жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба "Алтын ұя мектебім"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ
Бағыты: гуманитарлық
Ғылыми жоба тақырыбы: «Алтын ұя мектебіміздің тарихы мен ұзақ жылдар мектепті басқарған ардагер ұстаз Сәбира Кәбдікәрімқызы Нұрғалиева »
Мазмұны
Аннотация .....................................................................................................3
Кіріспе............................................................................................................. 4
Негізгі бөлім....................................................... ........... ........... .................. 5
Қорытынды ............................................................................................ ......9
Қолданылған әдебиеттер............................................................... ..................10
Аннотация
Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, көп жылдан астам айтылмай келген мектебіміздің тарихының мәліметтерін жинақтауға арналған.
Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.
Сондықтан осы еңбегімізді мектебіміздің оқушыларына, алтын ұя мектебіміздің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.
Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз мектебінің тарихы, мектепті басқарған адамдар туралы білуге тәрбиелейді.
Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген деректермен толықтырылар еді.
Кіріспе
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да
мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.
Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ
жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз
үшін тайынбай-ақ серттесуге болады»
М.Жұмабаев
Бұл қазақтың кемеңгер ақындарының бірі- Мағжан Жұмабаевтың сөзі. Иа,қарапайым ғана нәрсе, ұлт тағдыры, ұлт болашағы- мектепппен тығыз байланысты. Ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылық негізінде құрылған мектептен нағыз патриот, ұлтжанды ұрпақ шығатыны сөзсіз.
Мектеп – бұл біздің өміріміздегі ең бірінші қолымыздан ата-анамыз жетектеп, үлкен үмітпен әкелетін білім ордасы, маңызды қадам болып табылады. Дәл осы қара шаңырақта, осы ордада , осы жерде біз өз ішкі дүниемізді ашып, үлкен дүниеге кіре бастаймыз, білі бұлағына бас қоямыз, жаңа әлемнің құшағына енеміз. Алғаш әріп танығаннан бастап, отыруды, ортада араласуды, сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды, мәдениетті үйренеміз.
Киелі орда - бұл ғана емес, сонымен қатар өмірді, өмір сүруді үйрететін жер. Сенің санаңа білім нәрін себумен қатар, адал болуды, достастықты әр қоғамда өмір сүруді, адал еңбекпен табыс табуды, біреудің ала жібін аттамауды үйренеміз . Сөйтіп жүріп шыңдала бастаймыз, бойда талант, ерекше қабілет барын байқайсың. Енді басқа қырынан таныласың. Өнеріңді шыңдап, жетістікке жетесің. Ұстаз әр жетістігіңді мадақтап, қолпаштап, өзгеге үлгі етіп, көтермелеп тастайды, ал бала болып жасаған кемшіліктерімізді, қателіктерімізді жөндеп дұрыс жолға бағыттайды.
Мектепте өзіміздің көп уақытымызды өткіземіз, қосымша аламыз, спортпен айналысамыз, қоғамдық жұмысқа қатысамыз, сөйтіп жүргенде мектептің ажырамас бір бөлігі болып кеткеніңді байқамай да қаламыз. Ол біздің екінші үйіміз бола бастайды. Өзімізді сол мектептің мүшесіндей,өзіміз сол мектепке нағыз керек адамдай сезінеміз. Отбасында мектептегі жетістігіңді, табысыңды, ұстазыңның
сенім арта сөйлеген жылы сөздерін мақтанышпен айтамыз.
Жобаның негізгі мақсаты:
Оқушылардың тарих туралы білімдерін көтеру.
- Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу және зерттеу мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Жобаның міндеттері:
Мектепті басқарға С.Қ. Нұрғалиеваның еңбек жолын зерттеу
Өз мектебінің тарихын жетік білу
Болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қосу
Мәселе: мектептің тарихын зерттеу арқылы мектепті басқарған адамдарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Зерттелетін объект: метебіміздің шығу тарихын анықтап, осы күнге дейінгі жағдайын зерттеп зерделеу.
Мектебімнің тарихы
1854-1958 жылдар аралығында ауылымызда бір комплекті мектеп салынды. Бұл мектепте барлығы 15 оқушы білім алды. Кейін оқушы саны 25 көбейіп, екі ұстаз Сгибнева М.С. мен Шукарева М.И. жұмыс атқара бастады. Бірақ бұл адамдар жайында ешқандай ақпарат сақталмаған екен. 1960 жылы арнайы мектеп үшін ғимарат салына бастады. Мектеп сегіз жылдық болды. Алғаш директор болып Ұлы Отан соғысының ардагері Кошевой Василий Ильич тағайындалды. Бұл адаммен бірге Тетекли Мария Яковлевна да өз қызметін бастады.
Кошевой Василий Ильич,Рязанова А.Я. И Тетикли М.Д
1979 жылдары біздің мектебіміз орта мектеп атанды. Оқушылар саны
460 балаға жетті. Мектепте бұл кездері 16 мұғалім жұмыс атқарды.
Жаңа мектептің басшылары туралы мәлімет
Жаңа мектептің бірінші директоры Комарова Федора Дмитриевна болды. Ол адам өз қызметін 1979 жылдан бастап 1981 жылдарға дейін жалғастырды. Қазіргі уақытта Федора Дмитриевна Санк- Петербургте тұрады.
Агрономия орта мектебінің директоры Комарова Ф.Д. оқушылармен
Кейіннен бұл қызметті Шиль Андрей Матвеевич, Святличный В., Жұмагұлов Иман Жамбылұлы, Сәрсенбаев Қайыртас Шаяхметұлы жалғастырды.
1985-2005 жылдар аралығында мектебімізді Сәбира Кәбдікәрімқызы Нұрғалиева 16 жыл басқарды. Сәбира Кәбдікәрімқызы тарих пен құқық пәндерінің мұғалімі. Оқу-ағарту ісінің үздігі. Дана, талантты директор, өз ісіне адал мұғалім. Өте мейірімді және есте сақтау қабілеті өте жоғары ерекше адам.Сәбира Кәбдікәрімқызы соғыс ардагерлермен, орден иелерімен, өндіріс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, ерлік сабақтар және басқа да іс-шараларды өткізуді мектебіміздің дәстүріне айналды. Әр күні сайын Сәбира Кәбдікәрімқызы әріптестерін және оқушыларды мектепке қарсы алып, табысты күн мен тамаша көңіл-күй тілеп отырған. Оқушылардың денсаулығына да көңіл бөліп отырған.
Қорытынды
Білімнің бағалаған нарқын ұям,
Сақтаған дәстүрлерін, салтын ұям.
Болашақ ғасырларға шуақ шашып,
Жайнай бер мәңгілікке, алтын ұям!
Мектеп – біздің білім ордамыз, біз осы мектептен білім алып, өмірдің мәнділігін, қызығын көрудеміз. Мен мектебімді мақтан тұтамын. Менің мектебім барша әлемге үлгі болса, танымал болса деймін. Мектеп оқушылары менің бауырларым, достарым! Мектеп ұстаздары менің отбасым. Мектеп менің екінші үйім, жылу берер, білім берер ошағым!
Осындай барша қазақ елінің биік жетістіктерге жеткені, білім ордаларының көркейіп, оқушылардың жаңа бағыттарға талпынғаны ел басшымыздың арқасы деп білемін. Өйткені ел басшымыздың үлкен саясатының арқасында қалаларға мектептер мен бала бақшалар салынып, апаттық жағдайда тұрған мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп отыр. Дарынды оқушылар өздерінің алтын ұя мектебінен алған білімдерін дамытып, шет мемлекеттерге оқуға жолдамалар алып отыр.Білім ордасының көркеюі ұлт мақтанышы, ел мақтанышы.Әр адам ең бірінші өз Отанымен мақтанса екіншіден өз білім ордасымен мақтанады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Е. Муиндинов «Толқында туған Ақтоғай»
2. Ардагер ұстаздың естеліктерінен
3. Агрономия орта мектебінің кітапханасынан мәліметтері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген