жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба "Жусан"
Мазмұны
2.1. Жусан өсімдігі туралы не білеміз? 6
2.2 Жусан өсімдігінің пайдалы қасиеттері 8
2.3.Жусан өсімдігінің емдік қасиеттерін анықтау 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 16
Зерттеу – тәжірибе барысында 23
Дәйектеме
Бұл ғылыми жобада қазақ халқының ерекше ықыласына бөленген жусан өсімдігі туралы сипатталған.
Жусанның маңызды қасиеттері, жұпар иісі туралы, оның қасиетті өсімдік екендігі айтылған. Медицинада шөптердің емдік қасиеттері кеңінен пайдаланылуда. Зерттеу жұмысында жусанның көп түрлерінің емдік қасиеті бар екендігі анықталып, дәрі-дәрмек жасау ісінде алатын рөлі туралы айтылады. Жусан – құнарлы мал азығы, тағамдық, эфир майлы өсімдік екені айтылған.
Аннотация
Этот исследовательский проект посвящен культовому растению казахского народа «полыни».Тут описываются полезные качества, лечебные свойства этого растения.Оно широко применяется в медицине.Полынь – очень ценное лекарственное растение, полезный корм для домашних животных. Растение, богатое эфирными маслами.
Annotation
This research project is devoted to the cult of the Kazakh people. This plant is called as«Artemisia».It has important properties,its sacred plant speaks foritself. Artemisia is very valuable medicinal plant.Also it can be healthy food for pets.Extract sageand many others play a role in medicine development.
І. Кіріспе
«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады» (халық даналығы).Қазақ жері өз қойнауында талай тарих сырларын бүгіп жатқаны анық. әлі де зерттелмеген жерлер мен өсімдіктер қаншама?...
“Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу өзің тұрған өлкеңнің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады... Өңір тану – Отан танудың әліппесі”- деп Елбасымыз өз Жолдауында көрсеткендей, өз туған өлкеміздің жер - су атауларын, өсімдіктерін, олардың қалыптасу негіздерін, тарихын білу – біз үшін парыз.
Қазақстан
жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды
далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне,
осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі
өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын,
адамзат баласы өсімдік өнімдерінің
тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық
жағынан да көңіл бөлген.
Адам
баласы ақылы мен еңбегінің арқасында
жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20
мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан
өсіріп шығарды.
Сөйтіп
қазіргі кезде олар адамның игілігіне
айналады.
Ерте
заманнан - ақ ата - бабаларымыз дәрілік
өсімдіктерді тани біліп, оның емдік
қасиеттерін және тиімді пайдалану
жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.Қазақ
емшілерінің қолданатын дәрілерінің
басым көпшілігі - өсімдіктер. Сондықтан
оларды емдік қуаты ең күшті болатын
мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі -
дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктер
жиналып алынғаннан кейін, жас күйінде
пайдалану және кептіріп, жақсы сақтай
білу оның емдік қасиеті мен сапасының
жоғалмауының басты кепілі болып
табылады.Мұндай өсімдіктердің дәріге
бірден пайдаланылмайтын бөліктерін
топырақтан арылтқаннан кейін, әрқайсысының
ерекшелігіне қарай күнде кептіру,
самалдатып кептіру әдістері қолданылады.
Осындай
ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала
келіп, адам баласына орасан зор пайдасын
тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе
ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік
өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік
өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар
мен ерітінділердің химиялық жолмен
жасалған дәрі- дәрмектерден анағұрлым
тиімді болады.
Кейінгі
жылдары медицинада шөптердің емдік
қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға
ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде
шөппен емдеу - фитотерапияны үй жағдайында
кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті.
Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік
өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер
сарқылмайтын қазына емес, сондықтан
оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің
өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын
дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр»
деген халық даналығы бекер айтылмаған.
Дәрі - дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің
алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден
мәлім.Осындай дәрілік мақсатта
қолданылатын өсімдіктердің бірі жусан
өсімдігіне тоқталайық.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Осы жоба арқылы Қазақстанда кездесетін өсімдіктерді соның ішінде емдік қасиеттері бар жусанды зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.Жусанның қасиетті шөп екенін , дәрілік ,емдік қасиетінің бар екенін көпшілікке танытуды көздедім.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Жусанның дәрілік қасиетін, оның биологиялық ерекшелігін, экологиялық маңыздылығын және тіршілік процесіндегі түрлері мен өсімдіктің шипалығын зерттеу. Маңыздылығын қарастыру арқылы жусан өсімдігін халыққа танытып,өскелең ұрпаққа насихаттау.
Мақсатты орындау кезінде алдағы міндеттерді шешуіміз керек:
- Жусанның табиғатта алуандылығы, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі,
емдік, дәрілік қасиеті жайлы мағлұмат жинау.
Өсімдіктерге арналған энциклопедияларға көз жүгірту, мәлімет жинақтау;
Жусанның басқа өсімдіктерден немен ерекшеленетінін анықтау
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Жусаннан бөлінетін шырын ащы екендігі, оның хош иістіекендігі біздің зерттеуімізге дейін де бәрімізге мәлім болатын. Бірақ біздің зерттеуіміз тың жаңалық ашпасада жусанның дәрілік шипалығын, адамдарүшін маңыздылығын ұқтырып, ешкім білмеген, ешкім естімеген жаңа ойлар мен біз мен сіз үшін маңызды ақпарат айттық деген ойдамыз
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері: Қала маңында немесе ауыл маңында өсетін жусанмен танысып, мәліметтерді жинақтап, тәжірибе жүргізу.
- ақпарат жинақтау
- салыстыру
- әңгімелесу
- пікірлесу
- қорытынды жасау
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Теориялық кезең: Бұл кезеңде 2019-2020оқу жылында зерттеу жұмысының тақырыбын анықтап,тақырыпқа байланысты әдеби кітаптар мен ғылыми пікірлер,оқулықтар мен танысу,оларды жинақтау.
Ізденіс кезең : 2019-2020 оқу жылының басында зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жинақталған ойды тұжырымдау,бір жүйеге келтіру.
Қорытынды кезең: 2019-2020 оқу жылында зерттеудің жекелеген кезеңдері анықталып,зерттеулер жүйеленеді.Барлық жұмыстарды қорытындылау.
II. Зерттеу бөлімі
2.1. Жусан өсімдігі туралы не білеміз?
Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегіне жататын, көбіне шала бұталы өсімдік. Дүниежүзінде жусанның 500-ден аса түрі кездеседі. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіпорналасқан, қауырсынтәрізді, шетітілімденген, кейдебүтінжиекті болады. Ұсақ гүлдері ақшыл ,сарытүсті, себеттерікөп, әбденпіскенкездешашыраңқыиіліпкелгенсыпыртқыгүлшоғырынқұрайды. Шілдеденқыркүйеккедейінгүлдейді. Жемісі – тұқымша.
Жусанның маңызды қасиеттері туралы мына жыр шумақтарында толық сипатталған.
Жусан деп ел атаған, Шөлге берік өскелең.
Шөп ол бойы жатаған. Дәрі – түбір бұтағы,
Дауылға, желге көшпеген, Жусан – қырдың жұпары.
(Бағдат Айтмұқаева)
Жусан! Осы қасиетті сөзде жүрегімізге жылылық сағыныш сезімін ұялатып, жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке көтеретін, даламыздың дархандығы мен қадір қасиетін санамызға сіңіретін ерекше құдірет бар десеңізші!...
Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған.
Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге бөленеді.Төмендегі жыр шумақтарында ақын туған жерге деген сағынышын жусан иісіне деген сағыныш арқылы білдірген.
Қаптап қырда шығатын,
Иісі мұрын жаратын,
Көп шөп демей,жусанды
Біліп ал, шын атын...
(І. Шұғаев)
Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік. Алыс сапарға аттанғанда жусанды өзімен алып жүріп, туған жерге деген сағынышын басады, яғни «Отан» деген ұғыммен пара-пар мағынада айтылады. Ертеде бір батыр жігіт өз елін тастап жатжұртқа кетіп қалған екен. Оны елге қайтару үшін қаншама рет барған елшілердің сөзіне құлақ аспапты. Сонда бір тапқыр данышпан елде өскен кепкен жусанның бір бумасын апарып иіскеткенде елге деген ерекше сезімі оянып, көзінен жасы тамшылап, жедел туған еліне оралған екен деген аңыз да ақиқатты аңғартса керек.
Тұнып тұр ғой түз деген, Сондықтан да біз деген
Жусан болып мың аңыз.. Жусан аңқып тұрамыз..
(Темірхан Медетбек)
Асқан батырлығымен Мысырды билеген Бейбарыс бабамыз туған елден жусан мен жусан иісі бұрқыраған қымызды алдырып ішкен деген тарихи деректер де сақталған.
Мал қоректенетін өсімдіктердің құнарлысы мен нәрлісін халқымыз «от» деп атайды. Мысалы, киік оты т.б. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме»,- деген халық нақылы соның бұлтартпас айғағы деп атап айтуға болады. Халық ұғымында «қара от» - «жусанды жер» деген мағынаны білдіріп, ондай жер түйе мен қой үшін өте пайдалы өңір деп есептелінсе, «боз от» - бетегелі, қауданды, қияқты, бидайық өскен жерлерге айтылады. Мұндай жерлер жылқы түлігі үшін өте құнарлы азық болады деп тұжырым жасаған.
«Изен, жусан болмаса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік болмаса, көпте береке болмайды» деген Ескелді би бабамыздың даналық сөздері осының айғағы іспеттес. Жусан туралы халық арасында «Егерде оның бір уысын отқа тастаса адамның бар қайғысы отқа көшеді. Егерде жусанды үйдің кіреберісіне дорбаға салып іліп қойсаңыз, үйдегі керек емес лас энергияны қуып шығады»деген сенімдер болған. Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі.
Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясында «Шөп атаулыдан да қой оты — мың жусан мен ұсақ, тырбықай бетеге болмаса, өнге бойшаң, тамыры босаң шөптерді жұлып ұшырып әкететін әдеті бар. Тегінде Шыңғыстаудың асыл шөбі - мың жусан. Бұл қойдың ырысы», - деп бекер жазбаса керек. Көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» деген әңгімесі де жусанның аңқыған жұпар иісінің қасиетіне арналған. Жусан иісі - баланың майдандағы әкесінің тері күртесінің иісі. Жусан иісі туған даласының иісі.
Ал, аты әйгілі түріктанушы, тарихшы әрі жазушы Мұрат Ескендірұлы Әджидің «Жусанды қыпшақ даласы» атты өте құнды тарихи еңбегінде жусан жайында жазылған тұстары жусанның қадір қасиетін білетін кез келген адамды бей-жай қалдыра алмайды.
2.2 Жусан өсімдігінің пайдалы қасиеттері
Қазақстанда өсетін жусанның 17 түрі сирек кездеседі және олардың кей түрлері тек біздің еліміздің аумағында өсетін эндемик түрлерге жатады. Мысалы: Қазақстанның оңтүстік аймағында ғана өсетін дәрмене деп аталатын жусанның шипалық қасиеті өте зор. Шырғалжын жусанының жапырағы мен сабағын тағам ретінде пайдалануға болады. Шырғалжынжусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады.
Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілінің орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді.
Ертеректе
Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға
сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын
ішкізетін болған.
Жусан тұнбасын
дайындау үшін бір шай қасық үгітілген
жусан жапырағын бір стакан қайнаған
ыстық суға салады. Оны жарты сағаттан
соң ішуге болады. Тамақтанбас алдында
жарты сағат бұрын бір ас қасықтан күніне
үш мезгіл ішеді. Осылайша екі апта
пайдаланған соң тоқтату қажет.
Жусан
бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені
тыныштандырады. Тіпті, моншаға түсерде
жусан жапырақтарын пайдалануға
болады. Ауыз шаюға керекті тұнбаны
бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған
суға бұқтырып дайындайды.
Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті артырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды.
Жусанның улы түрлері де бар. Улы түрі «Таврий» жусаны,оны мал жемейді Ащы жусан, қара жусан, боз жусан (дәрмене),тықыр жусан т.б. жусан түрлері құнарлы мал азығы болып саналады.Тамыржусан мен дәрмене жусаны қолдан өсіріледі.
Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның біртүрі - тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесіндекөрнекті ғалым ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серғазы Әдекеновтың басшылығымен ғалымдар Арглабин деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде - АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда. Осындай әлемдік аса маңызды ғылыми жаңалығы үшін Серғазы Әдекенов бастаған бір топ ғалымдарға 2007 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Қарағанды қаласында президент Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин» дәрісін шығаратын зауыт салынды. Жусаннан қатерлі ісікке қарсы дәрі жасайтын фармацевтикалық кәсіпорын құрылысына инвесторлардан және Қарағанды облысының бюджетінен 93 миллион теңге бөлінген.Сондай-ақ, зауыт құрылысына Ресей банктері қаражат беруге
келісті. Оның сыртында, Германияның «Лурги» атты компаниясы осы дәрінің Еуропада сынақтан өткізілуін өз мойнына алды. Қазақстанда өсетін 1000 түрлі жусанның тек біреуінен ғана осындай дәрі жасауға болатындығын мамандар анықтаған. 1997 жылы «Арглабин» препаратының жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» әр ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Ал дәрігерлер болса, «Арглабин» қатерлі ісіктің барлық түрлерін емдей бермейді, есесіне ол әлгі аурудың бірнеше түріне шипалы дегенді айтады.
Қарағанды
облысының онкологиялық орталығының
дәрігері Мұратбек Жұмақаевтың айтуынша,
«Арглабинді» жалғыз емес, басқа ем
түрлерімен бірге қолданған абзал. « Ол
адамның иммунитетін көтеретіні зертханада
анықталған. Сәуленің адам ағзасына
ықпалын азайтады, ал ісікке әсерін
көбейтеді. Өз күшімен жазып шыққан
бір-екеу ғана. Көбінесе ісікті кішірейтеді.
Әсіресе, бауыр, қуық, төс ісіктеріне
әсері бар.Қатерлі ісікті сәулемен емдеу
барысында «Арглабин» қолданылса,
науқастардың емделуі 95 пайызға
көтеріледі»- дейді жергілікті онколог
дәрігерлер.
Ресми ақпарат бойынша,
Қазақстанда «Арглабин» денсаулық сақтау
министрлігінің өмірлік маңызы бар
дәрілердің тізіміне енгізілген. Бүгінде
Арглабин» дәрісі 11 елдің патентімен
қорғалып отыр.
Қара жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сондай-ақ оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Демікпеге шалдыққан адамға қара жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді
Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда сол шөптің қайнатындысынан ванна жасайды.
Ермен-ай, ермен, ермен шөп аңқиды иісін желмен кеп...!
(Нұрлан Мәукенұлы).
Кейде ерменді «боз жусан», кейде«ойраншөп» деп те атайды. Оның сабағының биіктігі 2 метрге дейін, ал тамыры 4 метр тереңге дейін таралады.
Жусанның ерте кездерден бастап шипалық қасиеті зор түрінің бірі – дәрмене (дәрмене) жусаны (Artemisia cina). Ол жер шарында тек Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ғана өсетін қасиетті өсімдіктің бірі. Оны жергілікті тұрғындар «ермен» деп те атайды. «Ермен – жанға дәрмен», «Ермен жеген ер өлмес» деген нақыл сөздер дәрмене жусанының шипалық қасиетін бірден-ақ аңғартып тұр. Ертеде бабаларымыз дәрмене жусанын шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырғандығы туралы деректер кездеседі.
Дәрмене жусанының шипалық қасиетінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін алып, ішек құртын түсіруге қолданған. Ол дүниежүзіне сантонин шығаратын бірден-бір зауыт болды. Кейін дәрменеден эфир майы т.б. препараттар алына бастады. Дәрмененің әлемдік даңқының артуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы «Дәрмене» шаруашылығы құрылды.
Дәрмене жусанының бастапқы отаны Палестина мен Мысыр елі болған деген деректер бар. Ертеде оны арабтар «киелі шөп» деп атаған. Ал қазақша дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді. Ата бабаларымыз ертеден-ақ бұл жусанның сабағы мен тамырының тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін жақсартатынын білген.1921-1922 жылдары Алтайдан бастап Орта Азияның дәрілік өсімдіктерін зерттеген.
Фармацевт ғалым Питирим Сергеевич Массагетов дәрмененің Арыс өңірінде көптеп өсетінін және оның «дәрмене дәнегі» шет елдерге жіберіліп тұрған және 1830 жылы одан сантонин дәрісі алынғандығы туралы жазған. Ертеректе Шымкент қаласында бір, Ташкент қаласында екі дәрмене жусанын өңдейтін зауыттар болған.
Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт майына немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен емдейтіндігін жазушы Серік Байхоновтың еңбектерінен кездестіруге болады. Ол «қазақ халқы үшін жусаннан қадірлі, жусаннан қасиетті өсімдік жоқ»,- деп өте орынды жазған.
Дәрмене жусаны шағын аумақта ғана өсетіндіктен және сирек кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді және жусанның бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) тіркелген.
2012 жылдан бастап Қазақстанның Ерлан Сүлейменов бастаған жас ғалымдары жусаннан эфир майларын ала бастады. «Қазақ даласының хош иісі» атты жоба бойынша «Жусан» атты арнайы иіссу алуды қолға алып игілікті жұмыс жүргізуде. Көліктің терезесін тазартқыш сұйықтығын жасау тәжірибесінде астаналық оқушы Балғабаева ақ жусан пайдаланған. «Ақ жусан -емдік қасиетке ие.
Сайын
Мұратбековтің «Жусан иісі» повесінде
Аянның көкесінің киімінен жусан иісі
аңқып тұрушы еді ғой. Көкесін сағынған
бала жусанның иісін құшырлана иіскейтін.
Міне, осы иісті сұйықтыққа қосқым келді.
Ал шетелден келетін тазартқыш
сұйықтықтардың нақты иісі жоқ. Сұйықтыққа
хош иіс беретін эфир майы. Өсімдіктің
эфир майлары гүлдерінде, жапырақтарында,
жемістері мен тамырларында болады. Біз
ақ жусан өсімдігінен эфир майын алу
үшін екі литр таза шыны ыдысқа өсімдіктің
100 грамм гүлі мен жапырағын салдық. Оған
1 литр дистилденген су құйып, клевенджер
аппаратында екі сағат қайнаттық. Жиналған
эфир майын натрий сульфатымен құрғатып,
салмағын өлшеп, шығымын таптық » деп ой
бөліседі.
Ж
усанның
қолдан өсірілетін түрі тамыр жусаннан
сабын және дәрілер жасалады.Қазіргі
кезде әлемнің көптеген жерлерінде
жусаннан жасалған емдік бальзам майлары
мен фито шайлар кеңінен қолданылады.
2.3.Жусан өсімдігінің емдік қасиеттерін анықтау
Ащы жусан (лат. Artemísia Аbsínthium) — көпжылдық шөптесін, ақ немесе сұр түсті, қатты хош және өзіне тән иісі бар өсімдік. Өсімдік флорасының ішіндегі ең ащы өсімдік болып саналады. Емдік қасиеті бар өсімдіктердің бірі.Жусанды гүлдей бастаған уақытта жинайды. Оны жоғарғы жағы пайдаланылды. Сирек жағдайда жусан жапырақшаларын маусым айында тамыр тұсындағы және ірі бұтақтарындағы жапырақшаларын гүлдегенге дейін алып тастап дайындайды. Жусан жинауды уақытынан кешіктірмеу қажет, себебі кеш қалса, гүлдер сары түсін жоғалтып, қоңырланады, ал жапырақшаларында қоңыр түсті дақтар пайда болады, сонымен қатар жусанды кептіргенде ол өз табиғи түсін жоғалтады. Шикізатты қараңғы, көлеңкелі жерде немесе температурасы 22-30°С болатын кептіргіште кептіреді, өсімдікті оның бұтақтары мен жапырақшалары сынғыш күйге айналғанға дейін жиі аударып отырады.
Ащы жусан өсімдіктерінің ботаникалық сипаттамалары:ащы жусан өсімдіктері жабық тұқымдылар бөліміне, қос жарнақты классына, астра гүлді ретіне, астра тұқымдасына, жусан туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Шілдеде және тамызда гүлдейді, жемістері тамызда және қыркүйекте піседі. Жусан үй, жол маңында, су жағасында, бақта, арша ормандарында өседі. Ресейдің еуропалық бөлігінде, Кавказда, Орталық Азияның шығыс бөлігінде, Сібірдің орталық бөлігінде көп кездеседі.
Қара жусан - далалық кеңістікте, таулы жоталарда, өсімдігі аз, лас жерлерде өсетін өсімдіктердің бірі. Емдік қасиеті бар өсімдіктердің бірі.
Зерттеуге алынған ащы жусан түрлері Жамбыл облысының далалық аймағынан жоғарыда көрсетілген әдістеме бойынша жиналды және зертхана жағдайында 20-25°С температурада, жабық, қараңғы сөрелерде кептірілді.
Жоғарыдағы мәліметтерді басшылыққа ала отырып, тәжірибе-зерттеу жүргіздім.Төмендегі суретте зерттегелі отырған ащы жусанның гүлдеген кезі
бейнеленген.
Өз тарапымыздан осы оңірде кездесетін «Ащы жусан» түріне тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргіздік,бұл жұмысты 2019 жылдың қаңтар айынан бастадық, өйткені тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді, сондықтан емдік қасиеті жойылады екен деген деректер бар. Теориялық мәліметтерге сүйене отырып,жусанның адамның өміріне қандай пайдасы бар екенін анықтағымыз келді. Сол себептен жусанның бұл түрі бізді өте қызықтырды. Гүлдемей тұрған кезде жапырақтарын жинадық. Зерттеу барысында біз иісіне де назар аудардық,өйткені иісі өте өткір болды.
Жусан жапырақтарын ұсақтап кесіп,оларды 2 жұмадай кептіріп,содан кейін этил спиртін қосып тұнба жасадық.Ол тұнба 1 ай тұрды.
Әжелеріміз айтып жүретін тіземіз басқызбайды, нені ғана қолданбадық әртүрлі жақпалар жақсақ та әсері тек бір ғана күнге ғана әсері бар деп.Бұл, жусанды зерттеуге тағы да бір түрткі болды. Әрине бұл зерттеу жұмысты үлкендердің көмегімен ғана іске асырдық.Содан кейін әжелерімізге ұсындық.
Тізелеріне 2 айдай жағып отырдық. Қазан-қараша айларында әжелеріміз өздерін бір шама жақсы сезінгендерін айта бастады.Желтоқсан қолданған жоқ, қаңтар айынан тағы қолданды,сонда байқағанымыз емдік қасиеті
2 жұмада біліне бастады,осыдан нені байқауға болады? Тұнба неғұрлым көбірек тұрса,соғұрлым емдік қасиеті зор деуге болады.
Міне, жусан өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы бар екеніне тағы бір дәлел қосылды.
Жусан жұлу және оны кептіру кезінде оның иісінің өткір әрі ащы екенін байқадым. Жусанның тұрмыс қажеттілігінде де пайдасы бар, ауылда жусаннан аула сыпыру үшін сыпырғылар жасайды.
ІІІ. Қорытынды
Қорыта айтқанда, кең байтақ даланың жұпар иісті жусаны ел игілігі үшін алдыңғы уақыттарда талай кәделерге жарайтынына сеніміміз мол.
Жусан-құнарлы мал азығы, дәрілік, бояғыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік . Ақындар оның иісін туған жерге деген сағынышқа теңеген.
Ақ жусан, иісің қандай?
Сылқым емес, сыршылдау сиқың бардай.
Жұпарынды жұта алмай жүрмін қазір,
Содан болар тұрамын ұйқым қанбай.
Ол күн қандай, айтшы өзің, бұл күн қандай,
Саған қарай жүрегім жұлқынғандай.
(Әбубәкір Қайран. Ақ жусан)
Біз бетегеден биік, жусаннан аласа халық едік қой. Жусанға тәуе етпесек те, жоғары бағалайтынымыз осыдан. Тіпті, Мысырға төртінші сұлтан болған Бейбарысты да туған даласына алып келген күш осы жусанның иісі емес пе еді?
Орысақыны Аполлон Майковтың да дала жусанытуралытамсанажырлауыбекеремес. Сонда қым-қуытзамандаеліненжырақтағанқыпшақ ханы СыржанныңінісіАртықтыкіндікқанытамғанжергеәкелуүшінарқаныңәуені де, қобыздыңсарыны да көмектеспей, жусанныңисінтанауынажақындатқандаелегізіп сала бергенекен.
Әнiн сал туған даланың,
Қоймаса оған егiле,
Жусанын бiр түп иiскет,
Тартады ол сонда елiне - деген сөз содан шықса керек.
Қазақта: «Жусанда туған жердің иісі бар» деген осыдан қалған екен.
«Бір қозы туса, бір түп түп жусан артық шығады” деген халқымыздың даналық ойлары бар.
Еліміздің түрлі аймақтарында жусанға байланысты қойылған жер атаулары да көптеп кездеседі. Мысалы, «Жусандала» табиғи қорықтық белдемі, «Жусанды» Қызылқұм мен Сырдария аралығындағы жазық даланың атауы, «Жусандала» Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы көне қамал атауы және т.б. атап айтуға болады.
Жусанның әлде зерттелмеген құпиялары бар,оның иісі киелі, өзі емге шипа.
Туған
жердің иісін,
Сездік
жусан шөбінен.
Бұл
өсімдік киесін,
Көрдік
жердің төрінен.
Таза
ауамен тыныстап,
Бақытты
жас баламыз,
Бұл
жусанның өмірі,
Біздер
үшін жыр – аңыз- деген
жыр шумақтарымен қорытындыламақпын.
Сауалнама: 1-2 сынып оқушылары арасында «Жусан өсімдігінің пайдасын білесіз бе?» деген сауалнама жүргіздік. Сауалнаманың көрсеткіші бойынша, бірінші сауалнама барысында сұралған 72 оқушының , 30 оқушы «білемін», ал 42 оқушы «білмеймін» - деп, ал екінші рет жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша 55 оқушы «білемін», 17 оқушы «білмеймін» - деп жауап берген..
«Жусан
өсімдігінің пайдасын білесіз бе?» деген
жүргізілген сауалнаманың көрсеткіші:
Біз тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесінде жусан өсімдігінің адамның денсаулығына пайдасы бар екенін анықтадық.Енді оқушылардың көбі білетін болады деген ойдамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. « Қазақстанның өсімдіктер әлемі»-көпшіліккке арналған ғылыми басылым Алматы 2004 ж
3. «Ботаника сисметика растений». Москва «Просвещение »1975 г ( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
4.Шаңырақ,үй-тұрмыстықэнциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ж.
5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым
6. «Өсімдіктерморфологиясыжәнеанатомиясы» Алматы 2001 ж.Қазақ
университетібаспасы.
7. «Ана тілі» газеті. 26қаңтар. 2015ж
8. «Қазақстан Заман» газеті. 5 қыркүйек . 2013 жыл
Қосымша
Жусанның түрлері
Дәрмене жусан – дәрілік жусан болып табылады.
Ащы жусан - ақ немесе сұр түсті, қатты хош және өзіне тән иісі бар өсімдік. Өсімдіктердің ішіндегі ең ащы өсімдік болып саналады.
Көкшағыр жусан- жусанның туысы.Қазақстанда Есіл, Каспий,
Арал маңында өседі.
Тамыр жусан – қолдан өсірілетін жусан, сабын, дәрі жасалады.
Ақ жусан - көпжылдық шөптесін өсімдік, иісі ерекше.
С.Мұратбековтің «Жусан иісі» повесінде Аянның көкесінің киіміндегі иіс-ақ жусан иісі
Қара жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Тықыр жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесінде «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарылды
«Арглабин» деген жаңа дәрі. Көрнекті ғалым ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серғазы Әдекеновтың басшылығымен ғалымдар Арглабин деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде - АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда.
Дәрмене қолдан өсіріледі, сантонин дәрісі және этил спирті алынады.
Жусаннан жасалған өнімдер:
Жусаннан жасалған емдік бальзам майлары
PAGE \* MERGEFORMAT 2

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген