400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ғылыми жоба: Қазақтың ырым тиым сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал барлық ұстаздар мен оқушыларға қажеттті деп санаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым минитсрлігі

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы



Ғылыми жоба



Тақырыбы: «Қазақтың ырым-тыйым сөздері»





Секция:





Оқушының аты жөні: Сабырғасы Әкежан

5 «А» сынып оқушылары

«Біржан Исадилов атындағы жалыпы орта білім

беретін мектебі»КММ



Шығармашылық жетекшісі: Тумарова Жибек Кизатовна

Өзін өзі тану пәні мұғалімі

«Біржан Исадилов атындағы жалыпы орта білім

беретін мектебі»КММ

Shape1



СShape2 емей, 2019 жыл.

Shape3



Мазмұны

1. Кіріспе ............................................................................................................... 3
2. Негізігі бөлім.......................................................................................................4

1.1Қазақтың ырым-тыйым сөздері...................................................................... 4
1.2Қазақ халқының табиғатты қорғаудағы ырымдары мен тыйым
сөздері......................................................................................................................4

1.3 Тыйым сөздердің түрлері................................................................................6
3. Қорытынды.......................................................................................................9
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................... 10




























КShape4 іріспе

Ғылыми жобаның мақсаты: 
Тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, оны өмірде тиімді пайдалана білу жолдарын ашу. Тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып, оны өмірде тиімді пайдалана білу жолдарын ашу. Қазақ халқының ғасырдан жеткен нақыл сөздерін насихаттау. Қазақ халқының ғасырдан жеткен нақыл сөздерін насихаттау. Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. 
Ғылыми жобаның міндеті: 
Тыйым сөздерді қолдана отырып, тыйым салынған әрекеттерден аулақ болу. Надандықтан қашып, адамдыққа ұмтылу. Надандықтан қашып, адамдыққа ұмтылу. 
Ғылыми жобаның өзектілігі: 
Қазақ халқының экологиялық мәдениетін насихаттау арқылы жалпы халыққа жоғарғы деңгейдегі экологиялық сауаттылық қалыптастыру. 
Ғылыми жобаның ғылымилығы: 
Тыйым сөздерді әр салаға бөле отырып, әр тақырыпқа терең тоқталып ізденген. Қазақ халқының табиғатты қорғаудағы ырымдары мен тыйымдарын, тыйым сөздердің түрлерін зерделей отырып көп ізденіс жұмыстарын жүргізген. 
Ғылыми жобаның маңыздылығы: 
Тәлім-тәрбие берер тыйым сөздердің адам бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпалы зор екенін жұмыс барысында нақты көз жеткізген. 
Ғылыми жобаның нәтижелілігі: 
Жобаны нақтылай келе жұмыс соңында өз ұсынысын қарапайым, түсінікті түрде жеткізген. 








1 Негізгі бөлім

1.1Қазақтың ырым-тыйым сөздері.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , табиғатты қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы . Ол – мәдениеттің белгісі.Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: Олай істеме, жаман болады деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады
1.2Қазақ халқының табиғатты қорғаудағы ырымдары мен тыйым сөздері.
Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы халықтың күн көрісі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр сипаты айқын көрінеді. Ата-бабаларымыз өздері тіршілік етіп отырған орта, табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, жақсы-жаман кезеңдерді ой елегінен өткізіп, әр кез оған деген өз көзқарасын білдіріп отырған. Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуды көздейді. Халқымыздың ғасырлар бойы жасасып, бізге жеткен асыл мұралардың бірі-тыйым сөздер. Олардан халқымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім-тәрбие сіңіреміз. Тыйым сөздер мазмұны мен мақсатына қарай тұрмыстық-шаруашылық, еңбек, мәдени-гигиена, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениетіне тәрбиелейді.
Ежелгі халықтардың туған топырақ, атамекен, табиғат, жан-жануарлар туралы ұғым-түсініктері, таным-талғамдары ырымдар мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Қазіргі мекен тұрағымыз, жеріміз экологиялық апат аймағына айналып, экологиялық сырқатымыз асқынып, дағдарып отырған кезеңде де ата-бабаларымыздың мың жылдық тәжрибесінен үйренеріміз көп. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық білім мен тәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-мағынасына ой жүгіртіп көрейік. Олар негізінен жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рақымшылық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелейді. Халқымыз Көкті жұлма деген, Көкті жұлсаң көктей соларсың деп жаман ырымға жорып, жұлғызбаған. Нанды бір қолыңмен үзбе, Нанның үгіндісін аяққа баспа деген сөздерде дәмге, оны дастарханға келтіретін еңбекке деген құрмет сезімінің ізі бар. Сондай-ақ ата- бабамыз Тал кескенше, қолыңды кес, Қарағай кессең, қаңғырып қал деп өсіп тұрған ағашқа тигізбейді. От жағуға тек қарағай мен шыршаның кеуіп кеткенін, малдың қиы мен тезегін пайдалануда күнкөріс қамынан да басқа себеп болса керек. Халқымыздың тобылғылы сайға қой түсіртпей, ши атаулыны қорық қылып, күзет қоюының өзі күнкөріс қамы ғана емес, табиғатты қорғау, аялау әрекетінен туындаса керек. Қазақ халқының жер,су туралы ұғым-түсініктеріне назар аударалық Обал болады деп егінді, шалғынды жерді бет алды бастырмаған, Ағын судың арамы жоқ деп суға дәрет сындырмаған, Судың да сұрауы бар деп ағынды суды бұрғызбаған. Құстар мен аңдарға жасаған рақымшылығын мынадай ұғымдардан білеміз: Құстың қарғысына ұшырайсың деп құстардың ұясын бұздырмаған, Бетіңе шұбар түседі деп жұмыртқасын жарғызбаған.Халқымыз қыран құсты атқызбаған, Аққу құс киелі деп оған құс салуға, оны атуға тиым салған. Сондай-ақ қарлығашты киелі деп ұққан. 
Егер қарлығаш киіз үйдің шаңырағының шандуында ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған. Ата-бабаларымыз малды тепкізбеген.. Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбайды деген, Құты қашады деп малды басқа ұрғызбаған, балағаттамаған. Сиыр мен қойдың желіні ісіп кетеді деп төгілген сүтті аяққа басқызбаған. Біздің халқымыз аңдарға да рақымшыл болған. Аң аулаудың жөні осы екен деп оларды бейберекет өлтіре бермеген. Қажетіне қарай үнемдеп аулап, қалғандарының өніп- өсуіне жағдай жасаған. Сол сияқты жәндіктерге де рақымшылық жасағанын мынадай ұғымдар арқылы сезінеміз. Бақаны өлтірсең жаңбыр жауады деп өлтіртпеген, абайсызда жылан үйге кіріп кетсе оны өлтірмей, басына ақ құйып, ептеп шығарған. Халықтың педагогикалық тәрбие құралдары мен тыйымдарын жүйелі түрде пайдаланып, сөзіміздің қадірін арттыру өз қадірімізді арттырумен бірдей. Ертеде дүниеден өткен көнекөз аталарымыз бен әжелеріміз айтып кеткен ескертпелерін әр кезде есімізде сақтап жүрейік.

1.3 Тыйым сөздердің түрлері. 
Тыйым сөздердің түрлеріне тоқтала кетсем тәрбиелік мағынасы қарай мына топтарға бөліп қарастырдым.1. Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты2. Іс - әрекетке байланысты3. Қыз балаға қатысты4. Нанға қатысты5. Бесікке қатысты6. Ыдыс - аяқ, тағамға қатысты7. Киім киюге қатысты8. Жол жүруге байланыстыҰлттық киімдерге қатысты ырым - тыйымдар1. Бас киімге қатысты ырым - тыйымдар2. Сырт киімге қатысты ырым - тыйымдар3. Той киіміне қатысты ырым - тыйымдар4. Сәби киіміне қатысты ырым - тыйымдар5. Аяқ киімге қатысты ырым - тыйымдар6. Неке киіміне қатысты ырым - тыйымдарЕнді осы аталған тақырыптағы тыйымдарға жеке - жеке түсініктеме бере отырып, оның бүгінгі өмірдегі қажеттілігіне тоқталып кетейін.Іс - әрекетке байланысты тыйымдарҮйге қарай жүгіруге болмайды.Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Бұл, біріншіден балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса, екіншіден үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа дегені.Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды.Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас - пейіл келеді. Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып - сілку әдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға келтіреді.Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.Әдепсіздік екенін былай қойғанда түрлі ауру шақыратын микробтар ауызға түсіруі мүмкін.Құран оқығанда күлуге болмайды.Құран адамға имандылық тәрбие бере отырып, бұл дүниеге қанағатпен қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Дүниеден өткен адамдарды еске алып құран оқығанда күлу, сөйлеу, жалаңбас отыру - әдепсіздік.Аманатқа қиянат жасама.Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз. Аманатқа адалдық – адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді. 7Қыз балаға қатысты тыйымдар.Қыз бала шашын жайып жүрмейді.Ата - баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын жалбыратып жайып жүргені әдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы.Қыз баласы тамақ дайындағанда басына міндетті түрде орамал байлауы қажет. Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі мүмкін.Әлем - жәлем киінбе.Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру сәнге айналған. Бұл өте жағымсыз әдет, әрі қыздардың денсаулығына да зиян. Бүйрек аурулары, гинекологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін.Қызға қырық үйден тыю.Қыз бала орынсыз күліп, орынсыз сөйлеп, бейуақытта қыдырмағаны абзал. Өйткені қыз балалар – болашақ аналар.Бесікке қатысты тыйымдар.Бос бесікті тербетуге болмайды.Үйге келген адамға бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей - ақ білдірген.Бесікті саудаламаБұл оның құны жоқ зат екендігін білдіреді. Ал, қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым.Жол жүруге қатысты тыйымдар.Жолға шығып бара жатқан адамнан қайда барасың?, қашан келесің? деп сұрамайды. Бұл адамның көңілін алаңдатып, сәтсіз сапарға ұрындыруы мүмкін. Тек іштей тілектес болып қалуы керек.Барып, қайтар жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды, бұл астамшылық, күпірлік болады. Алла жазса, Құдай қаласа, Барар жердің дәмі тартса деп нысаппен сөйлеу керек. Қазіргі кезде болып жатқан көптеген автокөлік оқиғалары осындай қарапайым жол жүру қағидаларын ескермегендіктен деп ойлаймын.Киім киюге қатысты тыйымдар.Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Аяқ киімді де солай. Бұл тірлігінің барлығы оң болсын деген ниеттен туған.Киімді желбегей жамылмайды. Себебі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылады. Әрі жұмыс істегенде де ыңғайсыздық туғызады.Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, төрге іледі.Ыдыс - аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар.Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды. Өйткені зиянкестер, жәндіктер түсіп кетуі мүмкін.




























Қорытынды
Қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындау – әр перзенттің борышы. Ендеше , асыл қазынамыздың құндылығын арттыра берейік! Алтынның қолда бар қадірі жоқ -дегендей атадан келе жатқан ырым мен тыйымдар – балаға мұра болып келе жатқан осы бір салт-дәстүрлер тұлғаның қалыптасуында өте маңызды рөл атқарады. Әр халықтың өзінің сонау ғасырлардан жеткен ырым-тыйымдары, әдет-ғұрыптары үлкен күшке, энергетикалық жолға айналып кеткенін үнемі айтып келемін. Сондықтан өз дәстүр-салтымыз өзімізге ғана жұғысты. Өкінішке қарай, біз осы ата-бабамыздан қалған құндылығымызды жай айтыла салған сөз сияқты, әншейін бір жоққа сенушілік секілді қабылдаймыз. Қазіргі ғаламтордың ішіне “кіріп” кеткен жастарымыз мұны керек қыла бермейді. Олай болса, балаларға кішкентай кезінен бастап мұның барлығын жете түсіндіріп, қадір-қасиетін ұғындырып отырса, олар барлығын қадірлеуді, аялауды үйренеді. 
























Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Өзін-өзі тану журналы 2011
2.
Егемен қазақстан гезеті
3. Интернет беттері







3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
1 қазан
1011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі