400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба химия пәні 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан республикасы Алматы облысы

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Ғылыми жоба:

«Мектеп бағдарламасына сәйкес электролиз

аппаратын құрастыру және мыс купросынан

мыс алу процессін зерттеу »











Дайындаған: 11«А» сынып оқушылары

Искакбай Бексултан

Бақатай Жанель

Жетекшісі:

Химия ғылымдарының магистірі,

химия пәні мұғалімі Нұртай Ерназар









2019-2020 оқу жылы, Есік.қаласы.



Зерттеу мақсаты:

  • Электролиз жүргізуге арналған, қарапайым әрі қолайлы құрлғы құрастыру, Оны практикада пайдаланып, мыс купросынан мысты алу процессі кезіндегі РН мәні мен концентрацияның өзгерісін зерттеу . Осы арқылы келесі жұмыстарда, бағалы металдарды ескі электротехникалық құрлғылардың қалдығынан бөліп әдістеріне тәжірибе жинақтау.

  • Міндеттері:

  1. Электролиз аппаратын құрастыру.

  2. Мыс ертіндісінен мысты бөліп алу процессін зерттеу.

  3. Ескі электротехникадан бағалы металдарды бөліп алу.

Зерттеу орны : Мектеп лабораторясы (№1 Рахат орта мектебі, Сатпаев орта мектебі)

Ғылыми болжамы: Мектеп бағдарламасында қолдануға қолайлы, қолжетімді аппарат құрастырамыз; Мыс купросынан судағы ертіндісінің РН мәні бірқалыпты азайады, ертіндідегі мыс иондарының концентрациясының артқан сайын шығым уақытқа байлансты бір қалыпты өзгереді.

Зерттеу кезеңдері:

  • І. Кіріспе. Электролиз жүргізу құрылғысы туралы мәліметтер жинау, мыс купросын алу жағдайларын талдау, бағалы металдарды бөліу әдісін қарастыру.

  • ІІ. Тәжірибелік бөлімде. Эксперементтер жасау, алынған нәтижелерді тіркеу, электролиз процессін қадағалау.

  • ІII. Алынған нәтіижелерге талдау жасау. Тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді, талдау, анализ жасау.

Зерттеу тәсілдері: Болжам жасау, Ақпарат жинап, мақсат қою,танысу, жоспарлау,эксперимент жасау, талдау, салыстыру,іздену, зерттеу, қортынды шығару.

Зерттеу жаңашылдығы: Оқушы қолымен жассалған электролиз аппаратын, мектептерде пайдалануға болады, арзан, әрі қол жетімді. Электролиз арқылы мысты бөліп алғанда, ортаның РН пен концентрацияны мәнін бақылап отыру.



Кірспе

Электролиз тақырыбы мектеп бағдарламасы бойынша тоғызыншы және оныншы сыныптарды қайталанып келетін маңызды тақырыптардың бірі әрі күрделі тақырып. Қазіргі кезде электролиз әдісімен өндірісте көптеген таза металдар алынады. Шаруашылықтың барлық салаларында және өндірісте электролиз барлық жақты қолданылады. Электролиздің түсті металлургияда қолданылуы: металдардың рафинирлеуі, рудалардан металды бөліп алу үшін. Балқыланған орталардан электролиз арқылы алынған металдар қатарына аллюминий, магний, цирконий, титан, уран, берилий және басқа металдардың қатары. Сулы ерітінділерден бөлініп ала алмайтын металдарды жоғары теріс потенциал нәтижесінде түсті металлургияда балқыған орталадың электролизі нәтижесінде алады. Бұл балқыған орталар болып әртүрлі қоспалардың қосындысынан тұратын тұздар болады. Олар балқыманың балқу температурасын төмендету, электрөткізгіштікті мақсатында жоғарылату үшін қолданылады. Химиялық өндірісте электролиз арқылы хлорат және перхлорат, персульфат, калий перманганаты, хлор және сілтілер, органикалық қосылыстар, химиялық таза сутегі, оттегі фтор және басқа да маңызды өнімдерді алуға болады. Машина жасау, радиотехника,полиграфты қндіріс салаларында электролизді металдар немесе бұйымдар бетіне жұқа жабылғы салу үшін қолданады.

Соған қарамастан мектепте практикалық және зертханалық жұмыстардың орындалмауынан, кей мектептерде ешқандай зертханалық жұмыс жүргізетін жағдайдың болмауынан, практикалық жұмыстар жүргізілмейді. Сол себепті біз ағайдың көрсеткен қарапайым электролиз жасайтыын құрлғысын негізге ала отырып, сабақтан кейін осы құрлғыны жетілдіріп, барлық мұғалімдерге қолжетімді әрі қарапайым құрлғы жинауды қолға алғанбыз. Нәтижесінде ойымыз сәтті жүзеге асып, төмендегідей(1-сурет) құрлғыны әдебиеттермен, интернеттен қарап құрастырып ағайға көрсеткен соң, ағай бұл құрлғыы арқылы тәжірбе жассап зерттеу жұмыстарын жүргізуді айтты.

Әдебиеттерден, электролит деп, ерітіндісі арқылы өтетін токтың нәтижесінде жүретін химиялық процесті айтамыз. Электр тогының өткізгіштеріне мыналар жатады: тұздардың, қышқылдардың, негіздердің сулы ерітінділері. Электр тогын өткізетін заттар мен ерітінділер электролит деген атқа ие болды. Сонымен қышқылдар, негіздер және тұздар электролит болып табылады.

Электролиз нәтижесінде катодта жаңа өнімдердің пайда болуымен электролит молекулалары мен иондарының тотығуы жүреді. Катиондар электрондарды қабылдап, тотықсызданудың төмен дәрежелі иондарға немесе атомдарға айналады. Электролиз нәтижесінде анодта анод материалына жататын немесе электролитте болатын иондар немесе молекулалардың тотықсыздануы жүреді (анод ыдырайды немесе тотықсызданады). Сол әдіспен, электролиздердің бастапқы өнімдері қышқылдар, негіздер және тұздардың алмасу реакциясы кезіндегі бөлшектері болып табылады, олар өзгермейді, бір заттан екіншісіне ауысады. Бірінші жақты өткізгіштер белгілі, оларда электр электрондар арқылы тасымалданады, ал екінші жақты өткізгіштерде электр иондар арқылы тасымалданады.

Егер металды суға салатын болсақ, оның катиондары сұйықтыққа өте бастайды. Катион бетінде электр зарядының болуына байланысты метал бетінде өлшемі бойынша тең, таңбасы бойынша қарама қарсы болатын заряд артық электрондар түрінде жүреді, яғни металл беті теріс зарядталған болады. Ол өзіне металдың ерітіндіге өткен оң зарядты иондарын біртіндеп тарта бастайды, сол арқылы ктиондар ерітінді көлеміне еркін өте алмайды. Сондықтан, металл мен ерітінді шекарасында теріс жағы металл беті, ал оң жағы еріген иондардың жанасу қабаты болып келетін жазық конденсатор тәрізді жұп электрлік қабат түзіледі. Иондардың аз мөлшері ерігеннен кейіннен ақ жұп қабаттың заряды соншалықты өседі, металдың балқуы тоқталады. Егер металл суға емес, өзінің иондарының ерітіндісне салынған болса, (мвсалы, Сu ті CuSO4 ке салғанда), онда бұл процесс біршама өзгеше болады. Егер ерітінді концентрациясы аз болса, онда жұп электрлік қабаттың түзілуі металдың судағы ерітіндісіндегідей өтеді. Егер ерітіндіде иондар концентрациясы жоғары болса, онда алдымен металл бетіндегі оң зарядталған катиондардың тұнбаға түсуі байқалады. Енді металл беті өзіне теріс иондарды тарта бастайды және жұп электрлік қабат түзіледі. Катиондар металдың бір таңбалы заттарының және оның иондарының ары қарай тұнбаға түсуі тоқталатынға дейін катиондар тұнбаға түседі. Екі теріс таңбалы зарядталған денелер болғанда олардың арасында потенциалдар айырмасының болатыны белгілі. Бұндай потенциалдар айырмасы мұнда да, жұп электрлі қабатта, металл-ерітінді шекарасында байқалады. Иондардың металдан ерітіндіге және қайта өтуі олардың арасында потенциалдар айырмасын тудырады.

Осы процесстерді зерттеу барысында, Электролиздің түсті металлургияда қолданылуы: металдардың рафинирлеуі, рудалардан металды бөліп алу үшін қолданлады екен, сонымен бірге кейбір электротехникада, нақтырақ айтсақ телевизор, процессор сияқты заттарда электр тоғын жақсы өткізу үшін аз мөлшерде бағалі металдар қолданылады.олар бұзылғанда немесе жұмыс істеу мерзімі жеткенде қайта өңдеуге жіберіледі. Сол техниканың құрамындағы, әсіресе, ескі техникада көп мөлшерде алтын, платина кездесетіні әдебиеттерден белгәлі.

Сол бағалы металдарды бөліп алуға электролиз әдісін пайдалану және жетілдіру жұмыстары жұргізілді.

II.Тәжірибелік бөлім

    1. Бөлім 1- Тәжірибе Электролиз құрлғысын құрастыру мыс купросынан мыс алуды зерттеу.

Ең алдымен электролиз жүргізуге арналған құрлғыны құрастырдық.



Shape2 Shape1

Анод (+)

Катод

Picture 2

№1 – сурет. Электролиз құрлғысы және жүріу механизімі

2.1 Электролитты дайындау

Мыс купросының; 1) 0,1м 2) 0,2м 3) 0,3м 4)0,4м ертінділерін дайындау үшін СuSO4.5H2O , CM = n / V формуласы бойынша 500мл белгісі бар колбаға:

0,1 малярлы ертінді дайындау үшін 12,5 г мыс купросын;

0,2 малярлы ертінді дайындау үшін 25 г мыс купросын;

0,3 малярлы ертінді дайындау үшін 37,5г мыс купросын;

0,4 малярлы ертінді дайындау үшін 50 г мыс купросын салып суда еріттік.

Дайын болған ертінділермен жеке-жеке электролиз жүргіздік.

Электролизді төмендегі берілген схема негізінде жабдықтап, оған өз өзгерістерімізді енгізе отырып, катод ретәнде графитті, ал анод ретінде мысты орналастырып, бөлінген газдың көлемін өлшеуге, электролиттен сынама алып электролиз барысында бақылауға қолайлы болатындай етіп орналастырдық , әрі уақыттың өтіуімен РН мәнінің өзгеруін бақыладық. Ал концентрацияның өзгерісін электролиз басында және соңында сілті иондарының көмегімен анықтадық, келесі жұмыстарды титірлеу арқылы сандық анализ жасаймыз.

2.2 Катод массасының концентрацияға тәуелді өзгерісі

Электролиз алдында және электролизден кейін катотпен анод массаларын өлшедік.

№1 – кесте 30 минут аралығында әртүрлі концентрацияда катодпен анод массаларының өзгерісі

Электродтар

Электроизға дейін

Электролиздан кейін

Концентрация


0,1М

0,2М

0,3М

0,4М

Анодтың массасы гр (Графит )

12

12

12

12

12

Катодтың массасы гр (мыс)

14

6

20

22

20

Теңдеу бойынша катодта бөлінген теориялық шығымды есептедік:

  1. 0.1M ертіндіден электролиз нәтіижесінде:

2CuSO4 + 2H2O   2Cu + O2 + 2H2SO4

320гр ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,124гр

8гр (0,1М),,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,х

Х = 8*124/320 = 3,1гр(Сu)

  1. 0.2M ертіндіден электролиз нәтіижесінде:

2CuSO4 + 2H2O   2Cu + O2 + 2H2SO4

320гр ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,124гр

16гр (0,2М),,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,х

Х = 16*124/320 = 6,2гр(Сu)

  1. 0.3M ертіндіден электролиз нәтіижесінде:

2CuSO4 + 2H2O   2Cu + O2 + 2H2SO4

320гр ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,124гр

24гр (0,3М),,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,х

Х = 24*124/320 = 9,3гр(Сu)

  1. 0.4M ертіндіден электролиз нәтіижесінде:

2CuSO4 + 2H2O   2Cu + O2 + 2H2SO4

320гр ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,124гр

32гр (0,4М),,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,х

Х = 32*124/320 = 12,4гр(Сu)



№2 – кесте Әртүрлі уақыт аралығында әртүрлі концентрацияда өнімнің шығымы

Электродтар

Электроизға дейін

Электролиздан кейін

Уақыт, мин


30

60

90

120

Концентрация


0,1М

0,2М

0,3М

0,4М

Анодтың массасы гр (графид )

12

12

12

12

12

Катодтың массасы гр (мыс)

14

16,1

20,2

21,05

22,1

Катодтың массасы теория б/ша


14+3,2

14+6,2

14+9,3

14+12,4

Теңдеу бойынша шығым %

η = mпр/mтео *100

83

99

90

75

Тоқ бойынша шығым η %

m =M*Q/ (96500*Z)

59%

87,32%

63,36%

57%


6А ток күші электролит ерітіндісі арқылы 30 минут, 60 мин, 90мин және 120мин бойы өткен кезде ерітіндіден бөлінген металлды теңдеу бойынша және тоқ бойынша шығымдарын салыстырдық.

Металдың эквиваленттік массасын таптық шығымы Фарадей заңы бойынша шешеміз.

Q=I*t

I- тоқ күші, А 
t- уақыт (сек) ,
 

Электродта бөлінген мыстың массасы
m =M*Q/ (96500*Z)
M- молекулалық масса , г/моль,
 
Q- электр қуаты Кл
 
Z-химиялық эквивалент (мыс -2)
96500- фарадий саны кл/моль
№3 – кесте тоқ бойынша шығым  

0,1М (30мин )

0,2М (60мин )


Q=6*1800=10800Кл

m=63,5 *10800/(96500*2)=3,55г

n =(2,1/3,55)*100%=59%

Q=6*3600=21600Кл

m=63,5 *21600/(96500*2)=7,1г

n =(6,2/7,1)*100%=87,32%


0,3М (90мин )


0,4М(120мин )

Q=6*4800= 28800Кл

m=63,5 *28800/(96500*2)=9,47г

n =(6,05/9,47)*100%=63,36%

Q=6*7200=43200Кл

m=63,5 *43200/(96500*2)=14,21г

n =(8,1/14,2)*100%=57%

№2 – диаграма Өнімнің шығымыныі концентрацияға тәуелділігі

Катодта концентрацияның өзгерісіне байланысты мыстың массасы алдымен артты,содан кемиді, сомен бірге теориялық шығымның мәні кішірейді.тоқ бойынша шығым, теңдеу бойынша шығымға сайкес келмейді. Бұл дегеніміз ертіндіде мыс иондары толық мысқа айналған жоқ. Сондықтан мыс сульфатының электролизы кезінде ең тиімді концентрация 0,2М концентрацияда 87% шығым бергендіктен осы концентрацияны талдадық .

№4 – кесте 0,2М СuSO4 электролиттың РН мәнінің уақытқа тәуелді өзгерісін зерттеу

t,мин

0

5

10

15

20

25

30

РН

6

5,5

5

4,8

4,3

4

3,5





№4 – диаграмма 0,2М СuSO4 электролиттың РН мәнінің уақытқа тәуелді өзгерісін зерттеу

Сулы ертіндіде CuSO4 төмендегідей диссоцияланады:
CuSO4 ↔ Cu(2+) + SO4(2-)
катотқа қарай мыстың катиондары жылжып, 2е- қабылдап аладыда мысқа тотықсызданады. Анодқа қарай аниондар жылжыиды сульфат-анион және судың ОН- ионы жылжып, он- ионы оттекті береді де, ертіндіде H+ , SO42- иондары қалып қышқылдық ортаны тудырады, және бұл электролиз барысында артады.
катодта төмендегідей процесс орын алады:
катод (–) анод (+)
Cu(2+) + 2ē → Cu(0) 2H2O – 4ē → 4H(+) + O2 ↑
ертіндіде : H+, SO42-
а ) Графит анод
А(+): 2 H
2O - 4e ---> 4 H+ + O2 | 1 | - тотығу
К(-): Сu
2+ + 2e ---> Cu0 | 2 | - тотықсыздану
2CuSO4 + 2H2O = 2Cu + O2 ↑ + 2H2SO4

Егер анод ретінде мысты алсақ реакция нәтіижесінде катодта тек мыс түзіледі де, анод ериді.



б ) Мыс анод болатын жағдайда
А(+)/Сu: Cu
0 - 2e ---> Сu2+ | 1 | - тотығу
К(-): Сu
2+ + 2e ---> Cu0 | 1 | - тотықсыздану

CuSО4 = Сu(2+) + SO4(2-)
анод (+): Сu(0) – 2e = Cu(2+),
катод (–): Cu(2+) + 2e = Сu(0).



2 – сурет. Мыс купросын электролиздеу процессінің схемасы



2.2бөлім 2-тәжірибе

1-бөлімде:

Бағалы металы бар делінген компютерді негізі 4 бөлекке жіктедік:

  1. Пластмассалар

  2. Сталды қорғаныш бөлшектері

  3. Көзге көрінетін белгілі мыс бөлектері

  4. Платалар, разьемдар, микросхемалар, контактлер

1-сурет компютердің бөлшектері

2-бөлімде:

Алдын ала дайындалған патыша сұйықтығана платаларды бөлшектеп салып бір суткаға қалдырдық. Ертесінде платаларды сумен шаймалап ертіндіден бөліп алдық. Бетіндегі металдар толығымен ертіндіге өткен, тек текстильді керамикалық қалдықтарғана қалған.

2-сурет Патыша сұйықтығында еріткенге дейін және одан кейін

3-бөлімде:

Алынған ертіндіден платаларды сумен шаймалап бөліп алдықта ертіндіні азот қышқылының конценртациясын азайту мақсатында құм төселген пеште қыздырдық.

3-сурет патыша сұйықтығын еріген метал концентратын қыздыру працесі



4-басқышта:

Алынған ертіндіні тұндырып, сүзгіден өткізіп филтірлеген соң электролиз арқылы металдарды бөліп алдық. Анод ретінде графит, ал катод ретінде сталь пластинкасын қолдандық. Нәтіижесінде катодтың бетінде алтынмен бірге металдың қоспасы түзілді.

4-сурет Ертіндіні электролиздеу процессі көрцетілген

Ертіндінің екінші бір бөлегін сүзіп тазартқан соң темірсульфаты мен тұнбаға түсіріп тұнбаны ертіндіден бөліп алдық.

5-сурет Ертіндіні FeSO4 ертіндісімен тұнбаға түсіру

2.3 Тәжірбелік бөлімгеанализ және талдау

Күкірт және азотпен,тұз қышқылдары әдетте алтынды еріте алмайды, ол тек азот қышқылы мен 3есе көп мөлшерде қосылған тұз қышқылының ертіндісінде немесе патыша сұйықтығы деп аталатын ертіндіде ериді. Реакцияның химизімі төмендегідей болады. Бұл қосылыста хлор мен нитрозилхлорид NOCl пайда болады да: 
ЗНСl + HNO
3 = Сl2 + NOCl + 2Н20 

хлор алтынмен әрекеттесіп, алтынның (III) валентті АuС1з пайда болады, ол тұз қышқылымен бірге жүргендіктен комплексті алтын (III)хлор сутек қышқылы H[AuCl
4] тұзіледі. Ол қыздырғанда сары түсті ертінді пайда болады. H[AuCl4]*2H2O.
және ол темір сулфаты FeSO
4 ертіндісінде жылдам тұнбаға түседі.
2АuС1
з + 6FeSO4 = 2Fe2(SO4)3 + 2FeCl3 + 2Аu 
сонымен бірге қалайының хлоридінде : 
2АuС1з + 3SnCl
2 = 3SnCl4 + 2Аu 
сұйық ертіндісінде H
2[Sn(OH)6] түзіледі.

Біз FeSO4 пен жүргіздік сол кезде 5-суретте көргендей тұнба алынды.тұнбаны сүзіп тазаладық, кептірдік.

Электролизерге Графит анодпен сталдан жасалған катодты пайдаланып ертіндіні электролиздедік. Электролиз нәтіижесінде золото — платина — палладий — серебро дан литиге қарай біртіндеп катодқа жабысады, алтын өте аз кернеудің өзінде бірінші болып катодқа келеді. Ал анодта азот ди оксиді оттек сияқты газдар бөлінеді. Алынған катодтағы заттарды тазалап қоспадан тазарту үшін кептіріп азот қышқылында ертіттік, азот қышықлында алтын, плптина секілді металдар ерімейді. Тұнбаның түсі сары болды. Тұнбаны кептіріп балқытуғада болады.



ІІІ. Қорытынды бөлім

Өзіміз жасаған электролиз аппараты(1-сурет ), зертханалық жұмыс жүргізуге жарамды әрі мыс купросынан мысты алу кезінде (2-диаграмада) ерітіндінің РН мәні бір қалыпты емес қисық сызықты азаяды. Бұл ерітіндідегі мыс иондарының мысқа айналып, ерітіндіде күкірт қышқылының түзілуінен болады.

Электролиттың концентрациясы 4-диаграмада уақыт артқан сайын шығымда арта бермейді, ол белгілі концентрациядан кейін кері әсерін тигізеді. Біздің электролизде ең тиімді концентрация 0,2М мыс сульфатының ерітіндісін 60мин бойы 6А тоқпен электролиздегенде шығымы жоғары болды.

Электроника қалдықтарынан бағалы металдарды патша сұйықтығы арқылы ерітіп, қайтадан химиялық жолмен бөліп алуға толық теориялық негіз бар. Біздің жұмыста компьютердің платасындағы металдар толығымен еріп, ерітіндіге өтті. Әрі электролиз кезінде катодта бағалы металмен бірге басқа металдың қоспалары бөлінді. Сол себепті таза алтынның өзін көрсету қиынға соқты. Алайда, алтынның бөлшектерінің түсін байқауға болады, сол себепті біз алынған ұнтақ пен патша сұйықтығынан алынған ерітінділерді  Атомно-абсорбционный спектрометрге анықтауға жібердік.Нәтижесі 7-9 графиктерде көрсетілгендей: мыс 52% , темір15% , хлор 13% , никель 2,5 % және тағы да басқа элементтер анықталды, алайда алтынның мөлшері көрінбеді.



Ұсыныстар

  • Электроникалық қалдықтардан алтынды бөліп алу үшін патша сұйықтығында еріткенде, толығымен салмай тек алтыны бар деген бөлшектерін салып еріткен жөн.

  • Келесі жұмыстарымызда  Атомно-абсорбционный спектрометр мен бірге масс спектроскопиялық анализгеде жіберіп көреміз. Себебі  Атомно-абсорбционный спектрометрдің анықтау аймағы 0,01 дәлдікке дейін анықтайды. Бұл жобаны дамытып шағын өндірістік мақсатқа пайдалануға зерттеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:

1. Стрижко JI.C. Металлургия золота и серебра.- М.: МИСИС, 2001. 336с.

2. Холмогоров А. Г., Пашков Г. JL, Кононова О. Н. Статья Нецианистые растворители для извлечения золота из золотосодержащих продуктов// Химия в интересах устойчивого развития. 2001. №9. С. 293-298.


3. Валиков СВ., Дементьев В.Е., Минеев Г.Г. Обжиг золотосодержащих концентратов. Иркутск: Изд-во Иргиредмет, 2002. 416с.


4. Лодейщиков. В.В. Технология извлечения золота и серебра из упорных руд: В 2 т.- Иркутск: Изд-во Иргиредмет, 1999. Т.1.- 342 с, Т.2.- 452 с.

5. Минеев, Г.Г., Панченко А.Ф. Растворители золота и серебра в гидрометаллургии. -М.: Металлургия, 1994. -241 с.

6. Воробьев А.Е., Щелкин A.A., Чекушина Т.В., Каргинов К.Г Кинетика процесса тиосульфатного выщелачивания и пути его интенсификации. // IV Конгресс обогатителей стран СНГ. М. 2003. - С. 93.



13


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1693
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі