400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 2-7 сынып аралығындағы оқушыларға тиімді ақпарат. Оқушылардың әріптер мен әліпбидің шығу тарихы жайлы қысқаша, әрі нақты жазылған. 5 сыныптың оқушысы Кенжетаева Камила ұстазының көмегімен көптеген ақпараттарды қарастырып шықты. Ежелгі тасқа қашалып жазылған таңбалардан бастау алған жоба. Қазіргі заманға дейін әліпбидің кезеңмен ауысуы жайлы ақпарат бар. Қазақ әліпбиінің негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы жайлы да айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны



  1. Абстракт (Аннотация) 2 - 3

  2. Кіріспе 4 - 5

  3. Негізгі бөлім 6

    1. Әріптер қалай пайда болды? 7 - 9

    2. Қазақ әліпбиінің атасы А.Байтұрсынұлы 9 - 10

    3. Ата – анам оқыған әліпби. 11 - 12

    4. Мен оқыған әліпби. 12 – 13

    5. Латын әліпбиіне көшу заман талабы. 14

  1. Қорытынды 15

  2. Пайдаланылған әдебиеттер 16

  3. Пікір 17

7. Қосымша материалдар 18 – 21

8. Ғылыми жұмысты зерттеу күнделігі



























Абстракт (аннотация)

Зерттеудің мақсаты: Әріптер мен әліпбидің шығу тарихын зерттеу

Зерттеудің міндеттері:

  • Әріптердің қолданысқа еңуін қарастыру;

  • Қазақ әліппесінің атасы А.Байтұрсынұлы;

  • Латын әліпбиіне көшу заман талабы;

  • Зерттеу жұмысына сүйене отырып, ұсыныс жасай алу;

Зерттеу жұмысының болжамы:

Егер «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы» тақырыбына байланысты пікірімді толық жеткізе алсам, оны әрі қарай толықтырып, жұмыс жүргіземін деп ойлаймын. Әділқазылар ғылыми жұмысымды құнды деп есептесе, жұмысымды сабақтан тыс шараларда қолдануға болады деп үміттенемін.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Заманауи талапқа сай әріптердің (қазақ әліпбиінің) латын әліпбиіне ауысуынан туындаған ойым, әріптердің қалай пайда болғандығын зерттеп, қарастыру болатын.

Жұмыстың ерекшелігі:

Бұрынғы замандағы ата – бабаларымыздың уақытындағы жазбаларда кездесетін әріптер таңбасының қазіргі уақытқа дейін жетуінде.

Зерттеу барысында көрнекілік, салыстырмалы, зерттеу, проблемалық әдістерді қолдандық.















Abstraction (annotation)

The purpose of the study: study the history of letters and alphabet

The research of the study:

> Consider letters handling;

> Father of Kazakh alphabet is A.Baitursynov;

> Modernization of the Latin alphabet;

> Being able to make suggestions based on research;

The prospects for the research:

If I can fully convey my point of view on the topic of “Letters and Alphabet’s History”, I think that I will continue to work on it. If the jury thinks my research is valuable, I will take my job hopefully can be used in extracurricular activities.

The relevance of the research topic:

The idea of writing modern alphabet (Kazakh alphabet) into Latin alphabet could be examined and examined.

The feature of work:

In the past, the letters that we find in the records of our ancestors reached the present moment.

In the course of the study, we used visual, comparative, research, problematic methods.





















Кіріспе бөлім

Менің ғылыми жұмысымнын тақырыбы: «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы». Бұл тақырыпты таңдаған себебім, латын әліпбиінің бүгінгі таңда қайта жаңғыруынан туындаған ойым ғылыми жоба жазуға ұласты. Сонымен қатар әріптерден сөз құрап, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастырып күнделікті өмірде қарым - қатынас құралына айналып, адамдар

ойларын қалайша еркін жеткізе білгендерін толығырақ зерттеп білгім келді.

Қазіргі кезде техниканың қарқынды дамып, адамдар бірнеше тілдерді үйреніп білулері заман талабы екенін білемін. Бүгінгі күнде қазақ тілінің көптеген өзекті мәселелері зерттелуде. Осыны біле отыра, өзімнің қызығушылығымның арқасында әріптердің қалай пайда болғаның зерттеуге кірістім.

Біздің заманымызға дейінгі уақыттағы адамдардың тілдік қарым -қатынастарын ғалымдар зерттей келе тасқа қашалған көптеген суреттерді тапқан. Ежелгі адамдар осы суреттер арқылы өздерінің тыныс тіршілігін баяндаған екен. Мысалы: Аяқтың суреті болса келе жатырмын, кетіп бара жатырмын, тез кел деген мағына берген. Уақыт өте келе осы суреттерге негізделген әліпби тәріздес қарым - қатынас құралын ойлап тапқан. Бірақ мұндай әліпбилер мүлдем қолайсыз болғандықтан, көп ұзамай бұл суреттердің орнын таңбалар алмастырған.

Ал осыдан 4000 жыл бұрын әріптерден құралған әліпби пайда болған. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов атамыз араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуын жаңартып, осы ісімен миллиондаған қандастарымызға бұл әліпбиді қолдануға мүмкіндік берді. Араб тіліне ғана тән және қазақ тілінде мүлде қолданыста жоқ әріптерді алып тастап, қазақ тіліне тән әріптерді еңгізді. Жаңа емле яғни жаңа орфография деген атқа ие болған бұл жаңа әліпби Ауғаныстан, Қытай, Иранда тұратын қандастарымыз арасында қолданады. Ал, біздің елімізде бұл әліпби 1917 жылдан бастап еңгізіле бастады. Бұл әліпбиді басқаша төте жазу деп те атайды.

Араб әліпбиінен кейін 1929 – 1939 жылдар аралығында латын әліпбиі оқытылған. Қазақстанда жаңа әліпбиге көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болған.

1940 жылы біздің әліпбиіміз кирилл графикасына негізделген әліппеге алмастырылды. Қазіргі күні қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Олардың 33-і орыс графикасына негізделсе оның 9-ы қазақ тіліне тән әріптер.



































Негізгі бөлім

Адам қоршаған әлемді ежелгі кезеңнен бастап бейнелей бастады. Алғашқы адамдар үңгірдегі, тастардағы, сүйектердегі суреттері куә болатын үлкен жетістіктерге жетті. Ол бейнелер магиялық кескінді алды, адам ойын өзіндік жеткізетін түрі болған екен. Өнерді үйрену тікелей тірі бақылау мен қадағалау арқылы жүзеге асқан. Олар бірден бейнелеу өнері тәсілін меңгермеген. Егіншілік пен қолөнер-кәсіптік сипат адамның өнерге деген көзқарасын өзгерткен. Сурет салуды адам бөлек кәсіп ретінде түсіне бастаған. Бірақ қандай да бір қимыл-әрекетті бейнелеген жағдайда, ол өзі онша  түсінікті бола бермепті. Мысалы, аяқтың бір ғана суреті «бара жатырмын», «келдім», «кеттім», «жылдам» … дегендерді білдірген. Сөйтіп, бір ғана  суретті «жылдамырақ кел» деп те, «тезірек кет» деп те өз қалауынша, өз білгенінше  түсінуіне  болатындай етіп айтып жүріпті. «Мен келдім» деп айту керек болғанда, «мен келдім» деген сурет салса керек. Менің түсінгенім бойынша суретпен бейнелеп көрсету өте қиындау болған. Сөйтіп, әріптер  қажет болады да, кейіннен суреттер таңбаға айналған. Бірақ олар алғашқыда әдеттегіге  онша ұқсамайтын – суретті - әріптер болыпты. Әр салынған сурет өзінше белгілі мағына беріп және болған жағдайды суретпен түсіндірген екен. Ал егер мен жоғарыда  айтқандай сөздің бәрін осындай суретпен жазсақ, ол жазу түсініксіз болып, тіпті бүкіл бір дәптерге сыймай  кетер еді. Мұның ертедегі египеттіктерге  қандай қиын болғанын осыдан-ақ елестеттім. Сол мақсатта оларға аса көп суретші-хатшылар ұстауларына тура келген екен. Осы ақпаратты оқып, зерттеген соң мен өзім тасқа сурет салып көрдім. Маған тасқа сурет салу қиынға түсті. Бұрынғы адамдарға бұл әрекет қиынға түскені анық.

Бұл кезеңнен кейін жылжып жылдар, ғасырлар өткен кезде, жазуға оңайырақ болу үшін хатшылар кейбір аса қиын суреттерді белгілі бір таңбалармен ауыстыра бастаған. Ол Көне түркі жазбалары немесе Орхон – Енисей таңбалары деп атаған. Олары енді нағыз әріптерге ұқсаңқырайтын таңбалар еді. Шамамен 4 мың жылдай бұрын Египетті көшпенділердің гиксостар деп аталатын жауынгер тайпасы басып алыпты. Содан барып бұл екі халықтың  әліппелерінен  жаңаша бір әліппе пайда болған. Қазіргі біздің әліппе сияқты  ол да А мен Б әріптерінен бастау алған. Көне түркі әліпбиінің құрамында 35 әріп бар. Соның ішіндегі А әріпін гиксостар «Алеф» деп атаған, онысы «өгіз» деген сөз еді. Алғашқы кезде бұл таңба, шынында да, мүйізі бар өгіздің басына ұқсас болған екен. Мысалы тShape1 өмендегі үлгідегідей





Ал, Г әріпімен бір кездерде бұрышты белгілеген, бұл әріп қазір де соған ұқсайды.

Shape4

М әріпі –  теңіз толқының , Р –  жылқының басы болғандығы деректерде жазылған. Осы әріптер сияқты қалған әріптердің де өзіндік таңбамен белгілеп, кезекті бір затқа ұқсатқан.

Ежелгі Вавилондағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шуме тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазуладың бірі араб жазуы. А.Байтұрсынов қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен даралығын анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстық үнін танытатын таңбаларын әліпбиге еңгізген. А.Байтұрсынов әліпбиінің қазақ жазуы тарихында “жаңа емле” (төте жазу) деп аталып, халықты сауаттандыруға ірі бет бұрыс жасаған. Ал қазақ тіліндегі «әліппе» сөзі арабша А әрпінің атауы әліп (алиф)  пен  Б  әрпінің  атауы би  сөздерінің  тіркесуіне  («әліпби» немесе «әліппе») келіп шыққан екен. «Әліппе» аздаған дыбыстық өзгерістермен көп түркі халықтарында сол күйінде қолданылады делінген. Араб әріптері оңнан солға қарай жазылады, бас әріптері болмайды. Әріптері бір-біріне қосылып жазылады. Араб жазуы алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1929 жылға дейін пайдаланып келген. Мысалы: А әріпінің арабша жазылуы мынадай болып келеді (әлиф) 1.

Ал, 1929-1939 жылдар аралығында Мемлекет қайраткерлері араб әліпбиімізді латынға көшіру керек деді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі..." деген ұғым пайда болыпты. Осы уақыттан кейін Х. Досмұхамедов қазақ тіліне үйлестіріп латын әліпбиін жасаған. Бұл әліпби халыққа он жыл оқытылған екен. Осы кезеңдегі латын әліпбиінің А әріпі мынадай таңбада жазылған болтын А а

Біздің қазіргі әліпбиіміз әліппелерімізге келіп кіргенге дейін елден елді аралап ұзақ сапар шеккенін байқадым. Көптеген өзгерістерге де ұшыраған. Гиксостардың әріптерін ең әуелі шебер құрлысшы әрі теңізші халық-финикиялықтар пайдалана бастаған. Олар әріп жазуды Ертедегі Грецияға жеткізіпті. Одан әріптер Ертедегі Римге барып, содан соң Болгарияға көшіпті, осыдан 1000 жылдай бұрын  ғана сол  жер арқылы Россияға келіп жетіпті. 1940 жылы кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілген. Әріптің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазуға бейімделген жазба түрі болған. Әріп қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Әріпте құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады. Қазақ жазуының тарихында мұндай өзгертулер болған екен. Мысалы менің зерттеп салыстырғаным бойынша «Әріптер таңбасының әр кезеңге байланысты өзгеруін» мынадай кесте үлгісінде ұсынамын.

таңба

Араб әріпі

1929-1939 жылдардағы латын әріпі

Орыс әріпі

Қазақ әріпі

2025 жылда латын әліпбиі

Shape5

l (а) алиф

Аа

Аа

Аа

Аа

Shape6

m мим

Mm

Мм

Мм

Mm



Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алған. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзетеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кездегі интелегенция жаппай мойын бұрған. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат еткен. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларын баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылыпты. 1926 жылы ғалым «Әліпбидің» жаңа түрін жазған екен.

Алғашқы білім мен дағдыны меңгертуге арналған сауат ашу оқулығы (араб әліпбиінің “алиф” және “ба” деген екі әріпінен құралған). Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілген екен. 19 — 20 ғасырларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты  (медреселер,  орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс әліпбиімен жазылған. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы. Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” (Орынбор, 1864), “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрген. Алайда “Қазақ хрестоматиясы” сауат ашуға арналған әліппе емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын  дамытуды көздейтін оқулық болған. 20 ғ. басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын бірнеше ғалымдар әліппе оқулықтарын шығарған екен. Ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған. “Оқу құралы” (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделіпті. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылыпты. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылған екен. Ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылған. 1925 ж. А. Байтұрсынов  әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ  бастауыш мектептеріне арналған “Жаңа Әліпбиді” (Қызылорда 1927) ұсынды. Оқулық өз заманына лайық “Әліппе” жасау ісінің озық үлгісі болған. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырылып сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапқан екен. “Жаңа Әліпбиге”: а) баланың өз атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер, ә) балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілген. Жалпы А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болған.

Ата – анамнан сұраған ақпаратым бойынша жоғарыда айтып кеткен өзгерістерден кейін 1980 – 1990 жылдары елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілген екен. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болған. Менің ата – анам 1991 жылдары мектеп табалдырығын аттап, кирилл әліпбиі негізінде құрылған қазақ әліпбиін оқыған. Ол кезде оқытылған әліппенің ішіндегі өлең, тақпақ, әңгімелері қазіргі мен оқып жатқаннан біраз өзгеше құрылған деп атап өтті анам.

Жұмысымды жазу барысында іздене отырып, ата – әжемнен, әке – анамнан, мұғалімдерден, қалалық кітапхана қызметкерінен сауалнама алып жұмысымды толықтырдым.

Сауалнама сұрақтары.

  • Әріптер қалай пайда болғанын білесіз бе?

  • Сіз оқыған әліпби қандай болды?

  • Сіз оқыған әліппеден есіңізде қалған әңгіме немесе өлең, тақпақтар.

Бұл сауалнаманың қорытындысы:

Анаева Қаныш Қалиқызы, Степногорск қаласының қалалық кітапханасының қызметкері.

- Әріптердің негізін қалаушы А.Байтұрсынов екенін білемін. Түпнегізін оқып көрмеппін.

- 1963 жылы Шаңтөбе руднигінің орта мектебіне қабылдандым. Мен оқыған әліппе кирилл негізінде құрылған орыс әліпбиі болатын.

- Мектеп кезінде біздің көп оқыған өлең, шығармаларымыз Ленин туралы болатын.

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,

Көмкерген су көремін.

Өркеш-өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім. (Ж.Жабаев)

А.С.Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп лицейінің қазақ тілі мұғалімі Құнанбаева Ардақ Асылханқызынан видео сұхбат алдым.

Ал менің алғашқы оқыған әліпбиім кирилл негізінде құрылған қазақ әліпбиі. Әліппе, ана тілі оқулықтарым өте әдемі безендірілген, 2012 жылы баспадан шыққан екен. Кітап авторлары: Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлжанова. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған. Күн сайын оның беттерін ақтарсам да, қайта-қайта қарағым келіп тұратын. Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулық. Менің алғашқы кітабымның бірінші бетінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың бізге  арналған тілегі берілген. Одан кейінгі беттерде суреттер бейнеленген. Сол суреттермен жұмыс жасауға үйрендім. Суреттер бойынша сұраққа жауап береміз. Әңгіме айтуға жаттығамыз, басқа балалардың әңгімесін естиміз. Суретпен жұмыс сөз, сөйлем ұғымымен таныстыруға бағытталған. Кітабымның 32-ші бетіне келгенде алғашқы Аа әрпімен таныстым. Сабақ  сайын 1 әріппен таныса отырып, әріп және дыбыс, олардың айырмашылығы жайлы білдім. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дауысты дыбыс арқылы сөздерді буынға бөліп үйрендім. Суреттер арқылы сызба бойынша сөйлем құрастыра алдым. Әр дыбысты өткен сайын оқитын буын, сөздер күрделене берді. Оқулығымыздың әр беті қызықты  суреттермен безендірілген болатын. Біз білмейтін, мағынасын түсінбейтін сөздерге кітап  авторлары олардың суреттерін берген. Сол арқылы және оларды түсіндіргеннен толық мағлұмат алдым. Алғашқы  оқыған мәтінім 8 сөзден құралған еді. 42 әріпті түгел өткеннен кейін  25 сөзден тұратын әңгіме, мәтіндерді оқи алатын болдым. Бұдан ары кітапқа жеңіл оқылатын ертегі, мысалдар енгізілген. Алғашқы кезде 3,4 әріптен тұратын 2 буынды сөздер оқып үйрендім. Біртіндеп оқитын сөздеріміз күрделене түсті. Әріптерді бітіріп өлең, ертегі, жұмбақ, мақал-мәтелдерді еркін оқыдым. Оқыған әңгімелерден мен дос болуды, үлкенді сыйлауды, қамқорлық жасауды, Отанды қадірлеуді үйрендім. Әр парақтың  төменгі жағында әріпті қалай жазу керектігіне үлгі берілген. Соған қарай отырып әдемі жазып дағдыландым. Оқулықтағы берілген мәтіндерден мен дәрілік өсімдіктер, батырлар, мамандықтар, ойындар жайлы білдім. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіне алатын болдым. Жылдам оқуға берілген жаңылтпаштардың көмегі ерекше, өйткені оны тез оқуың керек. Біздің алғашқы оқулығымыз бізге жылдам әрі қатесіз оқуға көмектесті. Бұнын барлығы әрине ғұлама ғалымдардың бізге жеткізген еңбектерінде деп білемін. Енді мен біз танып бәлген әріптер мен әліпбидің қайдан, қалай пайда болғанын жақсы білетін болдым. Сонымен қатар өзім қатарлас балаларға айтып бере аламын. Міне, сіздерге өзімнің оқып, бастау алған әріптер мен әліпбиім жайлы да айтып, оның ерекшелігі мен артықшылығы туралы әңгімелеп беруге тырыстым.

Біз оқыған әріптер мен әліпбиіміз 2025 жылдан латын әліпбиіне ауысуы жоспарлануда. Әрине бұл Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасына құрған тарихи құжаты. Бұл құжатта латын әліпбиіне көшу туралы нақты міндет қойылған екен. Жаңа әліпби жаңаша жаңғырудың бастамасы деп ойлаймын. Әліпби арқылы ұлттық сана күшейеді делінген. Әлемде болып жатқан жаңалықтар осы жазу арқылы қабылданады. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамын. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып жатыр. Елімізде қабылданғалы тұрған ең негізгі мәселе тіл болғандықтан мен өз тарапымнан зерттеу жұмысыма мектеп оқушыларынан сауалнама алдым. «Латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?» деген сұрағыма 62 оқушы жауап берді. Сауалнаманың нәтижесіне назар аударсақ латын әліпбиін қолдайтын оқушылар саны басым. Болашағын ойлайтын жастар көп екеніне сенемін.

  • Ия - Жоқ

Shape7





















Қорытынды

Қорытындылай келе әріптердің қалай пайда болғанын көп оқушылар бірдей біле бермейді. Мен үшін суреттің таңбаға, таңбаның біртіндеп келе әріпке ауысқаны өте қызықты ақпарат болды. Әрі заман талабына сай оқып жүрген қазақ әліпбиінің болашақта латын әліпбиіне ауысып, өзгеріп кету мүмкіндігі туған жағдайда мен қазіргі әліпбидің қалай туындағаны жөнінде не білемін деген сұрақтар жетегімен осы жобаны зерттеп шықтым.

«Әліппе» ол араб алфавитінің бірінші әрпі «алиб» пен содан кейінгі әрпі «би»-ден құралып, сауат ашу  құралының атауына айналып кеткен. Бұл сөз тілімізге араб жазуын пайдаланған  ертерек кезде еңіп, 1929 жылы латын, ал 1940 жылы осы күнгі кирилл әліпбиіне көшкенімізден кейін де, мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған балалардың алдымен танысатын сүйікті оқулығының атауы болып қалып қойды. Адам баласы талай замандар бойы жасаған, жинаған білімнің асыл қазынасына алғаш жол ашатын оқу құралы - әліппе. Әліппені үлкен де, кіші де сүйіп қастерлейді.

ХХІ ғасыр – білім ғасыры әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ескіні жаңғырту, өткенді еске түсіру арқылы көтеген жұмыс түрлері жүргізілуде. Біздің еліміз жас, оған алдыңғы қатарлы  мемлекеттердің арасынан орын алуы өте қажет. Сонда ғана біздің халқымыз жақсы өмір сүретін болады деп сенемін. Ол үшін елімізді өркендетіп, дамытатын білімді адамдар қажет деп санаймын.. Осы мақсатта еліміз 2025 жылдан бастап тілдерді еркін әрі тез меңгеру үшін латын әліпбиіне көшуді көздеп келеді. Латын әліпбиі жарқын жол ашатынына сенемін.

Білімді балалар яғни өсіп келе жатқан біздер – Қазақстанның болашағымыз деп жобамды қорытындылаймын.

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

 

  1. А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жиынтығы. — Т.4. Әліппелер мен мақалалар жинағы.- Алматы: «Ел - шежіре», 2013. — 384 бет.

  2. Ш.Әуелбаев. Ә.Наурызбаева. Р.Ізғұттынова. А.Құлжанова. Әліппе.- Алматы «Атамұра» 2012. — 144 бет.

  3. Ә.Жүнісбек «Төл әліпби – төл жазу мәселелері» Алматы: Дайк – Пресс, 2017ж. – 232 бет.

  4. Негеш. Балалар энциклопедиясы.

  5. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған.  Құраст.: Тоғысбаев Б. Сужикова А.   Алматы:  “Алматы кітап баспасы”,  2009.

  6.  “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.  Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.  420 б.

  7.  Әліппе айтысы.  Құрасырғандар:   Мәжітаева Ш.  Қарағанды, 1990. 

  8. Интернет желісі. Торғай тв каналы.

  9. Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/6807

























А.С.Пушкин атындағы

3 көпсалалы мектеп-лицейініңң

5-сынып оқушысы

Кенжетаева Камиланың

«Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы»

тақырыбы бойынша жазған жұмысына



ПІКІР

Камиланың жазған жұмысы қызықты әрі, пайдалы ақпарат. Ол «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы» тақырыбын ұтымды зерттеп шыққан. Зерттеу барысында БАҚ материалдарына сүйене отырып, ақпарат іздеуде көп еңбектенген. Степногорск қалалық кітапханашымен кездесіп, таңдаған тақырыбы бойынша біраз ақпарат жинастырған. Берілген тақырып бойынша мәліметтерді жинастыру барысында ата – әжесімен, ата - анасымен, мектеп мұғалімдерімен сұхбат құрып, сауалнама алған. Бұл кісілердің оқыған әріптері мен әліпбилері жайлы ақпарат жинастырған. Осы жұмыс бойынша презентация жасап, зерттеу күнделігін жүргізе білді. Өз тарапынан да ой қосып, қорытындысын шығара білген.

Зерттеу барысында ізденушілік, шығармашылық, проблемалық әдістерді қолданған. Жұмыстың жобасын қалалық ғылыми-практикалық конференцияға ұсынамын.





















Қосымша

материалдар























Shape8 Shape9



Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңен кетпейді.





















Алфавитті білеміз
Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар
.





Shape10

Shape11

Shape12









Shape13





Shape14

Shape15







 













 













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі