйекті дәлелдер көп, өйткені танымал, дарынды тұлғалардың көпшілігі солақайлардың қатарынан шыққан. Шетелдік әйгілі солақайларды айтпағанның өзінде қазақ елінде де мұндай абзал азаматтар жетіп артылады. Айталық, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиев, қазақтан шыққан тұңғыш спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов, талантты суретші Гүлфайрус Исмаилова, жерлесіміз, әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасовты т.б. халық жақсы біледі. «Осы қасиетім қызыма берілген»
Біздің алғашқы кейіпкеріміз Айсәуле Сәбиева – қаламыздағы педагогикалық колледждің ұстазы. Ол дене тәрбиесінен дәріс береді. Бала кезінен солақайлыққа бейім болған Айсәулені анасы оң қолымен жұмыстануға үйретпекші болған. Алайда бұл әрекет нәтиже бермегендіктен, кейіпкеріміз күні бүгінге дейін барлық істі сол қолымен тиянақты тындырып келеді. Жасынан спортқа бейім Айсәуле Серікқызы қазақтың тоқыма өнерін де жетік меңгерген. Бір қызығы, ол тоқыма тоқу кезінде оң қолын пайдаланады екен. – Өзім туып-өскен жанұяда Бауыржан есімді інім де солақай. Сондай-ақ анам нағашымыз Өмірбектің жазу-сызуды екі қолымен қатар жазатынын айтып отыратын. Ал кейін отбасылы болып, тұрмыс құрғаннан кейін менің солақайлық қасиетім қызым Жанеркеге берілді, – дейді екі перзенттің анасы Айсәуле
Ата-әжесінің еркесі, бес жасқа қадам басқан Жанерке биыл даярлық тобында оқып жүр. Осы сәтте солақайлықтың тұқым қуалаушылық қасиетке ие құбылыс екенін қалайша мойындамассың? Педагогика саласында он жылдай қызмет етіп, шәкірттерін салауаттылыққа баулып жүрген Айсәуле Сәбиева – І санатты ұстаз. Әріптестері арасында да зор беделге ие болған педагог колледжішілік, қалалық, облыстық спорттық сайыстарда өз белсенділігімен көзге түсіп келеді. Тіпті облыстық деңгейде ұйымдастырылған жарыста үстел теннисінен «Үздік ойыншы» деген аталымға ие болыпты. Еңбек жолындағы тәжірибесін әркез әріптестерімен бөлісетін жас маман өз мамандығы бойынша типтік бағдарлама жасақтап, әдістемелік нұсқаулығын да таратып үлгерген.
Айсәуле Серікқызы кейінгі кездері студенттер арасынан да солақай жастарды жиі кездестіретінін айтады. – Өзге солақай жандарды көргенде олардың кейбір әрекетіне мен де таң қаламын. Мысалы, көпшілігі жазу жазғанда қаламды көлденеңінен ұстайды.
Бұл әрекет маған қолайсыз
сезіледі. Неге десеңіз, мен қаламды оңқай адамдар сияқты түзу
ұстап, қалыпты түрде жазамын,-дейді кейіпкеріміз.
«Спортты жақсы көремін». Мінез-құлқы дербес солақайлардың спортқа
жақын болатынын Айсәуленің де бойынан байқадық. Ал мектеп оқушысы,
өзі солақай Сырым Сергеев спорттық ойындарға, соның ішінде футболға
әуес екен. Қазақтың атақты батыры Сырым Датұлының 260 жылдығы
тойланған жылы қасиетті Сырым жерінде дүниеге келген оның есімін
ата-әжесі Сырымдай шешен әрі көсем болсын деп
қойыпты.
Отбасындағы қос ұлдың кенжесі
Сырымның ата-анасында да, олардың туыстарында да солақайлық қасиет
кездеспейді.
– Мені анам мектепке барған кезімде әріптерді оң қолыммен
жаздыртуға талпынып көрген. Бірақ онысынан түк шықпапты. Ал
мектептегі алғашқы ұстазым Жібек апай менің солақайлығымды байқап,
қаламды сол қолмен дұрыс ұстауға үйретті, – деген Сырым сол қолымен
жазу жазып, сурет салып, ал оң қолын көмекші ретінде
пайдаланады. «Атамекен» балалар аула клубының мүшесі
С.Сергеев қаладағы аула клубтары арасындағы спорттық іс-шараларға
қатысып, белсенділігімен көзге түсіп келеді. Сондай-ақ бос
уақытында ертегі-әңгімелерді қызыға оқитын кейіпкеріміз –
Х.Есенжанов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасының жас
оқырманы.
Сырым 2011-2012 оқу жылында «Үздік оқырман» аталымына ие болды. Биыл 6-сыныпқа аяқ басқан ол әдебиет пәнін сүйіп оқиды. Сонымен қатар өткен оқу жылының қорытындысы бойынша өзі білім алатын №1 орта мектептегі «Жұлдыздар шеруіне» қатысып, спорт, өнер саласындағы белсенділігі үшін мектеп директорының алғыс хатын иеленді. Бұған қоса Сырым – анасына қолғанат болып, қолы бос кезде үй шаруасына да көмектеседі. Фернандо Торрес, Зинедин Зидан, Лионель Месси сынды әлемге әйгілі футболшылардың ойынын қызыға тамашалайтын кейіпкеріміз өзі де достарымен жабдықталған жаңа спорттық алаңқайда доп тепкенді жақсы көреді.
Медицина ғылымы солақайлық ешқандай кемістік емес, ол табиғи қалыпты жаратылыс екенін дәлелдеген. Ол баланың дағдылауынан ғана емес, дүниеге келгенде солай жаратылып тууына байланысты. Барлық адамның миы екі жарты шеңбер бөліктен құралған. Адам денесінің оң жақ жартысын (оң аяқ, қол, құлақ, көз т.б.) мидың оң жақ жарты бөлігі басқарса, сол жақ бөлігіндегі басқа мүшелерді мидың сол жақ жарты бөлігі басқарады. Адамдардың басым көпшілігінде миының сол жақ жарты бөлігі басымдау, икемділеу билесе, бірсыпыра адамдардың оң жақ бөлігіндегі миы жетекшілік тізгінін алып кетеді.Демек, солақай жандардың сол жақ ми бөлігі жетекші. Сондықтан да оның сол қолы оң қолына қарағанда икемді әрі оңтайлы. Ал егер солақайға оң қолмен жұмыс істеуге шарт-талап қойылса, оның табиғи қабілеті, икемділігі, зейіні олқылыққа ұшырайды. Сол қолмен жұмыс істеуге шектеу қойылған бала кекештеніп қалуы ғажап емес. Сондықтан да солақайлықты кемістік көретін көзқарастан арылған абзал. Керісінше, оның табиғи қалыпты дүние екенін ескеріп, солақай балаға ерекше көңіл бөліп, оған қолдау көрсеткен жөн. Сол кезде ғана баланың икемділігі артып, қабілеті ашыла түседі.
1984 жылдан бастап Халықаралық
солақайлар конфедерациясының бастамасымен атап өтіледі. Әлем
тұрғындарының 10 пайызға жуығы -
солақай.
Бiр қызығы, дарындылардың денi солақайлар арасынан шығатын
көрiнедi. Себебi, психологтар оларда шығармашылық потенциал мықты
деген баға бередi. Тарихта солақай бола тұра дарындылығымен
танылған – Аристотель, Юлий Цезарь, Жанна д,Арк, Наполеон, Уинстон
Черчилль, Пушкин, Толстой, Шопен, Чаплин, Леонардо да Винчи,
Микеланджело, Исаак Ньютон, Марк Твен, Роберт Шума, Елизавета
патшайым, оның ұлы Чарльз, немересi Уильям, Американың
президенттерi – Рональд Рейган, Джордж Буш – ағасы, Билл Клинтон,
Барак Обама, компьютер миллиардерi Билл Гейтс, Мэрилин Монро,
Джулия Робертс, Пол Маккартни, Сильвестр Сталлоне, Том Круз, Николь
Кидман, Селин Дион, Эминем… сынды көптеген тұлғалар бар болса,
Нұрғиса Тiлендиевтiң домбыраны сол қолымен тартатынын дүйiм қазақ
бiледi. Есімі белгілі қазақтардың ішінде де солақайлар баршылық.
Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір
туар сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиевтің домбыра тартқанда буынсыз
бишіге ұқсайтындығы баршаға мәлім. «Спорт деген бір сиқыр» атты сөз
тіркесі бүгінгі таңда мақал-мәтелге айналып кеткен Сейдахмет
Бердіқұловта солақай болатын.Қазақтың танымал суретшісі Гүлфайрус
Исмаилова Ресейде оқып жүргенде сол қолымен сурет салудан ұялып
жүргенде, оның жанына келген ұстазы «сен ұялма, қай қолыңмен сурет
салған ыңғайлы сала бер» деп әлемнің әйгілі суретшісі Леонардо да
Винчидің де сол қолмен сурет салғанын
айтқан. Мамандар жер бетіне шыр етіп
дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын
айтады. Осыдан-ақ, солақайлардың сирек жаратылыс иесі екендігін
мойындамасқа амалымыз жоқ.
Солақайлық - әдетте туғаннан болатын, әрекет жасауда сол қолдың оң қолдан басым болу сипаты. Анық байқалатын солақайлықпен бірге, бала кезден оң қолды пайдалануға үйретілген адамның әдеттегі жағдайларда не аффекті жағдайында сол қолды да пайдаланатын жағдайы, жасырын солақайлық та (амбидекстрия) болады. Солақайлық әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Бірақ, солақайлар да нәзік моториканы игереді (жазу, сурет салу), психикалық және дене дамуының барлық сатыларынан қалыпты өтеді және толыққанды тұлға болып қалыптасады. Солақайлық қайта оң қолды пайдалануға үйрету қажетсіз және зиянды. Ол психикалық жарақат пен неврозға, тіл кемшіліктеріне, соның ішінде кекештенуге соқтырады.
2.2. Солақайлықты анықтаудың зерттеу әдістері
Солақайлыққа байланысты психолог Светлана Кужбанованың айтуы бойынша: - Солақай жандардың мінез-құлқында оңқайларға қарағанда аздаған ерекшеліктер кездеседі. Мысалы, олар сезімтал, ойлау қабілеті жоғары, қимылы ширақ, тез ашуланғыш келеді әрі кез келген нәрсеге мән беріп, уайымға берілгіш болады. Сонымен қатар солақайлар өздеріне тапсырылған істі бар жан-тәнімен жасайды. Баланың сол қолымен әрекет етуін алдымен ата-ана байқайды. Өйткені, ол қасықты, ойыншықтарды сол қолымен ұстай бастайды. Кейін мектепке келгенде оқушының қалам, қарындашты сол қолмен ұстауға бейімділігі көрініс береді. Әрине, біздің қоғамда солақайларға қиын. Себебі, үйдегі және жұмыс орындардағы кейбір заттар (есіктің тұтқасы, компьютер тышқаны, өндірістік құрал-жабдықтар) оңқайларға арналып жабдықталған. Кеңес үкіметі кезінде солақай жандарға деген көзқарас басқаша болды. Оларды оң қолмен жұмыстануға еріксіз мәжбүрлейтін еді. Алайда қазір бәрі басқаша, қоғам да бұл құбылысқа мойынсұнды. Кезінде атағы әлемге әйгілі болған Аристотель, Юлий Цезарь, Леонардо да Винчи сынды тұлғалар да солақай болыпты
Солақайлармен күрес тоқтатылса да, олардың өмірде кезіктіретін қиындықтары аз емес. Мысалға тұрмыстық қажетті заттар оңақайлардың ыңғаймен жасалған. Солақайлар үшін оң қолмен жұмыс істеуге арналған қайшы, компьютердің тышқаны сияқты құрылғыларды қолдану ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан сол қолдыларға оң қолмен де қызмет істеуді үйренген артықтық етпейді. Атақты ғұлама Леонардо да Винчи солақай болса да, екі қолымен бірдей жұмыс істей алған.
Жас отандық Самат Жәкенов та қазір екі қолын бірдей санайды. Кезіндегі мұғалімдердің оң қолмен жазуға баулуы қателік болғанымен өз пайдасын тигізген сияқты. Өйткені ол оңақайларға арналған кез-келген затты еш қиналмастан іске жарата алады. Мұндай екі қолын бірдей игерген адамдарды амбидекстр деп атайды.
- Ауылдан шыққан бала болғандықтан аралау, шеге қағу сияқты үй шаруасындағы жұмыстарды екі қолмен бірдей атқара аламын. Сол қолым талса, оң қолыммен істеуге көшемін. Бірақ одан жұмысымның сапасы өзгермейді, – дейді Самат Жәкенов.
Солақайларға оң қолмен жасалған істің берекесі болатынын ұғындырып жүрген жалғыз Ислам діні десек те болады. Өйткені шариғатта сол қолмен жасалған істерді дұрыс көрмейді. Бірақ оның өзін Алла дарытқан қасиет деп санайды.
Облысымыздың талантты жас айтыскер ақыны Әлібек Серғалиев те солақай. Ол белгілі дәулеткер күйші, жүрекке жақын қолымен талай туындысын өмірге әкелген Нұрғиса Тілендиев сияқты домбыраны сол қолымен ойнайды.
Жеке тұлғаға бағытталған оқу проецесін тиімді ұйымдастыру ықпал ететін баланың жеке ерекшеліктерін: мінез – құлқы мен өзін – өзі ұстай білуін, оқуға деген қызығушылығын, танымдық қызығуын сипаттайтын бірнеше әдістемені ұсынып отырмыз.
Кесте №1 Психологиялық зерттеу әдістері

ІІІ.Зерттеу бөлімі
Солақай балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында жетекшімнің көмегімен сыныптастарыма зерттеу жүргіздім. Сол қолмен жазатын сыныптастарымда есте сақтау қабілеттері өте жақсы дамығанын байқадым және шығармашылық қабілеттері басқа оқушылармен салыстырғанда едәуір жақсы. Осы орайда, жетекшім екеуміз тәжірибе жүргізіп көрдік. Күніне 10 минут уақыт оң қолмен жазатын оқушыларға сол қолмен жазып үйренуге кеңес бердік. Оқушылардың барлығы күніне 10 минут сол қолмен жазып үйрену арқылы, 1 айда сол қолмен жазуды біршама меңгерді. Нәтижесінде, оқушыларда есте сақтау қабілеттері артып, функционалдық сауаттылықтары жақсарды.

ІҮ.Қорытынды
Біздің елімізде солақай адамдар жетерлік. Оған қалыпты жағдай деп қараймыз. Солай да шығар. Алайда олардың сырына қанықпыз ба? Бәлкім, оған үңіле бермеуіміз әбден мүмкін. Оны жасыра алмаймыз. Шетелде басқаша болуы да ғажап емес. «Олардың мұң-мұқтажына құлақ асатын арнайы ұйымдар жұмыс жасайды» деген әңгіме бар. Өкінішке қарай, бізде солақайлар мәселесіне мүлдем мән берілмейді.
Солақай баланы келешегіне кедергі келтірмей, қателік жібермей, оның еш кедергісіз әлеуметтік ортаға бейімделуі үшін ата-ана, мұғалім, тәрбиеші тарапынан баланың шынымен солақай екені анықтап алу басты мәселе. Осыған орай бала туғаннан бастап, оның қай қолы жетекші болатынын білуге болады. Яғни алғаш туған кезде қай жұдырығын тығыз жұмса, бесікте жатып сол жағына басын бұра берсе, сылдырмақты сол қолмен ұстаса, ұсынған затқа сол қолын берсе тағы басқа, осындай көріністер солақайлықтың алғашқы көріністері болып табылады. Солақай баланы оңқайлыққа қайта үйрету мәселесі-әрбір нақты жағдайда ағзаның анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, баланың әлеуметтік-бейімделуші қабілеттерін ескере отырып шешілуі тиіс. Оңақай бол, солақай бол мұның бәрі адам жаратылысына Алланың дарытқан қасиеті. Адамның міні сыртында емес, ішінде. Сондықтан сөз соңында істі қай қолыңмен емес, ең бастысы қандай оймен істегелі тұрғаның маңызды дегім келеді.
-
Қорытындылай келе солақай жандар жайында бізге мәлім болған кейбір жайттарды әңгімеледік. Ал бұл тылсым жаратылыстың сіз бен бізге беймәлім тұсы қаншама... Аталмыш тақырып аясындағы жобамызда есімдері әлі көпшілікке таныла қоймаған, айрықша ерекшеліктерімен өз ортасында ғана дараланып жүрген жастардың есімдерін келтірдік. Егер сіздің жаныңызда да әр адамның басына қона бермейтін қабілет – солақайлық қасиетімен көзге түсіп жүрген жандар болса, олардың да құпиясымен бөлісіп, психологиялық көмек беріп қолдап жүруіміз қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ энциклопедиясы. 7 том.
2. Үмбет ―Солақайлар сырына мҽн береміз бе? Мақала 06.11.2010 ж,
Мақаланың сілтемесі: http://www.alashainasy.kz/
3. А.Батталова ―Солақайлар сыры мақала 30.10.2010 ж, Мақаланың сілтемесі: http://syrboyi.kz/
4. Н.В Власова Психологическая диогностика в школе. Издательство ―Радиалт Астана 2005- 24 стр
5. Т.А Ломтева. Психологические особенности леворуких детей.
6. Фресс П. және Пиаже Ж. Экспериментальная психология. М., Прогресс 1975.
7.Петроский А.В., Шпалинский В.В. Социальная психология коллектива. М., 1978.
«Солақай балалардың психологиялық ерекшелектері» тaқырыбындaғы зeрттey жұмыcынa
Пiкiр
«Солақай балалардың психологиялық ерекшелектері» aтты шығaрмaшылық зeрттey жұмыcынa пiкiр бiлдiрe oтырып, oқyшы жұмыcты бaрлық тaлaптaр мeн eрeжeлeргe caй жaзғaн дeп aйтyғa бoлaды. Жұмыc үлкeн iздeнic үcтiндe, жүйeлi жacaлғaн. Зeрттey жұмыcы бaрыcындa oқyшы солақайлықтың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері жайлы зeрттeп, солақайлықты анықтаудың зерттеу әдістеріне шолу жасады. Сонымен қатар, солақай сыныптастарына зерттеу жүргізіп, солақайлықтың тиімді жақтарын зерттеп қарастырды. Бұл тaқырып зeрттey жұмыcы рeтiндe өзeктi мәceлe.
Жұмыcты жaзy бaрыcындa әртүрлi мәлiмeттeр жинaқтaды, бacпacөз мaтeриaлдaрымeн тaныcты, тәжiрибeдe қoлдaнa бiлдi. Бұл дeрeктeр тaқырыпты кeңiрeк aшып, жүйeлeyгe ceптiгiн тигiзгeнi aнық. Oқyшы өз қызығyшылығы мeн шығaрмaшылығын ұштacтырып, қoлдaғы бaр мүмкiндiктi пaйдaлaнa бiлдi. Ғылыми зeрттey жұмыcы бaрлық тaлaптaрғa caй oрындaлып, оқушы aлғa қoйғaн мaқcaт – мiндeттeрiнe жeттi. Зeрттey жұмыcының бeрeрi көп eкeнiнe дe көзiм жeттi.
Пiкiр бiлдiрyшi:
ҒЫЛЫМИ ЖОБА КҮНДЕЛІГІ
|
№ |
Жұмыс мазмұны |
Зерттеу әдістері |
Уақыты |
|
1. |
Солақай балалардың ерекшеліктері жайлы Зерттеу мақсатында жетекшімнің ұсынысымен зерттеу жұмысын жүргізуге дайындалдым. |
|
|
|
2. |
«Солақай балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбын таңдап, жетекшім берген мәліметтерімен таныстым. |
Жиналған материалдарды іріктеу. |
|
|
3. |
Жұмыс жоспарын жетекшімен бірге талдап, нақтыладым.Ғылыми жобаның нақтылы жоспарын құрдым. |
Талдау және жүйелеу әдістері |
|
|
4. |
Жобаға қажетті дерек көздерді таңдадым. Солақайлықтың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық мәселелері жайлы зерттеулер жасадым. |
Талдау және жүйелеу әдістері |
|
|
5. |
Ғылыми жобаның бірінші тарауын жазуға кірістім. Іріктелген материалдармен толық танысып, деректерді іріктей бастадым. |
Жиналған материалдарды іріктеу. |
|
|
6. |
Солақай кемістік емес екендігі жайлы деректер жинадым. |
Ізденіс |
|
|
7. |
Ғылыми жобаның негізгі тарауларын жазуға кірістім. |
Талдау және жүйелеу әдістері |
|
|
8. |
Негізгі тарау тақырыпшалары бойынша мәліметтер жинақтап бастадым |
Ізденіс |
|
|
9. |
Солақайлықты анықтаудың зерттеу әдістері жайлы зерттеп, мәліметтерімді реттедім. |
Талдау және жүйелеу әдістері |
|
|
10 |
Жетекшіме ғылыми жұмысымды тексертіп,айтқан ескертулері бойынша түзетулер жүргіздім |
Талқылау |
|
|
11 |
Зерттеу жұмысымның негізігі бөлігін аяқтап қорытынды бөлімін жазып жатырмын |
Талдау және жүйелеу әдістері |
|
|
12 |
Жетекшіме зерттеу жұмысымды тексертіп,айтқан ескертулері бойынша түзетулер жүргіздім. |
Талқылау |
|
|
13 |
Зерттеу жұмысымның барлық бөлімдерін өңдеп, редакцияладым. |
Жүйелеу. |
|
|
14 |
Жобамды компьютерге бастым. Талаптарына сай орналастырдым. Пайдаланған әдебиеттер тізімін жасадым. |
Жинақтау және жүйелеу |
|
|
15 |
Жобамды басынан бастап пысықтап шықтым. Жобалар сайысына дайындық жұмысын жүргіздік. |
Талдау |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба : Солақай балалардың ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз