жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба: Математика ұлттық салт-дәстүрде
«Жамбыл
облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімі
Манаш Қозыбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба тақырыбы:
Бағыты: Математика
Орындаған:
6 “А” сынып оқушысы
Болат Алинұр
Жетекшісі: Кебекбаева Айман Сериковна
Математика пәнінің мұғалімі
2023 – 2024 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Салт-дәстүріміздегі математикалық есептердің әдеби
және танымдық сипаты
2.2 Мақал-мәтелдердің математикадағы көрінісі
2. 3 Қазақтың халық санамақтары
2. 4 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар
3. Математика күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Манаш Қозыбаев атындағы орта мектеп
6 сынып оқушысы Болат Алинұр «Математика ұлттық салт-дәстүрде» атты зерттеу жұмысына
ПІКІР
Көбелектер туралы ізденіс жүргізген Болат Алинұр жоба барысында көптеген мәліметтер келтірген. Бұл зерттеу жұмысына оқушы қазақтың салт-дәстүрі жайлы оқып, мәліметтерді саралады. Зерттеу жұмысын өз жас ерекшелігіне сай зерттеп, мақсатына жеткен,ғылыми жоба жарысына ұсынуға болады деген пікірдемін.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Зерттеу барысында математикалық есептердің салт-дәстде қалай және қай жерде кезігетініне тоқталған. Математкалық есептер туралы қызықты мәлеметтерді саралаған. Салт-дәстүрдегі есептерге әр түріне сипаттама берген.
Болат Алинұр мектепішілік, сыныпаралық, тақырыптық шығармашылық жұмыстарда өзінің интеллектуалдық қасиетін көрсетіп жүр. Оның ізденіс барысындағы талабына сәттілік тілеймін.
Ғылыми зерттеудің заңдарын сақтай отырып,бастан – аяқ жатық тілмен жазуға талаптанған. Жұмысты ғылыми жобалар жарысына ұсынамын.
Жетекшісі: Кебекбаева Айман Сериковна
Аңдатпа
Бұл жобада салт-дәстүр және математика пәні туралы көптеген мәліметтер берілген. Салт-дәстүрлердің сипаттамасы мен оның шығу тегі туралы, түрлері туралы көптеген мәліметтер сараланды. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімділігін көздеген
Аннотация
В этом проекте много информации о традициях и математике. Были проанализированы многочисленные сведения о характеристике обычаев и его происхождении, о видах. Неоценимым достоянием является накопленный веками опыт, познавательное наследие казахского народа, традиции, обычаи, легенды, сказки, загадки, пословицы, поэмы, национальные игры, имеющие особое воспитательное значение.
В преподавании математики предусматривается эффективность преподавания казахского народа, отражая его жизненный опыт, традиции, способы хозяйствования в воспитании поколений, а также природные, экономические, экологические особенности нации.
Annotation
There is a lot of information about traditions and mathematics in this project. Numerous data on the characteristics of customs and its origin, types were analyzed. An invaluable asset is the experience accumulated over centuries, the cognitive heritage of the Kazakh people, traditions, customs, legends, fairy tales, riddles, proverbs, poems, national games of special educational significance.
The teaching of mathematics provides for the effectiveness of teaching the Kazakh people, reflecting their life experience, traditions, ways of managing the upbringing of generations, as well as the natural, economic, environmental characteristics of the nation.
І Кіріспе
Әр ғасырда өмірге келген, атадан балаға мұра болып қалған, ауыздан-ауызға тараған ұлттық мазмұнды есептер – қазақ халқының тыныс-тіршілігін, әл - ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жеткізуін, аңсаған арманын, философиялық күрмеуін, дүниетанымын, халық тәрбиесінің сыр-сипатын бейнелейді. Осылардан да өз үні мен лебі, қыры мен сыры, мазмұны мен көлемі, тілі мен орамы бар. Оларды бүгінгі күннің ой-өрісіне, білім мазмұнына, тәлім тәрбиесіне икемдеп пайдалану – қазіргі күн талаптарының бірі.
Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу керек.
Бізге келіп жеткен салт - дәстүр мен әдет - ғұрыптардың, мәдени мұралардың өзінен қазақ халқының асқан даналығын көруге болады. Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Сол мол мұраның кей біреулерінде жаратылыстану элементтерінің қолданылуына тоқталып өтейік. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды меңгеру керек. Табиғаттағы кез - келген құбылысты қарастырғанда оны нақты бір бейнеге келтіреді. Нәрсенің табиғи - физикалық кескінін геометриялық денелер арқылы бейнелейді. Қандай нәрсе болса да бұйым немесе құбылыс ғарыштағы алып нысандар, яғни көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер бәрі белгілі бір геометриялық пішінмен сипатталады.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.
Математикада кездесетін халқымыздың ұлттық салт-дәстүрінің көріністері төмендегіше жіктеледі:
- мақал-мәтелдер;
- жұмбақтар;
- халық есептері;
- санамақтар;
- жаңылтпаштар;
Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептің білімдер негізін білу қажет екендігі белгілі. Бес саусақтың әр түрлі есептеулерге пайдаланудың бірнеше әдісі бар. Мысалы, әр саусақты бүгіп санау немесе жұмылған саусақтарды жазып санау. Енді бір түрі төрт саусақтағы буындар саны он екі. Сондықтан санаудың бұл түрі қайыру - мүшел есебіне, ай ретінде санауға, бір тәуліктегі сағат санын есептеуге өте ыңғайлы. Әр саусақтағы буын саны үштен, олай болса төрт саусақ жылдың төрт мезгіліне сәйкес келеді.
Сұқ саусақ – наурыз, сәуір, мамыр – көктем
Ортан саусақ – маусым, шілде, тамыз – жаз
Аты жоқ қол – қыркүйек, қазан, қараша – күз
Шынашақ – желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс.
Саусақтардың салыстырмалы заңдылығы жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Наурызда, қыркүйекте күн мен түннің ұзақтығы теңеледі, ендеше сұқ саусақ пен аты жоқ қолдың бірінші буыны маусым айын ең үлкен саусақ ортан қолдың бірінші буыны маусым айын көрсетеді. Бұл күннің мейілінше ұзаратын айы(22 маусым) ал ең қысқа күн (22 желтоқсан) болатын айға шынашақтың бірінші буыны сәйкес келеді. Бала тәрбиесіне ерекше мән берген, арнайы көңіл бөлген қазақ халқы тілі міндетін алғашқы сатыда саусақтар атқарады. Бармақ, сұқ саусақ, ортан қол, аты жоқ қол, шынашақ. Бұларды жаттауға жеңіл, ойға оралымды, көңілге қонымды ойын өлең түрінде пайдаланған.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек, - деп саусақтарды бүксе,
Сен тұр, жылқыңа бар,
Сен тұр, қойыңа бар,
Сен тұр, түйеңе бар,
Сен тұр, сиырыңа бар
Сен қария үйде жат, - деп саусақтарды біртіндеп ретімен жазып санауға үйреткен. Кейде құлыныңа, қозыңа, ботаңа, бұзауыңа бар деп төлдердің атымен де атайды. Мұндағы назар аударатын нәрсе дүниені құраушы негізгі тектер қамтылған, яғни жер, су, от, жел. (Дененің қатты, сұйық, плазма, газ күйі) төрт түлік малдың қасиеттерін сипаттағанда жылқы желден, қой оттан, түйе сордан, сиыр сордан деп айтылуының өзі бірталай нәрсені аңғартады.
«Ата
- баба дәстүрі асыл мұра» деп тегін
айтылмайды.
Халқымыздың
асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның
салт - дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен
қарау бізге парыз.
Зерттеудің жұмысының мақсаты: Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде, салт-дәстүрімізде жиі қолданылатын математикалық есептеулердің қолданысына терең талдау жасай отырып, олардың құндылығын танып білу, тиімді қолдану жақтарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
Салт-дәстүріміздегі математикалық есептердің әдеби және танымдық сипатын ашу;
Қазақтың қолданбалы қолөнеріндегі математикалық есептеулерді айқындау;
Ұлттық құндылықтардың бірі – халықтық есептердің мәнін ашу;
Мақал-мәтелдердің математикадағы көрінісін тану;
Қазақтың халық санамақтары, жұмбақтар мен жаңылтпаштардағы математикалық қолданыстарын сипаттау;
Математиканың күнделікті тұрмыс-тіршілігіміздегі қолданысына зерттеу жасау.
Зерттеудің нәтижесі: Ұлттық салт-дәстүрімізде бар математикалық ұғымдар қайта жаңғыртылып, күнделікті өмірімізде жиі әрі тиімді қолдану жақтары қарастырылды.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Салт-дәстүріміздегі математикалық есептердің әдеби және танымдық сипаты
Халықтық математика - біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе кара сөз, біресе ертек, біресе тәжікелесу, біресе ілмек не дұзақ шешу, ұйқас табу, мақалдап сөйлеу, ұсақ заттармен өнер көрсету, сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады. Бұл халық аузындағы есептердің әдеби сипаты. Оны есептің сыртқы түрінен, сондай - ақ ішкі мазмұнынан да байқауға болады. Мына жұмбақты алайық. Бір емен, жеті терек, алты қайың, Бұтағы толып жатыр дайым, дайым. Ішінде шынар терек, үш қарағай, Өңгесін айта беріп не кылайын.
Өлең жазу ережесіне бағындырып, ағаш түрлерімен салыстыру арқылы ен тағылған жұлдыздар: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Үштараз. Өлеңде әр жұлдыз өзіне тән сипат алған. Мәселен, Темірқазықтың емендей берік, жалғыз екендігі айтылған. Еменге теңеу арқылы, оның аспан көгінде қозғалмайтындығы жасырылған. Бірде жұлдыздарды есепке алып, оның орнын анықтаған Ұлықбек еңбегі аталса, екіншіде Декарт координаттар жүйісінің маңызына тоқталынады. Үшіншіден жұлдыздардың тууы мен батуы айтылып, олардың өмірдегі маңызына мән беріледі.
Мәселен, мысырлықтар Сүмбіле жұлдызының орнын, тууы мен батуын зерттей отырып, бір жылда 365 күн бар екенін айтқан. Олар мысыр күнтізбесін жасаған. Мұның маңызын қазір бәріміз білеміз. Осыған байланысты халық даналығы, ғылыммен оның астарласуы, тәрбиелік мәні айтылады.
Темірқазықтың орналасуы арқылы дүние тараптарын айқындауға болады. Қазір пайдаланылып жүрген Декарт өстері осының негізінде ойланылып табылды. Кейін бұл крест түрінде айналған. Кірестшілер мен керуеншілер айсыз түнде Темірқазық арқылы жол тауып, барар жеріне адаспай жеткен. Аспан шырақтары арқылы ауа райын болжаған. Күн мен Айдың жерге, адамға, жәндікке әсерін білген, оны басшылыққа алған.
Осындай әңгімелерді үлкендер жастарға айта отырып, олардың дүниетанымын кеңейтіп, қызықтыру мен табиғат құбылыстарының практиқалық маңызы арқылы ілімге бағыштаған, әртүрлі тәрбие берген. Ақ боз,-көкбоз - екі жұлдыз, Темірқазық - жалғыз жұлдыз, Жетегенім - жеті жұлдыз, Жеті айтқаны сауап дейді, - ұйқасын алайық.
Бұл жердегі жетеген деп отырғаны жеті қарақшы, оның жеті жұлдыздан тұратындығы және құрамына Ақбоз, Көкбоз сияқты екі жұлдыз және Темірқазық кіретіндігі айтылған. Ақбоз бен Көкбозды таба алсақ, темірқазықты табуға болады. Ақбоз бен Көкбоз арқылы тұзу жүргізіп, екі жұлдыз арақашықтығындай бес өлшем жерден - солтүстіктен Темірқазык ізделінеді. Төрттағанның бір мәнісі - осы болса, екінші мәнісі - мынада. Өлең ұйқасын пайдалана отырып тез жаттықтырып, жеті рет айтса сиқырлы жауабы бар екендігіне бой ұсындыру. Дем алмай өлеңді жеті рет қайталау өкпе жұмысын жақсартып, адамның сергектігіне әсер етеді. Қазіргі тілде бұл биоэнергиялық жаттығуға жатады.
Өлеңді жаттау және қайталау арқылы ес дамытылады. Үркерлі айдың - бәрі қыс, Сүмбіле туса - су суыр, Ай қораланса арбаңды сайла, Күн қораланса - күрегіңді сайла, Шолпан таң алдында туады деп бекер айтылмаған. Осы кыр мен сырды ашу - халық тәрбиесі деген осы. Халық тәрбиесінде өмірді білу, табиғатпен тілдесу, құбылыстың, объектінің сырын ашу, яғни таным: салыстыру, нақтылау, топтау және жіктеу, байқау мен ұқсастыру, қолдану арқылы өткен. Осыдан да біз халық аузындағы есептердің таным сипаты бар дейміз.
2.2 Мақал-мәтелдердің математикадағы көрінісі
Тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әр түрлі өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру, тайпа, халық болған емес, болмайды да. Халқымыздың ғасырлар тереңінен бастау алатын, жас ұрпақка тәлім - тәрбие және білім берумен байланысты өзіндік ой - пікір, тәжірибелері бар. Бұлардың жиынтығы халық педагогикасы деп аталады.
Қазақ халқы ежелгі заманнан - ақ жас ұрпақтың болашағын ойлап, оны ертеңгі тіршілік дүниесіне дайындау мәселеріне ерекше мән берген. Осының нәтижесінде жас ұрпаққа тәлім - тәрбие мен білім беру жөніндегі халқымыздың ұзақ ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінен туған, өзіндік аса бай ой - толғаныстарының жүйесі қалыптасты. Қазақы тәрбиенің жекелеген түрлері, атап айтқанда дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, ақыл - ой тәрбиесі, т.б. жан - жақты қамтылған. Осылардың ішінде акыл-ой тәрбиесі ерекше орын алады. Халқымыздың ақыл - ой тәрбиесіне байланысты ой түйіндеулері мақал - мәтелдер мен накыл сөздерде, санамақтарда, жұмбақтар мен жаңылтпаштарда және т.б. көптеп кездеседі. Шындығында қазақ халық әдебиетінің осы аса үлкен асыл үлгілерінің мазмұнына тереңірек үңілсек, халқымыздың ерте заманнан - ақ жас баланың жалпы ақыл - ой тәрбиесіне ғана емес, сонымен бірге қарпайым математиқалық білім түсініктерін қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлгендігінің дәлелі боларлықтай белгілер айқын көрінеді.
Бабаларымыз өзінің барлық асыл сөз, даналық ойларын мақал-мәтелдер мен нақыл сөз етіп кейінге қалдырып отырған. Осылардағы аса терең педагогиқалық пайымдауларда жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелерімен қатар, білім мен ғылымды игерудің, сондай - ақ математиқалық білімнің қажеттілігін насихаттау да кең орын алған. «Саны бардың мәні бар», «Есепсіз дүние жоқ», «Есеп, есеп білмеген есек», «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» деп халқымыз текке айтпаған.
Сонымен мақал - мәтелдердің артықшылығы - ойды сығымдап санаулы сөзбен әрі өткір, әрі әсерлі етіп жеткізуінде. Халық өзінің тәлімгерлік нақылдарын мақал - мәтелдерге шебер сыйғыза білген. Мақал-мәтелдерге зер салсақ, казақ даналығының қаншалықты бай екенділігі айкын білінеді.
Ал енді математикаға байланысты мақал -мәтелдерге тоқталайық.
Санға қатысты мақал-мәтелдер:
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас
Досыңды үш күн сына ма, үш жыл сына
Бір елі ауызға – екі елі қақпақ
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын
Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді
Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі
Халық мақал - мәтелдері мінез - құлықтың барлық астарларына, атап айтқанда, тіл мәдениетіне, өлең - жырға, ән - күйге, қолданбалы өнерге, еңбекке, ақыл - ойға байланысты айтылған. Ұрпақ тәрбиесінде халық тағылымдық мақал - мәтелдерді кең көлемде пайдалана білген. Олардың ерекшелігі, айтылғалы отырған ой жанама түрде жеткізіледі. Бұл мәдениеттіліктің, тәрбиеліліктің ең жоғарғы белгісі.Халық педагогикасындағы ақыл - ой идея қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, халық шаруашылық кәсібімен, жанұялық, қоғамдық, ұлттық дәстүрмен тығыз байланыста пайда болып, дамытылып және ұрпақтан -ұрпаққа жалғасын тауып, жетіп отырғаны сөзсіз. Қазақ халқының берері мол берекелі мұраларының бірі - мақал - мәтелдерді де тиімді қолдансақ нұр үстіне нұр болар еді.
2. 3 Қазақтың халық санамақтары
Қарапайым математиқалық білім - түсініктерді қалыптастыруда санамақтар ерекше рөл атқарады. Жас өспірімдер арасында осынша құрметке ие болған бұл жанрдың тәлімдік мәні де өте зор. Ең алдымен, ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға деген құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабілеттерін, танымдық ой - өрісін дамытады, ал санамакты ырғағымен айта білу мәнерлеп сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды.
Қазақтың халық санамақтары, ең алдымен, жас балаға сан үйретудің дидактиқалық құралы, әсіресе он көлеміндегі сандардың нумерациясын игерудің әдіс - тәсілдері ретінде қолданылған. Қазақ арасында өлең түрінде айтылатын санамақтардың сан алуан түрлері бар. Олардың барлығы дерлік мазмұн жағынан бір - біріне жақын, көпшілігі онға дейін немесе беске дейінгі санау мәселеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ алтыға, жетіге дейінгі сандарды қамтитын санамақтар да бар. Ұйымдастарылу сипатына қарай оларды ойын - санамақтар, жұмбақ - санамақтар, т.б. деп те бөлуге болады.
Біздің ойымызша, қазақтың халық санамақтарын баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қолдануына қарай, негізінен, екі топқа бөлуге болады.
Жас балаларды санай білуге, жалпы сан және санау ұғымдарын игеруге
даярлау мақсатында қолданылатын санамақтар. Бұларды саусақ ойындары деп
те атайды.Онға дейінгі санау қабілетін жетілдіріп, дамыта отырып, он
көлеміндегі сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы туралы білім -
түсініктерді қалыптастыру мақсатында пайдаланылатын санамақтар тобы.
Қазақ отбасында жас баланың тілі алғаш шығып, былдырлап сөйлей бастасымен, ата - ана оның алақанын қыттықтап немесе саусақтарын бүгіп -жазып, саусақ ойындарын ойната бастайды. Мектепке келмей тұрып - ақ бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала бастайды.
Сан
алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден
бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде
баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың
бойына адамгершілік, сүйіспеншілік,
кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету
секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде
мәні, орны ерекше
Тұрақты
сөз тіркестерінен құралған санамақ
Бір
ауыз сөз,
Екі
айтпайтын адам,
Үш
қайтара сәлем,
Төрт
түлік мал,
Бес
уақ намаз,
Алты
алаш,
Жеті
қабат жер асты,
Сегіз
қырлы жігіт,
Тоғыз
торау жол,
Он
сақа ой.
Санамақ-жұмбақ
Сан ұғымын игерудің келесі кезеңінде сан ауқымын онға дейін кеңейте отырып, төмендегі сияқты жұмбақ - санамақтарды жаттатқызу қолға алынады.
Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
(8)
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
(6)
2. 4 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар
Математикалық жаңылтпаштар мен жұмбақтардың да алатын орны ерекше.
Сан және санау мәселеріне байланысты болып келетін жаңылытпаштар баланың тілін ширатып, оны дұрыс және айқын сөйлеуге үйретумен катар, сандардың атауларын дұрыс айта білуге қалыптастыруға да игі әсерін тигізеді.
Қазақ жұмбақтарындағы анық байқалатын бір ерекшелік, олардың көпшілігі сандармен байланысты болып келеді, оларды қандайда бір затты немесе құбылысты оның сандық сипаттамасын тұспалдай отырып жұмбақтау жиі кездеседі. Жұмбақтардың көбіне онға дейінгі сандарды, сондай - ақ үлкен сандарды, кейде аса үлкен сандар мен шексіздік ұғымын қамтып келетіні де бар. Жұмбақтар ақыл - ой тәрбиесінің тамаша құралы болып табылады. Жұмбақтарды қазақ халқы басқа да тапқырлық сөздер қатарында жас жеткіншектің ойын тапқырлыққа баулу үшін, сонымен біге оның сан жөніндегі түсініктерін байытып, онан әрі дамытудың әдістемелік құралы ретінде де қолданып отырған.
Сондықтан оларды тәрбие сағаттарында, пәндік және тақырыптық кештерде, әр түрлі ойын - сауықтарда пайдалануға болады.
Жұмбақтар: математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты
Бәрі нешеу.
Асан, Айша екеуі,
Қос қуыршақ,
Бір құлыншақ.
Екі ойыншық,
Құстай ұшып,
Үйден шықтық.
(Жауабы: Жетеу.)
Бәрі қанша?
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой,
Бәрі нешеу айта ғой?
(Он тоғыз)
Талдан ұшты топ торғай,
Емес бірақ көп торғай
Алдында оның бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Ойың жүйрік болса егер
Торғай нешеу, есепкер.
(Бесеу)
Бұл қандай сан?
Бүкірлеумін, имекпін.
Мойынындай үйректің
Сабағыңды білмесең
Мені аласың күнде сен.
(Жауабы: 2)
Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді.
Бұл не?
(Аптаның жеті күні)
1. Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар.
(Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар.
(Киіз үй)
3. Қос құлақты 100 тісті,
Жүзінен бірақ іс түсті.
(Ара)
4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
5. 64 бөлмеде
32 тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.
(Шахмат)
Халық
педагогикасының тағылымдарын математика
сабақтарында қолдану –оның білімдік
және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге
асырумен қатар халқымыздың салт –
дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық
мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні
бар.
Математикалық жұмбақтар тақырыпқа байланысты
1. Дұрыс алты жақ,
Атын ойлап тап. (куб)
2. Әкем жәшік құрады
Үш өлшемнен тұрады (параллелепипед)
3. Табандары – көпбұрыш
Жақтары төрт бұрыш (призма)
4. Басқа кисем бөрік
Сәнді сұлу көрік (конус)
Халық жаңылтпаштары тақырыпқа өте бай және мазмұн жағынан әр алуан болып келеді. Қазақ арасында есеп сипатында тұжырымдалатын жаңылтпаштар да көптеп кездеседі.
Мәселен, Немесе
Сырық - қырық Үш кіші ішік піштім,
Құрық -қырық Бес кіші ішік піштім,
Қанша болды, Неше кіші ішік піштім?
Құрық, сырық?
деген сияқты жаңылтпаштар, бір жағынан балаға сандардың аталуын дұрыс айта білу мақсатымен берілсе, екінші жағынан, есеп шартындағы байланысты аңғара отырып, соның негізінде сәйкес арифметикалық амалды дұрыс таңдап ала алуды талап етеді.
Жеті бірдей өренбіз,
Жеті шумақ өлеңбіз,
Жеті түрлі бояумыз,
Жеті түрлі әуенбіз.
Мейлі, бізді мақтама,
Бірақ бекер даттама
3. Математика күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде
Күнделікті өмірдегі салт дәстүрлер, наным сенімдер түрлі ырымдар өзара тығыз байланысты. Олар – терең философиялық ойдың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған – тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі. Табиғатты зерделеп тани білген қазақ халқының өзіндік білімінің бір көрінісі қалың малдан байқалады. Қалың мал мөлшерінің отыз жеті, қырық жеті болып келуінде терең сыр бар. Бұл аталған сандар малдың саны емес, 40 рет жеті, яғни қырық түрлі жақсылығы болады. Ежелгі түсінік бойынша адам баласына әсер ететін күш, әр қат көктің өз иесі бар.
Ендеше санамақтағы үйрек, терек, шүмек, бөбек сөздері тек қана ұйқас үшін емес, жаңағы айтқан тектерді бейнелеп көрейік. Октаэдр – сегіз жақ – жел – жылқы – Қамбар ата, тетраэдр – төрт жақ – от – қой – Шопан ата, гексаэдр – алты жақ – жер – түйе – Зеңгі баба. Міне, жалпы әлемдік құрылымның алғашқы түсінігі, ұлы үндестіктің сипаты қарапайым ғана бейнелермен көрініс берді. Кескінделген дұрыс дөңес көпжақтар ғылымда кейде болатын денелері деп аталады. Табиғатта дұрыс дөңес көпжақтардың тек бесеуі ғана белгілі екені осыдан екі мың жыл бұрын дәлелденген. Тетраэдрдың, октаэдрдың, икосэдрдың жақтары үшбұрыштар болса, гексаэдрдың барлық жақтары шаршылар, ал додекаэдрдың жақтары дұрыс бесбұрыштар болады. Әр нәрсенің пірі, киесі, тегі бар десек, олардың бейнесін зерделеп тануға болады. Додекаэдрдың он екі жағы болады бұл көп жақ ғарыштық көршінің (метагалактика) бейнесі, яғни бүкіләлемдік нысан әр жағы дұрыс бесбұрыш. Бұрышының шамасы 1080 – қа тең. Ал 108 саны ежелден аспан саны деп аталады. Әрбір жағы 1 жылдағы он екі ай, он екі мүшел есебі, он екі зодиактік шоқ жұлдызы, он екі сағат күн мен түн есептеріне сәйкес. Дұрыс дөңес көпжақтардың төбелерінің, қырларының, жақтарының және сызықтық бұрыштарының саны белгілі бір заңдылықтарға бағынады.
Жақтарының саны+төбесінің саны – қабырғасының саны= 2
Бұл қасиет XVIII ғасырда анықталған.
Мысалы: тетраэдр,- 4 жағы, 4 төбесі, 6 қыры 4+4 - 6=2
Куб – 6 жағы, 8 төбесі, 12 қыры 6+8 - 12=2
Октаэдр – 8 жағы, 6 төбесі, 12 қыры 8+6 - 12=2
Додекаэдр – 12 жағы, 20 төбесі, 30 қыры12+20 - 30=2
Иносаэдр – 20 жағы, 12 төбесі, 30 қыры 20+12 - 30=2
Саусақпен санау құралының тағы бір сыры бар, ол көбейту кестесін оңай жаттауға болады. Тоғыз жерден кестемен сегіз жердегі кесте былай.
Сол қолдың шынашақ саусақтан бастау керек. Сол жақ ондық оң жақ бірлік деп есептеу керек. Тоғыз жерде екі он сегіз сол жақтан аты жоқ саусақты жұмсақ он сегіз қалады. Тоғыз жерде үшім жиырма жеті сол жақтан санағанда ортан саусақты жұмсақ жиырма жеті қалады, т. с. с.
Сегіз жерде үшім жиырма төрт ортан саусақты жұмсақ жиырма жеті қалады одан 3 азайтсақ жиырма төрт қалады. Сегіз жерде төртім отыз екі балан үйректі жұмсақ отыз алты болады, одан төртті алсақ отыз екі болады, т. с. с.
Олардың реті Зухол (Сатурн), Мүштари (Юпитер), Маррих (Марс), Зуһра (Шолпан), Ғутрод (меркурий), Күн және Ай. Ана құрсағындағы баланың өсу кезеңінде періште қамқорлық жасап отырады. Сонымен, қырық жетінің қыруар мал, дүние – мүлік емес, терең аспанның мәні әр тылсым күшті түсіндіруге ұмтылған әлемдік жұмбақтың шешуінің бір ғана көрінісі бар екендігін байқаймыз. Қалың мал деп жарық дүниеге әкеліп, мәпелеп бой жеткізген, тәрбиелеген анасына деген тарту ғана. Сонымен қатар рухани күштерді періштелерді құрметтеу, солардың ізгілігіне ана арқылы басшы болып табылады. 97 туралы дабдәл осындай пайымдау жасауға болады. Баланың дүниеге келу мерзімі 9 айға толмаған жағдайда, шала туғандар 7 айлық болса, өмір сүруі мүмкін де, 6 немесе 8 айлық балалар тұрмайды. Бұл ежелден белгілі қазіргі медицина мұны теріске шығармайды. 7 айлық болып туғандардың белгілі есебінде қалың малды солай атаған. Жеті айлық қыз бала дүниеге келгенде «Сүйінші 37», ал 9 ай болғанда «47»деп хабарлау, ұл болса «ноқта жетектер» немесе «ат ұстар» деп атаған.
Бір адам орта есеппен 70 жыл өмір сүреді. Ал қазақтағы қаны бір туыстардың жеті атаға дейін үйленуіне болмайтыны туралы жазылмаған заңға сүйенсек, әр ата 70 жылдан өмір сүргенде – 7 атаға дейін 490 уақыт өтеді екен. Бұл дегеніміз 5 ғасыр, жарты дәуір.
Осы 500 жылдың ішінде қанның тазаланатыны сондай, оның құрамында бастағы генетикалық - туыстық белгілерден ештеңе қалмауы, қалса да жекеленген ерекшеліктер ғана сақталуы мүмкін.
Жыл басы Наурыз айының 22 - нен басталады. Он екі жыл бір айналғанда мүшел толады. Жыл басы тышқан жылы болады.
Кестеде қазіргі жыл санау мен ескі жыл қайыру қатар берілген. Сол арқылы әркім ескіше жыл қайыру әдісін өзінің қазақша қай жылы туғанын, неше мүшелге толғанын біле алады.
Өзінің қай жылы туғанын қазақша атау бойынша білгісі келгендер туған жылын он екіге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе – ол мешін, қалдық біреу қалса ол – оның тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса тышқан болғаны.
Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл ойының, өмірлік тәжірибесінің, табиғаттағы түсіне білуінің, сонымен қоса қас шеберлігі мен саналық суреткерлігінің құдіретті туындысы киіз үй десек артық болмас. Мал шаруашылығының ерекшелігіне байланысты көшіп қонуға ыңғайлы, әрі жеңіл, әрі тасмалдауға қолайлы баспананың пайда болуы өмірге бейімделу еді. Тарихи даму кезеңдеріне назар аударсақ, жануарлар дүниесі мен өсімдіктері, ауа - райы ерекше қазақ жерінде киіз үйдің пайда болуы табиғи заңдылық. Терең тамырлы тарихы бар халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа мирас болған ежелгі мұралардың қай - қайсының да пайда болуында және пайдалануында белгілі бір ғылыми негіз, табиғатпен адам өмірінің берік байланысын тани білуден туған білімдарлық, сарбаз талғам, келісті келбет бар. Соның бірі киіз үйді жасаған халық шеберлері оның тек баспана ғана емес, күнделікті өмірде тіршілік қарекетіне қатысты қажеттіліктерді өтеуінде ескергенін, көп құпиясы бар екенін байқаймыз.
Киіз үйдің құрылымдық ерекшелігіне қарасақ жинақтылығы мен ыңғайлылығы өз алдында, сәулеттік шешімі мен пішіні сырт тұлғасының өзін ерекше сұлулығымен дараланып тұрады. Ғалымдар мен мамандар киіз үйді сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің бірі деген пікірде. Ақиқатында бұл асыра айтқандық емес, жалпы пішініне зер салғанда киіз үйдің күрделі геометриялық беттерден киіз үйдің сүйегі біркелкі сәмбі талдан жасалады. Киіз үй Орталық және Орта Азия қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы болып саналған. Ол тез жығылып, шапшаң тігуге қолайлы, көшіп қонуға лайықты қылып жасалады. Енді, киіз үй жабдықтарына тоқтала кетейін.
Кереге – киіз үйдің қабырғасы. ол арнайы ілініп қырқылған ағаштардан құрастырылады. Үй жасауға қажетті ағашты таңдап алып, қозға салып балқытып, тезге салым иеді. Керегенің басы мен аяғы иіліп сыртқақарайшалқайтылады. Сонда кереге желісінің жанабы екі кубты параболла тәрізді болып шығады. Желінің ішкі жағын сай - сай етіп бойлай қырлайды. Дайындалған желілерді біріктіру үшін көктелетін орындарын қарып белгілейді де ұңғып түскен соң түйенің мойын терісінің сірісіненжасалған көкпен бекітеді. Жайылған керегенің жоғарғы және төменгі жақтары геперболалық параболойд тәрізді де ортасы эллипсоидтың бөлігі пішінді болады. Керегенің бір қанатында желілер 14 ересінен, 9 сағанақтан, 9 балашықтан тұрады. Алты қанат үйдің сағанақтар мен балашықтар саны 108. Бұл сан ежелден аспан саны болып есептеледі. Үй тапсырмасынан айналдыра тартылатын белдеу, аспан белдеуі, зодиактік шоқ жұлдыздар. Олай дейтініміз, киіз үйдің есігі белгілі бір бағытқа қаратылып тігілсе, ішкі мүлік - жиһаздардың орналасуы қашанда біркелкі. Үйге кіргенде оң жақта құрулы ши өреше болады. Оның ішінде ыдыс - аяқ, тамақтар сақталады. Ал сол жақ босағада ер - тұрман, одан жоғары ерлердің киімі, қару - жарағы ілінеді. Әрі қарай жүк жиналады. Әр нәрсенің тиісті орны бар. Мұның өзі зодиакті шоқ жұлдыздардың орналасуына сәйкестендірілген. Төсектің басы төрге қаратып салынады. Яғни, темірқазық жұлдызына бағытталады. Басты құбылаға қарай салу рәсімі осыдан шыққан болуы керек. Бұл жерде құбыла деп жердің магнит полюсі айтылып тұр. Әдетте шаңыраққа бақан көлбей тігіледі. Ол үйдің тірегі, бақанның көлбеу бұрышы 620 шамасында, яғни галактика экваторының аспан экваторына көлбеу бұрышына сәйкес.
Шаңырақ – шеңбер тәрізді, тоқымнан және күлдіреуіктерден тұрады. Күлдіреуіктер парабола тәрізді иіледі. Түндік жабылған шаңырақтың пішіні айналу параболойды. Бұл пішін көптеген күмбездерге тән, көп күмбездердің кішірейтілген бейнесі болып саналады. Түндік шаршы тәрізді жасалады да әлемнің төрт бағытын нұсқап тұрады.
Уықтың қаламы шаңыраққа, басы кереге басына бекиді, киіз үйдің негізгі қаңқасы үзік туырлықтармен жабылады. Үй іші шеберлердің айтуынша, уық біртіндеп иіледі, яғни түзу бөлінген қисық бөлікке біртіндеп ауысады. Есептеулер уықтың тиімді жанабыпараболла екендігін көрсетті. Сонымен уық параболла тәрізді. Ұзындығы үйдің көлеміне байланысты 12 - 16 қарыс мөлшерінде жасалады, ал сандардың барлығы 360 - ты қалдықсыз бөледі. Таңмен таласа басталатын қой өргізу, сиыр, бие байлау т. с. с. қат - қабат үй шаруашылығын жүргізу белгілі уақытпен мөлшерленіп отырады. Халқымызда уақыт өлшемдерін білдіретін “бие сауым”, “сүт пісірім”, т. б. сөз тіркестері бар. Сол сияқты күн мезгілін білдіретін өлшемдер қолданылған. Мысалы, күн тұсау бойы, шідер бойы, арқан бойы көтерілді. Бұл өлшемдер шаңырақтан түскен күн сәулесінің жүрген жолынан көрінеді, уық санымен есептеледі. Басқаша айтқанда, уақытты 1 - 5 минутқа дейін дәлдікпен өлшейтін күн сағаты. Мысалы, үйдің уық саны 72 болсын. Онда әрбір уақыттың арасы 50 тең (3600/72=50). Шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 40 мин жүріп өтеді немесе бие сауыс уақыт. Осы айтылғандардан - ақ аспан әлемінің кішірейтілген бейнесінің негізі үй болмақ деп пайымдауға болады.
Киіз үйдің күмбез тәрізді жасалуы, күн жеке түсетін беттің неғұрлым аз ішкі көлемінің көк болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, киіздердің ақ жүннен жасалуы күн сәулесін өткізбеу үшін қажет. Мұның өзі жазғы күннің ыстығында үй ішінің салқын болуында қамтамасыз етеді, әрі әсем көрінеді.
Кереге мен шаңырақтың арасын уықтар жалғастырған кезде үй күмбезге айналып кетеді. Уықтары конусты жасаушылар деп есептесек, төбесіндегі бұрыш 1080 - қа жуық болып шығады. Жоғарыда, айтылған аспан саны тағы кездесті. Дұрыс тігілген киіз үйдің әдемі көрінуі оның негізгі қатынасына тікелей байланысты. Биіктігінің диаметріне қатынасы жуық мөлшерде 0, 62 - ге тең немесе “Алтын қима” өлшеміне тең. Үйдің негізгі пішіні ауаны жақсы алмастыратын қасиеті бар. Пішінінің дөңгеленіп келуі, бұрыштардың болмауы киіз үйдің әсемдігін арттыра түседі.
Қорыта келгенде, киіз үй өнер туындысы ғана емес, халықтың математикалық, физикалық, астрономиялық, экономикалық т. б. өмірлік тәжірибесіндегі білімнің айқын көрсеткіші.
Киіз үй бұйымдары: абдыра, ағаш төсек, адалбақан, алаша, бөсте дастарқан, жастықағаш, жастық, жүкаяқ, кебеже, киіз, құстөсек, сандық, сандыққапқа салынатын сою - өрнек симметриялы кристалға тән қасиет болып келеді. Мысалы, айырқалпақтың төбесі төрт бірдейбөліктен болады, бөріктің төбесі алты қиықтың төбеде түйісетін ұштары үшкір болады да, етек жағы тіктөртбұрыш тәрізді болып келеді. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді, биік төбелі және үшкір төбелі тақия қазақтың ұлттық қолөнері, олардың осы да физикалық симметриялық кристалына тән қасиет. Әлімсақтан бері қарай бабаларымыздан қалған небір сыл мұралар, көптеген деректер, заттар емес пе? Осы бабаларымыздан, оның аса биік сана сезімімен, бүкіл әлем халықтарына өзінің ішкі сырлары ашылмай терең күйде ұялап келе жатқан ұлы дүниесі – киіз үй. Киіз үйді ойлап тауып, жаратқаннан соң, киіз басудың да дүниеге келуінің де маңызы зор. Қазақта киіз басу өнері өзінің сатысына орта ғасырдан бұрын - ақ жеткен.
Садақ тобылғы қайың ағаштарынан жасалады. Бұл ағаштар мықты, иілгіштік қасиеті жақсы болып келеді.
Жебе - садақ оғының масағы найзаның ұшы немесе жаудың жолына құрылатын тікенекті темір ретінде біздің ата - бабамыз пайдаланған. Жебе садақтың шығуына байланысты өте берік кремень тасынан, кейін қола, темірден жасалған. Жебені жасау үшін темірді немесе қорғасынды балқытқан, яғни оған жылу беріліп, заттың құрылысына әсер еткен. Садақты ату үшің жіпті кергенде серпімділік күші пайда болады.
Жүген – ер - тұрман әбзелі. Жүгенді қайыстан жасайды, қайысты жасау үшін теріні илеу керек. Теріні илегенде диффузия құбылысы болады. Қазақтың батырларының қаруы – қылыш.
Қылыштың үш қасиеті бар:
1. кескенде бірден кесу. 2. Қиып кесу. 3. оны оңға, солға қозғау. Қайқы қылышты ат үстінде адам аяғын үзеңгіден алмай, атта отырған күйінше қарсыласына шабады. Қайқы қылыштың шауып түсу қасиеті: аттың қозғалыс жылдамдығы, адамның қозғалыс жылдамдығы қосылады да, инерциясын сақтай отырып, тиген жерін шауып түсіреді.
Енді күнделікті тұрмыста қолданылатын балтаны алайық, оның жүзі тік болса, дұрыс болғаны. Ағашты қию үшің балтаны қиғаштап ұстау керек, егер тура сілтесек, ағашты қия алмайды. Себебі қатты заттың кристалдық торлары перпендикуляр біріктірілген.. сондықтан көлбеу ұстасақ тез кесіледі.
Әр адамға қылышты арнап, өзіне лайықты етіп жасайды. Әр адам үшің ол өлшем былай алынған: адам оң қолын жоғары көтергенде алақанның ортасындағы нүктеден кіндігіне дейін өлшенген. Онышеңбердің диаметрі етіп, радиусын анықтайды, шеңбердің центрін табады. Шеңбер бойымен қылышты айналдырғанда кіндік пен алақан арасындағы қашықтық сіздің рычагыңыз деп есептеледі.
Қорытынды
Қазақ халқының соңғы ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді.
Математика ұлттық дәстүрлермен тығыз байланысты екенін көрдік.
Қорыта айтқанда,
математика элементтерін халықтық салт-дәстүрмен сабақтастыра қолдану ұлтжанды болуға үйретеді.
Халықтық педагогиканың құрамды бөліктері қазақтың ұлттық
ойындары, мақал-мәтелдері, жұмбақтар, ертегі есептер, санамақтар т.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін дамыту, тапқырлығы мен шешендікке тәрбиелейді.Ұлттық салт-дәстүр элементтерін математикамен ұштастыру ұлттық сана сезім оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, этикалық талғамы жоғары, ар - ожданы моль болуға жетелейді.
Салт-дәстүр элементтерін математика сабағында оқыту балалардың ғасырлар бойы емір тәжірбиесінен өткен әдептілік, сыпайылық, қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, ілтипаттыққа тәрбиелейді.
Ұсыныстар:
1. Математикалық арнайы курстарда математикалық ұғымдарды халқымыздың салт-дәстүрімен байланыстыра өтетін курстар жүргізілсе;
2. Математика және ұлттық салт-дәстүр атты зерттеу жинағы жасалынып, ұсынылса.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Ұлттық құндылықтар – жеке тұлғаға бағытталған сабақтың ажырамас бөлігі» (облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция) Атырау қаласы маусым 2014 жыл.
2.
Алиева К.С. "Математиканы оқыту''
әдістемесінен бақылау
жұмыстары".
— Шымкент, 2002ж.
3.Ақылбаева М. Қызықты есептер. //Бастауыш мектеп/ 2004ж. №1
4.Әбуова А. Жаңылтпаштар — тіл дамыту~құралы// Бастауыш мектеп. 2003ж. №5.
5. Баймұханов Б. "Математика есептерін шығаруға үйрету".— Алматы, 1983ж.
6. Елубаев С. "Қазақдың байырғы қара есептері". - Алматы: "Қазақстан", 1996ж.
7.Кішібаева Д. Ұлттық ойындарды пайдалану. //Бастауыш мектеп. 2004ж.№1.
8.Қалиева Г. Математиқалық ертегілер. //Бастауыш мектеп. 2002ж.№8.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген