Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба Біздің ауылдың суы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебі
Оралқызы Раййана
3- сынып
Біздің ауылдың суы
Секциясы:экология
Жетекшісі: Балташева Сара Ануарбекқызы
бастауыш сынып мұғалімі
2018 жыл
Мазмұны
Кіріспе _____________________________________________4
Зерттеу бөлімі
1. Су- және сіздің денсаулығыңыз__________________________5
2. Мәдениет ауылының ауыз су тарихы ________________________ 6
3 Қандай су ішіп жүрсіздер? _______________________________7-10
Қорытынды _________________________________________________11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Еліміз минералды пайдалы қазбаларға бай, бірақ біз оның да таусылар шегі бар екенін ұмытпауымыз қажет. Басқа да елімізге мол пайда әкелетін салаларды дамытуымыз керек екенін түсініп отырмыз. Сондықтан да Жапония елі сияқты адам әлеуетін пайдалануымыз қажет. Ол үшін адам денсаулығын жақсартып, мамандарды оқытып, шикізаттық емес экономика салаларын өркендетуге кірісуіміз керек.
Біз өзіміздің алған зерттеу жұмысымызда елімізді көркейтетін салалардың бірі-Бурабай өңіріндегі Мәдениет ауылының ауызсу арнасын дамытып, оны әрі қарай өңіріміздің мақтанышына айналдыру.Адам денсаулығына судың пайдасы өте мол екенін халыққа жеткізу болып табылады. «Дені сау ұлт, болашақтың кепілі»,-демекші дені сау ұрпақ қана елімізді көркейтуге ат салыса алады.
Осы ауылымыздың таза бұлақ суын терең зерттей отыра,болашақта емделушілерге қосымша ем қабылдайтын, демалатын орындар салу қажет. Шаруашылықтың территориясын үлкейту жұмыстарын жүргізуіміз керек деп есептеймін.
Мәдениет ауыл курорттық аймақта орналасқандықтан оның дамуы өңірге қосымша туристердің ағылуына жол ашады. Оның барлығы өңірдің бюджетіне қосымша қаражат әкеледі.Ауыз суының пайдасы жайлы зерттеу барысында жазылған.
4
Аннотация
Ғылыми жобамыздың мақсаты: Егер оқушыларға қарапайым судың пайдасы бар екендігін ұғындырып отырса,онда олардың бойында өздерінің денсаулықты сақтау,өзін-өзі қадірлеу қасиеттерін дарытуға болады. Ғылыми жобамыздың міндеттері:
- ауылымыздың ауыз су туралы мәліметтер жинақтау, шығу тарихын зерттеу;
- судың адам денсаулығы үшін пайдалы екенін көрсету;
-Бурабайдың брендіне айналдырудың шешу жолдарын қарастыру
Зерттеу жұмысының нысаны: Мәдениет ауылының «Тасөткөл» бұлағы (ауылдан 1 км жерде орналасқан )
Зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігі: Өңірімізде судың адам ағзасына пайдасы зор екенін дамыту арқылы,бұлағымыздың суын Бурабайдың брэндіне айналуы » мүмкін екен деген мәселені көрсету.
Ғылыми болжам: Егер ауылымыздың суы тәжірибе арқылы тазалығы,денсаулыққа өте пайдалы екені дәлелденгенде онда менің жүргізген зерттеулерім болашақта “Тасөткел”бұлақ суын Бурабайдың брэндіне айналуына негіз болады.
Зерттеудің кезеңдері: Теориялық кезеңнен және практикалық кезеңдерден тұрады;
Зерттеудің әдістері: Кітапханадағы әдебиеттерден, интернет көздерінен ақпарат жинақтау, салыстыра отырып топтастыру, сұхбаттасу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, байқау, әңгімелесу, сұрақ қою, эксперимент жасау;
Нәтижелерді практикалық қолдануы:
Нәтижесінде өңірдегі яғни бұлақ суының емдік қасиеттерінің зор екеніне және брендке айналуының зор мүмкіндігі бар екенін көрдік.
Зерттеу бөлімі
1. Су және сіздің денсаулығыңыз.
Зерттеуді бастамас бұрын американдық Ф Батмагхелиджа гастроэнтеролог (асқазан емдеуші) дәрігері «Су денсаулыққа...» деген кітабында адамдарды өмір бойы сумен емдегені жайында жазған екен.
Дәрігер «...белгілі бір аурулардың алдын алу және емдеу үшін судың қолданылуы мүмкін екенін түсіну үшін ғылымның терең білімін алудың қажеті жоқ» су-өмірдің басты көзі екенін бәрі біледі.Қазіргі медицина да біздің ауылдың суы емдеудің таптырмас жолы деген. Оның дәлелі ретінде былтырғы жылы көктем айының демалыс кезінде Айжан Ахметжанқызы Сарыағаш курорттық жерге дем алуға барған болатын. Айжан апайдың айтуы бойынша емделу орнында суды көп пайдаланған,яғни барлық емделу шаралары сумен байланысты.
Емделуші адамға дәрігер арнайы кітапша ашып емделу процесін су арқылы жүргізген.
С арыағаш емделу орталығының суы біздің ауылдың суынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.Сол емін үйге келген соң да жалғастырып асқазан, бүйректің ауырғаны басылған.Суды таңертең ашқарынға және жатар алдында бір стакан 200 мл ішіп отырған.Өйткені, біздің су бұлақ суы. Шынымен,Айжан апайымның айтқанындай жинақталған материалдар ішінен судың көмегімен көп аурулардың алдын алуға болатыны жайлы оқып та білдім.
Мысалы: Судың көмегімен көп аурулардың алдын алуға болады:
1. астма 4. семіздік 7. рак аурулары
2. аллергия 5. шаршағандық 8. ұйқысыздық
3. диабет 6. остеопороз 9.ұмытшақтықты
(5-бет История производства природных вод.кітабын 5
2. Мәдениет ауылының ауыз- су тарихы
Мәдениет ауылының ауыз су тарихы жайлы ауылдағы көнекөз қариялар мен мен әжеммен сөйлестім. 90 –ға келген Әбжан атам мен әжеммен сұхбатымыз өте қызықты болды.
Ес білгеннен бастап әкемнің бұлаққа барып иін ағашпен су әкелгенім есімде. Сол заманда ат арба.қыста ат шанамен болмаса қол шанамен су тасығанымды ұмытпаймын.Ауыл балаларына «Тасөткел» деген жердегі бұлаққа барып ,су әкелу біз үшін үлкен бір ата –анамызға көрсеткен көмегіміз еді.Ол бұлақтың суы қыстың қатты аязында да қатпаушы еді,бүгінгі күнге дейін қатпайды.Мен ғасырға жуық өмір сүріп жатсамда сол бұлақтың басын ауыл адамдары таза ұстап ластамайды.«Тасөткел» туралы айта кетсем: ертеде сол жолдың екі жағында тастар көп болған,сол бұлаққа сол жолмен өтетінбіз сондықтан да тас көп болғандықтан атауыда осылай атаған, оңтүстік батысқа қарай аяңдап жүрсең, сылдырап аққан судың дыбысы құлаққа келеді. Бұл жер астынан көз пайда болып, су шығып жатқан жер .яғни бұлақ көзі бар.Осы жерден ауыл тұрғындары күні бүгінге дейін су ішіп отыр. Апам бұлақ суының емдік қасиеті мол деуші еді –деп әңгімесін аяқтады. (видео № 1)
Менің әжем көп отбасынан шыққан жан әрі үйдің кенжесі едім деп әңгімесін бастады.Әжемнің айтуы бойынша ертеде жеңгелерім мен анам иықтарына иін ағашқа ілінген ағаш шелектерін алып суға бұлаққа баратын.Менің есімде бұл бұлақты апам «Жұпар» көз деп те атаған.Бұлақтың суын әкелісімен ақ дәкемен сүзіп қоятын.Анам бұл судың тәттілігі сонша шөліңді басады,емдік қасиеттері де бар деп қайнатпай іше беріңдер деуші еді.Су тұщы жуынғанда жұп-жұмсақ,басыңды жуғанда арнайы су сабынды қолданбай, жай сабынмен де жусаң да ашыла береді дейді.Әліде осы суды ішіп жатырмыз.Су өте жұмсақ,әрі иісі жоқ. Үйде әжем екеуіміз қарапайым тәжірибе жасап көрдік.Көршінің құдығының су мен бұлақ суын салыстырып көрдік.Құдықтан алынған су лайлы әрі қатты ал бұлақ суы тап –таза.Сумен қолымызды сабындап жудық,сондағы байқағанымыз құдықтан алынған сумен жуғанда сабын көпірмейді,ал бұлақ суымен жуғанда су оданда көпіре түсіп жұмсағы сезілді. Міне, ауылыдың ауыз су тарихы мен суы жайлы атамыз бен әжемнің әңгімелері мен үшін таптырмас мәлімет. 6
3. Қандай су ішіп жүрсіз?
Қ андай су ішіп жүрсіз? Біздің ауылымыздың суы қандай екен? Осы сұрақ барлығымызды ойландырады. Осы сұрақтың жауабын іздеу үшін Щучье қаласы «Бурабай» Су Арнасының бас инженері Ипполитов Илья Вячеславовичпен кездесіп сұхабаттастық. Ауылымыздың суы туралы не айтар едіңіз? –деп сұрақ қойдым. Бірақ біздің ауылдың суы тамаша, керемет деп жауап берд.і Оның дәлелі ретінде әрі сұраққа жауап беру үшін бізді қала сыртындағы «Бурабай» Су Арнасы Сарқынды суларды тазартқыш құрлыстар кешеніне алып барды.
Лаборант Ольга Николаевна Пецевич біздің ауылдың суы жайлы ақпарат бере отырып, тәжі- рибе түрінде көрсетті.Тәжірибеде су- дың түсін, иісін,дәмін, қаттылығын, хлорлығын,фтор,нитрат,аммиак,темір, сульфат,пермапгант тотығу қабілеті мен құрғақ қалдықтарын көрсетті.Аудандағы ауылдар мен қала суларын біз дің суды салыстырғанда бізідің ауыл суы барлық нормаға сәйкес әрі жоғары екенін айтты. (видео №2)
Лабораторияның бас меңгерушісі Татьяна Владимировна Глущенко стерильді бөлмеге кіріп суымыздың бактериясын тексергендігін көрсетті.
Арнайы құбыр алып судың тамшысын құйды бірақ суда ешқандай бактерия болмады. Тағы біздің судың өте таза екенін дәлелдеп тәжірибе түрінде көрсетті.Жалпы судың өз нормалары бар екен.Ал біздің судың нормасы өз нормасынан жоғары болды.Шынымен біздің суымызды жоғары бағалап,емдік қасиетінің бары екенін болашақта еліміздің бредіне айналатынына сенімі мол екен көзімді жеткізді.
7
Лаборант апайларымыздың жасаған тәжірибесінің мәліметі мен қорытындысы бойынша сызбада көрсетілген.
№ |
Мәдениет ауылының суының нормасы |
Санитарлық-эпидемиологиялық станциясының нормасы |
1 |
Түсі -7 |
20̊ |
2 |
Иіс -0 |
2 |
3 |
Дәмі- 0 |
2 |
4 |
Қаттылығы -5,59мг экв/дмᵌ |
7 мг /дмᵌ |
5 |
Хлорид-17,32 мг /дмᵌ |
350 мг /дмᵌ |
6 |
Фтор-0,79 мг /дмᵌ |
1,5 мг /дмᵌ |
7 |
Нитрат-0,08 мг /дмᵌ |
45 мг /дмᵌ /10мг /дмᵌ |
8 |
РН-7,5 |
--- |
9 |
Темір -0,27 мг /дмᵌ |
0,3 мг /дмᵌ |
10 |
Сульфат -56 мг /дмᵌ |
500 мг /дмᵌ |
11 |
Пермапгант тоттылығы-0,8 мг 0 /дмᵌ |
5,0 мг /дмᵌ |
12 |
Құрғақтық қалдығы+407\,2 мг /дмᵌ |
1000 мг /дмᵌ |
13 |
Амиак-- |
2, 6мг /дмᵌ/2,0 мг /дмᵌ |
14 |
Судың мөлдірлігі-0,6 6мг /дм |
1,5 мг /дм |
Ал мен енді суды қайнатпай ішуге болады деп қорытынды шығардым.Әрі достарыма да ішуге ұсыныс жасаймын.
Зерттеу жобамыз бойынша ауданымыздың 30 адамынан сауалнама жүргіздік. Сұрақ: Сіз ауылымыздың суы туралы не білесіз деген сауалға:
-
30 адамның бәрі ауылдың суы қаладағы судан көп айрмашылығы бар деп жауап берді;
-
Қандай айырмашылығымен деп терең сұрағанымда?
1. судың тұщылығы 2. жұмсақтығы
3.әр түрлі аурулардың алдын алуға болатындығы
4 қайнатпай іше беруге болатыны –деп жауап бердіАуылдағы ауыз суының кереметтілігі сол әр қалада тұратын туыстарымыз ауылға
8
келген кезде қайтарлалында міндетті түрде машиналары көтергенше су алып кетеді және ауылдың суын сағынатындықтарын айтады.
Бұдан шығатын қорытынды нәтижесінде өңірдегі яғни бұлақ суының емдік қасиеттерінің зор екеніне және брендке айналуына жарнама жасау.
Болашақта Тасөткел бұлағынан алған суды «Сарыағаш», «Құлагер», «Дәстүр» т,б минералды сулары сияқты Бурабай-Мәдениет жолына ЖШС кәсіптік кешен орнатуды ұсынамыз.Кешен атын «Тасөткел» деп қоямыз. Мәдениет ауылы курорттық ортаға кіргендіктен емделушілер орталығын ашсам ба деймін.
Осындай жұмыстардан кейін біздің ауылдың суын Бурабай өңірінің брендіне айналады деп ойлаймын,төмендегі суреттегідей үлкен кәсіп ашқым келеді.Әрі суымның атын «Тасөткел» атауымен атанды дұрыс деп ойлаймын.
Болашақта іске қосатын кешеннің көрінісі
9
3. Қорытынды
Зерттеу жұмысымызды
қорытындылайтын болсақ, сусыз тіршілік
жоқ.
Су -тіршіліктің қайнар көзі.Егерде адам бір
аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады. Адам күн сайын
шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды
жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, әрі өмірге қажетті
заттарды жинақтайды.Егерде сен гүлге апталап су құймайтын болсаң,
гүл солып өліп қалады, егерде күн сайын бақылап су құятын болсаң,
гүл құлпырып өседі.Солай сияқты адам да су ішкен сайын өсіп
жетіледі, дамып, тіршілік етеді. Алайда ішуге жарамды таза су жер
бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп
қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су
құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз
керек .
Міне,осы біздің ауылдың суды тиімді қолданып,үлкен кәсіптің дамуына үлес қоссам. Зерттеу жұмысының барысында Щучье қаласындағыдай лабораториялық кешенді де іске қоссам деген үмітім бар. Емделушілерге қосымша ем қабылдайтын, демалатын орындарды да салу қажет. Бұл біздің ауылдың дамуы өңірге қосымша туристердің ағылуына жол ашады. Оның барлығы өңірдің бюджетіне қосымша қаражат әкеледі. Зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатқа жетті, қойылған міндеттер орындалды. Зерттеу жұмысын орындау барысында жүйелі түрде жұмыстар атқарылды. Бурабай-Мәдениет жолына ЖШС кәсіптік кешен орнатуды ұсынбақпын.Кешен атын «Тасөткел» деп қоямын. Мәдениет ауылы курорттық ортаға кіргендіктен емделуші лер орталығын ашсам деген ойым бар,әрі осы зерттеуімнің қорытындысы ретінде Бурабай Су арнасының бас маманы Асхат Бейсенбаев ағама сызбаны көрсетіп демеушілік қолдауына ұсыныс жасаймын.Өйткені Асхат ағам ауылымның тумасы,әрі білікті маман.
Жалпы қорыта келгенде біздің ауылдың суының дамуы, Бурабайдың брэндіне айналуы ертенгі күннің ісі деп ойлаймын.
«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей біз осы бұлақты көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Зертттеу барысында алған мәліметтерді достарыммен бөлісіп,ортаға салдым.Алдағы уақытта ауыл тұрғындарымен де осы мәселе жөнінде үлкен бір жиын өткізгім келеді.
Леонардо да Винчи «Өмір-бұл тірі су» деген екен,сондықтан біздің өміріміздің болашағы зор. 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңізАшық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап табыс табыңыз!Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз. (kaspi Gold, Halyk bank)
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз