жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба Киіз үйдің тарихы 4 сынып
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Тақырыбы: Киізді ағаш үйдің тарихы
Жоба авторы: Жамутбай Аружан Жексенбаева Ақсырға
Секция: Тарих, өлкетану, этномәдениеттану
№11 орта мектебінің
4 «Д» сынып оқушысы
Жетекшісі: Шамшетова Баян Онгарбаевна
: №11 орта мектебінің мұғалімі
Мазмұны
Аннотация______________________________________1
Пікір___________________________________________2
I. Кіріспе _______________________________________5
1. Киіз үй қазақтың отауы______________________ 5
II. Негізгі бөлім___________________________________6
2. 1 Киіз үй тарихы мен құрылымы ______________7
2. 2.Киіз үй түрлері ___________________________9
2.3. Киіз үйдің баулары________________________ 10
III. Қорытынды. __________________________________14
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі _______________15
Аннотация
Осы жобамда киіз үйдің бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы екендігін,рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын саналғандығын, қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алатындығын және киiз үй — ғаламның моделi екендігін келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.
Аннотация
В этом проекте я хотел бы признать, что юрта является связующим звеном между вселенной и человечеством, духовностью юрты, тем фактом, что юрта является не только убежищем, но и священным местом для защиты от злых духов, что казахский дом - от шанырака, а юрта - модель вселенной.
Annotation
In this project, I would like to admit that the yurta is a link between the universe and humanity, the spirituality of the yurt, the fact that the yurt is not only a shelter, but also a sacred place to protect against the evil spirits, that the Kazakh house is from the shanyrak and the yurt is a model of the universe .
1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: киіз үйдің тарихы мен оның түрлері және киіз үйдің бауларының түрлері туралы келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.
Міндеттері:
Киіз үй туралы түсінік беру;
Киіз үйдің құрылыс мен тарихи атауы оның келешегі, бүгінгі тарихы мен болашағы үшін ерекше құндылық екендігін таныту.
Болжам: Киіз үйдің қазақтың өшпес символы екендігі қарастырылды.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;
2-кезең- Талдамаларды жобалау;
3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;
4-кезең- Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.
Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.
5. Зерттеу нәтижесі: Киіз үй туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.
6. Күтілетін нәтиже:
– Оқушы киіз үй сөзінің мән- мағынасын түсінеді;
– Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;
– Ел тарихы туралы нақты білімі қалыптасады.
Қорытынды: Тәуелсіз еліміздің басты міндеттерінің бірі халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыруға ,салт- дәстүрлерімізді құрметтеуге , төл тарихымызды бағалай білуге және мақтан етуге , болашаққа оң көзқарас танытуды келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.
Жаөзен қаласы Теңге ауылы №11 орта мектептің 4 «Д» сынып оқушылары Жамутбай Аружан мен Жексенбаева Ақсырғаның «Киіз үйдің тарихы» тақырыбындағы ғылыми- зерттеу жұмысына
ПІКІР
Бүгінгі таңда білім жолының қыр-сырын толық меңгеріп, атсалысуда жеткіншек жастың алға қойған ұстанымдарының бірі – ғылыми жоба бойынша өздік жұмыс жүргізуі болып табылады. Ғылыми жоба жазу – оқушыны шығармашылық ізденіс пен зерттеу жұмысының тұңғиығына жеткізіп, жетістік деңгейіне жетелейді. Оқушы өз бетінше жаңалық ашудың көзін қарастырады. Оқушының бұл жобасы негізінен үш бөлімнен құралған. Әр бөлімге нақты жоспар құралып, сол жоспардың негізгі мағынасын ашуға жүйелі ой-пікірін тұжырымдаған.
Жамутбай Аружан мен Жексенбаева Ақсырға оқуға зерек, ынталы. Берілген тапсырманы уақытында , тыңғылықты орындайды. Көпшілікпен тез тіл табысады, ізденімпаз, білуге құштар, тәрбиелі отбасында өскен, еңбекқор оқушылар. Киіз үй туралы ғылыми жобасын жазғы демалыстан бастады. Өздігінен ізденіп газет журналдардан оқып, үлкен ата-әжелерден сұрап және ғаламтор желісінен қарап мәліметтер жинастырды.
Болашақта киіз үйдің тарихы туралы кішілерге насихаттап үлгі ететін азаматшалар болып өсетініне кәміл сенемін!
Сынып жетекшісі: Шамшетова Баян Онгарбаевна
І Кіріспе бөлім
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі.
Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Киіз үй тарихы мен құрылымы
Киіз үй – көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибе негізінде қалыптасқан киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.
К
иіз
үй – кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық,
табалдырық, маңдайша, таяныш секілді
негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің
өзінің көптеген атаулары бар: керегенің
қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он,
он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі,
сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты
шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің
көптеген атаулары болады. Бұларды киіз
үйдің сүйегі дейді.
Үйдың сүйегін көбінесе қайыңнан, сәмбі талдан жасайды. Халық сәмбі талды Сыр талы, Қайыр талы, Боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді «үйші» дейді.
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды. Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты қазақтар «туырлық» деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы біріңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны «ақ үй», қоңыр жүннен басылған киізден жасалса «қоңыр үй» деп атайды.
Шаңырақ
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:
Тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.
Күлдіреуіш. Сәмбі талдан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.
Ырым. Беріктік және күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. Көбінесе қазақ салтында әйелі бала көтермеген отбасылардың шаңырағына орнатылады. Бұл орнатылған үйлерге барғанда шаңыраққа қарап, балалы немесе баласыз үй екенін білуге болады.
Шаңырақ көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Киіз үй керегесі
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» деп, одан қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды.
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.
Уық – кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау тағады. Уықтың иілген жерін иығы немесе қары дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп, өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.Қазақ салтында уықтың ең ұзыны 20 сүйемнен аспайды.
К
иіз
үй есігі
- киіз
үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол
киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік
бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша,
екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.
Киіз үй есігінің құрылысы: маңдайша, босаға, сықырлауық, жақтау, табалдырық. Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оиюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.
Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармұйыз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер құрайды.
2. 2.Киіз үй түрлері
Киіз үйлер қазақы және қалмақы де екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болды. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді.
Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй.
Мұның да бірнеше түрі бар.
Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.
Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй.
Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй.
Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.
Қараша үй – кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
К
үрек, қос –
ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар
тұратын немесе кедейлер үйлері.
2.3. Киіз үйдің баулары
Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.
Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Таңғыш – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.
Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан.
Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.
Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр. Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.
Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.
Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
Киіз үйдің шилері - кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.
Есікбау – киіз есіктің бауы.
Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.
Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы
Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар.
Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау.
Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.
Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан
2.5 Киіз үй туралы біз білмейтін жайттар
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс-салты, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы – жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.
Ал ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан. Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз,ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таңғалдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. 1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы І Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам оған өте риза болған (Ә.Марғұлан).
Жазушы Шыңғыс Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі мұражайлардың бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай-ақ қазір Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда қазақтың киіз үйлері бар.
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады ды, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, қара үй (үш қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты «отау» дейді.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: Төр. Үй ішіндегі ең құрметті орын, мұнда отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды. Оң жақта (кіргенде сол жақ) – балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұны. Жас келіндер төрге шықпайды. Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің от жағыладыда жүк жиналады, қонақтар отырады. Бұл – киіз үйдің жоғарғы әрі сыйлы орн, қазан асылады.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады: Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері). Киіздері (ши де осыған кіреді) Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).
III. Қорытынды.
Әлимә
Ысқақ, этнограф: - Қазақтың ең алғаш киіз
үйі «көтерме туырлықты үй»дейді.
Ерекшелігі – туырлықтың қарақасы
шаңыраққадейін жетіп тұрады.Байлар
үзікті киізүйлер тіктіретін. Қазір
негізінен сән-салтанатқа үзікті үйлер
көп қолданылады. Үзікті үйдің өзі «ақ
үй»,
«ақ боз
үй»,
«қоңыр үй», «отау үй»болып бөлінеді.
Оның тағы қосымша қонақ күтетін,
асдайындайтын қосалқы үйлері тағы
болады.Қоңыр үй немесе қараша үй үй
кедей отбасыларға арналса, алжұлым
үйлерде өте кедей отбасылар тұрады.
Көші-қон кезінде қос, итарқа, тоңқайма,
шошайма, жалпа, т.б. үйлердің түрі
қолданылған. Қазақтың киіз үйі әрі
қолайлы, әрі тез пайдаланылатын баспана.
Бұның келешегі шексіз! Киіз үйді жоғалту,
өзгерту мүмкін емес.
Ұсыныстар:
Мемлекет тарапынан қаржы бөлініп алаңдарға киіз үйлер орнатылса.
Қазақы мейрамдардан басқа мерекелерде киіз үй ұлықталса;
Шетелден келген меймандарды үлкен зәулім үйде емес қазақтың символы саналатын киіз үйде қарсы алса;
Жылда киіз үйді орнатудан аудандар арасында байқаулар ұйымдастырылса;
Пайдаланған әдебиеттер:
Интернет желісі
Газет-журналдар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген