400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер қаншалықты түсінікті? 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
осы жоба арқылы көп оқушылар біраз сөздердің аудармасын білді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылыми жоба тақырыбы:

Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер қаншалықты түсінікті?


Қарағанды облысы

Нұра ауданы, К.Мыңбаев ауылы

К.Мыңбаев атындағы ЖОББМ

Жетекшісі: Смагулова Ж.Ж.


Зерттеудің мақсаты:Қазіргі кезде күллі адам баласын толғандырып отырған, толғағы жеткен өзекті мәселелердің негізгісі аударманың тағдыры болып отыр, жаңадан аударылған сөздердің сапасына өз пікірімді білдіре отырып, қаншалықты түсінікті екенін білу.

Өзектілігі:Егер,өзіміз тілдік аударманы дұрыс қолданатын болсақ келешекте қазақ тіліне аударылатын сөздердің сапалы болуына, сауатты және баршамызға түсінікті болуына дұрыс жол ашамыз деп ойлаймын.

Зерттеудіңміндеті:Әр оқушыға өз тіліміздің сауаттылығын үйрету, әкенің қанымен ,ананың сүтімен бойымызға даритын қазақ тілін,ана тілін дамытуға талпындыру

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалдары ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды және халықтық педагогика элементтері кеңінен пайдаланылды.

Әдіс-тәсілдері:зерттеушілікжоба,сұхбат,тәжірибешығармашылық тапсырмалар, презентация құру, кітапша жасау.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбаларын пайдалану және ағылшын жазушысының: «Аудармашы ешқашан қателеспейді. Ол тек таңдау жасайды» деген қағидасын ұстану.

Зерттеу жұмысының құрылымы:Кіріспе,зерттеу бөлімі,қазақ тілінің аударма тарихына шолу,қазіргі қазақ тілінің аудармасы,қорытынды бөлім ,пайдаланылған әдебиеттер тізімі,қосымшалар,презентациялар. буклеттер тізімінен тұрады.



Мазмұны.

 І. Кіріспе.

ІІ. Зерттеу бөлімі.

2.1. Қазақ тілінің аударма тарихына шолу

2.2. Қазіргі қазақ тілінің аудармасы

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған ақпарат көздері

V.Қосымшалар:

2.1.Диаграмма

2.2.Буклет.

2.3 Презентация.


  























Кіріспе.

Аударма – халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.

Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, сөйлесу қажеттілігінен туған, тіпті оның шығуын ғалымдардың пайымдауынша адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады.

Қазіргі кездетерминология саласында мағынасыз сөздер ,орашолақ аудармасымақтар тым көбейіп барады. Бірақ тиісті орындар тарапынан мұның қалай дейтін, оны түзететін жан жоқ. Соның салдарынан әркім әр салада өз білгендерін істеп жатыр. Басқасы басқа, қайран тілді бұлай мазақ етуге болмайды ғой!

Мен өз басым кейбір аударма сөздерді естимін де таң қаламын...Ата-әжемнен,әке-шешемнен сұраймын,түсіндірулерін талап етемін ,бірақ ,өкінішке орай оларда түсінбейтін болып шығады. Сондықтан болар , менің қызығушылығым оянып кейбір жаңа сөздерді зерттеуге кірістім,сауалнама жасадым,ақпарат көздерінен іздедім,ғаламтордан іздедім әр түрлі пікірлерге кездестім...



Мағынасын ашу үшін, зерттеуге бес сөз алдым.

  1. балкон –   қылтима(самалдық)

  2. фонтан – шаптырма(субұрқақ)

  3. газет – үнқағаз

  4. телефондысымтетік

  5. барабанқағыран

Балкон-бұл Еуропадан келген сөз ( balcus — бөрене)— ғимарат қабырғасының сыртынан немесе ішінен жапсарластырыла, көтеріңкі салынған алаң тәрізді конструкциялық бөлшек

Аудармасы-қылтима.Жалпы, «қылтима» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?Бір сөздікте «қылтима» өкпелегіш немесе «кілт ете қалу» адамға қатысты қолданылатыны айтылған,екінші бір мағынасы көктемде бәйшешек қылтиып өсіп келеді дегендей

Қылтимаға «самалдық» дейтін балама бар екен.Осының қайсысы дұрыс?



Субұрқақ, фонтан, шаптырма...

латынша fontana «бұлақ», «бастау», «көз», «қайнар» деген мағынада - табиғи немесе жасанды жолмен шығарылған судың атқылау құбылысы екен

Меніңшесубұрқақдегенімізмыналар:

Көгалсуаратынсубұрқақ.



Өрт сөндіретін субұрқақ



Газет- үнқағаз

Сонау1870-1882 жылдар аралығында дүниеге келген «Түркістан уалаятының газетінен бастау алып келе жатқан газеттерімізнеге үнқағаз деп аударылып кетті?Газет сөзі кімге түсініксіз?

Барабан –қағыран

Археологиялық зерттеулер кезінде Месопотамия жерінен б.з.д алты мыңыншы жылдардан сақталған кішкентай цилиндр пішінде жасалынған ежелгі ұрмалы аспап табылған. Оңтүстік Америкадағы үңгірлерде ұшырасқан қабырғадағы суреттерде де осы аспаптың бейнесі кездеседі. Ал Моравия жерінен табылған барабан б.з.д 5 мыңжылдан бері сақталып келген. Демек, бұл аспаптың тарихы тым тереңде жатыр.

Егер мен дүкеннен ойыншық барабан алғым келіп,қағыран беріңізші десем,сөзімді түсіне қояр ма?

телефон-сымтетік

Телефон(Сымтетік)- (гректің. (теле) — ұзақ (фон) — дыбыс, дауыс) Дыбысты қабылдау және ұзаққа жіберу құрылғысы.

Осы жөнінде мектеп оқушыларынан сауалнама алдым.

ІІІ. Қорытынды

Зерттеу нәтижесінде төмендегідей көрсеткіштерге келіп тірелдім:

Қала тұрғындарынан ,мектеп оқушыларынан алынған сауалнамада аударманың түсініксіздігі басым түсті.Оларға бес сөздің аудармасы жайлы сұрақ қойылғанда, 10%-ы түсінікті деген пікір айтты,қалған 90%-ы мүлдем түсініксіз деген пікірге тоқталды.

Қорыта айтқанда, кейбір аудармалар мағынасы, қолданысы, ұғымы тұрғысынан еш қисынға келмегенімен, айтыла- айтыла құлаққа сіңісті болып,  күнделікті пайдаланысқа еніп кетуі ғажап емес. Ал оның шығу тегін зерттеген келер ұрпақ кейін күліп жүрсе қайтеміз.

Тіл де тірі организм секілді үнемі даму, өсу үстінде болады. Ал, қазақ тілінің жайына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп бекер айтпаса керек.

Ұсыныс:

Егер де қазіргі қазақ тіліндегі сөздер баршаға бірдей түсінікті етіп аударылса, мен бұл мәселені көтермес едім. Жоғарыда отырған аудармашы ағаларымыз бен апаларымыз осындай сөздерді аудармас бұрын сол сөздің нақты түбірі мен мағынасына көңіл бөлсе екен. Сонда ғана тіліміз шұбарланбай түсінікті болар деген сенімдемін.

ІV. Пайдаланылған ақпарат көздері

Газеттер,журналдар, ғаламтор желісі.

Қала тұрғындарынан,мектеп оқушыларынан алынған сауалнамалар









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13.02.2019
912
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі