Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Найзағайдың тылсым күштері" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№13 Жалпы білім беретін орта мектеп» ККМ

Қарағанды қаласы






Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Найзағайдың тылсым күштері»



Ғылыми бағыты: Биология-химия



Дайындаған:Башаева Айзере Шалқарқызы

13 ЖББОМ

2 Ә сынып




Жетекшісі:Ташимова Қарлыға Амангелдіқызы

Бастауыш сынып мұғалімі





Орындалған уақыты 2018 жыл

Жетекшінің пікірі


Башаева Айзере қоршаған ортаны танып білуге өте құштар.Ол табиғаттағы түрлі құбылыстар,өсімдіктер мен жануарлар,таулар мен өзендер,олардың пайдасы және табиғат құбылыстарын білу үшін қызығушылықпен ізденіс жасайды.Өзінің шағын ізденіс жұмысын найзағайдың тылсым күштері жайлы,қалай жарқырайды,не себептен жарқылдайды және найзағайдың түрлері ткралы мәліметтер жинаудан бастады.Оқушы «Найзағайдың тылсым күштері» тақырыбында жүйелі ізденіс жұмыстарын жүргізіп,болашшаққа арнап арналған нақты жоспар құрып отыр.Осындай шығармашылық ізденіс жұмыстары арқылы бұл оқушыдан болашақта үлкен үміт күтуге болады.





















Мазмұны

1.Кіріспе бөлімі

Найзағай

2.Негізгі бөлім

а) Найзағайдың түрлері

б) Найзағайдың тылсым күштері

в) Найзағайдан сақтану жолдары

3.Қорытынды бөлімі




















Аннотация

Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. 


Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс.

Найзағай – өте қауіпті.Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең.Орын ауыстыру жылдамдығы өте жоғары және жылдам.

Найзағай түскенде ағаш жаныпта кетуі мүмкін.Найзағайдың адамға түсіуі –өлімге әкеп соғады.Жыл сайын жер бетінде найзағайдан 3000 адам қайтыс болады екен.Найзағай бірінші биік затқа түседі.



























Кіріспе бөлімі


Жаз уақытында болатын табиғат құбылыстарының бірі – найзағай. Найзағайдың тылсым қасиеттерi бар екенiн бұрыннан бiлген. Ежелгi грек мифологиясында найзағай Құдайдың құдiреттi қамшысы ретiнде суреттеледi. Одан берi сан ғасыр өтiп, адам баласы найзағайды “бағындырып”, жайтартқыш жасап шығарғанына қарамастан, бұл құбылыстың ашылмаған құпиясы әлi де көп. Найзағайдан өлген адам саны да жылдан‑жылға артып келедi. Жарқ‑жұрқ ойнаған найзағайдың адамды соғып кету ықтималдығы өте болмашы. Ғылым әлi күнге дейiн осы құбылысты түсiндiре алмай келедi. Бұл – найзағай адамды соққан кезде немесе оның жанына түскенде адам денесiне қоршаған айналаның фотографиялық суретi басылып қалатын құбылыс.

Найзағай электр тогының таралуы тәрiздi физикалық заңдарға бағынатыны рас. Оның электр зарядтарынан тұратыны да белгiлi. Алайда найзағайдың ғылым заңдарына сәйкес келе бермейтiн тылсым қасиеттерi көп‑ақ. Мәселен, найзағай өзi түскен адамның сырт киiмiне тимей, iш киiмiн ғана өртеп жiберуi мүмкiн. Оның адамның бiр тал шашын қалдырмай күйдiрiп тас­таған кезi де бар. Ендi бiрде найзағай адам қолындағы металл заттардың быт-шытын шығарғанымен, оны ұстаған адамға еш әсер етпеуi ықтимал. Тағы бiр қызық құбылыс, найзағай әмияндағы қағаз ақшаны өртемей, оның жанында жатқан тиындарды бiрiктiрiп, күмiс тиынды алтынға, алтынды күмiске айналдыра алады. Ол бойжеткеннiң мойнындағы алқаны бойтұмарымен қоса жоқ қылып жiберiп, оның иесiнiң мойнында көпке дейiн кетпейтiн таңба-iзiн қалдыра алады. Найзағайдың адамды өлтiруi де әртүрлi. Ағаштың түбiнде жауыннан тығылып, найзағай ұрып кеткен адамның денесiнде сол ағаштың iзi қалған жағдайлар аз емес. Тағы бiр мысал. Ағаштың қалқасына жасырынған бiр топ адамды найзағай өлiмшi етсе де, олар тап бiр тасмүсiнге айналғандай қыбыр етпес­тен отыра берген. Бұларды тiрiге санаған адам әлгiлердi түртiп қалғанда, олардың денесi үгiтiлiп түскен. Найзағай адамды басынан аяғына дейiн балталағандай денесiн теңдей екi бөлiкке бөлiп тастауы да ықтимал. Ендi бiрде адамға тимей‑ақ оның киiмiн жыртып немесе өртеп жiбередi. Найзағай бiр түскен жерiне қайта‑қайта түсе беретiн мысалдар жетерлiк. Мұны геологиялық, климаттық өзгешелiктермен түсiндiруге болады. Мәселен, Угандадағы Тороро елдiмекенiнде жылдың 251 күнiнде найзағай ойнайды. Ал бiрақ найзағайдың бiр адамға немесе бiр оқиғаға байланып қалуын қалай түсiндiруге болады? Найзағай бiреудi бiр ұрғаннан жазым етсе, қайсыбiреулердiң соңынан өмiр бойы қалмайтыны тағы бар. Бұрынғы автотұрақ қызметкерi, америкалық Рой Салливанға найзағай жетi мәрте түскен. 1942 жылы жайдың оты оның башпайын күй­дiрiп жiберсе, 1969 жылдың шiлде­сiн­де қасын сыпырып түсiрген. Тағы бiр жылдан кейiн тиген найзағай оның иығын күйдiрсе, 1973 жылы аяғын, 1976 жылы тобығын, 1977 жылы кеудесiн күйдiрiп жiбе­рiп­тi. Бұған төзбеген Р.Салливан 1983 жылы өзiне-өзi қол жұмсайды. Ал болгарлық Марта Маикияның басында болған оқиға тiптi таң­ғаларлық. 1935 жылы Болгарияға саяхаттап барған американдық турист Рандольф Истман жауын астында қалыпты. Найзағай ойнап, күн күркiреп, дауыл тұрған соң ол жақын маңдағы М.Маикияның үйiне сұранып кiредi. “Дауыл бiткенше үйiңiздi паналайын” деген американдық бiр аптадан кейiн үйдiң иесiне үйленедi. Алайда арада екi ай өтер-өтпестен Р.Истман жайдың отынан қаза табады. Бiраз уақыттан кейiн Маикия Шарль Морто есiмдi французға күйеуге тиедi. Екi жас Испанияға саяхаттап барғанда Маикияның екiншi күйеуiн де найзағай соғып, денесiн екiге бөлiп жiбередi. Әбден күйзелген Маикия Софияға қайтып оралып, депрессиядан емделiптi. Артынша өзiн емдеген немiс дәрiгерiне тұрмысқа шыққан. Көп ұзамай бұл күйеуiне де найзағай түсiп, ол тiл тартпастан бақилық болды.























Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті (кернеулігі 1 Мв/м) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек.  

Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.

Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі. 




Техника ғылымдарының докторы, найзағай жөнiндегi маман Эд­уард Базелянның айтуынша, найзағай ойнаған кезде еш уақытта биiк ғимараттар мен ағаштардың қалқасына тығылмау керек. Себебi найзағай көбiне‑көп биiк ғимараттар мен ағаштарға түседi. Сондай‑ақ найзағай кезiнде қолшатыр немесе қармақ ұстаған да қауiптi. Қалтадан металл заттарды түгел шығарып тас­таған жөн. Ең маңыздысы, найзағай ойнағанда ұялы телефонды қолданбаған жөн. Телефоннан шығатын электр заряды найзағайды өзiне тартып алатын көрiнедi.



Picture 1



Picture 2


Picture 5


Рисунок 5


Негізгі бөлім

Найзағай электр зарядтарының таралу заңдылықтарына бағынады, бірақ бұл жерден ауытқыйтын кездері де көп.Ол электр зарядынан туатыны да рас,дегенмен адамзат электр заряды дегеннің не екенін әлі түсінбеген немесе оның бойында тек электр заряды емес,басқада қасиеттер бар.

Мысалы:Жылына миллионға жуық найзағай түсетін Францияда ондаған адам мен 10 000 жан-жануар табиғаттың тосын шабуылының құрбаны болады.Мәселен бір жағыдайда найзағай ажамның сырт киімдеріне тиіспей,ішкі киімдерін жандырып жіберген.Адамның өзіне ешқандай зиян келтірместен қолындағы металдан жасалған заттарды алыс жерге лақтырып жіберген.Ал, қолында тұрған қағаз ақшаға ештеңе болмаған.

Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидаррадио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.



  • Найзағай- бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.







  • Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз.

  • Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоциклвелосипедмұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және20-30 м алыс тұрыңыз.

  • Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз




Найзағай туралы қызықты мәліметтер

Жыл сайын жер бетінде 44 мыңға жуық найзағай жарқылдайды, яғни шамамен сағатына 2 мың найзағай, және әр секунд сайын Жер бетінің әр аймағындағы тұрғындар шамамен 100 найзағайды көреді. Найзағай көбіне күннің екінші жартысында — 13 пен 24 сағат аралығында орын алады; 15 пен 18 сағат арасында ең аз жарқылдайтыны байқалған. Найзағайдың ұзақтығы шамамен бір сағат. Алайда тропиктерде және Кавказ тауларында олар кейде 12-13 сағатқа дейін созылады.

Ең көп найзағайлы күндер – жылына 220 рет – Ява аралында (Индонезия) орын алған, ал Бейтензорга қаласында тіпті 322 күн бойы найзағай жарқылдаған. Санта-Мария (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында найзағайлы ауа-райы екі жылда бір рет болғаны болмаса, өте сирек. Ал Мысырда екі жүз жылда бір рет қана болуы мүмкін.

Найзағай қандай ағаштарға құмар? Мүлде найзағай түспейтін, не анда-санда ғана түсетін ағаштардың түрлері болады. Сонымен қатар, үнемі найзағай түсетін ағаштардың да түрлері бары белгілі. Ағашқа найзағайдың түсуі ағаштың қабығындағы сызықтарының ұзындығымен түсіндіріледі. Әсіресе, мұндай сызықтар емен ағаштарында көп кездеседі. Биік ағаштар – найзағайдың нағыз нысаны. Жалғыз тұрған ағашты ешқашан найзағай айналып өтпейді. Мұндай ағаштардың жалғыз тұрғандықтан, өзгеден соры басым. Әйткенмен кейде топ болып тұрған ағаштарға да найзағай жиі түседі. Құрғақ ағаштар найзағай түскеннен соң, тез жанады. Адамдар бұрыннан бері ағаштардың ішінде еменге үнемі найзағайдың түсетіндігінен хабардар. Ежелгі славян халқы еменді «Перун ағашы» деп атаған. Бұл атау Перун Құдайдың атымен аталса керек. Ғалымдар мұны еменнің тамырының тым тереңде орналасқандығымен түсіндіреді. Еменнің жерге берік орналасқан тамырлары мықты болып келеді. Мықты тамырлар жердің сулы қабатына оңай жетеді. Сондықтан еменді "жай тартқыш ағаш" деп атайды. Статистикалық ақпараттарға сүйенсек, найзағайдың түсуінен ашық далада өстетін емендер мен теректер көбірек зардап шегеді екен. Сонымен қатар, найзағайдың шыршалар мен қарағайларда да «жұмысы жоқ» емес. Әйткенмен жаңғақты үйеңкі ағаштарына найзағай аса жолай қоймайды. Найзағайдың 100 ұруынан шамамен мынанша ағаш зардап шеге алады: емен – 54,  терек – 24, шырша – 10, қарағай – 6, бүк ағашы – 3,  жөке ағашы – 2, акация - 1. Әйткенмен кез келген ағашты найзағай ұру қаупі барын естен шығармау керек. Жай күнгі ауа райының қуатталуы оң болса, жердікі (ондағы өсімдіктермен қосқанда) керісінше. Өсімдіктер өздерінің құрылымдарына сай түрлі электр өткізгіштікке ие болады. Еменнің осалдығы болса да, оның қылқан жапырақты ағаштар және теректермен салыстырғанда тамыры тереңге кетеді. Ағаштардың құрылымы мен тамырларының тереңге кетуіне байланысты, найзағай да ағаш таңдайтын көрінеді. Ағаш діңін жарып шығып жататын сулар кейде ыстық ауа райының әсерінен буға айналады. Осы арқылы найзағай шақырады. Келер маусымда жарасы жазылып, тек тік сызығы ғана қалады. Ал егер найзағайдың түсуі салмақты болса, ол ағаштың өмірін ұзарта қоймайды. Найзағай түскен ағашатардың ішкі жұмысы бұрынғысына қарағанда нашарлай береді. Ағаштар өздеріне найзағайды тарту арқылы өзі көлеңке етіп тұрған үйді не адамды көп жағдайда қорғап қала алмайды. Ғимараттың қасынан отырғызылған ағаштар найзағайды тез аулай алады. Найзағай ұрған ағаштан музыкалық аспап жасауға болады. Мұндай музыкалық аспаптардың өзіндік ерекшелігі де жоқ емес.



Найзағай кезінде не істеу керек?


Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет.Егер күн бұзылады деп болжаса, демалысты кейінгі қалдыруға тура келеді.Егер найзағай болатынын сезсең ,онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықта.

Егер дыбыс кешігуі жиеленсе ,онда найзағай сирейді.Ал егер дыбыс азайса, онда найзағай жақындап келе жатқандығы.Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті.







Қорытынды

Найзағай кезінде жылдам жүруге, жүгіруге немесе қасқайып тұруға, ағаштың астына жасырынуға болмайды. Дұрысы тізе бүгіп, ойыстау жерге отыру қажет. Жерге жатуға әбден болмайды. Егер жерге соққан найзағай жаныңызда болса, оның жермен тараған заряды сіздің денеңізбен өтуі де мүмкін. Қолшатырды да ашпаңыз, өйткені оның металлдан жасалған бөліктері антенна қызметін атқаруы мүмкін.

Жақындап келе жатқан найзағайды көрсеңіз электрберу желілерінен, жалғыз биік ағаштардан, әсіресе емен мен теректерден алыс тұрыңыз.Өйткені найзағай емендерге жиі, ал терек, шырша, қарағайға сирек, қайың, үйеңкі, жөке ағаштарына өте сирек түседі.

Егер найзағайды өзен немесе теңіз жағасында кезіктірсеңіз, тезірек судан шығып, жағажайдан кетіңіз. Есіңізде болсын су токты өте жақсы өткізеді.Сондықтан найзағай бірнеше шақырым қашықтықта су ағысына келіп түссе, әп-сәтте айрықша рахатты сүйетіндерге (найзағай кезінде шомылатындарды) де жетіп қалуы мүмкін. Тент немесе күн сәулесінен қорғайтын шатырлар астында қалмаған жөн, дұрысы мүмкіндігінше таяудағы ғимараттарда, автобустарды жасырыну керек. Найзағай кезінде велосипед, мотоцикл сияқты көліктермен жүрудің де қажеті жоқ.

Егер сіз найзағай кезінде  саябақта, үйде болсаңыз, алдымен барлық электраспаптарын өшіріңіз, есік пен терезені мықтап жабыңыз. Тіпті жайтартқыштар да ғимаратты толық қорғауға кепіл бола алмайды. Тура түскен жайдан жай тартқыш қорғай алады, алайда оның қайталама көрінісінен қорғай алмайды. Ол дегеніміз келесідей, жерге немесе қандайда бір объектіге түскен жай радиусы 1500 метр қашықтықта орналасқан әртүрлі ток өткізу қабілеті бар коммуникациялар: электрмен қамту, байланыс, газөткізгіш арқылы электр разрядтары өтуі әбден мүмкін. Бұл электр жүйелеріндегі кернеудің күрт өсуінен тұрмыстық аспаптардың микросхемаларының күюінен бастап, электр жабдығының толығымен істен шығуы сияқты түрлі авариялық жағдайларға әкеп соғады.

Осы қауіпті құбылыстың табиғатын білу, найзағай кезінде өзіңізді дұрыс ұстай алу арқылы төтенше жағдайларға ұрынбай, өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды деген үміттеміз. Найзағайлар сіздің жазғы демалысыңызды бүлдірмесін!






Қолданылған әдебиеттер


1.Омарова К.А «Тылсым күштер »

2.Республикалық «Ойла» балалар журналы №3 2014ж

3.Ғаламтор беттері

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
1819
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12