400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба. "Құмды шөлдің қорғаны - сексеуіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында экологиялық қоршаудың тарихы туралы жазылған. Ауылымыздың экологиялық қоршаудың мақсаты туралы жазылып, оның ішінде құмшағылды тоқтатудағы сексеуілдің маңызы туралы әңгімеленді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

























































































Зерттеудің мақсаты:

Халқымыздың атадан балаға мирас болып жеткен, ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – сексеуілден «қара сабын» жасау салтын жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түрін дамыту.

Зерттеудің міндеті:

Қара сексеуілдің  құпиясы жайлы білу;

Сабынның жасалуы  жайлы мағлұмат беру;

«Қара сабын» жасау  технологиясын үйрену;

Қазақтың дәстүрлерін қастерлеу және бұл істің шеберлерімен кездесу.


Зерттеудің болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру.


Зерттеудің нысаны:  сексеуілдің құпия сырын  зерттеу, анықтау;


Зерттеудің нәтижелері:

Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек.

Қара сексеуіл туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге жеттім.

Біріншіден, сексеуілді зерттей келе олар жайлы көп біле бастадым.

Екіншіден, сабын жасау технологиясын  үйрендім.

Үшіншіден қара сабынның емдік қасиетін білдім.


Сексеуіл қасиетті ағаш. Ертеректе ата – бабаларымыз сексеуілдің шыбығын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын еді. Үлкендердің сөзіне қарағанда бұл ырым «жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімді беретін көрінеді. Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге жанашырлық жасау, адамдар санасынан кемшілік көруде.

Мені бұл ғажайып ағаш сексеуілі көп қызықтырды. Өйткені, бұл ағаш басқа ағаштардан ерекшелеу келеді. Оны ауылымыздың сыртында арнайы экологиялық қоршау ішінде отырғызылғандығын ұстазым сабақ барысында әңгімелеп, топ серуенге шығарған болатын. Содан бұл ағаштың басқа ағаштан ерекшелігі неде екенін сұрағанда, ұстазым бұның қызуы ұзақ сақталатынын және иісі жоқ, күлі аз болатынын айтты. Содан көп ойланып сексеуіл жайлы оқып, ол жайлы тағы сұрап басқа да қасиеттері жайлы білгім келді.

Сексеуіл қыста малға ық және азық, сонымен бірге үй жылытуда тұрмыстық отын екенін естіп, өзім куә болып жүрдім. Содан кейін осы бір ғажап өсімдіктің тағы да қандай қасиеттері, пайдасы бар екен деген ой мені қызықтырып, осы зерттеу жұмысын қолыма алуыма себепші болды. Ең алғаш сексеуіл ағашы жайында зерттеу жұмысын бастамас бұрын Қазақстандағы сексеуіл ағашының түрлерімен, сексеуілдің құрылысымен танысудан бастадым.

Сексеуіл өсімдігіне сипаттама. Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Cексеуілдің «галаксилон» деген грекше аты «тұзды ағаш» деген мағына береді. Бұл атау сексеуілдің тұзға төзімділігіне байланысты шыққан. Сексеуіл көпжылдық бұта тектес өсімдіктер қатарына жатқызылады.

Мүшелер құрылысына сипаттама:
1. Тамыры:
Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Жанама тамырлары топыраққа 10 – 11 метрге дейін таралған.

2. Сабағы: Сабағы мен бұтағы бунақты, бұлардың діні қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр – бұжыр сабақ діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді.
3. Гүлі: Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты, бірүйлі, қабыршық тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4 – тен орналасады. Гүлсеріктің қүлте жапырақшалары бесеу, аталығыда бесеу болады. Аналығы – біреу.

4. Жапырағы: ұсақ қабыршақ тәрізді.
5. Гүлдеу мерзімі: Сәуір, мамыр айларында гүлдейді.

6. Жемісі: - қанатты жаңғақша.
7. Жемістің пісіп жетілу мерзімі. Қыркүйек, қазан айларында пісіп жетіледі. Қараша айларында жерге төгіледі.
8. Көбеюі: Тұқымынан көбейеді.

Сексеуілдің түрлері. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Қазақстанда сексеуілдің 3 түрі өседі. Олар мыналар: 1. Ақ сексеуіл. 2. Қара сексеуіл. 3. Зайсан сексеуіл. Сексеуіл туысы көбіне Маңғышылақ, Ақтау, Қызылорда облыстарының құм далаларында , Жамбыл облысының Шу аудандарында, Алматы облысының Балқаш ауданының жерлерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінің айналасында кездеседі. Енді сексеуілдің Қазақстанда кездесетін түрлеріне тоқталайық. Оның ішінде Қара сексеуіл (Саксаул черный) түріне тоқталайық. Биіктігі 10 – 12 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35 см. Оның ұшында жоғарыға қарай тік өсетін әжептеуір шырынды жас бұтақтары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Жер асты суы жақын бекіген тығыз құмы бар. жазық алқаптағы ойпаттарда жақсы жетіліп, онда көбіне тығыз тоғай құрай алады. Әсіресе, республиканың құмды, сорлы және тақыр жерлерінде өседі. Таралу аймағы: Қара сексеуіл Үстіртте, Арал теңізі, Сырдария, Шу, Іле өзендерінің жағасында, Бетпақдала мен Қызылқұмда тараған. Республиканың солтүстігінде және таулы аудандарда кездеспейді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Өте мықты қатты ағаштары сұрғылт қоңыр түсті. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы қақырап сынады. Отын үшін пайдаланылады. Бұтақтары ерекше болғандықтан одан әр түрлі бейнелер жасауға болады. Шөлді аудандардағы ауылдарды құм басудан сақтау үшін өсіруге болады екен.

Біз өлкетану таңдау пәнінен Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылының географиялық орны, жер бедері, жер аумағы туралы пән мұғалімі Сағынбаева Гүлмира Мұратқызы таныстырған болатын. Кезекті сабақ барысында селоның оңтүстік бетінен 360 гектар жерді алып жатырған экологиялық қоршауға топ серуенге шыққан болатынбыз. 20181018_155135.jpg Қоршау ішінде изен, теріскен, сексеуіл, дүзген сияқты өсімдіктер осыдан 30 жыл бұрын отырғызылған екен. Бұл жұмысты жүзеге асыруда еңбек сіңірген ауыл адамдарының еңбектері туралы Гүлмира Мұратқызы былайша баяндап берді:

«Біздің бала кезімізде бұл жерде ешқандай өсімдік жоқ. Тек құмшағыл болатын. Сол құмшағылға келіп ойнаушы едік. Кейін осы жерге экологиялық қоршау салынып жатырғанын білдік», - деп бастады. Өткен ғасырдың 1985-1988 жылдары Тасшағыл кеңшарының директоры Ермұханов Абдол ағамыз басқа жұмысқа ауысып, оның орнына баламалы түрде директор сайлап қою жұмыстарын аудандық партия комитеті ұйымдастырған. Тасшағыл кеңшарының басшылығына 3 адам ұсынылған. Олардың біреуі менің атам Жанықұлов Оңғар екен. Атам сол кезде аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары жұмысында болған екен. Сайлауда көп дауыс жинағандықтан Тасшағыл кеңшарының директорлығына сайланған. Сайлау кезінде атам Тасшағыл ауылын, кеңшарды көркейту үшін болашақта қандай жұмыстар жасайтындығы туралы бағдарлама жасап, халықты таныстырған. Атам (Жанықұлов Оңғар Серікұлы) туған жері осы жер болғандықтан, көптеген мәселелерді, ауылдың проблемаларын ойлап жүреді екен. Сайлау алды елмен танысу, аралау кезінде шаруашылық жұмыстары мал басын өсіру, оның өнімділігін арттыру жұмыстары біркелкі жақсы болғанмен, ауылдың экологиялық ахуалы өте төмен екендігін байқаған. Ауылдың солтүстік – шығыс бетіндегі Арал-Бәйтік көлдеріне

Қоршаудың планы

су келмей құрғап қалған, ауылдың оңтүстік бетін мал аяғымен тапталып, техника кез келген жермен жүргендіктен құм шағылдар пайда болып, селоның шет жағындағы үйлерді құм басып, оны жылма – жыл техникамен тазартып отырады екен. Селоның шетіндегі аталар жерленген бейіттерді құм басып кеткен. Құм көшкіні ауыл ішіне кіре бастаған. Ауылдың мәдени-әлеуметтік жағдайы нашар екен. Көшелердің тазалығы өте нашар болған. Күл-қоқыстар кез келген жерге төгілген. Осы жағдайларды көріп, өз бағдарламасын көрсетіп, халыққа жария еткен. Ауыл тұрғындары мақұлдап, болашақтағы бағдарлама қолдауға ие болған. Кеңшар директоры болып тағайындалғаннан кейін осы бағдарлама бойынша жұмыс басталып кеткен. Облыс, аудан басшылығынан көмек сұрап, сол кездегі аудан басшысы Е.Нұршаев қолдау көрсеткен. Селоның оңтүстік бетінен 360 гектар жерді қоршап, оның ішіне изен, теріскен, сексеуіл, дүзген егу жоспарлары қолға алынған.


20181018_154109.jpg 20181018_154626.jpg

Сексеуіл Теріскен Дүзген

Облыстың КазГИПРЗМ мекемесімен, ішіне өсімдіктерді егу үшін аудандық орман шаруашылығы мекемесі басшылығымен келісім шарт жасалған. Бұл жұмыстар сапалы болу үшін ғылыми негізде Волгоград орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мамандарынан ақыл - кеңес сұраған. Бұл жұмыстар 1989 жылдың апрель айында жүзеге асырылып, мемлекеттік коммисия қабылдап алған. 1990 жылы тор ішіндегі өсімдіктер өсіп құм шағыл тоқтап, одан кейінгі жылдары құм астындағы бейіттер көрінетін болған екен» деп әңгімесін аяқтады.

Біз сынып оқушылары бұл жерде ешқандай өсімдік болмай құмшағыл болғандығын елестете алмадық. Бұл жер қазіргі таңда түгел егілген өсімдіктер жерге шығып озиске айналғандығын көрдік. Біз ауылымызда сексеуіл, дүзгін, изен, теріскен сияқты өсімдіктердің өсетінін білген жоқпыз. Топ серуен кезінде осы өсімдіктердің ерекшеліктері, адам өміріне, қоршаған ортаға пайдасы бар екендігін білдік. Табиғатты аялау қажет екенін ұғындық. Жалпы айтқанда мені аталған өсімдіктер соның ішінде ғажайып ағаш сексеуіл көп қызықтырды. Өйткені бұл ағаш басқа ағаштардан ерекшелеу келеді екен. Сексеуілдің қоршаған орта


үшін маңызы зор. Сексеуіл тұрмыста отын ретінде қолданылады. Ол әлемдегі ең күшті отын ағашы. Оның қызуы еменнен де күшті. Сексеуілдің беріктігі таңқаларлық. Тек сексеуіл ғана топырақтың тұздануы мен құнарсыздығына, жазғы ыстық пен құрғақшылыққа, қысқы қақаған суыққа төзе алады. Ештеңеге мойымастан жайлап өсе береді. Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты – бірүйлі, қабыршық тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады екен. Сексеуіл гүлін сыныптастар болып жинап алып қарадық.

20181018_155618.jpg

Көктемде гүлдейді. Жемісі – қанатты жаңғақша, қыркүйек-қазан айларында пісіп жетіліп, қараша – желтоқсан айларында жерге төгіледі екен. Біз сексеуілдің қурап түскен гүлін жинап алдық. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен өсіп жетіледі. Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл отын үшін пайдаланады екен. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет деген ой түйдік. Қоршау ішіндегі өсімдіктердің барлығы  құмды сілемдерде және шөлді, шөлейтті, далалық аймақтарда кездеседі екен. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара - арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Міне, осындай бейімділігіне қарай отырғызылғандығын білдік.

Экологиялық қоршауды сақтауда бұрынғы прораб қызметін атқарған ауыл ағасы Нұрлан Сымғалиев көп еңбек сіңірген. Қоршауға қарауылшық тағайындалып, олардың жұмысы бақылауға алынған. Кейін кеңшар тарап кооператив құрылғанда экологиялық қоршауды кооператив өз балансына алып жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп отырған. Өкінішке орай, кейбір ауыл тұрғындарының түсініктерінің төмендігінен торға мал кіргізу, торды құлату, кесіп алу орын алған. Осыған қарамастан 1989-2014 жылдарда 25 жыл бойы ауыл үшін, болашақ жастар үшін кооператив әкімшілігі өз принциптерін ұстанып, сақтап қалған.

Топ серуен кезінде куә болғанымыздай қоршау ішінде жүрген түйені

көріп, қуып тастадық.


Бұл өсімдіктердің жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi екен. Ал ұсақ малға оның жердегі жіңішке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуіне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуілдің азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.

Топсеруен барысында «Бізде болашақта экологиялық қоршауды қалай сақтаймыз, әрі қарай көркейтуге қандай үлес қоса аламыз?» - деген сұрақтар төңірегінде пікір талас туындап, әңгіме дүкен құрдық.

1914 жылы Тасшағыл ӨК қоршаудың болашағын ойлап аудан әкімі Мақсот Мұқановқа хат жазып экологиялық қоршауды мемлекеттік меншікке өткізіп, ауыл округінің балансына беруді сұраған. Қазір қоршау ауыл әкімінің қарамағында, кейбір қарауылшықтарының жауапсыздығынан мал кіру фактілері әлі орын алып отыр екен. Оңғар атамыз осы жағдайларды көре отырып, облыстық экология басқармасының басшысы, облыстық «Ауыл» партиясының төрағасы Қ.Арыстанов мырзаның ауданға келуін пайдаланып, қоршауды көрсетіп, болашақта облыстық деңгейде қаражат бөліп қамқорлыққа алуды сұраған екен. Қазір ол жұмыстар қолға алынуда. Осындай экологиялық қоршауды отырғызудың негізгі мақсаты да осыдан 30 жыл бұрын елге, жас ұрпаққа арналып жасалған жұмыс өз нәтижесін беріп отырғандығының куәсі болдық.

Сексеуіл қыста қар тоқтатып, топырақта ылғалдың сақталуына және мал жайылымына қажетті шөптердің өсуіне көп пайдасын тигізеді. Бұрындары жұрт сексеуілдерді отқа тамызық ретінде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгерді. Көмірдің жетіспеушілігі мен қымбаттаушылығы елді мекендерде тұратындарға ауыр тиіп, сексеуілді таза отын ретінде қолдана бастаған. Сондай-ақ тақыр жерлерде де өсуге бейім. Сексеуілді қорғаныш ететін жануарлар мен жәндіктер қаншама. Әсіресе түз тағылары киіктерге сексеуілдер арасы өсіп-өнуіне өте қолайлы. Сексеуілдің шырпысын жаққанда түскен күлден сахар (тыңайтқыш) өндіріп алады екен. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ойлана келе сексеуілдің қоршаған ортаға маңызы зор екенін білдім. Әлі де неге бос жатқан алқаптарымызға сексеуіл екпеске?

Орман алқаптарының тағы бір қатерлі жауы – өрт. Өрттің үлкен алқапқа таралып кетпеуіне кедергі болатын жол бойларымен қатарластырылып өртке қарсы айдаулар жасау. Себебі, жолақ өртке тірелетін негізгі кедергі болар еді. Сексеуіл ормандарының жағдайын зерттей келе, сексеуілдің пайдалы жағын ескере отырып, оның жойылып кетпеу жолдарын және Қызылқоға ауданында сексеуілді көптеп өсіруді ұсынамын. Мен, ауданымызды отынға бай әрі жасыл желекті ел болғанын қалаймын.

Сексеуілден қара сабын алу әдісі

Сексеуіл ағашы туралы деректер жинау барысында сексеуіл ағашының күлінен қара сабын дайындауға болатындығын және оның емдік қасиетінің барын да білдім. Сабын қайнату жолдарын әжемнен естіп, қанықтым. Ерте кезде халық сексеуілдің шырпысынан сақар қайнатқан екен.

Сақар – қазақтың кәдімгі қара сабыны одан да ертерек пайда болған. Сақар сөзі тілімізге парсының (шэхар) сөзінен кіріккен. Қазақи әдіспен сақар алу мынадай жолмен жүзеге асырылады: сексеуілдің шырпысын қазан айында жинап алып оны кептіреді. Кепкен шырпыны алдын ала су себіліп, тапталып, сыпырылған тегіс әрі тақыр жерге мол етіп үйіп өртейді. Күлін су сеппей суытса, ол қорып, байланып қалады. Содан соң қазанға су құйып, күл қосып, сақырлатып қайнатады. Сақар қайнатқанда ұзын сапты былғауышпен басып араластырып отырады. Сақарды күні бойы қайнатып, түн асырып тұндырып қояды. Тұнбаны сілті деп атайды. Әрі қарай сақар алу үшін, түн асқан сілтіні ертесіне отты баяу жағып, былғауышпен араластырып, әбден қоюланып, құрғақ ұнтаққа айналғанша қайнатады. Ұнтаққа айналған сілтіге (сақарға) ірі қараның сүйектерінен алынған майды немесе балықтың майын қосып, араластырып әбден қайнатады. Қоюланған кезде шүберекке орап, немесе қалыпқа құйып, белгілі бір кейіпке келтірсе, сақар яғни қара сабын дайын болады. Қара сабын берік болу үшін кейде қойдың жүнін, ешкінің түбітін, түйенің шудасын қосып та былғайды. Қара сабын дайын болған соң, одан үзіп алып, қолымен сығымдап, көршілерге, абысын - ажынға үлестіреді. Оны Бұзаушық деп атайды.

Қара сабынның емдік қасиеті.

Кезінде күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып, бұл күндері ұмыт бола бастаған қазақтың қара сабыны – сақардың емдік, шипалық қасиеттері де көп болған. Бұрын қара сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке болған екен. Себебі, қара сабынды әркім жасай бермеген. Ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса, соған сәлем айта келіп, қара сабынды қалап сұрап алады екен. Қазан түбінде қалған сабынның бөліктерін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларды жуындыруға пайдаланған. Сонымен қатар, бұзаушықты «мынау сенің бұзаушығың» деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Демек, қара сабын қазақтың тұрмысында жалғыз тұрмыстық бұйымның ғана рөлін атқармаған болып тұр ғой.
— Малдың сүйегін қайнатып, оған сәл сілті қосып, майын қалқып алып, іш ауырғанда, тұмау тигенде аздап ішкізген.

— Бас ауырғанда адамды қара сабынмен басын жуып, жылы бүркеп жатқызып қойса, бас ауыруы қояды.

— Бөртіп, қызарып шыққан денедегі жараны, теміреткіні сақармен жуып емдеген.

— Көз, құлақ іріңдеп ауырғанда қара сабынмен жуады.

— Жас нәрестені бір күн қара сабынмен, бір күн тұзды сумен жуындырады.

— Денеге шыққан шиқанның ауызына қара сабын тартады.

— Бұзаушықпен беті-қолын жуған баланың тәні таза болып, дерт жуымайды.

Ертеректе сексеуілдің сақарынан жасалған қара сабынды уланған кезде іш айдатуға, құстыруға пайдаланған деген дерек бар. Ал құрт болған жылқыға 9-11 сықпа сақар жұтқызу арқылы ем жасаған. Бүгінде сабынды тазалыққа болмаса емге пайдаланып жүргендер шамалы.

Қорытынды

Ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеу барысында сексеуілдің емдік, азықтық қасиеті басым екені байқадым. Қазақ арасында сабын сөзі әлде қайда ертеректе пайда болғанын мына мысалдан аңғаруға болады:

Қара қойдың терісін

Сабындап жусаң ағармас…

Бұқар жырау (1666-1791)

Ізденіс жұмысының нәтижесінде сексеуілдің бағалы қасиеттерін, оның табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініп, табиғатты аялау қажет екенін ұқтым. Оның өмірдегі маңызды қасиеттерін жан - жақты тұжырымдадым. Қазақта: «Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады» - демекші сабынды алу жолдарын және қандай ауруларға дауа екендігін үйрендім.

Picture 1 Әрі қарай ауылымыздағы бұл экологиялық қоршаудың көркейуіне бүкіл ауыл тұрғындары, жастар, мектеп оқушылары, ұстаздар араласады» - деген Оңғар атамыздың сенемінен шығамыз деп ойлаймын. (Мәліметтер кооператив төрағасы О.Жанықұловтың жазбасынан алынды.)

Қорыта келгенде, сексеуілдің берер пайдасы көп екеніне көзім жетті. Бос жатқан жерлер қаншама… Осы жерлерге сексеуіл ексек, сары даламыз жасыл желекке айналар еді деген ұсынысым бар. Және де болашақта осы сексеуілден алынатын өнімдер туралы зерттеу жұмысын жалғастырып, өзімнен кейінгі іні – қарындастарыма айтып жүремін деп ойлаймын.











9


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
1389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі