Материалдар / Ғылыми жоба "Менің отбасым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
6332
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабита Мүсірепов атындағы аудан

КММ «Тахтаброд орта мектебі»














Ғылыми жоба тақырыбы: « Менің отбасым»














Орындаған: 4-сынып оқушысы Лейман Наталья

Жоба жетекшісі: қазақ тілі мұғалімі

Иманбаева Айнагуль Амангельдиновна









2016-2017 оқу жылы

Андатпа



Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.

Өзектілігі:Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - ... Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.

Зерттеудің жаңалығы:Өз отбасымның тарихын анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген азамат болам.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.















1

Мазмұны


Андатпа

Кіріспе

2. Негізгі бөлім

1. Отбасы ұғымның мәні

2.Өзім туралы

3. Менің отбасым

4. Қорытынды бөлім

5. Пайдалынған әдебиеттер


























2

Кіріспе



Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген

сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.

«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,

тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.

Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге

қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.

Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымды ортаға

салмақпын. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы

шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына

бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі.

Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

Туған жер, туған ел, ата-ана, ағайын-туыс, ерлік, сүйіспеншілік пен махаббат, қамқорлық пен мейірім, үлгі-өнеге сияқты киелі ұғымдар адам санасына алғаш рет отбасында сіңеді. Сондықтан шаңырақ, отбасы біз үшін киелі ұғым. Осындай ұғым тиісті деңгейде ұлықтап, қастерлеуді жолға қойғанымыз өте дұрыс бастама болған.










3

Негізгі бөлім


«Отбасы» ұғымның мәні


Отбасында адам өмірге келеді, тәй - тәйлап басады, бірінші қуанышы

мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады.

Олай болса отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?

Әр адамға не береді?Осы сұрақтарды жан - жақты қарастырып, шешуге

көптеген ойшылдар, ғалымдар ат салысқан.

Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

Отбасы туралы түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Ең алдымен «отбасы» деген ұғымға тоқталсақ: отбасы-бұл мемлекеттің ең негізгі іргетасы,негізі.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты,

әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін  қорғаған, отбасының ар-

4

намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында. 

Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 21-ші ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.































5

Өзім туралы

2007 жылдың 27 қаңтарында өмірге келдім. 4-сынып оқушысымын. Өмірлік ұраным: «Талаптыға нұр жауар». Сабақты үздік оқимын. Мектепті қызыл аттестатқа бітіруді армандаймын. Келешекте министр болғым келеді

Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады”, – деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған жұрттың бағы жанып, жоғы түгенделмейдi. Бүгiнгiдей кең байтақ жерi бар, киелi төрi бар, жұлдызы жанған бақытты халықпыз. Алайда, бұл бақыт бiзге оңайлықпен, өздiгiнен келген жоқ. Бүгiнгi тәуелсiздiкке дейiнгi аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелi тағдыры, арманы мен аңсары арпалысқа толы күресiп жатыр. Iштей булыққан бұлқынысы мен өкiнiшi, жеңiстерi мен жеңiлiстерi де жатыр. Бүгiнде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы iстердiң, ұлағатты дәстүрлердiң, iргелi мемлекеттердiң заңды мұрагерi болып саналады”, – дедi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Данышпан ата-бабаларымыздың ақыл сөздерін, көрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтайық. Олардың жолын қуып, жоралғысын жасау – мен үшін үлкен парыз.





6

Менің отбасым

«Отбасым-мақтанышым» дегенде ең бірінші мақтанышым деп ата-анамды айтар едім. Ата-анам балалары үшін жақсылықтың жаршысы бола білді. «Жақсы әке балаға 40 жыл азық» деген балалары «менің әкем», «менің анам» деп үлгі тұтып, мақтаныш етіп, ата ана «міне менің балам» деп отырса бұл отбасы мақтанышы болып есептеледі.

«Отбасы шағын мемлекет» демекші, менің отбасымды айтар болсам айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым орыс отбасылардың біріміз.

Отбасымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз-әкем, қамқоршымыз-анам. Менің отбасымда әкем, анам, ағам ,сіңілім және мен. тұрамыз. Үйде бес адам тұрамыз апам тұрмыста. Әкем мен анам әрдайым бізге мейірімді, әдепті, кішіпейіл, қамқор болуға тәрбиелейді.

Біз отбасында әкеміз бен анамыздан тәрбие аламыз. Мектепте білім аламыз және қосымша үйірмелерге де барамыз, спортпен шұғылданамыз. Спортпен айналысып, би мен әнге деген талпынысымыз болса, оны да дамыту керек емес пе?.Үйірмеге бару арқылы ойымыз да шарықтап, отбасылық өнерімізді де дамытамыз.

Менің отбасым үлкен. Атам мен әжемнің 10 баласы, 38 немересі, 22 шөбересі бар. Мен атамның үшінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден төртеуміз.

Біздің әр отбасы мүшесінің өз қызықты тарихтары бар.

Менің арғы атам соғыс жылдарында жазаланған.Ол өз жастық кездері туралы көп сөз айтпаған,өйткені жастық кезі оның өмірінде қара із қалдырды.

Өкінішке орай мен ол кісіні көрген жоқпын.

Менің арғы әжем Анастасия осы Тахтаброд ауылында туып өскен.

Осы Тахтаброд ауылында Лейман отбасы шаңырық құрды.

Ана жағынан атам мен әжем туралы айтатын болсам олар өте мейірімді адамдар.

7

Атам Александр және әжем Валентинаны біз бәріміз мақтан етеміз.

Олар қазір зейнеткерлер.Менің әжем Балхашта туып өскен.Жұмыс бабымен ол Тахтаброд ауылына келді.Әжем тамақ пісіруді, тоқуды, жақсы көреді.

Мен өте қуаныштымын осындай ата әжеме.

Ал енді менің әкем мен шешеме және аотбасыма тоқталайын.

Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – әкем, қамқоршымыз – анам.

Әке- асқар тау,

Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала-жасындағы құрақ -деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігі тиетіне күмәнданбаймын.

Әкем селода механизатор, анам мектепте жұмыс істейді. Қызмет атқара жүріп, бізге жақсы тәрбие беріп келеді. Еркелігімізді, сүрініп, қателескен кездердегі қателігімізді түсініп, кешіре білген кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке-шешеміз.

Мен өз отбасымды жақсы көремін.Олар да мені жақсы көреді.Мен анама үй жинасуға көмектесемін,сіңілдерімді бағамын. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын.Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын.Біз әр мейрамды бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз.Менің отбасым-ең үлгілі отбасы.Менің апамның аты Диана ол тұрмыста.Ағамның аты Артур ол 11-ші сыныпта оқиды. Ағам үйде жалғыз қалғанда сабағыма көмектеседі. Ол әркез менен жақсылығын аямайды.

Сіңілім Аня ол 1-ші сынып оқушысы.

Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болады. Менің анам бізге қыз балаға тән нәзіктікті, ең бірінші «әкелеріңді сыйлаңдар, ренжітпеңдер, «әкелеріңнің қарғысын алмаңдар» деп айтып, әкені сыйлауды, жалпы ер

8

азаматты қадірлеуді үйреткен.Сондықтан біз әкемізді мақтан тұтамыз.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті. Оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Ата-анамызды сыйлауымыз керек , өйткені, бізді өмірге әкелген кім? — Ана, камкоршымыз кім?-Әке. Сондыктан ата — аналарымызды сыйлау, ер жеткен соң ата-анамызға карызымызды кайтару борышымыз.

Отбасы адам үшін ең жақын орта. Отбасы мақтанышы ата-анам. Ата-анам біздер үшін жақсылығын аямайды.

Отбасымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз-әкем, қамқоршымыз-анам.

Мен ата-анамды, сіңілімді,апамды,туған туысқандарымды жақсы көремін.

Анам-жанашырым. Менің озат, ақылды болуыма қол ұщын беруден талмайды.

Өз отбасымды сыйлап, мақтан етемін.

Менің төңірегім қуанышқа толы. Өйткені қасымда отбасым бар. Адамдар қиналса да, қуанса да отбасынан көмек алады. Отбасы дегеніміз үлкен шаҺар. Межелі кез болғанда, барлық жылылықты осы жерден аламыз.

Балалар үлкен, қызыл алма жегенді жақсы көрсе, мен де бақытты отбасымды жақсы көремін.. Нағыз бақыт деген осы. Әкеміз, анамыз, ағамыз жанымызда болса, біз де бақытты боламыз. Мен әрдайым отбасымды қастерлеп, мақтан етіп жүремін.





9


Қорытынды


Қорыта келсек, бұл дүниенің бақыты мен ләззаты, қуанышы мен шаттығы тек ата-ананы құрметтеу арқылы ғана баянды болмақ. Әке-шешеге деген сый-құрмет, олармен жақсы қарым-қатынас күмәнсіз үй-ішіне береке кіргізеді. Бұл дүниеде ата-анасына қамқорлық жасап, балалық махаббатын арнаған перзент ертең ақиретте пайғамбарлармен бірге еш қиындықсыз жәннатқа кіреді. «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақстанның әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


10




Пайдаланған әдебиеттер


1.Интернет ресурстар


2.Отбасы тарихының альбомдары







































11



25

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!