Ғылыми жоба "Көбелектер әлемі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Көбелектер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Абыз ауылы

27 негізгі орта мектебі КММ








Тақырыбы:

«Көбелектертер әлемі»



Бағыты: Дүниетану















Орындаған: №27негізгі орта мектептің

2-сынып оқушысы

Өмірбай Тавсия Абзалқызы Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі:

Кемпирбаева Назгуль Амировна





Тақырыбы: Көбелектер әлемі


Мақсаты: Көбелектердің құрылысы, тіршілігі, дамуы, негізгі ерекшелігі туралы танып білу

Міндеттері:

  • Көбелектердің түрлері, дамуы, тіршілігі туралы білу;

  • Көбелектердің өмірін бақылау, пайдалы және зиянды көбелектер туралы білу.

Ғылыми жұмыстың мазмұны:
I. Кіріспе.
II . Негізгі бөлім

1. Көбелектердің пайда болуы.
2. Көбелектердің құрылысы.
3. Көбелектер немен қоректенеді?
4. Көбелектердің тіршілігі. Көбелектерді неге қолмен ұстауға болмайды?
III. Қорытынды.





















Аннотация

Өмірбай Тавсия «Көбелектер әлемі» деп аталатын тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу бөлімінде көбелектердің пайда болуы, тіршілігі, немен қоректенетіні туралы практикалық жұмыс жүргізді.




































27 негізгі орта мектебінің

2-сынып оқушысы

Өмірбай Тавсияның

«Көбелектер әлемі»

тақырыбына жазған

ғылыми – зерттеу жұмысына

Рецензия

2-сынып оқушысы Өмірбай Тавсияның зерттеген ғылыми жұмысының құрылымы, мазмұны жағынан талапқа сай жазылған. Өзінің жасына сай баланың зерттеушілік жұмысы анық жазылған.

Көбелектің пайда болуы, тіршілігі, құрылысы, немен қоректенетіні толық жазған. Практикалық жұмыстар жасаған. Осы жұмысты қорғауға ұсынамын





Рецензия жазған Кемпирбаева Н.





















КІРІСПЕ

Жазды күні мен ауылда әкеммен бірге орманға, жасыл алаңқай гүлзарлы жерге бардым. Алаңқайда көп гүлдер жайқалып өсіп тұрды. Осы гүлдерді айналып көбелектер ұшып жүрді. Олар өте әдемі көрінді! Олардың ұшқанын тамашалап мен қатты қызығып кеттім. Олар туралы білгім келді. Әкем екеуіміз көбелектер туралы мәлімет іздей бастадық. Көбелектер – өте жеңіл және әдемі ғажайып жаратылыс. Бірақ олар өте нәзік. Көбелектерді көргенде бірден жаз мезгілі, ыстық күн, гүлдер елестейді. Көбелектер туралы мәлімет алу үшін: кітаптардан, интернеттен, теледидардан көріп, мамандардан сұрастырдым.





























НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Көбелек қалай пайда болады?
Бұл жұмыртқалардан құрттар пайда болады.
Құрттар ауызбен дем ала алмайды,олар ішіндегі тесіктер арқылы дем алады.
Құрттар көбелекке айналар кезде ағаштың бұтағына немесе жапыраққа жабысып, төмен қарай салбырап тұрады екен. Содан соң олар өз аузынан жіңішке жіптерді шығарып өзін қуыршаққа ұқсатып орай бастайды. Қуыршақтарды үйшік деп айтады. Қуыршақтың ішіндегі құрттар көбелекке айналады. Қуыршақ- үйшіктерін тастап көбелектер ұшады.
Көбелектердің өсіп жетілуі 4 сатыда өтеді: жұмыртқа – жұлдызқұрт – қуыршақ –көбелек. Көбелектер - қабыршаққанаттылар отрядының екінші атауы. Қабыршаққанаттылар отрядының негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, мүр көбелек, түн көбелектері, қан көбелек, көгілдір көбелектер, кәдімгі күйе көбелектері, т.б. Көгілдір көбелектер қанатының үстіңгі жағы  көгілдір  (тұқымдастын аталуы осыдан), кейде көк, жасыл, сарғыш-қызыл, ал астыңғы жағы көкшулан түсті, онда ұсақ көзше дақтары болады. Қанаттарын жайған да ұзындығы 20-40 мм-ге жетеді. 1000-ға жуық түрі белгілі. Жұлдызқұрттары өсімдіктер арасында тіршілік етеді. Қазақстанда 9 түрі ұлттық "Қызыл кітапқа" енгізілген. Кәдімгі күйе көбелектерінің қанаттары ұзын және жіңішке (осы бөлігінде жалпақ шашақша түктері болады) келеді. Қанатын жайғанда ұзындығы 0,9-1,2 см болады. Бұл тұқымдастың өкілдері жүннен, теріден жасалған бұйымдарға зиян келтіреді және азық-түлік қорын бүлдіреді.
Негізгі түрлері: ішек көбелегі, жиһаз көбелегі, қамбар көбелегі.
Көбелектердің құрылысы.
Көбелектерде: құрсақ, кеуде, мұрттары бар басы, хоботок, алдыңғы ортаңғы және артқы аяқтары, бірінші және екінші жұп қанаттары.
Барлық көбелектерде 6 аяғы болады.(4 үлкен, ал 2еуі кішкене көрінбейді)
Көбелектердің 4 қанаты бар (2 алдаңғы, 2артқы)
Көбелектер құрт болып туылса да, тек ұшу үшін жаралған жәндік.
Көбелектің жаратылысы өте қызықты!
Олардың антена-мұрттары заттарды ұстап оның исін сезу үшін қажет. Сонымен қатар көбелектер бір уақытта жан-жаққа қарай алады екен.
Көбелектер немен қоректенеді?
Көбелектер дәмді аяқпен сезеді екен.Егер олар шырынның үстінде тұрса оның дәмін бірден сезеді де оның дәмі ұнаса мүйізшесін алдыға бұрып шырынды іше бастайды. Түтікше(Хоботок)- көбелектер осы түтікше арқылы гүлдің шырынын ішеді. Егер көбелектер ерте көктемде,гүлдер ашылмай тұрып оянса олар аққайыңның, үйеңкінің шырынымен қоректенеді екен.
Көбелектер шырынмен қоректенеді екен. Олар су, бал және цитрустық жемістермен қоректенеді. Көбелектердің өмір сүру уақыты, тамақтануы, ұшуы олардың түрлеріне, қанаттарының түстеріне байланысты болады.

Көбелектердің тіршілігі. Көбелектерді неге қолмен ұстауға болмайды?

Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылардың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.

Көбелектерді қолмен ұстауға болмайтын себебі,олардың қанаттарын жауып тұрған нәзік ұнтақты қабаты тез зақымданады. Ол тек әдемілікті ғана бұзып қоймайды көбелектер ұша алмай қалады.Сондықтан да көбелектерді алыстан бақылап, әдемілігіне сүйсініп қолға ұстамау керек.
Көбелектер қанша өмір сүреді?
Көбелектердің көпшілігі бірнеше апта тіпті бірнеше сағат қана өмір сүре алады екен. Көбелектердің түріне байланысты болады. Кейбіреулері 1-2 күн ғана өмір сүреді, сондықтан оларды біркүндік көбелекте деп атайды.
Көпжасайтын көбелектер де болады. Олар 1 жылға дейін өмір сүреді. Мысалы: монарх көбелегі 8-9 ай, ал Лимонница 1-жыл өмір сүреді екен. Кейбіреулері екі жылдай өмір сүреді
Көбелектердің қанша түрі бар?
Қазақстанда кездесетін негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар, т.б. Қабыршақ қанаттылырдың өте сирек кездесетін кейбір түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қабыршақ қанаттылырдың 1 мыңнан астам түрлері – екпе өсімдіктердің зиянкестері. Олардың жұлдызқұрттары өсімдіктерді жейді. Әсіресе күздік дақылдар және бидай қоңыр көбелектері, дән қоңыр көбелегі, беде, жоңышқа, капуста, күнбағыс қоңыр көбелектерін атауға болады. Қабыршақ қанаттылырдың орман шаруашылығына зиян келтіретін түрлері де көп (қарағай көбелегі, сақина көбелегі, т.б.). Ал кәдімгі күйе көбелектері үйде, қоймада тіршілік ететіндіктен түрлі тағамдар мен теріден тігілген және жүннен тоқылған киімдерді, жиһаз көбелегі ағаштан жасалған жиһаздарды бүлдіреді. Қабыршақ қанаттылардың табиғатта пайдасы да бар.

Жалпы көбелектер мен күйе көбелектердің 200 000 ға жуық түрі бар екен. Қ азақстанда 3000 нан астам түрі кездеседі.

Бұйра көбелек

Бұйра көбелек (Lymantrііdae Оrgyіdae) – түнгі көбелектер тұқымдасына жататын ауыл шаруашылығының зиянкесі. Жер шарында кең тараған, әсіресе, Азия мен Африканың тропиктік ормандарында тіршілік ететін 3000-дай түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Мақтаның қауашағын тесіп, ішіндегі тұқымын жейді, осыған байланысты кейде оларды мақта “қауашағының құрты” деп те атайды.
Түн көбелектері, қоңыр көбелектер (Noctuіdae) – қабыршаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 15 тұқымдас тармағына жататын 25 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда шөлді аймақтардан басқа барлық жерлерде тараған 250-ден астам түрі бар. Қанатының жазылғандағы ұзындығы 25 – 40 мм аралығында


































Жоба барысындағы жұмыстар:
Маған көбелектер өте ұнайды. Қағаздан көп көбелектер жасадым..
Киімдерге де әдемі көбелектер жапсырып қоюға болады. Әртүрлі бантиктер мен түйреуіштер тағуға болады.
Көбелектердің суретін салуға, мүсіндеуге,қағаздан жасауға болады. Олар туралы ән айтуға,тақпақ оқуға, би билеуге болады.
МDrawObject2 DrawObject1 енің зерттеу жұмыстарым:


1зерттеу: Мен көбелектерді бақылағада олардың қанаттарыы әртүрлі екенін байқадым.
Қанаттары жалпақ-жұқа,ұзын-қысқа,жуан-жіңшке,үшкір т.с.с
Қорытынды: Көбелектердің қанаттарының формасы әртүрлі болады..

2 зерттеу:Көбелектер екі топқа бөлінеді:Күндізгі және түнгі көбелектер Күндізгі көбелектер ашық түсті, ал түнгі сұр және суық түсті болады.
Күндізгі көбелек(булавоусая) Түнгі көбелек(разноусая)
Түнгі және күндізгі көбелектерді мұртшаларына қарап ажыратуға болады..
Қорытынды: Көбелектердің түстері олардың түрлері мен мекен жағдайына байланысты болады..


ҚОРЫТЫНДЫ

Маған атам, анам және әкем көмектесті. Ауыл кітапханашысы Құралай апай мен орманшаруашылығы инспекторлары назыке апай мен Мейіржан ағайлардың да көмектері көп болды. Оларға көп рахмет!

Саны белгілі бір мөлшерден төмендеп кеткен жануарларды жойылып кету қаупі төнген жануарлар қатарына жатқызамыз. Мұны туу санының өлу санына төмендеп кеткендігінен аңғаруға болады. Бүгінде, әсіресе, көбелектердің азаюынан білінеді. Көбелектің керемет әлемі адамдарға зиян әкелумен қатар көп пайда да әкеледі.

1.Көбелектер адамға зиян да әкеледі (шынжыртабандар ауыл шаруашылық дақылдарды жояды)

2. Көбелекті өлшеусіз жоюға болмайды, олар көп пайда келтіреді.

Көбелектің айрықша ұлы рөлі өсімдікті тозаңдандыру. Оның негізгісі тозаңды гүлден гүлге көтеріп өтеді, сөйтіп балшырын ерітіндісін жияды. Өсімдіктердің түпсіз шірнеліктеріне олардың басы тығулы болады, балшырын шығарын көбелектер ғана ұзын тұмсықпен біледі. Қа­зақ­стан алқабындағы көбелектердің ең үлкендері 3,5 сантиметрден аспайды. Ал әдемілігі жағынан ештеңеге дес бермейтін шатырқанаттылар қан­шама? Көпшілігі - жабайы табиғатта жойылып кеткен, тек арнайы фер­маларда ғана өсірілетін, Қызыл кі­тапқа енгізілгендер. Әр көбелектің өзіне тән ерекшелігі бар. Әр­қайсысы өзінше әдемі, ерекше. Көбелек және шынжыртабандар өсімдіктермен азықтанады соған қарамастан олардың өздерін де түрлі - түрлі азулы аңдар жеп кетеді. Ендеше, барлық тірі заттар тоқулы азықтық күрмеудің құрамды бөлігі көбелектермен дос.Біз болашақ ұрпақ табиғатты және жәндіктерді аялап, сақтап , қорғап жүруіміз керек, олардың өмір сүруіне кедергі келтірмеуіміз керек. Табиғаттың көркем сұлулығына тамсанғыңыз келсе, көбелектерді бақылаңыздар.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Жәндіктер энциклопедия.

2. Интернеттен алынған мәліметтер. Жаңа мәліметтер.

3. Қазақстан Энциклопедиясы

4. «Балдырған», «Айгөлек» журналдары

5. «Ұлан» газеті


































9


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.05.2018
4368
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі