400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба Қош келдің,Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға өте керекті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дайындаған:Құлымбет Майра Әтібайқызы

Қош  келдің, Наурыз!

Сабақтың тақырыбы:  Қош  келдің, Наурыз!

 Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:

         Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігінің тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. 

  • Дамытушылық:

         Өлең, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар арқылы тілдік қорларын жетілдіру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. 

  • Тәрбиелік:

         Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас  сабақ

 

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу,шығармашылық  жұмыс

 

Сабақтың  көрнекілігі: суреттер, сызба , слайдтар, интерактивті  тақта  т.б.

 

Пәнаралық  байланысы: қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, математика, дене  тәрбиесі, дүниетану  сабақтарымен  байланыстыру 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың  зейінін  назарын  психологиялық  жаттығулар  орындау  арқылы  сабаққа  аудару.

      - Балалар,  терезеге  қараңдаршы!  Далада  күн  сәулесі  жарқырап  тұр. Бізге  сәулесін  шашып  тұр. Сәуле  сендердің  тұла бойларыңа  тарап,  жандарыңды  жадыратып  тұр. Көңіл – күйлерің  көтеріледі. Қане, бір – бірлеріңе  жымиыңдар. Рахмет! Ендеше  сабағымызды  бастаймыз.

 

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау:

1) Үйге  қандай  тапсырма  берілді. (Қабыкен  Мұқышевтің  «Көктем»  өлеңін  жаттап  келу).

2) «Көктем»  өлеңін  бірнеше  оқушыдан  сұрау.

ІІІ. Өткенді  пысықтау.

1) Бұл  бастағанымыз  қандай  тарау ? (Масатыдай  құлпырар  жердің  жүзі)

2) Бұның  алдындай  қандай  тарауды  аяқтадық? ( Жақсыдан  үйрен)

3) Өткен  тараудан  қандай  жақсы  нәрселерді  үйрендік? (Оқушылар  ойын  айтады).

 

ІV. Сергіту  сәті:

Күн  жарығын  алақанға  саламын,

Жүрегіме  басып  ұстай  қаламын.

Ізгі  әрі  нәзік, әрі  жарық, мейірімді,

Болып  кетер  сонда  жан – жағым.

 

V. Қызығушылығын  ояту.

 

1. Қазір  қай  мезгіл? (Қыс  мезгілінің  соңғы  күндері)

2. Қыс  мезгілінен  кейін  қандай  мезгіл  келеді? (Көктем)

3. Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді? (Ауа райымен, табиғатымен,     

    мерекелермен)

4. Көктем  айларын  ата? (Наурыз, сәуір, мамыр)

5. Науырыз  айында  қандай  мерекелер  бар? (8 наурыз, 22 наурыз)

 

VІ.  Жаңа  сабақ:

 

«Қош  келдің, Наурыз!»     Міржақып  Дулатов.  

Мағынаны  ашу:  (Тақырыпты  түсініп  оқу,мазмұнын  талдау, кітаппен  жұмыс).

Сөздік  жұмысын  жасау:

Байлаулы – байланысты

Деуге  сыяды – деуге  болады

Тіршіліктің  арқауы – тіршіліктің  негізі

Шаруа  кенеледі – мал  тойынады

 

VІІ. Орталы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.02.2021
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі