жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері 8 сынып
ҚР Кіші Ғылыми Академиясы Ақтөбе филиалы
XXI облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Секциясы:
Биология
Ғылыми жобаның тақырыбы:
Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері
Ғылыми жобаның авторы:
Ибрагимова Рахиля Ақтөбе қаласы,
№5 орта мектеп, 8 класс
Ғылыми жетекшісі:
Ақтөбе қаласы №5 ОМ биология пәнінің мұғалімі
Танбаева Жанзия Талғатқызы
Ақтөбе қаласы №5 орта мектебінің
9"А" класс оқушылары
Ибрагимова Рахиля
"Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері"
тақырыбына жазылған зерттеу жұмысына
Пікір
Ақтөбе қаласы № 5 жалпы білім беретін орта мектебінің 6"А" класс оқушылары Ибрагимова Рахиля "Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері" тақырыбына жазылған ғылыми жобасы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Жұмыстың мақсаты –дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін , сонымен бірге өсімдіктердің шипалығын кеңінен насихаттау.Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол.Өсімдіктердің емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан- жақты зерттелінуде.Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер арқылы жинақтаған. Ғылыми жоба мазмұны теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, қоғамдағы өмірге, адамзатқа пайдаланудың мәні барын айқын да аша біліп отыр. Оқушылар бұл жұмысында қазақстанда өсетін өсімдіктер туралы соның ішінде жергілікті жердің дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін жан- жақты талқыға салған. Емдік қасиеті бар өсімдіктерге тек қызығып қана қоймай, оның маңызына терең үңіліп қандай ауруларға ем екендігін ашып, нақты деректер негізінде зерттей білген. Оқушы бұл жұмыста көп ізденген, тың ойларды жеткізе білген.«Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері » атты ғылыми –ізденіс жұмысы биология саласына өз үлесін қосады деп сенім білдіремін. Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуі жалғастырылып, оның түрлері суреттермен, материалдармен толыға түсеріне сенімім мол.
Ғылыми жетекшісі: Биология пәнінің мұғалімі Танбаева Ж.Т
2
Аннотация
Тема научной работы автора- «Лекарственные растения нашего края ».
Цели работы- пропагандировать виды лекарственных растений и их биологические специфики.
Работа имеет огромного воспитательного роль в повседневной жизни ребенка.Ученик собирал материалы к работе из газет, журналов, сети интернета, вспомогательной литературы и научной статей.
Работа ученика в предстоящее время будет продолжена и дополнена материалами и фотографиями.
Преподаватель предмета биология: Танбаева Ж.Т
3
Аnnotation
The author of scientific work heading of «Allternative medicine in our Earth » how to be called. Theme author of medicinal plants their biological spegific by this point of plant to propagandize.Work thetutor sense today s daily tutor of the child will be possible to touch advantaged plentifully.
The theme contents education sense. She is scientific work in the literature from scientific, magazines from scientific and the internet from scientific,louse was going.
The author is material to a lesson top at of scientific work to usage as trust.
Forms coming times student s this research at the theme to proceed his kinds by figures by materials not sated is plentiful.
biology subject Teacher: Таnbaeva Zh.T
4
Мазмұны
1.Кіріспе.
Өсімдік жайлы не білеміз? ................................................................................................................................3-4
а) мақсаты :
б) міндеті:
в) күтілетін нәтиже
..................................................................................................................................5
2.Жұмыстың өзектілігі
..................................................................................................................................6
3.Зерттеудің әдістемесі
.................................................................................................................................7
4.Жергілікті дәрілік өсімдіктерге сипаттама
.............................................................................................................................8-10
5. Қорытынды
..............................................................................................................................20-21
6. Пайдаланылған әдебиеттер
.............................................................................................................................22
5
Жұмыс жоспары
Кіріспе.
Негізгі бөлім. Аналитикалық шолу.
2.1 Дәрілік өсімдіктердің тарихына жалпы шолу.
2.2 Алуан түрлілігі.
2.3 Пайдалану әдістері.
2.4 Тұрмыс жағдайында пайдаланылатын жергілікті дәрілік өсімдіктер
3. Қорытынды.
6
Кіріспе
Өсімдік –тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді.Сондықтан халық өсімдіктерді – басқа пана, жанға сая деп бағалаған.Қазақстан Республикасы территориясында 6000 –нан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 500 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады. Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай.Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі.Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр.Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек. Дәрілік өсімдіктер – қазіргі кезге дейін әр түрлі дәрілік препараттар алатын шикі заттың негізгі көзі болып табылады.Қазіргі кезде олардың 40%-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Жүрек –қан тамырларының ауруларын емдеуде , олар 80%-ға дейін, ал бауыр және асқазан –ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды.[12]. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Индия фармакологтары өз елінің флорасында өсімдіктің 800 –ге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу тәсілдері осы Индия, Қытай, Жапон елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру- сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі дәрмек түрлері өте көп.
Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінелік жұмыстар жүргізілге. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши- Чжень ХVI ғасырда , өзінің 27 жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған.Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан әрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.
7
Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған.
Батыс
және Оңтүстік Алтай жоталар жүйесі
кіретін Қазақстандық Алтай өзінің
бірегей алуан түрлі флорасымен, өсімдіктер
әлемі және өсімдіктер ресурсымен
ерекшеленеді. Қазақстандық Алтайдың
ормандары мен далаларында өсетін дәрілік
шөптерді жергілікті тұрғындар әр түрлі
ауруларға халық емі ретінде кең қолданады.
Бұл әрине түсінікті де. Алтайдың дәрілік
өсімдіктерінің көп бөлігінің терапиялық
құнды екендігін халық медицинасы ерте
заманнан-ақ мойындаған.
Мен
ғылыми зерттеу жұмысы барысында дәрілік
өсімдіктердің биологиялық
ерекшеліктерін , шипалық
қасиеттерін және оның химиялық құрамын
зерттедім.
Дайын
дәріні сатып алмай жергілікті жердің
өсімдігімен емдеуге болатынын үйрене
отырып, өз ауылымның байлығын ұқыпты
пайдалануға үйрендім. Ертедегі
египеттіктер алоэ, қараған, анис,
медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз,
тал, арша тәрізді өсімдіктердің шипалық
қасиетін ежелден біліп, пайдаланған.
Ғажап
сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның
аты шыққаны мәлім. Мұнан 4 мың жыл бұрын
үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктерді
халық емінде қолданғаны жөнінде деректер
бар.
Ал енді Қытайда дәрілік өсімдіктер
жөніндегі алғашқы кітап мұнан 5 мың жыл
бұрын жазылыпты.
Орта ғасыр ғалымы
Парацельстің ерте заманнан келе жатқан
ілімге сүйеніп айтқан тұжырымдамасы:
«Емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі
мен иісі аурудың сипатына сай келуге
тиіс». Яғни, сарғайып ауырғандарды сары
түсті өсімдікпен, бүйрегі ауыратындарды
жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен
емдеу қажет.
Қазақтардың қылшадан
дәрі жасауын басшылыққа алып П.С.
Моссагетов 1924 жылы Қазақстанда өсетін
қырықбуын қылшасының шипалық қасиетін
ашты.
Әрі
шипалы, әрі зиянсыз
Қазақстанның
оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп,
1800 шақырымға созылып жатқан аймағын
орманды даланың, жазықтардың, шөл және
шөлейт жерлердің алып жатқаны,
Республикамыздың батысында Каспий
теңізінің, шығысында Алтай жоталарының,
оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының
орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың
осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында
6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178
түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар,
12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер
мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.
Адамзат
тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің
маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ
ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп,
танып-біліп, оларға ат қойып,
жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа,
жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын
дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі
нәрселерді бояуға пайдаланған.
Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат
көркі, дәрілік шикізат, мал азығы,
тағамдық өнім.
8
Мақсаты:
Жергілікті дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктерді анықтап, өмірде қолдана білуге үйрену.
Міндеттері:
-
оқушыларды дәрілік өсімдіктердің
шипалық қасиеттері мен таныстыру;
-дәрілік
өсімдіктерді пайдалану ережелерін
сақтау ;
-
дәрілік өсімдіктердің түрлерін тереңдете
оқытумен қатар оларды жинау ісі, шикізат
дайындаудың әдіс – тәсілдері;
-
дәрілік өсімдіктерді танып білуге және
оларды емдеу үшін пайдалануға үйрету;
-
дәрілік өсімдіктерді үй жағдайында бау
– бақшаларда, жүйекте өсіруге баулу.
Күтілетін
нәтиже:
-
жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген
оң көзқарасын, мәдениетін білім беру
барысында қалыптастырады;
-
дәрілік өсімдіктердің қазіргі кездегі
күйі мен болашағы туралы түсінік;
-
оқушылар дәрілік өсімдіктерге бақылау
жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізуге қадамдар жасайды.
9
Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі
кезде өсімдіктерді халықтық және ғылыми
медицинада пайдаланудың кең көлемді
мәліметтер жинақталған. Дәрілік фитохимия
саласындағы алуан түрлі синтетикалық
дәрі-дәрмектер шығарудағы зор жетістіктерге
қарамастан, дәрілік өсімдіктер әлі де
өз маңыздылығын жойған жоқ және де
жоймақ емес. Себебі, көптеген ауру
түрлерін негізінен осы өсімдіктерден
жасалған дәрі-дәрмектер арқылы емдейді.
Бұл дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын
одан ары өсуінің бір себебі. Өсімдіктерден
алынған көптеген табиғи заттар
таптырмайтын және құнды топтарды құрайды
– жүрек гликозидтер, стероидтар,
сапониндер, яғни осыларды алу үшін
жалғыз шикізат түрі болып табылады.
Сонымен қоса, өсімдіктерден жасалған
дәрі-дәрмектер аз көлемде уыттылығымен
ерекшеленеді және көп жақты әсер
етеді.
Ғылыми
жұмыс барысында оқушылар дәрілік
өсімдіктердің түрлерімен, атаулары мен
ғана емес, сонымен қатар оларды емдік
шараларына өмірде қолдануымен танысады.
Өсімдіктер
әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі.
Өсімдіктер адам өмірімен және жануарлар
әлемімен де тығыз байланысты. Табиғатта
өсетін өсімдіктердің адамзатқа тигізетін
пайдасы зор. Олардың кейбіреуін тамаққа
пайдаланса, енді бір тобын әртүрлі
шаруашылықта пайдаланады. Өсімдіктер
адам өміріне қажетті ауаны оттегімен
байытады. Өсімдіктер қалалар мен
ауылдарды шаң - тозаңнан қорғайды. Яғни,
өсімдіктер адам көңіл - күйіне ерекше
әсер етеді. Бөлмеге жасыл өсімдік
өсірсеңіз, өзіңізді бөлмеде емес, ерекше
бір орында отырған сияқты сезінесіз.
Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып,
бойына күш береді. Қоғамдық орындарда,
бөлмелерде өсімдік өсірілсе, олардың
хош иісі мен сәнді реңі адамның жүйке
жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл -
күйін шаттандырады. Адам өсімдіктерді
сәндік үшінде өсіріп эстетикалық ләззат
алады. Өсімдіктер айналадағы шуды да
бәсеңдетеді. Ал шудың адамның жүйке
жүйесіне жағымсыз әсер етіп, қан қысымын
көтеретіні белгілі. Ағаштар жол жиегіне
неғұрлым жиірек орналасса, соғұрлым
дыбысты жақсы басады. Сонымен
қатар әрине, зерттеу кезінде оқушының
танымдық қабілеті дамиды. Салауатты
өмір сүру үшін табиғи өсімдіктерді
қолданған жөн.Себебі: кейбір ауруларды
емдеу кезінде химиялық дәрілер (
таблеткалар) кері әсерін тигізеді және
қазіргі кезде дәрілер өте қымбат. Егерде
адамдар шөп қайнатпаларын дайындап,
қолданса жанға шипа, дертке дауа болары
сөзсіз.
10
Дәрілік өсімдіктерге сипаттама
Бақбақ.(Taraxacum) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік Бақбағы (T. offіcіnale), көксағызБақбағы (T. koksagnuz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жолжиегінде, тау бөктерлерінде өседі.
Емдік қасиеті
Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөніс- тердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, аш- қылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын, іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.
Итмұрын- көп сабақты, тікенді кішілеу бұта, жемісі қызыл, дәндерін тікенді түк басқан. Еліміздің барлық жерлерінде , соның ішінде Қазақстанда да тараған. Тоғайлы жерлердің ашық алаңдарында, бұталар арасында өседі. Дәрілікке
жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланады. Жемісінде С, А, В, К, Р витаминдері , ал дәнінде Е витамині бар. Медицинада негізінде асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына айдалануға болады
Мыңжапырақ- көпжылдық шөп өсімдігі.Қазақстанның тоғайлық, шабындық жерлерінде, ағаштар арасында , жол бойында өседі.
11
Дәрілікке гүлі, жапырағы пайдаланады. Мыңжапырақ жапырағында алколоидтар, эфир майы, С витамині ,органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады.Осы шөптен жасалған тұңба қан аққанды тоқтатуға , асқазан ауруларын ,әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады.
Түймедақ - Түймедақ гүлімен қабынуға қарсы, антисептиктік қасиеттердің жиын- тығын кездестіруге болады. Оның алғашқы гүлдеген кезі пайдалы, осы кезеңде емдік қасиеті де күшті болады. Түймедақ өттің айдалуына, тәбеттің ашылуына ықпал етіп, аллергиялық компоненттерінің арқасында аллергияға қарсы қолдануға болады. Оны өт жолдарына тас байлану, әйелдердің жыныстық аурулары, тік ішек, асқазан жарасы ауруларына пайдаланса, емі нәтижелі болады .
Меңдуана- дәрілікке меңдуананың дәні мен жапырағы пайдаланады. Оның құрамында алкалоидтар болады.Бұдан жасалған дәрілер демікпе, көз, тіс ауырғанда қолданады.Демікпеге шалдыққанда ішетін астматолла ұнтағының құрамына кіреді.Меңдуананың улы қасиеті күшті, сондықтан алдын ала дәрігердің кеңесін алған жөн. Негізінде меңдуананың дәріханаларда сататын майын пайдаланған дұрыс. Құрамында орталық жүйке жүйесін тітіркендіретін алкалоидтары болғандықтан, ол көз қарашығын үлкейтіп жібереді, сондықтан көзге операция жасау кезінде өте қажет.
Долана- раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Әлемде долананың 39 түрі бар. Ал елімізде оның 7 түрі өседі. Соның ішінде көбірек тарағаны – алқызыл долана. Жалпы долана ағашының биіктігі 2-7 метр. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.
Итошаған (череда)- (Bіdens) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады.
12
Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді.
Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Мұның шөбінде каротин, аскорбин қышқылы, эфир майы, илік заттары бар. Шырының әр түрлі ауруларға – экземаға , дизентерияға, буын ауырғанда, қан азайғанда , диатезді емдеуге қолданады.
Жолжелкен- оның
құрамында әр түрлі витамин, белок, май,
қышқылдар мен тұздар мол болғандықтан,
одан жасалынған дәріні көптеген ауру
түрлеріне қолданады.Мәселен ол адамның
тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді
молайтып, түрлі жүйке ауруларын
тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының
қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс
жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне,
созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек,
несеп жолдарының қабынуы тәрізді
сырқаттарға қолданылады. Тамырының
қайнатпасын іштен қан өткенде, өқан
қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан
тоқтамағанда танау ішіне құяды. Ал
тұқымның қайнатпасын қант диабетіне,
дизентерия және іш өткенге ішеді.
Ертеде
қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп
ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанды
тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған
қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда
беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып
кетірген. Жарақаттанған малдарында
осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері
илеуге пайдаланған.
Түйе жапырақ (Ошаған) Лопух, репейник- Ошаған өсімдігі көпке мәлім.
Ошағанның тамыры емдік мақсатта қолдануға күз айларының аяғына қарай жиналады. Бір жылдық өскіндердің ғана тамырларын жинау керек. Жинау кезінде тек топырағынан ғана сілку арқылы тазартылады яғни жумау керек. Кебіңкіреген топырақ қалдықтарын сол алғашқы күні ақ щетка мен тазаланады.Ошаған тамырының тұнбалары мен қайнатпалары гастриттерді, асқазан мен ұлтабар жараларын, іріңдерді, сыздауықтарды емдеуге қолданылады. Қан құрамын жақсартуға үлкен көмегі бар.Қуық және жыныс мүшелерінде болатын түрлі кеселдерге ошаған қайнатпасының пайдасы бар. Сондай ақ подаграны, ревматизмді, геморройды, жиі іш қатқан жағдайларда және қант диабетін емдеуге қолданылады.
Адыраспан - халық медицинасында қолданылып жүрген шипалы өсімдік, әрі киелі өсімдіктердің бірі. Адыраспанның кездесетін орны - сортаң топырақты шөлейтті жерлер. Адыраспан менің туған жерімнің барлық барлық жерінде кездеседі.
13
Мысалы: аулада, ауыл ішінде, ауыл сыртында, үй айналасында кездеседі. Адыраспан – түйетабандар тұқымдасынан тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Бозғылт сары түсті, гүлдері жеке - жеке өседі, жемісі қоңыр түсті. Биіктігі 30 - 60см шамасында, иісі өте жағымсыз.
Адыраспанның жерге төселе жататын сабағының бір шетінен бір шетіне тілімденген жапырақ шоқтала кезектесіп орналасқан. Ақын С. Кеттебайұлының «Дала дәріханасы»деген өлеңінде дәрілік өсімдік адыраспанның биологиялық ерекшелігі, морфологиялық құрылысы өте жақсы сипатталған:
«Тақырға өсер тарбиып,
Тұрар түрі арбыйып.
Салалы әр бұтағы,
Бойына ащы нәр жиып.
Біле білсең тұрағы,
Көшкен жұртқа шығады.
Жаз бойы өңін өзгертпей,
Сарғайып қана тұрады.
Қандай ауру болса да,
Жұғымы оның соншама.
Күз келіп ол піскенде
Алуды жинап жөн сана».
Адыраспанның гүлдеу мерзімі маусым, шілде айлары, ал жинау мерзімі тамыз, қыркүйек айлары.
Гүлінің 5 тостағаншасы, 5 күлте жапырақшасы, 15 - 16
аталығы, 1 аналығы бар. Жемісі қоңыр түсті. Ірі ұрығы бар. Диаметрі 1см - дей шар тәрізді қауашақ. Мамыр - маусым айында гүлдейді. Шілде - тамыз айында жеміс береді.
14
Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Кезінде Әбу - Әли Ибн - Сина оны сегізкөз жүйкесінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған. Халық медицинасында адыраспан шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және бел ауруы, бас ауруы, асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған.
Адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері пайдаланып келеміз. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Адыраспан - киелі өсімдік, сондықтан қазақ халқы онымен бәле - жаладан сақтайды деп үй ішін аластаған. Тіл - көз өтуіне қарсы ошақ басын түтінімен айналдыра аластап, үй ішіне іліп қоятын болған. Бұл дәстүр осы уақытта да сақталған.
Қазақ халқы ертеде адыраспанды жинар алдында иіліп сәлем етіп барып терген. Адыраспаннан аттауға, үстінен басуға болмайды. Орта Азияда адыраспан ертеден - ақ белгілі болған. Адыраспанды Ирак халқы «уарау аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз. Адыраспанның тұқымынан қызыл түске бояйтын, әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Түркияда ертеде адыраспаннан әдемі қызыл бояу алып, сонымен ұлт киімі - фесканы бояп келген. Қазақ халқы адыраспанның тұқымымен қойдың, түйенің жүнін бояған. Сонымен, өсімдікте медициналық препараттардың сарқылмас көзі.
Жараға шипа болар - итсигек
Біздің өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктердің бірі - итсигек. Итсигек - алабота тұқымдасына жататын көпжылдық бұта. Итсигек түбінен бұтақтана өседі, биіктігі 75см, тамырының ұзындығы 6м. Құрғақшылыққа төзімді болғандықтан шөл, шөлейт, тақыр жерлерде өседі. Итсигектің жапырағы өте ұсақ, үшбұрышты, қарама - қарсы орналасады, ұзындығы 2 - 3 мм. Оның гүлдері қосжынысты, өте ұсақ, сарғыш немесе қызғылт, гүлшоғыры бұтағының ұшында масақ тәрізді орналасады. Аналығы - 1. Аталықтары - 5. Жемісі - қауашақ, ішінде пішіні қошқармүіз тәрізді тұқымы болады. Итсигектің бұтақтары жапырақсыз, бунақталған жұмыр шырынды болып келеді. Иран, Түркия, Сирия, Монғолияда, ал бізде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Талдықорған, Алматы облыстарында кең таралған. Итсигек - улы өсімдік, сондықтан емдік қасиеті мол. Оның тұнбасын денедегі қышыма қотырды, малдың тері ауруларын емдеу үшін қолданады. Ертеде бабаларымыз итсигекті қайнатып ішкен және шұбатқа қосып ішкен. Итсигекте алкалоидпен қатар көптеген қымыздық қышқылы, ақуыз және крахмал болады.Қазақстанда итсигектің жасыл сабағынан анабазин өндіріледі.
15
Итсигек улы болғандықтан, оны жинағанда бастырғанда да қатты сақтанып, ауыз - мұрынды орамалмен жауып, қолғап кию керек, қолды жиі жуу керек. Итсигекке жасалған химиялық тексеру оның қоректік құндылығы жоғары екенін көрсетті. Ертеде адамдар итсигектің түбіндегі тамырын қайнатып ішіп, денедегі жараларды емдеу үшін итсигек қайнатылған сумен шомылған. Итсигек жаз айында және күз айында гүлдейді. Сонымен қатар туған өлкеміз Құландының барлық жерінде өседі: үй маңында көшеде, шалғындарда, жайылымдарда.
Қара андыз: Бұл — жабайы өсiмдiктiң бiр түрi.Шығыс Қазақстан-да өседi. Бронхит және т.б. тыныс жолдары аурулары-мен ауырғанда қақырық түтсiру үшiн тамыры мен тамыр сабағын қайнатып iшедi. Эфир майынан жасалған препораттар антисеп-тикалық дәрi, қабынғанға және iш құрттарына қарсы дәрi ретiнде қолданылады. Андыз(Іnula)– күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады. Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады.
Шырғанақ - жабайы өсiмдiк. Қазақстан-да өседi. Жемiсiнiң майын күйiкке, ойылған жараға, жатыр мойынының эрозиясына қолданылады, сондай-ақ iшкi жара ауруларына қолданылады
Итошаған- Итошаған-күрделі гүлділер тұқымдас, қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары түсті, топталып өседі. Жемісі-ұзынша дән. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, өзен аңғарларында өседі. Химиялық құрамы. Итошаған шөбінің құрамында илік заттар, шырыш, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен С дәрумені бар. Қолданылуы. Емдік мақсатқа өсімдік шөбін, жапырақтары мен тамырын пайдаланады.
16
Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын күзде жинайды. Итошаған халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері аурулары кезінде зат алмасуын қалыпқа келтіреді, тер мен несептің бөлінуін арттырады, қан кетуді тоқатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Шөбінен жасалған қайнатындынытәбет ашып, ас қорытуды жақсарту үшін, суық тигенде, жөтелгенде, бауыр ауырғанда, құяңға шалдыққанда ішеді. Итошаған тамырының қайнатындысымен Орта Азияда бүйі шаққан адамды емдейді. Ал ұсақталған жапырағын жылан шаққан жерге басады. Ғылыми медицина итошағанды балалар ауруына, атап айтқанда, әр түрлі диатездер кезінде қолдануды ұсынады. Ол үшін 2 ас қасық итошаған шөбін жарты литр суға салып, жылы жерге 12 сағат тұндырады, сонан соң жарты стақаннан 3 рет ішеді.
Қайың- Қазақстанның Тобыл – Есіл, Ертіс бойында, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Жем, Зайсан алабында, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өсетін 15 түрі бар. Ең көп тараған түрі – сүйелді Қайың (B. pendula). Оның биікт. 20 (кейде 30) м-дей.Сүйелді Қайыңды егіс қорғайтын орман алқабы үшін және елді мекендерді көгалдандыру, әсемдік үшін саябақтарда көшеттерінен немесе тұқымынан қолдан өсіреді. Сүрегі құрылыста және жиһаз жасау үшін, жас жапырағы мен бүрі және оның діңінде өсетін қайың қара саңырауқұлағы (чага) медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Қайың қабығын тіліп, одан ағатын шырынды ішуге болады. Қайың шырынында 20%-дай қант, кальций оксиді және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Қазақстанда өсетін жуансырға Қайың (B. crassіjulіs), қызыл Қайың (B. kіrghіsorum), талас Қайыңы (B. talassіca) және Ярмоленко Қайңы (B. jarmolenkoana) – эндемиктер, соңғы 3 түрі өте сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Жуа(Allіum) – көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шарда 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл түсті. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. жуа мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер есебінде мәдени түрде өсіріледі және арамшөп түрлері де кездеседі.
17
Жусан- (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады.
Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.
Жалбыз (Mentha) — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар. Оның бұйра Жалбыз (Menthacrіspa), бұрыш Жалбыз (Mentha pіperіta) және дөңгелек жапырақты Жалбыз (Mentha rotundіfolіa) түрлері қолдан өсіріледі. Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs). Оның биікт. 15 — 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым — тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы — көп түйірлі жаңғақша. Жалбыздың жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.
18
Мия
Жабайы
өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан
жасалган дәрiлер қақырық түсiруге және
iштi жүргiзуге, қабынғанға және түйнегенде
басуға қолданылады. Глицерром препараты
бронхиальдi астма, бүйрекүстi бездерiнiң
қызметi төмендегенде, экзема жене
аллергиялық дерматит т.б. ауруларға
қарсы колданылады. Ликвиритон препараты
несеп айдайтын дәрi ретiнде қолданылады.
Халықтық медицинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.
Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің жанын-дағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан жараланған киік деседі.
Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сау-да керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.
19
Қорытынды
Өсімдіктер Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеміздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысып және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтау қажет. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады. Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет.
Біздің Қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп еді. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына барсаң да, көз жеткізе аласың. Найман руынан шыққан Ырғызбай Досқанұлын көпшілік жақсы біледі. Ол кісі кезінде дана Абайдың әкесі - Құнанбайды дертінен құлантаза айықтырған екен. Осындай асыл азаматтардың жолын жалғаған адамдар да болды. Өкініштісі, қазіргі күні олардың қатары өте азайып барады. Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған.
20
Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар. Қазақ емшілерінің ауру-сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің ауданымыз маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, жатқызуға болады.
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ляззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруерт гүл, шегіргүл, гүл шетен) олардың денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ ата заманнан «өмір нәрі» аталған, ал қалақай – витаминдер қоймасы саналады. Өсімдіктерді отап тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек. Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі.
Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шайыры және тұқымынан дәрі-дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру қажет
Өсімдіктер Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.
21
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Өсімдік- жанға шипа, дерке дауа »М.Оспанова, Ж.Лұқпанов «Қайнар» баспасы, Алматы-1992
2.Жоғары
сатыдағы өсімдіктер систематикасы»Ә.Ә.
Әметов, П.М. Мырзақұлов
3
. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж
4.
«Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік
өсімдіктер» М.Қажымұратов «Қайнар »
баспасы, Алматы -1975ж
5. «Жасыл аптека» Л.К.Сафина, Е.П.Петров «Қайнар » баспасы, Алматы-1992
6.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
7.Интернет материалдары
.
22

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген