400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба "Асқабақтың пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға арналған ғылыми жоба. Асқабақтың пайдасы тақырыбы бойынша .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Асқабақтың сырлы әлемі»

Болжамы:
Асқабақтың қасиетін, биологиялық құрамын зерттей отырып, адам ағзасына пайдалы және емге қолдануға болатындығы.

Зерттеу кезеңдері:
- Зерттеу объектісі ретінде асқабақты бақшаға егіп, басқа да асқабақ егілген жерлерді анықтап, бақылау.
-
Асқабақты өсіру, биологиялық құрамын зерттеу қасиетін анықтау.
-
Материалдық ақпараттар жинақтау.

Жұмыстың мақсаты:
Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарына зерттеу жүргізу арқылы нәтижелерді практикалық қолдану, салаларын анықтау.

Міндеттері:
- Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
-
Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу (ақпараттар жинау, деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау, интернет материалдарын пайдалану.)
-
Жұмыс нәтижесін шығару.

Алға қойған міндеттерді шешу әдістері:
- Бақылау жасаудың мақсатын анықтап алу.
-
Қандай белгіге басты назар аудару керектігін дәлмедәл белгілеп алу.
-
Бақылау жасалатын объектінің белгілерін анықтап алу үшін салыстыру тәсілін пайдалана отырып, анықталған заттың негізгі белгілерін топтастыру, жоспарын жасау.

Мазмұны:

  • 1.Асқабақ өсімдігі туралы мағлұмат

  • 2.Асқабақтың өсіп-жетілуін зерттеу

  • 3.Асқабақтың құрамы

  • 4. Асқабақтың түрлері

  • 5.Асқабақтың қасиеті

  • 6.Асқабақтың пайдасы

  • 7.Пайдаланылған әдебиет


  • Кіріспе
    Мектепке 1 - сыныпқа келгенімде әліппе, математика пәндерімен бірге дүниетану деген пәнді де оқи бастадым. Мені осы пән өзіне ерекше тарта бастады. Алғашқы сабақтардың бірінде апайымыз бізді далаға алып шығып, «бізді айнала қоршаған дүниенің бәрі «табиғат» деп аталады, адам да табиғаттың бір бөлігі, адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Табиғат тірі және өлі болып екіге бөлінеді,»- деп оларға нелер жататынын көрсете отырып түсіндірді. Мен сонда өсімдіктердің тірі табиғат екеніне сенбейтіндігімді олар шіріп, өліп қалатынын өзімше дәлелдеп, апайыма бой бермей қойғанмын. Үйге келген соң да анама айтып, анам да апайымның айтқанын айтып түсіндірсе де сенбей қойдым. Өйткені маған өз пікірім дұрыс болып тұрды. Бір күні сабаққа келе жатып анам екеуіміз мектепке тез жету үшін бір үйдің есігінің алдымен өттік. Бақшалары үлкен екен. Жапырақтары дәу - дәу, әртүрлі пішінде түйіндер жатыр. Өте көп.

    Анамнан «қауын бадеп сұрадым, анам оның асқабақ екенін айтты. Мен асқабақ осылай өсе ме деп таң қалдым. Сабақта апайыма көргенімді айттым. Апайымнан асқабақтың бақша өсімдігі екенін, біздің ауылда асқабақ егетінін, күшті баптап өсіріп күзде өнімін мол етіп алатынын, оның бір дәнінен 7 - 8 асқабақ өнімі алынатынын естігенде қатты таң қалдым.

Мен сол кезден бастап қызыға бастадым. Үйге барған соң апама, әкеме бүгінгі көргенімді, естігенімді айтып едім, апам яғни өсімдіктер өседі, өнеді, көбейеді, жемісін береді олай болса ол тірі табиғатқа жататындығына көзімді жеткізді. Кішкентайымыздан қызыға көретін «Золушка» мультфильміндегі басқа көкөніс емес дәл асқабақтың каретаға айналатыны да бұл өсімдіктің сыры мол екендігін көрсетеді.
Өсімдіктің, соның ішінде асқабақтың мен білмейтін сыры көп екен. Осы тұрғыда мен «Асқабақтың сырлы әлемі» деген тақырыппен өзімнің тәтейіммен бірге зерттеу жұмысымды бастадым.

Асқабақ – қияр, қарбыз, қауын сынды бақша көкөністерінің туыстасы. Асқабақты жеуге жарамды және техникалық (түтікше және музыкалық аспаптар жасалатын) деп екіге бөледі. Жер шарында бұл көкөністіңондаған түрі бар: оның үш түрі біржылдық, қалған жетеуі көпжылдық. Сіз бен біздің бақшамыздан немесе аналарымыздың дәмді тағамдарынан көріп жүрген асқабақтың түсі сарғылт болғанымен, жасыл, ақ, сары, қызыл және сұр түсті асқабақтар да бар екен. Асқабақтың орташа салмағы 4-8 кг, ал ең жоғарғы салмағы – 800 кг. Асқабақтар Антарктидадан басқа кез келген жерде өсе береді және айтарлықтай күтімді қажет етпейді.

  • Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағында тікенектер көп өскен, Жай жапырақтарында қарама - қарсы орналасқан мұртшалары бар. Мұртша - түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан - жағында басқа өсімдікке оралуға тіпек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ.

  • Асқабақтың пайдасы қандай?

Бүгінде асқабақ десе, көз алдымызға Хэллоуин мерекесі мен Золушка туралы ертегі елестейді. Алайда, асқабақтың пайдасы туралы көп ешкім біле бермейді. Бұл мақаланы оқыған соң, асқабақты өзіңіздің ас мәзіріңізге енгізетініңізге күмәніміз жоқ.

Көкөніс? Жидек?

Сіз қазір қатты таңғалатын шығарсыз, алайда, асқабақ көкөніс қатарына жатпайды. Өйткені, қауын, қарбыз және асқабақ жидек саналады. Ал жидектің тағамдық құнары мол екені баршаға белгілі. Сонымен, асқабақтың пайдасы қандай?

Таңдаған жидектің дәмді әрі пайдалы болғанын қалайсыз ба? Онда жидекті дүкен немесе базардан таңдаған кезде көп көңіл бөліңіз. Салмағы 3-5 келіге жететін асқабаққты таңдаған жөн. Мұндай салмақ асқабақ үшін қалыпты саналады. Сонымен қатар,қабығы жұқа, ал ұлпасы қалың болады.

Оның үстіне, ұлпаның пайдасы өте зор әрі дәні де құнарлы. Асқабақты жиі пайдалану ішекқұрттардан құтылуға көмектеседі. Ер адамдардың денсаулығы үшін жидектің дәні де өте пайдалы. Простатит секілді ауруларды емдеу үшін де қолданылады.

  • Асқабақтың денсаулыққа пайдасы:
    Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі екен. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден - бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады екен. Интернеттен халық емі ретінде отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса күйіктің ыстығын алып тез жазылуға себеп болатынын оқыдым. Пікір білдіргендердің ішінде мұны дәрігерлер де мақұлдапты. Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Сонымен қатар ол:
    асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қан аздықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
    Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп - жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жоятын қасиетке ие дейді.
    Сонымен қатар, мал шаруашылығына пайдасы өте зор екен. Сиыр малының сүйіп жейтін азығы, асқабақты жем ретінде берсе сиыр малының сүті мол, майлы және де тәтті болады. Оның дәлелі ауылда апамның замандас досы Бейсен апа деген кісі Ержан атаның ғана үйінен сүт алып ішетінін, сиырларының сүті магазиннің «айналайын» деген сүтіндей екенін айтып отырғанын естідім.
    Асқабақ майының пайдалы қасиеттері
    Орта ғасырларда - ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар екен.
    Асқабақ майының ас қорыту жүйесіне әсері.
    Асқабақ майы бұрыннан бері халық медицинасында бауыр мен өт қабының жұмысын жақсартатын құрал ретінде пайдаланылады. Өйткені асқабақ майының құрамына кіретін табиғи фосфолипидтер, қанықпаған май қышқылдарының, флавоноидтар, Т, А және Е дәрімендерінің кешені өт шығу үдерісін реттейді, бауыр құрылымын қалпына келтіреді де, оны май басудан қорғайды. Сондықтан, асқабақ майын жүйелі түрде тамаққа қолдану өт қабына тас байлану ауруы, бауырдың май дистрофиясы, вирустық гепатит сияқты ауруларда өте пайдалы болады.
    Асқабақ майының құрамындағы пайдалы заттар
    Асқабақ майы көптеген басқа астық майларынан аса бай минералды құрамымен ерекшеленеді, оның ішінде жетекші орынды мырыш, магний, кальций, фосфор, темір және селен алады.
    Мырыш адам ағзасындағы көптеген үдерістерде маңызды рөл атқарады.
    Магний де, мырыш сияқты, ағзамен инсулинді шығаруға қатысады, және де жүйке, бұлшық ет, жүрек - тамырлық және несеп шығару жүйелерінің қызметін реттейді. Ағзаға магнийдің жеткілікті түрде кіруі қуық безі ауруларының, бүйрекке тас байлану ауруының, атеросклероз бен қант диабетінің пайда болу тәуекелін төмендетеді.
    Селен — темір қан ақуызы гемоглобиннің синтезінде маңызды рөл атқарады; кальций және фосфор сүйек және сіңір ұлпасының толыққұнды қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті. Май бактерицидтік және жараларды жазатын қасиеттері бар хлорофиллге өте бай көрінеді.


  • Дәрумендер мен миркоэлементтер

Асқабақ дәнінің тағы қандай пайдасы бар? Асқабақ ұлпасында пайдалы дәрумендер мен микроэлеменеттердің көп мөлшері кездеседі. Мысалы, Е, В және РР дәрумендерін кез келген жеміс-жидектерден таба аласыз. Ал К және Т дәрумендерін кездестіру қиындау. К дәрумендер тобы қанның қоюланып қалмауын реттейді.

Бір ғажабы, асқабақты қысқа сақтағанда, ол толықтай пісіп, жетіледі. Сондықтан да оның күзде пісіп үлгірмеген пәлектерін де қалдырмай жинап алу қажет. Халық емшілері асқабақты несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге қолданады. Асқабақтың несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеттерінің бар екендігі, паразиттерді жоятындығы дәстүрлі медицинада да зерттеліп, дәлелденген. Осыған орай дәрігерлер асқабақты жүрек қан-тамыр аурулары, гипертония және зат алмасуда қиындықтары бар науқастарға диеталық тағам ретінде де ұсынады.

  • Асқабақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданылатын асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.

  • Асқабақ халық емінде

Австрия патшасы (1773 жылы) асқабақтың шипалық қасиетіне әбден тәнті болғандықтан, мынандай жарлық шығарған: «Асқабақ денсаулыққа таңғажайып әсер етеді, өте пайдалы болғандықтан, тағам ретінде пайдалануға тым бағалы, сондықтан тек дәрі күйінде ғана пайдаланылсын». Асқабақтың емдік қасиеттері Авиценаның жазбаларында да, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде де кездеседі. Бұл жазбаларда тіпті, асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы жоғары адамдарға асқабақ шәрбатының (сиропының) шипалы әсер ететіндігі айтылады. Сол ерте заманнан жеткен тағы бір деректер: көру қабілеті нашарлағанда да, қаназдықтан жапа шеккенде де, артық салмақтан арылғысы келгенде де адамдар асқабақтың еміне жүгінген. Және де асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандыруда да өте шипалы.

  • Балалар үшін

Емшектегі сәбилер үшін асқабақтан дәмді пюре дайындауға болады. Алқызыл түстегі заттар балалардың аллергиясын қоздырады деп ойлаудың қажеті жоқ. Бұл дұрыс емес. Бұл жидек ешқашан аллергия шақырған емес. Сондықтан, емшектегі сәбилер үшін асқабақ пайдалы әрі дәмді тағам. Асқабақ құрамына жасұнық, А продәрумені және пектинді заттар енеді. Асқабақтан пюре жасап қана қоймай, шырынын берсеңіз де болады. Асқабақ шырыны сәбіз немесе алма шырынымен керемет үйлесім табады.


  • Асқабақ еті ем болатын аурулар:

Адам бойына тараған апиын уын қайтару үшін асқабақтың етін жаншып, суын сығып алады. Сосын оны уланған кісіге тиісті мөлшерде ішкізеді. Бұл апиын уын қайтарады.

Асқабақты ем-дәмде қолдану адамды арықтатады. Себебі, оның құрамында жасанды талшықтың, судың, жасұнықтың көп мөлшері бар. Ол ағзадағы асқорыту үдерістерінде тездетіп, оны уыттардан тазартады.

Отқа немесе ыстық суға күйіп қалғанда, асқабақ етін жаншып (тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңу қажет. Ол жараның жазылуына көмектеседі.

Өкпеге шығу шыққанында, асқабаққа 250 грамм сиыр етін қосып, суға пісіріп, тамақ орнына жейді. Оған май мен тұз қоспайды. Сонда өкпе шығуы жойылады.

Іштегі құртты түсіру үшін шикі асқабақ етінен ерексектерге 500 грамм, балаларға 350 грамм жегізеді. 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі ішкізеді, құртты түсіреді. Бұл дәріні 2-3 күн ішу қажет.

Ағза жүдесе, адам бойын әлсіздік болса, асқабақты сүтпен дайындап, қаймақ, май, жаңғақ, бадаммен қосып жесе пайдасы мол.

  • Асқабақтан жасалынатын тағамдар

  • Асқабақ шырыны

Асқабақтан дайындалған шырынның пайдасы өте зор. Әсіресе, қан аздыққа қарсы керемет ем. Өйткені, шырын құрамында темірдің мөлшері өте көп. Сондай-ақ, асқабақ ұлпасында кальций мен калий өте көп. Каротин көлемі де асқабақта сәбізге қарағанда жоғары. Сол себепті, көзі нашар көретін адамдарға асқабақ шырынын ұсынуға болады.

Асқабақ шырыны бүйрек, бауыр және қуық қалбыршағы үшін ем. Бұл үшін асқабақты шикілей жеген дұрыс. Егер ол дәмсіз көрінсе, қайнатып алыңыз. Айта кету керек, асқабақ ұлпасында калий тұзы бар. Іш өтіп ауырғанда да асқабақ шырынын ішуге кеңес береді.


  • Асқабақ құймағы. Асқабақтың қабығын аршиды, дәнін алып тастайды. Үкішпен үгіп, оған сүт құяды, 15-20 минут бұқтырады. Сосын суытып, ұн немесе, кепкен нанның ұнтағын, жұмыртқаның құмшекер қосып үгілген сары уызын қосады, аздап тұз салады, жақсылап араластырады, көпіршітілген белок қосады. Ұн орнына стақан толар-толмас ұнтақ жарма қосса да жетіп жатыр. Құймақты жақсылап қыздырылған майға қуырады. Дастарханға дайын құймақпен бірге қаймақ және құмшекер қоса беріледі.

  • ½ кг асқабаққа: 1 стақан сүт, 1 стақан бидай ұны немесе кепкен нан ұнтағы, 1 ас қасық құмшекер, 2 жұмыртқа, 1 ас қасық сары май қажет. Тұз татымына қарай салынады.

  • Қуырылған асқабақ. Асқабақтың қабығын аршып, дәнін алады. Турап тұздайды (қажетіне қарай бұрышталады). Ұнға аунатылып, сары майға қабығы қызарып қабыршақтанғанша қуырады. Оны қаймақ қосып жеген жақсы.

  • Зерттеу бөлімі. Қорытынды.
    Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады екен. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейтіндігін білдім. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралыпты. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі екен.
    Асқабақтың азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсірілетіндігін түсіндім. Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді.
    Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары болады екен.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
3446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі