жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба: ЖОҚТАН БАР БИЗНЕС: ҚОҚЫС АРҚЫЛЫ АҚША ТАБУ ЖОЛЫ
ЖОҚТАН БАР БИЗНЕС: ҚОҚЫС АРҚЫЛЫ АҚША ТАБУ ЖОЛЫ
Авторлары: Ернуркызы Альмира, Сарсенбаева Ажар,
10- сынып оқушылары
Ғылыми жетекшісі: Бужиева Г.К. тарих және география
пәндерінің мұғалімі
«№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins» - тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».
Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
Қазіргі
уақытта туған өлкенің экологиясы мені
қатты аландатып отыр. Соған орай
экологиялық проблема ғаламдық проблемаға
айналды. Қазіргі уақытта қоқыс зерттеуіне
көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды
зерттейтін сала - Гарбология деп аталады.
Гарбология
ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс»
деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы
Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан
бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл
ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе
қайта өңдемей, бір жерге төге берсе
Европадағы ең биік шың - Эльбрустей тау
пайда болады. Қоқыстың түрлері екіге
бөлінеді:
Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Біздің қаламыздың экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі,аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Семей қаласында тұратын халық саны соңғы 01/01/2019 жылда 324, 6 мың адамнан құралды. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса, сол адам саны 1 күнде 389520 кг, сонда 1 айда 11 685 600 кг, жылына 140 227 200 кг қоқыс, қоқыс полигонына апарылады екен. Қатты тұрмыстық қалдықтардың көмілу сызбасы картада көрсетілгендей, Семей қаласында ҚТҚ төгілетін жер Компоселоктың шетінде орналасқан.
Әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. Егер қаланың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр.
Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ өзін - өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң - қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық
шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.
Осыған орай Семей қаласында басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолданылып, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануына, судың ластануын үнемдейді екенбіз. Семей қаласында қоқыстың көбі: 35% қағаз, кардон, 15% полимер, 5% резенке, тері, 10% текстиль болып табылады.
Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз. Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.
Қазақстандықтардың инновациялық идеясы, өндіріске енгізер жаңа жобасы жоқ па? Бар. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, әлем елдерінің бас ауруына айналған қоқыс мәселесін шешкен дамыған елдердің бірі – Швеция. Ол ол ма, бұл елде қоқыс тапшылығы орын алуда. Әлем миллиондаған тонна қоқыстан құтыла алмай отырғанда аталған ел қоқыстан энергия алады.
Бұл
елде қоқыс өңдейтін 32 зауыт бар екен.
Қоқыстан алынған энергиямен елді жылумен
және электр энергиясымен қамтамасыз
етіп отыр. Нақтырақ айтқанда, 810 мың үйді
жылумен, 250 мың үйді электр энергиясымен
қамтамасыз етіп отыр. Қоқыстың жартысы
екінші мәрте өңдеуге жіберіледі, қоқыс
өңдейтін зауыттар жұмыс істеуі үшін
осыдан бірер жыл бұрын шикізат тапшылығын
тартқаны бар. Содан болар, өзге елдерден
қоқыс сатып алуға, яғни, тасымалдауға
көшкен болатын. Мәселен, 2014 жылы сырттан
800 тонна қоқыс әкелінген екен. Өрткелген
қоқыстың күлі қоршаған орта мен экологияға
тигізер зияны аз деп есептеледі. Алайда,
шведтер қоқыстың барлығын өртеуден
пайда болатын 15 пайыз күлдің (қоқыстың
бастапқы салмағына шаққанда) өзін кәдеге
жаратады. Дәлірегі, күлдің өзі сұрыптап,
қайта өңдеуге жөнелтеді.
Алынған
қалдықты жол құрылысына пайдаланады.
Сонда қоыстан бар болғаны 1 пайыз ғана
қалдық қалады екен. Қоқысты жағудан
пайда болатын түтіннің 99,9 пайызы улы
емес, оны құрғақ сүзгі мен судан өткізіп
алады. Сүзгідегі шлакты қаңырап қалған
шахталарды толтыруға пайдаланады. Сол
себепті, әлем бойынша Швеция экологиясы
ең таза ел атанып отыр. Осыдан 20-30 жыл
бұрын тұрмыстық қалдықтар мен қоршаған
ортаның ластануы дамыған елдерді одан
құтылудың жолын іздеуге итермелеген
еді. Нәтижесі осындай.
Қорытынды: Бізде осы Швеция мемлекетінің жұмысына қарап өзіміздің қаламыздың қоқыс мәселелін шешуімізге талпынуымыз керек.
Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 27 жылдан астам ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадамдармен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету - біздің парымыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген