Материалдар / Ғылыми жоба "Алоэ өсімдігінің пайдасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Алоэ өсімдігінің пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
2563
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспары:

1.Кіріспе бөлімі

- мақсаты

- міндеті

-өзектілігі

-ғылыми жаңалығы

2 Негізігі бөлім

2.1.Териялық бөлім:

- Зерттеу нысандары

- Алоэнің химиялық құрамы:

- Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

2.2 Тәжірибелік бөлім:

Әртүрлі ауруларды алоэ өсімдігі арқылы емдеу

3. Қорытынды

























Тақырыбы: Алоэ өсімдігінің пайдасы

Кіріспе

Табиғатты танып, оның тіршілігін оқып үйрену мен аялау, қорғау мектеп қабырғасында қалыптасады. Соның маңыздыларының бірі туған өлкенің дәрі-дәрмектік қасиеті бар өсімдіктерін танып, біліп оларды сақтау мәселесі. Себебі адам баласын сан түрлі сырқаттан айықтыруға жергілікті жердің табиғатының онда өсетін өсімдіктердің қосатын үлесін біз көзімізбен көріп, күнделікті өмір тәжірибесінде байқап жүрміз.

Өзектілігі: Қоршаған орта мен адам өмірінің сабақтастығы және өсімдіктердің адамзат денсаулығы мен саламаттылығына тигізетін пайдасы өзектілігін ешқашанда жоймайды

Мақсаты: Бөлме өсімдігі алоэнің биологиялық ерекшеліктері, морфологиялық сипаты мен адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін зерттеп анықтау және насихаттау.

Міндеттері:

  • Өсімдіктер дүниесіндегі ғылыми атауларын анықтау.

  • Түрлеріне қарай топтастыру, қасиеттерін зерттеу.

  • Баспасөз беттеріндегі, т.б. ақпараттық құралдардан осы өсімдік жайлы ғылыми зерттеулермен танысу(өсімдіктану, мақалалар, зерттеу жұмыстары).

  • Ғылыми зерттеулер мен пікірлерді жинақтай отырып, зерттеулерімдегі практикалық нәтижемді, көзқарасымды ғылыми негізде түйіндеп заманауи медициналық емдеу іс-шараларына енгізу.

Тәжірибелік маңызы: Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

Ғылыми жаңалығы: 1. Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді; 2.Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.

1. Теориялық бөлім

    1. Зерттеу нысандары

1.1.1 Алоэ өсімдігі және оның морфологиялық сипаты

Мен бөлме өсімдіктерінің ішінде дәрлік қасиеті бар алоэні зерттеуге алдым.Оның химиялық құрамын, 4 түрін, емдік қасиетін зерттедім.

Алоэ (жүзжасар: Aloe)-үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең тараған өсімік түрі.Үйде өсетін алоэнің ағаш тәріздес,сондай-ақ ақ жолақты жапырақты сәндік түрі болады.

А) Алоэ (variegata) деген түрінің жапырағы қою жасыл ақ жолақты,жапырағы үшбұрышты пішінді болып келеді. Ағаш тәріздес

Ә) Алоэ (arborescens) деген түрінің ағаш тәрізді тікенекті, жапырақтары ұзын сабағында орналасады.

Б) Алоэ (arictata)-осьтік алоэнің түрі кішілеу болады,жапырағы 10 см мөлшерде шар тәріздес розеткалар түзеді.

В) Алоэ (humilis) - приземистое түрі көкшіл-жасыл түсті жапырағы бар ұшы тілімделген болады. Бүгінде алоэнің ғылымға белгілі болған 180-дей түрі бар.

Қазақстанда ағаш тәрізді түрі алоэ (arborescens) бөлме өсімдігі ретінде қолдан өсіріледі.

Алоэ - лалагүлдер тұқымына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл қуаңшылыққа төзімді өсімдік. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Отаны - Оңтүстік Африка. Биіктігі 7-12м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл-сары түсті күлтесі болады. Шырынды алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.

Алоэнің химиялық құрамы:

Алоэ шырынында ферменттер, витаминдер көп, оның әр түрлі бактерияларды өлтіретін күші бар.

Алоэнің қасиеті: Кермек дәмді, усыз келеді.

Алоэнің күтімі: Тыңайтылған ылғалды топрақта жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суғарып отыру қажет. Жас өркендерін шығарып түпшелеп өсе береді. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммияк селитрасымен (1 л суға 1 г қосып қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлес өзен құмы болуға тиіс. Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады)

Алоэ бұтақшалары және сабақтың төменгі буынында өсетін өркені арқылы көбейтіледі. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын 1 тәулік кептіріп содан соң өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға отырғызады.

Алоэдан алынатын дәрі-дәрмектер:

Жас алоэ жапырағынан емдік - сабур ұнтағы алынады. Сабур қара, қоңыр түсті, өте ащы болады. Сабур басқа дәрі-дәрмектердің құрамына да араластырылады.







1.1.2 Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

Алоэнің басты ем болатын аурулары және қолданылуы:

1.Ересектер және балалар талма ауруына алоэден 9 г, шикі пинелин 30г,

байжу 30г, қызылмия 15г ұнтақтап оқ-дәрі жасайды. Әр ретте 1,5г ішеді.

2.Тісті құрт жеп ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэден 1г ұнтақтап,

оны тіске басады. Мен өзім жасап көрген осы тексеру жұмыстарына түрткі

болған мына оқиға. Мен көп тәтті жегеннен бе екен тісім ұдайы ауыратын,

ауырған кезде соншалық көзден жас шығаратын. Сол кезде мен тісіме сан

алуан дәрілерді пайдаландым, бірақ ешбірі көмектеспеді, сол кезде бір көп

көрген бір апай айтып, мен алоэның жапырағын ұнтақтап ауырған тісіме

басып тістедім біраздан соң ауруым басылды содан бері сөйтіп істеудемін.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда: алоэден лайықты мөлшерде алып,

жаншып жарақатқа таңады.

4.Кеңірдекшелер демікпесінет жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр

ретте 5мг ішеді. Сонымен қоса гайморит ауруына шырынын алып балмен

немесе спирт сұйықтығына қосып сұйық күнде ішетін болса ауруынан

айығуға көмектеседі.

5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэнің жапырағын тіліп, жараның

аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға тез жазылуына, әрі қарай

созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі. Мен бұған өзім көз

жеткіздім қалай десеңіз ағама шиқан шығып қатты қиналған еді сол кезде

ең алдымен баяғыдан белгілі «Ихтиоловая» мазін жақтық сол кезде одан

пайда болмады алоэның жапырағын тіліп, шиқанның аузына қойып

лейкопластермен жабыстырып қойдық. Соның нәтижесінде шиқан жиналып

жарылды.

6.Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулуз ауруына бірден-бір ем болып табылады.

2. Тәжірибелік бөлім

2.1 Зерттеу барысы

2.1.1 Көз аурулары және оларды алоэ сығындысымен емдеу

ДДҰ-ның жүргізген зерттеулері бойынша мектеп жасындағы әр төртінші баланың көру қабілетінің ауытқулары байқалған.Ал көз көруінің нашарлауы баланың қоршаған дүниені танып білу үрдісін төмендетеді,тілінің дамуы,есте сақтау қабілеті,қиялы тежеледі.

Қазіргі жас­тар­дың, оқушы балалардың күндіз-түні ком­пьютер алдында отырып, аз қи­мыл­дау себептерінен жасөспірімдердің ара­сында рефракция ауытқулары, «құр­ғақ көз», «қызыл көз» синдромдары жиі кез­десетін болды.

Біздің көзіміз жұқа жас қабатымен жабылған.Ол үш астардан тұрады.Компьютермен жұмыс істегенде монитордың электромагнитті толқындары жас қабатының бұзылуына әкеледі.Соның салдарынан жас қабаты буланып ұшып кетеді де, қоректенуі, қорғануы төмендеп, көздің құрғақтану белгісі пайда болады.

Соңғы кездері уақы­тынан бұрын туылатын нәрестеде көз ақауының болу мүмкіндігі көбірек бай­қалуда. Мәселен, ДДҰ 500 грамм болып туылған шарананы аман сақтап қалу керек деген талап қоюда. Өйткені, ондай кезде нәрестенің көзі көрмей туылады да, арнайы бесікте кислород астына жат­қанда көз алмасына, тор қабығына қатты әсер ететін көрінеді. Демек, бұл да бү­гін­гі күннің ең күрделі мәселесінің біріне ай­налып отыр. Қазір осы мәсе­леге бай­ла­нысты институт басшысының бас­та­ма­сы­мен балаларды емдеуге ба­ғыт­тал­ған бағ­дарлама жасалу үстінде. Ал Са­ла­мат­ты Қазақстан мемлекеттік бағдар­ламасы шеңберінде республика бойынша тұр­ғын­­дардың арасында етек алып отыр­ған көз ауруларының ішіндегі күр­делісі – глау­комаға (су қараңғылық) қарсы скрининг жүргізілуі Үкімет та­рапынан көр­се­тіл­ген үлкен көмек, қолдау.

2.2 Алоэ шырыны көз үшін несімен пайдалы?

Алоэ экстракты көз айналасындағы нәзік теріні ылғалдандыруға қажет косметикалық кремдер жасауға қолданылады. Себебі, ол .тамаша зат. Сумен араластырылған алоэ сығындысын көзге,құлаққа, мұрынға тамызуға болады. Профессор Филатов дәлелдегендей, алоэ экстракті құрамындағы белсенді стимуляторлар орталық жүйке жүйесі мен көзге ерекше әсер етеді.Дені сау адамның өзі өмір бойында алоэмен емделуді жүйелі түрде қолданып отыруы қажет. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей,алоэні қолдану барысында көз тамырларының қалыпқа келіп,сетчаткада жағымды өзгерістер болатыны байқалған.Дәрігерлік тексерістен өткен 46 емделушінің 15-інде көз ішіндегі тамырдың қан қысымы жоғары екендігі анықталған.Алоэ инъекциясының а рқасында 10 емделушінің қан қысымы қалыпқа түскен.

Бұл көне және ерекше өсімдіктің шырынының құрамында А,В1,В2,В3,В6,С,Е дәрумендері,фолий қышқылы,бета-каротин және холин бар.Осы құрамдас заттардың арқасында қарашықтағы зат алмасу үрдісі қалыпқа келеді және көздің қарауытуы мен катарактінің алдын алуға көмектеседі.

Жараны емдеуде пайдасы зор

Алоэ ағзаны кальций,калий,мырыш,хром,магний сияқты минералдармен қоректендіріп,қарашықтың химиялық құрамын сақтауға көмектеседі. Халық медицинасында алоэ шырыны ылғалдандырғыш ретінде кең тараған.Көздің көруін жақсарту үшін көзге тамызуға және басуға арналған сығындыны үш жылдықөсімдіктің төменгі қалың жапырағынан алады. Өсімдік шырынын біраз уақыт тоңазытқышта ұстап,соңынан тікенектерін қиып,үгітіп,сүзеді.Шырынды таза күйінде сирек қолданады.

Көз ауруларын емдеудегі алоэнің пайдасына шүбә келтіруге болмайды.Алоэ жапырағының ішкі жағында орналасқан шырыны тамаша қасиеттерге ие.Бұл шырынды созылмалы көз ауруларын емдеуге қолдануға болады.Көздің шырышты қабығының қабынуы мен көздің ісінгенін басу үшін пайдалану жақсы нәтиже береді.Көз айналасының терісі өте жұқа және нәзік.Сондықтан ерекше күтімді қажет етеді.Сонымен қатар,алоэ шырыны кірпікті ұзартуға да жақсы әсер етеді.Ол үшін алоэ шырынын косметикалық маймен араластырса болғаны.

Кіші жастағы балаларда жиі кездесетін катаракта ауруын емдеу үшін 150г өсімдік шырынын 5г мумиемен араластырады. Дайын қоспаны күніне екі рет 1 тамшыдан көзге тамызады.Пайдаланбас бұрын жапырақтарды 14 күн тоңазытқышта ұстайды.Катаракті кезінде көзге баспа жасаған да қолайлы.Ол үшін шырынды қайнаған және суытылған таза сумен1:10 көлемінде араластырады.Алынған сұйықтықпен көзді шаюға да болады.

2.2.1 Алоэ шырыны – көз ауруларын емдеуде

Трахоманы алоэ сығындысының көмегімен емдеу жолы.

Тр ахома- көздің күрделі созылмалы ауруы.Ол көз айналасында іріңді жаралардың пайда болуымен сипатталады. Мұндай өте қауіпті дертке қарсы алоэнің суға ерітілген сығындысы қолданылады.

Конъюктивит

Конъюктивит-көздің шырышты қабығының қабынуы.Оның белгілері: қабақтың қызарып, ісінуі. Аурудың пайда болу себебі- көзге шаң-тозаң, бөтен заттар,инфекция түсуі.Конъюктивитті емдеу үшін алоэ сығындысын қолданады.Алоэ жапырағын қоймалжың ботқа тәрізді етіп езіп,су құяды да, эмальді ыдыстың қақпағын жауып,қайнатады.Қайнатылғаннан кейін тұндырып,сүзеді.Осы тұнбаға батырылған томпонмен көз айналасын сүртеді.

Теріскен

Теріскенді емдеу үшін алоэ жапырақтарының суға салынған тұнбасын жасап,көзге басады.Үлкен жапырақты ұсақтап турап,қайнап, суытылған сумен араластырады.Алынған қоспаны 8 сағат тұндырып, сүзеді.Дайын ерітіндімен әбден айыққанша көзді шайып отырады.

Глаукома.

Глаукома көз ішіндегі қан қысымының көтерілуінен дамиды.Бүл өте ауыр дерттен көздегі жүйке тамырлары мен сетчатка зардап шегеді.Глаук оманың алғашқы белгілері- айналадағы заттар мен түстер көмескі тартып, тұманданып көрінеді.Көздің көруі нашарлап, мүлдем соқыр болып қалуға әкелуі мүмкін. Көздің қан қысымының көтерілуі бастың қатты ауруы, жүрек айнып, құсумен қатар жүреді.Ересектер үшін бұл дерттен емделу мерзімі 3 ай.

Өте жиі кездесетін көз ауруларының бірі- жақыннан көрушілік. Бұл ауруды емдеудің төмендегідей кестесі бар. 15 күн бойы 0,5 мл алоэ сығындысынан жасалған дәріден ине салғызу керек. 15 күн үзіліс жасағаннан кейін тағы да 15 күн ем қайталанады. Бұл емді қабылдау мерзімі 1 жыл



Түйіндеу





Алоэ жараны құрғатып,тәніңді тірілтеді,

Обырды жеңіп, көзіңді тазартады,

Санаңа нұр құяды,

Тіліңді жеңілдетіп,естуді өткір етеді,

Шаш түсуін тоқтатып,

Асқазанды нығайтады,

Бауырды емдеп жазады.



































Қорытынды



Алоэ өсімдігін «Ғажайып өсімдік» немесе «Табиғи емші» деп бекер айтпаған. Соңғы кездері көптеген ғалымдар мен қолданушылар емдеудің табиғи әдістеріне көп көңіл бөлуде.Нәтижесінде алоэ өсімдігі тамаша қасиеттерімен қолданушылар назарын қайтадан өзіне аударып отыр. Қазіргі таңда алоэнің құрамында 75-ке жуық қоректік заттар бар екені анықталып отыр. Осы заттардың арқасында алоэ адам ағзасының жекелей мүшелерімен қатар ағзаның тұтастай тазаруына, қалпына келуіне, қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Табиғатты қорғауда оның дархан сыйларының ішінде емдік қасиеттері бар өсімдіктерді ажырата біліп, одан дәрі жасаудың қарапайым жолдарын әр адамның білгені абзал. Сонымен өсімдік-медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктердің өзі пайдалы. Өйткені еліміздің территориясында өсетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің 20 мың түрін формацевтік өнеркәсепте не бары 200-дей түрі ғана пайдаланылады. Демек, біз әлі де өсімдіктердің көптеген түрлерінің қасиеттерін зерттеп білуде қыруар жұмыстар жүргізуіміз қажет. Бұл істе біздің республикада да атқаратын міндеттер зор. Республиканың өсімдіктер ресурсының молдығы оның түрлерін жан жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстанның жабайы флорасының құрамында өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 800-ге жуығы эндемик, яғни тек қана Қазақстанда кездесетін түрлер болып саналады. Аталған түрлердің ішінде 500-ден астамының даму қасиеттері анықталған. Алайда республика флорасының осынау анықталған түрлерінің 50 дейі ғана дәрілік шикізат ретінде пайдаланылуда.Әсіресе қара андыз, дәрілік валериан, тау қылшасы, қызыл мия шикізаттарына деген сұраныс артып отыр. Сонымен бәріміздің күнделікті жиі кездестіріп отыратын «жасыл аптекамызда»көптеген аса құнды препараттарды таба аламыз. Алайда бұл аптеканың препараттары арнаулы ыдыстарда немесе таблеткалар түрінде емес, жасыл өсімдіктер клеткаларында, олардың тамыры мен сабағында, жемісі мен тұқымында, гүлі мен жапырағында сақталады. Бір сөзбен айтқанда өсімдіктер алуан түрлі дәрілік заттарды бойына сіңірген «Қойма», біз ауырып-сырқаған кезде көмекке келетін «Жасыл жәрдемшілер» деп толық айта аламыз.













Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



1. «Жабайы өсімдіктер сыры» К.Ж.Сыбанбеков

2. «Өсімдік әлеміне саяхат» П.С.Массагетов

3. «Табиғатқа саяхат». Құттыбек Құрмашев

4. «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» А.А.Иващенко

5. Денсаулық энциклопедиясы.

6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

7. Ғаламтор материалдары

8. «Биолог анықтамалығы» журналы.

9. «Биолог және салауаттылық негізі» журналы.





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!