ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ № 6 ОРТА МЕКТЕП
Тақырыбы: «Маңғыстау облысының қоғам қайраткері»
Секциясы Өлкетану
Жетекшісі: № 6 орта мектептің мұғалімі Исаева Айжан
Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектеп 9 А сынып
Демиханова Ақбаян
Жаңаөзен 2017/2018
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3-4
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ. I ТАРАУ
-
Асылбек Айдаровтың өмір жолы және ақындық ұстанымы...................................................................................................6-10
-
Ақынның өмірі – бізге тағлым.............................................................. .......................................11-14
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................17
А ң д а т п а
Зерттеу мақсаты:. Ұлттық мәдениетімізді адамгершілік құндылықтарымызды бағалап, қастерлеу, ғұламалардың рухани құндылықтарын үйреніп, жаттап, ұлттық сана сезімізді шындау
Зерттеу гипотезасы: Егер біз туған жеріміздің ақынының өміріне, шығармаларына, өнегелі сөздеріне назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, ата - бабаларымыздың тарихын сақтай отырып, «басқалардан кем болмаспыз».
Кезеңдері,зеттеудің рәсімі:
-
Аналитикалық оқу;
-
Іздеу, мәтінмәндік талдау;
-
Библиографиялық басылымдар мен мақалаларды оқу;
-
Жалпы мәліметтер;
-
Сауалнама, сұхбаттасу.
Эксперименттің әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, Маңғыстау облысының қоғам қайраткерлері жайлы сипаттама беру.
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Ақындар мен тілшілердің тарихи шыңдықпен, қоғамдық құрылыс туралы туған шығармаларды көрдік,зерттедік. Жазылған шығармалардың ішінде біздің заманғада бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.Айта кетсек, осындай шығармаларды жазған жазушы тілі мүлде бөлек нәрсе.Шығарманың әрбір сөзінде өзіндік ерекшілік,шеберлік пен жаңалық жатыр.Көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтере алады деген ойдамыз.
Нәтиженің іс жүзінде пайдаланылатын саласы: Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен ар-ұят.
А н н о т а ц и я
Цель работы: Ценить национальную культуру и моральные ценности,улучшить знания о духовных ценностях ученых и национального сознания.
Гипотеза исследования: Если мы обратим внимание на жизнь, работу и стихи поэта нашей родины, мы не будем «уступать другим», сохраняя историю нашего народа и наших предков.
Методы исследования:
-
Аналитическое чтение;
-
Поисковый, контекстуальный анализ;
-
Изучение библиографических публикаций и статей;
-
Обобщения;
-
Опрос, интервью.
Методика эксперимента: Используя литературу и хронологию событии, дать описание про общественных деятилей.
Результат и заключение работы: Мы изучили работы поэтов и журналистов по историческим вершинам. Писание писателей разные. Каждое предложение имеет свою особенность, мастерство и новизну. Мы считаем, что качество казахского языка может быть доведено до литературного языка в соответствии с художественным талантом.
Область науки используемый на практике: Любовь к Родине, мораль и полис чести.
A n n o t a t i o n
Purpose of work: To appreciate the national culture and moral values, to improve knowledge about the spiritual values of scientists and national consciousness.
Research hypothesis: if we pay attention to the life, work and poems of the poet of our homeland, we will "yield to others", preserving the history of our people and our ancestors.
Methods of research:
-
Analytical reading;
-
Search, contextual analysis;
-
Study of bibliographic publications and articles;
-
Generalizations;
-
Interrogation, interview.
Technique of the experiment: Using the literature and the chronology of the event, give a description of public figures.
Result and conclusion of the work: We studied the works of poets and journalists on historical heights. The writings of writers are different. Each sentence has its own peculiarity, skill and novelty. We believe that the quality of the Kazakh language can be brought to the literary language in accordance with artistic talent.
The field of science used in practice: Love of the Motherland, morality and honor policy.
Кіріспе
Бұл жұмысымда Асылбек Айдаровтың өміріндегі
елеулі кезеңдері, шығармашылығындағы жарқын белестері, қаламгерлік
жетістіктері сөз етіледі. Көздеген мақсатым осы ғылыми жұмысым
барысында толығымен айқындалды десем артық болмас. Өмірін зерттеу
мен үшін әрі қызық, әрі үйретері мол болды. Себебі осындай ірі
тұлғаның бар екенін, ұрпақтары мирас етіп қалдырған ізін жалғап
жүргенін білмеген едім. Осыларды танып білу арқылы өзім де осы
ақынымызды баршаға танып, үлгі тұтар азамат болғанын дәлелдесем
деймін.
Өмірінің қиын кезеңдері болса да
мойынсынбағаны, өнер жолын қуып өшпес із қалдырған ақын өмірі сыр
мен жұмбаққа толы. Қарапайым отбасынан шықса да өнерімен,
өлеңдерімен жүрек тебірентер жырларымен ел қалаулысы, ардақтысы
болды. Біреуге ұстаз, біреуге үлгілі азамат Асылбек Айдаровтың
берер тағылымы әлі де асқақтатары анық. Тек шығармалары жайлы емес,
ақын екендігін де сөз
етемін.
Еліміздің киелі топырағанан түлеп ұшқан, барша Қазақстан Республикасы аймағында келісі ерек, болмыстары жаңа, мерейлі, береке бітімдері ерекше, ел тарихында айрықша ауқымды ардақталатын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері көп. Соның ішінде Маңғыстау облысында қоғам қайраткерлерінің сіңірген еңбектері көп. Жалпы, Қазақстан Республикасының өркендеуіне үлес қосқан ғалымдар, ақындар, журналисттер және т.б. қоғам қайраткерлері жетерлік. Сол текті тұлғалардың мәңгілік мекені- Маңғыстау. XX ғасыр орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Жеке айта кетсек, Әбіш Кекілбайұлы, Оразмағанбет Тұрмағанбет, Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев, Рахмет Өтесінұлы Өтесінов, Сайын Назарбекұлы Назарбек.Осы қоғам қайраткерлерінің ізбасары, жалғастырушысы Асылбек Сүйеуханұлы Айдаров.Осы жоғарыда айтылып кеткен қоғам қайраткерлерінің еңбектері ел аузында таралып жүр. Көптеген кітаптар мен баспа газеттерін саралап, Маңғыстау облысының бетке ұстар азаматтары туралы көп нәрсе біле білдік.Олардың өмірбаяны мен Қазақстан Республикасына сіңірген еңбектері жайлы зерттедік. Журналист, мұғалім, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі 1972 жылдан. Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы 2000, Қазақстанның Құрметті журналисті Асылбек Сүйеуханұлы Айдаровтан сұхбат алдық.Ол кісі бізді өз үйіне аса бір қонақжайлықпен қарсы алып, өзі туралы қысқа да нұсқа айтып берді.Өз туған жері жайлы және де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүргенінде басынан қандай қызықты оқиғалар өткенін баяндады. «Ауылға Сүгір келді деп...» және «Мен Есенғали Шайырың» атты кітаптарды құрастырушы, «Жаңаөзен –мұнайшылар астанасы», «Жаңарған Жаңаөзен», «Өткен күннің белгілері», «Қарашаңырақ Қызылсай», « Қуанғали Сарбөпеұлы» атты кітаптардың авторы, ал «Күйкеннен бергі бауырда» атты кітабы 2017 жылдың қазан айында жарық көрді. Асылбек Айдаров мектеп бітіргеніне 60 жыл толуына орай 146 кітапты Форт-Шевченкодағы мектебіне,146 кітапты Сайын ауылындағы мектебіне және де 300-ге жуық кітапты Синек ауылының мектебіне табыстайтынын айтты. Сұхбатымызды алып болғаннан кейін естелікке суретке түсіп, батасын алып, қоштастық.
I ТАРАУ
-
Асылбек Айдаровтың өмір жолы және ақындық ұстанымы
Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, елінің өркендеуіне өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алу, көппен терезе теңестіруді көздеді.Ең алдымен өз еліне атамекеніне қызмет етуді мақсат етті.Сол жолда көптеген кітаптар жазып, күрестті.Осы жолда еңбек етіп жүрген азаматтың бірі Асылбек Айдаров.Кімге болсада туған жер ата-ананың алақанындай ыстық болады емес пе? Осы өмірде киелі Маңғыстау топырағында, осы ауылда балалық шағы өткен Асылбек Айдаровтың еңбектері зор.
Жаңаөзен қаласы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесі төрағасы. Гурьев (Атырау) облысының Ералиев (Құрық) кентінде балықшы шаруа отбасында туған. Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық университетінің филология факультетін және Марксизм-Ленинизм университетін бітірген жоғары саяси білімді азамат. 2010 жылдың ақпан айынан бастап зейнеткер, Жаңаөзен қаласы әкімі жанындағы қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы. КСРО және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР халық ағарту ісінең үздігі, Ералиев, Өзен кентінің және Жаңаөзен қалалық Кеңесі мен Маңғыстау облыстық Мәслихатының депутаттығына сайланған. Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы. Еңбек жолын балықшы, құрылысшы болып бастап, мектептерде мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған. Өзен аудандық «Жаңарған Маңғыстау» газеті редакторының орынбасары, қалалық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы, облыстық «Коммунистік жол» газетінің меншікті тілшісі болып еңбек етті. Жаңаөзен қалалық партия комитетінің үгіт насихат және қалалық халыққа білім беру бөлімдерінің меңгерушісі, қалалық «Жаңаөзен» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. «Ауылға Сүгір келді деп...» және «Мен Есенғали Шайырың» атты кітаптарды құрастырушы, « Жаңаөзен –мұнайшылар астанасы», « Жаңарған Жаңаөзен» , « Өткен күннің белгілері», « Қарашаңырақ Қызылсай», « Қуанғали Сарбөпеұлы» атты кітаптардың авторы. Ол «Құрмет белгісі» ордені, « Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін», В.И.Лениннің 100 жылдығы юбилейлік және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен, «Өзен мұнай кенорнына 40 жыл» белгісімен, екі рет Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. «Қазақстанның құрметті журналисі» атағына ие болған. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының дипломанты, Қазақстан Республикасы Ақпарат және Мәдениет Министрлігінің Құрмет Грамоталарымен, Маңғыстау облысы және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттарының иегері.

Асылбек Айдаровпен кездесу сәті

2014 жылы « Қарашаңырақ Қылылсай» кітабы шықты.
Елбасының «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» мақаласына орай ардагер журналист Асылбек Айдаров қалалық кітапханаға үш кітабын табыстады. Бұлардың барлығы соңғы жылдары жарық көрген кітаптар. Бірі Жаңаөзен қаласының дамуына үлес қосқан азамат, мұнайшы Қолқанат Құлсариев туралы жазылған «Жылдар жолдар» деп аталады. Екіншісі Сүгірәлі ата шежіресінен сыр шертетін «Күйкеннен бергі бауырда» деп аталған. Тағы бір кітабы Қызылсай ауылының құрылуына жазылған «Қарашаңырақ Қызылсай» жинағы. Мұны автор Қызылсай ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жақсылық Көңілімқосұлымен бірге шығарған. Осыдан 58 жыл бұрын, 1958-59 жылдары аңызақ иен далада 20 шақты жанұя жертөлелерді қоныс қылып, мұнай өндірісінің алғашқы қарлығаштары ретінде жаңа елді мекенді өмірге әкелген болатын. Бүгінде 5500-дей тұрғынға құтты мекен болған Қызылсай ауылы – кешегі ел ырзығын абыроймен жиған аға-әкелердің, апа-аналардың маңдай терінің, ерен еңбегінің өлшемі.
Қыркүйек айының 21-22 жұлдызы күні Қызылсай ауылының 58 жылдығы аталып өтті. Мерейлі мерекеге қатысқан қала тұрғындары бұл мерекені ерекше тойлады. Салтанатты жиын болып ашылған мерекеде спорттық ойындардан, бәйге, қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, соңында гала концертпен аяқталды. Құттықтау сөз сөйлеген Жаңаөзен қаласының әкімі «Кешегі құлан жортпас құба дөң, көрер көзге ұшы-қиырсыз, бар құпиясын ішіне бүккен иен даланы игеріп, кезінде «Тайғырдың дөңі» аталған жерде қала тұрғызуға себеп болған сулы Қызылсай аңғарына ел қоныстанып, Қызылсай ауылы қалыптасқанына 58 жыл ! Алғаш он бес үй қоныстанып, бүгінде 5395 тұрғыны бар Қызылсай ауылы - өзен мұнайы өндірісінің қарашаңырағы, қаншама перзенттің кіндік қаны тамған жер. Ендеше, 58 жылдық мереке құтты болсын, ауылдастар!Олай болса, іргеміз бүтін, аузымыз бір, аспанымыз ашық, күніміз нұрлы болғай!» - деп өз тілеген жеткізді.
«Күйкеннен бергі бауырда» атты кітабында Сүгірәлі руы туралы, атадан тарайтын беделді тұлғалар туралы ақпарат берілген.Сонымен қатар бұл ауыл Күйкен жерінде отырғанда шауып келген 250 жәумітке қарсы шыққан 40 батыр туралы да айтылады.Сол әңгіменің арасында Сүгірәлі ата ұрпағы Қабыл батырда болған.
“Айқас кезінде алғаш рет Қабыл атамыздың жорғасы жарқаттанып құлайды.Содан жаяу жерге түсіп алады да, қолындағы қылышыменен, шоқпарыменен жаңағы жәуміттермен айқасады.Бірақ осы кезде Төле атты батыр жәуміттің бір жауынгерін қылышпен шауып құлатады дағы, атын әкеліп Қабылға «Сен мына атқа мін»- дейді.Қабыл атқа мініп алып, жәуміттерді әрі қарай жайрата береді”
Асылбек Айдаров
Осы шара аясында Бейнеу ауданына аталған батырға арналған алып ескерткіш салынған.Оның авторы Қырымқұл ұрпағы Қуаныш Өткенбайұлы.

1.2 Ақынның өмірі – бізге тағлым
XXI ғасырдың екінші жартысында әдебиет тынысын зерделеуге арналған бұрынғы зерттеу жұмыстарынада методологиялық тұрғыдан назар аудара отырып, көптеген әдеби мұралар жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланады.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында рухани дүниенің жаңғыруына, әдебиетті жаңа ұлттық таным-өресіне тануға ұмтылыс басымдылықпен жүргені рас.Сол мақсатта көптеген бұрыннан мағұлым шығармалар мен автордың дүниетанымы, тұжырымдары тарихи шындыққа сәйкес таңдалады.
Жалпы қоғам және саясат дегеніміз- саяси ғылымның басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін ұғымдар.Қоғам- қатыныстардың және өзара байланыстардың тұтас жүйесі.Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады. Сол қоғамды әртүрлі тұрғыдан көркейту саласында елімізде көптеген қайраткерлер бар.
Бұл жұмыста негізінен Маңғыстау қоғам қайраткерлерінің өмірбаяны және ол кісілердің қоғам
қайраткерлері ретінде атқарған қызметі мен бүкіл болмыс-бітімі, мақсат-мұраты,
ұлтжандылықтары, көрегенділіктері, батырлықтары баршасы осы жұмыста анық көрсетілген.
Көптеген кітаптар мен баспа газеттерін саралап, Маңғыстау облысының бетке ұстар азаматтары туралы көп нәрсе біле білдік.Олардың өмірбаяны мен Қазақстан Республикасына сіңірген еңбектері жайлы зерттедік.Жоғарыда айта кеткендей журналист, мұғалім, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі 1972 жылдан. Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы 2000, Қазақстанның Құрметті журналисті Асылбек Сүйеуханұлы Айдаровтан сұхбат алдық.Ол кісі бізді өз үйіне аса бір қонақжайлықпен қарсы алып, өзі туралы қысқа да нұсқа айтып берді.Өз туған жері жайлы және де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүргенінде басынан қандай қызықты оқиғалар өткенін баяндады. Сұхбатымызды алып болғаннан кейін естелікке суретке түсіп, батасын алып, қоштастық.

КСРОның жоғарғы мемлекеттік марапаты "Құрмет белігісі" Орденімен марапатталған.
КСРОның "Еңбек ардагері", "Ерен еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" және "КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі" медалдарымен марапатталған.
2000 жылы Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы (атағы);
2001 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
2005 жылы "Қазақстан Республикасының конститутциясына 10 жыл" медалі
2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
Елбасының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталған.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасының жеке алғыс хатымен екі мәрте марапатталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрмет грамотасы;
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің құрмет грамотасы;
Қазақстанның Құрметті журналисті атағының иегері.
"Жаңаөзен мұнайына 40 жыл" медалі;
Қазақстан журналистер одағының дипломанты.
Маңғыстау облысы және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттарының иегері.
Ғылыми жоба қоғам қайраткері Асылбек Айдаровтың өмір жолы мен ерең еңбегін жан-жақты зерттеу барысында оқушылардың бойында елжандылық, азаматтық және ұлттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.
Қорытынды
Ғылыми жобалар сайысына қатысудағы мақсатым қазақтың көрнекті ақыны, білікті ұстаз, елімізге еңбек сіңірген қоғам қайраткері, Маңғыстау жазушылар Одағының мүшесі, жазушы,журналист, туған жердің мәңгі тұлғасы, өлкемнің қалаулысы Асылбек Айдаров туралы сыр шертемін. Осы ақынның өмір жолдарына терең үңіліп, шығармашылығына, қоғамдық істеріне зерттеу жасай отыра, сіздерге толық мәлімет бергім келеді. Себебі ол жалғыз жерлес тұлға емес, сол сияқты жерлес дарынды, парасатты ақын-жазушыларымыз көп. Олар Әбіш Кекілбаев,Темір Мыңжасов тб, сияқтылар.
Ақын болсаң, елінің жарығысың, Елің үшін жалының, жаның, ісін. Басқа жол жоқ ақынға бұл өмірде, Туады адам ақын боп халық үшін Асылбек Айдаров өзінің ісімен де, өмір жолымен де ата ұрпаққа үлгі болар көп істердің иегері болды. Бабалар аманатын сол күйінде келер ұрпаққа жеткізуді өзіне міндет санап, маржандай сұлу өлеңдері кітаптарымен елді сусындатып қана қоймай, сондай бір тазалықты, таңғы шықтай мөлдірлікті елден талап етуші тау тұлға талант иесі.
Жұмыстың соңында жұмыстың мақсаты туралы еске алсақ, ұлттық мәдениетімізді адамгершілік құндылықтарымызды бағалап, қастерлеу дәл осы ғұламалардың өз туған жеріне деген махаббаты мен сүйіспеншілігі, оның сол туған жеріне адал еңбек еткені арқасында жүзеге асады.
Пікір
Жас зерттеуші Демиханова Ақбаян зерттеу жұмысы Маңғыстау жазушылар Одағының мүшесі, журналист, туған жердің мәңгі тұлғасы, өлкемнің қалаулысы Асылбек Айдаровтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған. Асылбек Айдаров өмірінің кейінгі ұрпаққа тағылым болуы жолында біраз жұмыс жасаған. Демиханова Ақбаян,Жанадилова Зарина , Асылбек Айдаров өмірін зерттеумен шектелмей, ақынның елге қосқан үлесін зерттеген. Оқушы ғылыми жоба жұмысына таңдаған тақырыбына нақты мақсат қойған. Ғылыми жоба жұмысын дайындау бағытында ізденіс аяларының мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалана білген. Ақын Асылбек Айдаровтың жұмыстарын танытуда қосымша деректер мен ғаламторлық мәліметтерді, әдебиеттерді, қоғам қайраткерлерінің пікірлерін басшылыққа алған. Ғылыми жоба баяндамасының жазылуы талапқа сай. Баяндаманың бөлімдері бойынша оқушы өзіндік ой түйіндеген.
Ғылыми жоба жазу барысында оқушы жетекшімен тығыз байланыста болды. Оқушының ғылыми жұмысын өз мәнінде жазуына, зерттелуіне басшылық жасалды.
Оқушы бұл тақырыптың өзектілігіне, маңыздылығына көңіл аударып, өз жоспарына сай тақырыбы мен мазмұнын аша білген.
Қазіргі таңдағы заман талабына сай әдеби, мәдени мұраларымызды жинап, зерттеу, ғылыми тұрғыда бағалау барысында оқушының бұл еңбегінен оның ізденімпаздық, білімдік деңгейі танылады.
Пікір жазған жетекшісі: Исаева Айжан
___________________________
Ұсыныс
Елбасымыздың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламаны жетілдіру- біздің міндетіміз.Бұл бағдарлама жас ұрпаққа өз еліне деген махаббаты мен сүйіспеншілігін арттыруға арналған үлкен бастау болып табылады.Сол үшін ақынның құнды, заттай деректері, қолтаңбалары жинақталса және де өскелең ұрпақ өз туған жерінің тарихын одан әрі жіті білуі үшін, мектеп бағдарламасына «Маңғыстау қоғам қайраткерлері» жайлы жаңа пән қосылса екен деймін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1998
-
Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.
-
"Қазақ энциклопедиясы" 2006.
-
.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
-
Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
-
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: , 2010 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба "Маңғыстау қоғам қайратері" 9 сынып

шағым қалдыра аласыз