Ғылыми
жоба
Агибаева Алтынай: 4
сынып
Домбыра - халық
мұрасы
Кіріспе
Жобаның
өзектілігі:
Ұлтымыздың әдет – ғұрпы
мен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата -
бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Отанға деген, еліне деген
сүйіспеншілік қасиетін
арттырады.
Жобаның
болжамы:
*Қазақтың рухын көтеретін
– қоңыр үнді домбыра. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақ
жастарының ақыл - ойы, санасы өзгерер
еді.
*Егер де әр қазақтың үйінде төрінде домбыра
болса және оны балаға жастайынан үйретсе,
«Домбыра тартқан бала ешқашан жамандыққа
бармайды», «Домбыра тартқан бала
адаспайды» деп ертеде ата - бабамыз текке
айтпаған.
*Қазіргі заманда қазақ жастарының домбыраға
деген, менсінбеушіліктері қалыптасып еуропа әуеніне
көп еліктеп домбыраның қоңыр үні артта қалып
жатқаны.
Нәтижесі:
*Сыныптағы оқушылардың 100 пайызы домбыра
үйірмесіне қатысып, домбыраның қасиетін
түсініп, тартып үйренер еді
*Сәтбаев қаласының мәдениеті
дамиды
*Балалар демалыс күндерін тиімді өткізер
еді.
Зерттеудің мақсаты мен
міндеті
Ұлттық аспап- домбыра
балалардың ой – өрісін қалыптастыратын білгірлікке шындайтын бірден
- бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытың көңілді
өткізіп, денсаулықтарын шыңдай түсуімен бірге халықтың салт –
дәстүрін үйретіп, шығармашылық қабілеттерін
дамытады.
Зерттеудің практикалық
маңызы
Бұл ғылыми зерттеу жұмысын кең
көлемде және әртүрлі бағытта қолдануға болады.
Мәселен:Ертеңгіліктер,апталықтарда,әртүрлі сайыстар ұйымдастырғанда
осы материалдарды қолдануға
болады.
Зерттеудің
негізі
Қазақ халқының мұрасын тәрбие
көзі негізінде пайдалануға мүмкіндік
туады.
Зерттеудің шешу
әдісі
Алдына қойған мақсатқа жету
үшін, тақырыпты жан –жақты ашу, іздену, талдау, жинақтау тәсілдерін
қолдандым.
Домбыра жүрегіммен үндес
едің,
Өзіңмен сырласымдай
тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен
болмасаң
Өнердің не екенің білмес
едім.
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары,
пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыраның
құрылысы Басы- екі құлақ бекілетін
жері. Шайтан
тиегі- екі ішек орналасатын
жері. Мойыны- перне байлайтын
жері. Шанағы-дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс
кеудесі. Беті- шанақтың қақпағы, екі ішекті қағып, дыбысты естіртетін
жері. Дыбыс ойығы-қақпақтың дөңгеленіп ойылған
тесігі. Тиек- қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын алмалы-салмалы
ершік. Түймесі(ілгек)- шанақтың артындағы ішекті бекітетін
жері. Екі
құлақ- домбыраның басындағы
екі ішекті ң ұшы бекітілетін
жері.

Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге
келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық
аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады.
Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық
аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық
шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған
қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.
Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде
перне саны 5 - 7 дейін болса, кейін 9 - 19 дейін жеткен. Қазақстан
жерінде домбыра пішіні түрлі болған. Мысалы: Оңтүстік пен батыс
өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе,солтүстік және
шығыс өлкелерінде,көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп
жасалынған. 6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда
шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр. Алайда
оларға ешқандай кінә таға алмайсыз, себебі бұл аспапты дайындаудың
әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін
арнайы зерттелуі қажет. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз
— әңгімелерге жүгінуге болады.
ДОМБЫРА - ХАЛЫҚ
МҰРАСЫ
Домбыра аспабы да адам сияқты: басы, ішегі,
мойны, тілі, кеудесі болады.
Мен де осы саналы пікірлерді біле отырып,
домбырада ойнауды алдыма мақсат етіп қойдым. Сондықтан домбыра
аспабы туралы деректерді іздеп, зерттеп, оқып,оның құрылысын білуді
дұрыс деп таптым.
ХАЛЫҚ
КҮЙІ «Нар
идірген»
Күй –бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары
аспаптық жанр, онда табиғат құбылыстары, тарих оқиғалар, халық
мерекелері, жан-жануарлар, аңыз-ертегілер, жеке адамдар, адам
сезімдері, түрлі оқиғалар мен құбылыстар
суреттеледі.
Ботасынан
айырылған түйе боздай берген екен.
Сонда дана қарт: «Түйені тек қана күймен иітуге
болады»,- дейді.
Шал домбырасын қолына Көс-көс маям, көс маям,
айналайын, айналайын, жаным, жаным»,- деп күй тартып, түйені иіте
бастайды. Жігіт домбырасын тартқан кезде
қыз түйені сауа бастаған
екен
Шал: «Өттің қайран,
күнім-ай,-деп қайғырып күй
тартады
Түйе шалдың шапанын иіскеп,
соңынан ере беріпті.
Шал қыз бен жігітті қосып, ақ
батасын береді.
Құрманғазы Сағырбайұлы-Жиделі
деген жерде дүниеге келген.Құрманғазының «Сарыарқа», «Серпер»,
«Кішкентай», «Аман бол,шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Түрмеден
қашқан», «Кісен ашқан», «Жігер», «Балбырауын» т.б көптеген күйлері
бар.Оның күйлерінде өршіл рух, жігер, қайсарлық, заман құбылыстары
айқын суреттелген.
“Ән
домбыра, сән домбыра”.
Екі ішектің бірін
қатты,
Бірін сәл-сәл кем
бұра.
Нағыз қазақ, қазақ
емес.
Нағыз қазақ –
домбыра”
Домбыра аспабының
қасиеттілігі:
Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра – шежірені білуді талап етеді
Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді,
денсаулықты нығайтады.
Домбыра – иманды болуға жол ашады.
Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге
баулиды.