«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Аннотация
Компьютерлік графика – арнайы есептеу кешендерінің көмегімен бейнелерді жасау мен оларды өңдеу құралдары мен әдістерін зерттейтін пән болып табылады. Сондықтан графика түрлерін білу мен ажырату тек кәсіби маман ғана емес қапарайым пайдаланушының қызығушылығын арттыруда. Ғылым мен техниканың қай саласын алсақ та компьютерлік графикамен тығыз байланыста болуда. Бұл ғылыми жұмыста оқушы өзінің компьютерлік графикаға қызығушылығы мен ізденісін сипаттаған.
Аннотация
Компьютерная графика является вычеслительным комплексом изучения и обработки изображения методами исследования. Таким образом, знания в области компьютерной графики помогут работать во всех сферах человеческой деятельности. Компьютерная графика тесно связана со всеми отраслями науки и техники.Ученик в своей научной работе описал интерес к компьютерной графике и исследования.
The annotation
Computer graphics systems create images and edit them using the tools and methods of studying the subject . Therefore , the professional knowledge of the types of graphics and disable not only to increase the interest of the user . As the field of science and technology, which is closely related to computer graphics . This scientific work student described his interest in computer graphics and search .
-
Кіріспе
Мен компьютерлік графикамен жұмыс жасаған ұнағандықтан, осы тақырыпты таңдадым. Оның ішінде жаңа технология мен мүмкіндіктермен құрылған жаңа жобалар жасау.
Адамадар жазба жұмыстарын бастағанға дейін көп жылдар бойы сурет сала бастады. Сібірде, Теміртаулы Алатау жерінде 34 мыңнан аса аса суреттер табылған. Жартастың суреттері жердің және көмірдің былғары терісімен, жіңішке таяқшалардың көмегімен жасалған.
Содан бері мыңдаған жылддар өткен соң, жазу мен кітап басып шығару пайда бола бастады. Адам атом ядросының энергиясын игерді және ғарышқа шықты, сонда сурет салу техникасында не өзгерді? Суретшінің қабілетіне қарай көздің, қолдың құралдары ретінде қарындаш, фломастер, қылқалам пайда болды.
Міне енді, есептеуіш техника да пайда болды. Өмірге қажетті қиын математикалық есептерді шешуді, автоматтандыру сияқты қолданысқа ене бастады.
Үлкен калькуляторлардан шыққан компьютерлер күтпеген жерден қосымшасыз тез артып келе жатқан интеллектуалды құралға айналды. 1960 жылдың бас кезінде жаңа аймақты интерактивті графикалық машина пайда болды, онда компьютер графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін ғана емес, сонымен қатар пайдалану үшін іске қосылды.
Қазір қуатты компьютерлердің пайда болуымен қатар компьютерлік өнерде өздерінің істерін ары қарай іске асырғысы келетін адамдардың саны едәуір өстіжәне айтарлықтай өсіде.
Сурет салуды ұнатпайтын баланың болуы мүмкін емес. Компьютер көмегімен нәтижелерді оңайырақ қолдануға және басып шығаруға болады.
Компьютерде жасайтын суретші бұл құралдарды жақсы таңдайды.
Жұмыстың мақсаты:
-
Компьютерлік графика түрлерімен танысу, ерекшеліктерін ажырату. Оның адам өмірінде алатын орны мен қолдану салаларын анықтау;
-
Информатика сабағында 3D модельдеу графикалық Sketch Up редакторын ақпараттандыру және практикалық мүмкіндіктерді қолдануды зерттеу.
Міндеттері:
-
Компьютерлік графиканың негізгі түсініктерімен таныстыру;
-
Таңдау тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау;
-
MS Power Point қолданысының презентациясын құру.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Компьютерлік графиканың тарихы.
Компьютерлік графика бастапқы кезеңде қазіргі кездегі жағдайға қарағанда әлдеқайда болды. Компьютерлік графика сол жылдары дамудың бастапқы кезеңінде болды және қарапайым контурларды ғана шығара алар еді. Компьютерлік графика идеясы бірден алынбады, бірақ оның мүмкіндіктері жылдам өсті және бірте-бірте ақпараттық технологиядағы ең маңызды позициялардың біріне иелене бастады.
Компьютерлерден кескіндерді шығаруға арналған дисплейді қолдануды алғашқы ресми тану әрекеті 1959 жылы Массачусетск техникалық университетінде Whirlwind-I машинасы жасалды, осылайша компьютер пайда болды.
«Компьютерлік кескіндеме» терминін 1960 жылы Boeing компаниясының қызметкері У. Феттер ойлап тапты.
Алғашқы және ең нақты бағдарлама Дж. Уитни атымен байланысты болды. Ол 50-60 жылдары киноөндірісінде тақырыптар жасау үшін компьютерді пайдаланды. Келесі кезеңде 1961 жылы Айвэну Сазарленду адамдарға арналған бағдарлама жасады. Бағдарламаға экрандағы қарапайым суреттерді салу үшін жеңіл қалам пайдаланған. Алынған суреттерді сақтауға және қайта қалпына келтіруге болады. Негізгі графикалық примитивтердің шеңберін кеңейте отырып нәтиже сызықтары мен өлшемдерін орналасуын көрсететін тіктөртбұрыш енгізілді.
Алғашқы кезде компьютерлік кескіндемелерде жұқа сызықтардан құралған векторлық кескін болды. Бұл мүмкіндік компьютерлік дисплейді техникалық іске асырумен байланысты болды. Келешекте кескіндемені экранда кеңінен қолданылуын біртекті элементтер матрицасы түрінде жасалды.
2.2. Компьютерлік графика
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
|
|
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
|
|
|
|
Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың (систем автоматизации проектирования-жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.
|
|
|
|
|
|
Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
2.3. Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
|
|
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
|
|
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
|
|
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
|
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
|
||
|
Салыстыру критерийлері |
Растрлық графика |
Векторлық графика |
|
Кескіндерді ұсыну әдісі |
Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. |
Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді. |
|
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі |
Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. |
Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді. |
|
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі |
Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. |
Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. |
|
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері |
Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. |
Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады. |
|
|
-
3D - Үш өлшемді
графика.
Компьютер технологиясының дамуының арқасында суретті салуға арналған Corel Draw және Photo Shop т.б. программалар пайда болды.
Қолмен салынған текшені басқа жағынан көру үшін суретті қайта қалуымыз керек. Ал графикалық редактор арқылы суретті қайта салмай-ақ қалаған жағдайда көре аламыз: бұрамыз, жөндейміз, өлшейміз, үлкейтеміз, кішірейтеміз т.б. Суретті қағазға салуда 2 өлшемді жұмыс алаңымен (Demension-мөлшер мен өлшеу) жұмыс істейміз. «Demension» сөзінің қысқарған түрі. Бұл жерде өлшемдер ретінде биіктік пен ен алынады. 2D графикасы түсінуге және сызуға оңай, дәл қолмен сурет сызғандай болады. Бұл оның ең негізгі артықшылығы болып табылады.
3D графикасы 2D-ға қарағанда биіктігі, еніне қоса тереңдігі де есепке алынады. 3D графикасы үш өлшемді фигуралар кескінін сызуға арналған. 3D графикасында бейне салынбайды, құрастырылады. Себебі, оның көмегімен кеңістіктегі көлемді фигуралар тұрғызылады. 3D графика арқылы модельдердің көптеген түрін жасауға болады. Оның көмегімен бір рет жасалған модельдерге өзгерістер енгізуге, толықтыру жасауға, түрлі нысандардың визуалды ортада кескінін мүмкіндігінше шынай бейнесін беруге болады.
3D модельдеу соңғы жылдары қарқынды дамып, кең ауқымды қолданысқа енді. 3D модельдеу жүйесі кино, мультипликация, жарнамалық роликтер дайындау, ойын және түрлі презентациялар жасау, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген т.б. қолданылады.
Бүгінгі кезде 3D модельдеу программалары көп. 3D модельдеуде ең алғашқы кезең фигураларды бөлшектеп салудан басталады. Бұл кезеңде дайын блған фигуралар, 3D модель деп аталады. Бұл модельдердің әзірге түсі, қозғаласы болмайды. Барлық бейнелер сұрақшыл бейнеде болады. Модельдерді жасау үшін 3D программалар қолданылады. Кез келеген фигураны бір-біріне қосу, кесу, деформациялау сичқты кең көлемді мүмкіндіктер осы программада колданылады. Модельдерді жасау модель жасаушының шеберлігіне ұшқыр қиялы мен тәжірибесіне тәуелді болады.
3.1. Sketch Uр программасының интерфейсі және ерекшелігі.
3D моделін жасау үшін жасау
үшін 3D модельдеу программасын білу керек. Ол үшін Sketch Up
программасын таңдаймыз. Sketch Up прораммасы америкалық @Last
SoftWare фирмасының 1999 жылғы жасап шығарған компьютерлік өнімі.
2006 жылға дейін бұл программаның 5 нұсқасы жасалды. 2007 жылы
Sketch Up программасын Google корпорациясы сатып алып, оны дамыта
отырып, Sketch Up 6 нұсқасы жасалды. Sketch Up меңгеруге оңай,
жұмыс жасауға қолайлы, интерфейсі осы тәрізді программаларға
қарағанда әлдеқайда жеңіл графиктік программа. Sketch Up-
(Sketch-эскиз, Up-жоғары).
Sketch Up прораммасының терезесі.
Программаны іске қосу үшін «Пуск-Программы-Sketch Up» команда қатарын орындаймыз.
Sketch Up терезесінде көрсетілген құралдар программаның стандартты құрал саймандарына жатады. Программа терезесіне басқа құралдарды да орналастыруға болады. Ол үшін «Вид (түр)-Панель инструментов (құралдар тақтасы)-Расширенная (кеңейген)» командасын орындасақ, программа терезесіне керекті құралдардың кеңейтілген түрі шығады.

3.2. Sketch Up программасында пайдаланатын негізгі құралдар
-
Выбор
(таңдау) – қызметі керекті қүралдарды
немесе нысанды таңдайды. Бірнеше нысанды бірден таңдау үшін Shift
пернесін басамыз.
-
Компонент – таңдалған нысандарға
компоненттер таңдайды.
- Палитра
(бояу) – құрастырылған нысанды
бояйды.
-
Ластик
(өшіргіш) – құрастырылған нысанның
керексіз сызықтарын өшіреді.
Сызу құралдары.
- Прямоугольник
(Тіктөртбұрыш) – аты айтып тұрғандай
тіктөртбұрыш сызады.
-
Линия
(Сызық) – нысандардың бастапқы
сұлбасын сызуға арналған сайман.
- Окружность
(Шеңбер) – шеңбер сызуға арналған
сайман.
- Дуга (Доға) – нысан
құрастыруда доғалар сызуға қолданылады.
-
Многоугольник
(Көпбұрыш) – нысанға көпбұрыштар
кірістіруге арналған сайман.
-
Қолмен
сызу – нысанды қалам көмегімен
сызуға мүмкіндік береді.
Модификациялау құралдары – сызбаларды сызбаларды 3D-ға өткізетін негізгі құралдарға жатады.
-
Перемещения (Орын
ауыстыру) – кез келген нысанның орын
ауыстыруға пайдаланылады. Егер Ctrl пернесін басып тұрып
жылжытсақ, онда нысанның өзі орнында қалып, көшірмесін
жылжытады.
- Тяни/толкай (Созып
тарт) – нысандарға үш өлшем беретін
құрал. Таңдаған екі өлшемді фигураны тартып созғанда, жоғарыда
пайда болады.
-
Вращения
(Айналдыру) – нысанды толықтай айналдыра
отырып ауыстырады немесе белгілі бір бөлігін айналдырып
көрсетеді.
- Следуй за мной (Менімен
жүр) – Тяни/толкай құралының жетілген
түрі десек болады. Нысандарды белгілі бағытқа
бұрады.
-
Масштабирование
(Масштабтау) – нысанның өлшемдерін немесе
пропорциясын өзгертеді.
- Контур
(Контур) – ерекшеленген аймақты ішке не
сыртқа тартады.
Редакторға кіріктірілген нысандар.
Әр түрлі программалардың өнімін тартымды көрнекі етіп жасалуын қамтамассыз ететін нысандар болады. Мысалы, мәтіндік редакторға мәтінмен дыбыс, анимация, сурет, диаорамма, автофигуралардың нысандарын енгізуге болады. Міне осындай нысандарды программаға енгізетін ішкі, стандартты программа модульдерін кіріктірілген нысандар деп атайды. Мұндай ішкі программалар Sketch Up-та да бар. Sketch Up программасында программасында 3D моделін құру үшін құралдар көмегімен құрастырылған модельді мүмкіндігінше шынайы нысанға ұқсату үшін кірістіру, бояу, шаблонға салуды кіріктіре отырып қолданады.
Sketch Up программасының мәзіріндегі «Окно» бөліміндегі «Материалы», «Компоненты» және «Стили» диалогтік терезелерінің қызметтеріне тоқталайық.

«Материалы» модулі.
Аталған модуль арқылы құрастырылған модельді бояуға, нысанның сыртқы бейнесін табиғи көрінісіне сәйкестендіруге болады. Мысалы. Үйдің моделін құрастыру үшін үй қабырғаларының материалын (үй қабырғасы кірпіш болатын болса, «Кирпичи облицовка», ағаштан болатын болса, «Древесина» таңдау керек. Ал үйдің төбесін жасау үшін «Кровля» бөлімінен «Металическая» немесе «Шиферді» таңдауымызға болады.

«Компоненты» және «Стили» модулі.
«Компоненты» модулінің көмегімен дайын нысандарды программаға кірістіруге болады. Іздеу жолағының көмегімен 2D немесе 3D модельдердің дайын сұлбасын ғаламтордан тауып, көшіріп алуға болады. Көшіріп алынған көмпоненттерді қайта өңдеуге және толықтырып қайта құрастыруға болады.
«Стили» модулі көмегімен құрастырылып жатқан нысанның бейнелену стилін өзгертуге және түсін өзгертуге болады. Суреттен көріп тұрған түстердіне бөлек, өзіміз қалаған түстерді де қоюға болады.

-
Практикалық бөлім.
4.1. Сауалнама қорытындысы
Жұмысымды бастамас бұрын менде бір сұрақ туындады: «Шақаман ЖОББМ—нің оқушылары мен мұғалімдері компьютерлік графиканы қолданып көрді ме?» Осы сұрақтың жауабын білу үшін мен оқушылар мен мұғалімдерден сауалнама алдым.
Шақаман ЖОББМ-нің мұғалімдерінің компьютерлік графиканы қолдануы.
Сұрақтары:
-
Компьютерлік графиканы қолданасыз ба?
-
Қандай мақсаттарды компьютерлік графиканы қолданасыз?
-
Компьютерлік графикада қандай программаларды қолданасыз?
-
Күнделікті өмірде пайдаланылатын заттардың, көліктер мен ғимараттардың, құрылыстардың шынай бейнесін алу үшін компьютердің қаншалықты көмегі бар?
Сауалнамаға барлығы 6 мұғалім қатысты.
Қорытынды:
100% компьютерлік графиканы қолданады.

Шақаман ЖОББМ-нің оқушыларының компьютерлік графиканы қолдануы.

Сауалнамаға жоғарғы буын сыныптары қатысты.
Қорытынды: 100% компьютерлік графиканы қолданады.

Бұл барлығы компьютерлік графиканы қолдану салалары. Осы салалар арқылы жас өспірімдер өз білімдерін тереңдетуге қадам басып келеді. Қазіргі таңда компьютерлік графика адам мен копьютер арасындағы негізгі байланыс құралы болып келеді. Зерттеу жұмыстарымның барысында компьютерлік графиканың қаншалықты маңызды сала екенін байқадым, мұғалімдерге құжаттарды рәсімдеуде, интернет желісінде сайттың дизайнын жасауда тиімді.
Менің зерттеу жұмысымның келесі сатысы ол, Sketch Up программасында 3D графикалық нысанын құрастыру.
-
3D модельдеу графикасында мектеп макетін
құрастыру алгоритмі
-
Sketch Up программасын ашу;
-
Программа терезесі ашылғаннан кейін «Прямоугольник» батырмасын басамыз. Жұмыс алаңындағы «Сүйеніп тұрған адам» координаталық сызықтардың басына меңзердің ұшын қойып, тіктөртбұрыш сызу;
-
Тяни/толкай батырмасын баса отырып, тіктөрбұрышты созу арқылы, көлемді фигура сызу;
-
Мектептің шатырын жасау үшін «Сызық» құралын пайдаланамыз және Тяни/толкай батырмасын баса отырып, тіктөрбұрышты созу арқылы, көлемді фигура сызу;
-
Мектептің терезесін құрастыру үшін «Таспа шарасы (Рулетка)», «Прямоугольник» және «Контур» (Контур), «Сызық» құралдарын қолдану;
-
Шыны жасау үшін «Заливка» батырмасын басып, «Материалы-Светопроницаемые-Стекло-синее» командалар тізбегін орындау;
-
Есік құрастыру үшін «Прямоугольник» (Тіктөртбұрыш) және «Контур» (Контур) батырмасын басу;
-
Мектеп алдына баспалдақ құру үшін «Прямоугольник» (Тіктөртбұрыш), Тяни/толкай батырмасын басу;
-
«Окно – Материалы (Терезе-Материалдар)» командасының көмегімен модульді іске қосамыз. Пайда болған диалогтік терезе арқылы параллепипед қабырғаларын кірпішпен қаптау;
-
Метептің төбесін «Кровля» бөліміндегі «Черепицамен» қаптау;
-
Дайын мектеп макетін сақтау.
-
Қорытынды

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындаса, компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Сондықтан компьютерлік графика біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып қалуда. Қазіргі IT технология заманында қарапайым геомертиялық фигуралардан бастап, күрделі конструкторлық техникаға дейін жасап шығаруда үшөлшемді графиканың орны ерекше болып келеді.
Графиктік редакторлар тек кәсіби мамандарды ғана емес қарапайым пайдаланушыларды да қызықтыруда. Өйткені графиктік редакторлар математикалық және компьютерлік білімді,бағдарламалау тілдерін өте көп қажет етпейді. Редакторлар түрлерін ғылым мен іскерлік әлемде, кәсіби суретшілер мен т.б салаларда қолданылады. Қорыта келе, сөзімді ұлы ғалымның айтқан ойымен аяқтағым келеді: Ақпарат деген үлкен мұхитта жүзу мен дұрыс бағыт таба білу және де өзінің кәсіби іскерлігінде дұрыс пайдалана білу заманауи адамның белгісі. Қазіргі 21 ғасырда компьютерлік графика информатиканың жылдам қарқынмен дамып келе жатқан саласының бірі , әрі бірегей – көшбасшы.
-
Қолданылған әдебиет
-
«Информатика» 7 сынып, «Алматыкітап баспасы», 2017;
-
«Информатика» 10 сынып «Арман-ПВ» баспасы, 2014;
-
Іздеу жүйелері:
-
Интернет ақпарат көздері:
-
Stud24.ru
-
Bilimsite.kz/informatika/
-
Infourok.ru
-
www.informatica.ucoz.kz
23
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба "Компьютерлік графика мүмкіндіктері"

шағым қалдыра аласыз