жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба "Бұршақ"
ЭКОЛОГИЛЫҚ ЖОБА
«Көңілді бұршақ»
(2 – кіші топ)

Дайындаған: тәрбиеші Аманжолова Асыл Тулегеновна

Жоба құжаты
Жоба түрі: еліктеу-атқарушы
Түрі: топпен
Өткізілуі түрі: іс-әрекеттер, әңгімелер, бақылаулар, серуендер, дидактиқалық және театралдық ойындар, ойын-сауықтар, тәжірибе және еңбек қызметі, көркем шығармалармен таныстыру, видеофильм және бағдарламалар қарау.
Жобаның орындалу уақыты: (5 ай)
Өткізілетін орны: балабақша, топ бөлмесі, топ алаңы, отбасы.
Баланың жасы: 3 – 4 жас.
Өзектілігі: Табиғат – баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Бұл жоба экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныстыруға, сонымен қатар балаларға экологиялық тәрбие беруге өте тиімді. Жыл мезгіліне қарай өсімдіктерді бақылауға жол ашады.
Жобаның қатысушылары: балалар, тәрбиеші, ата - аналар.
Жобаның мақсаты: Табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Балаларды қоршаған ортамен таныстырып, ойын арқылы зерттеу кезінде
тілдерін дамыту.
Жобаның міндетері:
1. Табиғат бұрышында өсетін өсімдіктермен салыстырып, бақылауға үйрету.
2. Тәжірибе нәтижесі арқылы балалар мен ата-аналарды табиғатпен таныстыру.
3. Өсімдіктерді күтудегі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
-
Балаларды бөлмеде өсетін өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру;
-
бірлескен жұмыс арқылы бөлмеде өсетін өсімдікке неге керектігін түсіндіру;
-
табиғаттқа деген өз көзқарасын қалыптастыру;
-
экологиялық тәрбие арқылы балалардың өз еліне, жеріне деген махаббатын, қызығушылығын суреттер, мүсіндер, жапсыру жұмыстарында көрсету.
Түсініктеме
«Ғажайып құбылысқа қарай тұрып және ол туралы тыңдай жүріп
адам дами түсінеді. Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға
берілеміз. Ал сұлу өмірден – абсолюттік сұлулыққа көшеміз» деді Абай
38-қара сөзінде.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде.
«Зерек бала» бағдарламасының
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың экология саласы бойынша қарапайым ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру;
- өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту;
- қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Мазмұны:
Балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты, су мен ауаны сонымен қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі) және өлі табиғат нысандары (су, ауа, жер — олардың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғат нысандары мен құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылауға және осы нысандар мен құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала бастайды, көктемде қар ериді) арасындағы байланыстарды көре білуге үйрету.
Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен мекендеушілерге (құстар мен балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасауға үйрету.
Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қараудың үлгілерін (гүлдер мен жапырақтарды жұлмау, бұтақтарды сындырмау, қыста құстарға жем беру) көрсету.
Жобаның орындалу қызметі: суреттер, балалардың жұмыстары; ата-аналармен балаларды өнімді топырақ пен өсімдіктер егетін құралдар дайындау ; бұршақ егіп тұрған балалардың суреттері; жоба уақытында өскен өсімдіктер.
Ата-аналарға арналған тапсырмалар.
-
Баланың жеке басының жетілуіне жанұяда жақсы жағдайлар жасау.
-
Баланың балабақшада игерген білімдерін ескеру.
ЖОБАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Білім саласы
Жұмыстың түрлері мен әдістері
Таным
Іс әрекеттер: «Зерттеу жұмыстары»,
«Бақылау жұмыстары»
Серуендер.
Дидактикалық ойындар:
Қысқы және жазғы уақытта жемістердің ұқсастығы мен айырмашылығы.
«Бұршақ» (суретеу), « түрлі түсті бұршақтар», (ермексаздан)
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
«Жеміс пен көкөністі ажырат»-
ойын шарты: бала жемістермен көкөністі ажыратады
«Бір-көп»
Мақсаты: Зат есімін көпше тұрде айтуға үйрету..
Бір бұршақ – көп бұршақ,
Бір жапырақ– көп жапырақ т.б.
«Сипаттап бер»
Мақсаты: Сипаттама беруге үйрету.
Қимылды ойындар
Өз үйіңді тап
Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда
отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған
ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде -ит, үшіншісінде-мысық,
төртіншісінде-аю, қоян. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген
нұсқауымен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан
жүреді.
Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді). Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында, тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орынын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.
Жүгіріп қағып ал.
Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады.(қашықтығы1,5-2м) Тәрбиеші « Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» -деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер» дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді
Күн мен жаңбыр
Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.
Сергіту сәттер
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
Біз бесеуміз, бесеуміз.
Бес тармақты жұлдызбыз.
Біз бесеуміз, бесеуміз
Ақ қалпақты құндызбыз.
Аяғымыз қайда екен,
Тез қозғалсақ пайда екен.
Бiзден биiк секiрер
Мықты жандар бар ма екен?
Оңға бір,
Солға бір,
Бұрылып жолдары,
Жолаушы жүредi.
Соңынан жүгiрiп,
Бұтаға үңiлiп,
Сүрiнiп, тығылып
Күшiгiүредi.
/Б.Бөрiбаев/
Ашық сабақ
« Көңілді бұршақ»
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстырып, ойын арқылы зерттеу
кезінде
тілдерін дамыту.
Керекті құралдар: Тақта. Ақ қағаз, канверт, банкада су, бұршақ, фасоль, гуаш
түтікше. Таяқша салфетка.
Биллингвальды компонент: бұршақ – горох; үрмебұршақ – фасоль
-
Ұйымдастыру кезеңі: «Мен бәрін жасай аламын»
Бүгінгі кездесуімізді мына сөздермен бастайық ,Қол ұстасып, менің соңымнан қайталап отырыңдар. Мен бәрін жасаймын, мен қорықпаймын, мен ұқыпты баламын , айтқанды орындаймын.
2 Балалар бүгін біздің «Балапан» тобына Аюдың баласы қонжықтан хат келді. Мен сендерге оқып берейін
Құрметті балалар! Сендерге қонжық хат жолдап отыр менің анам Аю маған бір тапсырма берген болатын. Тапсырманы орындағаннан кейін ғана ойнауға болатынын айтқан. Бірақ жолдастарым келгесін мен тапсырманы орындамастан кетіп қалдым . Маған бұршақтан фосольды ажырату керек болған . Сендерден өтініп сұтаймын Маған көмектесіңдерші !
Балалар қалай қонжыққа көмектесемізбе? (ия)
-
Негізгі бөлім.
(Балалар столға жақындайды)
- Балалар стол үстінде бұршақ және үрмебұршақ араласып жатыр. Қазір сендер бұршақтан үрмебұршақты ажыратасыңдар.
бұршақ – горох; үрмебұршақ – фасоль
Сұрақ:
- Бұршақтан үрмебұршақты ажырата алдыңдарма?
- Ия
- Жарайсыңдар балалар! Қонжықтың тапсырмасын орындадық . Бірақ бұнымен тапсырма біткен жоқ Аю қонжыққа тағы бір тапсырма берген . Қане барып көрейік . Қонжыққа келесі тапсырманы жасауға көмектесемізбе?
-Ия
Бұршақтар жай бұршақ емес сыйқырлы. Қазір біз оның сыйқырлығын көрейік пе?
-Ия
Зерттеу жұмысы
-Бір бұршақты аламыз да суға саламыз, бұршақ суда қалқып жүрме? Енді түтікше арқылы бұршақты үрлейміз!
- Бұршақпен не болып жатыр? (ол қозғалып жатыр)
-Енді қаттырақ бұршақтың өзіне үрлейміз.
-Ал енді не көріп тұрсыңдар? (Ол қаттырақ қозғалып жатыр)
-Ол бйлеп жатқан сияқты солай ма? (ия)
-Біз бір ойын ойнап билеп жіберейік
Сергіту сәті: Би «Көңілді бұршақ»
Сергіту сәтінен кейін сурет салу бұрышына барамыз
-Сурет: «Көңілді бұршақ»
-Қазір біз сендермен сурет саламыз «Көңілді бұршақ»
-Суретті біз таяқша мен бояуды пайдалана отырып саламыз.( бірінші тақтаға көрсетіп аламын сосын қағазға салуларын сұраимын)
-Есімізге түсірейік суда бұршақ қалай қозғалды:
-Ақырын үрлегенде бұршақтар ақырын қозғалды.(Асықпай саламыз нүктелерді)
-Қатты үрлегенде бұршақтар қатты қозғалды. (Енді тездетіп саламыз нүктелерді)
-Жарайсыңдар балалар.
-Қортынды:
-Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
-Айтыңдаршы біз кімге көмектестік? (қонжыққа көмектестік)
-Қалай көмектестік? (Бұршақты тазаладық)
-Тағы не істедік ? (Сурет салдық , би биледік )
-Тағы не есімізде қалды ? (Бұршаққа қатты үрлесең қатты қозғалады , ақырын үрлесең ақырын қозғалады)
-Жарайсыңдар балалар
- Міне қонжықта сендерге рахметін айтып жатыр.
-Ал енді суреттеріңді қонақтарға көрсетуге болады.
Зерттеу жұмысы
- Бір бұршақты аламыз да суға саламыз, бұршақ суда қалқып жүрме? Енді түтікше арқылы бұршақты үрлейміз!
- Бұршақпен не болып жатыр? (ол қозғалып жатыр)
-Енді қаттырақ бұршақтың өзіне үрлейміз.
-Ал енді не көріп тұрсыңдар? (Ол қаттырақ қозғалып жатыр)
-Ол бйлеп жатқан сияқты солай ма? (ия)
Бұршақ отырғызу кезінде ережелерді сақтау керек:
-
Күнделікті бұршақты суару керек
-
Арам шөбінен ажырата білу керек
-
Басқада өсімдіктерді бірдейкүту керек.
Қортынды
Жасалған жұмыстарға байлам жасап оны талдау.
-
Кіші жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың іскерлігінің түрін, жарамды әсерін дұрыс қабылдауын, жобаның өңделген тақырыбын сай таңдау. Мысалы: (ойынды, танымдылығын, көркемсөзді, музыкалы ойынды).
-
Балалар өсімдіктермен танысуда қызығушылықтарын байқатты.
-
Ойын кезінде балалардың тілдерін жетілдіруі. .
-
Тәрбиеші мен ата-ананың біріге атқарған жұмыстарының, жақсы нәтижесін көрдік деп санаймыз.
-
Бұл жобаны өткізуде ата-ана белсене қатысты.
Келер шақтың болашағы.
2-сәбйлер тобының « Көңілді бұршақ» атты жобаны өңдеу.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген