400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба Мәңгілік ел – ұлттың ұлы мұраты.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға қазіргі сабақ жүргізу барысында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

ШҚО Әкімдігінің Білім басқармасы

КМҚК «Құрылыс колледжі»






Тақырыбы:Мәңгілік ел – ұлттың ұлы мұраты.


Бағыты: Мәңгілік ел-жастардың азаматтығы мен патриотизмнің дамытудың негізі

















Орындаушы: Қадылжанов Алмас Жұлдызұлы “Құрылыс колледжі» СТ-21 тобы

Жетекші: Мадиева Ләззат Ризабекқызы Мұғалім. «Құрылыс колледжі»












Мазмұны


Анатация.............................................................................3-4б

Кіріспе..................................................................................5-10б

Негізгі бөлім.......................................................................12-20б

а)Ежелгі қазақ халқының тарихы

б)Бірінші президент қанатты сөздері

в)Мәңгілік ел туралы толық мағлұмат

Қорытынды.......................................................................22-23б

Қолданылған әдебиеттер.................................................24б































2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді.

«Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X–XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды



















Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Еуроцентристік көзқарас бойыншатүркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын айтушылар көп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты өз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін нығайтудағы тарихи рөлінің қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау көрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді» [3, 120 б.], — дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады [3, 121 б.] Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген түркі тілдес мемлекеттерді жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына айналдыру идеясы өз жемісін берді. Оған Түркістандағы Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуы, 2009 жылы Түркияның «Түрік ошақтары» қоғамдық ұйымынан Н.Ә.Назарбаевқа «Түркі әлеміне қызмет» марапатының берілуі, Астанада Түркі академиясының ашылуы, сонымен қатар, Анкара қаласындағы «Генчлер» саябағына Н.Назарбаев ескерткішінің орнатылуы, Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Президент Н.Назарбаевты «түркітілдес халықтардың көшбасшысы» деп бағалауы — Елбасының түркі әлемін біріктіру, экономикалық және мәдени салаларды тығыз байланыстыру жолындағы тарихи еңбегіне берілген әділетті баға болды. Елбасының түркі интеграциясы жолындағы қызметінің мақсаттарының бірі — экономикалық ынтымақтастыққа негізделген. 2012 жылдың 12-желтоқсаны күні Түркия астанасы Анкара қаласында Лев Гумилевтің 100 жылдығына орай өткен «Лев Гумилев және оның түркологиялық ғылыми мұрасы» атты конференцияда Алтайлық түркітанушы Беликовтың: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір кезең аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» — деген жалынды сөздері барша түркі халықтарын дүр сілкіндіріп, ертеңге деген ерен сенім ұялатып отырғаны аян. ХХІ ғасырды Түрік мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Осы орайда Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Енді осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы пассионарлық қасиет қайта оянуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп атауға болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», — дейді. Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алады. Лев Николаевич Гумилев «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа: «Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы «Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Бұл жерде Л.Н.Гумилевтің этностардың өмір сүруі теориясы бойынша әрбір ұлт, әр халық 1200-1500 жылдай өмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, өсіп-өркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен. Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта шенінде қазақ халқы пайда болады. Соған қарағанда, халықтың даму жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза Ділмұхамедова Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол жерде алқалы жиындар өтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын зерттейді. Пассионар тұлғалар көбейеді. Алдымен бір адам туады, ол өз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен [5]. Гумилевтың айтқан сөздері жаңа дәуірге қадам басып жатқан Қазақ елінің қазіргі жағдайымен тұспа-тұс келеді. Гумилевтың «алқалы жиындар өтеді» дегені түркі ұрпақтарының ынтымақтастық жолында атқарып жатқан шаралары болса, «тарихын зерттейді» дегені түркі академиясының құрылуы және де 2013 жылы 5 маусымдағы М.Тажиннің ұлттық тарихты зерделеу бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт Көшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді» дегені Елбасының Қазақстан 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын алға қоюы деуге болады. Көне түркілердің «Мә .гілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді.. XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!




Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығын – халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи дата – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өту – өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы датадан бұрын есептелетін мызғымас негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялық көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды ресімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көп ұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастықта лайықты орын алды. Бұған жету жолы да оңай болмағаны аян. Иә, ел болып еңсе тіктедік дегенде – арғы жағында арқасүйер, табан тірер не бар екенін қазақ жұрты мен қазақстандықтардың жарасымды тіршілігінің дәлелі болды. Біздің Отанымыз Қазақстан – бүгінде тәуелсіз мемлекет.Елбасымыз өз сөзінде «Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз.Басқа бақыттың қонуы бір бөлек,сол бақытты бағалай білу бір бөлек.Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ.Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол- өткен бабалардың алдыңдағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдыңдағы зор жауапкершілік.Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп,тәубе деп,Тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз.Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз» деген еді.Шынында да тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман – есен өтуіміздің өзі баға жетпес мұра емес пе?!

Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі –Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс тапқандай Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы қазірдің өзінде елді біріктіруші күшке, ұлттық идеологияға айналды. Ол – «Қазақстан-2050» Стратегиясының, сонымен қатар, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, ұлттың рухани құндылығы.Қазақстанның бүгінгі алатын орны,халықтың әл-ауқаты мен экономикасының дамуы елімізде жүргізілген саясаттың нақты нәтижесі болып табылады.Өткенге сәл шегініс жасап көретін болсақ,тәуелсіздіктің бірінші күні яғни 1991 жылдың 17 желтоқсанында Елбасының «Кең – байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Содан бері жиырма төрт жыл уақыт ішінде қаншама жаңашыл бағдарламалар мен жолдауларын арнап мемлекетіміздің өркендеуі мен өсуіне ықпал ететін тиімді даму жолдарын нақты көрсетіп берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы жаңа дәуірдің,келісті келбетінің көрінісін саралап берді деп толыққанды сенімді айтуға болады. «Мәңгілік Қазақстан» деп аталуы арқылы тұғырлы еліміздегі әрбір отандастарымыздың жүрегіне жылу ұялата,мақтаныш сезімінің және оған деген сенімін айқындады.Елбасымыз тағы бір сөзінде, бүгінімен ертеңін ғана ойлап,кеңшілікті ойлаудан түсер пайданың қазіргі бәсекелестік заманында түкке тұрмайтын тіршілік екенін баса айтты. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен сынақ,осыдан мүлтіксіз орындап, сүрінбей өту – ортақ парыз,абыройлы міндет екенің баса айтты.Шынында да, бұл біз үшін жүктелген,мақсат етілген,жұмыла жеңетін алдағы міндетміз.Осы орайда басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ілігуі, яғни «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Атап айтар болсақ, тұңғыш мемлекеттік тұжырым идеологиясының елең еткізерлік жаңалық екені бізге мәлім.Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін – тұжырым ретінде «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануының айтсақ болады. «Мәңгілік Ел» идеясы,қазақ елінің тәуелсіздік жолында еңбекпен қол жеткізген биік асу,үлкен белес. «Мәңгілік Ел» ұғымын тереңірек түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету маңызды болып табылады.Түрік тарихын зерттеуші, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы: «Мәңгілік Ел» - түрік жұртының данагөйі,үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея...» - екендігін жазған еді.Түрік қағанатын құрағаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік Ел» идеясын қолына алды.Мәңгілік ел – мақсаты түрік елінің билігі деп біршама ғасыр бұрын мәңгілік ел идеясын ұсынылғаны байқалады. Мәңгілік ел дегеніміз – мемлекеттің ғасырлар тоғысында,ірі державалар арасында бәсекеге төтеп бере отырып, өзіндік қорғасын саясатын ұстану деп түсінуге болады. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Бір кездерде дүркіретіп билік құрған Көктүріктер империясы ту еткен, Тоныкөк негізін қалаған, ұлы Шыңғыс хан империясының атына айналған Мәңгі ел құндылығы бүгін, міне, осылайша Қазақстан мемлекетінің түп қазығы – ұлттық идеясына айналды. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы тағы бір данамыз Асан қайғының осы тектес идеясымен де астасып жатыр. Бұл – «Жерұйық» идеясы. Бұл да- өте терең,ғажап идея.Халқының болашағын ойлап,ел аласы,ру таласы болмайтын жер іздеуі баяндалады.Елбасы Жолдауында ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын Асан қайғы армандаған «Жерұйық» идеясының жалғасы деп қарастыруымызға болады. Сөйтіп,Қазақстан халқының, дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлттық идеясы анықталды.Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Алтын Күн шуағын шашқан Көк байрағымыздың астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. Елбасы:«Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады», деді. Сонымен бірге Қазақстанды Мәңгілік елге айналдырудың жолдары,түрлі иірімдері мен тетіктері,кезеңдері нақтыланып көрсетілді. «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып,орын алатын тәуелсіз мемлекет құру еді.Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтүні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болуы еді.Осы армандар ақиқатқа айнала бастады.Мәңгілік елдің іргетасы қаланды.Ендігі жердегі Қазақстан дамуының мақсатының бастысы – ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.Бұл – аса биік,астамшыл мақсат.Бірақ оны ендігі жерде ешкім қиял деп айта алмас,себебі біз аз уақыт ішінде талай жоспарларды шындыққа айналдырдық.Күні кеше, бұдан 24 жыл бұрын бізде ұлттың экономикасы да,қазіргідей қалыпты мемлекет те,заңдастырылған шекара да болмаған еді.Қазір бұлардың бәрі бар.Қазақстанда қазір көшбасшы ұлттармен тең дәрежеде өмір сүріп отыр.Біз өзімізді оларға мойындаттық.Ендігі олар бізбен санасатын болды.Дана халқымыз: «Қиындыққа мойыма,ұмтыл-дағы іспен жең.Мақсатсыз жан өмірде қанаты жоқ құспен тең»деген.Тілекжан Хасенұлының айтуынша,дамыған елдерге тән ерекшелік – халқының, азаматтарының рухы ояу,асқақ болады.Олар өздерін ешкімнен кем санамайды.Олар басқаны сыйлайды,басқалармен санасады,басқалардан үйренеді,сонымен бірге өзіне де сенеді,өзін де мақтан тұтады.Дамыған елдің адамы – нағыз патриот: өз елін,өз жерін,Отанын сүйеді,өз тілін,дәстүрін,әдебиетін,тарихын біледі,қадір тұтады.Елбасымыз қазақстандық патриотизм туралы,әрбір азаматтың патриоттық сезімін ояту,қалыптастыру туралы тектен-тек айтып жүрген жоқ.Патриотизм біздер үшін – қуатты күш,қосымша инвентиция.Оның негізінде рух,намыс жатыр.Қазіргі ел аузындағы Мәңгілік ел, Нұрлы жол деген тіркестер бейнелі түрде кездейсоқ айтылған емес.Бұл-қазақтардың ғана емес,бүкіл қазақстандықтардың таяу жылдардағы бетке ұстар идеясы,өмірлік нысанасы.Мәңгілік ел – мыңжылдық мәні бар жалпыұлттық идея.Мәңгілік ел – Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан философиялық идея.Көреген хандарымыз бен дана билеріміз,кешегі өткен Алаш арыстары қазақ елін қайырымды қоғамға,Жерұйыққа,Мәңгілік елге айналдыруды арман еткен,сол үшін күрескен,қан төккен,еңбек еткен.Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан,яғни үш негізден тұрады: біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі,екіншісі – әл – Фарабидің философиялық шығармаларында,әсіресе, «Қайырымды қалада», үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны.Бұлардың бәрі бір- бірімен тығыз байланысты,бір заманнның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып,кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік,яғни «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасады.
 
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Осы арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік  мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деген еді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

«Мәңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты ‑ елімізді дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүдде мен рухани дүниені жаңғыртуға және өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңашылдандыруға арналған бастама деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы ‑ еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ‑ елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама болмақ. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар.

Елбасы өз сөзінде: «Біз бәріміз бір атаның ‑ қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу ‑ қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол ‑ тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Елболамыз. Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл әлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз ‑ бәсекеге төтеп беру. Əлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты‑күшті рух пен білім» ‑ деген еді. Ұшқанда қыранның қанаты талатын ұлан‑ғайыр далада мекенді біздің ата‑бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтарға «Тәуелсіздік» деп аталатын баға жетпес сый қалдырып кетті. Енді біздегі мақсат‑осынау кең қасиетті қазақ даласын көркейту, бүкіл әлімге таныту, елдігімізді сақтап, ата‑бабаларымыздың аманатын болашақ ұрпаққа жеткізу» ‑ деген еді. Ұшқанда қыранның қанаты талатын ұлан‑ғайыр далада мекенді біздің ата‑бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтарға «Тәуелсіздік» деп аталатын баға жетпес сый қалдырып кетті. Енді біздегі мақсат‑осынау кең қасиетті қазақ даласын көркейту, бүкіл әлімге таныту, елдігімізді сақтап,ата‑бабаларымыздың аманатын болашақ ұрпаққа жеткізу.

Әрине, қазір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман. Біз «соғыс» дегеннің не екенін білмей өсіп келеміз. Ұйқымыз тыныш, тамағымыз тоқ. Ал осындай бейбіт заманда біздің мемлекетке, Отанымызға дегнен ең басты парызымыз жақсы, сапалы білім алып, алған білімімізді мемлекет мүддесіне жұмсау. Қазақстанның «Мәңгілік ел» болып қалыптасуына өз үлесімізді қосу. Еліміз үшін аянбай қызмет ету ‑ біздің парызымыз болып табылады.

Жаһандану заманы, баршаға мәлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы ‑ ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем де емес дәрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мәселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында.
Алға ұмтылу бағыттарын саралап көрелік:
•    әрбір тұрғын өмір-тіршілігінің жақсаруына, отбасының берекесіне өзі ұйытқы болуы шарт, себебі, Отан ‑ отбасынан басталады;
•    әрбір азамат пен азаматша өзінің кәсіби әлеуетін анықтай алуы жне оның дәрежесін көтеруге қызығушылық танытуы қажеттілікке айналуы керек;
•     әрбір отбасы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, болашақ ұрпақтары жалғастыратын ата-бабалар аманаты ретінде, жауапкершілікпен қабылдауы тиіс және отбасының өмір-мұраттарын нақты айшықтауы қажет;
•    қоғамдағы жеке адам, тұлға, отбасы мүшелері өздерінің даму «мүмкіндік көздерін» айшықтай алуы шарт, сонда ғана адам бойындағы барлық әлеуетін пайдалана алады және жетістіктер мен молшылыққа кенеледі. Ол елдің табысына айналады;

Жолдаудағы елдің жаһандық отыздық тобының тізіміне кіру мақсаты‑әрбір адамның, маманның, жауапкершілік алып отырған басшылардың көзқарасын жаңғыртуы, түйсіне отырып жаңа өмір сапасына мүдделілік таныту қажеттілігіне сұранысты өсіреді. Бұл айтуға оңай болғанмен, іс жүзінде қиын дүние. Еңбек пен салауатты өмір-салтына адамдардың ынтымақтастық пен шынайы ұйыса алуы нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. Сонда ғана қазақстандық өнімдердің сапасы артып, қазақстандық білім жне ғылыми орта көзқарастары мен өтімділігі нақты тарихи үрдісте өмір сүреді. Жолдаудағы

Тәуелсіздік тұғырын бекітудегі мәңгі ел мұраты әрбір адамның жауапкершілігі мен адами болмысына тікелей байланысты. Ел дамуына да ықпалды күш‑ адам және оның әлеуеті. Уақыт ешкімді күтпейтінін ескерсек, бүгінгі мүмкіндікті пайдалана алмаған, ертеңгі несібесін қолынан шығарып алуы да ғажап емес. Сондықтан да жаһандану әлемінің заңдылығы да, заманауилығы да күн санап өзгеріске ұшырауда. Қазақ перзентінің әлемдік кеңістікте алатын еншісі мол, тек батыл да жігерлі еңбек арқылы несібесіне қол жеткізу. Заманауи кезеңнің басты талабы‑адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, заманға бейімделген ұлттық санамызбен, қазақы болмысымызбен кірігу.  Басқаша айтқанда тұлпардың мәреге жетуі, оның бабына байланысты. Елдік‑елі арқылы сыналады. Ал халықтың намыс пен жігер күш‑ «Мәңгілік Ел» идеясының ұлы істер дәуіріне жетелейді. «Мәңгілік Ел» ‑ мәңгілік ел атану біздің‑болашақ қрпақтың қолында. Біздей жастар барда, біздей болашақ барда ‑ біз міндетті түрде «Мәңгілік Ел» атанамыз


Мен пікірімді жүрекжарды жырыммен былай түйіндегім келеді.

Мәңгілік Отаным бар бақыттымын,

Бабалар арман еткен шаттық күнін

Өткенін бағаласын жас ұрпағым

Қуанышпен қарсы алсын әрбір таңын

Мақтан тұтар «Мәңгілік еліміз» бар

Әлем білген кең байтақ жеріміз бар.

Батырларым білегімен қорғап өткен,

Тұлпарлардың тұяғының іздері бар

Талай тұлға тарихтың толқынында

Бәрінің теңдік еді арманыда.

Ата – баба рухымен бізге жеткен,

Бостандықтың баға жетпес құны осында!

Туған елдің көк туы Тәуелсіздік,

Желбірейді, әрқашан тұрып биік.

Тәуелсіз елде туған өрендерім,

Өр намысты, білімді, рухы биік

«Мәңгілік ел» мұратым, мақсатымда,

Болашағы айқын болар сара жолда.

Тәуелсіздік қасиетті тұмарымдай,

«Мәңгілік Қазақ елі» тұрағымда

















Қорытынды.

Елбасы өз Жолдауында «Мəңгілік ел» болып қалу үшін бүгінгі заманға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады.

 «Мəңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - „Мəңгілік ел“ идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты - елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» - елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің кең көлемдегі мағыналы ойларын барша Қазақстандықтарға нақтылап жеткізе отыра, орындалу жолдарында міндеттеген. Біздің ауданымызда «Әділет кеңес береді» Республикалық акцияға байланысты, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізу барысында, біздің тарапымыздан халыққа Елбасымыздың жолдауы жеткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет. 2. Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі рун жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр Мырза Әли..) — Алматы, «Өлке» баспасы, 2001. — 144 бет. 3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. — 232 бет. 4. Гумилев Л.H.От Руси к России. — М: ООО «ИздательствоАСТ», 2002. — 392 с. 5. Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж. 6. «АСЫЛ МҰРА» түркі антологиясы. — Астана: Сарыарқа, 2012. — 568 б. 7. Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н., Кара А., Қабылдинов З.Е. Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы және түркі кеңістігі. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 404 бет.(орыс тілінде) 8. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. — Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. — 368 бет. 9. Ханкелді Әбжанов, Зардыхан Қинаятұлы, Дихан Қамзабекұлы, Гүлшат Нұрымбетова, Абдулкадыр Ювалы.Түркі әлемінің көшбасшылары: өткені мен бүгіні. I кітап. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 456 бет.















9


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі