400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба Абдіқаматова Ақжүніс 9 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Прогрессия тақырыбы ғылыми жоба болашақта жас мамандарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПРОГРЕССИЯ

ӘБДІХАМАТОВА АҚЖҮНІС

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ, СЫМБАТ ЖЕКЕ МЕКТЕБІ 9 – КЛАСС

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: ЕРМАШЕВА А.Т.


Өзектілігі: Бұл жұмыста, прогрессияның күнделікті өмірдегі алатын орны жайлы айтылады. Ол үшін әр түрлі авторлардың жазған алгебра оқулықтарындағы прогрессияға берілген есептер талданды.

Зерттеу мақсаты: Прогрессияларға анықтама беріп, оның қасиеттерін тұжырымдау. Мүмкіндігінше арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың қолданыс аясын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

- Әр түрлі оқулықтардағы прогрессияға байланысты есептерді оқып үйрендім.

- Бактериялардың белсенді көбеюіндегі, медицинадағы, фармакологиядағы, ауыл шаруашылығындағы, геометриялық прогрессияның, қолданыс аясының кеңдігін көрсеттім.

Зерттеу барысында ашылған жаңалықтар:

  • Қашан және қандай қажеттіліктен, адамдарда тізбек ұғымы пайда болды?

– Біздің жағдайымыздағы прогрессия

– Зерттеліп отырған мәселені шешуде, қай ғалымдар, үлкен үлес қосты.

Зерттеу әдістері:

- Формула бойынша мүшелерін тауып үйрендім; алғашқы мүшелерінің қосындысын таптым.

- Оқып үйрене келе, көптеген сұрақтар туындады.

- Прогрессия шын мәнінде күнделікті өмірімізде маңызды орын алама? – деген сұраққа жауап табуға тырыстым.

Зерттеудің нәтижесі

- Зерттеу барысында сан қатарларының шығу тарихына тоқталдым.

- Биологиядағы прогрессиялар

- Банктегі есептеулер

- Қиял ғажайып есебіндегі прогрессия

- Орыс әдебиетіндегі прогрессия

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:

Жұмысымды үш үлкен тарауға бөліп, жүйеледім.

- Ғылыми әдебиеттерге шолу тарауы.

- Заманауи оқулықтардағы прогрессиялар тарауында, қазіргі заманғы оқулықтарды қолдану арқылы.

- Прогрессиялардың қолданыс аясы тарауының материалдары, негізінен ғаламтордан алынды.

- Әлі де зерттеуді жалғастырып, болашақта өмірімді ғылым мен байланыстырғым келеді.





Кіріспе.

Прогрессия термині латын тілінен алынған, (progression, алға жүру дегенді білдіреді) және рим авторы Боэци (VI ғ) енгізген.

Бұл терминмен алғашында әр түрлі заңдылықтар бойынша бір бағытта жалғаса беретін, әр түрлі тізбектерді атайтын болған. Қазір прогрессия термині алғашқы мағынасында қолданылмайды. Ең маңызды екі прогрессия арифметикалық және геометриялық прогрессия өз атын сақтап қалды. Арифметикалық және геометриялық атаулары ежелгі гректер оқып үйренген үзіліссіз пропорциялар теориясынан ауысты. Прогрессияларға байланысты алғашқы мәліметтер, бізге Ежелгі Грецияның құжаттарынан жетті.

Ежелгі Египетте б.э.д Vғасырда гректер прогрессиялар және олардың қосындылары жайлы білді:

1+2+3+…+n = =2+4+6+…+2n = n·(n+1).

Прогрессияға қатысты кейбір формулалар, қытайлық және үнділік ғалымдарға да белгілі болды (V ғ.)

Кез келген шектеулі геометриялық прогрессияны қосудың жалпы ережесі, 1484 жылы жарыққа шыққан Н. Шюктің «Сандар туралы ғылым» кітабында кездеседі. Германияда жас ғалым Карл Гаусс (1777-1855) әп – сәтте 1 ден 100ге дейінгі сандардың қосындысын, бала күнінде есептеп шығарды

1+2+3+4+…+98+99+100  = (1+100)+(2+99)+(3+98)+…+(50+51)=101×50 =5050.

Кез кеген шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысын табу формуласын  17-ғасырдың бірінші жартысында бірнеше математиктер ұсынды, олардың ішінде франсуз математигі Пьер Фермада бар еді.

Жекелеген арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың мысалдарын тіпті ежелгівавилиондық және гректік төрт мыңжылдық және одан да көп жыл бұрынғы  жазбалардан кездестіруге болады. Ежелгі грецияда б.э.д бес жүзжыл бұрын мынадай қосындылар белгілі болды:

1+2+3+…+n=  n(n+1);

1+3+5+…+(2n-1)=n2;

2+4+6+…+2n=n(n+1).

Б.э.д екінші мыңжылдыққа қатысты, Вавилиондық кестелерде,сол сияқты египеттік папирустарда , арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың мысалдары кездеседі. Бізге ежелден жеткен прогрессияның есептері адамдардың күнделікті тіршілігімен тығыз байланысты: тағамдарды бөлісу, енші бөлу т.с.с.

Ертеде есепшілер көбіне тастардың көмегімен санады, оларды  дұрыс фигуралар түрінде жинай білді.

Негізгі бөлім.

1.1 Архимед еңбектеріндегі прогрессиялар.

Архимедтің еңбектерінде (б.э.д. 287-212жж) прогрессиялар жөніндегі алғашқы мәліметтер жарияланған.

Архимед дөңгелектің ауданын қалай есептеген…

Алғашында Архимед дөңгелекке алтыбұрышты іштей сызды, сосын әр қабырғасына теңбүйірлі үшбұрыштарды салды – он екі бұрыш пайда болды.

Біртіндеп қабырғаларды екі еселей отырып, Архимед 24- бұрышты, 48- бұрышты,  ақыр соңында 96- бұрышты алды. Салынған көпбұрыштар біртіндеп дөңгелектің ауданын жапты. Бұл әдіс Архимед өлген соң 2200 жылдан кейін заманауи геоиетрия оқулығының беттерінен көрінді.

Архимед өз зерттеулерінің барысында, еселігі ¼ болатын шектеусіз геометриялық прогрессияның қосындысын тапты, бұл математикадағы шектеусіз тізбектің алғашқы мысалы еді.

Кейбір геометриялық және механикалық есептерді шешуде, Архимед натурал сандардың квадраттарының қосындысының формуласын қорытып шығарды алайда бұл формула оған дейін белгілі еді:

Прогрессиялар арасындағы байланысқа бірінші болып, ұлы Архимед назар аударды. Архимедтің ойлары, 1544 жылы неміс математигі Михаил  Штифелдің  «Жалпы арифметика» деген кітабы жарыққа шыққанда белгілі болды. Ол төмендегідей таблица құрды:

-4

-3

-2

-1

0

1

2

3

4

5

6

7

1/6

1/8

1/4

1/2

1

2

4

8

16

32

64

128

 

Жоғарғы жолда айырмасы 1ге тең арифметикалық прогрессия, төменгі жолда еселігі  2ге тең геометриялық прогрессия орналасқан.

Егер an·am=an+m  және  am:an=am-n тепе теңдіктерін ескерсек Штифелдің төменгі жолын былай жазуға  болады:

 

1/6

1/8

1/4

1/2

1

2

4

8

16

32

64

128

2-4

2-3

2-2

2-1

20

21

22

23

24

25

26

27

1.2. Геометриялық фигуралар мен байланысты тізбектер.

Пифагор (IV ғ.б.э.д) және оның оқушылары геометриялық фигуралар мен байланысты тізбектерді қарастырды. Үшбұрыштардағы, квадраттардағы, бесбұрыштардағы сандар тобын есептей келе, олар төмендегідей қорытындыға келді.

—  үшбұрышты сандар тізбегі (ап ) 1, 3, 6, 10, 15, … ;

—  квадраттық сандар тізбегі (bп)  1, 4, 9, 16, 25, … ;

—  үшбұрышты сандар тізбегі(сп) 1, 5, 12, 22, 35, ..

Осы тізбекті п-мүшесінің формуласы арқылы берейік.

а1 = 1, а2 = 1 + 2, а3 = 1 + 2 + 3, ап = 1 + 2 + 3 + … + п.

Сондықтан:

ап = (1 + п ):2·п.

Осы тізбекті п-мүшесінің формуласы арқылы берейік.

b1= 1, b2 = 1 + 3, bз = 1 + 3 + 5, …, bn = 1 + 3 + 5 + … + 2п- 1.

бұдан,

bn =(1+2n-1):2·n;  bn=n2.

Сандардың квадраттарының формуласына келдік.

Осы тізбекті п-мүшесінің формуласы арқылы берейік.

с1= 1, с2 = 1 + 4, сз = 1 + 4 + 7, …,  сn = 1 + 4 + 7 + … +(1+3( п— 1)).

Бұдан,

сn =(1+1+3( п— 1)):2·n;  сn=(3n-1)·n/2

Фибоначчи есебі:

Бір адам қояндар жұбын, қоршалған бір жерге орналастырды. Ол бір жылда қанша қояндар жұбы туатынын білгісі келді. Қояндардың табиғатында, әрбір жұп бір айдан соң, дүниеге бір жұп әкеледі; ал қояндар туғаннан кейін екі айдан соң балалайды.

Егер біз алғашқы жұптың жаңа туғанын ескерсек, екінші айда да бұрынғыдай, бір жұп болады; үшінші айда – 1+1=2; төртінші айда —  2+1=3(мұндағы екі жұптың біреуі ғана ұрпақ беретінін ескереміз); бесінші айда – 3+2=5 (үшінші айда туған жұп ұрпақ берді); алтыншы айда- 5+3=8 жұп (төртінші айда туған жұптар ғана ұрпақ береді)т.с.с.

«Бір жұптан жылына қанша ұрпақ тарайды»

айы

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қояндар жұбы

0

1

1

2

3

5

8

13

21

34

55

89

144

0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55 және сол сияқты сандар қатары Фибоначчи қатары болып табылытынын біз білеміз. Бұл қатардың ерекшелігі: 2 + 3 = 5; 3 + 5 = 8; 5 + 8 = 13, 8 + 13 = 21; 13 + 21 = 34 және т.с.с. Осылайша n- айдан кейінгі жұптардың санын uk деп белгілесек, онда u1=1, u2=1, u3=2, u4=3, u5=5, u6=8, u7=13, u8=21 және т.с.с. және бұлар ортақ заңмен реттеледі:

un =un-1 + un-2 және  n >2.
1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89, 144, 233, 377, 610, 987, 1597 …
шыққан сан тізбегін жалғастырсақ,  Фибоначчи қатарын аламыз. Фибоначчи сандары — сандық тізбектің элементері  үшіншісінен бастап әрбір сан өзінің алдындағы екі санның қосындысы болып табылады. Орта ғасырдағы математик  Леонардо Пизанскидің атымен аталған.

Тізбектің қарапайым қасиеттері

  1. Фибоначчидің алғашқы n- санының қосындысы:

u1+u2+…+un=un+2 -1.

Фибоначчидің тақ нөмірлі сандарының қосындысы:

u1+u3+u5+…+u2n-1=u2n.

Фибоначчидің жұп  нөмірлі сандарының қосындысы:

u2+u4+…+u2n=u2n+1 -1.

Фибоначчидің алғашқы  n- санының квадраттарының  қосындысы:

Фибоначчи тізбегінде әрбір үшінші сан – жұп, әрбір төртіншісі 3ке бөлінеді, әрбір бесіншісі 5ке бөлінеді, әрбір он бесіншісі 10ға бөлінеді.

un+m=un-1um+unum+1  (1)

1) (1) формуласындағы  m=n болсын,     u2n=un-1un +unu n+1  немесе u2n=un(un-1+un+1) болғандықтан  un=un+1-un-1u2n =(un+1-un-1)(un+1+un-1)  немесе u2n=(un+1)2-(un-1).2 болады.

Ендеше Фибоначчи сандарындағы, реттік нөмірлерінің айырмашылығы екіге тең, екі санының квалраттарының айырымыда, Фибоначчи саны болады.

2) m=2n болсын  u3n=(un+1)3+(un)3-(un-1)3.Егер n – орнының нөмірі болса, онда

мынадай  және екі иррационал санның көмегімен, Фибоначчи қатарының кез келген мүшесін (1) формуламен табуға болады.

Евклидтің шығармаларында «Бастамалар» (б.э.д.  300ж) геометриялық прогрессияға байланысты ауызша теорема бар, оны мынадай теңдікпен көрсетуге болады.

1.4.Ертедегі Индия аңызы

Ертедегі Индияның  патшасы Шерам, шахматты ойлап тапқан өнертапқыш Сетаны өзіне шақырып, осындай тамаша ойынды ойлап тапқаның үшін не сыйлайын деп сұрапты.

Сонда өнертапқыш,  патшадан шахмат тақтасының бірінші клеткасына

1 дән, екіншісіне – 2 дән, үшіншісіне  – 4, төртіншісіне – 8 және т.с.с.., яғни әр клеткаға, алдыңғыдағыдан екі есе артық дән салуын сұрапты.

Алғашында патша осыншалық аз сұранысқа таң қалады да, тезірек Сетаның өтінішін орындауды бұйырады.

Алайда патша сарайындағы «қор» бұл өтінішті орындауға қауқарсыз болып шығады.

Шын мәнінде бұл өтінішті орындау үшін, мына қосындыға тең дән керек еді 1 + 2 + 22 +.. + 263, ал бұл қосынды 18446744073709551615 ке тең. Егер1 пуд дән  40000 дәннен тұратынын ескерсек, өтініш орындалу үшін  230 584 300 921 369 пуд дән керек . Егер жылына   1 000 000 000 пуд дән жиналады деп ұйғарсақ,  өткізу керек (бір де бір дән шығын болмаған жағдайда).

Шахматты ойлап тапқаны үшін өнертапқыш,

S64=264-1=18446744073704551615  дән алар еді.

Барлық дән: 18 квинтиллион 446 квадриллион 744 триллион73 миллиард (биллион) 709 миллион 551мың 615

Бұл санның стандарт түрі:    

S 64 = 264 – 1 = 1,84 · 1019

Қорытынды

Бұл  ғылыми жобада  тізбектерді таңдап алған себебім, 5-6 сыныптарда өткен «Қызықты математика» факультативтерінде, қарапайым сандардың орналасу заңдылықтары мені және менің сыныптастарымды өте қызықтырды. Сандар тізбегінің алуан түрлі орналасуы мені көп ойландыра бастады. Сосын 7 сыныптан бастап сан тізбектерін зерттей бастадым. Сандардың орналасу заңдылықтарын зерттей келе мектеп курсында, «Прогрессиялар» деген үлкен тарау бар екенін білдім және оқып үйрендім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Математика ғалымдарының өмірі мен ғылыми еңбектері. Москва.: Просвещение,1976. 56,98,217,265 б.

  2. Алгебра. 9 класс. В 2 ч. Ч.1. Учебник для общеобразовательных учреждений/ А.Г.Мордкович. – 9-е изд., стер. – М.:Мнемозина, 2007. – 231 б.;

  3. Математика. Алгебра.Функции. Анализ данных.9 кл.: Учебник  для общеобразовательных учебных заведений/ Г.В. Дорофеев , С.Б. Суворова, Е.А. Бунимович, Л.В. Кузнецова, С.С. Минаева; под ред. Г.В. Дорофеева. -М.:Дрофа, 2000,-352б.;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі