жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба Алма
Қазақстан Республикасының білім мен ғылым министрлігі
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
«Алма жемісі»
Секция: «Дүниетану»
Орындаған: 1«А» сынып оқушысы: Рахметжанова Рамиля
Ғылыми жоба жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалымы
Турдалиева Дильфуза Адилжановна
Алматы, 2020 жыл
Алматы қаласы, Алатау ауданы, М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектептің
1 «А» сынып оқушысы Рахметжанова Рамиляның
«Алма жемісі» тақырыбында зерттеген ғылыми жобасы
Жоба жетекшісінің пікірі
1. Жоба қорғаушы Рахметжанова Рамиля білімі мен талпынысы жоғары,терең ойлы.Оқушының ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді.
2. Шығармашылықпен айналысуға өз білімін сынауға тырысады.
3. Мінез-құлығы орнықты, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге талпынады.
4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.
Жоба жетекшісі : Турдалиева Дильфуза Адилжановна
Түйін
« Алма жемісі» тақырыбындағы жазылған бұл ғылыми жобада оқушылар алма құрамындағы дәрүмендердің адам ағзасына пайдасын біледі яғни күнделікті өмірде табиғи алманы ажыратып алу дәрежесіне жетеді.
Пикир
« Алма мевиси» мавзусида йезилған бу илимий ишта оқуғучилар алма тәркивидики витаминларниң адәмниң тән-сақлиғиға пайдисини билиду йәни күндиликтики өмүрдә тәбиий алмини ажритип елиш дәрижисигә йетиду.
Аннотация
В этой научной работе по теме"фрукта яблоко"учащиеся изучили и знают, что в яблоке очень много витаминов для здоровья человека, а также умеют различать виды яблок и использовать, внедрять эти знания в своей жизни.
Тақырыбы:«Алма жемісі»
Зерттеудің мақсаты:
1.Алма жемісінің түрлерімен танысу
2.Алманың адам денсаулығына маңыздылығын анықтау
3.Алма құрамындағы дәрумендермен танысу
4.Табиғи алма мен жасанды алманы айыра білу.
Зерттеудің міндеті:
1.Ақпарат көздерінен алманың пайдасы туралы мәліметтер жинау. 2. Алманың түрлері мен адам организіміне тигізетін пайдасы жайлы білімін тереңдету.
Зерттеудің нысаны :
Алма жемісі.
Зерттеудің болжамы: Егер біз алма жемісінің адам организіміне тигізетін пайдасы туралы көп оқып білсек, онда біз әр үйдің бақшасында алманың өсіп тұруына ықпал жасаймыз.
Мазмұны
І.Кіріспе
бөлім
1.1.Алма
жемісі
туралы.......................................................................5
1.2.Алма
жемісінің түрлерімен
танысу.........................................6-7
ІІ.Негізгі
бөлім
2.1
Алма жемісінің
құрамы................................................................8
2.2
Алма жемісінің
пайдасы..........................................................9-10
ІІІ.Зерттеу
бөлімі
1.Алманың
ғажайып
ерекшелігі...................................................11-12
ІІІ.Қорытынды
1.Сауалнама...................................................................................13-14
2.Табиғи
алма мен жасанды
алма.....................................................15
Қолданылынған
ақпарат көздері
Алма (лат.malus)- пайдасы зор кең таралған жеміс түрі. Алма жемісі – жабық тұқымды өсімдік алма ағашының өнімі. Ол шекілдеуік жеміс тобына жататын жидек тәрізді шырынды жеміс. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаның түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден жаңғақша тұқым орналасады. Тұқымы қосжарнақты. Сыртқы қабаты шырынды.
Алма жемісі туралы
Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 метр болады. 3-12 жылда жеміс береді. Толық жеміс беру мезгілі 15 - 20 жыл. Ал, 30 - 35 жыл өткен соң жеміс беруі нашарлай бастайды.
Қызық екен
Алманың төрттен быр бөлігі,яғни 25% ауадан турады.Сондықтан ол суға батпайды.
1647 жылы тігілген
«ең үлкен» алма ағашы Америкада осы күнге дейін жеміс береді екен.
Алманың түрлері
Жеміс өсіру Қазақстанда ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамыған. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі. Алманың жаздық, күздік, қыстық турлері болады. Туқымынан және вегетативтық жол мен көбейеді.
Алманың отаны — Орталық Азия. Әлемде алманың 7 мыңнан астам түрі бар екен. Қазақстанда алманың 40 - тан астам түрлері анықталған. Толық жеміс беру мезгілі 15 - 20 жыл. Ал, 30 - 35 жыл өткен соң жеміс беруі нашарлай бастайды. Алма ағашына жалпы сипаттама
Алманың жаздық, күздік, қыстық турлері болады. Қысқы турлері жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады.
Алманың
200ден астам сұрыптары бар екен.
Сіздерге
ұсынатынымыз апорт алмасы мен лимонка
Қазақстанда негізінен Апорт, Сиверс алмасы, Недзвецкий, Қырғыз алмасы өседі. Алманың бұр сұрыпы (сорты) – Алматы апорты. Ол XIX ғасырдың аяғында Воронеж губерниясынан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салмағы 350-400 г,шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Негізінен алманың жаздық, күздік және қыстық сұрыптары бар. Апорт – кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айында ғана пісіп жетіледі. Апорт – Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында өседі.
Сиверс алмасы (Раушангүлділер тұқымдасы) Тарбағатайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі (Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) тауларында кең тараған. Беткейлерде, өзен аңғарларында, кейде көп мөлшерде, әсіресе Жоңғар және Іле Алатауында, тіпті таза алмалы орман құрай өседі. Аласа таулардан бастап ортаңғы белдеуге дейін, кейде жекелеген түрлер теңіз деңгейінен 3000 м-ге дейін көтеріледі. Ағаш ортаңғы биіктікте (8 м-ге дейін) қоңырлау сұр қатпарлы қабықты және бас жағы жалпақ. Жапырағы ірі, жалпақ қандауырша, сабағы түкті. Гүлдері ірі (диаметрі 6 см-ге дейін), ақшыл күлгін немесе ақ шатыр тәрізді шашақша жиналған. Аталықтарының саны көп, тозаңдану жәндіктердің көмегімен жүреді. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеден қыркүйекке дейін жеміс береді. Алмалардың бес-екі тұқымды ұялары қатты қабыршақпен бөлінген. Түр үлкен өзгергіштігімен, әсіресе көлемі, түсі, пішіні және жемістерінің дәмімен ерекшеленеді. Жемісті өте көп береді, 1 гектар алма орманынан 5-10 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Тұқыммен және вегетативті жолмен көбейеді. Жеміс салуды шамамен 12 жаста бастайды, тіршілік ұзақтығы 150 жылға дейін созылады. Жемістері дәмі жағынан бауда өсірілетін іріктемелерден кем түспейді, шырындары, шарап, компоттар және тосап жасауға жарамды. Қабығынан сары, жасыл, қоңыр және қара бояу алынады, сүрегі ұсақ, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданылады. Бұл түр көптеген мәдени іріктемелердің туысы болып табылады. Жабайы аңдар үшін азық ретінде маңызды (қабандар, аюлар), сондай-ақ тау беткейлерінде тұрақтандырғыш. Қолда жақсы өседі. Екі түрде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
ІІ.Негізгі
бөлім
Алма жемісінің құрамы.
Алманың
құрамында Минералдар, Калий, кальций,
магний, фосфор, натрий, фтор бар.А, В1,
В2, В6, С, РР дәрумендері, 88 % су, 26 % қант,
0.8 % қышқыл, 18, 5 % құрғақ қалдық бар.
Алманың
қай түрі болмасын адамға тигізер пайдасы
зор. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз,
дәрігер қажет емес», – деген мақал
алманың қаншалықты пайдалы екендігін
білдіреді.
Алманың қолданылуы
«Күнде
кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет
емес», — деген мақал алма-ның қаншалықты
пайдалы екендігін білдіреді. Алма шырыны
адам организмін ауыр металдардан
тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын
емдеуге қолданылады.
Адамдардың
тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5
бөлігі – алмалар. Алма жемісінен шырын,
тосап, компот, повидло, джем, қақ жасалады.
Сондай-ақ алманы тамақ, кондитер және
иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы
күнделікті тағамға, салаттарға қосып
пайдаланады.
Алма жемісінің пайдасы
Алма жемісі және одан жасалған тосап, повидло сияқты әрі дәмді, әрі құнды тағамдар дастарқанның сәнін келтіріп, адамның тәбетін ашады. Сондай-ақ ауырған адамға шипа болғандықтан алма жемісті тамақтың бір түрі ретінде тамақ рационына қосады. Әр адамға күніне 200-300 грамм алма қажет.
Алма жеміс майлы тамақ пен тәттіге әуес адамдар үшін шипалы тағам – диета болып есептеледі, семіртпейді. Алманы көп жеген адам организміне май сіңбейді, сөйтіп салмағы азаяды. Алма жемісінің жыл маусымының барлық кезінде де пайдалануға болады.
Витаминдер.А
дәруменi адам ағзасының түрлі ауруларға
қарсы тұруына көмектеседі. Шаштың,
тырнақтың өсуіне әсер етеді.
Ол
жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі
күңгірттенеді.
В1 дәруменi дұрыс зат
алмасуы үшін аса қажет.
Бұл дәрумен жетіспегенде
шаршағандық сезіліп, ас қорыту бұзылады.
В2 дәруменi ағзаның жұқпалы ауруларға
қарсы тұруын арттырады.
Сүйекке және тіске беріктік қасиет
береді.
С
дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды.
Ал
ең бастысы – алма темірге бай.
Темір қанның құрамында болады.
Ол оттегіні мүшелерге
тасымалдайды.
Темір әсіресе
көк алманың құрамында өте көп болады.
Алма жемісінің емдік қасиеттері
Рим дәрігері Клавдий Гален (130-200 ж.ж.) алғаш рет өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы, олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысы-мен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Ақпараттық құралдар бойынша жинақтаған пайдалы кеңестер
Әлемде алманың 7 мыңнан астам түрі бар екен. Дәрігерлер оның 7 түрлі пайдасын анықтап отыр.
1. Алманың химиялық құрамының қандай болатыны оның түріне байланысты. Әрі құнарлығы да сортына қарай бөлінеді. Жасыл түсті алмаларда қызыл түріне қарағанда калория төмендеу. Сондықтан артық салмақтан арыламын деген адамдарға жасыл алманы таңдаған дұрыс дейді мамандар.
2. Дегенмен, ақ халаттылар күніне ер адамдарға 700, нәзік жандыларға 500 граммнан жеуге болмайтынын ескертеді. Алманың құрамында болатын қышқыл қарын сөлін бөлетіндіктен, оны түскі ас алдында пайдалану қажет. Сонда әдеттегіден гөрі миға тойғаныңыз туралы хабар тезірек жетеді.
3. Алманың дәндерінде йодтың көп мөлшері болғандықтан күніне 2-3 алманы сүйегімен жеген өте пайдалы. Себебі, ол қатерлі ісіктің алдын-алуға көмектесетін көрінеді.
4. Пісірілген алмада шикі алмаға қарағанда калория жоғары болады деген қате пікір қалыптасқан. Егер алманы қайнатып жегіңіз келсе, бал қант қоспаңыз, калориясы көбеймейді.
5. Темірге бай жеміс адам ағзасын тыныштандыратын қасиетке ие. Егер гемоглобиніңіз төмен болса. Алма дертіңізге таптырмас ем. Сондай-ақ, С дәрумені мен пектинге бай жеміс ішек қызметтерін де реттейді.
6. Кез келген алманың 80% -ы судан тұрады. Жасыл сортты алманы кептіріңіз. Өйткені, ондағы микроэлементтер ағзаны дәрумендермен қоректендіреді.
7. Ас қорыту жүйесінің ауруларында алмамен емделуге болады. Әсіресе, гастрит, колит, эрозия, жара секілді сырқаттарға жақсы дауа.
ІІІ. Зерттеу жұмысы
1. Алманың ғажайып ерекшелігі (Тәжірибе)
Бұл
жұмыста алма құрамындағы темір элементының
ауа мен тығыздығын анықтадым.
1.Алманы
ортасынан екіге бөлеміз.(1-сүрет)
2.Осы
тәсілмен лимондыда бөліп
аламыз.(2-сүрет)
3.Алманың бір жартысына
лимон суын тамызамыз,екінші жартысын
сол күйі қалдырамыз.(3-сүрет)
4.Қортындылай
келгенде лимон суын тамызған алма сол
күйі,лимон суын тамызбаған алма қарайып
кеткендігін байқадым. (4-сүрет)
Зерттеу
жұмыстың қорытындысынан: Лимон суының
алма қурамындағы темірді ауа мен
тығыздығынан қорғап қалғандығын
байқадым.
1.Алманы ортасынан екі бөлекке бөлеміз.
(1-сүрет)
2.Осы тәсілмен лимондыда екі бөлекке бөлеміз.
(2-сүрәт)
3.Алманың бір жартысына лимон суын тамызамыз,екінші жартысын сол күйі қалдырамыз.
(3-сүрет)
4.Қортындылай
келгенде лимон суын тамызған алма сол
күйі,лимон суын тамызбаған алма қарайып
кеткендігін байқадым.
(4-сүрет)
Зеріттеу жұмысының қорытындысын анықтау мақсатында оқушілар арасында сауалнама жүргіздік.
Сауалнама төмендегі үлгі бойынша алынды.
Сауалнама
Аты - жөні:______________________________________________________
Сынып ________________
1.Алманың қандай түрлерін білесіз?
2.Бақшаларыңызда қандай алма ағашы бар?
__________________________________________________________________
3. Төменде көрсетілген алма түрінің қайсысын көбінше ұнатасыз?
Алматы
апорты
Лимонка
4
.Алмины
күнделіктегі турмыста көп қолданасыз?
компот
джем қақ
салат
5. Алманың ден саулыққа көбінесе қандай пайдасы бар деп ойлайсыз?
Көздің
көруын жақсартады
Қан
тамырларының қызметін жақсартады
Сауалнама қорытындысы:
1.Оқушылардың басым бөлігі апорт алмасын таңдаған.
2.Бақшаларыңызда қандай алма ағашы бар? Апорт алмасы, көк алма
3.Төменде көрсетілген алма түрінің қайсысын көбінше ұнатасыз? Алматы апорты – 80% Лимонка – 20%
4. Алмины күнделіктегі турмыста көп қолданасыз Компот – 40% Джем – 10% Қақ – 30% Салат – 20%
5.Алманың ден саулыққа көбінесе қандай пайдасы бар деп ойлайсыз? Көздің көруын жақсартады – 40% Қан тамырларының қызметін жақсартады – 60%
ІV. Қорытынды
1.Табиғи
және жасанды алма
Жасанды
алма бірден белгілі.
-қурттамаған
-сырты
жілтірап турады
-иісі және дәмі жоқ
болып келеді
-қанша узақ мерізімде
сақтасаңда.бір қалпында турады
Кәзіргі
заманда осындай жемістерге басқа
организімдердің гендерін араластырады.Мысалы:
пингвинның генін алмаға қосу арқылы
суықта үсімейтін басқа
алма түрін жасап шығады.Бул адам
организмына кері әсерін
тигізеді.Қазыргы кезде осындай қауыпқа
ушырамау үшін тек қана
табиғи жемістерді қолданғанымыз
дұрыс..
Қортындылай келгенде алма түрлерін,алманың құрамындағы витаминдарды,алманың адам организмына пайдасын анықтап.Табиғи алма мен жасанды алманы ажырата алатын болдық.
Сөзімді аяқтай келе
Алма, алма дейсің, Алма әкелсем жейсің. Айтпады екен деме, Алманы жумай жеме – дегім келеді.
Қолданылынған
ақпарат көздері:
1.Сайт:
http:\www.Google.ru\
2.Дуниятонуш Б.Л.Хаджиева, Т.С.Идилова, Қ.А.Аймағамбетова
3. «Расцвет земли казахстанской» Д.А. Кунаев
4.Соал йәни жавап энциклопедияси С.Паркер, Б.Уильямс «Алмута китап» басмиси, 2012-жил

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген