жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба "Күн энергиясын пайдалану" 9 сынып
Авторы: Сатылганова Кулайхан Ажикуловна
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
«№48 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» МКМ
Тақырыбы: «Күн энергиясын пайдалану»
Мазмұны
Түйіндеме
Кіріспе
1. Теориялық бөлім
1.1. Күн – энергияның аса қуатты көзі.
1.2. Жылулық – сәулелік қондырғылар.
1.3. Күн батереялары
1.4. Энергияның балама көздері
1.5.Күн энергиясын пайдалану және оның тиімділігі
2. Практикалық бөлім Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Түйіндеме
Халық санының жедел өсуі мен ғылыми – техникалық прогресстің қарқынды дамуы, айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудырумен қатар, энергетикалық ресурстардың таусылу тапшылығына әкеліп соқты. Адамдардың материалдық деңгейі, тіпті рухани мәдениетінің өзі энергия шамасына тікелей тәуелді болды. Ел болашағының ертеңі – білімді физологиялық жағынан қуатты, жұмысқа қабілетті, өмір сүруге бейім ұрпақ тәрбиелеу. Экологиялық жағынан таза энергия көздерін пайдалану және оны еліміздің энергия байланысына енгізу халық шаруашылығының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Күн энергиясын пайдалану есебінен энергияның қосымша көздерін зерттеу маңызды бағыт болып табылады.
Аннотация
В данное время изучении дополнительных источников энергии использований солнечные энергия считается самым главным направлением. Последнее время весь мир пользуется большим количеством энергии. Ближайшие десятилетие невозможно развивать производства энергии, используя органическое топлива. Это связано тем что запас органического топлива ограничен и загрязняет окружающую среду. Использование экологически чистого ресурса энергии и ведение в производство, и народное хозяйство-это задача, которая будет выполнена обязательно.
В данное время защита атмосферы земли от парниковых газов (углерод, окись азота, пар-вода) становится очень острой проблемой.
Annotation
The Longing to perfect need humanity, by means of management natural resource and developments new type to industry causes the greater ecological problems surrounding ambiences.
One of the aims of ecology is source of clean energy and their using and attending in home industries. Source of that energy is wind, san, hydro energetic, which are safe.
There is a project of creamy may by use in a future in Kazakhstan. To know by experience most of schools, hospitals, farms can by provide with sun energy. Power of sun energy can by located along in a cafe, farms which arise a far of the rood.
«Бүгінгі ғасыр – білім мен ғылым ғасыры»
Н .НАЗАРБАЕВ.
Кіріспе
Бүгінгі күнде адамдардың тұрмыс тіршілігі табиаттағы басқару арқылы, жақсартуға ұмтылу және жаңа өндірістерді дамытудың салдары айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудыруда. Адам баласына кейінгі кезде энергия жетпейді. Мұнай үшін кейбір мемлекеттер бір-бірімен жауласып жатса, ал кейбіреулері экологиялық дағдарысқа, құлдырауға ұшырайды екен.
Жаңартылатын энергия көздері. Қазақстанның электр энергетикасын дамыту және экологиялық проблемаларын шешудің басым бағыттарының бірі жаңартылатын энергетика ресурстарын пайдалану болып табылады. Қазақстанда жаңартылатын энергетика ресурстарының әлеуеті (су энергиясы, жел және күн энергиясы) аса маңызды. Қазақстан Республикасының Президенті «Нұр-Отан» ХДП партиясының кезектен тыс XII съезінде «Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы біздің болашағымыз үшін» сөйлеген сөзінде маңызды бағыт жаңартылатын энергия көздерін желдің күші мен күн сәулесін пайдалану есебінен дамыту болып табылатынын атап көрсетті.
Қазақстан аумағы үшін жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлері: шағын су электр станциялары; күн жылу және электр энергиясын өндіруге арналған күн қондырғылары; жел энергетикасы неғұрлым перспективалы.
Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша бірнеше шараларды көздейтін «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2009 жылы 4 шілдеде қабылданды.
Бүкіл әлем бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану өсіп келеді.
Соңғы жылдары бүкіл әлем энергетикалық қуаттардың тапшылық проблемасын айқын сезіне бастады. Осыған байланысты мұнай мен газдың бағасы жылдан-жылға тұрақсыздануда. Әлемнің көптеген елдері осы тығырықтан шығу мақсатында баламалы қуат көздерін қарастыруда. Қазіргі уақыт талабы - ғылыми техникалық прогрестің үздіксіз дамуы. Сонымен бірге, техникалық прогрестің қоршаған ортаның ластануымен қоса жүретінін ұмытпағанымыз жөн.
Ал менің ұсынысып отырған ғылыми жобамның мақсаты- туындаған
проблеманы шешудегі энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – күн энергияларын пайдалану.
Жұмыстың мақсаты: келешекте аса маңызды роль атқаратын энергияның дәстүрден тыс көздерін дамыту арқылы «Жел күші мен күн сәулесін пайдалану есебінен энергияның қайта жаңғырту көздерін дамыту маңызды бағыт болып табылады» - деп Н.Назарбаев атап өткен. Күн әлемнің көптеген бөліктерінде үздіксіз тұратын әрі арзан, әрі мол энергетика көзі екендігін зерттеу.
Зерттеу нысаны: Күн электр стансаларын өндіру көздері күн электр стансаларының тұратын орнын белгілейді және олардың өнеркәсіп пен өндірістің дамуына, тұрмыс жағдайының жақсаруына тигізетін әсерінің орасан зор екендігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының болжамы: тұтыну көлемінің өсуіне байланысты қазіргі энергетикалық қорлардың азайуы энергетиканың жаңа көздерін іздеуді қажет етеді. Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануда қолайлы болып табылады.
Жыл сайын күннің түсу ұзақтығы 2200-3000 сағат болса, күн энергиясының көлденең жазықтыққа түсірген қуаты 1280-1869 кВт сағ/м² екен. Ал шілде айында 1м² келетін көлденең жазықтыққа түсіретін энергия бір күнде 6,4 тен 7,5 кВт-қа өседі. Ал энергетикалық есептеулерге жүгінсек, Күннің Жерге беретін энергиясы, барлық қор көздері беретін энергиядан 5000 есе асып түседі екен. Күн энергетикасының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Күн батареялары қатты зат кремний материалынан жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегінен кейін екінші орындағы ең көп таралған элементтердің бірі болып табылады.
Фотоэлектрлік станциядағы 30 жылғы 1кг кремний өндіретін энергия, жылу электр станциясындағы 75 тонна мұнай жұмсап өндіретін энергиямен пара-пар. Сондықтан кремнийді 21 ғасырдың мұнайы деп атаса да болады. Күн батареяларының отыны тегін күн сәулесі болып табылады. Ал ерекшеліктерін атасақ, бұл қолданылу мерзімінің ұзақтылығы (30 жыл және одан да көп), олар жөндеуді қажет етпейді, себебі оның механикалық детальдері қозғалмайды, экологиялық таза, жұмыс істеу барысында шуы да естілмейді.
1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір
60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде. Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері-жер асты пайда қазба қорлары - мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады?
Пайдалы қазба қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да қарқындап өсуде. Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы нәтижесінде 23 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 13%-ке өсті, соның салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градусқа мөлшерден тыс жоғарылап, мұздықтар еріп, соның салдарынан Дүниежүзінің мұхиттық деңгейі көтеріліп, табиғатта түрлі апаттар болып жатыр. 1980 мен 2004 жылдардың аралығында жер бетінде 14500 табиғат апаттары тіркеліпті, осы апаттардан миллиондаған адамдар қаза болды. Дереу проблеманы шешетін амал табу керек. Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды. Ол сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады. Оған жел, күн энергиясы, геотермиялық энергия, биомасса, су ағынының энергиясы, мұхиттардағы тасу мен қайту кезіндегі судық көтерілуінен болатын энергиясы жатады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиялық таза. Бұларды пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды.
Күн энергетикасын дамыту міндеттері күн батереялар стансасын салудың толып жатқан артықшылықтары бар, ол елдің шикізат қорын сақтауға мүмкіндік береді. Елдің экономикасын дамыта түсуге, қосымша инвестиция тартылып жаңа жұмыс орындары ашылуы, күн энергетикалық саланы дамыту – жұмыстың мақсаты мен міндеті болып табылады.
Энергия тұтыну адамзат тіршілігінің міндетті шарты болып табылады. Сондықтан адамдар ертеден күн энергиясын тиімді пайдалану жолдарын қарастырды. 1839 жылы Александр Эдмон Беккерель фотогальваникалық әсерді ашты. 44 жылдан соң Чарльз Фриттс күн энергиясын қолданатын алғашқы құрылғыны құрастырды. 1883 жыл күн энергетикасы дәуірінің туған жылы болып есептеледі.
Қазiргi заманғы қоғамда мемлекеттердiң индустриялық дамуының деңгейi олардың ресурстық мүмкiндiктерiмен және технологиялық қайта өңдеудiң төменгi деңгейлi өнiм өндiру мөлшерiмен ғана емес, технологиялық тұрғыдан ғылымды қажетсiнетiн, озық салалардың даму дәрежесiмен де анықталады.
90-жылдардың басынан бастап энергетикалық және экологиялық проблемалардың өсуiне байланысты экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердiң үкiметтерi күн энергетикасын дамытуға елеулi қаржы сала бастады.
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. Күн – энергияның аса қуатты көзі.
Күннің ғаламшараралық кеңістікке шығаратын бүкіл энергиясының Жер атмосферасы шекарасына жуықтап алғанда екі миллиардтан бір бөлігі жетеді. Жер бетіне түсетін Күн энергиясының үштен біріне жуығы шағылысып ғалам- шараралық кеңістікке тарайды. Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Күннің орташа темпе- ратурасы 8·106 К-ге жақын, ал Күн бетінде 6000 К-ге тең. Неғұрлым дәл есептеулер Күн центріндегі температура 15 млн Кельвинге жететінін көрсетті. Оның ядросының түйреуіштің басындай бір түйірін Жер бетіне орналастырар болсақ, бұл «шағын пешке» 140 шақырымнан артық жақындай алмаған болар едік! Күн әр секунд сайын жүздеген миллион ядролық бомбаның жарылысына тең энергия бөліп шығарады. Күннің ірі болғаны соншалық, оның ішіне біздің Жеріміз сияқты 1 300 000 планета сиып кете алады. Күннің бір килограмм затының бір секундта шығаратын энергиясы, бір қарағанда 2·10-4 Вт/кг – ға тең, бұл шама көп емес, ол шамамен бір килограмм шіріген жапырақтардан шыққан жылу мөлшеріне тең. Бірақ жапырақта жинақталған химиялық энергия осылай- ша энергия бөлгенде, бір жылға әзер жетеді.
Қазіргі мәліметтерге қарағанда Күн 5 млрд жыл шамасында өмір сүрді, бұл уақыт оның жарықтығы пәлендей өзгерген жоқ, Күн затының ішкі энергиясын-дағы қор әлі миллиардтаған жылдарға жетуге тиіс. Күннің жарқырауын 4·102Вт деп және жарқырау өмірінің ұзақтығын t=5·109 жыл = 1,5·1017 с екенін біле отырып, Күннің осы уақыт аралығындағы энергиясын жеңіл табуға болады:
4·1026 Вт ·1,5·1017с = 6·1043Дж.
Осы энергияны Күн массасына бөлу арқылы бұл уақыт ішінде оның Күн затының әрбір килограмының 3·1013 Дж энергия бөлгенін табамыз. Ең калориялы химиялық жанармай- бензиннің жанғандағы салыстырмалы жылуы 4,6·107 Дж/кг-ға тең, 1 кг Күн заты бөлген ішкі энергиядан едәуір аз. Күн жарық шығаруын демеп ұстап тұрған жалғыз тиімді энергия көзі – сутегі ядроларынан гелий атомдарының ядролары пайда болғанда (синтезделгенде) бөлінетін термоядролық энергия. Есептеулер массасы 1кг сутегінен термоядролық реакция синтезі кезінде массасы 0,99 кг гелий түзілетінін және 9·1014 Дж-ға жуық энергия бөлетінін көрсетті. Егер осы шаманы Күннің 5 млрд жылдық ғұмырындағы әрбір килограмм сутегі бөлген энергиямен 3·1013 Дж салыстырсақ, ондағы қалған сутегі 150 млрд жылға жетуі тиіс болады. Бірақ синтез реакциялары оның барлық массасының шамамен оннан бір бөлігі болып табылатын Күн ядросында ғана жүретіндіктен ядролық отын қоры әлі 10 млрд жылға жетеді.
Kүн салмағы ыстық газдардан тұратын, айналасына жылу және сәулесін түсірген бір жұлдыз болып қабылданады. Күдіксіз, өте күшті жылуға ие. Күннен шыққан энергияның тек 2 миллионнан бір бөлігі жер шарына жете алады. Күннің жылуы 8,5 минутта жер шарына жетеді. Үш күндік түскен күн жылуы дүниедегі барлық мұнай, көмір және ормандардан алынатын энергиямен тең. Күннің құрамы түгелімен сутек пен гелийден тұрады. Сутек мөлшері 75 пайыз болып табылады. Күннен келген жылу және жарық сутегі протондарының бірігіп гелийге айналуы және осы айналу барысында салмағын жоғалтқаны үшін пайда болады. Мұны термоядролық реакция деп атайды. Ортаға шыққан энергия өте үлкен. Секундына 600 миллион тонна сутек гелийге айналады. Осы кезде әр секунд сайын күн 4,5 миллион тонна жеңілдейді. Күндегі ядролық реакция нәтижесінде қызыл бір алау 15-20 мың км-ге көтеріледі. Бұл оқиға күннің бораны деп аталады Барлық осы оқиғалардан соң күннің жайылуы секілді қауіпте ойланатын жайт.
Күн энергиясы- ең қуатты энергия көзі. Күн сәулесінің толық қуаты 4,10 млрд кВт болып есептелінеді. Жер бетінің күн сәулесіне тік орналасқан әрбір шаршы метріне 0,35 кВт , ал жалпы бетіне 1,4 кВт күн радиациясы түсетіндігі анықталған. Әрине, бұл келтірілген цифрлар күн энергиясын пайдалануды зерттеудің қажеттілігін дәлелдейді. Дүние жүзінде күн энергиясын электр энергиясына түрлендірудің бірнеше бағыты зерттеліп отыр.
1. Термодинамикалық цикл арқылы күн энергиясын электр энергиясына айналдыру.
2. Фотоэлектрлік әдісті қолдану.
3. Жартылай өткізгіш генераторларын пайдалану.
Әлемнің қай жерінде өмір сүрсек те ғаламшарымызды құтқаратын әр түрлі таза энергия жобасын қолдап шығуымыз керек.
1.2. Жылулық – сәулелік қондырғылар.
1.2.1. Коллектор.
Күн энергиясын ішкі энергияға айналдыруды қалай жүзеге асыруға болады? Бәрімізге белгілі күн сәулесі денеге өткенде жұтылады, кері жағдайда жұтылған энергия қоршаған ортаға сәулесін шығарады (сәулеленеді). Біздің жағдайымызда осы энергияны пайдалану мақсаты көзделіп отыр. Күн энергиясын тұтынатын қарапайым қабылдағыштың, яғни жазық күн коллекторының жұмысы осы принципке негізделген. Жазық күн коллекторы жұқа пластинадан тұрады. Ол жылу өткізбейтін және жұтылу қабілеті жоғары материалдан жасалынады. Сәуле пластинаға түскенде температура 70°С-қа дейін өседі (жаз айларында).Жетілдірілген жаңа түрін селективті жұтылдырғыш деп атайды. Металл пластинаға жұқартып никель оксидін немесе мыс қабатын жалтыратып өңдеп қаптайды. Бұл кезде Е жұт/ Е шығ = 9, ал температурасы 154°С-қа шейін көтеріледі екен. Селективті жұтылдырғыштың кемшілігі шаң-тозаңға сезімтал, сондықтан көп қолдануға тиімсіз. Ал оның жұмысын жақсарту мақсатында оның сыртын шыны немесе таза пластмассамен қаптайды. Бұндай қабаттан жасаған коллектор күн сәулесін жақсы өткізіп қана қоймай, энергия шығынын азайтады екен, ал температурасы 194°С-қа шейін барады.
Жазық коллектордың мысалы ретінде Күн бассейнін алуға болады. Бассейннің резервуарының 50 м² ауданын сумен толтырып, бетін жұтылу қабілеті жоғары материалмен қаптаймыз. Осындай бассейнді әрі арзан және көп күн энергиясын тұтынатын жылуқабылдағыш ретінде пайдалануға болады.
Енді біз аурухана, үйлерді жылыту, ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін жылулық сәулелік қондырғылардың конструкцияларымен таныстырайық. Айналып жүретін сужылытқыштың жұмыс істеу принципі суретке айқын бейнеленген.
Суық су жұтылдырғыштың ішкі беткі қабатынан өте отырып, күн сәулесінің әсерінен қызады. Су қоймасының жоғары жағынан ыстық су алынса, ал төменгі жағына суық су беріледі. Осындай сужылытқышты өз қаламыздың кейбір үйлерінен көруге болады.
Сурет-1
Қарапайым күн коллекторы ғимараттардың шатырына орнатылған құбырлар немесе металдан жасалған пластина арқылы күн сәулесін жинақтайды. Әдетте оларды қара түске бояп қояды, оның себебі, қара түс өзінің спектрлік қасиетіне орай жарықты және жылуды өзіне жақсы тартады. Жылу мөлшерін көбейту үшін құбырларды көбінесе шыны конустарға орнатып, сәл оңтүстікке бұрып қояды. Немесе басқаша айтсақ, күн коллекторлары бұл жылыжайлардың шағын үлгісі (екеуінің жұмыс істеу принципі ұқсас), шыны астында жылу жиналады да, кейін ол суды жылытады. Ал, түсетін сәуленің мөлшері арту үшін коллектордың ауданы үлкен болғаны тиімді.
Қолданысына қарай коллекторлар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, коллектор күннен алған жылуды тұрмыстағы суды жылыту үшін немесе үйдегі орнатылған су жылытқыштар үшін судың бастапқы температурасын көтеру үшін пайдаланылады. Яғни, егер тұрмыстағы краннан ағатын су температурасы 300°С болса, коллектор арқылы оны 700 -900°С температураға дейін көтеруге болады.Осы бере алатын температурасына қарай коллекторлар былай жіктеледі:
Аса жоғары температураны қажет етпейтін жерлерде, көбінесе бассейндердегі суды жылыту үшін төменгі температуралы коллекторлар пайдаланылады. Олардың бере алатын температурасы 500°С - ден аспайды.
Орта деңгейлі коллекторлар арқылы 500 0С-ден жоғары температураны алуға болады (600-800°С). Әдетте, бұл шыныландырылған жалпақ коллекторлар, мұнда жылу тасымалдағыш қызметті сұйықтықтар атқарады. Орта деңгейлі коллекторлардың тағы бір түрі концентраторлы коллекторлар. Аты айтып тұрғандай олар күн сәулесін ұзақ жинақтап барып, жоғары жылу бере алады. Осы коллекторлардың бір түрі - вакуумды күн коллекторы. Ол көпшілік жағдайда тұрмыста суды жылыту үшін қолданылады.
Мысалы, біз ыстық сумен қамтамасыз ететін мекемеге коммунальды шығын мөлшеріміз адам баласына шаққанда 3м³ ыстық су жұмсалады деп есеп береміз, 100 л суды қыздыру үшін күн коллекторы қамтитын аудан 2-3м² болу тиіс.
Жер шарының көптеген ендіктерінде тұщы судың жеткіліксіздігінен көптеген халықтар су тапшылығының азабын тартуда. Осы мақсатқа негізделген теңіз суын тұщы суға айналдыратын аппараттың жұмыс істеу принципіне тоқталайық. Онша терең емес резервуарды (су қоймасын) теңіз суымен толтыр- амыз. Жылуқабылдағыш (коллекторды) көлбеу қоямыз, күн сәулесінің әсерінен судың температурасы күрт өсіп булану процесі жүреді. Төменгі жұқа қабаттан конденсацияланып тамшы болып су тұщыландыратын қабылдағышқа түседі .
Сурет-2. Күн энергиясын пайдалану жобасы.
1-су жылытқыш – коллектор;2- ыстық су жинақтаушы бак;
3- инвентор, 4 - есептегіш.
1.2.2 Концентраторлар
Жинағыш линзаның фокусына күн сәулесін жинақтау арқылы қағазды жандыруға болатынын бәрімізге бала кезден белгілі, ал линзадан жасалатын гелиоконцентраторлар өндірісте қолданбайды, себебі линза дайындау технологиясы қиын және салмағы ауыр болып келеді. Қазіргі кезде ойыс сфералы айна қолданады, егерде күн сәулесін ойыс айнаның фокусына бағыттасақ, күшті сәулелер ағынын туғызады. Ойыс сфералы айна гелиоконцентратордың негізі деп атайды. Егерде айнаның фокусына суды қоятын болсақ жылығанын байқай- мыз. Концентраторлардың айнасын шыныдан немесе жылтыратып өңдеп қаптаған алюминийден жасайды.Тиімділігі жоғары күн сәулелі концентраторлардың формаларына қарап мына түрлерге топтауға болады:
Цилиндрлі параболоид.
Айналмалы параболоид.
Жазық-сызықты Френель линзасы
Ең қуатты күн коллекторлары параболалы табақ тәрізді болады. Оларды электр энергиясын генерациялаушы алып мекемелер пайдаланады, мұнда күн жылуынан тікелей электр энергиясын алады
Күн энергиясын механикалық қозғалысқа түрлендіруге болады. Ол үшін диаметрі 1,5м параболалық айнаның фокусына Стирлинг циклі бойынша жұмыс істейтін динамикалық түрлендіргішті орналастырамыз. Ол тез арада 1кВт қуат алып, 20м тереңдіктен 2м3 суды көтереді екен. Қазіргі кезде күн сәулесін пайдалану арқылы кептіргіш аспаптардың, түрлі қыздырғыштың конструкциялары жасалынған. Көкөніс-жемістерді, дәнді-дақыл өнімдерді, мақта, табак, кірпіштерді осындай аспаптардың көмегімен кептіруге болады. Мысалы, Ташкент қаласында диаметрі 2,05м сфералық айнасы бар концентратор автоматты жүйемен қамтылған. Осы аспаптың көмегімен металл және керамика бұйымдарын балқыту, дәнекерлеуге болады. Гелиоконцентраторлар ғарышкемелердің температурасын арттыру мақсатында және ғарышкеме планетаның көлеңкесінде қалған мезетте қажетті энергия шығынын толтырады. Бұл қондырғы біріккен концентратор қабылдағыш пен жылу аккумуляторынан тұрады. Жұмыс істеу принципіне тоқталсақ, айнадан шағылған күн сәулесінің ағынын қабылдағышқа бағыттайды.. Ішкі энергиясы артып, жылу аккумуляторына түседі, фототүрлендіргіш электр энергиясына айналдырып тұтынушыға жеткізіледі.
Сурет-3
.
Қазіргі кезде Күн энергиясы халық шаруашылығында – гелиотехникалық құрылғылар (жылыжай, саяжай, суқайнатқыш, сужылытқыш, кептіргіш сияқты әр түрлі қондырғылар) өте жиі қолданылады. Ойыс айнаның фокусында жиналған Күн сәулесі ең берік деген металдарды балқытады. Күн электр бекеттерін жасау, үйлерді жылытуда Күн энергиясын қолдану т.с.с. жолында жұмыстар атқарылуда. Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын шала өткізгіштерден құрастырылған Күн батареялары күнделікті өмірде қолданылуда. Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және 2)күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру. Осындай күн сәулесінің энергиясын пайдалануға негізделген гелио- техникалық қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін қарастырайық, ол өте қарапайым, жеңіл де әрі түсінікті.
Гелиотехникалық құрылғылар жылыжайлар
1.3. Күн батареялары (фотоэлементтер).
Күн батареялары – күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Қазіргі уақытта көбінесе фотоэлектрлік түрлендіргіш кеңінен қолданылады. Фотоэлектрлік түрлендіргіште энергияның бір түрден екінші түрге ауысуы біртекті емес жартылай өткізгіш құрылғыларда күн сәулесінің әсерінен пайда болатын фотовольттық әсерге негізделген.
Электр қозғаушы күшін туғызатын және жарық шығару энергиясын электр тогының энергиясына тікелей түрлендіретін жартылай өткізгішті фотоэлементтердің конструкцияларына қысқаша тоқталайық.
Ішкі фотоэффект – сәулеленудің әсерінен жартылай өткізгіштегі еркін зарядтар (электрондар мен кемтіктердің) концентрациясының арту құбылысы. Жарықтандырған кезде атомнан үзіліп шыққан еркін электрондар мен кемтік- тер пайда болуының салдарынан электр өткізгіштік артады. Жартылай өткізгіштердің арасында ЭҚК-не тең потенциал айырымы пайда болады. Мұндай фотоэлементтер ток көздері (күн батареялары) ретінде қолданылады. Күн батареялары кремнийден жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегінен кейін екінші орындағы ең көп таралған элементтердің бірі болып табылады.
Сурет-4. Фотоэлектрлік түрлендіргіш.
Фотоэлектрлік станциядағы 30 жылғы 1 кг кремний өндіретін энергия, жылу электр станциясындағы 75 тонна мұнай жұмсап өндіретін энергиямен пара-пар. 1 кг кремний күн элементінде 30 жылда 300 Мвт сағ электр энергиясын өндіреді. Күн батареяларының отыны тегін күн сәулесі болып табылады. Ал ерекшеліктерін атасақ, бұл қолданылу мерзімнің ұзақтылығы ( 30 жыл, болашақта 50-100 жылға жеткізбек ) олар жөндеуді қажет етпейді, себебі оның механакалық детальдары қозғалмайды, экологиялық таза , жұмыс істеу барысында шуы да естілмейді. Кремнийден жасалған диодтың ерекшелігін ескерсек, оның жоғары шекті температурасы 1500С (ал германий үшін 700С), ал кері ауысудағы токтың шамасы германиймен салыстырғанда 1000 есе кем..
Қуаты 2-3 кВт-тан тұратын кремнийлі фототүрлендіргіш гелиоқондырғыны үйдің төбесіне құрастырып орнықтырады, ол 20-30м2 ауданды қамтиды, ал жылына 2000 кВт-сағат энергия береді. Бұл бізге күнделікті тұрмысқа қажетті энергия шығынын өтеумен қатар, электромобильдердің аккумуляторын зарядтауға болатынын дәлелдеуде. Мысалы, озық елдің қатарындағы Швецария елінде қуаты 1-1000 кВт дейін 2600 кремнийлі фототүрлендіргіш гелиоқондырғылары мен күн коллекторлары орнатылған.
Жаз маусымындағы күн энергиясына өндірілген мөлшерден тыс артық энергия жалпы тұтынушыдағы электр жүйелеріне беріледі. Ал қысты күндері, әсіресе түн сағаттарында энергия тегін гелиоқондырғының иесіне қайтарылады. Бірқатар елдердің күн энергиясын пайдаланудағы тәжірбиелері, бір елдің бүкіл тұрғын үйлерінің электр мұқтаждықтарын қамтамасыз ететінін дәлелдеді.
Фототүрлендіргіштердің ПӘК-і қатты қызған кезде төмендейді, ондай кездерде қондырғының панельдерінің астына вентилляциялық құбырлар орнатады, ыстық ауаны айдау үшін .Қыздырылған ауа коллекторлық аспаптың жылу тасығышының ролін атқарады.
Күн батарея элементінің сызба нұсқасы
Сурет-5 1.Беттік қабат өткізгіштігі П-түрлі кремний.
2.Өткізгіштегі Р-түрлі монокристалдық кремний.
3. Электродтар
Күн батареяларында
шикізат ретінде кремний қолданылады.Күн
кремнийiнiң жоғары құны фотоэнергтиканың
дамуын тежейтiн фактор болып табылатындықтан,
әр түрлi елдердiң ғалымдары оның құнын
төмендететiн кремнийдi алудың жаңа
технологияларын әзiрлеуде. Алайда, күн
кремнийiне сұраныс өте жылдам өседi және
ұсыныстардан озық жүредi. Қазiргi уақытта
2300 тонна ұсынған кезде сұраныс жылына
5-6 тоннаға жетедi, сондықтан күн кремнийiн
емес, неғұрлым жоғары жартылай өткiзгiштiк
сапасындағы кремнийдi пайдалану арқылы
тапшылық жабылады.
Қазақстанның
бай минералдық-шикiзат базасының, дамыған
металлургиялық және химиялық өнеркәсiбiнiң,
елдiң бiрқатар өңiрлерiнiң энергиялық
жоғары қамтамасыз етiлуiнiң, тиiстi
ғылыми-техникалық әлеуетiнiң және
жартылай өткiзгiш технологиялар
саласындағы белгiлi бiр ғылыми бөлiгiнiң
болуы тиiмдiлiгi жоғары жартылай өткiзгiш
саланы ұйымдастыруға және жартылай
өткiзгiш материалдардың әлемдiк нарығында
тиiстi орын алуға жақсы мүмкiндiк бередi.
Бұл материалдарды алудың бәсекеге
қабiлеттi технологиялары мен құрылымдарын
дамыту және жартылай өткiзгiш материалдардың
ғылымды қажетсiнетiн өндiрiсiн құру
Қазақстанды баламалы қуат көзi ретiндегi
микроэлектроника бұйымдары мен
фотогальваникалық жүйелер өндiрiсiнде
жоғары дамыған елдердiң әлеуеттi
серiктестерi қатарына шығарады. Осыған
байланысты "күн сапалы" кремнийдi
алу үшiн металлургиялық кремний мен
силан шикiзатын тазарту процесi саласында
ғылыми зерттеулер жүргiзу болжанады.
Қазiргi уақытта ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының бiрiне наноматериалдар мен нанотехнологиялар жатады. Материалдар мен жүйелерге қағидатты жаңа сапа бере отырып, нанотехнологиялар адамдардың тыныс-тiршiлiгiнiң барлық қазiргi бар салаларында (автомобиль жасау мен компьютерлiк техникадан бастап емделудiң жаңа қағидатты әдiстерiне дейiн) прогрестi қамтамасыз етедi, сондай-ақ жаңа салалардың пайда болуына күмәнсiз алып келедi.
Жарты ғасырдан артық уақытта ғалымдар күн энергиясын алу және пайдаланудың түрлі жолдарын іздестірді. Күн технологияларын 4 топқа бөлуге болады: активті, пассивті, тура және тура емес(жанама).
Активті – түрлендіргіштермен бірге электромоторлар, әр түрлі механизмдер қолданылады. Күн энергиясы жарықтандыруда, вентиляцияда, ыстық сумен жабдықтауда қолданылады.
Пассивті – активтіден жүйе контурында механизмдердің болмауымен ерекшеленеді.
Тура – күн энергиясын түрлендіретін бір деңгейлік жүйелер.
Жанама – қажетті энергия түрін алу үшін көп деңгейлік түрленулер мен трансформациялау жүйелері.
Күн энергетикасының пассивті технологияларын қолданудың бір әдісі тұрғын үйлер мен кеңселерді жарықпен қамтамасыз ету, электр шамдарының орнына күн сәулесін пайдалану.
1.4.Энергияның балама көздері
Бүгінгі таңда жалпы біз қолданған энергияның барлығы мұнай, көмір және табиғи газ сияқты қазынды отындардан өндіріледі. Қазынды отындардан басқа ядролық станциялар да атмосфераға зиянды газ шығарады. Осы газдар ауа және суды ластайды. Әлемде әсіресе шектеулі резервтерге ие көмірге, мұнайға және табиғи газға барлық мемлекеттер аз не көп мұқтаж. Осы көздердің аймақтық ерекшеліктер себепті мемлекеттер арасында тең таралмауы және бір күні міндетті түрде таусылуы жаңа мәселелерді де өзімен бірге ала келді.
Тез өтелетіндіктен және қысқа уақыт ішінде жүзеге асатындықтан қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. Қазіргі таңда қуатты үнемдеу жалпы ішкі өнімнің 1% қамтамасыз етіп, бір ірі электр станциясының орнын толтыра алады. 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып, кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды өндіруге күш жұмсауға шақырды.
Қазақстан гидро, күн, жел, биомасса түріндегі энергияның қайта жаңғырту көздерінің едәуір ресурстарына ие. Өкінішке қарай, осылардың ішінде гидроэнергияның шағын бөлігі болмаса, қалғанынан энергия алуға Қазақстан әлі күнге қол жеткізе алмай келеді. Энергияны осындай әдіспен алудың толып жатқан артықшылықтары бары белгілі. Солардың бірқатарын ғана айта кетер болсақ, ол елдің шикізат қорын сақтауға, көміртегінің ауаға таралуын азайтуға мүмкіндік береді, сонымен бірге, елдің экономикасын дамыта түсуге қосымша инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылады.
Су энергетикасы. Әлемдік деңгейдегі электр энергиясын өндіруде гидроэнергетиканың үлесі 18% пайызды құрайды. Қазақстанның біріккен энергетикалық жүйесінде гидроэлектрстансалары өндіретін электр қуатының үлесі 11,89% пайыз ғана болып отыр. Жалпы алғанда, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ГЭС-тердің қуаты - 2259,6 мВт, жылдық электр энергия өндіру қуаты 7,4 млрд. кВт/сағ. болып есептеледі. Ал теориялық жағынан алғанда Қазақстанның гидроэнергетикалық қуаты жылына 170 млрд. кВт/сағ. электр энергиясын өндіруге толық жетеді. Гидроэнергетикалық ресурстар негізінен еліміздің Шығыс және Оңтүстік-Шығыс өңірлерінде шоғырланған.
Оңтүстік Қазақстан аумағында 10 млрд. кВт/сағ. электр энергиясын өндіретін гидроэнергетикалық ресурстар болса, Батыс Қазақстанда 2,8 млрд. кВт/сағ. электр энергиясын өндіретін су көздері бар. Осыған байланысты алдағы уақытта еліміздің Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс өңірлерінде кіші және орта ГЭС-терді дамытудың мүмкіндігі мол.
Атом энергетикасы - Электр қуатын өндірудің тағы бір балама көзі атом энергетикасы болып табылады. Бұл ретте соңғы жылдарда Қазақстанда оның пайдасы мен зиянын салыстырған талас тоқтайтын емес. Атом энергетикасына байланысты елімізде бір-біріне кереғар көзқарастар бар. Қазақстан зерттелген уран кен орындары бойынша әлемде алғашқы үштіктің қатарына кіреді. Сонымен бірге атом энергетикасын дамыту ауаға таралатын көмірқышқыл газын азайтуға да септігін тигізетіндігі сөзсіз. Әрине, атом электр стансаларының қаупін ешкім жоққа шығармайды.
Жаңартыла алатын көздердің көбі энергиясын, тікелей немесе жанамалы түрде Күннен алады. Жел энергиясының көзі де Күн болып табылады.
Жел энергиясы - Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ энергия алады. Күн энергиясының 1-2 % -і жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі.
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи да және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге танымал. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық, Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әр қилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әр түрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады.
Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, "Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы" мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірлерінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергиясы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді.
1.5.Күн энергиясын пайдалану және оның тиімділігі
Күн көзі 4 сағатта 1 тәулікке жететін энергия береді. Фермер өзіне керек емес кезде энергияны орталықтандырылған желіге қосып, артық энергияны үкіметке сатып пайдасын көреді.
Күн батареясының қуаты бірнеше ондаған немесе жүздеген киловатқа жетеді. Оның пайдалы әсер коэффициенті 25%-ға, бағасы жоғары. Сондықтан күн энергиясын пайдаланып күн батареясына айналдыру әзірге өндірісте көп қолданылмайды. Ал, енді күн энргиясын қолданып, электр энергиясына түрлендіруде әзірге дамымай отыр, олардың пайдалы әсер коэффициенті 6-12% пайыздан аспайды. Бірақ адамзат қауымы әзір бұл табиғаттың күшін толығынан пайдалану мүмкіндігін жасай алмай келеді. Бұл қуатты энергия көзінің, күннің арзан энергиясын халық шаруашылығында толық пайдаланылмай отыр. Ол космос кемелерін, жердің жасанды серіктерін, телевизия стансаларын энергиямен жабдықтау үшін ғана оқта-текте пайдаланыла бастады. Кейбір аудандарда су жылыту және теомонан генераторлары үшін күн сәулесінің қондырғыларын орнату қолға алынды. Дегенмен олардың қуаты әлі де тым аз және пайдалы әсер коэффициенті өте төмен. Сондықтан күн энергиясын өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігі өз дәрежесінде емес. Станцияларды орналастыру, құрылысын жүргізгеннен кейінде оларды қамтамасыз ететін қажеттіліктер де болады. Олай болса оған да тоқтала кетейік. Электр станциялардың өзіндік қажеті олардың механизмдері және оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету әдістері әрбір өндіріс электр энергиясын қажет етеді, сондай-ақ электр стансаларында электр энергиясын өндіру үшін электр энергиясы жұмсалады. Электр энергиясын бұлайша тұтынуда электр стансасының өзіндік қажеті деп атайды.
Экологиялық таза энергияның орнын толтыратын басқа формалары - толқын мен су көтерілуінің қозғалыс энергиясын пайдаланатын күш және электрге айналдыруға болатын күн энергиясы.
Болашақта адамдар энергияның барлық осы көздерін пайдалану есебінен өмір сүретін болады, бірақ бүгінде энергияны үнемдеу және қалдықтарды өңдеу өте маңызды. Бізге «қоқыстың» көп бөлігін әртүрлі әдістермен қайтадан өңдеуге болады. Әйнек, қағаз, металдар сияқты материалдарды тура сол қалыптарында қайтадан пайдалану үшін фабрикаларда тазалауға және қайта өңдеуге мүмкіндіктер бар.
Айтарлықтай қаражатты қажет ететін және аз уақыт ішінде өзінің тиімділігін көрсете алатын заманауи құрылғылардан Қазақстан зәрулік көріп жатқан жоқ. Бүгінде Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында Күн энергиясының тиімділігін түсінген адамдардың қатары көбеюде. Сондықтан күн энергетикасы үшін қажетті материалдар мен қондырғыларды өзімізде шығармай тұрып, бұл сала дамиды деп үміттену қиын. Ол үшін күн батереяларын және панелдерін өзімізде шығарылса,пайдалану саласы көбейер еді. Қазір біздің елде де нақты жобалардың қолға алынып жатқаны қуантады. Күн энергиясын жинайтын жартылай өткізгіштік панельдерді шығаратын зауыттың ашылуын үлкен үмітпен күтіп жүрмін. Нақты айтқанда, кремнийді Өскемен мен Қарағандыда өндіреміз, ал Астанада Күн панельдері құрастырылатын болады. Құрылыс жұмыстары шамамен екі жылдың ішінде аяқталады. Жылына 50 мегабайттық күн батареялары шығарылады,кейін қуатын 100 мегабайтқа дейін арттыру жоспарланып отыр.Зауыт екі бөлімнен тұрады.Ал кешеннің жалпы құны шамамен 33-34 млрд теңгені құрайды.Егер осы жобаны тиімді жүзеге асырсақ, үлкен табысқа жетеміз. Өндіріс француз технологиясы бойынша жүргізіледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ «Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт күн электр стансасын салу» жобасын жүзеге асыруға кірісті.«2012 жылдың 1 қазанында Астанада BISOLGroup-тың (Словения Республикасы) 100 % еншілес компаниясы болып табылатын BISOL CentralAsiaLtd (Ұлыбритания) компаниясымен жобалау, жабдықтау және Жобаның толық құрылысы бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу жөніндегі келісімге қол қойылды.
ІІ.Практикалық бөлім
Күн энергиясын қолданысқа енгізу – оңай шаруа емес. Ол ғылыми-зерттеу мен осы бағытта ерен физикалық еңбекті талап етеді. Сондай-ақ ауқымды инвестиция да қажет. Өйткені күн энергиясын алатын тиімді қондырғылардың құны да қымбат.
Жалпы, күн энергиясы бойынша біз қазір су жылытуға шамамыз келіп жүр. Мұны ақырындап қолданысқа енгізудеміз. Күннен қуат аламыз деп айту оңай да, ал сол сәулені тартатын қондырғылардың үлкен аумаққа, шаң қонбайтын биік жерге орналастыру керектігінен көбі хабарсыз болуы ықтимал. Яғни, жалпы, формасы мен қолданысы жағынан бұл күрделі дүние. Қазір еуропалықтар күннен қуат алатын автокөліктер шығарып жатыр. Ондай көлікті бізде шығару тиімсіз болар еді деп ойлаймын. Себебі 16 миллионнан асатын біздің халқымыз ондай нарық үшін аз болып саналады. Яғни күн энергиясынан от алатын көліктерді шығару бізде өз шығынын ақтай алмай қалады. Ал күн энергиясынан электр тогын алу – мүлде бөлек дүние. Бізде бұл бағытта үлкен ғылыми жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әзір ол іс өз қорытындысына жеткен жоқ. Дегенмен түптің түбінде біз де күн энергиясынан электр тогын алатын уақытқа жетеміз деп есептеймін.
Балама қуат көздері біздің халқымыздың дәстүрлі кәсіптерін,сондай-ақ шалғайдағы мал бағу ісін қайта жандандыруға мүмкіндік берер еді. Күн энергиясы арқылы электр қуатымен қамтамасыз етсек, ісіміз нәтижелі болмақ. Біз сапалы жаңа электр қуатын аламыз. Шағын ғана жел не күн стансасы бар кез-келген шопан жайы үйі байланыс пен суға қол жеткізетіні сөзсіз.
Байзақ ауданы, Көк-өзек аулындағы: Әмірхановтың шаруа қожалығына барғанымда күн энергиясын пайдалану өте тиімді екеніне көз жеткіздім. Себебі: осыдан бес жыл бұрын Қытайдан 50 000 теңгеге сатып алған күн батареясы осы уақытқа дейін шалғайда орналасқан үйінің қажетіне жарап келетіндігін айтты. Қысы-жазы, күні -түні жарықпен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар Талас ауданы қарасты шаруа қожалығында күн батереясы пайдалану арқылы үйлерінде жарық, теледидардан кино көріп отыр. Телефондарын да күн батереясы арқылы зарядтайды екен.Күн батерясын алған кезде ғана ақша төлесе,басқа уақытта төлеу керектігі ойларында да болмайды.Пайдаланған электр энергияларына ақша төлемейтіндіктерін өте қызық.Алыс ауылдар болса да электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етілген.
Шопан үйінің жанындағы күн батереясы. Сурет
Сурет-9
Мұндай қондырғыны пайдалану арқылы келесідей артықшылыққа ие боламыз:
Экологиялық таза электр энергиясые аламыз;
Энергияны үздіксіз пайдалануға мүмкіндік аламыз;
Ай сайын жарыққа ақшұа төлеудің қажеті жоқ;
Мұндай қондырғы қауіпсіз болады;
Мұнда барлық қондырғыны бірақ алудың қажеті жоқ,жаз айларында тек күн батереясын,аккумулятор,түрлендіргішті сатып алып қана,электр энергиясымен қамтамассыз етуге болады.
Амангелді газ құбырларын тарату аудандаындағы құбырларды күзету пунктерінде күн батерясын пайдаланады. Кішкетай ғана бөлме жолдан алыс қашықтықта орналасқан. Бөлмелерін жылыту,жарықтандыру және тамақтарын дайындау үшін электр энергиясын күн батереясынан алады.
Күзет орнындағы күн батереясы.Сурет -10
Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Жеке ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0.5 — 0.55 В және ол оның ауданына тәуелді емес; 1 см2 ауданға келетін қысқа түйықталу тогының шамасы 35 — 40 мА. Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты, күн сәулелері Күн батареясы бетіне перпендикуляр түскенде ол ең үлкен мәніне (максимумына) жетеді. Қазіргі Күн батареясының ПӘК 8-10%, олай болса 1 м2 ауданға (ғарыш аппаратының Күннен қашықтығы 150 млн. болған кезде) келетін қуат ~130 Вт-қа тең. Температура жоғарылаған сайын (25oС-ден жоғары) ФЭТ-тегі кернеудің төмендеуіне байланысты Күн батареясының ПӘК кемиді.
Күн батареясының жиынтық қуаты ондаған тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареясы сондай-ақ, тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды (калькулятор, қол сағаты, т.б.) токпен қоректендіру көзі болып табылады.
Күн батереясынан жасалған ойыншық таза,балаға ешқандай зияны жоқ,батереясы таусылады деген ой да болмайды.Ұзақ уақыт пайдалануға болады. Бұл ойыншық 4,5 В электр қозғалтқыш күшейткіші DVD –ден алынған электр қозғалтқыш,5 есе үлкейтілген күшейткіш (редуктор). Редуктор арқылы 5 есе үлкейтілген электрқозғалтқыш машина дөңгелектерін қозғалтады.Жан-жағын күн батереяларымен қапталған. Кәдімгі калькулятордың күн батереяларын өткізгіштер арқылы электр қозғалтқышқа жалғадым. Күн батареяларының бетіне түсетін күн сәулесі батареялардың бойына электр қуатын жинайды. күн сәулесі қуатымен жүретін көлікке батареялар орнатылып, күн сәулесі арқылы электр қуатын өндіреді. Күн сәулесінен өндірілген бұл электр қуаты жиналады. Жиналған электр қуаты, көлікке орнатылатын электр мотордың іске қосылуын қамтамасыз етеді. Электр мотордан алынатын қуат, көліктегі бөлшектер арқылы дөңгелекке жіберіліп, көліктің қозғалысқа түсуін (жүруін) қамтамасыз етеді. Осы жоба арқылы батареяларды күнделікті тұрмыста және көлік қатынасында қолдануға болатындығы көрсетілді.
Бұл жұмыста күн батареясы арқылы күн энергиясын механикалық энергияға айналдыруга болатының көріп отырмыз.Егер күн сәулесі күн батареясына түспесе күн энергиясы механикалық энергияға айналмайды.
Сурет -11.Мәшиненің төменгі бөлігі
Сурет-12 .Мәшиненің сыртқы бөлігі
Қорытынды
Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып, кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды ендіруге күш жұмсауға шақырды. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады.
Күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету мақсатында күн коллекторын пайдалану. Осындай сужылытқышты душ және асханаға (ыдыс жууға) пайдалануға болады. 100 л суды қыздыру үшін ауданы 2-3м2 күн коллекторын орнату керек. Ал күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру мақсатында қуаты 2-3 кВт-тан тұратын кремнийлі фототүрлендіргіш гелийқондырғыны біз өзіміз жататын үйіміздің төбесіне құрастырып орнықтырсақ, ол 20-30 м2 ауданды қамтиды, ал жылына 2000 кВт сағат энергия береді. Біз орнататын күн қондырғысы жеткілікті мөлшерде энергия өндіретіндіктен, қуатты үнемдейміз. Біз бұның тиімділігін айқын көріп отырмыз.
Бұл жұмыста күн энергиясын пайдалану қарастырылған. Күн қуатын пайдаланатын стансалар Қазатстанның энергиялық кішкене стансалар жұмысы мен қуаты көрсетілген. Осы жұмысты орындау мақсатында әдебиеттерге шығармашылық ізденістер жасалды. Зерттеу барысында мынандай мәселелер қарастырылды:
- Қазақстан электр энергиясының даму бағыттары;
- Энегияның балама көздері;
- Күн энергиясы;
- Күн энергетикасы қондырғысы;
- Күн энергиясының тиімділігі, пайдалануы;
- Күн батереяларын шығаратын зауыт салу проблемалары;
Жұмыстың өзектілігін зерттеу барысында іс жүзінде күн батереясынан ойыншық машина құрастырдым.
Жалпы, физика ғылымы техникалық жағынан даму ісіне зор үлес қосатындығын, осындай ғылыми-жобалық зерттеулерді үнемі жүргізудің іс жүзінде маңызы бар деуге болады.
Өзіміз тұрып жатқан жерді аман сақтау үшін жердің қойнауындағы қазба байлықты ысырап етуді, ауаға лас газдарды таратуды доғарып, энергетиканы балама түрлеріне көшуіміз керек.Табиғи күн сәулесінің энергиясын жинақтап адамзат игілігіне ұдайы беріліп тұрған таусылмайтын, сарқылмайтын, тегін қуаттар көздерін жарату жолдарын қарастыру қажет. Себебі, бұлар табиғатта таза қалпында сақтап қалуға өлшеусіз жәрдемі мол. Олар - табиғаттың өзінен туындаған заттар.
Қорыта айтсақ, көмірсутегі қорларының таусылу кезеңінде бұл жел , күн, биогаз энергиялары – құндылығы ерекше бізге табиғаттың берген сыйы десе де болады.
Күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады
Пайдаланылған әдебиеттер
М.Васильев «Энергия және адам».
Уделл «Күн энергиясы».
П.С. Непорожний, В.Н.Попков «Әлемнің энергетикалық қорлары». 1995ж.
Журнал «Жастар техникасы», 1990 №5
В.Володин, П. Хазановский «Энергия жиырма бірінші ғасыр».
В. С. Лаврус «Энергия көздері» , 1997 ж.
Интернет желесі: Google. kz. Казатомпром, Қазақстан бүгін, Айқын, Егемен Қазақстан сайттары
Д.С. Стребков «Ауылшаруашылық энергетикалық жүйелері және экология», 1990 ж
Н. С. Лидоренко, В.М. Евдокимов «Фотоэлектрлік энергетиканың дамуы», 1988 ж.
Б.М. Берковский, В.А.Кузьминов «Қалпына келтіретін, дәстүрлі емес энергия көздерінің адамдарға қызметі», 1987 ж.
А.Т.Глазунов «орта мектептің физика курсындағы техника» Алматы. Мектеп,1980ж.
Б.В. Зубков, С.В.Чумаков «энциклопедический словарь юного техника» Москва. Педагогика, 1987г

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген