400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба Алматы облысының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы Ұйғыр ауданының орны

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге және оқушыларға арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Алматы қаласының әкімдігі







Секция: география, краеведение









Тақырыбы: Алматы облысының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы Ұйғыр ауданының орны















Ғылыми жетекшісі:

М.Хамраев атындағы № 150 ЖББ

мектептің география пәнінің мұғалімі

Имашев Мухидин Абдухелилович





АShape1 лматы, 2020

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ОРНЫ.

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. АУМАҚТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    1. Халықты аумақтық қоныстандыру түсінігі.............................

    2. Халықты аумақтық қоныстандыру және оның басқа ғылымдармен байланысты........................................................................

    3. Халықты аумақтық қоныстандырудың өзекті мәселелері..................................................................................................


  1. ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

    1. Ұйғыр ауданының әлеуметтік экономикалық дамуына талдау..........................................................................................................

    2. Ұйғыр ауданының ағымдағы мамандануы және дамуы ......

    3. Ұйғыр ауданының әкімшілік-аймақтық бөліністері негізінде экономкалық талдау..................................................................


3. ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ ҮРДІСІН БОЛЖАУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕСІ.

3.1 Ұйғыр ауданының ауылшаруашылық және туризм саласының даму болашағына тұжырымдама.......................................................................................

3.2 Ауданның инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам........................................................................................................

4. ҚОРЫТЫНДЫ

5. Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар













Түйіндеме


Ғылыми жұмыста Ұйғыр ауданының табиғи және әлеуметтік ресурстары бағаланып, оларды экономикалық тиімді орналастыру, ауданның туризм, бизнес, ауыл шаруашылық саласын дамыту және жобалық негізде болашақ дамуының тұжырымдамасы дайындалды. Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері салыстырмалы талдау, экономикалық бағалау, ғылыми абстракциялау, сараптамалық бағалау, таңдамалы зерттеу және тағы басқа әдістер қолданылған және көптеген алыс шетел, ТМД және Қазақстан ғалымдарының еңбектеріне сараптама жасаған.



Аннотация


В работе исследованы природные и человеческие ресурсы Уйгурского района.Объектом исследования является – Уйгурский район.

Первая глава посвящена теоретическим основам организации территорий. Во второй главе рассмотрено, и дан анализ текущей ситуации Уйгурского района. В третьей главе на основе теоретического и практического материала, а также результатов исследования разработана концепция развития Уйгурского района. В заключении подведены итоги исследования и сделаны выводы по данной работе.

В работе широко использованы такие методы исследования, как: статистический, картографический, исторический, метод географического районирование, сравнительно-географический метод и географический прогноз.




ABSTRACT

This is scientific work research natural and human resources of Uyghur region. The subject of research is the Uyghur region. The first part of research work theoretically basics organization. The second part analyses of current situation of Uyghur region. The third part is based on theory and a practical material as well ass the results of the study and conclusions on this work. In this work wildly used research methods such as the statistical method of mappings the historical geography geographical forecast method.









Негізгі бөлім

Кіріспе

Мемлекеттің экономикалық дамуы оның тұрақтылығына және болашағына ең көп әсер етуші фактор. Қазіргі өзгерістерге бейім жаһандану заманында бәсекелестік елдермен бірдей дәрижеде болу үшін облыс және ауданның дамуы негізгі айқындаушы мәселе болып табылады. Осыған байланысты аудан мен облыстың экономикасының дамуының жинақталған жоспарын құру әдістемесімен методологиясын жетілдіру мәселесі елдің экономикасын стратегиялық жоспарлау жүйесімен өзара байланысты, жоспарды экономикалық дайындау жүйесін құру қажетті өзекті мәселесі болып табылады. “Қазақстан – 2050” Президенттің стратегиясының шараларын жүзеге асыру жағдайында стратегиялық жоспарларның ролі ерекше көрінеді. Аймақтық және салалық аспектісінде стратегиялық жоспарларды іске асырудың объективті қажеттілігі Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан анық көруімізге болады

Ұйғыр ауданы – Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан орталығы Шонжы. Ауданда ландшафтың барлық түрі кездеседі. Климаты өте қатал континентальді, қысы қарсыз, жазы құрғақ әрі ыстық. Аудан топырағы биік таулы аумақтардың қара топырағымен, оның ішінде тау маңындағы аймақтарда тауға жапсарлас және таулық ашық қызыл қоңыр сұр топырақ, орталық аймақтарда ұсақ тасты сұр топырақ ал төменгі аймақтарда сұр қоңыр топырақты жерлер орналасқан.

Ұйғыр ауданын аумақтық ұйымдастырудағы экономикалық- географиялық мәселелер деп аталатын бұл жұмысымда мен жалпы ауданның қазіргі таңдағы жағдайы және экономикалық-әлеуметтік жағдайларға талдау жасап ондағы маңызды мәселелерге тоқталып өттім және де осы мәселелердің шешілу жолдарын атап көрсеттім. Ұйғыр ауданының еліміз үшін стратегиялық маңызы зор яғни елімізді азық-түлікпен қамытудағы алдыңғы қатарлы аудан бола алады, сол себепті бұл тақырып зерттеуде өзекті мәселелер жеткілікті. Еліміздің даму дүние жүзінің алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарында болуы үшін көптеген өзгерістер мен төмендегі мәселелрді шешуі керек.

Жобаның мақсаты: Ұйғыр ауданының табиғи және әлеуметтік ресурстарын бағалай отырып, оларды экономикалық тиімді орналастыру, ауданның туризм, бизнес, ауыл шаруашылық саласын дамыту және болашақ дамуының тұжырымдамасын дайындау болып табылады.

Жобаның міндеттері:

  1. Ұйғыр ауданының ұйымдастырылуындағы мәселелерді анықтау және оның маңыздылығын көрсету

  2. Ұйғыр ауданының аумақтық ұйымдастыру түсінігін және оның түрлерін ашып көрсету

  3. Аумақтық даму үшін экономикалық-әлеуметтік мәселелерді бағалау.

  4. Ұйғыр ауданының аумақтық ұйымдастыруда түжырымдамалық (концепция) тәсілдемесін дайындау

Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері: салыстырмалы талдау, экономикалық бағалау, ғылыми абстракциялау, сараптамалық бағалау, таңдамалы зерттеу және тағы басқа әдістер қолданылған және көптеген алыс шетел, ТМД және Қазақстан ғалымдарының еңбектеріне сараптама жасаған.

Жобаның жаңалығы: ауданның көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және табиғи факторларын үйлестіре отырып, оларға ғылыми түрде негіздеме беріп, даму жоспарын жасау болып табылады.

Жобаның практикалық құндылығы: Жобаны оқушылар мен ұстаздарға, ғылыми ізденушілерге және әкімшілік басқарма жұмыстарында қолдануға болады.




































  1. Аумақтық ұйымдастырудың негізгі теориялық зерттеу мәселелері

    1. Халықты аумақтық қоныстандыру түсінігі

Біздің жер шарымызда жүйелерді орналастыру деген түсінік бар, география ғылымындада осындай түсінік бар. Халықты аумақтық қоныстандыру дегеніміз табиғат ресурстары және де әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды бағалай отырып, адамдардың өмір сүрүін неғұрлым қолайлы және жақсарту үшін зерттеп мәселелердің шешілү жолдарын көрсетеді.

Халықты аумақтық қоныстандыру бұл маңызды ғылым саласы болып табылады ол жалпы барлық мәселелерді яғни ол географиялық еңбек бөлінісі, өндірүші күштерді орналастыру, халықтың орналасуы, табиғат пен адам арасындағы байланыс және де аумақтық әлеуметтік-экономикалық және саяси байланыстарды өз ішіне қамтиды 1. Халықты аумақтық қоныстандыру бұл қалыптасып жатқан жағдай және де сол қалыптасып жатқан жағдайлардың нәтижесі деп айтуға болады. Сол себепті біз Халықты аумақтық қоныстандыруға 2 түрлі анықтама берсек болады:

  1. бұл халық, өндірүші күштер, табиғатты пайдалану және осыларды басқару десек;

  2. бұл халық, өндірүші күштер, табиғатты пайдалануды жалпы зерттей отырып сол аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жылдамдату және халықты ұйымдастыру деп айтамыз.

Осыған орай халықты аумақтық қоныстандыру- бұл аумақтық ұйымдастырудың басты құрушы саласы ол аумақтық еңбек бөлінісі, еңбек күштерін орналастыру, әкімшілік-аумақтық бөлініс және эканомикалық аудандастыруды қамтитын кең салалы ғылым.

Халықты аумақтық қоныстандырудың аспектілері.

Халықты аумақтық қоныстандыруды 2 түрлі аспектіде қарастыруға болады:

  • Қандай да бір аумаққа халықты орналастыру.

  • Және сол орналастырудың нәтижесі яғни ол халық саны, тығыздығы, құрамы және оның көші-қоны болып табылады 2.

Халықты аумақтық қоныстандырудың объектісі – бұл халық. Жалпы халықты басқа да коптеген ғылымдар зерттейді оларға: демография, этнография, әлеуметтану, антропология, халықтар географиясы, психология және де тағы басқа.

Аспектісі – халықтың аумақтық құрылымы және халықты қоныстандырудың қосындысы.

Мақсаты- сол аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамун жеделдетү және халықтың өмір сүрұ деңгейін жақсарту болып табылады 3.Оның объектісі, аспекті және мақсаты оны ғылым ретінде қалыптастырады. Бұл ғылымның зерттеу нысаны орналасқан халықтың әлеуметтік-экономикалық дамун жеделдетү болып табылады. Осыған орай бұл ғылымның бір неше ғылыми зерттеу тапсырмаларын білсек болады. Олар:

  • халықты аумақтық қоныстандырудағы халықтың ағымдағы жағдайын талдау;

  • халықты аумақтық қоныстандырудағы негізгі шарттарын анықтау;

  • халықты аумақтық қоныстандырудың оның тарихи анализін жасау;

  • халықты аумақтық қоныстандырудың заңдылықтарын анықтау;

  • халықты аумақтық қоныстандырудағы мәселелердің шешілү жолдарын анықтап беру;

  • халықты аумақтық қоныстандырудағы әлеуметтік-экономикалық жағынан болашақ қолайлы моделін жасау;

  • орналасып қойған халықтың дамуыту жолдарын анықтау;

  • мемлекеттік басқару және жергілікті басқару органдарына дамыту жолдарын анықтап беру 4.

Одан басқа халықты аумақтық қоныстандыру бұл бір мемлекеттің аумағындағы өзекті мәселелерді шешу және халық туралы яғни халықтың білім деңгейі және адамдар арасындағы арақатынастарды анықтайды және олардың арасындағы мәселелерді шешеді.

Қазақстан халқының саны аумағынын, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1/3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады 5. Халықты аумақтық қоныстандыру және оның басқа ғылымдармен байланысты;


1.2 Халықты аумақтық қоныстандыру және оның басқа ғылымдармен байланысты

Халықты аумақтық қоныстандыру ғылымы бұл көптеген басқа ғылымдармен тығыз байланысты яғни бұл ғылым халығты зерттейтін ғылымдардың барлығымен байланысты. Ең негізгі байланысы ол халықтар географиясы және демография ғылымы. Халықты аумақтық қоныстандыру ғылымы бұл жалпы халықтар географиясы және демография ғылымының тоғысқан жері деп айтсақ болады. Сол себепті біз осы екі ғылыммен байланысына толығрақ тоқталамыз 5. Халықтар географиясы ол халықтың аумақтық орналасу жүйесін, халықтың еңбегін, тұрмыс тіршілігін және табиғатпен байланысын зерттейді. Бұл анықтамадағы басты сөз ол аумақтық жүйе сөзі яғни география ол аумақтағы жүйелерді зерттейді сол себепті география ғылымы бұл жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар арасындағы ғылым болып табылады.Ал аумақтағы жүйелерді оны табиғи (физика және география) және қоғамдық (экономикалық әлеуметтік және саяси география) зерттейді. Халықтар географиясының басқа ғылымдардан ерекшелігі. Ол:

  1. жиынтықтық, яғни халыққа әсер ететін барлық факторлармен бірге олардың нәтижелері қарастырылады;

  2. жүйелілік, бұл жерде халық жүйенің бір ұлкен элементі ретінде қарастырылады бұл өте күрделі жүйе болып табылады яғни жүйенің элементі ол әр бір адам болып табылады сол себепті әр адамды жеке зерттеу ол өте көп уақытты алады және күрделі;

  3. аумақтық, мұнда кез келген құбылыс ол пайда болған жеріне үйлеседі. Халық пен табиғат немесе аумақтық арақатынастар пайда болған кезде ғана біз оған баға беріп оны зерттей аламыз;

  4. картаға түсімділігі ол сол зерттелетін объектінің карта бетіне бейнеленүшілігі.

Қазіргі таңдағы халық орналасуының себептері мен заңдылықтарын түсіндірү үшін тарих, әлеуметтану,экономика,экология, этнография, антропология, архитектура, қала құрылысы, статистика, математикалық модельдеу деген ғылымдардың ғылыми изденістерінің нәтижелері пайдаланылады.

Осыған орай халықты орналастырудың әдіс тәсілдерін бірнешше топқа топтастыруға болады :

  • демографиялық әдіс бұл әдіс сол аумақтағы халық санымен оның болжамы және миграциясына негізделеді 6.Географиялық әдіс бұл әдіс халық пен сол аумақтың яғни халық орналасқан аумақтың бір-бірімен байланысына негізделеді. Елді мекендердің пайда болу заңдылығын және табиғи факторлардың қоныстануға әсерін бағалайды;

  • тарихи әдіс бұл әдістің негізі ол сол аумақтағы халықтың өткенін көрсете отырып оның болашағын бағалайды;

  • экономикалық әлеуметтік әдіс бұл әдісте халықтың қоныстануының өзгерү себептерін түсіндіреді және сол жердегі халықтың қажеттілігін көрсете отырып оның болашақ болжауын дұрыс жасауға өз септігін тигізеді;

  • экологиялық әдісте белгілі бір аумақтың экологияға зиянынсыз дамуының және кәзіргі таңдағы маңызды экологиялық мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп береді;

  • аудандық жобалау және қала құрылыстық әдісте жалпы бір аумақта яғни қалада немесе қала агломерациясында халықты тиімді орналастыруды анықтайды;

  • математикалық және статистикалық әдісте өте үлкен көлемді мәліметтер көрсетіледі осы мәліметтерге сүйене отырып сол аумақтың үлгісі жасалады 7.

1. Халықтың қоныстануы-бұл белгілі бір аумаққа халықты орналастыру.

2. Басты көрсеткіші-ол халық саны және тығыздығы. Мұнда халық санының өзгерүіне әсер ететін факторлар қарастырылады яғни демографиямен тығыз байланысты 8. Халықты орналастыруды зерттеу. Халықтың қоныстануы бұл бірінші аумаққа адамдардың орналасуы болса екінші соның нәтижесі. Мұнда халық белгілі бір аумаққа қоныстануы көрсетіледі негізгі корсеткіші бұл адамдардың елді мекендерде таралуы. Халық құрамы көрсетілмейді демек бұл халықтар географиясына жақын.

Халықтың қайта қоныстануы миграция-бұл белгілі бір аумақтағы халықтың екінші бір елді мекенге көшүі. Миграция халықтың көшүін ғана емес сонымен қатар әртүрлі аумақтардың байланысын және көшү себептерін анықтайды 8. Әр бір тараудың өзінің зерттеу бағыты бар. Халықты қоныстандырғанда оны қала және ауылдық елді мекен деп бөліп қарастырады. Ал көші-қон зерттеулерінде адамдардың өндіріс орындары бар немесе өндірістік емес салалары бар жерлерге көшүі зерттеледі 9. Халықтың қоныстандырудағы басты мәліметті демография соның ішінде статистикалық демография береді. Бұл жердегі ең керекті және ең құнды мәлімет ол халық саны. Жалпы біріңғай халық санағынан біз кез келген елді мекен және оның кей бір бөліктеріндегі халық санын біле аламыз. Біріңғай халық санағы ол көп жүргізіле бермейді 10 жылда 1 рет немесе одан да аз. Халықты санаудың жұмысы көп жиналған мәліметтер көп өңделеді ал кейбір кіші елді мекендер туралы мәліметтер жария етілмейді сол себепті ондай мәліметтер кол жетімсіз болып келеді.Осындай қиындықтарға байланысты көбінесе ағымдағы санақ қолданылады бұл санақта мәліметті кез-келген уақытта алуға болады бірақ мұндай санақта тек халықтың жалпы саны көрсетіледі ал құрамы көрсетілмейді 10. Әлеуметтану ұсынған мәліметтер де пайдаланылады. Бірақ бұл ғылымдар бізге көп мәлімет бере алмайды яғни ол бір елді мекен жайлы оның құрамы жайлы мәліметтер береді бірақ оның өзі әр түрлі уақытта жиналған яғни статистикалық демография сияқты мұнда көп мәлімет жоқ.


    1. Халықты аумақтық қоныстандырудың өзекті мәселелері


Халықты аумақтық қоныстандырудың өзекті мәселелері әр елде және әр елді мекенде әр түрлі болып келеді дегенменде кәзіргі замандағы еі өзекті мәселелерді білүге болады. Оларға :

Бірінші: ол кәзіргі таңдағы халық санының тез өсу қарқыны. Халық тек қана адамдар аз қоныстанған жерлерде ғана емес сонымен қатар халық көп қоныстанған жерлердеде өсуде. Ал кей бір жерлерде халық аз қоныстанған жерлерде халық азайып ал көп қоныстанған жерлерде одан да көбеюде осы жерде екі түрлі бір-бірімен тығыз байланысты екі түрлі мәселе пайда болады біріншісі ол белгілі бір аумақта халық саны өте көп болғанына қарамастан өсу болса екіншісі керісінше халық саны аз жерлерде халықтың одан әрі азаюы болып табылады. Адамдар аз қоныстанған аумақтардың табиғ ресурстары дұрыс игерілмеуде негізі жаңа пайдалы қазбалар осындай адам аз қоныстанған жерлерден табылады. Бұл мәселе дұние жұзінің көптеген елдерінде бар. Дұние жүзінің кейбір елдерінде аумағының барлық жеріде адам саны көп (Бангладеш, Нигерия) ал кейбір елдердің балық аумағында адам жетіспеушілік (Ресей, Австралия, Канада) өзекті мәселе болып табылады 11.

Екінші мәселе: ол кей бір кіші аумаққа адамдардың шектен тыс көп шоғырлануы. Бұл мәселе кәзіргі таңда бірінші мәселеге қарағанда өзектірек болып тұр. Бұл мәселе кәзіргі дүние жүзінің барлық елдерінде бар деуге болады. Бұған мысал ретінде кейбір үлкен қалаларда адамдардың шектен тыс шоғырлануы 1км2қа 100 000 адамнан асып кетсе сол қалаға жақын жердегі елді мекендерде адам санының азаюі байқалуда. Мұндай мәселе дүние жүзінің дамыған елдеріне (Германия, АҚШ, Жапония) және дамушы (Қытай, Египет, Бразилья) елдеріне тән.

Үшінші мәселе: болашағы жоқ аудандарға адамдардың көшүі немесе кәзірдің өзінде халқы көп болып тұрған жерге адамдардың келүі болып табылады. Болашағы жоқ болғанымен бұл аудандардың кәзіргі кезде қоныстануға қолайлы болуы. Ал басқа адамдар көшіп кетіп жатқан жерлердің болашағы бар себебі бұл аудандар адамдар көп шоғырланған жерлерден тез дамиды. Мысал ретінде Мехико ауданын алсақ болады бұл аудан адам санының өсүіне де экономикалық бәсекелестіккеде төтеп бере алмайды. Ал Ресейдің Ханты-Мансы округіндегі мұнайдың таусылуы бұл окруктің болашағының жоқтығына алып келуде бұл аудан өз кезегінде Ресейдің орталығынан алыс және суық болуына байланысты бұл жерге өндіріс орынын салу тиімді емес демек болашағы жоқ. Кәзіргі таңдағы халықты аумақтық қоныстандырудың өзекті мәселелерінің бірі ол жылдан-жылға көбейіп жатқан қашқындар болып табылады 12.

Халықты аумақтық қоныстандырудың негізгі түсініктері мен заңдылықтары. Халықты аумақтық қоныстандырудың ең кіші бірлігі ол үй болып табылады. Үйлердің жобалары мен құрылыс материалдары ол архитектуранының жұмысы. Демография мен халықтар географиясында ең кіші бірлігі ол елді мекен болып табылады. Бірақ кейбір елді мекендер бір ғана тұрғын үйден тұрыуы мүмкін. Сол себепті елді мекен мен тұрғын ұй түсінігі осы жерде күрделене тұседі. Елді мекен деп ол әр елде әр түрлі түсіндіріледі 12. Біздің елімізде елді мекен деп ол адамар тұратын тұрғын ұйлердің жиынтығы қосыша сол жерде еңбек ететін және өндірістік өндірістік емес объектілері бар және өзінің аты бар адамдар еңбек етіп өмір сұретін жерді атаймыз. Мекен дегеніміз ол адамдар тұратын белгілі бір бөлек ұй немесе басқа да тұратын жерді айтамыз.Елді мекендердің ең бірінші белгісі ол жерде тұрақты адамдардың қоныстануы. Тұрғын ұйлер белгілі бір алшақтықта орналасады әр жерде әр түрлі қашықтықта 100-150м ден 2 км ге дейін аралықта 13.

Елді мекендерде тек қана халық қоныстанып еңбек ететін жерді ғана емес ол жерде өндірістік және өндірістік емес объектілері бар жерді атаймыз. Өндіріс орындары болса және міндетті түрде онда тұрақты адамдар қоныстанған болса сонда ғана ол толық түрде елді мекен болып саналады. Халықты аумақтық қоныстандыру кей жағдайларда адамдардың тұрғын үйлер ішіндегі орналасуы да қарастырылады және қалақұрылысы, аудандық жобалау, елді мекендердің микрореакциясы ғылымдарыменде қатынасты болады . Барлық елді мекендерді екітипке бөлеміз олар- қалалық және ауылдық. Кез келгенмемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді 14.

Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы .

Қала мен ауылдың арасындағы айырмашылық өте үлкен. Қалаларда адам саны неше миллионға жетсе ал кіші ауылдарда бірнеше ғана адам болуы мүмкін. Дегенмен деолар өз ара тығыз байланысты. Дүние жүзінің көптеген елдері елді мекендерді қала және ауыл деп негізгі томендегідей шарттарға қарай боледі. Олар:

  • экономикасына қарай. Ауылдық жерлердің басты мамандану саласы ол ауылшаруашылық ал қалаларда басқа;

  • халық саны. Қалаларда халық саны неғүрлым кқп болады;

  • әкімшілік жағынынан;

  • алық тығыздығы. Қалада халық тығыз орналасқан себебі мұнда кқп этажды үйлер басым;

  • көркемділік безендірілүі;

  • тарихи жағынан. хаңдылық актілермен тіркелуі.

Кей елдерде екі шартқа қарап қала стаусы беріледі біріншісі ол халық саны екіншісі ол әкімшілік жағынан. Исландияда қала деп адам саны 200 адамнан асса ал Жапонияда 30 000 адамнан асса атайды. Кей елдер коптеген шарттарға қарай қала статусын береді.

Біздің елімізде қала және ауыл деп экономикасына және халық санына қарай жіктейді. Халқының 15 пайызы ауылшаруашылықта қызмет етсе ол ауыл ал адам саны 3000 нан асса оны кент деп атайды.Қалалық және ауылдық елді мекендер ықшамды және шашыраңқы болып екіге бөлінеді 14. Елді мекендер ықшамды болуы шарт. Кей бір елді мекендер бір-бірінен алшақ орналасуы мүмкін бірақ оны заң жүзінде біріктіріп бір елді мекенге айналдыруы мүмкін мундай елді мекендерде халық санын санын жүргізү ол бірге есептеледі ал соның ішіндегі бір елді мекендің халық санын тек қана арнаулы зерттеулер арқылы ғана алуға болады. Автаномды елді мекен деп ол елді мекендерден алшақ орналасқан елді мекенді айтамыз. Ондай елді мекендер кәзір аз кәзір елді мекендер бір-бірімен тығыз байланысты.









  1. Ұйғыр ауданының әлеуметтік экономикалық дамуының қазіргі жағдайын талдау

    1. Ұйғыр ауданының әлеуметтік экономикалық дамуына талдау


Ұйғыр ауданы - облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1934 жылы құрылған. Жер аумағы 8,73 км2. Ұйғыр ауданы Алматы облысының шығыс бөлігінде, Кетпен жоталарының аумағында Іле ойпатының тау етектері мен қыраттарында орналасқан. Жер бедерінің кез келген түрі кездеседі. Аудан территориясында Шарын өзені орналасқан. Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты татары, Сегеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Кетеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Жер қойнауында Көлжат (Қалжат) тас көмір кені, радиоактивті кені, Шонжы әк тас кені барланып, өндірілуде. Сонымен бірге жер асты ыстық су көздері де (Албан-Арасан) бар.

Аумағы

8,7 мың. ш. км.

Халқы 01.02.2016ж.

63,4 мың адам

Елді мекендер саны

25

Халық тығыздығы

ш.км-ге 7,3 адам

Аудан орталығынан Талдықорған қаласына дейінгі қашықтық

342 км

Ауылдық және кенттік округтер саны

14

2015 жылдың басына ұлттардың үлес салмағы:

Қазақтар –  42,4%

Орыстар – 0,9 %

Татарлар – 0%

Немістер-0%

Өзбектер – 0%


Ұйғырлар – 56,4%

Басқалары-0,3 %


1-кесте. Ұйғыр ауданының негізгі экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері.


Ұйғыр ауданында 26 ауыл, 14 ауылдық округ бар. Аудан орталығы Шонжы. Аудан территориясы 8.7 мың кв. км жерді алып жатыр. Аудан халқының саны 63765 адам, оның ішінде 31.9 мыңы ер адам, 31.9 мыңы әйел адамды құрайды. 2012 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша халықтың саны 61,6 мың адамды құрады. Оның ішінде қазақтар 25,2 мың адам (40,9 %), ұйғырлар 35,0 мың адам (56,9 %), орыстар 1,1 мың адам, (1,7 %), 0,3 мыңы басқа ұлт өкілдері. Бұл ауданда қала халқы мүлдем жоқ. Ауыл халқының саны 63765 адамды құрайды.Ұйғыр ауданында ер адамдар мен әйел адамдар арасында тең сандық көрсеткіш байқалады. Ауданда 35 ұлт өкілдері тұрады.

-экономикалық жағдайын сипаттайтын, маңызды индикаторлар тізбесі

Аудан орталығы – Шонжы ауылы.

2012 жылдың 1 қаңтарына қарайғы жағдай бойынша ауданда 193 шаруашылық субьектілері тіркелген. Оның 182 қазіргі уақытта жұмыс істейді. Ең ірі үлес ауыл шаруашылық өнеркәсібіне 22% келеді. 2012 жылы үй шаруашылық секторын есептегенде өнеркәсіп өндірістің көлемі 666.4 млн теңгені құрап, 1999 жыл көрсеткіштен 19.3% жоғары болды. Облыс көлеміндегі үлесі 1.1%. Ауданда шығарылатын негізгі өнімдері: шарап өнімдері, құрылыс кірпіші.




1-сурет Алматы облысы Ұйғыр ауданы

Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар мен ұйғырлар, одан басқа орыстар, украиндар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. 1 км2- ге шаққандағы халықтың орташа тығыздығы 7,3 адам. Ірі елді мекендері: Шонжы (20,1 мың адам), Шарын (5,7), Сүмбе (3,1), Үлкен Ақсу (3,4), т.б. 15







    1. Ұйғыр ауданының ағымдағы мамандануы және дамуы


А
уданда ландшафтың барлық түрі кездеседі. Климаты өте қатал континентальді, қысы қарсыз, жазы құрғақ әрі ыстық. Аудан топырағы биік таулы аумақтардың қара топырағымен, оның ішінде суармалы жер көлемі 21305 га құрайды, тау маңындағы аймақтарда тауға жапсарлас және таулық ашық қызыл қоңыр сұр топырақ 8100 га, орталық аймақтарда ұсақ тасты сұр топырақ 2500 га, төменгі аймақтарда сұр қоңыр топырақты 10500 га жерлер орналасқан. Ауданның аумағында 5014 гектарлық Шарын шетенді шағын орманы және жасы 30 млн жыл болатын «Шарын шатқалы» бар. Бұл ерекше қорғалатын табиғи ескерткіш. Пайдалы қазбалардан: көмір, Шонжы әк тастары Албан-Арасан термоминералдық су қорлары бар. Экономиканың негізгі салалары–суғармалы және богарлік жер игеру мен қой және етті мал шаруашылығы. Дәнді-дақылдардан бидай, жүгері өсіріледі. Климаттық жағдайы жүзім егу мен бау-бақша салуға қолайлы. Ағымдағы мерзімде ауданда 1311 шаруашылық субъектісі тіркелген. Олардан жұмыс істеп тұрғандары-1121, соның ішінде тіркелген шағын кәсіпкерлер-108. Жұмыс

2-сурет. Ұйғыр ауданы

істеп тұрған заңды тұлғалар 97. Жеке кәсіпкерлер 1303 оның ішінде жұмыс істейтіндер 1024. Тіркелген шаруа қожалықтар саны 2706, жұмыс істейтіндері 2652. Ауданда өндірілетін негізгі өнімдер: құс еті, жүзім шырыны, құрылыс кірпіштері. Жеке секторда 237 дүкен, 5 киоск, 25 кафе-бар, 106-ға жуық тұрмыстық қызмет көрсету субъектілері жұмыс істейді. 16

2.3 Ұйғыр ауданының әкімшілік-аймақтық бөліністері негізінде экономкалық талдау

Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 546,2 мың га, оның ішінде 24,6 мың га егістік, 492,1 мың га жайылым, 29,5 мың га шабындық. Ауданда 139,7 мың қой мен ешкі, 21,3 мың ірі қара мал, 11,9 мыңжылқы, 416 шошқа, 94,2 мың құс бар (2002). Білім беру, мәдениет саласында 32 жалпы білім беретін және 1 кәсіптік-техниқалақ мектеп, 3 кітапхана, 6 мәдениет үйі, т.б. жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінен: аудандық аурухана, емхана, туб-диспансер, 3 аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдш.-акушерлік пункт, 7 610 фельдш. пункт бар.

Өнеркәсіп

№ р/с

Көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Нақты 2014ж.

9 ай

2014 ж. 9 айы %

Баға 2015 ж.

2014 ж. %

Жоспар 2016 ж.

 2015 ж. %

Болжам

2014 ж.

2015 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

1

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млн. теңге

4,643.1

4,114.2

2,503.6

48.7

4,643.2

100

4,709.2

101.4

4830.2

4952.5

5378.3

6004.8

2

Нақты көлемінің индексі

%

61.8

89.6

45.7


100

100

100.3

100.3

101.5

101.9

102.2

102.8

3

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млн. теңге

4,283.0

3,869.0

1,967.7

50.8

4,283.0

100

4,389.2

102.4

4460.2

4602.5

5008.3

5604.8

4

Нақты көлемінің индексі

%

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

5

Жаңа өндірістерді еңгізу-барлығы

бірлік

2

1

1

100

2

100

2

100

2

2

2

2

6

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту

бірлік

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

 -

2-сурет. Ұйғыр ауданының негізгі өнеркәсіп көрсеткіштері

С онымен бірге аудан аумағында "Ара-сан", "Таугүл" атты сауықтыру орындары елге қызмет көрсетеді. Ауданнан елге танымал Хангелді, Еспер, Қарақұл батыр, т.б. тарихи тұлғалар шыққан. Ұйғыр аудан аумағынан Алматы-Шонжы-Жаркент-Қорғас және Алматы-Шонжы-Қолжат- Қытай автомобиль жолы өтеді.Ауданда тіркелген 20 өнеркәсіп кәсіпорындарының 14 ғана жұмыс істеуде. Халықаралық стандарт мен сапа менеджменті ИСО жүйесі бойынша ауданда 1 өндірістік кәсіпорны жұмыс істеуде. 2014 жылы өндірістік кәсіпорынның өндіріс көлемі 5937 млн.тенгені құрап отыр. Жалпы ауданда кірпіш, шарап, құс еті, жұмыртқа, қиыршық тас және т.б. өнеркәсіп түрлері өндірілуде. 17

3-сурет Ұйғыр ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісі

1. Чунджинский с/о 8. Аватский с/о

2. Чарынский с/о 9. Тигерменский с/о

3. Таскарасуский с/о 10. Актамский с/о

4. Бахарский с/о 11. Дардамтинский с/о

5. Сумбинский с/о 12. Кетменский с/о

6. Кыргызсайский с/о 13. М.Диханский с/о

7. Б.Аксуский с/о 14. Кольжатский с/о

Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,1 % ға өсіп, 3948 адамды құрады. Негізінен шағын кәсіпкерлік шаруа қожалықтарымен қолдау табуда, олардың үлесі 67,8% және жеке кәсіпкерлермен 29,6%, ең аз үлес 2,5% шағын бизнес кәсіпорындарында болып отыр. Шағын кәсіпкерліктің салалық құрылымында шаруа қожалықтарын есепке алмағанда өндірістік үлес 3,1%, құрылыс 1,2 %, сауда 67 % және басқалары 2
8,7 % құрап отыр.

4-сурет . Герефорд и ангус асыл тұқымды малын

«ҚазМалы» ЖШС ангус және герефорд асыл тұқымды малын өсіру.

Қызмет түрі: Герефорд и ангус асыл тұқымды малын өсіру.

Орналасу орны: Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылдық округі

Ірі қара малының саны – 121 бас.

Бүгінгі күнде шаруашылықта 584 ірі қара малы бар, оның ішінде 121 бас герефорд және ангус асыл тұқымды малы, 87 бас жылқы, және 1353 бас қой мен ешкі.

Екі жыл ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 1,1 есе ұлғайып, 5934,6 млн.теңгені құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін түсім 1,2 есеге ұлғайып, 162,1 млн.теңгені құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 6849 адам болып, 2011 жылмен салыстырғанда 1,1 есеге өскен.

5-сурет. «Өнік» ЖШС-нің жылыжайы

6-сурет. Дардамты ауылдық округіндегі жылыжай

Қызмет түрі: Жылыжай

Орналасу орны: Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылдық округі

Жұмыспен қамтылғандар саны – 20

Ұйғыр ауданының сауда және қызмет көрсету саласы.

№

Ауылдық округтердін

атауы

Шаруа қожалықтардың

саны

Шаруа қожалықтардың атауы

гектары

Төленген субсидия мың.тенге

1

Шонжы

1

«Тельманжан» ШҚ

20

11356,8

2

Үлкен-Ақсу

1

«Абдрешит» ШҚ

7

3974,9

3

Дардамты

1

«Бағдаулет» ШҚ

7

3974,9

4

Кіші-Дехан

1

«Өрнек» ШҚ

10

5678,4


Барлығы

4


44

24985,0

Алманың «Апорт» сортын отырғызған көлемі

2014 жыл ішінде бөлшек тауар айналымының көлемі 3588,3 млн. тенге құрап, бұл көрсеткіш 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 31 млн. тенгеге өскен. (2557тенге). 2013 жылдың кезеңімен салыстырмалы бағада 132,6 % құраған.531 сауда және қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді, оның ішінде 372 сауда нысаны, 2 базар, 39 қоғамдық тамақтандыру нысаны, 63 тұрыстық нысаны, 55 сервистік қызмет көрсету нысаны. 2014 жылы пайдалануға 17 нысан берілген, оның ішінде 13 сауда нысаны, 1 дәмхана, 1 шаштараз, 1 аяқ киім жөндеу орны, 1 СТО және 60 жаңа жұмыс орны құрылған. 18



Ауданның индустриалды-инновациялық даму Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарғы үдемелі индустриалды-иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында. Аймақтық индустрияландыру Картасы бойынша 2010-2012 жылдары «PremiumSpaResort» ЖШС 1 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. «PremiumSpaResort» ЖШС - «Туристік сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы. Саласы - туризм, жалпы құны 313 млн.тенгені құрайды, 36 жаңа жұмыс орны.

2015 жылы аймақтық индустрияландыру Картасына «Тау кен байыту комбинаты» ЖШС жалпы құны 770 млн.тенгені құрайтын, 125 жаңа жұмыс орнын қамтитын тау кен байыту комбинатының жобасын және жалпы құны 543,0 млн.тенгені құрайтын «Ұйғыр ауданының жүн және тері өңдеу бойынша зауыттың» жобасын енгізу жоспарлануда.

  1. Ұйғыр ауданының болашақ даму үрдісін болжаудың тұжырымдамалық (концептуальный) тәсілдемесі.

3.1 Ұйғыр ауданының ауылшаруашылық саласының даму болашағына тұжырымдама

Ұйғыр ауданының құнарлылығы мол тау алды жерлері және еңбең ресурстарын ескере отырып ағымдағы мамандануын жетілдіру, ауылшаруашылық саласын қолдау өте маңызды. Ауданда шаруа қожалықтарындағы өндірістік өңдеу алаңы әлсіз дамыған. Әр қожалық салыстырмалы орта есеппен ірі қараға-3, басқа да ұсақ малдарға арналған- 4, астық сақтау орындары -4 т.б ауыл шаруашылығына арналған өндірістік құрылыстан келеді. Зерттеу барысында аудандағы шаруа қожалықтары жайында алғаш рет толық қанды мәліметтер жиналды. Бұрынғы стастистикалық мәліметтер болмаса да соңғы 2 жыл бойына даму қарқыны бірқалыпта сақталды. Фермерлік шаруашылықтардың динамикалық даму қарқыны мен олардың жетістіктері және кемшіліктері анықталды. Ұйғыр ауданы бойынша әлеуметтік , тұрмыстық мәселелер жеткілікті. Енді соған тоқтала кетейік.

  1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндейтін алаңдар қалыптаспаған.

  2. Инвестициялық жағдай белгілі жүйеге келтірілмеген.

  3. Мемлекеттік қолдау жағы барлық шаруашылыққа бірдей жасалмаған.

  4. Көлік жолдардың нашарлығы, талапқа сай жасалмауы сияқты көптеген жағдайлар ықпал етуде деп ойлаймыз.

Ауданның инфрақұрылымдық дамуы - халықтың әлеументтік- тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. 2005 жылдан бері лизиндік компания арқылы 198 млн .теңге қаржы бөлінген,негізгі бөлігі техника алуға жұмсалған. Ауданда ірі құс фермасының (құны 8 млрд.т) құрылысы басталған. Облыс көлемінде ең ауқымды жоба - жылына 24 мың тонна құс еті өндіріледі деген болжам бар.Бұл АО «Бентпен» салыстырғанда жылына 6 мың тонна артық өндіреді деген сөз.Ауданның болашақ дамуы мынандай жобалар бойынша жақсы көрсеткіштер беретіні сөзсіз.

Шонжы - Калжат автобаны , ұзындығы 110км, жалпы құны 5-7 млрд .т тұратын жолдың басталуы мен аяқталуы- ауданның қарқынды дамуымен қатар жол бойындағы елді мекендердің де әлеументтік жағдайының жақсаруына әсер ететіні анық.

Ауданда кластерлік концепция негізінде жұмысты жандандыруға жағдайлар жеткілікті. Онда Шарап өндірісі бойынша оған керекті ыдыс құты жасау өндірісі, тауар белгілері, қаптама өндірісін дамыту жолдарын қарастырсақ көптеген жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық мәселерелері өздігіне жолға қойылатын еді.

Ауданның климаттық жағдайына байланысты көп пайда келтіретін жылыжай өндірісін дамыту да өте қолайлы . Егер осы өндірісті дамытсақ Алматы қаласын табиғи көкөніспен толық қамтуға мүмкіндігіміз бар. Шаруашылықты дамытуға жаңа технолегиялық әдісді пайдалану тиімді.

Біріншіден, суды пайдалану әдісін өзгерту керек, барлық шаруашылықтар тамшылатып суару әдісіне көшу арқылы су ресурстарын тиімді пайдалануға бейімделуі керек. Әр шаруашылыққа суды тиімді пайдаланғаны үшін мемлекеттік дотация берілсе, онда қызығушылық одан да арта түсер еді деп ойлаймыз. Әлемдік тәжірибе бойынша жеке капитал қатармен мемлекеттік қолдау арқылы шағын шарушалықтар ірі шаруашылыққа айнала алатынын ескерсек, онда үнемі қолдап отыру керек екендігін үнемі назарда ұстауымыз керек.

Зерттеу барысында жоғарыда айтылып кеткендей , Ұйғыр ауданы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндірістік өңдеу кезек күттірмейтін негізгі мәселе екендігі анықталды. Осы бағыт шешілетін болса, аймақ бойынша жұмыс орындары ашылатын еді. Онда су ресурстарын ақылы пайдалану кезінде тиімді әдіске көшу арқылы өз жағдайын түзетіп қоймай, аудандағы басқа шаруашылықтар үшін су тапшылығы өздігінен шешілетін болады.. Ауданның экономикалық дамуы облы с бойынша да жетістіктердің көзі болып табылатыны сөзсіз. Осы мәселелерді шешу үшін Ұйғыр ауданына арналған экономикалық дамудың жаңа механизмі агроөндірістік шаруашылықпен бірлесе отырып жасалу керек деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, біріншіден барлық ауыл шаруашылық қожалықтарын мемлекеттік саябақ жұмыс жандандыруға бағыттау керек.

Онда экологиялық жүйені сақтай отырып, кішігірім өзендерді сақтау және пайдалану жолдарына көңіл аудару, емдік бұлақтардағы негізі құрамын зерттеу жұмыстары өзекті мәселелердің бірі болып тұр.

Екіншіден, мемлекеттік ұлттық саябақтың аумағын ұлғайту жұмыстарына баса назар аудару, басқа көрші аудандарға қатысты мәселелерді ортақ шешу жолдарын қарастыру керек сияқты.

Үшіншіден, Алматы және жақын орналасқан аудандарға қатысты табиғи және экономикалық ресурстарды халық игілігі үшін ортақ қолдану жолдарын қарастыру сияқты мәселерді ортақ шешу керек

3.2 Ауданның инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам

Ауданның климаттық жағдайына байланысты көп пайда келтіретін жылыжай өндірісін дамыту да өте қолайлы . Егер осы өндірісті дамытсақ Алматы қаласын табиғи көкөніспен толық қамтуға мүмкіндігіміз бар. Шаруашылықты дамытуға жаңа технолегиялық әдісді пайдалану тиімді.

Зерттеу бойынша мынандай қорытынды жасалынды.

  • Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданындағы табиғи ресурстардың молдығына байланысты жаңа заманауи емдік- сауықтыру ашу арқылы туризмді дамыту;

  • Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру , экологиялық таза өнім ұсыну, бәсекеге қабілетті туризмді дамыту арқылы ауданның экономикасын көтеруге бағыттау

  • Ауданның барлық инфрақұрылымдық бағыттары, оның ішінде транспорттық- коммуникациясын дамыту;

  • Жоғарыда көрсетілген мәселерді шешу арқылы туристтерді қызықтыру жолдарын табу және талапқа сай қонақ үй жайларын салу мәселелері қосымша жүргізу жұмыстарына көңіл бөлу өзінен-өзі жүргізіледі.

Осы мәселелер талапқа жүргізілсе, онда « Қазақстандық бренд» бағалалып, жақын , алыс шет елдерге танымалдық артар еді.

  • Шонжа ауылына қарасты емдік бұлақтардың инфрақұрылымын дамыту;

  • Дардам ауылдық округінде қонақ үй жайларын салу;

  • Ыстық су аймағында емдік- сауықтыру жайларын ашу және дамыту;

  • «Шарын» мемлекеттік ұлттық саябағы аймағына көптеп туристтердің келуіне жағдайлар туғызу және тарту;

  • Туристтік маршурттар кестесін жасау және бекіту;

  • Шонжа ауылында қонақ жайларды дамыту.

  • Дардам ауылдық округінде демалыс жайларын дамыту.

  • Темірлік өзені бойына демалыс жайларын орналастыру.

  • «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық трасса бойында инфрақұрылымын дамыту.

  • Шарын өзенінің бойына балық аулауға қатысты жағдайларды ұйымдасыру.


Алматы облыстық көлік басқармасымен бірлесе отырып мына іс- шаралады қолға алу керек. Көлік жолдарының талапқа сай болуымен қатар , жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

  • Жолды жөндеу сапалылығына көңіл аудару

  • Шонжа ауылының ішкі жолдарының сапалығы мен жеткізу кестелеріне назар аудару

Облыстық экологиялық жағдайы:

  • Ауаға бөлінген газдарды тазалау , судың тазалығын тексеру жұмыстарының жоқтығы экологияның нашарлауына әсер етуде.

  • Су ресурстарына бақылаудың аздығынан, таза су құрамын анықтау мүмкіндігі аз.

  • Қатты және басқада қалдықтарды сақтау қоймаларындағы заттарды қайта өңдеу жұмыстарынның жоқтығы да әсер етуде.

Осы мәселелерді белгілі бір жүйеге келтірсек, Ұйғыр ауданының экономикалық дамуы көрсеткіші жоғарлауы сөзсіз, халықтың әлеументтік тұрмыстық жағдайлары жақсарады. Және Ұйғыр ауданы облысты ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етеін, инфрақұрылымы дамыған, туризм саласы жақсы дамыған ауданы болады.

























4. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңдағы Қазақстанның мүмкіншілігі яғни елді ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлерімен қамтамасыз етүге, су электр станцясын салуға және қосалқы энергия түрлерін өндірү мүмкіндігі табиғи-климаттық және де басқа да мүмкіндіктер өндірісіне керек нәрсенің бәрі бар, бірақ кәзір еліміз өзін тек қана нан және ұн өнімдерімен ғана қамтамасыз етіп отыр ал қалған керекті өнімдердің бәрін сырттан импорттаймыз бұл дегеніміз біз өзіміздің табиғи ресурстарымызды пайдалана алмай, өндірісті дүрыс жолға қоя алмауыздың белгісі. Алматы облысы оның ішінде Ұйғыр ауданы экономиканың аграрлық-индустриялық бағытымен сипатталады және іс жүзінде Алматы қаласының азық-түлік белдеуі болып табылады.

Соңғы жылдары экономиканың қарқынды өсіне байланысты электроэнергия жетіспеушілік байқалуда. Еліміздің оңтүстік аймағында бұл мәселе маңызды болып тұр. Осыған байланысты бірқатар шарадар бекітілуі керек яғни жаңа электростанциялар саынуы оның ішінде СЭС көбірек салынуы және қазіргі электростанцияларды күрделі жөндеуден өткізү және стандарттарға сәйкес ету қажет ол үшін жоғарыда көрсетілген шаралар жүзеге асуы қажет. Алматы облысын ауылшаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз етү үшін әр бір ауданды жақсылып зерттеп сол аудандардың табиғат, климаттық жағдайларға қарап кластерлер құруымыз керек ол туралы жоғарыда толық көрсеттім.

Жалпы ауданның оның ішінде ауылдар және ауылдардыңқ округтер қарқынды дамуы үшін біз облыс ішіндегі кенттер мен қала типтес поселкілерді дамытуымыз қажет. Қазірдің өзінде осындай елді мекендер даму үстінде осындай қала типтес поселкілерде жалпы үлкен өндіріс орындары қайта өңдеу кәсіпорындары мен ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын орындар және тасымалдаушы транспорттар орналасады және даму үрдісі осы үлкен ауылдар мен қала типтес кенттерде болады.Ұйғыр ауданы қала жоқ аудан болып табылады сол себепті ауданда қала типтес поселкілердің пайда болуы маңызды мәселе.

Кез келген елдің жоғарғы экономикалық дамушылығын көрсететін ол оның инфрақұрылымы яғни транспорттық кешені мен байланыс жүйесі болып табылады Ұйғыр ауданы өзінің географиялық орналасуы жағынан Қытай Халық Республикасымен шекаралас қазіргі кезеңде Алматы облысын дамытудың басты мәселелері өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту және маңызды халықаралық экономикалық ынтымақтастық аймағы ретінде шекаралық аумақтардың рөлін өңір арқылы өтетін көлік бағыттарын, сондай-ақ шекаралық сауда орталықтары инфрақұрылымын дамыту жолымен күшейту болып табылады

Ұйғыр ауданы болашақта ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін және өңдейтін, қайта өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамыған, халықаралық сауда орталығы, көлік кешені және туризм саласы, инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі орталық болады.


  1. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Забирова А.Т. Мотивы сельско-городской и межгородской миграции // Саясат =Policy. – Алматы, 2001. – № 10/11. – б.56-59.

  2. Мустафаева Н.И. Социально-демографические процессы в Казахстане: 1990-2000 гг. // Саясат = Policy. – Алматы, 2001. – № 10/11. –Б.45-55.

  1. Симагин Ю.А. Территориальная организация населения: Учебное пособие для вузов. - 2-е изд., испр. и доп. под общ ред. В.Г.Глушковой-М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков И.К., 2005»

  2. Слука А.Е., Слука Н.А., География населения с основами демографии и этнографии. Уч.-метод. Пособие. – М.: Изд. Моск. Университета,2001

  3. Территориальная организация населения: Учебное пособие, под, ред.Е.Г.Чистякова.- М.: Вузовский учебник, 2005 -188бет

  4. Хореев С.Б. Территориальная организация общества – М.: Наука,1981

  5. ЛаженцевВ.Н.Территориальноеразвитие

  6. Пространственная организация территории и расселения населенияреспублики казахстан до 2030 года, том 1, //Под ред. С.Н. Нугербекова., Е.У. Темирханова, Ж.К. Бопиевой, С. М. Касымова иШ.М. Надырова – Астана –Алматы, 2008 -297с.

  7. 15.Пространственная организация территории и расселения населения республики казахстан до 2030 года, том 2, //Под ред. С.Н. Нугербекова., Е.У. Темирханова, Ж.К. Бопиевой, С. М. Касымова и Ш.М. Надырова – Астана - Алматы, 2008 -386с.

  8. Программа развития Алматинской области на 2011-2015 года, Талдыкорган, 2011 г

  9. «Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Талдыкорган, 2011

  10. 2011-2015 жылдарға арналған өнеркіәсіп және кәсіпкерлік басқармасының Стратегиялық жоспары 2010 жыл

  11. «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

  12. Асылбеков М.Х. Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. А., 1995, 128 б.

  13. Қазақстан және оның өңірлері, А., №1, 2007, -54-55 б.

  14. Қазақстан және оның өңірлері, А., №1, 2007, -55 б.

  15. Собрание актов Президента РК и Правительства РК. 1997,№47,-с.53

  16. Регионы Казахстана. А.,2007, 65-71 с.

  17. Итоги переписи населения 1999 года. Алматы, 2000. с.1.

  18. Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы (Қысқаша статистикалық бюллетень)2013 жыл Алматы

  19. Қазақстан туризмі Статистикалық жинақ Астана 2011

  20. Стратегия развития областей до 2015 года, 2007г

  21. Ұйғыр aудaнының дaму жоспaры 2015





Қосымшалар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
1064
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі