400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ғылыми жоба Киелі-киіз үй

Материал туралы қысқаша түсінік
Киіз үй-тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі текті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдейым мақтанышпен айтамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аннотация

Мардан Байділдаев атындағы 232 орта

мектебінің 3«а» сынып оқушысы

Қашақбай Кәусардың «Киелі-киіз үй»

тақырыбындағы ғылыми жобасына





Киелі-киіз үй

Киіз үй-тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі текті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдейым мақтанышпен айтамыз.

Шығу тарихы біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды.

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Мұны кейбір кісілердің бірі білсе, бірі білмейді.

Сол себепті киіз үйдің түрлері , оның құрылысы, қанше қанатты болатынын халыққа насихаттасақ артық болмас деп ойлаймын.









Киіз үй- «Атамыз Алаш, керенеміз-ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз » деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспасы. Киіз үй-тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ мекені.

Солай бола тұра да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.

Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені, киіз үй- қазақтың тұрағы, құттты мекен-жайы, еншісі, баспасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, ғұламалар айтып кеткендей осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктілігі, мәдениет пен өнердегі талғамы-жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.

Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халақаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған.

Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағанбетттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болған. Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген. Әйтсе де, ХХ ғасырда қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы-киіз үйдің құны мен маңызы төмендеп, ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениетін, оның ішінде киіз үйдің қадірі мен орны өз дәтежесінде қайта көтерілді. Енді той-думанда тігілген киіз үй сән-сәулетімен, өнер шеберлерімен, ұлттық дәулетімен, түрлі спорт жарыстарымен дәрежеленетін болды.





ІІ Негізгі бөлім

«Алтын орда, Ақ орда, Көк орда»-аталуы

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар.

Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.Мысалы: қара үй (қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқаң (18 қанат), алты үзік( 24 қанат), алтын орда (30 қанат), деп аталатын түрлері бар.( Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы, І том, 182-бет.Алматы 1984 жыл)

Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімдерген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша,күрке, итарқа, жаппа, жолым үй, асүй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты «отау» дейді.

Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді.

1.Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл-киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.

2. Сол жақ. (кіргенде сол жақ) –үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

3. Оң жақта.(кіргенде оң жақ)-балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.

4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады.

  1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері)

  2. Киіздері (ши де осыған кіреді)

  3. Бау-шулары (баулары мен басмұр, арқандары)







Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімділігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті, бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су өтпейді. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен айтуға болады. Әсіресе, Керей, Әз Жәнібек, Тәуке хан, хан Абылай, Кенесары, ұлы Абай, ғұламалар Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтердің кіндігі осы киіз үй ішінде кесілген.

Қазақ өмірі мен мәдениетінің , әлеуметтік жайының бір түйіні киіз үй мен төрт түлікке байланысып жатады. Сондықтан да олар бұғаан лайық қанатты сөздер, Ырымдар, тыйымдар, аңыздар да шығарған. Киіз үй берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады. Оларға құрт түспейді, басқа ағаштар сияқты тез шітімейді.

Үйдің сүйегін үйшілер жасайды, оны «үй басу» дейді. Қажетті ағаштар 6 ай, кейде бір жылдай көлеңкеде кептіріледі.

Керегеге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені, үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды жнлі, оның ұзынын ерісі, қысқасын сығанақ, балшық деп атайды. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі мен өгіздің бас терісінің сірісі «қайыстары» арқылы көктейді.

Киіз үйде есік екеу болады.: ішкі есік- сықырлауық-ағаштан жасалады, екіншісі- киіз есік- киізден жасалады., ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Киіз есік ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршақталып жиналып қойылады, жай күндері күн түспес үшін, оның бір жағы бақан арқылы ашық тұрады. Ағаш есік маңдайша, екі босаға, табалдырық жәе екі жарма есіктен құралып, кенегеге бекітіледі.

Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық алақан, иіні, қары, қаламы деген атаулардан тұрады. Қанат санына қарай уықтың саны да, ұзындығы да өсе береді. Әр үйде көлеміне қарай 60-160-тай уық болады.

Шаңырақ – киіз үйдің қасиеті, киелі мүлкі. Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты айтылады. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді.

«Шаңырағың шайқалмасын. Шаңырағың биік болсын» деген тілек бар. Киіз үй шаңырағы тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғанды, яғни шеңберді, қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды.

Үйші үй сүйегін толық жасап болғаннан кейін, оны қызыл түсті жосамен немесе қызыл, көк бояумен бояйды. Егер үй қайыңнан жасалса, оны өсімдік майымен майлайды.

Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады.

Шаңырақта желбау деп аталатын ою-өрнекті, 4 шашақты бау болады. Ол желді күні шаңырақты бастыруға, көшкенде байлауға аса қажет. Жай күндері үйге әсемдік, көрік беріп тұрады.





Киіз үйдің бір бөлшегі – кәдімгі ши. Оны жүнмен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқиды. Оны шым ши дейді, ораусыз шиді ақ ши дейді. Ши кереге мен туырлықтың екі ортасына келеді. Оның әсемдікке әрі жылылыққа әсері мол. Сондай – ақ ши тұрғанда сырттан құрт-құмырсқа, кесіртке, жылан тағы басқа жәндіктер кіре алмайды.

Халық ұғымында киіз үйді құрастыру «тігу», қайта бөлшектеу «жығу» деп аталады. Тігу үшін алдымен керегелерді бір-біріне қосып, оның екі жағын есік бос ағасына таңғыштар арқылы бекітеді. Есік шығыс жаққа қаратылады. Кереге басын бас арқанмен орай тартып, маңдайшаның екі жақ басына мықтап байлайды. Үйдің берік тұруы, оның салмағы осы бас арқанға түседі. Содан соң бақан арқылы шаңырақ көтеріліп, оның жан-жағынан уық шаншылады. Қазақ салтында шаңырақты еркек адам көтереді. Уық тегіс шаншылып біткеннен кейін, ірге киіз жабылады.

Үй көлеміне қарай туырлық 3,4 бөлік болуы мүмкін. Туырлық екі босаға жақтан басып жабылып, ол да үзік арқылы белдеуге байланады. Ең соңында түндік жабылады. Ең соңында түндік жабылады.

Киіз үйді жығу тігу әдісіне керісінше, яғни түндікті сыпырудан басталып, соңы керегелерді жинап алумен аяқталады.

ІІІ Қорытынды бөлім.

  1. Қазақтың әлемдік өркениетке қосқан 3 нәрсесінің бірі болған – киіз үйі.

  2. Нәтижелі ырым сөздер, тыйым сөздер, қанатты сөздердің пайда болуы.

1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үйді апарып еуропалықтарды таң қалдырып, бәйге алған,

1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургте, 1890 жылы Ибрагим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үйді апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен.

1927 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы І Николайға киіз үй сыйлап, патша оған риза болды.

Жазушы Шыңғыс Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі мұражайлардың бірінен киіз үйін көргендігін жазды.

Сондай – ақ Германияның Гамбург, Мойндағы Фромкфурт қалаларындағы мұражайларда да киіз үйлері бар.































Аннотация.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Өткен ғасыр мен бүгінгі заман талабына сай киіз үйдің өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа ешбір элементтері өзгертілмей пайдалануы мен оны қасиетті, киелі зат екендігіне көз жеткізу.

Зерттеу жұмысының барысы:

Ата-бабаларымыздың өмірін бүгінгі болашақтың жалғауына, Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерінде де, ең басты элементі – шаңырақты қастерлеп қадірлеуі, болашаққа үлгіге тұтынуын паш ету.

Ғылыми жаңалығы:

Қазақ елінің киіз үйіндегі шаңырақ элементін Тәуелсіз мемлекетіміздің символын қадірлеуі, «Аруана» көшпенді халқымыздың төрт түлік, оның ішінде түйе жануарының шаңырақ астында бейнеленген, боталауын келістірген атамның мүсінін және әрбір мектептерде бастауыш сыныптарда киелі білім шаңырағында бұрыш орналастырып, жас ұрпаққа өткен өмірмен байланыстырып, өткенін ұмытпауға байланыстыру.



























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Қаз ССР қысқаша энциклопедиясы, - том, 182 бет, Алматы 1984 ж

  2. «Сыр бойы» газеті, 26 наурыз, 2011 ж

  3. С. Мұханов «Халық мұрасы» 99 бет, 1974 ж

  4. «Аруна Ltd» баспасөзі балаларға арналған «Сен білесің бе?» тарихи-этнографиялық кітаптар топтамасы.

  5. «Шығыстың ұлылары» топтамасы.

  6. Алаш мұрасы. Алматы «Алаш» 2005 ж. 352 бет

  7. Ғасырға сыр «Елорда» Астана 2001 ж

  8. «Ақ бота» 2010 ж, бата, тілектер жинағы.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі