Материалдар / Ғылыми жоба: Лимонның пайдасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба: Лимонның пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Лимонның адам ағзасына пайдасы оте зор,себеби окушы зертханалык жумысты жогары денгейде коргады.Мен окушыма оте ризамын.Болашакта жогары денгейде дайындаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
548
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Мектепке дейінгі білім беру ҧйымдарында
жазғы сауықтыру жҧмыстарын ҧйымдастыру бойынша
әдістемелік ҧсынымдар

Нҧр-Сҧлтан, 2021

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі
балалық шақ» Республикалық орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінің
2021 жылғы 31-мамырдағы №5 хаттамалық шешімімен ұсынылған.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын
ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, Нұр-Сұлтан, 2021 - 30 бет.
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымда балаларды сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыруда ұйым басшыларына, әдіскерлерге және
педагогтерге әдістемелік кӛмек құралы ретінде ұсынылады.

Республикалық орталық
«Мектепке дейінгі балалық шақ», 2021 ж.
2

Мазмҧны

1
2
3
4

Кіріспе
Жазғы кезеңдегі
мектепке дейінгі ұйымдардың
қызметін реттейтін құжаттар
Жазғы сауықтыру кезеңінде білім беру салалары
бойынша жүргізілетін жұмыстың бағыттары
Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдері
Жазғы сауықтыру шараларының түрлері
Қосымша
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі күн тәртібі
Жазғы сауықтыру кезеңіне арналған жұмыс жоспары
Жазғы-сауықтыру
кезеңінің
перспективалық
жоспарының үлгісі

3

4
5
5
7
8

11
14
20

КІРІСПЕ
Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру кезеңдегі жұмысының негізгі
мақсаты - сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және балалардың танымдық
қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін неғұрлым
тиімді жағдайлар жасау. Дәл осы маусымда балалар құрбыларымен араласудан
кӛңілі кӛтеріліп, үлкен қуаныш пен әсерге бӛленіп, ӛзіне қажетті
жаңалықтарды ашады.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесіне қатысушылардың барлығын
қамтитын жазғы сауықтыру жұмысын сауатты ұйымдастыру балалардың
физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың танымдық
қызығушылықтарын дамытуға, сондай-ақ ата-аналарға қажетті кеңес беруге,
әдістемелік кӛмек ұсынуға мүмкіндіктер береді.
Аталған мәселелерді сауатты шешу кездейсоқ жағдайлардың алдын алады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінің міндеттері
дені сау, білуге құмар, кӛпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды
қалыптастыру мен әлеуметтендіруді және қазіргі заманғы теорияларды ұлттық
ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту
процесінің тұтастығын қамтамасыз етуді қарастырады. Соның ішінде, руханиадамгершілік құндылықтар негізінде, ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы
баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру кӛзделген. Сондықтан жазғы
сауықтыру шараларының аясында ұлттық ойындарға басымдық беру және
«ойын арқылы оқыту» қағидасын негізге алу ұсынылады.
Балаларды сауықтыру жүйесі мыналарды қамтиды:
балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары (спорттық және
қимыл-қозғалыс ойындары, музыкалық-ырғақтық қозғалыстар, шынығу,
массаж кілемімен жүру және т. б.);
пайдалы тамақтану рационы (жемістер мен көкөністер және т. б.);
бала ағзасын шынықтыру (күн сәулесі, шөпте жалаң аяқ жүру, шомылу
және т. б.);
балалар туризмі (жаяу, велосипедпен), экскурсиялар, табиғатта серуендеу
және т.б.).
мерекелік шаралар;
ата-аналармен сауықтыру-ағарту жұмыстары;
профилактикалық іс-шаралар (сколиоз, жалпақ табан, көру қабілетінің
бұзылуының алдын алуға арналған арнайы жаттығулар кешені).
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымда балаларды сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыруда ұйым басшыларына, әдіскерлерге және
педагогтерге әдістемелік кӛмек құралы ретінде ұсынылады.

4

1. ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН
РЕТТЕЙТІН ҚҦЖАТТАР

Балалармен жазғы кезеңдегі емдеу, шынықтыру, сауықтыру және тәрбиелік
іс-шараларды ӛткізуді реттейтін нормативтік құжаттар:
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі, ҚР Үкіметінің
2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы
№604 бұйрығы (ҚР БҒМ 05.05.2020 ж №182 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен);
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР
БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы;
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17
тамыздағы № 615 бұйрығы;
- «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР БҒМ 2018
жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы (ҚР БҒМ 18.05.2020 ж №207 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен);
- Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2020-2021
оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау
хаты.
2. ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ КЕЗЕҢІНДЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША
ЖҤРГІЗІЛЕТІН ЖҦМЫСТЫҢ БАҒЫТТАРЫ

«Денсаулық» білім беру саласы:
-балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалысын арттыру және
психо-эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;
- ағзаның физикалық қызметін жан-жақты жетілдіру;
- бала ағзасының жұмысқа қабілеттілігін шынықтырудың түрлері арқылы
арттыру;
-дене жаттығуларымен айналысуға қызығушылықты және қажеттілікті
қалыптастыру;
- әр баланың физикалық қабілетін кӛрсетуіне жағдай жасау;
- аурудың және балалар жарақатының алдын алу
- ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарына баулу.
«Шығармашылық» білім беру саласы:
- музыкалық шығармалар арқылы рухани жан-дүниесін байыту;
- балалардың импровизацияға деген ұмтылысын қолдау;
- баланың қиялын, ынтасын, шығармашылығын белсендіру;
- музыкалық, театрландырылған ӛнер түрлері арқылы тәрбиелеу және
мәдениетін қалыптастыру;
5

- ойын, ән және би импровизацияларын қолданып, балаларды кӛркем
бейнені жасауға баулу, орындаушылық қабілеттерін жетілдіру;
-қарым-қатынастың түрлі жағдаяттарында коммуникативтік дағдыларды
дамыту;
- балаларды қоршаған ортаны бақылауға баулу, әлемді суретшінің кӛзімен
кӛре білуге үйрету;
- бейнелейтін затқа ӛзінің қатысын, кӛңіл-күйін бере білуге баулу,
бейнелеу түрлерімен және тәсілдерімен эксперимент жүргізу;
- бастамашылдық танытуына барынша еркіндік беру және ол үшін қажетті
физикалық және психологиялық кеңістік құру.
«Таным» білім беру саласы:
- табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, тірі табиғат нысандарына
жанашырлық сезімді, қоршаған ортаға қарым-қатынасы бойынша ӛз
әрекетінің кейбір қарапайым нәтижесін кӛре білуге жаттықтыру;
-құрдастарымен, ересектермен және қоршаған табиғатпен қарым-қатынас
дағдыларын дамыту;
- барлық сезім мүшелерін қолдану арқылы (көру, есту, қолымен ұстау,
дәмін татып көру) қоршаған ортаның әсерін сезінуге кең мүмкіндік беру
- креативті ойлауға үйрету, командада жұмыс істей білуін дамыту;
- ұлттық танымдық ойындарға баулу.
«Коммуникация» білім беру саласы:
- балалардың сӛздік қорын байыту;
- кӛркем сӛйлеуін дамыту;
- балалар әдебиетімен таныстыру, балалар әдебиетінің түрлі жанрларынан
дауыстап оқылған мәтінді талдау, кітап оқуға баулу
- алғырлығын, тіл табыса білуін, сыни ойлау қабілетін дамыту.
«Әлеумет» білім беру саласы:
- қарапайым жалпы қабылданған нормалар негізінде құрдастарымен және
ересектермен ӛзара қарым-қатынасқа тарту;
-гендерлік, отбасылық, азаматтық саналылығын, патриоттық сезімдерін
қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру;
- еңбекке баулу,
ӛзінің еңбегін, басқа адамдардың еңбегін, оның
нәтижелерін бағалай білуге тәрбиелеу;
- адам мен қоршаған орта үшін қауіпті жағдайлар туралы түсініктерін
қалыптастыру және ол жағдайларда әрекет етуге үйрету;
- тіл табысуға, командада ӛзара әрекет етуге үйрету.
Педагогтің міндеттері:
- арнайы нұсқаулықтан ӛтеді;
- балалардың ӛмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікте болады;
- жазғы сауықтыру шараларын бекітілген жоспарға сәйкес
ұйымдастырады;
- отбасымен ықпалдастықта болады;
- жазғы сауықтыру шараларынан күтілетін нәтижеге қол жеткізетін
педагогикалық тәсілдерді қолданады және нәтижені болжайды.
6

Ата-аналардың (немесе олардың заңды өкілдерінің) міндеттері:
- балаларды жазғы кезеңде тәрбиелеу мен сауықтыру мәселелері бойынша
педагогикалық және санитариялық ағарту шараларына қатысады;
- жазғы сауықтыру шараларын ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым
педагогтерімен ықпалдастықта болады;
- балаларды шынықтыру, басқа да профилактикалық шаралардың
үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет болған жағдайда тиісті нұсқаулықты
орындайды.
Күтілетін нәтижелер:
-балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау, жарқын әсерлермен
байыту;
- баланың шынығып, денсаулығының нығаюы және ағзаның суық тию
сырқаттарына қарсы тұру қабілеттілігінің артуы;
- баланың қоршаған ортасында эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;
- балалардың қарым-қатынаста белсенділігін, бастамашылдығын қолдау
арқылы ӛзіне деген сенімділігін нығайту;
- әдептілікке үйрету арқылы эстетикалық мәдениет қалыптастыру;
- экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуда педагогтер мен атааналардың жауапкершілігін арттыру.
3. ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЖҦМЫСТАРЫН ҦЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

3.1 Ҧйымдастырушылық-ақпараттық
жазғы сауықтыру кезеңіне жағдайлар жасау:
1) нормативтік құжаттарды дайындау және зерделеу, бұйрық шығару,
қызметкерлермен еңбекті қорғау және жазғы кезеңде балалардың
денсаулығын нығайту бойынша нұсқау жүргізу, күн тәртібін, тамақтану
тәртібін ұйымдастыру;
2) жазғы кезеңде балаларды сауықтыру және шынықтыру бойынша
шаралар:
-балаларды сауықтыруға және шынықтыруға жағдайлар жасау;
-балалардың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу;
- тиімді шынықтыру жүйесі;
- емдік-сауықтыру жұмысы;
- гигиеналық шаралар кешені;
- ата-аналармен кеңестік-ақпараттық жұмыс;
3) жазғы мерекелер мен сауықтарды, серуендерді, балалар
шығармашылығы кӛрмесі мен отбасылық сайыстарды бекітілген кешендітақырыптық жоспар бойынша ұйымдастыру (3-қосымша).
3.2 Әкімшілік-басқарушылық бақылау
1) санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) әкімшілік-шаруашылық қызметінің жұмысын жазғы сауықтыру
шараларымен сәйкестендіру;
7

3) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) жоспарлы жұмыстардың жүргізілуін бақылау;
5) мониторингтік бақылау қорытындысымен жоспарды жетілдіріп отыру
(қажеттілігіне қарай);
6) жазғы кезеңде балаларды сауықтыру жұмыстарының нәтижесін
педагогикалық кеңесте қорытындылау.
3.3. Әдістемелік жҧмыс
- күн тәртібіндегі шараларды ӛткізудің тиімді тәсілдерін таңдау (педагог,
тәрбиеші);
-тақырыптық кӛрмелерді жоспарлау;
-әдістемелік кабинетті жазғы сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін
педагогтерге қажетті ресурстармен толықтыру;
- топтарды, балабақшаның балалар серуендейтін аумағын жабдықтау
бойынша бірлескен әдістемелік шешім қабылдау;
- педагогтердің жұмысына қажетті әдістемелік қолдау кӛрсету;
-отбасымен жұмыс нысандарын анықтау, қажеттілігіне қарай әдістемелік
сүйемелдеу.
4. ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҤРЛЕРІ

Жазғы сауықтыру кезеңіндегі ұйымдастырылған білім беру әрекеті жыл
бойы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
мазмұнына сәйкес игерген білім, білік, дағдыларды пысықтау мен бекітуді
қарастырады. Ол үшін алдымен мектепке дейінгі ұйымда ӛтпелі тақырыптар
негізінде жазғы-сауықтыру кезеңінің перспективалық жоспары жасалады (2қосымша).
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі барлық әрекет түрлерін таза ауада
ұйымдастыру ұсынылады. Ол үшін әрбір әрекет түріне мектепке дейінгі
ұйымның күн тәртібінде орын мен уақыт беріледі.
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмыстардың табысты болуы мектепке
дейінгі ұйым басшысынан бастап барлық балабақша ұжымының мерзімді
талапқа сай дайындығымен айқындалады.
1. Ұйымдастырылған білім беру әрекеті - бұл балаларды дене
шынықтыру жаттығуларына жүйелі дайындаудың негізгі түрі. Жазғы
сауықтыру кезеңінің ұйымдастырылған іс-шаралары балалардың шамадан тыс
шаршауын немесе ағзаның физиологиялық процестерінің, атап айтқанда, дене
шынықтыру жаттығулары кезінде барынша жұмыс істейтін сүйек-бұлшық ет
және жүрек-қан тамырлары жұмысының бұзылуына, жол бермеуі тиіс.
Физикалық жаттығулар балалардың жасына, дене дамуы мен денсаулық
жағдайына, дене шынықтыру құрал-жабдықтарына байланысты іріктеледі.
Қимылдық ойындардың, жарыс элементтері бар спорттық жаттығулар,
жаяу серуендер, экскурсиялар, бағыт бойынша серуендеу (қарапайым туризм),
мерекелер, ойын-сауықтардың енгізілуімен ұйымдастырылған қызмет түрлері
апта сайын, күн сәулесінің қызуы тӛмен уақытқа жоспарланады (аптап ыстық
басталғанға дейін немесе оның басылуынан кейін).
8

2. Таңғы гимнастика– ағзаның функционалдық жағдайын және жұмыс
қабілетін арттыру, моториканы дамыту, дұрыс дене сымбатын қалыптастыру,
жалпақ табандылықтың алдын алу.
Дәстүрлі гимнастика тыныс алу жаттығуларын міндетті түрде енгізуді
қарастырады және затпен және затсыз жаттығулар, дұрыс дене сымбатын
қалыптастыруға арналған жаттығулар, ірі модульдерді, снарядтарды,
қарапайым тренажерлерді қолданатын қарапайым жаттығуларды қамтиды.
Түзету гимнастикасы бала дамуындағы ауытқушылықтар немесе
бұзылулардың сипатына сәйкес арнайы жаттығуларды қамтиды.
3. Қимылды ойындар жылдам, орта және баяу қимылды ойындар
болып бӛлінеді. Жылдам қимылды ойынға барлық топ қатысады . Орташа
қимылды ойынға барлық топ белсенді қатысады, бірақ қимыл сипаты
бәсеңдеу, баяу қимылды ойында қимылдар баяу қарқында орындалады.
Ойынды таңдау педагогикалық міндеттерге, дайындыққа, балалардың жеке
ерекшеліктеріне байланысты болады.
Қимылды ойын түрлері:
- сюжеттік (шағын ертегіні немесе сюжеттік әңгімені түсіндіру кезінде
пайдалану) және сюжетсіз;
- аула ойындары;
- ұлттық;
- спорттық (бадминтон, футбол және т.б).
Қимылды ойындар ауада, спорт алаңында күнделікті күн сәулесінің қызуы
тӛмен уақытта ӛткізіледі.
4. Динамикалық сергіту сәті қысқа үзіліске арналған жаттығуларды
қамтиды. Оларды таңдау алдыңғы әрекеттің қарқындылығы мен түріне
байланысты болады. Таза ауада күн сайын ойын немесе спорт алаңында күн
сәулесінің қызуы тӛмен уақытта ӛткізіледі.
Түрлері:
- ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар;
- ырғақты қимылдар;
- кӛңіл әуенмен үйлесімде орындалатын ырғақты жаттығулар;
- тепе-теңдік жаттығулары;
- кӛз қарашығының жұмысын жақсартуға арналған жаттығулар;
- түзету жаттығулары;
- дене сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығулар;
- табан ойығын қалыптастыруға арналған жаттығулар.
5. Спорт жаттығулары ерік-жігерін, эмоциясын басқаруға
тәрбиелеуге, ой шапшаңдығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Таза ауада, күн сайын ойын немесе спорт алаңында күн сәулесінің қызуы
тӛмен уақытта ӛткізіледі.
6. Күндізгі ұйқыдан кейінгі ояту гимнастикасы - сюжеттік-ойын
сипатындағы гимнастика.
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар затпен және затсыз, имитация арқылы,
қарапайым тренажерлардың кӛмегімен (гимнастикалық доптар, гантельдер,
9

резеңке сақиналар, эспандер) сюжеттік-ойын сипатында ӛткізіледі.
Жаттығулар келесі күтілетін нәтижеге жетуге бағытталады:
- дене сымбатын қалыптастыру;
- табан ойығын қалыптастыру (жалпақ табанның алдын алу);
- ұсақ моториканы дамыту;
- қимылды үйлестіру;
- тепе-теңдікті сақтау.
Барлық жас топтары үшін ояту гимнастикасының ұзақтығы: 3—5 минут,
ӛткізу орны – жатын бӛлмесі.
7. Күн тәртібіндегі жеке жұмыс. Денсаулығына байланысты жеке
жұмыс жүргізуді қажет ететін балаларды шынықтыруға және физикалық
дамуын жақсартуға, дене сымбатының ақауларын түзетуге ықпал етеді. Спорт
залында жүргізіледі. Уақыт жеке қойылады.
8. Шынықтыру іс-шаралары. Балалардың денсаулық жағдайы, физикалық
дамуы, жеке ерекшеліктерін ескеру арқылы жүргізіледі және келесі шаралар
жүйесін қамтиды:
- күнделікті ӛмірдегі шынықтыру элементтері (салқын сумен жуыну,
сүртіну, белге дейін су құю);
- дене жаттығуларын ұштастыра отырып, шынықтыру іс-шаралары (дұрыс
ұйымдастырылған серуен, дене жаттығуларына сәйкес күн және су шаралары);
- дәрігер тағайындайтын арнайы су, күн емшаралары.

10

Қосымша 1
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі күн тәртібінің үлгісі
Режимдік сәттер,
Балалармен жҧмыс қҧралдары мен тҥрлері
іс-әрекет
Балаларды далада
Балаларды қабылдау, әр балада жайлы психо-эмоционалдық
қабылдау
кӛңіл-күй қалыптасуына жағдай жасау. Серуендеу, балалармен
әңгімелесу, басқа балаларды қабылдап болғанша ӛз бетімен еркін
ойнауға немесе басқа балалармен бірге ойнауға болатын ойын түрлері,
ойыншықтары бар ойын алаңдарын дайындау және т.б.
Таңғы гимнастика
Бала ағзасының физиологиялық белсенділігін арттыратын ойын,
жүгіру, ырғақты қимыл-қозғалысты қамтитын кешенді гимнастикалық
жаттығу түрі. Жаттығу барысында балалардың дұрыс тыныс алуын
бақылауда ұстау.
Гигиеналық шаралар
Салқын сумен жуыну. Сүртіну. Шектеу шараларына байланысты
залалсыздандыру үшін қосымша санитарлық талаптар қойылған болса
орындау. Қажеттілігіне қарай, балаларға кӛмектесу арқылы ӛз-ӛзіне
қызмет етуге баулу (педагогтің көмегі, бір-біріне көмектесу).
Таңғы
асқа
Балалармен бірге ойыншықтарды орнына жинау, олардың
дайындық
жауапкершіліктерін арттыру мақсатында кезекшілік ұйымдастыру.
Тамақтанар алдында қол жуу ережесін сақтап жуғызу.
Таңғы ас
Ас қабылдау алдында бір-біріне жақсы тәбет тілеп, лебіз айтуға
үйрету. Тамақтану ережесін сақтау, ас құрал-жабдықтарын дұрыс
пайдалану. Әдепті тамақтану.
Тәрбиеші
Балалардың білім, білік және дағдыларын еркін іс-әрекетте
мен балалардың
кӛрсетуі үшін заттық-кеңістіктік ортаны дайындау. Балалардың ӛз
еркін әрекеті
бастамасы бойынша ұйымдастырылған ойындарға еркіндік беру.
Қажеттілігіне қарай жеке жұмыс түрін ұйымдастыру. Проблемалық
жағдаяттарды шешу. Балалардың қызығушылықтары бойынша
дамыту жұмыстарын мақсатты ойын арқылы, танымдық-зерттеушілік
жұмыс, музыкалық-кӛркем образ, қимыл-қозғалыс, коммуникативтік
байланыс, оқыту, еңбекке баулу арқылы қамту.
Серуенге дайындық
Ӛз-ӛзіне қызмет кӛрсету дағдыларын қалыптастыру.
Киінудің бірізділік алгоритмін бекіту. Бір-біріне кӛмек кӛрсету
(тәрбиешінің және белсенді балалардың көмегі), серуенге мотивация
(мазмұны, проблемалық жағдаяттар), кӛркем сӛзбен ынталандыру
(мақал-мәтелдер, жаңылпаштар, жұмбақтар, өлеңдер).
Кӛтеріңкі кӛңіл-күй сыйлау.
Күндізгі серуен
1)
Балалардың
денсаулығын
нығайту,
қимыл-қозғалыс
белсенділіктерін арттыру (қимылды дидактикалық ойындар,
ережелері бар қимылды ойындар, ойын жаттығулары, жарыстар,
ұлттық ойындар және басқа). Кӛтеріңкі кӛңіл-күй сыйлау.
Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Мақсатты серуендер, танымдық әңгімелер, бақылаулар, табиғатты
бақылау тәсілдерін кӛрсету, сенсорлық бақшадағы тәжірибелер.
Балалардың шынайы ӛмірді кӛркем-эстетикалық қабылдауын
қалыптастыру.
Аумақтық кеңістікте немесе оның сыртында табиғатты
тамашалау. Сенсорлық бақшада тірі және ӛлі табиғат нысандарын,
табиғат құбылыстарын бақылау. Балалардың дербес шығармашылық
әрекетіне мүмкіндік беру.
11

2) Еңбекке баулу үшін балабақша ауласында баланың
қызығушылығын оятатын кеңістік құру.
Балаға ересектердің еңбек етуін бақылату және оларға
кӛмектесуге, бірлесіп жұмыс істеуге тарту.
Балалардың ойын, идеясын жүзеге асыру.
Серуенге алып шыққан заттарымен ойнату.
3) Музыка жетекшісі мен дене шынықтыру нұсқаушының жоспары
бойынша жүргізілетін шаралар немесе бірлескен жұмыстар.
Серуеннен оралу
Ӛз-ӛзіне қызмет кӛрсету дағдыларын қалыптастыру. Шешінудің
бірізділік алгоритмін бекіту. Ұқыптылық дағдыларын үйрету, киім
мен аяқ киімді дұрыс күтуге және орнына жинауға қалыптастыру. Бірбіріне кӛмектесуге баулу.
Гигиеналық шаралар
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап жуыну. Шектеу
шараларына байланысты залалсыздандыру үшін қосымша санитарлық
талаптар қойылған болса, оны орындау. Қажеттілігіне қарай,
балаларға кӛмектесу арқылы ӛз-ӛзіне қызмет етуге баулу (педагогтің
көмегі, бір-біріне көмектесу).
Түскі асқа дайындық
Қажет
болса,
тамақтанар
алдында
балалармен
бірге
ойыншықтарды орнына жинау, қолдарын жуғызу.
Түскі ас
Ас қабылдау алдында бір-біріне жақсы тәбет тілеп, лебіз айтуға
үйрету. Тамақтану ережесін сақтау, ас құрал-жабдықтарын дұрыс
пайдалану. Әдепті тамақтану.
Күндізгі ұйқы
Баланың психофизикалық әлеуетін қалпына келтіру. Желдету.
Тыныштық режимін сақтау.
Ұйқыдан тұру
Балаларды ұйқысынан ояту. Балалар ағзасының физиологиялық
белсенділігін арттыру мақсатында ояту гимнастикасын жасату
(шынықтыру жаттығулары, тренажерлық жүгіру жолдарын пайдалану,
музыкалық жаттығулар, қимыл-қозғалысқа құрылған санамақ және
басқа).
Бесін асқа дайындық.
Ӛз-ӛзіне қызмет кӛрсету дағдыларын қалыптастыру.
Бесін ас.
Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру (жуыну, тамақты шаю).
Гигиеналық емшараларды орындау технологиясының алгоритмін
сақтау.
Үстел басында ӛзін әдепті ұстауға қалыптастыру.
Тәрбиеші
мен
Балалардың қызығушылықтарын мақсатты ойын арқылы,
баланың еркін әрекеті танымдық-зерттеушілік жұмыс, музыкалық-кӛркем образ, қимылқозғалыс, коммуникативтік байланыс, оқыту, еңбекке баулу арқылы
дамыту (оның ішінде өңірлік ерекшелікті ескерумен). Балалардың ойы
мен идеяларын ескеру арқылы олардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік
беру.
Серуенге дайындық
Ӛз-ӛзіне қызмет кӛрсету дағдыларын қалыптастыру.
Киінудің бірізділік алгоритмін бекіту. Бір-біріне кӛмек кӛрсету
(тәрбиешінің және белсенді балалардың көмегі), серуенге мотивация
(мазмұны, проблемалық жағдаяттар), кӛркем сӛзбен ынталандыру
(мақал-мәтелдер, жаңылпаштар, жұмбақтар, өлеңдер).
Кӛтеріңкі кӛңіл-күй сыйлау.
Серуендеу
Балалардың
денсаулығын
нығайту,
қимыл-қозғалыс
белсенділіктерін арттыру (қимылды дидактикалық ойындар,
ережелері бар қимылды ойындар, ойын жаттығулары, жарыстар,
ұлттық
ойындар
және
басқа).
Балалардың
танымдық
қызығушылықтарын дамыту.
12

Мақсатты серуендер, танымдық әңгімелер, бақылаулар, табиғатты
бақылау тәсілдерін кӛрсету.
Еркін ойындар, балалардың ойын, идеясын жүзеге асыру.
Серуенге алып шыққан заттарымен ойнату.
Үйге қайту
Ата-анамен күн нәтижесі және алдағы күнге жоспарланған күн
Ата-анаға кеңес
тәртібі туралы әңгімелесу. Жеке кеңестер, пікір алмасу.
Ескерту: суға шомылу, күнге қыздырыну және басқа емшара процедуралары күн
тәртібіне медбикемен келісіліп қойылады.

13

2 қосымша
Жазғы сауықтыру кезеңіне арналған жҧмыс жоспарының ҥлгісі
Мазмҧны
Мерзімі
I кезең: Ҧйымдастырушылық -ақпараттық
Жазғы сауықтыру кезеңіне жағдай жасау
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс
жоспарының жобасын қарау және бекітуге ұсыну.
Басшылыққа алынатын негізгі нормативтік құжаттардың негізінде жазғы
сауықтыру жұмыстарының жүргізілуін реттейтін локальді актілерді шығару (МДҰ
бұйрығы):
- жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарын бекіту;
- жазғы кезеңге күн тәртібін енгізу туралы;
- жазғы жұмыс жоспары бойынша жұмыс тобын ұйымдастыру туралы;
- жазғы мәзір бойынша балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы.
Қызметкерлерге нұсқау ӛткізу:
- балалардың денсаулығы мен ӛмірін қорғауды ұйымдастыру;
- балалар жарақатының алдын алу;
- улы саңырауқұлақтар мен ӛсімдіктерден уланудың алдын алу;
- жұмыс орнында еңбек және техника қауіпсіздігі талаптарын орындау;
- күн тию және ыстық ӛту кезінде алғашқы кӛмек кӛрсету;
- ішек инфекциясы мен тамақтан уланудың алдын-алу;
- МДҰ ауласында, гүлзарларда, бау-бақшада балаларды еңбекке баулу кезіндегі
қауіпсіздік ережелері;
- бұқаралық шараларды ӛткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері және пандемия
кезіндегі шектеулерді сақтау туралы;
- спорттық жаттығулар, ойындар мен жарыстарды ӛткізу кезіндегі қауіпсіздік
талаптары;
- алғашқы жедел кӛмек кӛрсету.
Балаларға нұсқау ӛткізу:
- жарақаттанудың алдын алу үшін қозғалыс қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру;
14

Мамыр
Мамыр

Жауаптылар

Меңгеруші,
әдіскер
Меңгеруші,
әдіскер

Мамыр
Маусым

Меңгеруші,
әдіскер
Медицина қызметкері
(Келісімдері
бойынша
жергілікті
санитариялық
және төтенше жағдайларға
қарсы қызмет бөлімдерінің
мамандары шақырылады)

Мамыр
Маусым

Әдіскер,
тәрбиешілер

- табиғатта серуендеу тәртібі туралы;
-балабақша аумағында, аулада жүру ережесі.
Балалармен жазғы кезеңдегі сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті
әдістемелік, дидактикалық, әдеби, публистикалық ресурстар базасын жасау және оған
қолжетімділікті қамтамасыз ету, таныстыру мақсатында кӛрме ұйымдастыру

Мамыр

Әдіскер

Мамыр

Меңгеруші,
әдіскер, шаруашылық
меңгерушісі

II кезең. Әкімшілік –басқару бақылау
Әкімшілік – шаруашылық жұмыстары
1) ауланы дайындау:
- құм әкелу;
- жолда жүру ережесі бойынша қалашық, жүгіру жолдары, қимыл-қозғалыс және
спорт ойындарына арналған белгілер салу;
- ойын алаңдарын дайындау;
- жаздық шатырларды тазалау, әрлеу.
2) спорт алаңдарын дайындау:
- құрал-жабдықтарды жаңарту, толықтыру (эксперименттік, танымдық, дене
шынықтыру және т.б.);
- қауіпсіздігін тексеру.
Сауықтыру жұмыстарының жүргізілуін бақылау, мерекелік және кӛпшілік ісшараларының ұйымдастырылуын қадағалау
Күні тәртібінің орындалуын бақылау
Назарға алынған бақылау:
- перспективалық жоспардың орындалуы (қажеттілік туындаған жағдайда
жетілдіру немесе толықтыру үшін талдау және енгізілген ұсыныстармен бекіту);
- күн тәртібін сақтау;
- жазғы сауықтыру жұмыстарына ата-аналарды тарту;
- жаңа оқу жылына дайындық.

15

Жаз бойы
Жаз бойы
МаусымТамыз

Әдіскер
Әдіскер,
дене шынықтыру
нұсқаушысы
Меңгеруші,
әдіскер,
медицина қызметкері

Жедел бақылау:
Маусым - балалардың ӛмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықты орындау;
Тамыз
- тамақтануды ұйымдастыру, дәрумендер, азықтың құнарлылығы;
- күн режимі;
- белгіленген іс-шаралардың ӛткізілуі;
- құжаттарды жүргізу;
- алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың орындалуы;
- қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.
3. III кезең. Әдістемелік жҧмысты ҧйымдастыру
- жазғы сауықтыру іс-шараларына қатысу арқылы педагогикалық процесті
бақылау және қажеттілігіне қарай әдістемелік кӛмек кӛрсету;
- «шынықтыру жаттығуларының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау,
Маусымқажеттілігіне қарай нұсқама беру немесе түсіндіру жұмыстарын ӛткізу;
Шілде
- педагогтерді алғашқы кӛмек кӛрсетуге дайындау;
- серуенде спортық ойындарды жоспарлау мен ұйымдастыру әдістерін кӛрсету;
- балалар
шығармашылығын
ұйымдастыру
бойынша
педагогтердің
практикасындағы қиындықтарды анықтау және шешу (әдістемелік кӛмек,
кеңес беру, тренинг, семинар және т.б);
- эргономикалық шешімдер қабылдау;
- топтардағы заттық-кеңістіктік ортаның қолжетімділігі мен дамытушылық
талаптарға сәйкестігін қадағалап, жетілдіріп отыру.
Семинар:
Жаз бойы
1. «Жаздағы шынықтыру жүйесі».
Семинар – практикум:
1. «Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес спорттық ойын түрлері
және оларды ұйымдастыру талаптары, ерекшеліктері».
2. «Бейімделу кезеңін ұйымдастырудың әдістері мен нысандары».
Ескерту: тақырыптар мен жұмыс түрі қажеттілігіне қарай өзгертіліп,
толықтырылады.
Қауіпсіздік шараларына байланысты ақпараттандыру жұмыстары
Жаз бойы
1. Ата-анарға арналған ақпараттық бұрыш ұйымдастыру
- буклеттер;
- инфографикалық ақпараттық парақшалар;
16

Меңгеруші,
әдіскер,
медицина қызметкері

Әдіскер,
дене шынықтыру
нұсқаушысы,
медицина қызметкері

Әдіскер,
дене шынықтыру
нұсқаушысы

Әдіскер,
медицина қызметкері

- кітапшалар;
- электрондық ақпарат көздеріне сілтеме.
2. Санитарлық бюллетендер шығару:
- «Ішек жұқпасы»;
- «Кене энцефалиті»;
- «Ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау»;
- «Көкөністер, жемістер. Дәрумендер».
Педагогтердің сұранысы бойынша әдістемелік кӛмек, кеңес беру

Жаз бойы

Балалармен жҥмыс
«Алақай, жайдарлы жаз келді» жазғы-сауықтыру жұмыс жоспарының шеңберінде:
Жаз бойы
- психо-эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;
- ӛз-ӛзіне қызмет ету дағдыларын, ӛзіне сенімділігін, дербестігін дамыту;
- денсаулығын күтуге үйрету, шынығуға жаттықтыру;
- бала тәрбиесіндегі халық ауыз әдебиетінің маңызын ескере отырып, баланың
ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын қолдау (модель 34 т.);
- балалардың пікірін, идеяларын ескеру (модель 36 т.);
- бірге ойнау дағдыларын, еңбек әрекеті дағдыларын, тазалықты, тәртіптілікті,
ұйымшылдықты, ойлауды, қабылдауды, сурет салуды және басқа дағдыларды
меңгертуді ойын нысанында іске асу (модель 26 т.);
- педагогтің алдын ала жоспарлаған әрекеттерін орындап қана қоймай, баланың
қызығушылығына кӛңіл бӛліп, күнді ӛзі таңдаған белсенділік түріне қарай құру
(модель 24 т.);
- әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамыту (модель 27 т.).
Дене шынықтыру-сауықтыру жҧмыстары
Балалар денсаулығы мониторингі
Мамыр
Білім беру салаларын кіріктіру арқылы балалардың белсенді қозғалысын
Жаз бойы
ұйымдастыру
Жаттығулар:
- таза ауадағы дене шынықтыру;
- ертеңгілік жаттығулар;
- ұйқыдан ояту жаттығулары;

Жаз бойы

17

Әдіскер
Әдіскер, тәрбиешілер,
музыка жетекшісі,
дене шынықтыру
нұсқаушысы

Тәрбиешілер
Тәрбиешілер,
дене шынықтыру
нұсқаушысы
Тәрбиешілер,
дене шынықтыру
нұсқаушысы

- сергіту сәттері.
Антропометрикалық ӛлшемдерді жүргізу
1. Спорттық ойын, жарыстар:
- спорттық ойындар;
- спорт жарыстары;
- эстафеталар.
2. Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға арналған ситуациялық ойындар.
3. Спорт мерекелері.
4. Мерекелер мен ойын-сауықтарды ұйымдастыру кезінде спорттық сайыстар
ӛткізу (мүмкіндігінше таза ауада).
Шынықтыру жүйесіне сәйкес әзірленген күні бойы шынығу:
- дозаланған күн ванналары; суға шомылу; массаж жолдарымен жаяу жүру, ӛзіне
массаж жасау, ауа ванналары, терезені ашып қойып ұйықтату;
-ауызды және тамақты шаю;
- ауыз-су режимі;
- ауқымды жуыну;
- аяқты шаю;
- тыныс алу жаттығулары.
Арнайы жаттығулар:
- түзету жаттығулары;
- майтабандылықтың алдын алу;
- дене сымбатының бұзылуының алдын алу;
- артикуляциялық жаттығулар;
- тыныс алу жаттығулары;
- ұсақ моториканы дамыту жаттығулары.
Балалармен әңгімелесу:
- «Денсаулық сағаты».
Серуенде балалардың физикалық денсаулығын нығайту үшін жеке және шағын
топтарда ірі моториканы дамытуға арналған жаттығулар жасау
Күнделікті тағамдарды дәрумендендіру
18

жоспар
бойынша
Жаз бойы

Медициналық қызметкер
МДҰ меңгерушісі,
дене шынықтыру
нұсқаушысы,
музыка жетекшісі,
тәрбиешілер

Жаз бойы

Тәрбиешілер

Жаз бойы

Дене шынықтыру
нұсқаушысы,
тәрбиешілер

Жаз бойы

Медициналық қызметкер

Жаз бойы

Дене шынықтыру
нұсқаушысы, тәрбиешілер

Жаз бойы

Медицина қызметкері,
бас-аспаз

Ата-аналармен жҧмыс
- ата-аналармен ӛзара ынтымақтастық орнату мақсатында «жаз мезгіліндегі
балаларды сауықтыру» тақырыбында сауалнама жүргізу;
- ата-аналармен күнделікті пікірлесіп, ақпарат алмасу;
- жазғы кезеңде бала ағзасын сауықтыру туралы ақпаратқа ата-ананың
қолжетімділігін қамтамасыз ету (ауызша, сілтеме арқылы электронды нұсқада, атааналарға арналған ақпараттық бұрышта);
- іс-шараларды ӛткізуге ата-аналарды тарту (модель 48-51 т.).

мамыр,
маусым,
шілде

Жаз бойы
Қорытынды: Жазғы сауықтыру жҧмыстарын талдау
Жазғы сауықтыру шараларының аяғында балалармен кері байланыс ӛткізу
Тамыз
Жазғы сауықтыру шараларының аяғында ата-аналармен кері байланыс ӛткізу
Тамыз
Денсаулық мониторингі
Тамыз
Жазғы сауықтыру кезеңін педагогикалық кеңесте қорытындылау

19

Тамыз

Әдіскер,
тәрбиешілер

Тәрбиешілер
Тәрбиешілер
Тәрбиешілер
Тәрбиеші, медицина
қызметкері
МДҰ меңгерушісі,
әдіскер

3 қосымша
«Алақай, жайдарлы жаз келді» жазғы-сауықтыру кезеңінің перспективалық жоспарының ҥлгісі
2021 жылға арналған
Ӛткізілетін шаралардың
атаулары
«Әрқашан
сӛнбесін!»

күн

Жҧмыс мазмҧны
1-апта (01.06-04.06) «Бақытты балалық шақ»
Балалар күні мерекесін ұйымдастыру:
- балалар шығармашылығынан концерт;
- асфальтқа сурет салу байқауы.

«Менің әлемім»

- «Менің жақындарым», «Менің үйдегі сырласым», «Менің бауырларым», «Менің
отбасым» тақырыптарында балалармен серуенде әңгімелесу;
- балалардың отбасында ата-анасымен, бауырларымен немесе жақындарымен бірге
уақыт ӛткізгенде ойнайтын ойындары, спорттық жаттығулары, сайыстарының ішінен
кӛпшілігіне таныс ойын түрін бірге ойнап кӛру және алған әсерлерімен бӛлісу;
- тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беру, ән тыңдату және қалауы бойынша балаға
айтқызу.
Кәусәр бұлақ
Балалардың кӛрген мультфильмдерінен алған әсерлерімен бӛлісу, олардың қиялын,
логикалық ойлауын, сӛйлеу тілін дамыту мақсатында жетекші сұрақтар қою.
Балалардың қалауы бойынша мультфильм кейіпкерлерінің образын таңдап, қимылқозғалыс ойындарын ӛткізу, патомимика арқылы кейіпкерді табу ойынын ойнау.
«Мен
елімнің Отан туралы ӛлеңдерді жатқа айту челленджі.
Ұланымын!»
Балалар шығармашылығынан суреттер кӛрмесін ұйымдастыру.
Таза ауада ұлттық ойындар сайысын ӛткізу.
2-апта (07.06-11.06) «Жас із кесушілер»
Жас із кесушілер
Дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу.
Қимыл-қозғалыс ойындары «Ӛз түсіңді табу», «Жасырынбақ», «Жалаушаны табу».
«Із кесушілер деген кімдер?» жетекші сұрақтар қою арқылы балалармен әңгімелесу.
Ертегіні немесе кӛркем шығарманы оқып беру (үзінді).
«Із кесуші» мультфильмін кӛрсету.
Аңдар мен аңшылар
Альбомдар кӛру: «Аңдар», «Құстар», «Гүлдер»…
20

Ӛткізу
мерзімі
01.06

02.06

03.06

04.06

07.06

08.06

Мейірімді достарым

Саялы бақ

Сыр сандық

Сабын кӛпіршіктері күні

«Табиғатты қорғау» белгілерін дайындау.
Сурет салу: «Жайлаудағы тӛрт түлік», «Орман аңдары», «Менің сүйікті жануарым»
және басқа тақырыптар (балалардың қалауын ескеру ұсынылады).
Құм және сумен тәжірибе.
Құрастыру «Аңдардың үйшігі».
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаднама құрастыру.
Қимыл-қозғалыс ойындары: «Аңды ізіне қарап таны», «Бақшадағы қояндар», «Қағып ал
да ата» (доппен)
Аңдар мен үй жануарлары туралы кітап кӛрмесін ұйымдастыру.
Мысықтың ӛзіне күтім жасауын бақылау (жуыну).
«Ерте, ерте, ертеде» тақырыпқа сәйкес аудио ертегілер тыңдату, тыңдалған ертегінің
мазмұнын айтқызу.
Сергіту сәтінде аңдар мен үй жануарларының қимыл-қозғалысын қайталауға құрылған
жаттығулар
жасау
(ресурстарға
сілтеме:https://bilimkids.kz/kk/videos/10;
https://bilimkids.kz/kk/videos/26).
«Біздің ӛлкенің а
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!