400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба. Бөкей орда топонимдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба жасау үлгісін пайдалана алады деген мақсатта салынды
Материалдың қысқаша нұсқасы


 

Мазмұны:


Аннотация …………………………………………………………………….. 

І.   Кіріспе ……………………………………………………………………….

Бөкей ордасы ауданының топонимдерінің зерттелу жайы.

ІІ. Негізгі бөлім: Зерттеу бөлімі ………………………………………..

Кейбір жер-су атауларының құрылымдық сипаты:

а/ Гидронимдер /өзен, көл, тұма, бастау/………………………

б/ Оронимдер /тау, төбе, сай, шатқал т.б./…………………….

в/ Ойконимдер /елді мекен т.б./…………………………………….

ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………

ІҮ.  Қолданылған әдебиеттер…………………………………………….

 



















Аннотация

Бұл ғылыми ізденіс жұмысы, өңіріміздің , жеріміздің тарихын олардың ел арасына тараған мұраларын жинақтауға арналған.

  Дүние жүзіне мәлім ұлы бабамыз Әбу – Насыр Әл Фараби «тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Негізгі тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін адамның Шыңғыс Айтматов ағамыздың романындағы мәңгүрттен еш айырмашылығы болмайды.

Сондықтан осы еңбегімізді болашақ жастарымызға, туған елінің тарихы ешкімнен де олқы емес екендігін түсінсін деген сөз.

Бұл зерттеу жұмысында оқушыларға өз өлкемді танысам, сырын білсем деген құштарлығын арттырып, берері мол болар еді. Отан сүюге тәрбиелейді.

Осындай мақсатпен жұмыс істесек мектеп мұражайы оқушылардың жақсы жұмыстарының арқасында көптеген экспонаттармен, жаңа тың деректермен толықтырылар еді.




Абстракт
          Это исследовательская работа, в течение многих лет, без какого-либо урегулирования, помогла установить историю нашего аула,жизнь исторических деятелей нашего аула , чтобы получить их общее наследие нашего государства .
        Известный во всем мире, великий предок Абу Насыр аль-Фараби, "не зная прошлого , трудно предсказать будущее".Человек, который не знает своего прошлого по роману Чингиза Айтматова тот и не знает своего будущего.
Поэтому молодые должны всегда помнить что история народа передается из поколения в поколение.
          Ученики , ознакамливаясь с работой данного исследования, знают, что это было бы полезно, чтобы увеличить стремление к жизни ,чтобы воспитать любовь к Отечеству.Благодаря хорошей работе школьников можно сделать много нового,для получения новых данных экспонатов.




Abstract
          This research work, over many years, without any settlement, the history of our country, the lives of historical figures from the country, to gain their arasna common heritage of the country.
        Known throughout the world, the great ancestor of Abu Nasr al-Farabi, "without knowing the past history, current knowledge of the situation, it is difficult to predict the future". What is the history of people's intelligence. Intelligence, a person who does not know where it came from that Chingiz Aitmatovağamızdıñ novel is no different mäñgürtten.
Therefore, anyone in the history of the birth of young ones in the future of this work is to understand that it is defective.
          Ölkemdistudents familiar with the work of this study, I knew it would be useful to increase the longing for meaning. To foster a love of the Fatherland.
For this purpose, the school museum, thanks to the good work of the students do a lot of new data tolıqtırılar of the exhibits.


Аннотация

Жұмыстың мақсаты:

Бөкей ордасы ауданы бойынша топонимдерін және тарихи атауларын зерттеп, шығу арнасын, қалыптасу, даму жолын толық көрсету.

 

Міндеттері:

Жер – су аттарының этимологиясының зерттеуде сөздердің шығу, даму төркінін анықтау.

 

Зерттеу кезеңдері:

  • Жер – су атауларын анықтау.

  • Топонимикалық атауларды талдау, тарихи – әлеуметтік маңызын анықтау.

 

Зерттеу әдістері:

ақпаратты жинақтау

топонимдердің шығу арналарын талдау

зерттеу нәтижелерін жүйелеу 

Болжам:  Бөкей ордасы ауданы кейбір топонимдерінің шығу арналары әр қырынан зерттелуі мүмкін.

 

Өзектілігі:  Бөкей ордасы топонимдерінің құрлысы жағынан алғанда бір сөзден және екі сөзден келеді, ал үш сөзден жасалған топонимдер сирек келеді.

 

Нәтижесі мен қорытындысы:  



Бөкей ордасының топонимдерін тануға бағыт береді.

 

Практикалық қолдану аясы:   Орта мектеп білім бағдарламасына қосымша өлкетану бағытындағы материал ретінде қолданылу ұсынылады.

 

 

 

 

 



Кіріспе


«Мәдени мұра» бағдарламасы рухани-мәдени өміріміздегі белесті кезең ретінде бүгінгі күні ел арасында зор серпіліс туғызуда. Сонау ерте замандардан бері ұлан байтақ қазақ жері бүкіл Еуразия кеңістігінің мәдени мәйегі рухани ұлттық қазығы болып табылады.

Әрбір адам үшін өзінің туған жерінің тарихын танып білу –перзенттік парыз. Асқар –асқар таулары көкорай белдері болмаса да, біз үшін ми қайнатар ыстығы сағым болған туған өңірімізден артық ештене жоқ. Сол өңірдің талай тарихты қойнауына бүгіп жатқанын білу, зерделеудің өзі бақыт.

Қазақ тіл білімінің аса маңызды, ерекше бір саласы- ономастика. Ол тек қана лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, тарих, этнография, география сияқты ғылымның  басқа салаларымен де тығыз бірлікте зерттеледі. Демек оның ғылыми өресі кең, қоғамдық мәні мен қызметі зор. Сондықтан да қазір ономастиканы зерттеу халықаралық мәнге ие болып отыр.

Бізде ономастиканың антропоника, топонимика, этнонимика, астронимика, зоонимия, фитонимия, теонимия және т.б. салалары әлі жан-жақты зерттелген жоқ. Олардың зерттеу обьектілері мен қажет мәселелері ұшан теңіз – бір емес бірнеше ұрпаққа жетері сөзсіз.

Әрбір халықтың болмысы мен дүниетанымы, этникалылық мәдениеті мен рухани өмірі қай кезде, қандай жағдайда болмасын, нақты тарихи дәуірлердің жемісі болып саналады. Ал халықтың барлық өмір – тіршілігі  ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени, рухани байлығы болса, ең алдымен сол халықтың ана тілінен өз өрнегін табады да, ол асыл қазына болып қалыптасып, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Бұл тіл атаулының бәріне тән объективті заңдылық, ортақ қасиет. Осы орайды өлкетану бағытында жұмысымызды жүргізе отырып, қазақ тілінің көне де байырғы лексикалық байлығын, әсіресе оның жер-су атаулары мен кісі есімдерін тәптіштей зерттеудің тіл және ел тарихы үшін маңызы зор екенін түсіндік. Осылардың ішінде ғасырлар бойы қалыптасып, халық арасында кеңінен тараған батырлық  эпостар мен лиро-эпикалық дастандардағы жер – су аттары мен кісі, ру – тайпа   аттарын зерттеудің ономастика саласындағы орны бөлек дүние.

Белгілі бір оқиғаларға, кейіпкерлердің іс – әрекетіне тікелей қатысты жер – су  атаулары мен жер бетіндегі тарихи ескерткіш ретінде күні бүгінге дейін Қазақстан топырағында сақталып келе жатқан ойконим, ороним, гидронимдер тарих үшін маңызы өте зор.

Сондықтан бұл жұмысты ономастиканың кесек бір саласы топонимикаға арнап отырмыз. Мұнда топонимдер этимологиясы мен семантикасына және регионалдық топонимика мәселелері жайлы аз да болса сөз болмақ.

Топонимдер тарихын зерттеуде ерекше назар аударатын жәйт – топонимдерге байланысты пайда болған  ел аузындағы аңыз-әңгімелер. Әрине, аңыз-әпсаналар барлық жағдайда тарихи шындықпен жанаса бермейді, ал лингвистикалық тұрғыдан олар көбінесе халық этимологиясына саяды. Бұл арадағы мәселенің қызығы: аңыз сюжетімен дүниеге келген жер-су атаулары шыныменен жаңа ма, әлде олар бұрыннан бар атауларға делінген бе? – осы арасын ажыратуда.

Жер-су аттарының этимологиясын зерттеуде сөздердің шығу, даму төркінін іздеген еңбектердің тигізер пайдасы зор. Әсіресе, топонимдер құрамында кездесетін қайнар, құдық, балқаш, шұбар, мұқыр т.б. толып жатқан географиялық терминдердің этимологиясын ашу – әдеттегі сөздердің түп-төркінін ашудан алыстап кетпейді. Алайда топонимдердің этимологиясын ашу жай сөздердің түп-төркінін ажыратудан біршама ерешеленеді, өйткені топонимдер әдетте қойылған соң көп өзгеріске түспейді, тілдің көне көрінісін сақтайды. Сондықтан олардың этимологиясын зерттеуге сол көне тілдер деңгейінен келу қажет. Оның үстіне атау мен географиялық атаудың жағдайы мен де сай келуін қарастырған жөн. Қысқасы жер-су атауларының этимологиясы көбіне комплексті әдісті қолданғанда ғана дұрыс ашылады.

Біз бұл жұмыста жер-су атауларының тұрақты сөз болып қалыптасуында әлі толық сыры ашыла қоймаған көлеңкелі-күңгірт жағына назар аударамыз. Осы уақытқа дейін жер-судың қалай аталғанын зерттеушілер, арыдан, тілдің шығуына байланысты дәуірден немесе оның жаңа мағынаға ие болғаннан кейінгі кезеңдерін іздестіріп келеді.

 

 





Зерттеу бөлімі

Сонымен, географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың құнарлы, бедері мол саласы – топономика гректің topos —  орын, onyma —  есім деген сөздерінен алынған. Бұл сөздің қазақша баламасын  /калька ретінде/ «жер аты» десе де болар еді. Бірақ ол баспасөзде, басқа еңбектерде  «жер-су » аттары делініп жүр. Топонимика гидронимдерді /өзен, көл, теңіз, көз, тума, бастау, бұлақ, тоған/; оронимдерді /тау, төбе, жота, қырқа, сай, аңғар, шатқал, жайлау/; ойконимдерді /елді мекен аттарын/ жан-жақты зерттейді.

Топонимика көнеден бар ұғым, сөйте тұра, өзінің даму процесі жағынан едәуір кенжелеп қалған жайы бар. Топонимдердің жасаушы иесі де, пайдаланушысы да халақ болғандықтан, ол тек географиялық себептерден пайда болған құбылыстар емес, қайткен күнде де тарихи себептерден туған тілдік құбылыс.

Дүниеде су аттары көп, біздің Қазақстан одан кеде емес. Қазақ жерінің ойы, қыры, тауы, даласы, көлі, өзен-бұлақтары қысқасы сан-салалы табиғат көріністерінің әрбір аттамы атаусыз емес.

Бөкей ордасы ауданының елді мекендеріне қарасты кейбір топонимдердің шығу, пайда болу тарихы мен мән-мағынасы жайлы, ғылыми топшылаулар мен азды-көпті деректер жерлестеріміздің тарихи әдебиеттер мен біраз ғалымдардың еңбектерінде сөз болған.

Бұл жұмыста алматы облысына тән топонимдерді түгел қамтымай, жоғарыда айтқанымыздай тек кейбір атауларды ғана қарап, олардың этимологиясын тілге тиек етеміз.

Қолдағы бар материалдарды /— топоним/ талдағанымызда, ол атаулардың құрамында елді мекендер ғана емес, көз, тұма, бастау, бұлақ, өзен-көл, төбе, шоқы, шатқал, жота, тау т.б. апелятивтермен байланысты топонимдер тобы бар екенін көруге болады. Ол атаулар сол жердің табиғи байлықтары мен шаруашылықтары негізінде, табиғаттың тамаша көріністерімен жердің бет-бедеріне байланысты қойылып отырған.

Бөкей ордасы топонимдерінің  құрылысы жағынан алғанда бір сөзден және екі сөзден келеді.

Атаулардың жасалу жолын жік-жікке бөліп топтастырсақ, онда топонимдердің атау тұлғада келіп жасалуын айта кетуге болады.

  1. Атау тұлғадағы атаулар: Әдік, Арал, Қылыш т.б.

  2. Негізгі сын есімге географиялық терминдердің қосылуы арқылы жасалған топонимдер: Қамыстыкөл.

  3. Негізгі сапалық сын есімдерге зат есімдерге зат есімнің қосылуы арқылы жасалған топонимдер: Көкшоқы, Қызыл үй.

Осы аталғандарды ескере отырып , жиналған атауларды мағыналық жақтарынан былайша классификациялауға болады:

  1. Адам аттарына байланысты атаулар: Мүсір, Темірғали, Бірімжар,Тауман, Теміреш т.б.

  2. Жануар, жәндік және құс аттарын байланысты атаулар: Арыстан .

Кейбір атаулардың бірнеше рет қайталанып келуі де ұшырасады. Олар Арал, Базарбай атаулар бір ауданда да немесе басқа аудан көлемінде де ұшырасатыны байқалады.

Ал енді жоғарыда айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін қолдағы бар материалды пайдаланып, оларды гидронимдер, оронимдер, ойконимдер деген үш тақырыпшаларға бөліп қарастыруды жөн көрдік.






І. Гидронимдер

Топонимиканың күрделі де ірі салаларының бірі ғылыми тілде гидронимия деп аталады. Ол грек тілінде гидро- су, оним- атау, яғни су атаулары. Демек, гидронимия – өзен мен көл, қайнар мен бастау,  бұлақ, құдықтардың жиынтық атауы.

Гидронимдердің өзіндік ерекшеліктеріне, яғни түр-түсіне, суының дәміне, айналасындағы өсімдік пен жануарлар дүниесіне, сан мөлшеріне, географиялық орнына байланысты аталады.

Айбас – Мұратсай мен Бисен ауылдық округтері арасындағы бөгет. Здесь есть катлован где собирается талая и дождевая вода. Ертеректе бұл жерде Айбас деген татар өз отбасымен тұрған деседі.Содан Айбас деген атау қалып қойған.

Ақбұлақ – су қоймасы, Бөкей ордасы орталығы шығысынан 22 км жерде орналасқан.



Ащыозек – аудан територриясындағы жалғыз өзен, Сайқын селосынан шығыс жағынан 32 км-ден ағып өтіп, Хаки-сорға құяды. Бір ерекшелігі өзеннің үстіңгі бөлігі тұщщы болып келсе, төмеңгі бөлігі тұзды келеді.

Аралсор – ауданның солтүстігіндегі тұзды көл.Аумағы 124,1 ш. Км, ұзындығы 34,2 км, ені 13 км.Жағасының жалпы ұзындығы 117,4 км. Тұздылығы 290-320 г/л.Жағасы кемерленген, биіктігі 5 метрге жетеді. Су жиналатын алабы негізінен жазық, онда жайылымдық шөптер өседі.Аралсорға солтүстік-батысынан Ащыөзек өзеніне құяды.Көл табанында глауберит шөгінділері кездеседі.Балшығының құрамында калий,йод, бром, бор т.б кездеседі. Әртүрлі ауруларды емдеуге пайдаланылады.



Ж алпақсор, Соркөл – Аралсор көлінің солтүстігінде, солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп жатқан сорлы-батпақты өңір.Көктемгі жайылма судың әсерінен аумағы 13,2 шаршы км құрайтын шалшықты-батпақты көл пайда болады.Ол жаз айларында құрғап, сор басады.Шығыс және солтүстік жағалаулары жайылым, оңтүстігі мен оңтүстік-батысы – шабындық.

Лайкөл – кішкене өзеннің сағасы, Саралжын ауылының солтүстік-шығысында ғ км жерде орналасқан.



Мұратсай Бөгені- бөкей ордасы аумағындағы Мұратсай ауылдық округінде орналасқан. Көлемі 16,2 млн м3. Мұратсай бөгеніне Жәнібек суару-суландыру жүйесінің суы ағады.Маңайындағы елді мекендердің жайылым жерін(1059га) сумен қамтамасыз етеді.



Қамыстыкөл /Камыстугул/ — көл, жер атауы.Ұялы ауылы, Ұялы елді мекені.Қамыстыкөл сөзінің беретін мағынасы: « Сағасында қамыс көп орналасқан,айналасы толған қамыс көл,су». Тіптен қазіргі Орал қаласымен қатынайтын жолдан әрі асып түскен деседі. Қалыңдығы соншалық тіпті жолдың қай бағытта екеніне шатасасын дейді ауылдың үлкендері.



Үшқұдық/Учкудук/ - құдық. Ұялы ауылынан 5 км жерде орналасқан. Ауылдың шет жағында орналастырған. Жазғы кездерде пайдасы жақсы тиеді.



Сегізбай тоғыты –бұлақ. Кезіндегі арқалы кісінің бірі болған. Кісінің көзінше темір жалайтын болған. Әйелдерінің өзі Сегізбай деп атамаған деседі. Малдыда жақсы емдеген деседі. Бұл жерде жаз айларында қойды шомылдырып отырғандықтан, кейіннен Сегізбай тоғыты деп аталған.




ІІ. Оронимдер

Оронимияның зерттеу объектісі: тау, төбе, жота, жайлау, шоқы, сай т.б.

Ол орфографиялық терминдер жайлы терең мағлұмат беретін топонимияның маңызды салаларының бірі болып саналады.

Ұялы өңіріндегі оронимдер қойылу, пайда болуы және тілдік тегі жағынан аса құнды да бағалы материал болып табылады. Өйткені ол атаулардың ішінде көне замандар мен орта ғасырлық және қазіргі дәуірге тән сөздер, лексикалық топтар бар.

Оронимдердің бір немесе екі-үш сөзден де қойылып отырғанын көруге болады. Атаулар негізінен ана тіліміздегі сөздерден алынған. Сондықтан да олар жалпы қауымға да түсінікті, мағынасы айқын. Кейбір атаулар құрамында жергілікті географиялық терминдердің де саны басым. Сонымен оронимдер жайлы қолдағы материалдарға сүйене отырып, олардың жасалу жолдарын, этимологиясын ашуға тырысып көрейік.

Жаманқұм – Исатай мен Махамбеттің Қуаныш, Айдалық сұлтандарды тұтқында ұстап тұрған жер. Кейін осы жерде қараша айының жетісінде Меркульев бастаған казак әскерлері Исатай Тайманұлының ауылымен бірге көшіп жүрген көтерілісшілердің бірсыпыра үйлерін, малдарын барымталаған.











Туристтік комплекс «Жасқұс»

Жаскұс – Нарын құмының солтүстік бөлігіндегі ірі құмды алқап. Орда ауылына іргелес жатқан оның ұзындығы 17 км, ені – 2-4 км.Құм жоталарының биіктігі 5-8 м.Орда орман шаруашылығына қарасты жасыл қарағай ағаштарының 70 пайызы осы ойыстарда өседі.Қазір бұл жерде «Жаскұс» туристтік комплексі бар.



Кіші Боғда – Бөкей ордасының батыс бөлігінде орналасқан, Шонай елді мекеніне 38 км жерде.

Көкшоқы/Кокчоки/ — шоқы, Ұялы ауылы, Ұялы елді мекені(23 ауыл советінің жері). Атау құмды төбеге байланысты қойылған.Көк /сын есім/ + шоқы /зат есім/ сөздерінің бірігуінен жасалған. Құмның жазық жерлеріндегі, аласа биік жер. (Ұсақ шоқы). Алыстан көрініп тұрады.Шоқы аталуының да себебі содан деседі.Ертеде осы жерде құрт өндірген деседі. Сонымен қатар қайтыс болған адамдарға бейіт(құлпытас) жасап отырған екен. Шеген құдық бар екен.Тіптен кейбір әңгімеге сенсек, ертеде бұл жерде қалмақтар мекендеген деседі.



ІІІ. Ойконимдер

Ойконимия – елді мекендер атаулары, топонимиканың бір саласы болып саналады. Ол елді мекен атауларының этимологиясын, мағынасын, лексика-семантикалық тұрғыдан тереңірек қарастырады.

Өзінің құрылысы, жасалу жолы жағынан кейбір ойконимдер физикалық-географиялық объектілерден өзгеше және жастау. Кейінгі ұрпаққа үлгі болар адамдардың есімімен атасақ нұр үстіне нұр болар еді.

Бөкей ауданына қарасты кейбір елді мекен атауларының этимологиясы жайлы сөз қозғайтын болсақ, онда бұл ойконимдердің алуан түрлі жолдармен жасалғанын көруге болады.

І. Антропоним, этнонимдер жоқ емес. Мысалы, Жұмабек, Имаш, Жазит, Жұмалы, Бірімжар, Жүніс, Есқазы т.б.

ІІ. Аңдарға, құстарға , жәндіктеге қатысты атаулар да кездесіп отырады: Арыстан.

ІҮ. Өсімдік, шөптерге де қатысты қойылған атаулар да бар. Олар: Миялыой.

Ү. Жер бедеріне, түсіне, бір нәрсеге ұқсату мәнінде қойылған атаулар: Көкшоқы, Сары т.б.

Ойконимдердің көбі зат есім, сын есім, сан есімнен жасалғанын көруге болады. Етістіктен болған атаулар сирек. Осыған орай облыс өңіріндегі ойконимдерді талдап көрейік.

Әжен – Мұратсай ауылдық округіне қарасты елді мекен. Жердің атауы сол жердегі байдың есіміне байланысты деседі.1932 жылы совхоздың орталығы болған. Ұлы Отан соғысы жылдарындада жұмыс жасап, майданға қатынап отырған. 1943-1944 жылдары майданға Семен Михайлович Буденный жылқы дайындаған.





Ақмектеп /Акмектеп/ — елді мекен, Ұялы ауылы. Ақ /сын есім/ + мектеп /зат есім/ сөздерінің бірігуінен жасалған тұлға. Жерінің /топырағының/ ақ түске ұқсас немесе ештеңе өспеген мидай жазық дала болғандықтан ертеде осылай аталған. Кейін осы жерге ауыл қоныстанып, сол ауылдың аты да «Ақмектеп» ауылы деп аталып кеткен. 1930 жылдан басталып, 1932 жылы Жаңақала бойынша ең үлкен үлгі-тірек үш мектеп біреуі осы Ұялыда салынып, пайдалануға берілген.Обылыстық, әрі кетсе Республикалық деңгейдегі нысанның бірі болып табылған.Ғимараттың жобасы заман талабына сай жасалған.Дағарадай есік, терезе жақтаулары, аумақты әйнектер,еденгетөселетін тақтайлар қиырдан құм ішіне қыруар еңбек сіңіріп, тер төгіп, көп азаппен тасылып жеткізілген. Бір тәуірі: кірпіш тасудың қажеті болмаған.Үлкен-үлкен үй тастарды жергілікті ақ саздан соққан. Төбесін Ұялының арнайы таңдап, іріктеп алынған кілең бірөңкей жас шыбықтарынан тоқылған шетенмен жауыпты. Көрер көзге мұнысы тіпті ғажап. Талшыбықтан соншалықты шебер тоқылған шетендер станоктан әбден сүргіленіп шыққан тақтай тәрізді, кедір-бұдырсыз теп тегіс болатын. Әбуғали деген шебер тоқыған шетендер ! Ұялы жетіжылдық мектебі жас ұрпаққа жарты ғасырға жуық білім тәрбие беріп, халыққа орасан құнарлы қызмет етті. Кірпіші ақ саздан соғылып және с

ыртқы ақ балшықпен ұдайы ұқыпты сыланып-майланған бұл білім ордасы төңірегіне мейірлене ақ нұр таратып тұрғандай түу зытымнан жарқырап көзге шалынар еді. Жұрттың бәрі оны зор сүйініспен Ақмектеп деп атайтын. Айтса айтқандай, әсіресе жаздыгүндері ақ сағымға оранып, зәулім аспанмен тұп-тура астасып кеткендей аса сұлу көрініске көз жанарыңды суару – айырықша жан рахаты. Сосын күн ұясына қонар шақтағы алқызыл шапаққа малынған көрік-келбеті ол өз алдына тағы бір ғанибет.Мектептің құрылысы Г әрпі тәрізді болған.

 

Бисен – Бөкей ордасы ауданына қарасты ауыл. Аудан орталығына 70 км орналасқан.Іргесі 1957 жылы «Орда», кейін «Бисен» кеңшары ретінде атала бастады.

Бөрлі – Бөкей ордасы ауданындағы аудан.Аудан орталығы – Сайқын ауылынан шығысқа қарай 135 км жерде.Іргесі 1977 жылы Т.Масин атындағы жылқы өсіру кеңшарын құруына байланысты қаланды.

Кеңой – Искра ауылдық округіне қарасты ауыл. Мұнда 1952 жылы өндіріс бригадасы орналасты.1964 жылы «Искра» кеңшарының бөлімшесінің орталығы болды. «Кеңой» аталу себебі жері кең, ойпатты мал жайылымына қолайлы.

Қоян – елді мекен, Н.С.Хрушевтың жарлығымен қоянның басын көбейту мақсатында 1953 жылы қоян фабрикасы ашылды деседі.

Көп адай – аудан орталығы Сайқыннан 35 км жерде орналасқан. Бұл елді мекенде, Бөкей хан кезінен бері адай руы көп мекендеген.

Мұратсай – аудан орталығы Сайқыннан солтүстік-шығысқа қарай 60 км, Мұратсай көлінің жағасында орналасқан.1975 жылы Мұратсай қой өсіру кеңшарының құрылуына байланысты қаланды.(алғашқы директоры – Н.М.Сахыбалиев)

Сайқын – Бөкей ордасы ауданының орталығы. Тарихшы Е. Койшыбаев бұл сөз желге байланысты болуы мүмкін дейді . Дегенмен оның ойымен келіспеуге болады, себебі «Сайкан» желі Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстанға тән.

Өлкетанушы А.Абдрахманов ойынша «Сайкын» қалмақ тілінен аударғанда «сэйхи» - «әдемі»деген сөзді білдіреді.



Саралжын – Бөкей орда ауданына қарасты ауыл.Кезінде бұл жерде атауына сәйкес ерекше өсімдік өскен деседі.Қазіргі уақытта мүлде өспейді.









Сейтәли – аудан орталығы Сайқын ауылынан оңтүстік-шығысынан 19 км жерде орналасқан. Ащыөзек көлінің жанында орналасқан. Бұл өлкені тағыда «Соқыр қарт» деп атайды.Үлкендердің айтуы бойынша кезінде бұл жерде емдік қасиеті бар соқыр қарт өмір сүрген деседі.

Тайғара – Бөкей ордасының солтүстік-батысында орналасқан, кезінде бұл жерді Жәңгір хан жазғы көш кезінде Төлеңгіт руына берген деседі.Бұл жерде Махамбет атты бай жылқы ұстаған, соған байланысты Тайғара атанып кеткен.



Түйе қыстау – Сайқын ауылынан 7 км жерде орналасқан мал ұстауға арналған елді мекен, 1948 жылы түйе фермасы болған. Соған байланысты «түйе қыстау» деп аталып кеткен.

Ұялы – Бөкей ордасына қарасты ауылдық округ . Ерте кезде бұл жерде Ұялы төлеңгіт руы мекендеген, соған байланысты «ұялы» сөзі қалыптасқан.

Хан Ордасы – Бөкей ордасына қарасты тарихи мекен. Орда – түрік сөзінен шыққан, орталық, орда деген мағына береді.

Шоңай – Бөкей ордасына қарасты 35 км жерде орналасқан елді мекен. Аңызға сенсек Шоңай қалмақтың қас сұлуы деседі, сүйгені соғыстан оралмаған соң өзіне қол жұмсап көз жұмған деседі.






















Қорытынды

Сонымен тіл білім ғылымындағы ономастика бөлімінің кесек бір саласы – топонимика жайлы, оның ішіндегі гидронимия, оронимия, ойконимиялар туралы аз да болса, өз пікірімізді ортаға салдық.

Сөз соңында жинақталған материалдар негізінде жасалған жұмыстардың нәтижесінде Бөкей ордасы ауданына қарасты елді-мекендердің кейбір жер-су атауларының шығу, пайда болу тарихы, топонимдерінің құрамы мен құрылысы, семантикасы, грамматикалық /морфологиялық/ құрылымы, жасалу жолдары тарихи-лингвистикалық тұрғыдан баяндалды демекпіз.

Бұл өңірдегі топонимдер құрамы жағынан екі үлкен топқа, макротопоним және микротопоним болып бөлінетіні, бұлардың қай-қайсысының  да мағынасы айқын, көпшілікке түсінікті боп келетіндігі белгілі болды. Тарихи тұрғыдан зер салып байқағанда, елді мекендер атауларына су, өзен, көл, тау атауларының көбіне тұрақты болып келеді.

Бөкей ордасы топонимдерінің құрамы бай да мол тобы – гидронимдер мен оронимдер екенін осы материалдардан көруге болады. Алайда топонимдердің құрамдық типтері жайлы бай материалды толық пайдаланбағанымызбен, оларды жинақтай отырып, жұмыс көлеміне қарай тиісті дәрежеде ой түйінін айттық деп ойлаймыз.

Өңірдегі өзен, көл, тау атауларынан біраз мысалдар келтәре отырып, олардың тарихи-географиялық сипаттамалары, сондай-ақ мән-мағыналары мен шығу төркіндері де айқындалып ашылды.

Құрылымдық жағынан әр алуан екендігі олардың лексикалық базасы жағынан болсын өзіндік ерекшелікке ие екендігі көрінеді. Ол ерекшелік пен өзгешелік топонимдердің тіркесе қолдануы мен орналасу тәртібінен де анық байқалады. Жүйелеп, сұрыптап, талдай келгенде бұл өлкедегі кейбір топонимдердің бойында лексика-синтаксистік тәсіл арқылы жасалу үлгісінің басым екендігі анықталды.  Күрделі, біріккен тұлғалы немесе құрамды топонимдердің сыңарларын анықтау арқылы олардың синтаксистік қатынасын сипаттап бердік. Сөйтіп, Бөкей ордасы ауданының кейбір топонимдерін зерттеу барысында олардың жасалу типінде бес түрлі: анықтауышты, предикативті, сандық және ұқсату, балау сияқты синтаксистік қатынастардың бары анықталды.

Қазақ тіліндегі кейбір географиялық атаулардың орыс тілінде дұрыс транскрипцияланбауынан фонетикалық, тұлғалық өзгерістерге ұшырап, алғашқы мағынасын жоғалтып алуы кездеседі. Кейбір жағдайларда жергілікті жердегі ірілі-ұсақты объектілерге жаңадан ат қойғанда талғам мен халықтың дәстүрі ұсталынбайды. Сондықтан географиялық объектілерге жаңадан ат қоярда әркез жергілікті халықтық атауларға сүйенген дұрыс, өйткені көптеген атаулардың да халықтық этимологиясы болады. Бұл сияқты халық мұрасының  да ғылым үшін маңызы зор. Ақиқат пен аңызды салыстыра отырып, ғылыми електен өткізіп шындыққа да жетуге болады.

Қорыта айтқанда топонимика ғылымының халық үшін ағыртушылық ролі зор. Оның қоғам өмірінде алатын орны ерекше, өйткені өзіндік сыр-сипаты, тарихы бар.

Олай болса, қазақ тіл білімі ғылымындағы ономастика саласының сан-салалы проблемалы мәселелеріне зейін қойып, лингвистикалық, әрі тарихи этнографиялық, әрі географиялық қыр-сырын ашып, зерттеп, лайықты еңбектер жасау үлкен мәселелердің бірі деп білеміз.



 



















Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. www.google.kz

  2. Тихон Әліпқали « Шамғон шыңы»

  3. Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы

  4. Хамит Маданов « Біз қазақпыз»

  5. «Букеевской Орде 200 лет» издание из 6 книг. Алматы «Олке» 2001

  6. «Нарын – Казахия» автор Жайсан Акпай. Алматы, 1999

  7. «Казахи» Под ред. группы авторов. Алматы

  8. Бөкей ордасы ауданы. Энциклопедия. «Арыс», Алматы, 2011



12


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
1031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі