Материалдар / Ғылыми жоба: Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту.

Ғылыми жоба: Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен жас маман, яғни, балабақша тәрбиешісі болғандықтан көп жағдайда балабақша мен отбасы арасындағы алтын көпірді сақтауға, бірізділікті дәріптеуге күшімді саламын. Осы жолды қолдау барысында тіпті, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу атты дипломдық жұмым қорғадым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоба тақырыбы: Отбасында жалпыадамзаттық

құндылықтарды дамыту


Женисхан Дауиргул

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы

62 «Нұрсәуле» балабақшасы МКҚК

dzheniskhan@gmail.com


Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып,

әсершілділігін дамыту, сезімді тәрбиелеу – баланы қоғамдық

мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық - қасиеттерден

рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық

дегеніміз - адамзатқа қызмет ету”.


С.А.Назарбаева


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары екендігін атап өткім келеді. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Соның нәтижесінде отбасында жалпыадамзаттық құндылықтар өз жалғасын, өз негізін табады. Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға келмейді, ал ұрпаққа деген ықпалы әсерлі, іргетасы берік болу үшін отбасында сақталуы тиіс ең басты құндылық ол әрине – жалпыадамзаттық құндылық болып табылады. Соның нәтижесінде отбасында нағыз ел болашағы, ұрпақ жанашыры, халықтың дара шыңы болар ұрпақ тәрбиеленері сөзсіз. Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!

Жастарды ұлттық нышандағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы. Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі. Көзін ашқаннан көргені мен естігені бала жадында тасқа басқан хаттай жазылып қала беретіні анық. «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деп қазақ текке айтпайды, өйткені бүгінгі – ару, ертеңгі – ана. Әйел-ана – жақсы болса, бір әулеттің шамшырағы, жаман болса қасіреті. Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтар бастау алар бірден-бір тұлға – ана. Қазақтың ұлттық тәрбиесінің айнасындай халықтық педагогика мұралары – тұнып тұрған даналық пен ақылдың кені. Ақылгөй абыз бабаларымыз көз көріп, көңіл қаныққан өмір сабақтарын екі ауыз сөздің аясына сыйғызып, түйінді оймен қалдырып кеткен. Тек соны көретін қырағы көз, ұғатын сарабдал сана болса болғаны. Ата-бабаларымыздан бастау алып, сан ғасырлар бойы адамгершілік пен ізгілікті дәріптеген қазақтың ұлттық дәстүрлері келешек ұрпақ үшін де рухани азық болып қала берері хақ.

Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Ал бүгіні қыз –ертеңгі ана, ол анаға қарап бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші –ата-ана. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы – бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөздер бар. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. әке-тірек, ана-жүрек, бала –тілек. Осы ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының алтын көпірі іспеттес. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? «Отбасы - шағын мемлекет». Кез-келген мемлекеттің өзіндік ұстанымы, бағыт-бағдар құндылықтары болады. Отбасы да осындай құндылықтарға негізделген «мемлекет» болса ғана тамыры тереңге жайылған әулетке айналмақ.

«Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту» жобасын тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен қорытындылағым келеді. Бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет ететініме өзімді бақытты сезінемін. Текті елді біліп, тамырын танып өскен жас ұрпақ отбасы құндылықтарын жадынан шығармай, ата-анасының берген тәлім-тәрбиесінің тұғырын биік ұстап, ежелден келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды дәріптеп, өзіміздің рухани құндылықтарымызды бойына сіңіре біледі. Үздіксіз беріліп жатқан тәлім-тәрбиенің өзіндік әсері жасалып жатқан жұмыс нәтижесімен өлщенер болса, болашағымыз жарқын, ертеңіміз елеулі болары анық.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мен – Адаммын , жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал, Игенбаева. Б. Қ. Алматы - 2000

2. Ізгілік педагогикасы туралы ойлар, Амонашвили Ш. А. ,Москва - 1996 6

3. Тамыры терең тәрбие, С.Ұзақбаева., Алматы: Білім, 1997]



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ