жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ғылыми жоба Мұстафа Шоқай
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұ тарихи тұлғалығын зерттеу
Атабаева Халида Абдулбариевна.
Кемертоған орта
мектебінің тарих пәні мұғалімі
Қарасай ауданы
Алматы облысы
Аннотация
Зерттеу жұмыста Мұстафа Шоқайұлының тек халқының ғана емес,бүкіл түркі әлемінің саяси көшбасшысының болғаны қарастырылады.Ол ең алдымен демократиялық жолмен Қоқан (Түркістан) Автономиясының басшысы ретінде белгілі болды.
Гуманист ойшыл,демократ,энциклопедиялық білім иесі Мұстафа Шоқайұлы ағартушы Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихи мен мәдениетінің жақтаушысы болды.Ағылшын,француз,неміс,түрік және араб тілдерін өте жетік меңгерді. Бүкіл ғұмырын Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар- ожданын қорғауға шындық үшін күреске арнады.
Аннотация
В этой статье говорится,что Мустафа Шокай был политическим лидером не только своего народа,но и всего тюркского мира.Он известен в первую очередь как глава Кокандской (Туркестанской) Автономии,ставшим первым в восстановлении Туркестанской государственности ненасильственным,демократическим путем.
Гуманист,демократ,мыслитель и просветитель обладающий энциклопедическими знаниями.Шокай стал защитником истории и культуры народов Средней Азии и Казахстана.Хорошо владел английским,французским,немецким,тюркским и арабским языком.Всю свою сознательную жизнь посвятил борьбе за правду,за защиту чести народов Средней Азии и Казахстана.
The Abstract
In this article is spoken that Mustafa Chokay was a political leader in not only it’s folk, but also the whole Turkish of the world. He known in the first place as chapter Kokan (Turkestan) to Autonomies, became first in reconstruction Turkestan government, democratic way.
The Humanist, democrat, thinker and enlightener with encyclopedic knowledge. Chokay became a defender of the history and culture of the peoples of Central Asia and Kazakhstan. He could speak in english, french, german, turkish and Arabic languages. He devoted his entire adult life to the struggle for truth, for the protection of the honor of the peoples of Central Asia and Kazakhstan.
Annotatsiia
Zerttey’ jumysta Mustafa S’oqaiulynyn’ tek halqynyn’ g’ana emes, bu’kil tu’rki a’leminin’ saiasi kos’bass’ysy bolgany qarastyrylady.Ol en’ aldymen demokratiialyq jolmen Tu’rkistan memleketin qury’ jolyndag’y Qoqan(Turkistan) Avtonomiiasynyn’ bass’ysy retinde belgili boldy.
Gumanist ois’yl,demokrat, ntsiklopediialyq bilim iesi Mustafa S’oqaiuly ag’arty’shy Orta Aziia men Qazaqstan halyqtary tarihi men ma’denietinin jaqtay’s’ysy boldy.Ag’yls’yn,frantsuz,nemis,tu’rik ja’ne arab tilderin o’te jetik men’gerdi.Bu’kil g’umyryn Orta Aziia men Qazaqstan halyqtarynyn’ ar-ojdanyn qorg’ay’g’a,s’yndyq us’in ku’reske arnady.
Мазмұны
I.Кіріспе
II.Зерттеу бөлімі
2.1.Мұстафа Шоқайұлының өмірі мен қызметі
2.2.М.Шоқайұлының «Тұтас Түркістан» идеясы
2.2.1.Түркішілдік қозғалыстың басы
2.2.2.Түркістан Ұлттық комитеті
2.2.3.Ақпан төңкерісінен кейінгі түркі халықтарының саяси ұйымдары
2.3.Мұстафа Шоқайұлының фашизмге көзқарасы
2.4.Мұстафа Шоқайұлының туысқандары
2.5.Мұстафа Шоқайұлы қазақ фильмінде
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің өзеттілігі.Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттық жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді.Елімізде әлеуметтік-экономиялық, саяси-құқықтық реформалардың әске асырылуы мәдени-рухани өмірімізге жаңа сипат,тың мазмұн берді. Сондай дүбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі» «қазақ тарихы фактілердің қлі қоймасы емес, бұл орасан зор дәйектеуші және дәлелдеуші күш» деп атап көрсеткен болатын. Бұл тұжырымы еліміздің алдында тұрған қоғамдық сананың жаңару үдерісіндегі тарих ғылымының кешенді міндеттерін анықтайды.
Ғылыми жоба да осыған сай таңдалып алынды. Мұстафа Шоқайұлы-бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының, жалпы түркі халықтарының бостандығы мен тәуелсідігіне арнаған тұңғыш эмигрант күрескер, саяси қайраткер
Өзімізге белгілі Кеңес үкіметінің тұсында М.Шоқайұлы туралы айтылмайды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет билеушілері оның есімін «Түркістан ұлттық комитеті», «Түркістан легионы» атты ұйымдармен байланыстырып, «Отанын сатқан опасыз» деп аталды
Зерттеуші ретінде мені ерекше қызықтырған мәселелердін бірі-М.Шоқайұлының елінің бостандығы үшін күрескен, Кеңес үкіметінің екі жүзді саясатын әшкерелегенін білгенімен, өз отандастарының білмеуі, оның еңбектеріне қатаң тыйым салынғанын былай қойғанда, туысқандарын, бауырларын ОГПУ,НКВД үкімімен аяусыз жазалануы.
Ресей империясында ХХ ғасырдың басында түркі халықтары арасында ұлт-азаттық идеалогиясы қалыптаса қоймаған жағдайда олардың отарлық езгіге қарсы қозғалысы алдымен жалпы исламдық қозғалыс аясында жүрді.
Мұсылман фракциямы болды. Қазақ қоғамынан мұсылман фракциясының қызметіне белсенді түрде атсалысқандардың арасынан, әрине, ең алдымен Ә.Бөкейхановты және М.Шоқайұлын атаған жөн. 1916 жылы желтоқсанда М.Шоқайұлы Ә.Бөкейхановтың ұсынысы бойынша Мұсылман фракциясы бюросының хатшысы болып бекітілді.
Ғылыми әдебиетте мұсылмандық, түркішілдік қозғалыстарды талдаушылар саналы түрде бұл құбылыстарды негізінен «антиресейлік» мазмұнына бас назар аударысты да, ал олардың шынайы мазмұны тиесілі теориялық дәрежеде ашылмай келді. Ал олардың мақсаты Ресей империясы құрамындағы түркі және мұсылман халықтары өмірін жаңа заман талабына сай қайта құру (реформалау), ол үшін халықтарды орталық езгіден азат ету еді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың басты мақсаты М.Шоқайұлы қазақ тарихындағы қайраткерлігі мен еңбектерінің орны мен рөлін анықтау болып табылады. Осы ретте алдымызға мынадай мәселелерді міндет етіп қойдық:
-«Тұтас Түркістан» идеясы мәселесінің тарихи негізін анықтау;
-Қайраткерлердің ұлт-азаттық қозғаласындағы атқарған істерін зерделеу;
-Мұстафа Шоқайұлының саяси көзқарастарының, ой-тұжырымдарының қазіргі мән-маңызын ашу;
-Мұстафа Шоқайұлының Қазақстан тарихына қосқан үлесін бағамдау;
Зерттеу әдістері. Ғылыми жобада жүйелі-кешенді, типологиялық,салыстырмалы-тарихи,тарихи-әдеби объективті талдау әдістері пайдаланылды.
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлға
2.1. Мұстафа Шоқайұлының өмірі мен қызметі
М.Шоқайұлы(1886-1941)-отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында Түркістандыққ саяси эмиграциялық қызметінің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) уезіне қарасты Шоқай ауылы.
Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Торы тармағына жататын Шашты руынан тараған текті әулеттің ұрпағы. Атасы Торғай Сыр қазақтары орыс патшалығының қол астына кірмей тұрғанда Хиуа ханының уәлиі болған. Әкесі Шоқай дала қазақтары арсында ерекше мәдениетті, елге беделді биі болған, отырықшылықпен айналысы, бау бақша салдырып, егін еккен, кірпіш үй салдырған. Анасы Бақты да текті жердің қызы екен. Әкесі батыр болыпты. Түркістанды орыс отаршылдары жаулап алуға кіріскенде, Бақты да әкесімен бірге соғысқа қатысып, барлаушылық қызмет атқарған. Бейбіт күнде өлең жазып, дастандар жырлаған.
Әке-шешесі Мұстафаны жеті жасында қалаға (Ақмешітке)орысша оқуға жіберді. Кейін 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, оны сегіз жылдан кейін өте үздік тәмамдап шығады.
Отаршылдықтың өктемдігін, қиянатшыл әділетсіздігін Мұстафа жастайынан көріп өседі. Өз басы отаршылдықтың өрескел кеудесоқтығы мен Ташкенттегі гимназияны «өте жақсы» деген бағамен аяқтаған кезде бетпе-бет кездеседі. Гимназияда оған берілмекші болған алтын медальді генерал Самсонов бергізбейді, одан төмен оқитын орыс баласына жазады. Оған күміс медальді ұсынады. Бірақ Мұстафа медаль алудан мүлде бас тартады. Мұстафа 1910 жылы гимназияны бітірген соң Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіріп шығады.
Мұстафаның терең білім алып саяси көзқарасының қалыптасуы және қоғамдық қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске шыңдалуы Петербург университетінің заң факультетінде оқыа жүрген кезінен басталады.Ол гимназияда да, университетте оқып жүргенде де, жергілікті әкімшілікпен зәбір шапа шегіп келген жерлестерінің атынан арыз жазып, олардың әділдікке жетуіне көмектеседі, тіпті, кейбір күрделі істер бойынша сенат алдында мәселелер қоюына тура келеді. Мұстафаның алғашқы қоғамдық жұмысы оның 1914 жылы Әлихан Бөкейзановтың ұсынысымен ІV Мемлекеттік Думадағы газеттерін, сондай-ақ «Жаңа дүние»(1920), «Жаңа Түркістан» (1927-1937) ,«Түркістан»(1935), «Орта Азия»(1928) cекілді француз, түрік, орыс тілдерінде кітаптар, «Жас Түркістан» журналын, т.б.көптеген еңбектерін бастырып шығарады.
2.2. М.Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы
Ресей империясының ,кейін көп жағдайда оның мұрагері ретінде танылған Кеңес Одағының құрамындағы қазақ, өзбек және басқа да түркі тектес халықтардың ұлт-азаттық қозғалысы тарихында Мұстафа Шоқайұлының алатын орны ерекше. Алайда отандық және шетелдік әдебиетте қазақ қайраткерінің шығармашылық мұрасы мен қоғамдық саяси көзқарастарына көбірек көңіл бөлінеді де, ұйымдастырушылық, дипломатиялық, жай адами қырларын пайымдау қағажу қалып келеді.Сондай мәселелер қатарына жиырма жылға уақыт бойы Еуропаның төрінде тәуелсідік үшін күрес туын көтерген саяси ұйымды құрудағы М.Шоқайұлының ерен еңбегін жатқызуға болады.
2.2.1.Түркішілдік қозғалыстың басы
Тәуелсіздік үшін күресте Ресейді мекендейтін түркі халықтарының басын біріктіру, олардың бірыңғай саяси ұйымын құру идеясы әлдеқашан-ақ пісіп жетілген еді.Бірінші орыс революциясы тұсында «Мұсылман одағы» құрылса,1905 жылы 19 қарашада одан да кең көлемдегі «Автономияшылар одағы» дүниеге келеді.Осы уақыттан-ақ отарлық езгіге қарсылық жадидтік және түркішілдік қозғалыстың басты сипаты айқындалады.М.Шоқайұлы болса осы қозғалысты жаңа жағдайда,жаңа деңгейде жалғастырушы болды.Бір орталыққа бағынған ұйымдастырушы,бағыт беруші орталықсыз отарлық озбырлықтарға қарсы күрестің нәтижелі болмайтындығы жөніндегі пікірге М.Шоқайұлы сонау студенттік кездерінде-ақ келген сияқты.Оған өзіміздегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан табылған 1926 жылдың 10 сәуірінде белгісіз біреудің М.Шоқайұлы туралы жазған «рапорты» дәлел бола алады.Ә.Бәкірұлы жария еткен бұл құжатта Мұстафа Ташкентте қалып,1915 жылы қазақ зиялыларының арасында жұмыс жүргізеді,соның нәтижесінде «Кеңес» атты құпия үйірме ұйымдастырылды делінеді.Үйірме төрағасы болып отставкадағы генерал Асфендияров тағайындалады.Оның баласы Санжардың революция жылдары Түркістан республикасының денсаулық сақтау халық комиссары болғаны айтылады.
2.2.2. Ақпан төңкерісінен кейінгі түркі халықтарының саяси ұйымдары
Қазақ,өзбек,қырғыз,түркмен,татар,башқұрт халқтарының басын бір орталыққа біріктіретін саяси ұйымды құру мәселесін Ақпан төңкерісінен кейінгі ахуал жеделдетеді.Бұрыннан белгілі «Шуро-и Исламия»,басқа да ұйымдар Түркістанда күн санап күрделеніп келе жатқан жағдай талаптарына жауап бере алмайды. 1917 жылы 17-20 қыркүйекте Ташкент қаласында Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезі өтіп, оған осы өлкенің әр аймағынан және Орал,Торғай облыстарынан делегаттар қатысады,съезде саяси,қоғамдық және экономикалық мәселелер талқыланады.Пікір алысқан ең маңызды тақырып Түркістан мен Қазақстан Мұсылмандарына басшылық жасайтын саяси партия құру туралы шешімнің қабылдануы еді.Партия «Мұсылмандар одағы» («Иггифок-и-Муслимин»)деп аталады да,»Шуро-и-Исламия»мен «Тұрам ұйымдары» таратылып,олардың орнына «Мұсылмандар одағының» бөлімдері құрмақшы болды.
Бұл шешім съездің ең үлкен жетістігі болғанымен,саяси оқиғалардың одан әрі өрбуі оның жүзеге асырылуына мүмкіндік бермейді.Большевиктер ұлттық құрылымдардың бірінен кейін бірін талқандап, «Түркістан Мұхтарияты» («Қоқан автономиясы») қанға бөктіреді.
Осындай қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күрестің жаңа формалары мен әдістерін іздестіру барысында М.Шоқайұлы 1918 жылдың қасында Екатеринбургте «Түркістан» астыртын ұйымын құрады.оның орталығының төрағасы М.Шоқайұлының өзі,ал орынбасары болып А.З.Валиди тағайындалады.Ұйым Түркістан,Башкирия және Татарстандағы ұлттық басын біріктіреді.Мария Шоқай өзінің күйеуі туралы естеліктерінде олардың 1918 жылдың қараша айында Екатеринбургте аялдағандары,онда Құрылтай жиналысына кандидаттар Ілияс Алкин,Вадим Чайкин,Мүнауар Каримен бірге болғандары жөнінде жазылады.19 қарашада Құрылтай жиналысы таратылады.
Осыдан кейін Америка Құрама Штаттарына визаға дейін алып қойып,жолға шыққалы отырған Мұстафа Шоқайұлы мен оның серіктестерінің жоспары бұзылып,бас сауғалауға тура келеді.М.Шоқайұлы Челябинскіге жетіп,одан әрі қазақ даласы арқылы Әзірбайжанға,кейін Грузияға,1921 жылдың ақпан айында Түркияға өтеді.
2.2.3.Түркістан Ұлттық комитеті
Қазіргі әдебиетте 1918-1922 жылдары аралығындағы саяси партиялар мен одақтар жөнінде қым-қиғаш пікірлер көп.Д.Қыдырәли 1920 жылы «Түркістан Ұлттық комитеті» құрылды,соның құрамына әуел баста М.Шоқайұлы ,А.З.Валиди,М.Сұлтанғалиев енді дегенді айтады.М.Шоқайұлының Париждегі жеке мұрағат қорында 1920 жылы 6 қазанда «Түркістан Ұлттық Одағы(ТҰО) деген ұйымның құрылғаны жөнінде мағлұматтар келтіріледі.Оның басшылығына Бұхара Халық Республикасы үкіметінің премьер-министрі Осман Қожаев,Қорғаныс министрі Абдулхамит Арифов,Қабулдағы елшісі Хашим шайық енеді.ТҰО жиналысының шешімімен Осман Қожаев ұйымның Түркия бөлімшесінің төрағасы,М.Шоқайұлы Еуропадағы өкілі болып тағайындалады.
М.Шоқайұлының Париждегі жеке мұрағатындағы бір құжатта 1921 жылы «Орта Азия комитеті» деп аталатын ұйым жөнінде айтылады.Оны Энверпаша Германиядан КСРО-ға екінші рет келгеннен кейін А.З.Валидимен бірге Шығыс Бұхарада ұйымдастырады.Шындығына келетін болсақ,М.Шоқайұлының айтып отырғаны «Орта Азия Мұсылман Ұлттық қоғамдарының федерациясы» болуы тиіс. «Жалпы комитет» деп те аталатын бұл ұйым А.З.Валидидің көрсетуінше, Бұхарада 1921 жылдың 2 тамызында құрылды делінеді.
Орта Азия мұсылман қоғамдары федерациясының ІІІ конгресі 1922 жылы 18-22 қыркүйекте Ташкентте конспиративтік жағдайда өтеді.Жанама мәліметтерге қарағанда жиын Ташкенттің нағыз орталығында орналасқан Қазақ Мұсылман фракциясының хатшылығы.Бұл оның Ресейдегі қайраткерлермен,Дума депутаттарымен араласуына,іс жүзінде жалпы мұсылмандық, жалпы түркістандық идеяларды қолдауына алып келді.Азаттық алу үшін езілген халықтардың тізе қосуы қажет екенін Мұстафа сол кезде анық түсініп,өмірінің соңына дейін бұл пікірінен айныған жоқ.
1917 жылғы Ақпан төңкерісін Мұстафа Петербургта пікірлес достарымен бірге қуана қарсы алады,патша үкіметінің құлауы оларға бостандыққа жетуге жол ашқандай болады.Бірақ,құрылған уақытша үкімет олардың күрісін басып тастады.Ал Қазан төңкерісінен соң билікті басып алған большевиктер «Сауатсызазиялық,қара тобырға» жатқызды.
Осындай жағдайда В.И.Лениннің жариялаған «Ұлттардың өзін-өзі билеу құқы» туралы декларациясына сүйенген Мұстафа Шоқайұлы басқа да түрік қайраткерлерімен бірлесе отырып,өлкеге (Түркістанда) ұлттық мемлекет құру үшін 1917 жылы 26 қараша Қоқан қаласында өлкелік төтенше ІV мұсылмандар съезін шақырады.
Съезд үш күн жұмыс істеп,көптеген қаулы-қарарлар қабылдайды.27қараша күні сағат 12:00-де қабылданған съезде қарарында: «...Съезд Түркістанда мекендеген ұлттардың өзін-өзі билеуге деген ұмтылысын қанағаттандыра отырып,Түркістанда Ресей Федеративті демократиялы республикасы құрамындағы территориялы республикасы құрамындағы территориялық автономия» деп жазылған.
Құрылған Түркістан автономиясының президенті болып Мұхамеджан Тынышбаев сайланып,Сыртқы Істер министрі қызметін Мұстафа атқарды.
Мұнда оны Кеңес одағына қарсы пайдалану мақсатында құрылмақшы болған Түркістан легионына басшылық жасауға үгіттейді.Мұстафа бұған көнбейді.Лагерьлердегі тұтқындарды аралап жүріп сүзек ауруын жұқтырған Мұстафа 1941 жылы 27 желтоқсанда жарық дүниемен қош айтысты.
М.Шоқайұлының артында бай мұра қалды.Атап айтсақ, олар 1917 жылы Ташкентте «Ұлұғ Түркістанда», Қоқанда «Жаңа Түркістан»,1919 жылы Тбилисиде «Вольные горцы», «На рубеже»,1921 жылы Стамбулда «Шөбнәмә газетасы» педагогикалық институтының ғимаратында болған секілді.Конгресте қазақ зиялылары басым болады.Ұйымының аты «Түркістан Ұлттық Бірлігі»(ТҰБ) болып өзгертіледі.Түркістанда біртұтас тәуелсіз мемлекет орнату үшін бірлескен күрес жүргізу жөнінде бірауыздан шешім қабылданады.Өлкені мекендеген жергілікті халықтарды ұлт,ру-тайпаға бөлмеу жөнінде келіседі.Сөйтіп,ұлы Түркістан ұғымы дүниеге келеді,бұл болса Мұстафа Шоқайұлының бұрыннан алға тартып келген ой-пікірлердің заңдастырылуымен тең еді.Жалпы алғанда съезд жұмысының табысты аяқталуына оған қатысты Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мүнауар Қари, Ғазымбек Бірімжанов секілді тұлғалар үлкен ықпал жасайды.Конгрестің шешімі бойынша ұйымның төрағасы А.З.Валидидің Еуропаға өтіп, М.Шоқайұлымен бірлесе отырып Түркістан халықтары мәселесін халықаралық аренада қою ұсынылады.
Саяси ұйым құру және оның барлық бағдарламалық шешімдері бойынша қайраткерлердің М.Шоқайұлымен хат арқылы келісіп отырғанын ерекше атауымыз керек.
Бірақ башқұрт қайраткерлері М.Шоқайұлы мен Г.Таған «ұлттық бірлік мақсаттары мен ісіне адал болуға ант берді» деп көрсетеді.Ал, енді Валидидің қазақ қайраткерлердің ТҰБ-ке күдіктеніп барып қосылғандығы жөніндегі тұжырымы ұйымның хаттамаларымен,басқа да құжаттарымен салыстыруды қажет етеді.Себебі М.Шоқайұлы ТҰБ-нің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ ұйымның Еуропадағы өкілі болып тағайындалуына байланысты сырттай мүшесі болып қабылданған еді.Әңгіме Түркістанның дербес мемлекет болуы, не болмаса Ресей демократиялық республикасы құрамындағы автономия үшін күрес жүргізілуі жөнінде болуы тиіс.Оған қоса А.З.Валидидің еңбектерінде өзін дәріптеуге, Түркістан ұлттық қозғалысындағы жетекшілік рөлін,ТҰБ-нің Еуропадағы тағы бір жиналысы өткізіліп, онда ұйымның орталығының Ыстамбұлда болуы және шығарылуға тиісті «Иени Түркістан» газетінің тілі,бағдарламасы жөнінде шешімдер қабылданады.1927 жылдың ақпан айында Гейдельберг (Германия) қаласында өткен кезекті мәжілісте М.Шоқайұлы Кеңес өкіметінің Түркістандағы ұлт саясатына арналған баяндама жасайды. ТҰБ-нің сол жылдың наурыз айында Ыстамбұлда өткен конгресінде М.Шоқайұлының Еуропадағы өкілдігі бекітіледі. ТҰБ-ның баспа органы ретінде М.Шоқайұлының басшылығымен 1929 жылдың ақпанынан Берлинде «Яш Түркістан» журналы шығарылады.
ТҰБ-нің жұмысын жолға қою, эмиграциядағы азаттық қозғалысы жетекшілерінің бір мақсат жолында бастарын біріктіру оңайға түспеді. «Түркістан Ұлттық комитеті», «Түркістан Ұлттық одағы», «Орта Азия комитеті» деген бұрын жеке-жеке құрылған ұйымдардың ТҰБ атынан емес,өз алдына дербес әрекет етуге тырысушылығы орын алады. Ұйым басшыларының араларындағы пендешілікке негізделген түсінбеушіліктер, кеңес барлау органдарының іріткілік әрекеттері де ұйымға теріс ықпалын тигізеді. Әсіресе, А.Валидидің М.Шоқайұлын орынсыз кінәлауы, қазақ қайраткерлерінің орыс эмигранттарының баспасөздерімен шығармашылық қарым-қатынаста болуын ұйым мақсатына кереғар келеді деп пайымдауы үлкен алаңдаушылық туғызады.Осы себепті 1927 жылы М.Шоқайұлы «Түркістан Ұлттық Бірлігі» ұйымының Орталық Комитеті құрамынан шығып кетеді.Ол бұл қадамға бару себебін грузин қайраткері С.Г.Мдиваниға жазған хатында (1928 жыл, 2 маусым) «орыс эмигранттарының баспасөзімен ынтымақтастығы» деген жалаң айып тағылуға байланысты деп түсіндіреді.
М.Шоқайұлы мен А.Валиди араларындағы кикілжіңнің бір қыры «Иени Түркістан» журналының идеялық бағытына нұқсан келтіретін кейбір материалдардың жарық көрінуінен туындады. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мен фашистік Германия басшыларының М.Шоқайұлын өз мақсат-мүдделеріне жұмыс істеуге көндіруге әрекеттенуіне, осы себепті қазақ қайраткерінің түркістандық істерінен қол үзуіне байланысты ТҰБ бірте-бірте жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Қазақ қайраткерінің жұмбақ өлімінен кейін ұйым қажыр-қайрат пен ақыл-ойдың қайнар кезіндей қайталанбас тұлғадан айырылды. Алайда ұзақ жылдар бойы Түркістан халықтарының бірлігі мен тәуелсідігі жолындағы күресі тарихында өз орны бар «Түркістан Ұлттық Бірлігі» де, оның рухани көсемі бола білген М.Шоқайұлы ұрпақтар жадында ұмытылмайды. 20-30 жылдары Түркістанда кеңестік билік іске асырған жер-су реформасы, мемлекеттік аппараты жергіліктендіру, байлар меншігін конфикелеу, көшпенділерді отырықшы тұрмысқа көшіру, оларды ұжымдастыру сияқты ауқымды эксерименттерді сыни тұрғыдан талдауда М.Шоқайұлы мен оның басылымдарының ең белсенді рөл атқарғанын тарихи шындыққа сәйкес келмек.Оның «Кеңестер билігіндегі Түркістан» атты еңбегі мәселемен тек сырттай ғана таныс батыстық интеллигенттің еңбегі емес, Түркістанда атқарылып жатқан істердің түп-төркінінен, терең астарынан хабардар, мәселенің тарихын жақсы білетін осы өлкеден шыққан зерттеушінің талдауы болатын.
2.3.Мұстафа Шоқайұлының фашизмге көзқарасы
ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдарында және одан кейінгі Кеңестік кезеңде халқымыздың біртуар ұлы, Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында басын бәйгеге тіккен қайраткер Мұстафа Шоқайұлы жайында көптеген жалған ақпарат тарап,ұлы тұлғаға күйе жағылғаны белгілі.
Большевизмнің қас дұшпаны болғандықтан, билікпен ымыраға келмей шет ел асқан Мұстафа Шоқайұлына танылған айыптар бұл кезеңде негізінен Түркістан регионы төңірегінде өрбитін еді. Бұл жайында тіпті, «социалистік реализмнің» аясында көркем шығармалар жазып,қаралау науқанына түрлі бәйгелер беріліп жатты.
Еліміз егемендік алып, тарихтың ақтаңдық беттері біршама ашылып, Алаштың ардақты ұлдары ақталып жатқан тұста Мұстафа Шоқайұлына қатысты ойлар да басқаша өрбіп, жаңа деректермен толысқан тарих көздері ақиқат сырларын аша түсті. Дегенмен, Мұстафа Шоқайұлына және оның мұрасына сын көзбен қарайтындар әлі де баршылық. Өйткені, әсіресе, қолына қару алып қан кешкен ардагерлерімізбен аға буын өкілдерінің бір кездері сыңар жақ идеологияның біржақты және толассыз насихаты нәтижесінде қалыптасқан өзіндік түсініктері бірден сейіліп кете қоймайтыны түсінікті. Міне, сондықтан, Алаштың ардақты ұлы жайында ақиқатты білу үшін сезімге бой алдырмай, деректер көздеріне жүгінгеніміз абзал.Сонымен, М.Шоқайұлының фашистік билікпен байланысы бар ма еді? Бұдан біршама уақыт бұрын, дәлірек айтқанда 2001 жылы Анкара қаласында жарық көрген «М.Шоқай, өмірі, саяси қызметі, және дүниетанымы» атты монографияда эәне республикалық деңгейдегі басылымдарда жарық көрген мақалаларда жаңа дерек көздеріне жүгіне отырып, М.Шоқайұлының өмір жолына қайта оралып жатпай, мәселеге осылайша төтесінен килігуді жөн санадық.
Әуелі айта кетерлік жайт, Мұстафа Шоқайұлының эәне большевиктерден теперіш көріп шет ел асқан эмиграциядағы түрлі ұлт жетекшілерінің ұйытқы болуымен құрылған «Прометей» қозғалысы фашизмге әу бастан күмәнмен қарап, дүниежүзілік соғыс өртінің тұтанып кетуіне әрдайым алаңдаушылық білдіретін еді. Расында, 1939 жылы қыркүйек айында фашистік Алманияның Польшаға басып кіруімен бірге, осы «Прометей» қозғалысы ең маңызды қолдаушысынан айырылды. Кеңестік жүйеге қарсы күресіп жүрген ұлат өкілдері маршал Пильсудский кезеңінен бастап Польша үкіметіне арқа сүйейтін еді. Ал, 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижге басып кіруімен бірге қозғалыс мүшелері мүлде қорғансыз жалып, ресми басылымдары да жабылып қалды. Польшаның басып алынуы және оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөліске түсуі, оның үстіне, Алман-Кеңес басқыншылық келісімі «Прометейшілердің» арманын көкке ұшырды.Осы кезеңінде: «Гитлер де, Сталин де-залым.Бірі-әсіреұлтшыл, ал екіншісі-интернациолист болып көрінгеніне қарамастан, екеуінің де саясаты мен залымдығы тең дәрежеде»,-деп жазған Мұстафа Шоқайұлы өзінің пікірлес достары украиндық А.Шульгин, кавказдық Мир Якуб Мехтиев және грузиндердің көсемі Ное Жорданиямен бірге шет елдердегі барлық отандастарын Алман-Кеңес коалициясына қарсы бірігіп, қарсы тұруға шақырды.Сонымен қатар, Мұстафа Шоқайұлы белсенді автор болған «Прометей» журналының 1940 жылы сәуір айында шыққан соңғы саны финдердің кеңес әскерлеріне қарсы қаһарманша табандылық танытуынан қанаттанып, оқфрмандарын «оба мен тырысқақ» арасында таңдау жасамауға үндеді. Мұндағы адамзатқа апат әкелетін індет аурулардың екі империяға қаратылып айтылып тұрғаны белгілі болса керек. Осылайша, Мұстафа Шоқайұлы шындығын жоққа шығарғысы келетін большевиктік билікке қаншалықты қарсы болса,әлемде тек бір ғана үстемдігін қалайтын фашизмге де соншалықты қарсы екенін қаймықпай, ресми түрде мәлімдеді. Өйткені, жұбайының жазбаларына сенсек,нашар ұлттар емес, жаман дамдар болатынын айтатын ол, барлық ұлттардың терезесі тең дәрежеде өмір сүруін қалайтын еді. Сонымен қатар, ұлы тұлғаға лайықты жар бола білген Мария Шоқайдың естеліктерінде Мұстафаның мейлінше мейірімді және соғыс атаулаға қарсы екені сипатталып жазылған. Тұтқындар лагерінде Мұстафа Шоқайұлының жәрдемі арқасында ғана аман қалған әйгілі тарихшы Баймырза Хайт Мария ханымның осы сөздерін айна қатесіз жайталап еді.
Ал, сонда соғыс атаулыға, қан төгуге және адамазтқа төніп келе жатқан алапат ауру-фашизмге қарсы болған Мұстафа Шоқайұлы, расында, легион құруға ат салысып, қару кезенген бе еді? Мұстафа Шоқайұлының легионының ресми құрушысы Уәли Қаюмға деген көзқарасы қандай еді? Фашистер жаулап алғанда Парижде болған Мұстафа Шоқайұлына сол кездері Берлинде тұратын және гестапоға жұмыс жасайтын Уәли Қаюм келіп,әңгімелеседі.
Алайда, шақырылмаған қонақты жақтырмай, әңгімеден мейлінше тартыншақтаған Мұстафа Шоқайұлы, Уәли Қаюмды, тіпті, шайға да шақырмастан шығарып салады. Бұл- Шоқай мен Қаюмның алғашқы кездесуі еді. Өйткені,бір хат жазғаны болмаса, Уәли Қаюм Берлинде тұрғанына қарамастан осы қалада шығатын «Яш Түркістан» журналымен, оның бас редакторы М.Шоқаймен және басқа да түркістандық шәкірттермен араласпайтын еді. Осы оқиғадан екі аптадан кейін, яғни 1940 жылы сәуір айында тағы келген Уәли Қаюм бұл жолы Шоқайды Берлинге шақырады. Бұл жолы да қонағына ыңғай бермеген М.Шоқай, тек ықтият үшін әйгілі түрколог,профессор Герхард фон Мендемен хат алысқаннан кейін ғана ықтиярсыз болғандықтан,Берлинге баруға бел байлайды.Берлинде Кеңестер Одағы, оның әскері қуаты сияқты сұрақтар сұраған қызметкерлерге өзінің тек Түркістан аймағының жай-күйімен ғана таныс екенін, өзге жайттардан хабары жоқ екенін айтып, жауап береді.Осылайша, ол бір аптаның ішінде Парижге қайтып кетеді. Қағаз бетіне түскен бұл деректерден М.Шоқайұлының фашистік билікке бүйрегі бұрмайтынын,онымен байланысқысы келмейтінін және арада жүрген Уәли Қаюмды жақтырмайтынын айқын аңғаруға болады.
ІІ-жүниежүзілік соғыс басталған күні Мұстафа Шоқайұлының қатты дегбірі қашып, мазасызданады.Оны сол күні фашистер Ножандағы үйінен тұтқындап әкетеді.Тұтқындар лагерінде үш апта болған соң,үйіне екі күн рұқсат берген немістер оны Берлинге қайта алып кетеді. Өмір ағымының ыңғайында кете барған Мұстафа Шоқай, Берлинде жүрген кезінде тіпті,есірік фашист офицері тарапынан кеш ортасында соққыға да жығылады.
Бұдан кейінгі өмірі аулалы-төкпелі жағдайда өткен М.Шоқайұлы тұтқындар лагеріне жіберіледі. Отандастардың қасіретті тағдырына қабырғасына қайысқан қайсар ер,оларды тұтқыннан босатуға, тым болмағанда өлімнен арашалап қалуға ұмтылады.Бұл кездегі оның көңіл-күйін жазған хаттар болады. Мәселен, жұбайына жазған бір хатында Мұстафа Шоқайұлы тұтқындардың қорқынышты әрі үрейлі жағдайларын айту үшін тиісті мекемелерге мәлімдеме жасағанын,мұнда: «Сіздер-фашистер, өздеріңіздің Еуропадағы ең мәдениетті адамдардың қатарына жатқызасыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз мен көріа жүргендей болса,онда мен сендерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер ХХ ғасырда өмір сүре отырып, ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асырып жібердіңіздер. Мәдениетті халық екеніңізді айтуға тіпті де хақыларыңыз жоқ»,-деп жазғанын, бұл қорқынышты жағдайлардан кейін мұндай «мәдениетті» қоғамда тіпті өмір сүргісі келмейтінін,шынында да ұйқысы қашып, еш нәрсеге тәбетінің жоқ екенін хабарлаған. Осы хатты тапсырған СС офицері: «пікіріңді тым тура айтыпсың, мұның артықтау емес пе?» дегенде Мұстафа: «Егер сіздер осыған байланысты маған ату не асу жазасын берсеңіздер қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени ұоғам да өмір сүргеннен гөрі өлгенім артық» дейді. Ол жұбайына жолдаған бас хатында фашистердің хайуаннан да бетер екенін айта отырып, өзінің бұл жағдайда бұдан әрі төзе алмайтынын, өлгісі келетінін жазған.
Осы орайда айта кетерлік жайт, сонау бір жылдары Мұстафа Шоқайұлының Гитлермен кездескені жайында неше түрлі аңыз-әпсаналары айтылып, фашистік формамен суретке түскен бір бейтаныс бейнені Шоқайға телу белең алған болатын. Мұстафа Шоқайұлы туралы айтылған мұндай ақпараттың сталиндік саясаттан туған жала екенін бірден ашып айту керек. Екіншіден, солай-ақ болып, фашистермен келісімге барған күннің өзінде Мұстафа Шоқайұлының ел тәуелсіздігі үшін қандай да болмасын амал қарастырып, Түркістанның тәуелсіздігі үшін тәуекелге баратын саясаткер екенін ұмытпаған жөн. Өйткені, саналы ғұмырын елінің бостандығы мен азаматтығы жолына арнаған Мұстафа Шоқайұлы үшін ең басты мәселе-Түркістанның тәуелсіздігі болатын!
Дегенмен, фашистердің түпкі пиғылын сезіп, білген Мұстафа Шоқайұлы олармен бірлесіп жұмыс істеуге құлықсыз болды. Тұтқындар лагерін аралаған кезде де оның бар арман мұраты баудай түсіп, қырылып жатқан тұтқындағы Түркістандық бауырларын ажал аузынан аман алып қалу болды. Мыңдап қырылған туғандарына қорған болу үшін тиісті мекемелерден шырылдап араша сұраған, бірақ лайықты жауап ала алмаған Мұстафа Шоқайұлы алға қойған мақсатын белгілі бір дәрежеде атқарып, Парижге қайтуды ойлады. Фашистік билікпен ымыраға келе алмаған, олардың айтқанына көніп, дегеніне жүре қоймаған Мұстафа Шоқайұлы соңғы хатында былай деп жазды: Мұндағы байланыстарым бітті. Мен Парижге қайтамын деп шештім. Тезірек карантинаға жауып тастамай тұрғанда, құтылып шығуым керек.
Есіл ердің жүрегі бір сұмдықты сезгендей екен.Тағдыр оған Парижге жетуді жазбапты. Каратинада бірнеше күн болып, тексеруден өткеннен кейін Берлинге қайтар жолда Түркістанның ұлы қайраткері мәңгілікке сапар шекті. Құпия жағдайда көз жұмған оның жұмбақ өлімінен соң әртүрлі сөздер тарай бастады. Әрине, бұл сөздер негізсіз емес-тұғын. Өйткені, фашистік билікке «демократ,фашизмге қарсы» Шоқайұлынан дереу бас тарту жөнінде ұсыныс хат жазып, арыз ұйымдастырған Алимжан Идриси сынды Түркістандықтардың Мұстафа өлімінің құрметіне қуаныштары қойнына сыймай, тост айтып, бокал көтергені де тарихи шындық. Осылайша, келе жатқан жаңа жылды ерекше қуанышпен қарсы алғандардың бірі кейіннен фашистер тарапынан хан, ата, президент атағы берілген Уәли Қаюм болатын. Сондықтан, адамзат, келешек үшін фашизмге қарсы болған Шоқай өлімінде фашистік биліктің суық қолы болғаны күмән тудырмаса керек.
2.4.Мұстафа Шоқайдың туысқандары. Мұстафа Шоқайдың ескерткішіндегі тақтасында оның қысқаша өмірбаяны мен Қазақстанның тарихи-географиялық сипаттамасы жазылған. Қалалық мұражай басшылығы өкілдерінің пайымдауынша, аталмыш тақта адамзат құндылығын сыйлау және өз өрендерін құрметтеуде үлгі болып, Қазақстан мен Франция халқының жақындасуына себепші болды. Сондай-ақ Ножан-сюр-Марн қаласындағы Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Ол тәуелдік таңы атқалы бері бұл арысымыз туралы көптеген дүниелер жарық көріп келеді. Бұл қуанышты нәрсе. Бірақ зерттеушілеріміздің қайсыбірінен олан қандай да бір кемшіліктер іздеуге әрекеттенушілік те байқалып қалады.
Интернациолистік тарихнама өкілдері тарапынан алып тұлғаның өзін көзге ілмеушіліктің, оны айналып өтуге сыңай танытушылықтың мысалдары қылаң беріп келе жатқандығы құпия емес. Мұның себебі, біріншіден, ұлттық интеллигенцияның біразының әлі де болса отарлық санадан арыла алмай келе жатқандығына, екіншіден, өзіміздің жай салдыр-салақтығымызға байланысты ма деп ойлаймын.
Осы жағдайға қатысты бір-екі мысал келтіре кетейін. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Қызылорда облысының Шиелі аудандағы Наршоқы да орналасқан Шоқай қыстауының орнына, Мұстафаның кіндік қаны тамған топыраққа тағзым етіп қайттым. Бұл сапарда Алаш арысына жиеншар болып келетін Қалымбетов Ойдан Кенжеғұлұлы, Мұстафа Шоқай қорының президенті Атабаев Базарбай және өзіміз сөз етіп отырған тұлға ұрпақтарымен жақсы таныс, сол өңірде олармен жұмыстас болған тағы бір көнекөз қария Тәжімов Жұмабек, Қызылорда қаласындағы Болашақ университетінің доценті берді. Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында Әліштің немересі Ғанимен кездестік. Әліш Мұстафаның туған ағасы. Ғани 1934 жылы Әліштің ұлы Бәкірден туған, Мұстафаның туған-туыстастарын қуғындауға алған кезде бой тасалып Өзбекстанға кетеді де, 60-жылдары ғана еліне оралады. Содан бері осы Сұлутөбеде қой баққан,Құрмет белгісі орденімен марапатталған. Ойдан, Жұмабек,Ғани ақсақалдар ақ-жарқын, әлі де болса бойлары ширақ, сұңғыла адамдар екен.
2.5.Мұстафа Шоқайұлының қазақ фильмінде.Фильм ХХ ғасырдың 1-жартысындағы белгілі саяси қайраткер, Орта Азиядағы түркі халықтарын бір тудың астына біріктіруді армандаған Мұстафа Шоқайдың өмірі мен тағдыры туралы. Ол туған халқының бостандығы мен еркіндігін, көркеюі мен өркендеуін көксегенімен, бұл арманына да тірі кезінде жете алмады. Фильм оның эмигрантты өмірінің барлық маршруттарын (Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция) бейнелейді. Сатыбалды Нарынбековтың туындысында Мұстафа Шоқай көрермен алдында тек саясатшы ретінде ғана емес, жек тұлға, сүйікті жар болғаны да жан-жақты ашылады.Мұстафаның жұбайы-опера әншісі Мария Горина жолдасы мен бірге оның ауыр жолын өтіп, өзінің карьерасын сүйікті адамы үшін құрбан етеді.
Мұстафа Шоқайұлы-бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының, жалпы түрік халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған тұңғыш эмигрант күрескер, саяси қайраткер.
Өзімізге белгілі Кеңес үкіметінің жұмысында Мұстафа Шоқайұлы туралы айтылған. Ұзақ жылдар бойы мемлекет билеушілері оның есімін Түркістан ұлттық комитеті, Түркістан легионы атты ұйымдармен байланыстырып, Отанын сатқан опасыз деп аталады.
Зерттеуші ретінде мені ерекше қызықтырған мәселенің бірі-М.Шоқайұлының елінің бостандығы үшін күрескенін, Кеңес үкіметінің екі жүзді саясатын әшкереленгенін білгенімен, өз отандастарының білмеуі, оның еңбектеріне қатаң тыйым салынғанын былай қойғанда, туысқандарын,бауырларын ОГПУ, НКВД үкімімен аяусыз жазалануы. Қазақ қоғамынан Мұсылман фракциясының қызметіне белсенді түрде атсалысқандардың арасынан, әрине, ең алдымен Ә.Бөкейхановты және М.Шоқайұлын атаған жөн.М.Шоқайұлы мен Ә.Бөкейхановтың ұсынысы бойынша Мұсылман Фракциясы бюросының хатшысы болып бекітілді. Ғылыми әдебиеттен мұсылмандық, түркішілдік қозғалыстарды талдаушылар саналы түрде бұл құбылыстарды негізінен антиресейлік мазмұнына баса назар аударысты да, ол олардың шынайы мазмұны тиесілі теориялық дәрежеде ашылмай келеді. Ал олардың мақсаты Ресей империясы құрамындағы түркі және мұсылман халықтары өмірін жаңа заман талабына сай қайта құру, реформалау, ол үшін бұл халықтарды орталық езгіден азат ету еді.
В.И.Лениннің жариялаған ұлттардың өзін-өзін билеу құқығы туралы декларациясына сүйенген М.Шоқайұлы басқа да түрік қайраткерлерімен бірлесе отырып, өлкеге (Түркістан) ұлттық мемлекет құру үшін 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында өлкелік төтенше мұсылмандар съезіне шақырады.Съезд 3 күн жұмыс істеп,көптеген қаулы қарарлар қабылдайды.27 қараша күні сағат 12:00 –де қабылданған съезде қарарында:съезд Түркістанда мекендеген ұлттардын өзін-өзі билеуге деген ұмтылысын қанағаттандыра отырып,Түркістанда Ресей Федеративті демократиялы республикасы құрамындағы территориялық автономия деп жариялады.Құрылған Түркістан автономиясының президенті болып Мұхамеджан Тынышбаев сайланып,сыртқы істер министрі қызметін Мұстафа атқарды.Мұнда оны Кеңес одағына қарсы пайдалану мақсатында құрылмақшы болған,Түркістан легионына басшылық жасауға үгіттейді.Мұстафа бұған көнбейді.Лагерьлердегі тұтқындарды аралап жүріп сүзек ауруын жұқтырған Мұстафа 1941 жылы 27 желтоқсанда жарық дүниемен қош айтысты. Мұстафа Шоқайұлының артында бой мұра қалды. Атап айтсақ, олар 1917 жылы Ташкентте Ұлұғ Түркістан Қоқанда, Жаңа Түркістан,1919 жылы Тбилисиде «Вольные горцы» , «На рубеже»,1921 жылы Стамбулда «Шөбнәмә газетасын», газеттерін, сондай-ақ, Жаңа дүние 1920 жылы, 1927-1937 жылы Жаңа Түркістан, 1935 жылы Түркістан, Орта Азия 1938 жылы секілді француз, түрік, орыс тілдерінде кітаптар,Жас Түркістан журналын, тағы басқа көптеген еңбектерін бастырып шығарған.
Мұстафа Шоқайұлының және большевиктерден теперіш көріп,ел асқан эмиграциядағы түрлі ұлт жетекшілерінің ұйытқы болуымен құрылған «Прометей» қозғалысы фашизмге әу бастан күмәнмен қарап, дүниежүзілік соғыс өртінің тұтанып кетуіне әрдайым алаңдаушылық білдіретін еді.Расында 1939 жылы қыркүйек айында фашистік Алманияның Польшаға басып кіруімен бірге, осы Прометей қозғалысы ең маңызды қолдаушысынан айырылды. Кеңестік жүйеге қарсы күресіп жүрген ұлт өкілдерін маршал Пильсудский кезеңінен бастап Польша үкіметіне арқа сүйейтін еді. Ал, 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижге басып кіруімен бірге қозғалыс мүшелері мүлде қорғансыз, ресми басылымдары да жабылып қалды.Польшаның басылып алынуы және оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөліске түсуі, оның үстіне, Алмания-Кеңес басқыншылық келісімі «Прометейшілдердің» арманын көкке ұшырды. Осы кезде Гитлер де, Сталин де-залым.Осылайша, Мұстафа Шоқайұлы ұлт шындығын жоққа шығарғысы келетін большевиктік билікке қаншалықты қарсы болса, Әлемде тек бір ғана ұлттық үстемдігін қалайтын фашизмге де соншалықты қарсы екенін қайлықпай, ресми түрде мәлімдеді.Өйткені,жұбайының жазбаларына сенсек, нашар ұлттар емес, жаман адамдар болатынын айтатын ол, барлық ұлттардың терезесі тең дәрежеде өмір сүруін қалайтын еді.Сонымен қатар, ұлы тұлғаға лайықты жар бола білген Мария Шоқайдың естеліктерінде Мұстафаның мейлінше мейірімді және соғыс атаулыға қарсы екені сипатталып жазылған. Тұтқындар лагерінде Мұстафа Шоқайұлының жәрдемі арқасында ғана аман қалған әйгілі тарихшы Баймырза Хайт Мария ханымның осы сөздерін айна қатесіз қайталап еді.
Бұдан кейінгі өмірі аумалы-төкпелі жағдайда өткен Мұстафа Шоқайұлы тұтқындар лагеріне жіберілді. Отандастарының қасіретті тағдырына қабырғасы қайысқан қайсар ер,оларды тұтқыннан босатуға тым болмағанда өлімнен арашалап қалуға ұмтылады. Бұл кездегі оның көңіл-күйін жазған хаты болады.
Фашистердің түркі пиғылын сезіп,білген Мұстафа Шоқайұлы олармен бірлесіп жұмыс істеуге құлықсыз болды.Тұтқындар лагерін аралаған кезде де оның бар арман-мұраты баудай түсіп,қырылып жатқан тұтқындағы Түркістандық бауырларын ажал аузынан аман алып қалу болды.
1921 жылы 25 ақпан күні большевик күштерін Тбилисиге басып кіре бастады.Сөйтіп,Шоқай Әзірбайжаннан кейін Ресейдегі соңғы тұрақтаған мекені Грузияны да тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл жағдай бізге Шоқайдың Түркістан мен ресейдегі күрестен тастап кетуге мәжбүр болды. Украина бұрынғы сыртқы істер-министрі Александр Чулгин Шоқайдың Тбилисиде өткізген екі жылдық мерзімін оны Түркістанның азаттығын өткен күндері деп тұжырымдайды.
Мұстафа Шоқайдың соңғы хаты
Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арыстандарының бірі Мұстафа Шоқайдың өмірі, саяси күресі және еңбектері сонау Францияда, Стамбұлда, іргеміздегі Өзбекстанда зерттеліп, нешеме елде ол зерттеулер кітап болып жарыққа шығып жатыр. Осынау ауыр да, жауапты әрі сауапты жолда филология ғылымдарының кандидаты, француз тілінің маманы Бақыт Садықованың да тиянақты тер төгіп жүргенін білетінбіз.Жақында ғалым апамыз Оңтүстіктің қиыр оңтүтігінде Жетісай жеріне келіп, Мұстафа Шоқайдың Мадина әжемен тілдесті.
Мұстафа Шоқайдың немере інісі Нұртаза Шоқайдың қызы Мадина мен Нұртазаның ұлы Мадияр ұрпағы қаншама жылдардан бері Мақта арал ауданының шеткергі ауылы «Байқоныста» тұрып келеді. Кезінде қуғын-сүргіннен қашып осында тұрақтағандарын, інісі Мадиярды Мемелекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) өле-өлгенше тергеуге алып, маза бермегенін Мадина әже қинала еске алады.
-Әкеміз Нұртаза 1936-шы жылдың сәуірінде отбасын Қоқаннан көшіріп, Қызылорда облысы Сырдария ауданы «1-май» колхозына апарды. Біз ол кезде баламыз.Сыртта ойнап жүгіріп жүргенмен әкеміздің дембіл-дембіл қолына бір суретті алып, ұзақ қарап отыратынын байқаймыз. Әлгі суретте қысқа жең, шолақ етек көйлек киген орыс тәріздес үйелмелі-сүйелмелі екі қыз бейнеленген еді. Қазір ойласам, «орыстың қыздары» деп жүргеніміз Мұстафаның перзенттері екен. Олардың жасы шамамен 7-8-дерде болатын. Ол суретті және бар дүние-мүлкімізді НКВД тәркіледі.Нұртазаны 1937-ші жылдың 10-тамызында Сталиннің жендеттері тұтқындап кетті. Оған дейін ағайындар мен ауылдастар «Ей,Нұртаза,мұнда Мұстафамен таныс-біліс болғандарды тұтқындап жатыр.Уақытша болса да басқа жаққа көшіп, бас сауғаласаңшы» дегенді көп айтты. Бірақ, әкеміз «Кеңес өкіметінің тауық екеш тауығының да аяғын сындарғаным жоқ,әкететін болсаң бала-шағамның кез алдында кетсін, «Нұртазаны Өзбекстаннан ұстап алыпты» деген атаққа қалмайын, ұстаса өз Отанымнан ұстасын» деп отырып алды.
Ол тұтқындалған жылы Шымкентте атылды,-деді Мадина әже.Ғалым Бақыт апамыз Мұстафа Шоқай туралы қырық шақты мақала және «История Туркестанского легиона в документах», «Мұстафа Шоқай», француз тілінде «Мұстафа Шоқайдың «Прометей» қозғалысындағы қызметі», М.Шоқай «Я пишу вам из Ножана...»(Мария Шоқайдың естелігін қазақ және түрік тілдерінен орысшаға аударған, 2001 ж.)атты кітаптар жазған.
-Мұстафа Шоқайдың өміріне және де саяси қызметіне келсек, КГБ-ның мұрағатында ол кісіге үш айып тағылған. Бірінші айып-Мұстафа Шоқай Түркістан легионын құрыпты-мыс. Екінші айып-Мұстафа Шоқай өзінің жазуларында Кеңес өкіметі жөнінде тек қана өтірікті жазған, Кеңес өкіметінің жала жапқан.Үшінші айыбы-Мұстафа Шоқай батыс елдерінің барлау қызметтерімен үлкен байланыста болған және соларға қызмет еткен дегендей. Сондықтан осыларды талдай келе мен әр айыпқа жауап ретінде бір-бір кітаптан арнадым. Олардың барлығы құжаттар негізінде жазылды. Тың деректің бірі Мұстафа Шоқайдың шет елге неге мұражырлыққа кеткені жөніндегі қағаз Францияның сыртқы істер министрлігінің мұрағатында жатыр. Ол қағазда Мұстафа Шоқайдың Еуропаға, атап айтқанда, Францияға Түркістанның ұлттық ұйымдарының нұсқауы бойынша келгені расталады.
Мен өзімнің кітабымда сол қағаздың фото көшірмесін жарияладым.Мұстафа Шоқайдың Францияға барғаннан кейін журналистер, қоғам қайраткерлері және басқа да кісілердің алдында сөйлеген сөздері бар.Деректер, Мұстафа мақалалары өте көп. Шоқайдың хат алысып, хат жазысқан жеке мұрағаты бар. Мұрағатында тек хаттар ғана емес, жарияланған түрлі мақалалар жөніндегі пікірлері, әр бөлек кезде қағазға түсірген ойлары сақтаулы.Жарияланбай қалған дерек көздер де бар.Соның бәрін көтеріп қарағанда арасынан Мұстафа Шоқайдың 1941 жылы тұтқынға түскен отандастарымен кездескенде сөйлеген соңғы сөзін, яғни хатын кездестірдім.Сол хатында ол кісі өзінің туыстары туралы да айтады.
Француздар Шоқайды құрметпен еске түсіреді.
Ножан-сюр-Марн мэрінің орынбасары Терез Мари Томе ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде қазақ ұлтынан шыққан Мұстафа Шоқайдың туған жерінің бостандығы үшін жан кешті қайсарлығын азаматтар үлгі тұтса деді. Елші Аманжол Жанкулиев сөйлеген сөзінде алдымен Франция басшылығы мен халқына қазақ халқының ұлын сол кездегі қиын уақытта паналатқандары үшін алғысын айтты.
Өзінің бүкіл ғұмырында М.Шоқай Қазақстанның алып тәуелсіздігі туралы армандап өтті.Оның арманының орындалғаны туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев басшылық жасайтын тәуелсіз еліміздің қоғамдық демократияда және халқының жағдайының жақсаруында жеткен жетістіктері куә болады. Франциядағы ҚР жолдауымен құрылған қазақ-француз достастығының «Мұстафа Шоқай» Қауымдастығының төрағасы Яшар Динч Қазақстан басшылығына шет елде тұратын отандастарына көрсеткен қолдауына және жылы қамқорлықтарына алғысын білдірді. Қазақ диаспораларының біздің еліміздің елшілігі арқылы тарихи отанымен жүзеге асып жатқан үнемі байланысы олардың бүгінгі Қазақстанның қалай өмір сүріп және жеткен жетістіктерін түсінуге жақсы көмектеседі.
Қорытынды
ХХ ғасырдың басында күрделі тарихи оқиғаларға белсене қатысқан Мұстафа Шоқайұлы сияқты тұлғаның қайраткерлігіне және еңбегіне әділетті баға беру ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, бүкіл түркі тарихы үшін де қажет. Ешбір қайраткер туған халқына жау да, дұшпан да емес, болмайды да. Сондықтан,Мұстафа Шоқайұлының қасіретті де, қасиетті де қиын тағдыры дәл баға беруді талап етеді.
Тарихты жасайтын халық өзі өмір сүрген қоғамға дер кезінде баға беріп, сол заманға байланысты жаңаша ойлар тудыратын-тарихи тұлғалар.Әр дәуірдің тарихи тұлғаларының тууына себеп сол дәуірдің қоғамдық қажеттіліктері, осы қажеттіліктерден кемел тарихи құбылыс туындайды. Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы да сондай құбылыс болып табылады. Мұстафа Шоқайұлының бұл идеяны жүзеге асырудағы негізгі мақсаты-Түрік халықтарын біріктіріп, тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру болды.
Қазақ тарихында, мәдениеті мен әдебиетінде «ақтаңдақтардың» ашылуы, тарихқа бір топ талантты зерттеуші ғалымдардың мұрасының қосылуы ғылыми зерттеулер бағытын да толықтыра түскені мәлім.Оның ішінде шоқайтануда іргелі жұмыстар атқарылуда.
М.Шоқайұлы жөнінде арнайы еңбектер жазудағы мақсат-туған халқының мүддесі үшін тар жол, тайғақ кешуден өткен М.Шоқайұлының шынайы бейнесін көрсету, әділ бағасын беру, орынсыз жаладан арашалау, ол туралы шындықтың анығын, ақиқатын халыққа жеткізу парызымыз болып табылады.
ҚР Ұлттық кітапханасы еліміздегі жазба мұралардың барша орманның емін-еркін пайдалануына мүмкіндік беретін мемлекеттік кітап сақтаушы және мәдени мекеме ретінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсене араласуда.
ҚР ҰК-сы әлем кітапханалары мен мұрағаттарына жүргізген екі айлық ғылыми іздестіру экспедициясының жұмысын үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде аяқтаған болатын.Экспедицияның міндеті-Қазақстан мен Орталық Азия аймағы үшін тарихи-мәдени құнды болып табылатын жазба ескерткіштерді анықтап, жинастыру еді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ҚР ҰК қорының «Прометей» , «Йени Түркістан» мерзімді басылымдарының көшірмесін алуға , «Яш Түркістан» журналын толықтыруға және М.Шоқайұлының сөйлеген сөздері мен құжаттық жазбаларының көшірмелерімен толыға түсуіне жол ашты.
Баға жетпес құнды дерек көздер мен әкелінген құжаттардың көшірмелері шоқайтануды зерттеуге жаңа серпін бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.Шоқай Таңдамалы.Бірінші том.Алматы,1918.
2.Есмағанбетов К.Тәуелсіздіктің таңшолпаны// Егемен Қазақстан.2007.-9 қаңтар.-6-б.
3.Қойгелдиев М.Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай// Егемен Қазақстан.1997.-1 ақпан.-1,3-б.
4.Назарбаев Н. Тарих толқынында.-Алматы.Атамұра,-1998.-237б.
5.Шілдебай С. Мұстафа Шоқайұлы// Ақ желкен.-1999.-13-4.-19-б.
6.Ахметова Ж. Мұстафа Шоқай// Қазақ тарихы.-2004.-32.-119-121б.
7.М.Шоқай.Таңдамалы.2том.Алматы.1998
8.Алдабек Н. М.Шоқай.Халықаралық саясат,сарапшысы.Қазақ тарихы.2005Х3.54-57б.
9.Кыдыргали Д. «Мұстафа кімнің қолынан ажал құшты?» Жас Алаш.№155.2003 ж. 27 желтоқсан.
10.Досжан Д. «Сүргін» М.Шоқай туралы.Қазақ тарихы.2004 №22 20-23 б.
11.Е.Руденко «Казахстанская Правда», 11.02.08

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген