Материалдар / Ғылыми жоба: «Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші- Асық ата кесенесі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба: «Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші- Асық ата кесенесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба: «Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші- Асық ата кесенесі» Бұл баяндама Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген «Туған жер» бағдарламасының аясында атқарылып жатқан іс-шаралар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
719
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

МАҚТААРАЛ АГРАРЛЫҚ колледжі





Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші- Асық ата кесенесі»















Бағыты: «Тарихи орындар»

Секциясы: Қазақстан тарихы

Орындаған: Жумалиева Зарина Тг-20-2

Жетекшісі: Шампиева Гульнар тарих пәні мұғалімі

Жұмыстың орындалу уақыты: 2020-2021жж



2021 жыл



МАЗМҰНЫ



АННОТАЦИЯ ................................................................................................

3

КІРІСПЕ ..........................................................................................................

4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ............................................................................................


6


I тарау. Мырзашөлдегі туризмнің даму мүмкіндіктері .....................

6


II тарау. Мырзашөл өңіріндегі ерекше ескерткіштер .....................

11


IІІ тарау. Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіш – Асық ата кесенесі ....................................................................................................



23

ҚОРЫТЫНДЫ .........................................................................................

27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................

29







ТҮЙІН

Бұл ғылыми жобада Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесі туралы көрсетілген.

Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде нақты жұмыстың қысқаша мазмұны нақты көрсетілген.

Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Жұмыстың мақсаты Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесімен танысу.

АННОТАЦИЯ

В научной работе расматриваются о туристических направлениях с историческими памятками Мырзашол и перспективами развития.

Работа состоит из вводной, основной, заключительной части и списка использованной литературы. Во воедений дается краткая информация о целях и задачах, актуальности и значении научной работы.

Основная часть состоит из трех разделов. Целью работы является ознакомление с туристическими направлениями с историческими памятками Мырзашол и перспективами развития.

ABSTRACT

This creative project tells about the historical monuments of Myrzashol and the travel destination with the future development.

The work consists of the introduction, the main section, the conclusion and the list of used literature. In the introduction, the summary of the specific work is clearly outlined.

The main section consists of three chapters. The purpose of the work is to get acquainted with the historical monuments of Myrzashol and the routes of the future development.



Кіріспе

Қазақстан тарихы пәнінде «Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесі» тақырыбы ерекше орын алады. Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесімен білім алушыларды таныстыру, білім алушылардың бойындағы тарихи ескерткіштерге деген білімі мен дағдысын қалыптастыруға көмек береді.

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Осыған орай Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесі туралы сөз қозғамақпыз. Келешектің кез келген маманы мәліметтерін өз жұмысында тиімді пайдаланғысы келсе, онда ол өз саласы бойынша алға қойылатын проблемаларды тұжырымдай алуы тиіс.

Біз «Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесі» тақырыбын Қазақстан тарихы пәнінде оқытуды жолдары мен мазмұны туралы ой бөлісеміз. Қазіргі таңда, әдеттегідей, оқушылар үшін мектептегі оқулықтар мен басқа да оқу құралдарындағы күрделілігі білім алушылар санасына тарихи ескерткіштер туралы білуге қиындықтар тудырады.

Бұл жұмыста білім алушы Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесіне тоқталған. Білім алушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің егіздерге аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер жинап, оларға сипаттама берген. Бұл берілген жұмысты Қазақстан тарихы пәнінен қосымша сабақтарда білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.

Жобаның мақсаты: Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесінің өзіндік ерекшелігін анықтау және олармен танысу. Танысу барысында олардың айырмашылықтарына баса назар аудару.

Жобаның міндеттері:

  • Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесінің Қазақстан тарихы пәнінде және біздің өмірімізден алатын орнын анықтау.

  • Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесін толықтай дерлік қарастыру.

  • Қосымша мағлұмат қарастыру.

Жобаның нәтижесі:

Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесімен танысу барысында нәтижеге жету үшін:

  • Біріншіден, Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесін зерттей келе, оның өмірде пайдалану жолдарын қарастыру;

  • Екіншіден, Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесін танып білуді білім алушы өз бойына дарыта білуі қажет.



Күтілетін нәтиже:

- Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады; 

- Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесінің қазіргі кездегі күйі мен болашағы туралы түсінік; 

- Білім алушылар Мырзашөл өңіріндегі көне ескерткіші – Асық ата кесенесіне бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасайды.



Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

  • Эмпирикалық

  • Теориялық

  • Математикалық





Негізгі бөлім.

І тарау. Мырзашөлдегі туризмнің даму мүмкіндіктері

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік саясаттың негізіне айналаған «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында жан-жақты іс- шаралар қолға алынып, жүзеге асуда. Солардың қатарында тарихи-мәдени ескерткіштердің алатын орны ерекше. Міне осындай тарихы сырға толы қасиетті мекеннің бірі Мырзашөл өңірі.

Мырзашөл – Сырдария өзенінің сол жағасындағы жазық алқап. Түркістан облысының Өзбекстанмен шекаралас орналасқан. Ауданы 10 мың шамамен шаршы шқырымды құрайды. Еліміздің оңтүстік өңіріндегі кең алқап – Мырзашөл өңірінің тарих және мәдениет ескерткіштері мен қасиетті орындарын зерттеу мәселесі қашанда өзекті.

Бұл өңірде «Сырдария» университетінің бастамасымен 2004 жылдан бастап бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, археологиялық барлау, қазба жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік саясаттың негізіне айналаған «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында жан-жақты іс-шаралар қолға алынып, жүзеге асуда. Қазақ халқына ежелден белгілі, еліміздің оңтүстік шығысындағы бұл тарихи-географиялық өлкеге берілген анықтамада: « Мырзашөл – Сырдария өзенінің сол жағасындағы құмды жазық. Өзбекстандағы Сырдария, Оңтүстік Қазақстанның облысы жерінде. Ауданы 10 мың км2 Солтүстік, солтүстік – батысында (оңтүстік, оңтүстік-шығысында – М.Е.) Қызылқұмға жалғасады» – деп жазылған. Осыған орай, еліміздің оңтүстік өңіріндегі кең алқап – Мырзашөл өңірінің тарих және мәдениет ескерткіштері мен қасиетті орындарын зерттеу мәселесі өзекті болып тұр.

2018 жылғы зерттеудің басқа жылдармен салыстырғандағы жаңа бағыты – бұл маусымда Мырзашөл өңірі саналатын Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарындағы археологиялық ескерткіштер мен қасиетті орындар тізімге алынып, суретке түсіріліп барлау жұмыстары жүргізілді. Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарындары бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне» енген жалпыұлттық және өңірлік деңгейдегі тарихи-мәдени нысандарды қорғау, пайдалану және көпшілікке насихаттау мақсатында барлау, тізімге алу және виртуалды картасын даяндау шараларын ұйымдастыру.

Қазақ халқына ежелден белгілі, еліміздің оңтүстік шығысындағы бұл тарихи-географиялық өлкеге берілген анықтамада: « Мырзашөл – Сырдария өзенінің сол жағасындағы құмды жазық. Өзбекстандағы Сырдария, Оңтүстік Қазақстанның облысы жерінде. Ауданы 10 мың км2 Солтүстік, солтүстік –батысында (оңтүстік, оңтүстік-шығысында – М.Е.) Қызылқұмғажалғасады» – деп жазылған. Бүгінгі күнде бұл аудандар территориясындағы қалалар мен елді мекендердің пайда болуын, дамуын, олардың тарихи-топографиялық құрылымын, қалыптасу кезеңдерін және мәдениетін зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Себебі, Оңтүстік Қазақстан облысында археологиялық зерттеулер аз жүргізілген аймақ – Мақтаарал мен Шардара ауданы болып табылады. Сондай-ақ, Шардара су қоймасы аймағында орналасқан, ортағасырлардан сыр шертетін, өзіндік тарихы бар қалалар мен елді мекендер су шайып бұзылып жатыр және бірнеше археологиялық ескерткіш су қойманың астында қалған. Осы өңірлерде жүргізілген алғашқы зерттеу жұмыстары Мырзашөлдің зерттелу тарихына қатысты алғашқы дерек П.И. Лерхте кездеседі. 1867 жылы Сырдарияны төменгі, орта ағыстарындағы ортағасырлық қалаларымен танысқан ол Түркістан, Шымкент, Ташкент арқылы Жызаққа өткен. Жызақтан шығып Жаңақорғанға (Яны-Курган) барар жолда ол Жыланоты (Джилан-Уты) шатқалындағы биік жартастағы екі жазудың көшірмесін түсіріп, олардың парсы тілінде 1424-1425 және 1571-1572 жж. жазылғанын анықтаған.

1869-1870 жж. Мырзашөлдің (Голодная степь) топографиялық түсірісін жасаған бас штабтың офицері, Барон Аминов зерттеу барысында отырықшы өркениеттің қалдықтарын олардың суландыру жүйелеріне қатысты деректер тапқан, ал Н.А. Иванов Сырдариядан Бұхараға дейін қазылған ежелгі арықтың ескі арнасы бар екенін анықтаған. 1884 жылы географ А.П. Федченко Сырдарияның сол жағалауының суландыру жүйесі туралы жазып, Шардара, Сүткент, Байырқұм қалалар тобын атап өткен. Д.И. Эварницкийдің 1893 ж. баспадан шыққан Бакуден Ташкентке дейінгі Орта Азия бойынша жолсерік кітабында Мырзашөлдің сардобалары туралы деректер берілген. Е. СмирновтыңСырдарияның орта және төменгі ағыстарында зерттеу жүргізген Е.Смирнов Мырзашөл (Голодная степь) туралы Түркестанские ведомости газетінде жарияланған мақаласынан көруге болады. Д.И. Эварницкийдің 1893 ж. баспалдан шыққан Бакуден Ташкентке дейінгі Орта Азия бойынша жолсерік кітабында Мырзашөлдің сардобалары туралы деректер берілген. 1899 ж. археологияны ұнатушылардың Түркістан үйірмесінің мүшесі Н.В. Руднев Сырдариның сол жағасындағы Шардара бекінісінен бастап Түркістанның тұсындағы Үшқайық (Уч-куюк) өткеліне дейінгі аралықта зерттеп 11 ежелгі қалалардың орнын кездестірген, олардың қатарындағы Кеты, Ұзыната, Сүткент, Байырқұм Шардараға жақын орналасқан. 1914 ж. В.Ф. Караваев құрастырған «Голодная степь в ее прошлом и настоящем» атты еңбекте Мырзашөлде осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ашылып, есепке алынған суландыру жүйесінің каналдары, сардобалары көрсетілген.

В.В.Бартольд осы еңбекке жазған пікірінде онда көрсетілген Орынбай мырза (Урумбай Мирза) каналының бағытына сын көзбен қарап оның басталған және аяқталған жеріне күдік келтірген, бірақ ол жөнінде өзі нақты пікір, ұсыныс жазбаған.

1947 ж. Материалдық мәдениет тарихы институты Ленинград бөлімшесінің қатысуымен Қазақ ССР Ғылым академиясы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Экспедицияны 1947-1951 жж. аралығында А.Н. Бернштам басқарды. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 1949 ж. Шардара өңіріндегі Сүткент қаласында екі стратиграфиялық қазба жүргізді. Сүткент ауылынан 2,5 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан қалашықтағы бірінші қазба шахристанның оңтүстік-шығыс жағында, екінші қазба цитадельде жүргізілді. Осы жылы экспедиция Көксу ауылынан 1 км оңтүстікте орналасқан Көксутөбе елді мекенін ашып, зерттеу жүргізді. Экспедиция Шардара өңірінде 1951 ж. дейін зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Соның барысында экспедиция 1950 ж. Сейіттөбе, Байырқұм қалаларында болып, Шардара елді мекенін ашып, оның тарихи-топографиялық құрылымын анықтады. 1951 ж. Экспедиция (А.Н. Бернштам, Г.И. Пацевич) Ақтөбе (Ұзыната), Байырқұм қалалары және Сүткент елді мекенінде зерттеу жұмыстарын жүргізді, ал Е.И. Агеева және Г.И. Пацевич Ақтөбе 1 қаласының схемалық жоспарын қысқаша суреттеп, табылған заттардың негізінде оны ІХ-ХІ ғғ. жататындығын дәлелдеді.

1958 ж. Сырдарияның сол жағасымен Асықата өткелінен Ұзыната аралығында археологиялық барлау жүргізген П.А. Гомолицкий бірқатар ескерткіштерді көріп, есепке алған, олардың қатарында құмның жиегінде орналасқан көне қамалдың орнын көрсеткен, осы ескерткіш Ақтөбе 1 қаласы болса керек.

Т.К. Басеновтың 1959 ж. жарияланған «VII-XII ғасырлардағы Қазақстан архитектурасы » атты мақаласында Мырзашөлдегі Мырза Рабад және Якка сардоболары туралы: «Сардобалар, демек құдық үстіне салынған құрылыстар... Сардобалар архитектурасында ярусты күмбез стилі жаслаған мұның мұндай күмбезбен үлкен кеңістікті жабуға мүмкіндік береді » –деп олардың ерекшелігін көрсеткен. Шардара ауданы Түркістан облысы аумағын тіліп өтетін көне Сырдың оң жағалауынан бастап сол жағасында, сары дала Қызылқұмды жайыла орналасқан бірден-бір өлке болып табылады. Қазақстанның оңтүстігіндегі қақпа іспеттес Шардара аумағының тарихы тереңде жатыр. Бізде қазір бұл өңір Шардара деп нақтылы қай дәуірде, қай ғасырда аталғаны туралы мәліметтер жоқ. ХІХ ғасырдың орта тұсындадағы бірқатар жазбаларында Шыназдың төменгі жағында 70 шақырымдай жерде Сырдарияның оң жағалауында Шардара деп аталатын қамал болғандығы айтылады.

Атап айтар болсақ, Шардара жерінің тарихи мұралары десе бірден еске түсетін баға жетпес Жаушықұм, Төребай тұмсық, Жамантоғай қорымдары, орта ғасырларда мәдениет пен сауданың ошағы Сүткент, Ұзын ата, Сейт төбе, Көксутөбе, Ақтөбе 1,2 қалашықтары, Шардара елді мекенінің орындары, қайталанбас ескі архитектуралық нышан Ұзын ата мазары. Аталған ескеркіштердің барлығы дерлік өткен ғасырдың 50-60 жылдары зерттелумен шектелген. Алайда осы аймақтағы тарихымыздан сыр шертетін, мәдениетімізді көрінісі саналатын көне археологиялық, мәдениет ескерткіштеріне бүгінгі таңда аз да болса көңіл бөлінуде ме? Оларды еске алып, зерттелуіне мән беретін жергілікті құзырлы орындар немесе арнайы мамандар бар ма?

Шардара өлкесіндегі көне археологиялық ескерткіштердің зерттелуіне қысқаша тоқталып кетер болсақ, 1900 жылы орыс зерттеуші-саяхатшысы Н.В. Руднев Сырдарияның сол жағалауында жүріп өткен барлау жұмыстары нәтижесінде Байырқұм, Сүткент т.б. ескерткіштер туралы мәліметтер берген еді. Шардара жеріндегі одан кейінгі арнайы зерттеу жұмыстары белгілі археолог ғалымдар А.Н. Бернштам мен Г.И. Пацевичтің қайраткерлігімен жалғасты. 1950-51 жылдары олар Шардара елді мекенін, Байырқұм, Сүткент, Сейт төбе, Ұзыната қалашықтарын зерттеп, жобасын қағазға түсірді. Аталған орта ғасырлық ескерткіштер есепке алынып, тарихи-топографиялық құрылымдары анықталғанымен, арнайы қазба-зерттеу жұмыстары мүлде жүргізілмеген.

Шардара алқабындағы археологиялық ескерткіштердегі жаңа қарқындағы зерттеу жұмыстары 1959-63 жылдары Шардара су қоймасының салынуымен байланысты болды. Орыс ғалымдары Максимова, Мерщиев, Вайнберг, Левина қола, ерте темір дәуірі мен ерте орта ғасырларда тұрғызылған Жаушықұм, Ақтөбе, Төребай тұмсық, Жамантоғай секілді қорымдарды, Ақтөбе 1,2, Жаушықұмтөбе қалашықтарын ашып зерттеген еді. Су астында қалған бұл мұралар туралы сол жылдары жоғарыда аталған ғалымдардың бірлескен «Ежелгі Шардара» атты баға жетпес еңбектері жарыққа шықты. Зерттелген қорымдар туралы ғалымдар ертеде бұл жерлерде мекен еткен тайпалар жөнінде көңілге қонымды деректер береді. Сонау көне дәуірден ескерткіштерді ғұн, қаңлы тайпалыры мекен еткендігін атап өткен. Қазіргі тарих-археология ғылымында әлі де шешімін толықтай таппаған бұл мәселелер ескерткіштердің зерттелмеуі нәтижесінде сол күйінде қалып отыр. Егер әки, көне мұраларымызда кешенді зерттеулер жүргізетін болсақ, теңдессіз жаңалықтарың ашылмауына кім кепіл? Бұл жер тарихын зерттеу арқылы ашылған жаңалықтар, шартарапқа атақты ел мақтанышына айналар ма еді? Бұған дейінгі, ауданымызбен шектес аймақтарда, тарихтағы жетіжар, қауыншы, арыс мәдениеттері, атақты ашылымдар «Есік Алтын адамы» секілді әлемдік ғылыми жаңалықтар түпкілікті қажырлы еңбектің, тыңғылықты зерттеулердің арқасында белгілі болды.

2009 жылы Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің археолог-ғалымы Д. Тәлеев Сүткент қалашығының орталық бөлігінде барлау қазбасын жүргізді. Дегенмен бұл жұмыстар да кешенді зерттеу деуге келмейді. Сүткент қалашығы Ұлы жібек жолы бойындағы Сырдарияның сол жағалауындағы көлемі мен маңыздылығы жағынан ерекше, бірегей ескерткіш. Бұл дегеніміз Сүткент ерте кезеңнен мәдениет пен өркениеттің ошағы болғандығының айғағы. Әлі де болса қала қай кезеңнен толықтай өмір сүруін бастағандығы ғылымда белгісіз. Біршама ғалымдар, қалашықтың оғыз тайпаларымен байланыстырады. Демек, Сүткент түркі әлемі тарихының бір бөлшегі ретінде мақтанышымызға айналары сөзсіз. 2009, 2010 жылдары Сырдария университетінің бастамасымен белгілі археолог, т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуов Шардара су қоймасы шайып жатқан Мақтарал ауданы территориясындағы Үтіртөбе қалашығында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп құнды материалдар алды.

Мырзашөл аумағында бүгінгі таңға дейінгі зерттеулер нәтижесінде 13 ортағасырлық қала, елдімекендермен қатар бірнеше көне қорымдар тобы, архитектуралық ескерткіш қатарына жататын мазар анықталып отыр. Алайда бұл мәліметтер кезінде орыс ғалымдарының зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде анықталғандары ғана. Бүгінгі күні белгісіз тағы да ескерткіштерді анықтау мақсатында барлау жұмыстары жүргізілуі қажет деп ойлаймын. Соның нәтижесінде әлі де белгісіз тарихи ескерткіштердің табылуы мүмкін. Оларды арнайы есепке алып сақтап қорғауға тиіспіз. Онсыз да Шардара аумағы өткен ғасырдың ортасынан бастап Оңтүстік Қазақстан территориясындағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудандардың біріне айналған болатын. Егістік алқаптарының салынуы нәтижесінде ескеркіштердің көпшілік бөлігі мүлдем жойылып кетті. Онымен қоса стратегиялық нысан есептелетін «Шардара су қоймасының» астында бірнеше қала мен көптеген көне қорымдардың қалғандағы белгілі. Табиғи-экологиялық апаттан бөлек, төбелердің көбісінің үстінде қазіргі заманғы зираттар тұрғызылған. Осы күндері кездейсоқ немесе қазіргі кезде зират құрылыстарын салу барысында табылған ескі тарихи заттар орталықтанған жерге өткізілмейді, далада су не мал аяғы астында бұзылып жатады. Осы мәселерді қарапайым халық та ұғынуы тиіс, ол жерлерде бұрынғы елді мекендер мен қала орындары болған.


<
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!