жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жоба "Мен ардагердің немересімін."
Аңдатпа
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Мен ардагердің немересімін.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ұлы Отан ардагерінің өмір белестерін сыныптастарыма таныстыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Атамның соғыстағы болған жерлеріне, өмір жолдарына шолу жасау
2. Соғыс кезіндегі хаттары мен фоталарына анықтау жасату
3. Оқушыларға сынып, сыныптан іс-шараларда, әдебиет оқу сабақтарында атам туралы альбомын ұсыну, кітабын таныстыру.
Зерттеу нысаны: Менің атам.
Зерттеу пәні: өлкетану
Зерттеуге қатысушылар: Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеудің болжамы: Егер де, оқушылар соғыс ардагерлерінің өмір белестерімен таныс болатын болса, онда оларды ұмытпай, қадірлей біледі деп болжаймыз .
Зерттеудің өзектілігі: Мен ардагер атамның соғыстағы өмір белестерін таныстыра отырып, Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерей тойына қосқан өз үлесім деп - осы тақырыптың өзектілігі деп алдым.
Маңыздылығы: Ардагер атамның өмір жолдары мен өмір белестерін таныстырып, биылғы жеңістің 70 жылдығына орай мектепте өткізілетін тәрбиешілер мен сынып жетекшілердің сынып сағаттарында, тәрбие іс-шараларына сабақтан тыс жұмыстарына пайдалану – осы жұмыстың маңыздылығын айқындайды.
Зерттеу әдістері мен тәсілдері: талдау,салыстыру,мәлімет жинау,сауалнама.
Annotation
Purpose the theme research: I am a veteran’s grandson.
Purpose of research: Meet classmates with some life moments of the World War veteran.
Tasks of research:
-
Proceed back to the time my grandfather had been.
-
Determine letters and photos during the war.
-
Offer a grandfather’s album at the class hours, school measures and on the Literature lessons and also meet with a book.
Object of research: my grandfather
Subject of research: study of local lore
Participants of research: primary school pupils
Hypothesis of research: if pupils knew the World War veterans’ life they would respect them and the memory of that time would be alive.
Actuality of research: Meet with my grandfather’s life as the World War veteran, I also make a valuable contribution to the 70th jubilee of the World War.
Importance: Have been met my classmates with my grandfather’s life and led class hours by the form masters to the 70th jubilee of the World war, all this will find its reverberation on the class hours , at the educational measures and out-class works.
Methods and techniques of research: an analysis, comparison, gaining information and questionnaire.
Анотация
Цел исследования темы: Я внук ветерана
Цел исследовательской работы:Ознакомить одноклассников с некоторыми жизненными моментами ветерана Великой Отечественной войны.
Задачи исследования:
1.Отправиться виртуально туда где побывал мой дедушка
2.Определить письма и фота во время войны
3.На классных часах,мероприятиях, на уроках литературы предложить
Альбом о дедушке и познакомить с книгой.
Объект исследования: Мой дед
Предмет исследования:краеведение
Учасники исследования: ученики начальных классов
Гипотеза исследования: если бы ученики были знакомы сжизнью ветеранов во время Великой Отечественной войны, тогда они уважали бы их и была бы жива память.
Актуальность исследования: Знакомство с жизнью моего деда, ветерана Великой Отечественной войны, я вношу вклад к празднованию 70-го юбилея Великой Отечественной войны
Важность:
Познакомив с жизнью моего деда и проведение воспитателями и классными руководителями с 70-го юбилея празнования Великой Отечественной войны найдут свое отражение на классных часах, на воспитательных мероприятиях и внеклассных работах.
Приемы и методы исследования: анализ, сравнение, сбор информации, анкетирование.
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................5 бет
1.1 Біздің шаңырақтағы ұлы жеңіс күні............................................................... 6 бет
1.2 Мен бақытты жанмын..................................................................................... 5,6 бет
2.1 Орталық ауылының соғысқа қатысқан ардагерлері.................................7-9 бет
2.2 Сауалнама........................................................................................................11бет
Қорытынды.............................................................................................................15бет
Қолданған әдебиеттер тізімі...................................................................................23 бет
Кіріспе
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына алдағы жылы 70 жыл толады. Бұл соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болғаны белгілі. Аумағы жағынан бұл қырғын дүниежүзілік сипатқа ие болды. Құрбандардың саны жағынан да жоғары тұр.Тек бір ғана Кеңес одағының өзінен 20 миллионнан астам адам қаза болды. Сондықтан бұл соғысты ұмыту мүмкін емес. Оған қатысқан жауынгерлерді, тылда жанқиярлықпен еңбек еткен еңбекшілерді ардақтау әрбір ұрпақ үшін абыройлы міндет болып табылады.
Алдымызға қойған зерттеу жұмысымыздың
мақсаты:
Ұлы Отан ардагерінің өмір белестерін сыныптастарыма таныстыру.
Зерттеу жұмысымыздың міндеттері:
1. Атамның соғыста болған жерлеріне, өмір жолдарына шолу жасау.
2. Соғыс кезіндегі хаттары мен фоталарына анықтау жасату.
3. Оқушыларға сынып сағаттарында, сыныптан іс-шараларда,ә дебиет оқу сабақтарында атам туралы альбомын ұсыну, кітабын таныстыру.
-
Біздің шаңырақтағы Ұлы жеңіс күні
Мен дүниеге келгеннен бастап біздің үйде Туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік үлкен орын алатын. Бұны әнгімелесу, ақылдасу, ойын арқылы сезіндім. Соның арқасында мен өмірдегі қасиетті нәрселердің бар екенін білдім.
Ол елімнің тарихы және еліме деген сүйіспеншілік.
Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойына байланысты өз сыныптастарыммен әңгіме жүргіздім.
Мақсатым: Қазіргі балалардың Ұлы Отан соғысы туралы не хабары барын білу. Осыған байланысты мынандай сауалнама жүргізілді.
1. Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әжелерің бар ма?
а) иа б) жоқ
2. Соғыс қай жылы басталды?
А)1941ж
Б)1945ж
С)1931ж
3. Ұлы жеңіс күні мерекесі қашан тойланады?
А) 9-мамыр
Б) 7-мамыр
С) 5-мамыр
4.Ұлы Отан соғысы ардагерінің мұрагері ретінде өзіңді сезінесің бе?
А) иа
Б) жоқ
1.2. Мен бақытты жанмын
Мен бақытты жанмын: Менің ардақты да, қадірлі атам осы өмірден өтті, ал әжем қасымда. Сондықтан мен атам туралы, атамның өмірі жайлы барлық нәрсені білемін. Атам 88 жасында дүниеден өтті. Бірақ та оның өмірі оңай болған жоқ. Ол өзінің 10 жасынан бастап өгізге жегілген соқамен жер жыртып егін екті, жаз мезгілінде қолмен шөп шауып, малға шөп дайындады.
1938 жылы Қызылжар қаласындағы 2 айлық педкурсты бітіріп, Кенже ауылында мұғалім болып қызмет атқарды. 1939 жылы желтоқсан айында әскери қатарға алынып, Қызылжар қаласынан Ленинград қаласына әскери міндетін өтеуге аттанады. 1941 жылы Беларус жерінде Ұлы Отан соғысына енеді. Екі ай қоршауда болып, қоршауды бұзып шығады. Қоршаудан шыққан жауынгерлерді жинақтап, Ленинград қаласын қорғауға жібереді. Ленинград қаласының блакадасында басынан бастап аяғына дейін болады. Осы батыр қаланы қорғағаны үшін менің атамды Қажай Сыздықұлын «За оборону Ленинграда!» медалімен марапаттайды. Атамның медальдарын мен мақтанышпен қарап отырамын. Сол Ленинградты қорғаған кезде екі фашист танкасын гранатамен жарғаны үшін «За баевые заслуги!» медалімен марапатталды.Танканы жару кезінде ол оң жақ иығынан темірдің ұшқынынан жарақат алды. Екінші Беларус фронтында фашистің бір офицері және үш солдатын қолға түсіргені үшін менің атам және оныңекі жолдасы «За Боевые заслуги!» медалімен марапатталды. 1944 жылы шабуыл уақытында снарядтың қасында жарылғанынан ауыр үш жарақат алды, алты ай емханада болды. Жарақатына байланысты сперный баталенға жіберді. Жарақаттары; оң жақ көзінен, сол жақ қолдың басынан айырылды, оң жақ аяқтан ұшқын жарақат алды. Соғыстың аяғына дейін фашистердің миналанған жерлерін тазалауда болды. 1945 жылдың қараша айында туған еліне оралды. Соғысқа қатысқаны үшін мынандай медаль және ордендермен марапатталды: ОРДЕН «ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ» 1 степений, «ТРИЦАТЬ ЛЕТ ПОБЕДЫ В ВИЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ 1941-1945 гг», «СОРОК ЛЕТ В ВИЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ 1941-1945 гг», «50 ЛЕТ ВООРУЖОННЫХ СИЛ СССР», «50 ЛЕТ ПОБЕДЫ В ВИЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ 1941-1945гг», «60 ГОД ВЫЗВАЛЕНИЕ РЕСПУБЛИКИ БЕЛАРУСЬ НАД НЕМЕЦКА-ФАШИСКИХ ЗАХВАТЧИКОВ», «70 ЛЕТ ВОРУЖОННЫХ СИЛ СССР», В честь 55 годавшины Победы в Виликой Отечественной войне 1914-1945 годов вручен знак «Ветеран войны 1941-1945гг», «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», «50 ЛЕТ ВОРУЖОННЫХ СИЛ СССР», «Пятьдессят лет Победы в Виликой Отечественнойвойне 1941-1945 гг» , «25 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «За доблесть и отвагу в Великой Отечественной войне», «Медалью Маршала Советского Союза Жукова Г.К»
Бірақта оның осы жеңіске қосқан үлесі өте орасан зор. Соғыстан келген соң өзінің туған елін көркейтуге үлкен үлесін қосты. Атам мал фермасында бригадир болып қызмет атқарды, жұмысын жақсы істеп парторк қызметін атқарды. Одан өзінің Орталық ауылында басқарма болып 16 жыл қызымет атқарып зейнетке шықты. Ауылымыздың аса құрметті азаматы. Сол басқару кезінде ауылға екі дүкен, бір мәдениет үйін, монша, көптеген мал қораларын салғызды. Осы еңбектері «Орталық ауылы» кітабында жазылған. Осы еңбектері үшін «ЗА ДОБЛЕСНЫ ТРУД », «ВЕТЕРАН ТРУДА» ......... марапатталды. Біз жанұямызбен 9 мамыр мерекесінде Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішке барып тағзым етеміз. Бұл мереке бізге өте ерекше, осымен мен мынадай шешімге келдім. Мен өз атам сияқты өз елімді, жерімді құрметтеп қадірлеймін.
Атамның Сталинге деген ықыласы. Атама Сталин туралы сықақ әңгіме айтқанды ұнатпайтын –дейтін әжем. Бұл сұрақ мені көп ойландырды. Бірде мен әжемнен «Атам неге Сталин туралы сықық әңгіме айтқанды ұнатпайды ?»-дедім.
-
Әжем : Атам Сталинды өте құрметтеген ,соғыс кезінде совет әскері «За Родину,За Сталина» деген ұранмен шабулға аттанған. Ол Совет әскерін жеңіске бағыттаған ұран .
Кейбір адамдар айтады Сталин соғысты жеңген дейді.Бірақ мен олай ойламаймын , соғысты менің атам сияқты қарапайым,ақылды адамдардың арқысында жеңіске жетті.
Менің әжем Асыл Досанқызы атамнан көрі бақытты,ол дүниеге 1935 жылы келген. Бірақта оның өмірі ауыр болды , ол да тылда жұмыс істепеліміздіңжеңіске жетуіне үлесін қосты. Соғыстан кейін елдің көркейуінүлкен үлес қосты. Қазір менің қасымдамын.
Ғылыми жобаны зерделегеннен кейінгі ұсыныс:
1.Бастауыш сыныптарда,тәрбие сағаттарында шығарған жинақтаманы
қосымша материал ретінде қолдану.
2.Тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс шараларды атамның соғыстағы өмір белестерін өткізуді ұсынамыз.
3.Қажай Сыздықұлының өмір белестерін мұражайға ұсынамыз.
Қорытынды:
1.Аталған тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізе отыра, біз мынадай қорытынды жасадық:
2.Қажай атамнан оқушылар танымдылық білім алады.
3.Ұлы Отан соғысы туралы мағлұматтардың керектігін ұғындық.
4.Орталық ауылы және Солтүстік Қазақстан облысындағы ардагер мәліметтерін зерделедік.
Зерттеу жұмысының нәтижесі:
Өзінің сыныптастар арасындағы ардагер атаның өмірбаянымен
таныстыра отыра соғыс ардагерінің ерлігін насихаттап,
Отанға деген сүйіспеншілігі,қызығушылығын тудыру.
ны
10

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген