400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба Исхан Амангул 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал арқылы ғылыми жобаны математика сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

ММ «Бектау орта мектебі»








Ғылыми жоба тақырыбы: «Сүт өнімінің шағын бизнесі»



Бағыты: « Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»


Секция Математика









Орындаған: Болатхан Айсұлу 9 «а» сынып оқушысы

Ғылыми жұмыс жетекшісі: Исхан Амангул математика пәні мұғалімі




Өтілетін орны: Шортанды № 3 қазақ орта мектебі








2019 жыл

Мазмұны

Аннотация(қазақ тілінде)...............................................................................

Аннотация(орыс тілінде)................................................................................ Аннотация(ағылшын тілінде).........................................................................

1. Кіріспе........................................................................................................

2. Негізгі бөлім..............................................................................................

2.1. Сүт өнімінің тарихы.................................................................................

2.2. Сүт өнімінің бизнесте алатын орны.......................................................

2.3. Сүт өнімінің адам өміріне пайдасы........................................................

3. Қорытынды бөлім.....................................................................................

4. Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................

5. Пікір...........................................................................................................





























Аннотация

Зерттеудің мақсаты: Сүт өнімдерінің адам өміріне тигізетін пайдасы, құнары мен құрамы туралы мағлұматтарды түсіндіру. Жеке отбасылық шағын бизнес көзіне есеп жүргізу, оның кіріс көзі мен шығын көлемін есептеу арқылы қаншалықты пайдасы бар екендігін зерттеу. Және де сүт өнімдерін ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.


Зерттеудің міндеті: Сүт өнімінің шығу тарихына зер салу, күнделікті өмірде қолдануға ұсыныс білдіру. Достарыма сүт өнімінің адам ағзасына пайдасымен қоса қосымша пайда көзі екенін есептеп көрсету.


Зерттеу проблемасы: Қазіргі кезде оқушылар түрлі чипсиларға, чупа-чупс, тәтті шоколадтар сияқты адам денсаулығына зиянды тағамдарға әуес. Бұл заттарға әуес болмау үшін не істеу қажет? Ал қалалы жерлерде ақтан жасалған тағамдарды көптеп қолдануға неге болмасқа? Сол үшін тек қана ауылды жерлерде ғана емес қала тұрғындары да күнделікті өмірде сүттен жасалған құнарлы табиғи өнімдері қол жетімді болу үшін сүт өнімінің шағын бизнес көзі көбірек қолданылса екен деген ниетпен зерттеу жұмысымды ұсынамын.


Болжам: Егер сүттің күнделікті өмірде және бизнесте пайдасы орасан зор екенін ескерсек, болашақта сүт өнімдері арқылы үлкен кәсіпорындар ашу арқылы қазақ ұрпағының денсаулығына зор үлес қосқанымыз болмақ.


Нәтиже: Отанын, елін, жерін, халқын, отбасын сүйетін тәрбиелі де білімді, жан- жақты, болашақта бизнес көзін аша алатын, ұлт жанды азамат азаматша болып өседі.


Зерттеу жұмысының кезеңдері:

  • Дайындық: тақырыпты таңдау, мақсат, міндет қою.

  • Зерттеу: іздену, салыстыру, талдау, есептеу, тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, материалдар жинақтау.

  • Практикалық: жинақталған материалдарды сұрыптау.


Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы: Сүт өнімдерінің тарихын, құрамын зерттей отырып, адам өміріне пайдасын насихаттау, және де шағын бизнестен түсетін пайдасын есептеп шығару.

Жұмыстың қолдану аясы: мектепте математика, биология пәнінде қолдану.



Аннотация

Цел исследования: полезность, ценность молочной продукции для жизни человека объяснение сведенийо составе. Частный семейный малый бизнес источник, источник его доходов и затрат, расчет обьема через исследование того, насколько вы пользуетесь. И национальных молочных продуктов объяснение небходимости выхода на мировой рынок как бренд.


Задача исследования: в настоящее времия учащиеся имеют различные чипсы, чупа- чупс, так же как и сладкие шоколадки, увелеченно продуктами продуктами во вроде для здоровья человека. Это что делать, чтобы не увеличенно к веществам? Он изготовлен из белого в городской местности почему нельзя употреблять болше блюд? Для этого только в не только на землях, но и горожан в повседевной жизни изготовлено молоко малый бизнес молочной продукции, чтобы быть доступными для плодородных природных продуктов я предлогаю исследовать свою работу с намерением, что источник больше всего используется.


Прогноз: если молоко будет полезно в повседневной жизни и бизнесе, то будеть огромный с учетом того, что будущем планируется открыть большие предприятия по молочным продуктам казахский вклад в здаровье потомсва путем активации станет.


Результат: воспитанный и образованный, любящий свою Родину, страну, землю, народ, семью, подробнее о жительница национальности, которая в будущем сможет открыть бизнес вырастет.


Этапы исследовательской работы:

-Подготовка: выбор темы, цель.

-Исследования: поиск, сравнение, анализ, расчет, исследование по теме ведение работы, сбор материалов.

-Практические: сортировка сборных материалов.


Результаты и резултаты работы: История, состав и свойства молочных продуктов исследуя, пропагандируя пользу для жизни человека, а также от молочного бизнеса расчет поступлений прыбыли.

Област применения работы: использование в школе математики, биологии.




Annotation

The purpose of the study: the usefulness and value of dairy products for human life explanation about the composition and composition. Private family small business source, the source of its income and expenses, calculation of volume using research how much you use. And national dairy products explanation of the need to enter the world market as a brand.


Research objectives: to study the history of the origin of dairy products in everyday life suggestion to use. Astana will host the Evening of ballet6 which will unite the masterpieces of the XIX and XX centuries show that an additional source of profit.


The problem of the study: currently, students have a variety of cheapen. Chupa-chupa, sweet chocolates are passionate about products that are harmful to human health. It what to do to not keen on substances? And on the land dresses are made of act an products application balaska why a dove? For this only in not only on the lands, but also citizens in daily life milk is made small dairy business to be available for fertile natural products I suggest exploring your work with the intention that the source is most used.


Forecast: of milk is useful in everyday life and business, it will be huge taking into account the fact that in the future it is planed to open large enterprises for dairy products Kazakh contribution to health of offspring by activation will become.


















Кіріспе

Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ сүт тағамдары екені бәрімізге белгілі. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібе деп білген. Сүт өнімдерін қасиеттеудің басты себебі – ол тіршіліктің арқауы, одан неше түрлі адам организіміне пайдасы мол тағамдар әзірлеуге болады. Сүт тағамдарынан айран, сүзбе, ірімшік, қатық, құрт, қаймақ, май тағы басқа да күнделікті өмірде қолдануға болатын тағамдарды пайдаланамыз. Сүт ішуді әдетке айналдыру керек. Батыста бұған үлкен мән беріледі. Дені сау ұрпақты жетілдіру үшін сүт тұтынуды арттыру керек. Сүттің құрамында кездесетін, адам организміне пайдалы көптеген дәрумендерді білеміз.Сондай ақ сүт құрамындағы минералды тұздардың сәбидің қанқа сүйегінің қалыптасуына әсері зор.

Жаз айларында анам сиырды сауып, сүтті қазанға пісірген. Кейін сол сүтті салқын жерге қойып, бірер сағаттан соң сүттің бетіне пайда болған піскен қаймақты бір ыдысқа салып дастарханға қоятынбыз. Анам сиырдың сүтінен көптеген тағамдар жасалу жолдарын үйретіп отыратын. Мысалыға, піскен қаймағы алынған сүтті жылы жерге қойып айран ұйытады. Сол сияқты сүттен әр түрлі әдістермен көптеген өнім алуға болады.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сүт және одан жасалған тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы сүттің орнын басқамен айырбастамайды. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі сүттің өзі дәмді тағам. Сүт және оның өнімдері аты да , заты да, халық мәдениеті мен тұрмысындағы айтуға тұрарлық және мақтанарлық дастархан мәзірі. Демек, сүт қазақтың тағам байлығының бірі және оның қайнар көзі. Қазіргі таңда қала тұрғындары сүт өңімдерін көп пайдалана бермейді. Пайдаланғанның өзінде дүкен сөрелерінде тұрған химиялық жолмен жасалған өнімдерді пайдаланады. Бұл өнімдердің адам өміріне пайдасынан зияны көбірек екенің ескерген жөн. Мысалыға, әлем бойынша сүт өнімін өндіруде Үнді елі екінші орында. Ал бірінші орында Америка. Өзіміздің елімізде сүт өңімін өндіру жөнінен басқа елдерден қалыс қалмайды. Кезінде Еуропа саяхатшылары қазақтың сүттен қалай май алатынын тандана жазғаны білеміз. Ауылды жерлерде сүт өнімінен шағын бизнес көзін ашып, мол табысқа жетуге болатынына көзім тағы да жетті.

Бұл жұмысымның мақсаты- сүт өнімінен шағын бизнес ашу арқылы қазақ халқының табиғи тағамды қажет етуіне жол сілтеу және де пайдалы жақтарын ашып көрсету.

Менің алдымда келесі мақсаттар тұрады:

1) Сүт өнімінің пайдалы жақтарын көрсету;

2) Сүт өнімдеріне есептеулер жүргізіп, пайдасын анықтау.

Базалық зерттеу жұмыстары – бұл құжаттар, әңгімелер, есеп жүргізу дәптері және өлшеу жүргізулер.

Бұл практикалық зерттеу жұмыстарының мәні сүт өнімдерінің шағын бизнес көзіне айналдыру арқылы мол табысқа жету және күнделікті өмірде сүт өнімдерін үнемі қолдануды ұсыну, жас ұрпаққа пайдалы жақтарын көрсету.










































2. Негізгі бөлім

2.1.Сүт өнімінің тарихына зер салатын болсақ, сүт өнімі ежелгі заманнан бастау алған. Тарихи деректерге сүйенсек адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді үйренген. Тұрмыс-тіршілікте пайдаланумен қатар, қазақ халқы ұзақ жол жүру барысында сүттен жасалған өнім құрттың пайдасы жайлы да білген. М.М.Құлдыбаев ғалымының мәліметі бойынша қышқыл сүт ұзақ сақталып, өзіндік дәмі мен иісі бар екендігін бұрынғы заманда қазақ халқы жақсы білгендігі көрсетіледі.



Б.з.д. 26-ғасырға тән болған Бабил мәдениетінде сүт және сүт өнімдері жасалғандығы анықталған. Ал тарихтың атасы Герадоттың «Грек-мысыр жауынгерлері туралы тарих» еңбегінде б.з.д. 470 жылы сүт өнімі туралы жазылғандығы белгілі болды. Соның ішінде қымыз жайлы мәліметтерді кездестіруге болады.

2.2. Сүт өнімінің бизнесте алатын орны

Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері). Микроэкономиканың негізін қалаушысы Джон Мейнард Кейнс. Сүт өнімінен жасалған тағамдарды күнделікті өмірде кеңінен қолдану үшін, ауылдық жерлерде шағын бизнес көзін ашу арқылы көпшілікке қолжетімді болу үшін шағын бизнес көзінен бастау алып, кейін үлкен кәсіпорындар ашуға болатындығына көз жеткіземіз. Әрбір жасалған өнімнің өзіндік пайда түсіретіндігіне есептеулер жүргіздік.


Бірінші күннен түскен пайдасын есептесек: қабылданатын сүт 400 литр 110 теңгеден .

Picture 1

Одан сатылымға:


№

сүт өнімінің атауы

мөлшері (л)

бағасы тг

1

қаймақ

25

1200

2

айран

100

220

3

сүт

100

220

4

ірімшік

8

450


Кірісі:

№

Сүт өнімі мөлшері

сатылымға түсетін бағасы

жалпы бағасы

1

25

1200

30 000

2

220

100

22 000

3

220

200

44 000

4

8

450

3600


=99 600 тг


Шығысы:

№

атауы

бағасы (тг)

1

сүт 400 х 110

44 000

2

бензин

4000

3

жұмысшы

4000

4

жарық, су, газ

2000


=54 000 тг

Пайда: 99 600-54 000= 45 600 тг


Екінші күннен түскен пайдасын есептесек: қабылданатын сүт 600 литр 110 теңгеден.


Құрт өлшеу

Одан сатылымға:

№

сүт өнімінің атауы

мөлшері (л)

бағасы тг

1

қаймақ

100

1200

2

айран

100

220

3

сүт

100

220

4

май

18

2500

5

құрт

30

1000


Кірісі:


№

Сүт өнімі мөлшері

сатылымға түсетін бағасы

жалпы бағасы

1

100

1200

120 000

2

100

220

22 000

3

100

220

22 000

4

18

2500

45 000

5

30

1000

30 000


=239 000 тг


Шығысы:


№

атауы

бағасы (тг)

1

сүт 600 х 110

66 000

2

бензин

4000

3

жұмысшы

4000

4

жарық, су, газ

2000


=76 000 тг


Пайда: 239 000-76 000= 163 000 тг


Әрине, сүт өнімінен жасалған өнімдерге шағын бизнесте салыстыру жүргізген өте тиімді. Мысалға,





200 литр айран 220 тг-мен 44 000 тг тұрса, 200 литр айраннан жасалған 20 кг ірімшік 450 тг-мен есептесек, ол 9000 тг. Айырмашылық 35 000 тг болмақ.

Тағы бір мысал: 100 литр қаймақ 1200 тг-мен 120 000 тг, ал 100 литр қаймақтан жуық шамамен 72 кг май алатын болсақ, ол 2500 тг-ден 180 000 тг болады. Сондағы айырмашылық 60 000 тг.

Тағы да ізденіс жолында мән беретін жайт, наурыз айында сүт өніміне деген сұраныстың артуы. Себебі, ұлттық мерекеміз 22-ші наурызда дастарханға ақ тағамдары молынан қойылады.

Сонымен қатар, мерекелік күндері сүт өнімінен түсетін пайдасы орасан зор. Мысалға, 22-ші наурыз күні дастарханға қойылатын тағам түрлеріне құрт, қызыл ірімшік, ақ ірімшік, қаймақ, қатық, май, сүзбе т.б. жатада. Тіпті наурыз көжеге де сүт өнімінен алынған қатықты көптеп қосатындығына көз жеткіздік

Picture 1



2.3. Сүт өнімінің адам өміріне пайдасы.

Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.



Сүт — сусын ретінде де, тамақ ретінде де қолданылатын бірден-бір өнім. Ол Еуропаның көп бөлігінде мұнайдан да қымбат екен. 100 мл сүттің құрамында: 87 грамм су, 4.8 грамм қант, 0.1-3.8 грамм май, 3.4 грамм ақуыз, 120 милиграмм кальций, 12 милилитр магний, 3,3 мкг. йод, 32 мкг. А витамині, 0.18 мкг. В витамині және 0.4 мкг. В12 витамині бар.

Сүтті энергия беретін сусын ретінде де қолданады. Әсіресе спортшылар жарыс кезінде көп пайдаланады. Халықаралық сүт мейрамы 1 маусым күні атап өтіледі.Үнді халқы бала шыр етіп дүниеге келісімен-ақ, оған болашақта білгір, білімді болсын деген мақсатпен сиырдың сүтін ішкізеді. Бұл елде сиыр сүті—ана сүтімен пара-пар.


Сүт – басқа ешқандай азық- түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сондай- ақ сүт амин қышқылдарының, макро және микроэлементтерінің, витаминдерінің таптырмайтын көзі. Сүт және оның өнімдерінің құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальцийді, дәрумендерді (A, B2, B1, E, D, C), сондай-ақ көптеген басқа қоректік құндылықтарды жеткізеді.

Сүт өнімдерінің қоректік құндылығы. Сүт күнделікті емдәмнің айырбасталмайтын және аса құнды компоненті, ең жақсы және ең арзан кальций көзі болып табылады. Сондықтанда, қазақта «Айран сүйек өсірер» деген мақал бар. Кальций сүйек құрылымын қалыптастыруға және тістердің минералсыздануын болдырмауға қатысып қана қоймай, сонымен бірге жүректің дұрыс жұмысын (дұрыс ырғақты және қысқару күшін қамтамасыз етеді), қанның дұрыс ұюын, сондай-ақ бұлшық еттер мен жүйке жүйесінің жұмысын қамтамасыз етіп, көптеген физиологиялық үрдістердегі қажетті элемент болып табылады. Салауатты тамақтануға арналған сүт өнімдері Күніне кем дегенде 2 толық стакан сүтті немесе сонша айран немесе йогурты, сондай-ақ 1-2 тілім сырды қолдануға кеңес беріледі. Сүтті тек таңғы аста ішуге ғана емес, сонымен бірге оны шөлді қандыру үшін, күні бойы қолдануға болады.

















Қорытынды

Осы ғылыми жобамды жазу барысында сүт өнімінің шағын бизнесімен кеңірек таныстым.

Менің негізгі мақсатым сүт өнімінің шағын бизнесінің пайдасын білу, және де пайдасын біліп қана қоймай адам организіміне пайдасы зор екендігін ашып көрсету. Дүкен сөрелеріндегі химиялық жолмен жасалған өнімдерден көрі табиғи өнімді пайдалану керектігі кеңінен насихатталады.

Бұл тұрғыда зерттелген еңбегімде математика пәніне деген қызығушылығы артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, ізденуімнің арқасында сүт өнімінің шағын бизнесі туралы білімімді толықтырдым.

Бүгінгі жас ұрпақ менің ғылыми жобамды оқи отырып, табиғи өнімді көбірек пайдалануды біліп, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуді үйренуі тиіс. Ең бастысы сүт өнімі қалдықсыз өнім екенін ескерген жөн болар.

Сүт өнімінің шағын бизнесін насихаттау арқылы пайдаға да кенелуге болады.

Қазақтың барлық ерлігі де, жеңісі мен жемісі де осы сүт өнімдерін пайдалану арқылы дарыған деп білемін.

Осы жобамды қортындылайтын болсам, адам үшін маңызын жоғалтпаған, осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан сүт өнімі деп білемін. Осы ой менің ғылыми жобамды жазып шығуға үлкен мақсат болды. Сол мақсатқа жету үшін менің көп ізденуге тура келді. Шынымен де адам өзіне не керектігін білмесе, яғни ненің пайдалы ненің зиянды екенін білмесе, өз организіміне кесірі тиері анық. Сондықтан әр адам салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Салауатты өмір салтын ұстануға сүт өнімінің пайдасы өте зор.

«Ас адамның арқауы» демекші сүт өнімінің кеңінен пайдалану керек.












Пайдаланған әдебиеттер



  1. «Салауатты тамақтану орталығы» газеті 2001ж.

  2. Ғаламтор жазбасын пайдалану.

  3. «Ақ дастарқан» кітабы 1985ж.


































Пікір

Зерттеу жұмысының мақсаты: сүт өнімінің пайдасы біле отырып, сүт өнімінен түсетін пайдасына деген қызығушылығы.

Болатхан Айсұлудың ғылыми жобасының тақырыбы өте көлемді әрі қызықты. Жас шамасына, қабілетіне байланысты оқушы үшін қызықты болғанымен, жинақталған материалдарды үнемі зерделеп, қорытып, талқылап отырды. Үнемі жұмыс менің тарапымнан бағытталып отырды. Сүт өнімі туралы мәліметтер зерттелді. Оның тарихына шолу жасады, құрамы мен құнарын анықтады, әрі талдау жасап, кірісі мен шығысын, одан түсетін пайдасын есептеді. Жұмыс өте үлкен ұқыптылықпен, мұқият жасалды. Айсұлудың еңбегі оқушылардың да қызығушылықтарын туғызумен қатар, осы тақырыптағы зерттеу жұмысы шағын бизнес көзімен айналысқысы келетін адамдарға көмегін тигізеді деген пікірдемін. Болашақта Айсұлу халқына қалаулы, еліне елеулі, арманы мен мақсаты биік, өзгеге қол ұшын бере алатын, тың идеаларды жүзеге асыра алатын азаматша болып өседі деген сенімдемін. Ғылыми жұмысы жоғары бағаға лайық деп санаймын.


Ғылыми жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Исхан А.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 сәуір
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі